Enbekshi QazaQ

Қуқық

Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Жоламанов Ермек Бақытжанұлы тағайындалды 15.02.2025
1992 жылы дүниеге келген. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2015 жылы Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында нұсқаушы болып бастаған.2016-2020 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, қала әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.2020-2024 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде бас маман-инспектор, кейін бас инспектор болып қызмет еткен.2024 жылдың ақпан айынан бастап облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/936300
100 жылдық тарихы бар 8 пәтерлі үйдің орнына заманауи 6 қабатты тұрғын үй кешені: Щучинскте реновация бағдарламасы бойынша алғашқы жоба аяқталды 15.02.2025
Щучинскте әлеуметтік осал топ өкілдеріне 40 пәтердің кілтін табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Циалковский көшесі, 13 үй мекенжайында орналасқан 8 пәтерлі тұрғын үй 1924 жылы салынған. Ескірген ғимараттың меншік иелері 2022 жылдың қыркүйегінде Бурабай ауданының әкімдігіне жүгініп, баспананың апатты жағдайда екенін мәлімдеді.Сараптама жүргізілгеннен кейін, 2023 жылы ғимарат апатты деп танылып, оны бұзу туралы шешім қабылдандыЖергілікті атқарушы органдар апатты үйді реновация бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылдады. Бұрынғы тұрғындар баспаналарын «Tasu Company» ЖШС құрылыс компаниясына босатып берді. Осылайша, жоба бюджет қаражатын тартпай, тек жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылды. Мердігер компания ескі ғимараттың орнына 48 пәтерден тұратын заманауи 6 қабатты тұрғын үй кешенін салды.Айта кетейік, бұл үй – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан реновация бағдарламасы аясында Ақмола облысында салынған алғашқы тұрғын үй. Жаңа үйдің салынуы азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, қала келбетін өзгертіп, қосымша инженерлік инфрақұрылым салу қажеттілігінсіз қаланы жаңартуға мүмкіндік береді.Ескі пәтерлер жаңа, кең әрі жайлы баспанаға ауыстырылды. Бұрынғы тұрғындардың барлығы жаңа тұрғын үй кешенінен биік төбелі, жарық дәліздері бар заманауи пәтерлерге ие болды. Сондай-ақ, үйде лифт орнатылған, бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын айтарлықтай арттырады. Кешен барлық қажетті жағдайлармен қамтылған және жайлы өмір сүруге толық мүмкіндік береді.Қалған 40 пәтерді Бурабай ауданының әкімдігі сатып алып, әлеуметтік осал топтағы ондаған азаматты баспанамен қамтамасыз етті.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жаңа тұрғындарға кілт тапсыру барысында мұндай бағдарламалардың халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңыздылығын атап өтті. Ол реновация тек апатты үйлер мәселесін шешіп қана қоймай, сонымен бірге халық үшін қолайлы әрі заманауи жағдайлар жасауға бағытталған маңызды қадам екенін айтты. «Мемлекет басшысы ең алдымен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударады. Солардың бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі. Өткен жылы бюджет қаражаты есебінен 28 тұрғын үй салынып, 850 пәтер сатып алынды. Нәтижесінде шамамен 2,5 мың отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды. Олардың 1,5 мыңы – әлеуметтік осал топтардағы отбасылар. Жалпы, облыс бойынша 6 мыңнан астам ақмолалық жаңа, жайлы баспанаға ие болды. Дайын пәтерлерді сатып алу арқылы тұрғын үй кезегін азайтуға мүмкіндік туды. Бұған қоса, бұл тұрғын үйлер бюджет есебінен салынған баспаналарға қарағанда әлдеқайда сапалы. Бұл шара көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүгедектігі бар азаматтардың және басқа да әлеуметтік осал санаттағы адамдардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», – деді М.Ахметжанов.Жаңа үйден пәтер алған көпбалалы ана Элина Шмидт өз қуанышымен бөлісті:«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері қоңырау шалып, бізге пәтер берілетінін айтқанда сенбедім. Алғашында алаяқтар деп ойлап, әкімдікке хабарластым. Олар маған өз қызметкері байланысқа шыққанын растады және құжаттарды тапсыруға болатынын айтты. Сол кезде жылап жібердім. Біз 14 жыл күттік, енді ешқашан үй ала алмайтын шығармыз деп ойладық. Пәтерді көрген кезде тағы да жыладық – өйткені бұл біздің баспанамыз! Өте әдемі, мұндай жақсы жөндеуді күткен жоқпын. Осындай бағдарлама үшін мемлекетімізге алғысымыз шексіз. Біз өте бақыттымыз!» – деді Э.Шмидт.Бурабай ауданында реновация бағдарламасын іске асыру – өңірдегі тұрғын үй жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадам. Сонымен қатар, бұл заманауи құрылыс пен халықтың қажеттіліктеріне деген қамқорлықтың үйлесімді үлгісі болып табылады.Бұл бағдарлама өңірдің басқа қалаларын да қамтиды. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында осы бастама аясында жаңа тұрғын үй құрылысы басталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/936396
«Алатау» дәстүрлі өнер театры Чехов фестиваліне қатысады 15.02.2025
«Алатау» дәстүрлі өнер театры театр әлеміндегі беделді байқаулардың бірі - Чехов фестиваліне жолдама алды. Онда шығармашылық ұжым саундрама жанрындағы «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымын сахналайды. Бұл туралы театр директоры Мақсат Нұралиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.«Біздің театр үшін осындай маңызды іс-шарада қазақ театр өнерін көрсету – зор жетістік. Мен «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» спектакліне өз жанын салған дарынды әртістерімізді, режиссерларымызды, музыканттарымызды, жалпы барлық шығаршашылық құрамды мақтан тұтамын», - деді Мақсат Нұралиев.Сондай-ақ, театр труппасын Франциядағы Авиньон фестиваліне «Алтыбақан» премьералық спектаклімен шақыруы мүмкін. Айта кетерлігі, «Алатау» театры соңғы жылдары халықаралық қатынас бағытындағы жұмысты белсенді дамытуда. 2024 жылы театр әртістері Қытайда өнер көрсетті, сондай-ақ Алматы әкімдігінің қолдауымен жетекші шетелдік мәдени орталықтарда оқудан өтті.Биыл театр Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын дәріптейтін жаңа қойылымдар ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/936122
Алматыда қоғамдық көліктің тағы 23 бағыты әлеуметтік маңызды деп танылды 15.02.2025
Алматыда қалалық Мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі-жаңадан құрылған қоғамдық көлік маршруттарын халыққа қолжетімді ету үшін әлеуметтік маңызы бар деп тану.Қалалық Мәслихат депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде Алматының мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев қала маңындағы тұрғындардың едәуір бөлігінің қоғамдық көліктің жетіспеушілігі проблемасына тап болып отырғанын, бұл оларды жеке тасымалдау қызметтерін пайдалануға мәжбүр ететінін атап өтті.«Күн сайын қала аумағына 300 мыңнан астам көлік келеді. Қала аумағына кіретін көлік құралдарының жоғары ағынын қысқарту және қала тұрғындарының мобилділігін арттыру мақсатында бүгінде Алматы әкімдігі 147 қалалық және 54 қала маңындағы маршруттарды ұйымдастырды. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне тек 178 маршрут енгізілген. Халық үшін қалған 23 маршруттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне енгізу қажет», - деп атап өтті басқарма басшысы.Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар бұл ұсынысты қолдады.Айта кетейік, 2024 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалада қала маңындағы 20 және 2 қалалық маршрут іске қосылды. Ағымдағы жылы қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыру және дамыту мақсатында 800 экологиялық таза автобус сатып алу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/936163
Алматыда 2040 жылға дейін жылумен жабдықтауды дамыту жоспары әзірленді 15.02.2025
Алматыда қала әкімінің тапсырмасы бойынша «2040 жылға дейін перспективада қаланы жылумен жабдықтауды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары» әзірленді. Бұл туралы Алматы энергетика басқармасы басшысының м.а. Нұрбақыт Серікбай Мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясында хабарлады.Құжат жылу желілерін жаңғырту мен реконструкциялауды, ескірген технологиялар мен жабдықтарды ауыстыруды, сондай-ақ перспективалы құрылыс аудандарында жаңа қазандықтар салуды көздейді.Жобаны әзірлеу кезінде алдағы онжылдықтарға ресурстарды ұтымды бөлуге мүмкіндік беретін және ұзақ мерзімді перспективада жылумен жабдықтаудың тұрақтылығына кепілдік беретін болжам жүзеге асырылды.Айта кетерлігі, бүгінде Алматыда қолданылуы 25 жылдан асқан жылу желілерінің үлесі қаланың балансына иесіз желілерді беру есебінен өсуде. Жыл сайын 39 км құбырды қайта жаңарту кезінде 2040 жылға қарай желілердің тозу деңгейін 20% - дан астамға дейін төмендету жоспарлануда.Жаңғырту аясында апатты жағдайлардың туындау тәуекелдерін едәуір төмендетуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу көзделген.Сондай-ақ, ескі құбырларды қашықтан басқарылатын оқшауланған құбырларға ауыстыру жоспарланған, бұл жылу шығыны мен техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтады. Сондай-ақ, ескірген бекіту арматуралары заманауи шар клапандарымен ауыстырылады.«Қабылданған шаралар жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға, жаңа тұтынушыларға үздіксіз жылу беруді қамтамасыз етуге және пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді сөзін Нұрбақыт Серікбай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/936169
Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады 15.02.2025
«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС «Askar Development» ЖШС-на Тұйық Су шатқалында заманауи туристік орталықтың құрылысына 380 млн.теңге бөлді.Жобаны қаржыландыру басым бағыттардың бірі ретінде туризмді қолдау шеңберінде «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% (ЖТСМ), қаржыландыру мерзімі - 5 жылды құрайды.Визит-орталық қонақ үймен, кафемен, дәріханамен, жабдықтарды сатып алуға және жалға алуға арналған дүкенмен, кәдесый дүкенімен және шығармашылық іс-шаралар өткізуге арналған аймақпен жабдықталады. Орталық сонымен қатар Медеуге және кері бағытта электромобильмен туристерді тасымалдау қызметтерін, квадроциклдер мен велосипедтерді жалға алуды, көршілес топтық экскурсияларды, жеке экскурсияларды, тақырыптық дәрістер мен мастер-класстарды қамтамасыз етеді.Жобаның негізгі мақсаты-жергілікті экотуризмді дамыту үшін жағдай жасау, халықты жайлы рекреациялық демалыспен қамтамасыз ету, Алматының туристік тартымдылығын арттыру.Жеңілдікті қаржыландыру аясында «Askar Development» ЖШС бірқатар әлеуметтік міндеттемелерді өз мойнына алады. Компания кешен аумағында тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, қалдықтарды басқару жүйесін енгізеді, маршруттарды сипаттайтын интерактивті ақпараттық панельдер орнатады, құтқару қызметтері мен туристерді қолдау орталықтарының контактілері бар қалқандарды орналастырады, шұғыл байланыс аймағын құрады.Орталықты салу және жайластыру кезінде қарыз алушы экологиялық таза материалдарды пайдаланады, туристерді олардың маршруттарының бағыттарын қадағалау функциясымен тіркеу жүйесін ұйымдастырады, тегін қоғамдық дәретхананы көздейді және тау маршруттарында қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша тұрақты дәрістер мен нұсқамалар жоспарлайды. Кешен аумағында сыйымдылығы 8 адамға дейін құтқару қызметінің қызметкерлеріне арналған екі үй-жайды орналастыру мүмкіндігі Қосымша қарастырылуда.«Алматының туристік тартымдылығын арттырумен қатар, жоба аясында 22 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылады, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдер ұлғайтылады. Компанияның жыл сайынғы салық төлемдері 170 млн. теңгені құрайды деп күтілуде», - деп атап өтті «Almaty Finance»ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/936182
«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында аграрлық секторды кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды 15.02.2025
Фестиваль болашақ мамандар, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға жақсы алаң болды. Жобаның мақсаты-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, экономикада сұранысқа ие мамандықтарды дәріптеу, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту, жұмыс берушілердің жұмысшы мамандықтарын даярлауға және қолдауға қатысуын кеңейту.Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы министрлігі ҰАҒББО және С. Сейфуллин атындағы ҚАЗУ-мен бірлесіп «АӨК үшін кадрлар: мемлекеттің, бизнестің және білім берудің рөлі» атты панельдік отырыс ұйымдастырды.Қатысушыларға Ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі үрдістері, алға қойылған міндеттерге қол жеткізудегі заманауи технологиялар мен болашақ мамандарының рөлі туралы айтылды.АӨК салаларының техникалық жарақтандырылуын арттыру, ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау, ғылыми қамтамасыз етуді күшейту және инновациялық әзірлемелерді енгізу, нақты сектордың қажеттіліктеріне сәйкес кадрлық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру жөнінде шаралар кешенін қабылдау арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруды жеделдету қажеттігі атап өтілді.Айта кетейік, бүгінде агроөнеркәсіптік кешенде 300 мыңнан астам өндіруші жұмыс істейді, олар 1,1 млн.адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, оның ішінде 595 мың жұмысшы мамандығы.«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі 5 күнге жоспарланған.Қатысушылар түрлі семинарларға, мастер-кластарға, кәсіптер шеруіне, бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, стартаптарды таныстыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/936552
Қазақстанда өнімділікті арттыру үшін жоғары сапалы тұқымдар орталығы құрылады 15.02.2025
ҚР АШМ қолдауымен озық жоғары сапалы тұқымдар орталығы құрылуда.Жоба 2026 жылы Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты базасында жүзеге асырылады.Орталық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жоғары білікті мамандармен жасақталады. Оның негізгі міндеті – өнімділік пен экологиялық қауіпсіздікке қатер төндіретін патогендерге қарсы күрес жүргізу.Орталық тұқым шаруашылықтарымен тығыз ынтымақтастық орнатып, әртүрлі дақыл тұқымдарының сынамаларын талдаудан өткізеді. Жобаның басты мақсаты – 2030 жылға қарай отандық тұқым үлесін 80%-ға дейін жеткізу.Фитоэкспертизаның инновациялық әдістерін қолдану және тұқымдарды сауықтыру өнімділікті арттырып қана қоймай, егіннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мамандардың бағалауы бойынша, тұқымдық қорды сауықтыру өсімдік ауруларымен күрестегі негізгі фактор болып табылады, себебі олардың 70%-ы тұқым арқылы таралады. Орталықтың жұмысы нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі кемінде 40%-ға артуы мүмкін деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/936577
Eurasian Milk өндірісті кеңейтуге 120 млн теңге инвестициялайды 15.02.2025
Eurasian Milk зауыты өндіріс орындарын жаңартуды жоспарлап отыр. Құны 120 млн теңге болатын жобаны іске асыру сүтті қайта өңдеу көлемін екі есеге арттыруға және шығарылатын өнім ассортиментін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын тәулігіне 300 тоннаға дейін сүт өңдей алатын болады, бұл жылына 100 мың тоннадан асады. Жоғары өңделген дайын өнім өндірісі де өседі, жылына 45 мың тоннадан асады.Ассортиментті кеңейту зауытты дамытудың негізгі бағыты болады.Алдағы айларда компания қатты және жартылай қатты ірімшіктер, қаймақ және сүзбе өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Бұл инновациялар өнімнің қосымша құнын арттыруға және Eurasian Milk-тің нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Кәсіпорынның ең жақын жоспарларының бірі-қоюландырылған сүт өндіруге арналған жаңа желіні орнату. Бұл жобаға салынған инвестицияның жалпы сомасы 50 млн долларды құрайды және болашақта ол 70 млн долларға дейін өсуі мүмкін. Бұл компанияның өз өнімдерінің сапасын дамыту және жақсарту жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстың дәлелі болса, сондай-ақ, тұтынушыларға және жалпы аймақтың экономикасына оң әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/936681
Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 15.02.2025
Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.Әлеуметтік нысанның ашылуына облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, спорт ардагерлері мен саңлақтары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.Жаңа спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілді. Жоба құны - 446 млн. 774 мың теңге.Ғимарат 2 қабатты. Мұнда ауыл балалары мен жасөспірімдері күрес, бокс, футбол, баскетбол, волейбол сынды спорт түрлерімен шұғылдана алады.Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, биыл Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылында дәл осындай спорт кешенін салынады деп күтілуде.Айта кетейік, Жамбыл облысында 2024 жылы 115 спорт нысаны пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 спорт кешені (демеушілердің есебінен салынған) және 103 спорт алаңшасы бар.Нәтижесінде облыс халқының спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 68,3 пайызға жетті.Бүгінде 503 мың адам немесе облыс халқының 41,2 пайызы спортпен жүйелі түрде шұғылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/936691
Маңғыстауда экологиялық теңгерімді тұрақтандыру мақсатында сексеуіл өсіру сәтті жалғасуда 15.02.2025
Маңғыстау облысында экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жоспарлы жұмыс белсенді жүзеге асуда. 2004 жылдан бері Сенек ауылында басталған құм тоқтату жұмыстары, кейіннен Ұштаған, Тұщықұдық және Шебір ауылдарында жалғасын тапты. Бұл жобалардың негізгі мақсаты – ауылдарды көшпелі құмнан қорғау, яғни сексеуіл өсіру арқылы экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру.Деректерге жүгінсек, Ұштаған ауылында 2007, ал Тұщықұдықта 2012 жылдан, сондай-ақ Шебірде 2016 жылдан бері сексеуіл отырғызу жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде, әр ауылда 2021 жылға дейін жалпы 3329 гектар жасыл белдеу пайда болған .- 2022 жылы бұл алқап Маңғыстау облысы әкімінің қаулысымен «Бейнеу ормандар және жануарлар дүниесін қорғау» КММ-нің құрамына берілді. 2018 жылы Маңғыстау ауданының Жарма, Сазды және Сауысқан ауылдарында 134 гектар аумақты құм көшкінінен қорғау бойынша 6 жылдық жоба жасақталды. Жобаның бірінші кезеңінде 2022-2024 жылдар аралығында 60,34 гектар аумаққа 203 634 түп сексеуіл мен жүзгін ағаштары отырғызылды. Бұл кезеңнің шығымдылығы 85-90% құрады. Екінші кезеңде 2025-2027 жылдары қалған 73,74 гектар аумаққа 248 887 сексеуіл мен жүзгін ағаштарын отырғызу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылғы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалары негізінде, Бейнеу ауданының Тәжен, Сыңғырлау, Сам, Тұрыш және Ақжігіт, Қарақия ауданының Сенек және Бостан, Маңғыстау ауданының Жармыш және Ақшымырау, Түпқараған ауданының Таушық елді мекендеріндегі қауіпті эолдық процестердің даму қаупін анықтау мақсатында жобалар әзірленді,- деп атап өтті Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасар Хайдар Тулеушов.Жергілікті бюджеттен 72,5 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Жоба 2025-2032 жылдар аралығында жүзеге асырылатын болады. Жалпы 10 ауыл бойынша жобаның құны 2 968,0 млн. теңгені құрайды.Қорытындылай кетсек, 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен аталған ауылдардың шөлейттенуіне қарсы сексеуіл өсіру жұмыстары жалғасады. Бұл шаралар экологиялық ахуалды жақсартуға, жердің құнарлылығын арттыруға және ауыл тұрғындарының өмір сапасын көтеруге бағытталған. Маңғыстау облысында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар тек экологияны қорғап қана қоймай, сонымен қатар ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын да жақсартуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/936456
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда 15.02.2025
Маңғыстау облысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акцияларды белсенді түрде өткізуді жалғастыруда.12 ақпан күні Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде студенттердің қатысуымен кездесу өтті.Кездесуге өңірге белгілі экологтар К.Осин, А.Козыбаков, аталмыш университеттің 120-дан астам студенттері, ауыл әкімдері мен қала және аудандардың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары қатысты. Шара барысында өңірдегі негізгі экологиялық сын-қатерлер, оларды шешу жолдары және табиғатты қорғауға жеке үлестің маңыздылығы туралы сөз қозғалды.Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті дамыту, өңірдің табиғи байлығын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, экологияның ағымдағы жағдайы туралы хабардар ету және оларды қоршаған ортаны қорғау бойынша практикалық қызметке тарту.«Маңғыстау табиғаты» ҚБ төрағасы Адильбек Козыбаковтың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы халық арасында экологиялық мәдениетті дамытуда үлкен рөл атқарады:– Бүгін біз жастардың экологиялық шараларға қатысуы тек аумақтарды тазарту емес, табиғатымыздың болашағына саналы үлес қосу екенін көріп отырмыз. Әрбіріміз қоршаған ортаны сақтау сияқты үлкен істің бір бөлігі бола аламыз. Баршаңызды қала аумағындағы кез келген экологиялық шараларға қатысуға шақырамыз. Сіздің белсенділігіңіз – таза әрі экологиялық қауіпсіз Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам.Сонымен қатар, кездесуден кейін студенттер университеттегі қалдықтарды өңдеу цехына экскурсия жасап, жұмыстарымен танысты. Өткізілген экскурсияға қатысты «Пакетная фабрика» ЖШС жетекшісі Мамед Афандиев:– Жастар – еліміздің болашағы және экологиялық мәселелерді шешу міндеті дәл соларға жүктеледі. Мұндай кездесулер тек экологиялық сауаттылықты арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға деген жеке жауапкершілікті тәрбиелеуге де ықпал етеді. Аталған шара көптеген жастарды өңірдегі экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға ынталандыратын бастама болады деп үміттенеміз. Бірлескен күш-жігерімізбен Маңғыстауды одан әрі таза және экологиялық қауіпсіз аймаққа айналдыра аламыз, - деп өз пікірін білдірді.Сондай-ақ, экскурсиядан кейін студенттер университет аумағындағы жылыжайға барып Жапон софорасы ағашының тұқымын отырғызды.Жапон софорасы ( Sophora japonica L.) – дәрілік құнды өсімдік, жемісі қабынуға қарсы және жараны жазатын әсерге ие. Табиғатта биіктігі 25 метрге дейін жететін ағаш. Қазіргі кезде Маңғыстау жерінде сынақтан сәтті өтіп, кең ауқымда көгалдандыруға қолданылып жүр.Сондай-ақ, студенттер кездесуден алған әсерлерімен бөлісті. Шараға қатысушылардың бірі:– Өңірдегі экологияны жақсарту үшін не жасай алатынымызды білу біз үшін өте пайдалы болды. Мұндай кездесулер мен акциялар бізді әрекет етуге және айналамыздағы табиғатты қорғауға шабыттандырады, - деді.Акция аясындағы іс-шаралар жылы әрі продуктивті атмосферада өтіп, жастардың экологиялық жауапкершілікке деген ұмтылысын нығайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/936462
Астанадағы саябақта еріктілер ерекше акция өткізді 15.02.2025
Елордалық студенттер мен еріктілер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылып, қаладағы саябақтардың біріне құстарға арналған ұя ілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордалық Құрылыс-техникалық колледжінің студенттері «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе отырып, әл-Фараби мешітінің жанындағы саябаққа құс ұяларын ілді.Олар ұяларды өз қолымен дайындаған.«Құс ұялары фанерадан жасалды. Қатарластарыммен бірге шебер ұстазымыздың бақылауымен үш күнде жасап шықтық. Кәсіби шеберлігімді пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқаныма қуанамын», - дейді Астана Құрылыс-техникалық колледжінің 3-курс студенті Аллаберген Маратұлы.Акция биоәртүрлілікті сақтауға және қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған. Қатысушылар ұялар құстардың жайлы әрі қауіпсіз тіршілігіне септігін тигізетініне сенімді.«Табиғатты аялау кішігірім әрекеттен басталады және осындай әрбір қадам экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі. Сіз де өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, біздің науқандарға атсалысыңыз», - деді «Астана жастары» МКҚК еріктісі Ерасыл Төленді қала тұрғындарына. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936801
Қостанай облысында прокурорлар заңсыз кен іздеушіліктің жолын кесті 15.02.2025
Қостанай облысы Жітіқара ауданының прокуратурасы шекара қызметімен бірлесіп, Аққарға ауылының маңындағы Оңтүстік Тоқтаров кен орнында тіркеусіз және рұқсатсыз бағалы металдарды іздеумен және өндірумен айналысатын ауданның екі тұрғынын анықтады.Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер қозғалды, олар сотқа жіберілді. Сот заң бұзушыларды кінәлі деп тауып, әрқайсысына 55 380 теңге көлемінде айыппұл салды, сондай-ақ мемлекет пайдасына жалпы құны 5 миллион теңгеден асатын екі металл іздегішті тәркіледі.Заңсыз құрылыс - бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелуі мүмкін үлкен бұзушылық, сондықтан заңдар мен тәртіпті сақтау экологияны сақтауға және табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.Дереккөзге сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/935289?lang=kk Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/936142
Астанада жеңіл атлетикадан турнир өтеді 15.02.2025
Астанада 23 ақпан күні Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан жыл сайын өтетін INDOOR RUN ASTANA 2025 турнирі ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Турнирдің басты мақсаты – жеңіл атлетиканы насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу. Жарыс бағдарламасына мына қашықтықтар енеді: 600 м, 1000 м, 1 миль, 2000 м, 3000 м жүгіру, аралас эстафеталық жүгіру және критериум жарысы. Турнирге еліміздің 10 аймағынан 25-тен астам жүгіру клубының 110-нан аса әуесқой спортшысы өтініш берді. Сондай-ақ, жарысқа Ресей Федерациясынан әуесқой спортшылар қатысады. Өткен жылдағыдай, зияткерлік даму ерекшеліктері бар жандар да турнирде өнер көрсетеді. Ресми ашылу рәсімі – 09:30;Жарыстың басталуы – 09:50.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936581
Астанада «Мектепалды топ балаларын мектепке бейімдеу» тақырыбында қалалық семинар өтті 15.02.2025
Елордадағы К.Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде балабақша әдіскерлері мен бастауыш сынып бойынша мектеп директоры орынбасарларының қатысуымен «Мектепалды топ балаларын мектепке бейімдеу» тақырыбында қалалық семинар өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Жиында балабақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың дағдылары мен қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке бейімдеудің тиімді жолдары, балалардың жаңа ортаға үйреніп, сіңісіп кетуіне жағдай жасауға қатысты жұмыстарды жандандыру мәселелері қарастырылды.Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Балаларды ерте дамыту» институтының директоры Мария Ерманова мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен балабақшаға баратын балғындардың мектепке барар кездегі дағдыларды игеруі, оларды бақылау мен білім беру ұйымдарының арасындағы байланыс туралы баяндады.«Білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілген. Оған сәйкес білімнің бірізділігін, сабақтастығы және үздіксіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Балаларды ерте дамыту» институты бірлесіп, іс-қимыл жоспарын жасадық. Тірек мектептері мен тірек балабақшалары анықталып, олардың арасында байланыс орнатылды. Мониторинг негізінде баланың жеке даму картасын жүргізуге назар аударылатын болды. Бізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бағдарламасы бар, соның аясында жылына 3 рет бала тиісті дағдыларды қалай игеріп жатқанын анықтау мақсатында мониторинг жүргізіледі», - деді Мария Ерманова.Мамандардың айтуынша, балабақша мен мектептің арасындағы сабақтастық бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі мен мектеп бағдарламасын толық және сапалы игеруіне ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936600
Астана спортшылары Азия чемпионатында 5 алтын медаль жеңіп алды 15.02.2025
Бангкок (Таиланд) қаласында мектеп оқушылары арасында Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 18 Азия елінен 1500 спортшы қатысты. Бұл сында Қазақстан намысын қорғаған елордалық спортшылар бес бірдей алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Бірінші жарыс күнінде елордалық спортшылар жоғары деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.Чемпионат қорытындысы бойынша елордалық спортшы Ханзада Нұрлыбекова жалпы есепте 2-орын алып, 259 ұпай жинап, «Үздік спортшы» кубогына ие болды.Елордалық спортшылардың нәтижелері:1-күнгі жарыс нәтижелері:1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (100 м шалқалай жүзу);2-орын – Арсен Амантай (200 м баттерфляй);3-орын – Луиза Огаз (50 м брасс).2-күнгі жарыс нәтижелері:1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (50 м шалқалай жүзу);2-орын – Ханзада Нұрлыбекова (100 м баттерфляй);3-орын – Ханзада Нұрлыбекова (200 м еркін стиль).2-орын – Луиза Огаз (200 м брасс);3-орын – Арсен Амантай (100 м баттерфляй);3-орын – 4×50 м еркін стиль эстафетасы (МИКС) – Мендіхан Шахмина, Луиза Огаз, Арсен Амантай.3-күнгі жарыс нәтижелері:1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (50 м баттерфляй);1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (50 м еркін стиль);2-орын – Ханзада Нұрлыбекова (200 м шалқалай жүзу);3-орын – Луиза Огаз (100 м брасс);3-орын – Мендіхан Шахмина (200 м шалқалай жүзу);1-орын – 4×50 м кешенді эстафета (МИКС) – Мендіхан Шахмина, Огаз Луиза, Амантай Арсен.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936623
Астанада зейнеткерлер жұмысшыларға арнайы мерекелік концерт ұйымдастырды 15.02.2025
Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері жұмысшыларға мерекелік концерт қойып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. «Осы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Сол арқылы құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты және т.б. салаларда жұмыс істейтін азаматтарға көп көңіл бөлінеді. Соған орай біз де «Еңбек адамына құрмет» акциясын бастап жатырмыз», - деді Астана қаласы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Нұра ауданы бөлімінің күміс волонтері Ләззат Өтеғұлова. Астаналық зейнеткерлер құрылысшыларға домбырамен ән салып, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, олар еңбек адамдарына сыйлықтарын табыстап, тәттілерін ұсынды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама жұмысшылардың еңбегінің маңыздылығын түсінуге ықпал етеді. «Мұнда көбіне патриоттық әндер шырқалды. Сондай-ақ бүгінгі акцияға «AMANAT» партиясының Нұра ауданы бөлімінің «Жастар рухы» жастар қанатының еріктілері де атсалысты. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету», - деді Л.Өтеғұлова. Айта кетейік, еңбек адамдарын қолдауда маңызға ие осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936618
Риддердегі көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы: медициналық көмек сапасын жақсартуға бағытталған қадам 15.02.2025
Риддердегі медициналық кешен қала тұрғындарына ғана емес, көршілес елді мекен тұрғындарына да қызмет көрсететін көпсалалы емдеу мекемесіне айналады. Айта кетейік, аурухананың негізгі ғимараты мен педиатриялық бөлімше 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған.Бүгінгі таңда дайындық деңгейі емхана бойынша 70%-ды, стационар бойынша 30%-ды, ал тамақтану орны мен сыртқы желілер бойынша 90%-ды құрайды.2024 жылдың соңында құрылысты аяқтау үшін арнайы мемлекеттік қордан қаражат бөлінді. Аурухана құрылысын аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр.ШҚО әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/936428
164 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ 15.02.2025
164 МЫҢ АДАМ ҚАҢТАР ҰБТ-СЫН ТАПСЫРДЫ164 мыңға жуық адам қаңтар айындағы ҰБТ-ны тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 76,81%-ы қазақ тілінде, 23,14%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.ҰБТ-да шекті балды 70,35%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65,81 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. Жалпы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Математика-Физика» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17,5%-ы тапсырды. «Биология-Химия» пәндерін 17,27% таңдаған. Сондай-ақ топ-3 қатарына талапкерлердің 10,29% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 197 адам тапсырған.2025 жылғы қаңтар ҰБТ-сының қорытындысы бойынша талапкерлер «Оқу сауаттылығы» пәнін жоғары деңгейде тапсырды. Орташа есеппен сұрақтардың 75,43%-ына дұрыс жауап берілген. Ал «Физиканы» тапсырған талапкерлердің тек 32,32% тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін «Электромагниттік индукция» тақырыбы қиын болды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері бойынша Ұлттық тестілеу орталығы тек сандар емес, сонымен қатар тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі талдауды да ұсынады.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 392 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.ҰБТ өткізу барысында 197 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 101 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 96 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алды. Бұл жолы 14 мыңнан астам өтініш қабылданды, олардың ішінде 10 өтініш қанағаттандырылды. Республикалық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді. Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/936542