Парламенттік дипломатия – Қазақстан-Пәкістан қатынастарын нығайтудың негізгі кілті
06.05.2026 11:10:15 260
Исламабад, 2026 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Парламенті Сенатының Спикері Сайд Юсуф Реза Гилани мырзамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзара мүдделі мәселелердің кең ауқымын, соның ішінде саяси және парламенттік диалогты дамыту, аймақтық қауіпсіздік, сауда-экономикалық ынтымақтастық және аймақтық байланыстылықты нығайту мәселелерін жан-жақты талқылады.
Кездесу барысында Сенат Спикері Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығының дамуының динамикасын жоғары бағалады. С.Гилани мырза Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Исламабадқа мемлекеттік сапарына ерекше назар аударып, оның тарихи маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол Пәкістан тарапының екіжақты өзара әрекеттестікті әрі қарай кеңейту және нығайтуға ниет білдіргенін жеткізді.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ретінде аймақтық қауіпсіздік, аймақтық байланыстылық пен логистикалық маршруттарды дамыту мәселелері белгіленді. Осы контексте Спикер екіжақты сауданы кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол халық арасындағы байланыстарды (people-to-people), туризмді дамыту және білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін айтты. Жалпы, екі ел арасындағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі атап өтілді.
Парламенттік дипломатияның маңыздылығын атап өтіп, С.Гилани мырза екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы институционалдық байланыстарды нығайту қажеттігін айтты. Ол жоғары деңгейдегі тұрақты алмасулардың, соның ішінде парламенттік достық топтары арқылы кездесулердің маңызды екенін атап өтті.
Өз тарапынан Елші Е.Қыстафин Сенат Спикеріне Қазақстан-Пәкістан екіжақты күн тәртібін ілгерілетуге көрсеткен жеке қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол екі ел басшылары деңгейінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы хабарлады. Елші сондай-ақ Пәкістан Премьер-министрі Ш.Шарифтің Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың биыл Астанаға сапарына шақыруын қабылдағанын жеткізді. Осыған байланысты болашақ сапардың мазмұндық дайындығы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығы айтылды.
Елші сондай-ақ Үкіметаралық комиссия және бірлескен жұмыс топтары аясындағы жұмыс туралы баяндады. Парламентаралық ынтымақтастық туралы айта отырып, ол 2022 жылғы желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері Ерлан Қошановтың сапарын, сондай-ақ Пәкістан Парламентін Қазақстанға шақыру туралы Қазақстан тарапынан жасалған ұсынысты еске салды.
Е.Қыстафин сонымен қатар 2026 жылғы 15 наурызда өткен конституциялық референдумның нәтижелері туралы хабарлап, елдің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған конституциялық реформаның негізгі бастамаларын таныстырды. Атап айтқанда, ол Вице-президент лауазымын енгізу және Қазақстан Парламентін екі палаталық жүйеден бір палаталық жүйеге реформалау жоспарлары туралы тоқталды.
Өз кезегінде Сенат Спикері С.Гилани мырза Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саясатты жоғары бағалап, осы бастамаларды халықтың кең қолдауына ие екенін атап өтті.
Кездесудің соңында Спикер Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін әрі қарай қолдау көрсетіп, күш салуға ниетті екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1215134?lang=kk