Қуқық
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ КАМАЛ ОРМАНТАЕВ ӨМІРДЕН ОЗДЫ 15.02.2025
Бүгін елдің медицина жұртшылығы орны толмас қазаға ұшырады. 89 жасқа қараған шағында Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, педиатр дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан профилактикалық медицина академиясының академигі және вице-президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Камал Сәруарұлы Ормантаев өмірден озды.Камал Сәруарұлы 1936 жылы Қызылорда облысында туған. 1953 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне түсіп, медицинада өз жолын бастады. 1968 жылы ол бүкіл ғылыми мектептің дамуына негіз қалап, осы институттың балалар хирургиясы кафедрасын басқарды. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры (1980-1993) болды.Өзінің айрықша еңбек жолында ол мыңдаған баланың өмірін сақтап қалу үшін 20 000-ға жуық күрделі операция жасады. Оның еңбегінің арқасында 1500-ден астам практика дәрігері даярланды, олардың көпшілігі Қазақстанда және одан тыс жерлерде үздік мамандар болды.Еліміздің медицина жұртшылығы отандық медицинадағы орны мен рөлі шын мәнінде бірегей болып табылатын қазіргі заманның ең үздік хирургтарының бірі болған ұлы дәрігердің, педагогтың өмірден озуына қатты қайғыруда. Камал Ормантаевтың есімі Қазақстан медицинасының шежіресіне алтын әріптермен жазылған.Оның даналығы, біліктілігі және өз мамандығына деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігі онымен жұмыс істеу құрметіне ие болған дәрігерлердің көптеген ұрпақтары үшін үлгі болып қала береді.Денсаулық сақтау министрлігі Камал Сәруарұлы Ормантаевтың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біздің тәлімгеріміздің, ұлы балалар дәрігерінің жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/936402
АЛМАТЫДАҒЫ ФОРУМ: 2024 ЖЫЛЫ ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМДІ ӨНДІРУ КӨЛЕМІ 22%-ҒА ӨСТІ 15.02.2025
Қазақстанда өткен жылы отандық фармацевтикалық өнімді өндірудің үлесі 22%- ға, 171,6 млрд.теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте соңғы 7 жылдың ішінде фармацевтика саласына тартылған инвестициялардың көлемі 9,5 есеге ұлғайды, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Алматыдағы 2-ші Қазақстандық фармацевтикалық форумға қатысушылардың алдында.Дәрілік заттардың отандық өндірісін дамыту және олардың қолжетімділігін арттыру мақсатында Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты кеңейту, инвестицияларды тарту, технологиялар трансферті және елдер аумағында өндірісті оқшаулауға жаңа әзірлемелер бойынша шаралар көзделеді.«Дәстүрге айналған кезекті қазақстандық фармацевтикалық форум мхемлекет пен инвесторлар үшін денсаулық сақтау саласына инвестициялар тартуға жағдай жасауға және еліміздің фарминдустриясын дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған өзара қолайлы шешімдерді әзірлеудің пәрменді тетіктерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті Ержан Нұрлыбаев.Форумның жұмысына реттеуші органдардың, фармацевтикалық секторға қызмет көрсететін жетекші халықаралық және жергілікті фармацевтикалық компаниялардың 200-ден астам өкілдері, «СҚ-Фармация» ірі кәсіпорындарының, «QazBioPharm» ҰХ, Қазақстанның халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының басшылары қатысады.Форумның алаңында Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйелері мен фармацевтика саласын дамыту, сондай-ақ «жалғыз терезе» шеңберінде дәрілік заттар нарығына шығу процестерінің реинжинирингі мәселелері талқыланды.ҚР ДСМ Фармацевтикалық және медициналық бақылау комитетінің өкілдері дәрілік заттарды таңбалауды енгізу нәтижелері, жеткізу тізбегінің ашықтығына және халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігіне әсері туралы ақпаратты ұсынды. Фармацевтикалық қызметтің басым бағыттарымен қатар форумның жұмысында ББҚ, оның ішінде импорттық өнім айналымын мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.Сондай-ақ Қазақстанда дәрі-дәрмектерді ілгерілетуде диджитал-шешімдерді қолдану тақырыбы ерекше қызығушылық тудырды, Қазақстанның фармацевтикалық нарығында баға белгілеу мәселелері көтерілді, дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудегі реттеуші талаптарды үйлестіру, ұлттық және ЕАЭО стандарттарын тиімді интеграциялау үшін жағдайлар жасалды, ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін қалыптастыру қағидаттары туралы ақпарат ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/936547
«Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасы 15.02.2025
Айдана Ерденбаева - он жылдан бері қосымша білім беру педагогі болып қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда Жаңаарқа ауданындағы «Оқушылар үйінде» жұмыс істейді.Жерлесіміз Ұлытау облысының әкімдігі мен «Отбасы банк» бірлесе қолға алған тұрғын үй бағдарламасының арқасында өз баспанасына қол жеткізген. Айдана Қайроллақызы бағдарлама үмітін ақтағанын айтады.«Ulytau Zhastary» тұрғын үй бағдарламасының жылдық мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10%.Аталған бағдарлама 2023 жылы бастау алды және оған 18 бен 35 жас аралығындағы Ұлытау облысының белгілі талаптарға сай келетін азаматтары қатыса алады.Қадірлі жерлестер!Тұрғын үй бағдарламасы 2025 жылы да жалғасын табады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/936339
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ 45 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ 15.02.2025
Түркістанда Сидней олимпиадасының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық бокс турнирі басталды.Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Бекзат Саттархановтың алғашқы бапкері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұрлан Жұмабаев пен анасы Сырлыгүл Шойбекова және спорт жанашырлары мен жасөспірімдер қатысты.Турнирдің ашылуында арнайы ҚР Ұлттық ұлан 6506 әскери оркестрінің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Әнұран орындалып, «Сенім мен жеңіс» атты көрініс ұсынылды. Онда Бекзаттың спорттағы жолы мен Олимпиададағы тарихи жеңісі бейнеленді.Турнирге қатысушылар үшін бұл дода – тек жарыс қана емес, чемпион Бекзаттың рухына тағзым етіп, оның жолын жалғауға ұмтылыс.Жарысқа 14 салмақ бойынша еліміздің 15 облысынан, Қырғызстан мен Өзбекстаннан 250 боксшы қатысуда. Жарыстың финалы 13 ақпан күні Б.Саттарханов спорт кешенінде өтеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/934919
ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде мәдениет және спорт салаларын дамыту жолдары, өзекті мәселелері талқыланды. Өңір басшысы аталған басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне жұмысты жүйелеуді және жандандыруды тапсырды.– Мәдениет және спорт – елдің еңсесін көтеріп, сана-сезімін өзгертіп, қоғамға әсер ететін салалар. Мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандырып, қазақтың өнерін, мәдениетін, салт-дәстүрін жас өскіннің бойына сіңіру керек. Облыс аумағындағы мәдениет және спорт нысандарының бірінші кезекте қажеттілігін анықтау бойынша бекітілген критерийге сәйкес 3 жылдық кешенді жоспарды қайта бекітуді тапсырамын. Облыстағы білім, мәдениет, денсаулық сақтау және тағы басқа әлеуметтік нысандарға типтік жобалау-сметалық құжаттамасы қажет. Аймақта өтетін концерттік бағдарламаларды облыстың имиджін көтеретін креативті идеялармен толықтырып, алдағы Наурыз мерекесін Түркістан қаласында және аудан, қалаларда жоғары деңгейде ұйымдастыру қажет. Өңірдегі спорт мекемелерінің ғимараттарының мәселесін шешу үшін нақты ұсыныс енгізіп, жұмысты жүйелеңіздер, – деген Нұралхан Көшеров аталған сала басшыларына сын-ескертпе айтып, нақты міндеттер жүктеді.Мәжілісте Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Алмасбек Нақыпбековтың есебі тыңдалды.Жуырда аудан, қалалардағы мәдениет нысандары құрылысының 3 жылдық жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес 2025-2027 жылдар аралығында 30 мәдениет нысанының құрылысы жүргізіледі деп күтілуде. Мәдениет нысандарына мониторинг жүргізіліп, тиісті ұсыныстар енгізілген. Облыстағы кәсіби 3 театрда биылғы жылы 15 жаңа қойылым қойылмақ. Облыс аумағында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқаулар мен фестивальдердің өту форматтары жаңаша бағытта жоспарлануда. Республикалық «Түркістан дауысы» байқауы, халықаралық «Voice of Turan» фестивалі, «Күй құдіреті» республикалық күйшілер байқауы, термешілердің «Түркістан мақамдары» республикалық байқауы, «Turkistar» балалар шығармашылық фестивалі және өзге де маңызды мәдени-рухани іс-шаралар өтеді.Облыс әкімінің тапсырмасымен аймақта спорт нысандарының қажеттілігіне мониторинг жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 108 спорт кешенін салу және 48 ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екені анықталды. Бүгінгі таңда облыс аумағында 3540 спорт нысаны тіркелген. Оның 2577-сі білім беру мекемелерінде болса, әкімдік теңгерімінде 543 нысан бар. 270 нысан жеке меншікте, ал 150 нысан спорт мекемелерінің меншігінде. Басқармаға бағынысты және қала, аудан әкімдіктеріне қарасты 100 спорттық ұйым қызмет атқаруда. Жөндеуді қажет ететін спорт нысандарына да жыл сайын кезең-кезеңімен қаржы бөлінуде. Дәлірек айтқанда, биыл 14 ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Спорт нысандарына қажеттілікті азайту мақсатында 2025 жылы 51 спорт нысанның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/935004
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ 15.02.2025
Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын егу көлемі өткен жылдан 26 мың гектарға ұлғайтылып, 896 мың гектар жерге егіледі. Оның ішінде, жаздық дақылдар – 518 мың гектар, күздік егіс – 204 мың гектар, ескі жоңышқа 174 мың гектар жерге егілмек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.Аймақ басшысы аудан, қала әкімдеріне көктемгі дала жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды, шаруаларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар жөнінде тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.– Көктемгі дала жұмыстарына бекітілген жоспардың толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Кейбір аудандарда жер жырту, сор шаю жұмыстары төмен деңгейде атқарылуда. Мерзімінде аяқтауды тапсырамын. Өңірлік операторлар арқылы дизель отынын тұрақты босату, қажетті минералды тыңайтқышты ендіру, жоғарғы репродукциялы тұқымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын қадағалаңыздар. Егістік алқаптарына су үнемдеу технологияларын ендіру жұмыстары күшейтілуі керек, – деген Нұралхан Көшеров аудан, қала әкімдерінің осыған қатысты уәждерін тыңдады.Жиында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков баяндады. Оның айтуынша, бүгінде жер айдау жұмыстары 50 пайыздан асса, сор шаю жұмыстары 30 пайыздан аса орындалған. Көктемгі дала жұмыстарына 55,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлініп, босату жұмыстары басталды. Дала жұмыстарына 25 мың бірлік техника қызмет атқаруда. Осы жылы ауыл шаруашылығы техникалар паркін 6,5%-ға жаңарту көзделуде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жол картасына сәйкес, жыл соңына дейін 190 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізіледі. Бағдарламаға өтінім қабылдау басталды.Тауар өндірушілерде жаздық дақылдардың қажетті тұқым көлемі жеткілікті. Нақтырақ айтқанда, егіске қажетті 4,3 мың тонна бидай, 6,7 мың тонна арпа, 1,8 мың тонна мақсары, 3,6 мың тонна мақта, және 0,9 мың тонна жоңышқа тұқымдары бар. Ал, жүгері және картоп тұқымдары коммерциялық ұйымдардан алынады. Мақта сапасын арттыру мақсатында жоғарғы репродукциялы 3,3 мың тонна мақта шиті Түркия, Өзбекстан, Қытай елдерінен импортталмақ.Апталық мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы орындау мәселесі, «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылу барысы және жылыту маусымының жай-күйі сараланды. Ұлттық жобалар аясында атқарылатын жұмыстар пысықталып, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/935121
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР ЖЫЛДА 5 ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРЫЛДЫ 15.02.2025
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, индустриалды аймақтарды дамыту және көбейту жұмыстар жалғасып жатыр. Өңірде 1 700 гектардан тұратын өңірлік маңызы бар 14 индустриалды аймақ болса, оның ішіндегі 5-еуі соңғы 1 жылдың ішінде құрылды. Сонымен қатар Арыс қаласындағы «Мега-Агат» және Ордабасы ауданындағы «Бөкей» компанияларының ұсыныстары бойынша 2 жеке индустриалды аймақ құрылып, жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған индустриалды аймақтардың саны 16-ны құрап отыр. Ол өндірістік аймақтарда бүгінгі күнге 120 млрд теңгені құрайтын 82 жоба жүзеге асырылуда.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров индустриалды аймақтардың жұмысын жандандыру, жаңа жобаларды жүзеге асыру жөнінде мәжіліс өткізіп, өзекті мәселелерді талқылады. Жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.– Өңірде жаңадан құрылған және енді ашылатын индустриалды аймақтарды қажетті жермен, инфрақұрылыммен қамту жұмысын жүргізіңіздер. Жұмыс істеп тұрған индустриалды аймақтарға жаңа инвесторлар тартып, жобаларды көбейту маңызды. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқарма басшылары осы бағытта жұмысты күшейтіңіздер. Жаңаша көзқарас, ізденіс, зерделеу жұмыстары қажет. Жерді алып, жұмысын бастамаған кәсіпкерлермен келісімді тоқтатып, жерді қайтару керек. Индустриалды аймақтарды абаттандыру, көгалдандыру, ретке келтіру мәселесі де назарда болсын, – деді Нұралхан Көшеров.Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов осы салада атқарылған жұмыстарды, көрсеткіштерді баяндады. Жаңадан ашылған және ашылуы жоспарланған индустриалды аймақтарды газ, электр, су және өзге де инфрақұрылыммен қамту, жер телімін алу мәселелері туралы айтты. Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан және қала әкімдіктері жаңадан құрылатын индустриалды аймақтар бойынша ұсыныстарын берді. Жер телімдері инфрақұрылым нүктелеріне жақын орналасқан.Айта кетейік, Түркістан облысындағы өндірістік аймақтардағы жобалардың басым бөлігі құрылыс материалдарын өндіру, дайын металл өнімдерін өндіру, металлургия, машина жасау, жеңіл және жиһаз өнеркәсібі салаларына жұмылдырылған. 2024 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесі тарапынан 18 инвестициялық жоба мақұлданып, индустриалды аймақтарға енгізілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/935169
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА 5 ҚАБАТТЫ 47 ҮЙ САЛЫНАДЫ 15.02.2025
Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңа шағынаудан пайда болады. Аталған мәселе облыс әкімдігінде арнайы талқыланып, ұсыныстар мен жоспарлар тыңдалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылысты сапалы атқаруды тапсырды.– Бұл бастаманы қолдаймыз. Аудан әкімі жауапты басқармалармен бірге жұмысты жүйелі атқаруы керек. Бірінші кезекте инфрақұрылымды тарту қажет. Әрбір құрылыс нысаны, ғимараттар терең ойластырылып, сапалы салынуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жаңа шағынауданның жоспарымен таныстырды. Өңірдегі ең халық тығыз орналасқан әрі даму деңгейі жоғары ауданда тұрғын үй мәселесі өте өзекті. Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі, Қарасу ауылындағы 57 гектар аумақта жаңадан құрылатын шағынауданда 5 қабатты 47 тұрғын үй (2820 пәтер), ауылдық әкімшілік ғимараты, тәулігіне 250 адам қабылдайтын заманауи емхана, Мәдениет үйі мен Жастар сарайы біріктірілген ғимарат, 600 орындық заманауи жаңа мектеп, 280 орындық балабақша, 6 коммерциялық нысан мен саябақ салу жоспарланған. Сонымен бірге мешіт салуға да орын қарастырылған.Жобаның мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, тұрғын үйге мұқтаждығын азайту. Аудан әкімдігі тарапынан аталған нысандарды инженерлік-коммуникациялық жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары дайындалған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/935478
ҮКІМЕТТЕ КӨКТЕМГІ ЕГІС ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ: ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ ДАҚЫЛДАР АЛҚАБЫН ҰЛҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАРАЖАТТЫҢ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫН БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ 15.02.2025
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды. Ағымдағы жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ бірқатар өңірлердің әкімдері баяндады.2025 жылы 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарлануда, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық. Дәнді және бұршақты дақылдардың егістік алқаптары шамамен 16,6 млн гектарды құрайды (2024 жылы – 16,7 млн га). Майлы дақылдардың ауданы 365 мың гектарға артып, 3,3 млн гектарға жетеді, оның ішінде күнбағыс дақылдары 50,6 мың гектарға өсіп, 1,3 млн гектарға дейін жетеді. Сондай-ақ картоп алқабын 14,9 мың гектарға ұлғайтып, аумақты 136,8 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда, ал қарақұмық дақылдары 41,5 мың гектарға артып, 147 мың гектарды құрайды. 2025 жылы қант қызылшасының ауданы 18,4 мың гектарды құрайды. Жемшөп дақылдарының ауданы 184 мың гектарға ұлғайып, 3,4 млн гектарға жетеді. Мақта дақылдары 135,2 мың гектарды, ал күріш – 90,2 мың гектарды құрайды.Биыл көктемгі-дала жұмыстарын ЖЖМ қамтамасыз ету үшін (МӨЗ-де өндіріс көлемін ескере отырып) 401 мың тонна дизель отыны бөлінді. Дизель отынын тиеп жөнелту бойынша МӨЗ-ге облыстарды бекіту кестесі бекітілді, сондай-ақ межелі стансаға дейін литріне 232 теңге мөлшерінде баға белгіленді.Операторлардың шығындарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының түпкілікті құны литріне 254 теңгені құрайды, бұл жанармай құю стансаларында литріне 295-300 теңгені құрайтын нарықтық бағадан 13-15%-ға төмен.Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров олардың өңірінде дала жұмыстарына кіріскенін хабарлады. Сондай-ақ Ақмола облысында, өңір әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, биыл картоп алаңын 352 гектарға ұлғайту жоспарлануда, ал жалпы картоп отырғызу 8,9 мың гектарды құрайды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,1 мың гектарға артық.Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы аграрлық секторды экономикалық өсудің флагмандарының бірі ретінде дамытуға ерекше назар аударатынын еске салды. Премьер-министр өз баяндамасында экспортқа шығатын және нарықта сұраныс жоғары, көбірек табыс әкелетін дақылдардық алқаптарын кеңейтуге басымдық беру қажет екеніне баса назар аударды. Биыл егіншілік саласын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Лизингке жұмсалатын қаражат 200 млрд теңгеге жеткізілді. Сондай-ақ жеңілдікпен 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді.Олжас Бектенов бұл шаралардың барлығы егіс науқанын ойдағыдай өткізуге бағытталғанын баса айтты.«Мемлекет егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Жұмыстарды нәтижелі әрі ұйымдасқан түрде жүзеге асыруымыз қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі әрі жауапкершілігі жоғары диқандарды қолдауға бағыттауы керек», — деп атап көрсетті Премьер-министр. Бұл ретте ол бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуға тиіс екенін ескертті. Сонымен қатар оның айтуынша, егіншілерді сапалы және тексеруден өткен тұқым қорымен қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін бірінші кезекте, отандық өндірушілерді ынталандыру қажет. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарында агротехнологияларды қатаң сақтап, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын уақтылы қолдану керек. Қазақстанда тыңайтқыштар енгізу жоспары ғылыми негізделген норманың тек 59%-ын, ал ауыл шаруашылығы техникасының техникалық дайындығы – 75%-ды құрайды. Олжас Бектенов жаппай егін егу жұмыстары басталғанға дейін бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізіу қажет екенін атап өтті.Премьер-министр отырыс барысында министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырмалар берді:Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, егіншілерді тиімді мемлекеттік қолдау мақсатында несие мен субсидия беру рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдету шараларын қабылдасын.Энергетика, ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдері арзандатылған отынның тиісті көлемін жеткізуді бақылауда ұстасын. Әкімдіктер бір апта мерзімде өңірлік операторлар бойынша толық деректерді берсін. Шаруаларға тиесілі отынның сатылып кетуіне жол беретін компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырамын.Су ресурстары министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірге фермерлерді суармалы сумен үздіксіз қамтамасыз ету шараларын қабылдасын. Әкімдіктер қар тоқтату және су қорын жинау жұмыстарын жүргізуі қажет.Сондай-ақ Премьер-министр көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/935948
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП, 2 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ 15.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары Түркістан облысында жүйелі жалғасып келеді.Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, аудан тұрғындары экологиялық мәдениетті қалыптастыруда.Бүгін «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан Сарыағаш қаласы аумағындағы саябақтарға, балалар ойын алаңшаларына, әлеуметтік нысандар мен ескерткіштер маңына және гүлзарларға тазалық жұмыстары жүргізілді. Бей-берекет тасталған күл-қоқыстар жиналып, шөптер орылды. Бұл жұмыстарға 2 арнайы техника жұмылдырылып, 2 тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды.Айта кетейік, Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» платформасы сәтті іске асырылуда. Тазалық жұмыстарына қатысты өтінімдер @TazaQazBot telegram-бот арқылы қабылданады. Жұмыс алгоритмі бойынша операторларға түскен өтінімдер санаттарына сай әкімдік қызметкерлеріне жолданады. Орындаушы атқарылған жұмыстарды фотоға таспалап, платформаға жүктейді. Өтініш иесіне жауап сол мезетте telegram-бот арқылы түседі. Осылайша, тұрғындармен кері байланыс орнатылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/935949
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 15.02.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.Түркістан облысының халқы еңбекқор. Аудан, қалаларда адал еңбекпен кәсіп дөңгелетіп жүрген азаматтар көп. Солардың бірі – сарыағаштық Ерғали Мұсабаев. Сарыағаш ауданына қарасты Мәдениет елді мекенінің тұрғыны 10 жылдан бері гүл өсірумен айналысады. Ісін жұбайымен бірге үй гүлдерін өсіруден бастаған кәсіпкер, бүгінде дала гүлдерін өсіруді де қолға алған. Бұл гүлдерді еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтуде.Шаруаның айтуынша, жыл он екі ай бойы өсіп, жайқалып тұратын гүлдердің көбейетін уақыты – қыс мезгілі. Жылыжайда бөлме гүлдерінің 10-ға жуық түрінен 50 мың түбі өсіп тұр. Ерлі-зайыптылар бөлме гүлдерін алдағы Наурыз мейрамына дайындап, өткізуге ниетті. Сондай-ақ кәсібін кеңейтуді жоспарлап, голландиялық гүл түрлерін өсіруді мақсат етіп отыр.Осылайша, адал еңбек пен төзімділіктің арқасында өз кәсібін гүлдендірген Мұсабаевтар отбасылық кәсіптің үлгісін көрсетіп келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/935951
Н.КӨШЕРОВ: «АЛДЫМЕН ЖЕРГІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА АЛУ КЕРЕК» 15.02.2025
Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілген. Бұл бағытта ауқымды шаралар жүзеге аспақ. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте Президент тапсырмасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Онда облыс әкімі барлық жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.Облыстағы колледждер мен арнаулы білім орталықтарында мемлекеттік тапсырыспен оқытылып жатқан мамандықтарды қажетті жұмысшы мамандықтарына сәйкестендіруді, инвесторларға алдымен жергілікті мамандарды жұмысқа алу бойынша талап қоюды міндеттеді.Қазақстан Президенті өз Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл шешім жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, оларды жастар арасында танымал ету және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында қабылданды.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады»,- деп атап көрсеткендей, еңбек адамы бүгінде көпке үлгі болуы тиіс. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы маңызын дәріптеуіміз керек. Жауапты басшыларға колледждер мен арнаулы білім орталықтарында мемлекеттік тапсырыспен оқытылып жатқан мамандықтарды қажетті жұмысшы мамандықтарына сәйкестендіруді тапсырамын. Өңірімізде іске асырылып жатқан жеке инвестиция жобаларына қажетті мамандықтарды айқындап, колледждерге кәсіби маман даярлауға ұсыныс енгізіңіздер. Жұмысшы мамандақтарын белсенді дамыту керек. Инвесторларға ең алдымен жергілікті мамандарды жұмысқа тарту бойынша талап қою қажет. Жұмысшы мамандардың әлеуметтік қорғалуы, жалақы мен еңбек жағдайларын жақсарту, олардың жұмысқа деген ынтасын арттырады. Осыған байланысты еңбек ақыны көтеру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өңірде еңбекке қабілетті адам саны 800 мыңнан асады. Соның ішінде 200 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Мәжілісте баяндалғандай, бүгінгі таңда облыстағы жұмыс берушілерден 3600-дей жұмысшы мамандықтарға қажеттілік анықталған. Колледждерге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс қалыптастыру барысы осы қажеттілікке қарай реттеледі. Яғни, қажетті мамандар еңбек нарығының сұранысына қарай даярланады.2025 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 130 769 жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Оның 57% -ы жұмысшы мамандықтар болмақ. «Ұлттық жобалар» аясында жүзеге асырылатын 375 жоба шеңберінде 4 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады. «Еңбек» бағытындаға бос жұмыс орындары бойынша ашылатын 57 221 жұмыс орындары мен 32 448 субсидияланған жұмыс орындары бойынша да жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі.Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде 125 инвестициялық жоба негізінде 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылуы көзделуде. Олардың тең жартысы – жұмысшы мамандар. Сұранысқа сәйкес жаңа жұмыс орындарына жолданатын азаматтарды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өткізу жоспарланды. Яғни, жеке инвестор өз базасында кәсіби оқытуды жүргізсе, оқытудың шығындары мемлекет тарапынан өтеліп, әрі қарай, жеке инвесторда тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, мақта өндіру саласын дамытып жатқан шетел инвесторына 1 400 жұмыс орындары ұсынылды.Бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облысында барлық аудан, қалаларында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Онда 1500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынуда.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/935957
ТҮРКІСТАНДАҒЫ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА АЛЫП ЗАУЫТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 15.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы Арнайы экономикалық аймақта құрылысы жүріп жатқан зауыттардағы жұмыспен, жобалармен танысты. Атқарылып жатқан істерді саралап, инвесторлармен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты.– Облыс әкімдігі тарапынан жер, инфрақұрылым, құжаттандыруға қатысты мәселелерді шешіп береміз. Сіздер әр жобаны уақтылы жүзеге асырып, іске қосуларыңыз керек. Жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына мән беріледі. Мақсатымыз – өндірісті дамыту, – деді Нұралхан Көшеров.Өңір басшысы «PSI Mineral Technologies» ЖШС Түркістан қаласындағы тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр техника шығаратын зауытының құрылысын қадағалады. Зауыт директорының айтуынша, жобаның қуаты – жылына 956 тонна, жобаның құны – 8 323,4 млн тенге. Өндірілген техникалар елімізге және шетелдерге саудаланбақ. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүруде, бірінші кезеңі биыл іске қосылады.Нұралхан Көшеров «Алтын дала мақта» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы біріктірілген қоймасы бар ПВХ құбырларын шығаратын зауытының жұмысын көрді. Бұл зауыт жылына 1,44 млн метр құбыр шығаруға қауқарлы. 60 адам жұмыспен қамтылған.Одан кейін облыс әкіміне «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің мақта фабрикасы мен цехтарының құрылысы таныстырылды. Жұмыс қарқынды жүруде. Жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасында 11 цех жұмыс істейді деп жоспарланған. Онда мақтаны иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу жұмысы жүреді. Өндіріс қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн метр үй тоқымасын, 7 млн жиынтық төсек әбзелдерін құрайды. 2000-нан астам жұмыс орны құрылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/936548
Астанадан өткен түнде 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды 15.02.2025
Елордада тәулік бойы қар күреу жұмысы жүріп жатыр. Коммуналдық қызметтер күшейтілген ауысымдық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.12 ақпанда күндізгі ауысымда қар тазалау жұмысына 2 668 жол жұмысшысы және 1 280 бірлік арнайы техника шықты.12 ақпанға қараған түні елордадан қар полигондарына 1 819 рейспен 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап 456 466 ауыр жүк рейсімен қаладан 5,6 млн текше метрге жуық қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936230
Астаналық спортшы тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды 15.02.2025
Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында «элита» санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936254
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысы жүріп жатыр 15.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысы тұрақты түрде жүріп жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Мәселен, 2024 жылы «Халық заңгері», «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күні», «Тегін заң көмегі күндері» акциялары іске қосылды. Өткен жылы республиканың барлық өңірінде жалпы саны 100 000 мыңнан астам адамды қамтитын 1 310 консультативтік-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2000-ға жуық «Құқық кабинеттері» ашылды, олар аудандық, ауылдық клубтардың ғимараттарында, демалыс орталықтарында және т.б. «Egov» бұрыштарының базасында жұмыс істейді. Кабинеттерде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ, «Заң» ДБ қолжетімділігімен, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге (e-otinish, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігімен толық техникалық жабдықталған.«Әрбір цифрлық реформа, әсіресе, заң көмегіне қол жеткізу шектелген шалғай аймақтардағы адамдар үшін неғұрлым қолжетімді сот төрелігіне жасалған қадам», - деген еді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды, сондай-ақ, азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. «Zan Komegi» жүйесінде 2000 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 472 мыңнан астам азаматбілікті заң көмегін алды.Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланды.Бұдан бөлек, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында клиенттерді биометриялық сәйкестендіру қолданылады, өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың. келісімін заңды түрде ресімдей алды.Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу болып саналады. Мәселен, 20 АЕК-ке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақытылы төленбеген жағдайда уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады, сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25% қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады, өйткені барлық әрекеттер онлайн режимінде жүргізіледі.Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 2,2 млрд.теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Азаматтардың пайдасына үнемделген сома550 млн. теңгені құрады.2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай-ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарлануда.Негізгі өзгерістер:2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын оқыту жоспарлануда;ЖИ – «Әйтеке» көмекшісі- қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат-бот.Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 АЕК-ке дейінартады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 млрд. теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді.Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936288
Қазақстан кәсіпкерлерін Венгриядағы сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырамыз 15.02.2025
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп, 2025 жылдың 17-20 наурыз аралығында Будапешт қаласында (Венгрия) өтетін Сауда-экономикалық миссияға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.Миссияның негізгі мақсаты – тікелей іскерлік байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті серіктестер арасындағы сауда қатынастарын дамыту, екіжақты кездесулер (B2B) өткізу.Миссияға қатысу үшін 2025 жылдың 25 ақпаны сағат 18:00-ге дейін төмендегі сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру қажет: https://forms.gle/tXNAwZ31wJ8e4uYu5. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары: +7 778 418 06 61, +7 778 674 88 47.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/936540
Тау-кен өнеркәсібіндегі инновациялық технологиялар: пайдалы қазбалардың жоғалуын азайту мен еңбек жағдайларын жақсарту 15.02.2025
Д.А. Қонаев атындағы Кен істері институты «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының ғалымдары Мәскеу қ. тау-кен өндіру саласындағы ірі халықаралық іс-шараға- «Кеншілер апталығы-2025» симпозиумына қатысты.Іс-шара 30 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді және тау-кен кешенінің өзекті мәселелері мен инновацияларын талқылау үшін маңызды алаң болып табылады. Бұл жетекші мамандар мен ғалымдарды тартып, білім алмасу және жаңа технологияларды ілгерілету үшін сарапшыларды біріктіреді.Қазақстандық ғалымдар отандық тау-кен өнеркәсібі үшін өз әзірлемелерімен бөлісті. Олардың ішінде алынуы қиын шоғырларды игеру технологиясы бар. Бұл технологияны қолдану массивтегі пайдалы қазбалардың жоғалуын азайтуды қамтамасыз етеді. Ғалымдар мұны Жезқазған кен орнының мысалында көрсетті.Карьерлердегі техникалық-технологиялық аудит әдістемесі ұсынылған. Осы әдістеменің көмегімен мамандар жылына 1 млрд теңгеден астам экономикалық нәтиже ала отырып, тау-кен жұмыстарын жүргізудің неғұрлым тиімді әдісін таба алады.Карьерлердің геотехнологиялық кешендері жұмысының барлық кезеңдерін оңтайландыру үшін басқарушылық шешімдер қабылдаудың жаңа әдістемесі ұсынылды.Жерасты шахталарын желдетуді басқарудың инновациялық автоматтандырылған жүйесі шынайы қызығушылық тудырды. Мұндай жүйелер қанағаттанарлық еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажет және жұмысшылардың қауіпсіздігін едәуір арттырады. Ғалымдар жасанды интеллектті қолданатын өзіндік өндіріс пен бағдарламалық қамтамасыз ету экономикалық орындылыққа қол жеткізуге және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік беретініне сенімді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/936437
Заңсыз смартфондарды бұғаттау: Қазақстанда IMEI верификациясы қалай өтеді? 15.02.2025
2025 жылғы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа ережелер тек 24.03.2025 жылдан кейін елге әкелінген жаңа құрылғыларға ғана қатысты. Қазақстан аумағында бұрыннан бар және Идентификациялық кодтар дерекқорына (ИКД) енгізілген телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.Бұл жаңашылдықтар тіркеу жүйесін одан әрі жақсартып, алаяқтықпен күресуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және мобильді құрылғыларды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 3,7 миллион қайталанған IMEI-коды бар құрылғылар тіркелген. Олардың заңсыз әкелінуі айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік мәселе туындатады. Бұндай мобильді құрылғылар нарығы құрылғылардың заңды айналымын бақылауды қиындатып, телефон ұрлығының көбеюіне ықпал етеді және әділетсіз бәсекелестік туғызады.Осы мәселелерді шешу мақсатында жаңа ережелер енгізіліп, мобильді құрылғылар нарығының ашық әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету қарастырылған.Негізгі жаңашылдық – мобильді құрылғыларды верификациялау процедурасыЖаңа ережелерге сәйкес тіркеу кезінде арнайы жүйе келесі параметрлерді тексереді:Құрылғының IMEI-кодының түпнұсқалығыIMEI-кодтың GSMA халықаралық базасында ұрланған, бұғатталған немесе жоғалған құрылғылар тізімінде болмауыҚұрылғының Қазақстан аумағына заңды түрде әкелінгеніЕскерту: Өзгерістер тек Қазақстан аумағына жаңадан әкелінген құрылғыларға қатысты. Бұрыннан бар және ИКД базасына енгізілген мобильді телефондар автоматты түрде «ақ тізімге» енеді және ешқандай шектеусіз жұмысын жалғастырады.Қандай тізімдер пайда болады?Верификация нәтижесінде мобильді құрылғылар үш санатқа бөлінеді:Ақ тізім – сәтті верификациядан өткен құрылғылар, олар ешқандай шектеусіз тіркеледі.Сұр тізім – уақытша рұқсат етілген құрылғылар. Олардың иелері 30 күн ішінде құрылғының заңды түрде әкелінгенін растауы тиіс.Қара тізім – заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар. Олар бұғатталады.Бұл қолданушыларға қалай әсер етеді?Қазақстанда бұраннан қолданыста бар телефондар ешқандай шектеусіз жұмыс істей береді. Қосымша әрекет қажет емес.Жаңа құрылғыларды сатып алушылар 2025 жылдың 24 наурызынан кейін құрылғы сатып алмас бұрын, IMEI-кодты imei.rfs.gov.kz сайтынан тексере алады. Қазіргі уақытта сайт жаңа ережелерге сәйкес жаңартылуда.«Сұр тізімдегі» құрылғы иелері құрылғыны 30 күн бойы қолдана алады. Осы уақыт ішінде операторлар SMS хабарлама арқылы құрылғыны верификациядан өткізу қажеттілігі туралы ескертеді. Хабарламада арнайы анкетаға сілтеме беріледі, оны толтыру қажет.Шетелден әкелінген құрылғы иелері шекарадан өткен күнді көрсетуі керек.Егер пайдаланушы 30 күн ішінде верификациядан өтпесе, кез келген уақытта хабарламадағы сілтеме арқылы анкетаны толтырып, растау процесін аяқтай алады.Бұл шаралар тұтынушыларға заңды әрі сапалы құрылғыларды сатып алуына сенімділік береді. Бизнеске әділ бәсекелестік үшін ашық жағдай жасалады, ал мемлекет импортты қатаң бақылап, заңсыз телефондар санын азайтып, алаяқтық деңгейін төмендетеді.Қашан күшіне енеді?Жаңа ережелер ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң – 2025 жылғы 24 наурызда күшіне енеді.Азаматтарға уайымдауға ешқандай негіз жоқ – ресми тіркелген құрылғылардың иелеріне қосымша әрекет жасап қажет емес. Министрлік жаңа ережелерді енгізу бойынша ақпараттық жұмыстарды одан әрі жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/936455
Ақтөбе облысында оқушыларға кәсіби бағдар беруге арналған «Қадам Life» жобасы басталды 15.02.2025
Елімізде биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбеде қала мен облыс мектептерінің оқушыларын кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Қадам Life» жаңа жобасы басталды.Жобаның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтармен таныстыру, практикалық дағдыларын дамыту және мамандық таңдауда дұрыс шешім табуға көмектесу.Жоба бойынша колледж оқытушылары мектептерде түрлі мамандықтар бойынша көрсету сабақтарын өткізеді. Оқушылар колледждерде қолданылатын жабдықтар және оқу материалдарымен танысып, сондай-ақ түрлі салалардың тәжірибелі мамандары өткізетін шеберлік кластастар және кездесулерге қатыса алады.Бағдарламаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқушылар арасында алдын ала сауалнама жүргізіледі. Бұл ұйымдастырушыларға оқушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін түсінуге, сабақтардың мазмұнын олардың сұраныстарына бейімдеуге мүмкіндік береді.Ақтөбе облысы Білім басқармасының орынбасары Дина Жаманбаеваның айтуынша, «Қадам Life» жобасы мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытып, практикалық дағдыларды игеруге және мектептер мен колледждер арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Жоба 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша 250 мектеп пен 10 мыңға жуық оқушыны қамтиды. Сонымен қатар, облыстың шалғайдағы ауылдарында да кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.Бүгін қаламыздағы Жоғарғы политехникалық колледжінің оқытушылары №39 мектеп-лицей оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасын өткізді. Колледж негізінен техникалық мамандықтарды оқытуға басымдық береді, сондықтан оқушыларға түрлі техникалық құрал-жабдықтардың қолдану процесі көрсетілді. Оқушылар өздері қызықтыратын сауалдарға жауап алып, оқуға қабылдану жағдайлары туралы сұрап білді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/936405