Enbekshi QazaQ

Қуқық

СЭБК: ӨНІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ҮШТЕН БІРІНЕН АСТАМЫ ТАМАҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС КЕЛМЕДІ 14.02.2025
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тамақ өнімдерін бақылаушылық сатып алу шеңберінде 10 491 өнім үлгісін зерттеді, оның 31%-фы (3 245 сынама) тамақ қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сәйкес келмеді. Қабылданған ден қою шараларының нәтижесінде сауда желісінен 5,5 тоннадан астам сәйкес келмейтін өнім алынды.Мониторингтің нәтижесінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінсіз онлайн-сауда арқылы ББҚ-ны іске асыратын әлеуметтік желілердегі 1 495 ресурста жарнама анықталды және жойылды. Мәселен, Санитаиярлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бастамасымен «Meta» компаниясы Instagram әлеуметтік желісіндегі 94 бейінді бетті алып тастады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.Техникалық реттеу және Ветеринариялық бақылау комитеттерімен өзара іс-қимыл кезінде өткен жылы сәйкестік туралы 200 декларацияның күші тоқтатылды және жойылды, импорттық өнімнің 34 өндірушісіне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/933528
МЕРЫ ПО УСИЛЕНИЮ ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОГО НАДЗОРА ОБСУДИЛИ НА КОЛЛЕГИИ КСЭК 14.02.2025
СЭБК АЛҚАСЫНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУДЫ КҮШЕЙТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫБүгін Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен 2024 жылдың қорытындысы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алқасының кеңейтілген отырысы өтті, онда СЭБК қызметінің негізгі бағыттары және алдағы кезеңге арналған міндеттер бойынша есеп ұсынылды. Бұл инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды күшейте отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.«Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұрақты негізде 94 инфекцияға мониторинг жүргізді, 2024 жылы инфекциялық аурулардың көпшілігі бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалды, деп атап өтті Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова.Ол 16 нозология бойынша жағдай тіркелмегенін айтты. 40 инфекция бойынша төмендеуге қол жеткізілді. Профилактикалық егулермен қамтудың жалпы деңгейіне вакциналардың барлық түрлері бойынша қол жеткізілді (95,3%).Ұлттық егу күнтізбесі шеңберінде жоспарлы және толықтыру вакцинациясын жүргізу қызылша, көкжөтел сияқты инфекциялар бойынша сырқаттанушылықты төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік берді.Мемлекеттік шекарада инфекциялық аурулардың әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында 2024 жылы көліктің барлық түрлерінде 6 миллионнан астам жолаушы байланыссыз термометрия болды, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қорытынды алқасында.Санитариялық-карантиндік бақылау қызметі дене температурасы жоғары 63 жолаушыны анықтады.Сонымен қатар, келген шетелдік жолаушылардың арасында тырысқақтың 3 жағдайының ошағын оқшаулау бойынша эпидемияға қарсы уақтылы іс-шаралар өткізу аурудың халықтың арасында таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.Сондай-ақ, елде аса қауіпті инфекциялар әкелінген жағдайда барлық қажетті эпидемияға қарсы, диагностикалық, емдік және басқа да іс-шараларды жүргізуге дайындық қамтамасыз етілгені атап өтілді.Алқа отырысының барысында айтылғандай, СЭБК халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын одан әрі қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті арттыру және қызметтің материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту, әкімшілік шараларды қолданбай білім беру нысандарында бұзушылықтардың алдын алудың белсенді түріне жаңа тәсілдерді әзірлеу, мемлекеттік қызметтер көрсету әлеуетін арттыру, өтініштермен жұмыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/934001
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті 14.02.2025
Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акциялар, дөңгелек үстел, дәстүрлі сенбіліктер және т.б шаралармен қатар қайырымдылық іс-шаралары да ұйымдастырылуда.Бүгін, 5 ақпанда Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалғызбасты және қарт адамдарға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция барысында аулаларды, үй кіреберістерін, жүретін жолдарды қардан тазалау жұмыстары атқарылды. Шараға студенттер мен жастардан құралған еріктілер атсалысты.«Мейірімді-Жетісу» волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі Шырай Саматқызы : «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылып, қарт кісілердің жүріп-тұруын жеңілдету үшін ауланы толықтай қардан тазарттық. Бұл игі іс - ардагерлерге қолдау білдірудің бір көрінісі. Қарттар өз кезегінде еріктілерге алғысын жеткізіп, осындай қамқорлық қоғамдағы мейірімділікті арттыратынын айтты», - дейді.Көмек алған зейнеткердің бірі Гвоздикова София Файзрахмановна: «Мен үшін бұл - үлкен көмек. Аула тазалау маған оңай емес, бүгін еріктілер келіп, барлығын ретке келтірді. Осындай игі істер көп болсын!», - деді ризашылығын білдіріп.Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 2024 жылдың 8 сәуірінен бастап барлық жоспарланған іс-шаралар белсенді өткізілді, жалпы сенбіліктер мен экоакцияларға 252 мыңнан астам адам қатысты.Осы ауқымды экожобаны іске асыру басталғаннан бері облыс бойынша жалпы 2 322 бірлік техника жұмылдырылды, 12 822 тонна қоқыс шығарылды, 193 саябақ пен скверді, 721 тарихи-мәдени ескерткішті тазарту жұмыстары жүргізілді және 56 мыңнан астам қылқан жапырақты және қатты ағаш көшеттері отырғызылды.«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы Жетісу облысында белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды.Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының мәлімет бойынша Фототілші: Жұмабай МұсабековАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/931554
Облыстық құлақтандыру жүйесі тексеріледі 14.02.2025
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары және қонақтары! Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2025 жылғы 6 ақпан күні сағат 11:00-де облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электродабылдар қосылатынын хабарлайды. Осыған орай сіздерден сабырлық сақтап, түсіністікпен қарауды сұраймыз. Сонымен қатар Жетісу облысының ТЖД төтенше жағдайлар орын алған кезде электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады. Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:- радио және теледидарды қосыңыз; - шұғыл хабарды тыңдаңыз; - берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз. Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз:- көшедегі дауыс ұлғайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдарынан берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз; - берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/931649
«Жетісу» волейбол қыздар командасы ел Чемпионатының IV турындағы алғашқы ойында жеңіске жетті 14.02.2025
Кеше Талдықорғанда волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының XXXIII чемпионатының IV тур ойындары басталды. Волейбол ойындары «Жастар» Спорт сарайында өтіп жатыр. «Жетісу» командасының түркістандық «Тұранмен» болған ойынын облыс әкімі Бейбіт Исабаев, жетісулық жанкүйерлер тамашалады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Жетісу» төртінші турдың өз алаңындағы алғашқы ойынында «Тұран» командасын 3:0 есебімен (25:14, 25:18, 25:16) ұтты. Сөйтіп, жетісулықтардың бірінші ойындағы қадамы сәтті болды. Тур барысында Карина Денисова мен Перизат Нұрбергенова командаға әрқайсысы 16 ұпайдан алып беріп, үздік ойын үлгісін көрсетті.Ойын аяқталған соң облыс әкімі Бейбіт Исабаев команда ұжымын жеңісімен құттықтап, волейболшыларға қолдау білдірді.Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда, осы турда «Жетісу» волейбол командасы алты ойын өткізеді, соның бірінші - «Тұран» командасымен болған жарыс. Алда жетісулық қыздар «Ақтөбе», «Қарағанды», «Алматы», «Ару-Астана», «Грация KZ» командаларымен бақ сынасады. Жетісулықтардың бұл ойындары күнделікті кешкі сағат 18:30-да «Жастар» Спорт сарайында өтеді.Атап өтсек, төртінші тур ойындары 12 ақпанға дейін жалғасады. Әзірге турнир кестесіне «Жетісу» командасы 20 жеңіс, яғни 61 ұпаймен I орында тұр. Чемпионаттың қорытындысы наурызда өтетін плей-офф ойындарынан кейін анықталады.Еске салсақ, өткен жылы «Жетісу» волейбол клубына Талдықорғанда оқу-жаттығу орталығы және инвестордың қолдауымен тұрғын үй салынып, қолданысқа берілген болатын. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс ЫсқабайАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/932265
Жетісу облысының шалғайдағы Лепсі ауылына биыл ауыз су жүйесі тартыла бастайды 14.02.2025
Жетісу облысының шалғайдағы шекаралық Алакөл ауданында 56 елді мекеннің 48-іне немесе 85,7%-на орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылған. Мәселен, биыл Лепсі ауылына ауыз су желісі тартыла бастайды. Сонымен қатар осы жылы Қоңыр ауылында су жүйесінің құрылысы мен Теректі ауылында жаңғыртудың 2-ші кезегі басталады деп күтілуде, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, Лепсі ауылындағы 1980 жылдары салынған ауыз су жүйесі қазір қолданыста емес.«Лепсі ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобада 49,4 км сумен жабдықтау желілерін, 2 сорғы станциясы мен 2 резервуар, сондай-ақ трансформаторлық қосалқы станция, дизельді электр станциясын салу көзделген. Бүгінгі таңда мердігер ұйым анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын ауданның ауа райы жағдайын ескере отырып, сәуір айында бастау жоспарланып отыр», - делінген басқарманың хабарламасында.Атап өтсек, Алакөл ауданында өткен жылы Бибақан ауылы орталық ауыз су жүйесіне қосылса, Теректі, Көктұма, Екпінді ауылдарында су желісіне жаңғырту жүргізілген болатын. Сол сияқты Тоқжайлау ауылында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қазір су жүйесін тексеру және іске қосу жұмыстары жұмыстары жалғасып жатыр.Жалпы Жетісу облысында 2025 жылдың аяғына қарай орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 331-ге жетеді немесе орталық су жүйесімен қамту деңгейі 92,5% болады деген жоспар бар. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіФотосуреттер облыс әкімі баспасөз қызметінің архивінен алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/932696
Жетісуда «Көктем – 2025» су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық оқу-жаттығулары өтіп жатыр 14.02.2025
Жетісу облысында азаматтық қорғаныс жүйесін көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюға дайындау және халық пен аумақтарды су тасқыны қаупі кезінде қорғау бағытындағы іс-қимылдарды пысықтау мақсатында «Көктем – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Оқу-жаттығу аясында барлық аудан мен қалада су басу қаупі жоғары учаскелерде практикалық шаралар өткізілуде. Жаттығу барысында қорғаныс нысандарын нығайтуға және су тасқыны жағдайына дайындыққа ерекше назар аударылуда. Су тасқынына қарсы оқу-жаттығу шарасына аудандардың азаматтық қорғаныс қызметтері мен Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы және инженерлік техникасы жұмылдырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Қаратал ауданы Тастөбе ауылының маңында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев арнайы барып, тиісті қызметтер мен инженерлік техниканың жеке құрамын тексерді.Мәселен, Тастөбе ауылындағы мектеп базасында 40 орынға есептелген, алдағы уақытта 300-ге дейін кеңейтілуге мүмкіндігі бар эвакуациялық пункт ұйымдастырылған. Мұнда ТЖ кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін асхана мен медициналық пункт қарастырылған.Сол сияқты Тастөбе ауылының маңына Қаратал өзенінің арнасын нығайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.«Қазіргі кезде осы учаскеде үйінді бөгет салу және өзеннің жағалау сызығын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Көктемгі кезеңде су деңгейі көтерілген жағдайда бұл шаралар жағаның бұзылуына жол бермейді және ауылды су басудан сақтайды. Бұл жұмысқа 40 арнайы техника мен 85 адам жұмылдырылды. Жұмыс аяқталуға жақын», - деді Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.Көктемде су тасу қаупі бар өзендердің бірі - Көксу ауданындағы Мұқаншы өзені. Осы күні оқу-жаттығу аясында өзеннің сол жақ жағалауын шамамен ұзындығы 150 метрге дейін нығайту, дамбының қорғаныс функцияларын қалпына келтіру жұмыстары атқарылды. Сол сияқты Көксу ауданы Балпық би ауылында тұратын қарт адамдар мен көп балалы аналардың аулаларында қар шығарылып, су өткізу құбырлары мен арық желілері тазаланып, ретке келтірілді.«Көксу ауданы бойынша су тасқыны қаупіне дайындық аясында 21 қабылдау пункті бар, олар 5150 адамды қабылдай алады. Бүгінгі оқу-жаттығу шараларына 28 техника мен 84 адам тартылды», - деді Көксу аудандық ТЖБ бастығы Манат Тұрымов.Осы орайда Төтенше жағдайлар мамандары облыс тұрғындарын үйлерінің маңындағы арық желілері мен құбыр өткелдерін тазартып, судың еркін өтуін қамтамасыз ету арқылы су тасқынының алдын алу шараларына атсалысуға шақырады. Бұл шаралар тасқынның алдын алуға және тұрғындар үйлерінің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі.Жалпы Жетісу облысында төтенше жағдай болған жағдайда тұрғындарды қабылдайтын 235 эвакуациялық пункт бар.Еске салсақ, «Көктем - 2025» РКШО шарасы кеше басталған, бүгін, яғни 7 ақпанда аяқталады. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фотоcуреттерді «Бастау» газетінің редакциясы мен Жетісу облысы ТЖД ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/933474
Талдықорғанда тегін "Python" курсына жазылу басталды 14.02.2025
Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасы мен«Jetisu Digital» IT-hub қолдауымен "Samsung" компаниясы "Python" бойынша тегін офлайн курсын іске қосады. Кімдерге арналған? 13-25 жас аралығындағы жастарға. Қайда? «Jetisu Digital» IT-hub, Талдықорған қ., Қонаев көшесі, 47. Сабақтар қашан өтеді?1-топ: сейсенбі және бейсенбі, 15:00 – 17:00.2-топ: сейсенбі және бейсенбі, 17:00 – 19:00.Курс ұзақтығы: 4 ай. Нәтижесі:Ең танымал және болашағы зор бағдарламалау тілін меңгеру;Аптасына 2 рет 120 минуттық сабақтар;Сертификаттар және үздік студенттерге "Samsung"-тан бағалы сыйлықтар. Қалай жазылуға болады?Тіркеуден өтіңіз 👉 https://samsung-campus.kz/Кіріспе емтиханды тапсырыңыз (өту балы — 40) және пәнді таңдаңыз! Өтінімдер 10 ақпанға дейін қабылданады. Қатысып үлгеріңіз! Жетісу облысы цифрлық технологиялар басқармасының ақпараты бойынша Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/933771
Алматының Алмалы ауданында қыркүйек айында тағы бір жайлы мектеп ашылады 14.02.2025
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.«Біз білім беру инфрақұрылымын жақсарту бойынша, негізінен мектептерге қосымша құрылыстар салу және қазірдің өзінде салынған мектептерді жаңғырту есебінен белсенді жұмыс істеуді жалғастырудамыз. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында 1,5 мың орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталуда. Сәуір айында аяқталатын жұмыстар. Мектеп жаңа оқу жылының басында ашылады», - деп атап өтті Алматы әкімі.Сонымен қатар, 2024 жылдың шілдесінде 600 орындық №58 мектепке қосымша құрылыс басталды. Жұмыстарды аяқтау осы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.Биыл шілде айында № 16 мектепке 300 орындық қосымша құрылыс басталады. Жұмыстарды 2026 жылдың 1 тоқсанында аяқтау жоспарлануда.Сондай-ақ, №134 және №135 мектептерді сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жоспарланған. Жұмыс 2025 жылдың тамызында басталады. Бұдан басқа, №124 және №128 мектептерді реконструкциялауға және сейсмикалық күшейтуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалауды аяқтау 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған.Еске салсақ, 2024 жылы сейсмикалық күшейтумен №136 мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, жаңартылған мектеп өткен жылдың қыркүйек айында оқушыларға есігін айқара ашты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/932356
Алматыдағы №1 перзентхананың ескі корпусының орнында заманауи медициналық жабдықтары бар жаңа ғимарат пайда болады 14.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалында өткен есептік кездесуде аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесінің оң шешімін тауып келе жатқанын айтты.2025 жылдың наурыз айында №3 емхана ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталады. Жөндеу жұмыстары аясында конструктивті элементтер қалпына келтіріліп, ішкі бөлмелер жаңғыртылады.Қалалық Адам репродукциясы орталығының күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл наурыз айында Жібек жолы, 124 мекенжайындағы ғимаратта жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Төреқұлов көшесі, 73 мекенжайындағы ғимаратты жөндеу жұмыстары 2025 жылдың 2-тоқсанында бітеді.«Ана мен баланың денсаулығын сақтау әрқашан әкімдік жұмысының басымдығы болып қала береді. 1937 жылы салынған №1 перзентхана ескірген және қазіргі стандартқа сәйкес келмейді. Жаңа ғимараттың дизайны аяқталып, 2025 жылдың маусымында сараптама басталуға тиіс. 2025 жылдың жазында ескі ғимаратты бұзып, оның орнына заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңа ғимарат салынады. Бұл жұмыс 2026 жылдың соңында аяқталады», - деді Алматы әкімі.Сонымен қатар, Әйтеке би мен Масанчи көшесінің қиылысында орналасқан ескі қалалық ревматология орталығы ғимаратының орнына 500 адам қабылдауға арналған жаңа емхана салу көзделген. Жұмыс осы жылдың маусым айында басталып, 2026 жылдың мамыр айында аяқталмақ.Айта кетейік, Алматы әкімінің тапсырмасымен 2024 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға бөлінген қаржы 26,3 млрд теңгеге, яғни 2,5 есе артты, ал 2025 жылы тағы 2,6 есе өсіп, 69,4 млрд теңгеге дейін жетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/932367
Алматының Алмалы ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 45 жоба іске асырылатын болады 14.02.2025
2025 жылы Алмалы ауданында «Халықа қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 45 жоба іске асырылатын болады. Бұл туралы Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.Қала басшысы атап өткендей, 45 жобаның 23-і аула аумақтарын жөндеу, оларды көгалдандыру бойынша 4 жоба және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша 18 жоба. Қосымша 33 аула аумағын жөндеу үшін тағы 500 млн теңге бөлінді. Барлық абаттандыру жұмыстары осы жылдың сәуір-қазан айлары аралығында жүргізіледі.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы ХҚБ аясында ауданда 52 жоба іске асырылып, 23 аула аумағына қосымша ағымдағы жөндеу жүргізілді.Үш жылдың ішінде Алматыда 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды. 2025 жылға ХҚБ бағдарламасына қала бюджетінде 17,1 млрд теңге қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/932382
2025 жылы Жібек Жолы даңғылының жаяу жүргіншілер аймағы күрделі жөндеуден өтеді 14.02.2025
Алматының Алмалы ауданында биыл Жібек Жолы даңғылының жаяу жүргіншілер аймағы (Назарбаев даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін) «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры жанындағы сквер қайта жаңартылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.Алмалы ауданы – соңғы үш жылда ауқымды көркейту жұмыстары жүргізілген қаланың тарихи орталығы.Маңызды жобалардың бірі – қала тұрғындарының сүйікті демалыс орны саналатын М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова атындағы скверді қайта жаңарту. 2024 жылдың желтоқсанында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Көгалдандыру мен гүлзарларды отырғызу 2025 жылдың көктеміне жоспарланған.Қаланы көркейтуге бағытталған тағы бір ірі жоба – Сайран көлін көріктендіру. Былтыр желтоқсанында автосуару және сумен жабдықтау жүйесін жүргізу, электрмен жабдықтау және жарықтандыру кабельдерін тарту, сондай-ақ ағаштарды санитарлық мақсатта кесу жұмыстары аяқталды.Биыл сәуір-мамыр айларында, күн жылынған соң кеспе тас төсеу, шағын сәулет нысандарын орнату және 200-ден астам ірі жөке ағашы мен басқа да жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.Айта кету керек, Алмалы ауданындағы ең көп баратын жаяу жүргіншілер көшесі – Панфилов көшесі (күніне 10-15 мың адам) 2017 жылдан бері жөндеу көрмеген. 2024 жылдың қарашасында Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы даңғылына дейінгі бөлікті көркейту жобасы аяқталды. Жоба аясында жол бойы мен шағын сәулеттік нысандар жаңартылып, жасыл аймақ 20%-ға ұлғайтылып, көпжылдық бұталар отырғызылды.Бұған қоса, осы айда Жібек Жолы даңғылының жаяу жүргіншілер аймағын (Назарбаев даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін) «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша күрделі жөндеуге және Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры жанындағы скверді қайта құруға ЖСҚ әзірлеу басталады.Бұл жұмыстар 2025 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/932399
Алматыда Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы құрылады 14.02.2025
Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жолдардағы қозғалысты реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.«Қалада жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және трафикті басқару бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда бұл функциялар Полиция департаментіне жүктелген, бірақ ІІМ трафикті басқару бойынша фукнциялардың бір бөлігін қала әкімдігіне беруді мақұлдады. Сондықтан біз қалада бұрын-соңды болмаған Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Қазір біз осы ауқымды жобаны жүзеге асыруға дайындалып жатырмыз», - деді Ерболат Досаев.Мегаполис әкімі биыл бағдаршам нысандарын жаңғырту жалғасатынын атап өтті. Бүгінгі таңда қолданыстағы 591 бағдаршам объектісінің 93-і еуропалық электрондық жабдықтармен толықтырылған, бұл бағдаршам объектілерін адаптивті басқару жүйесін енгізуге мүмкіндік берді.Ағымдағы жылы қалған 498 бағдаршам нысанын жаңғыртуды жалғастыру жоспарлануда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқындылығын ескере отырып, нақты уақыт режимінде қиылыстардағы жол қозғалысын реттеу қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, көлік қозғалысының статистикасын есептеу, адаптивті режимдегі уақытты кері санау таблосының жұмысы, мамандандырылған көлікті басымдықпен өткізу қарастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/932404
Алматыда Панфилов көшесі Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейін көріктендіріледі 14.02.2025
Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаевқа жергілікті тұрғын Панфилов көшесінің Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігін көркейту туралы өтініш білдірді.Өз кезегінде, қала басшысы бұл жоба биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асатынын атап өтті.«Биыл Алмалы ауданында «ХҚБ» бағдарламасы аясында 45 жоба жүзеге асады. Бұл жоба да сол тізімге кіреді. Жоспар бойынша көше барлық стандартқа сай көркейтіледі. Жұмысты биыл бастап, күзге дейін аяқтаймыз», – деді Ерболат Досаев.Айта кетейік, 2024 жылы Панфилов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі бөлігі көркейтілген болатын. Жоба аясында жолдың бойы мен шағын сәулет нысандары жаңартылып, жасыл аймақ 20%-ға ұлғайтылды, көпжылдық бұталар отырғызылды. Панфилов көшесі – Алмалы ауданындағы халық ең жиі баратын орынның бірі, алайда соңғы жөндеу жұмыстары 2017 жылы жүргізілген.Соңғы үш жылда Алматыда «ХҚБ» аясында 938 жоба жүзеге асырылып, оған 39,1 млрд теңге бөлінді. Қала әкімінің тапсырмасымен 2025 жылы «ХҚБ» бағдарламасына 17,1 млрд теңге бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/932408
Алматы әкімі бұрынғы Оқу-клиникалық орталықтың ғимараты қашан реконструкцияланатынын хабарлады 14.02.2025
Алматыда Абай даңғылы мен Масаншы көшесінің қиылысында орналасқан бұрынғы Оқу-клиникалық орталықтың ғимараты қалалық балалар оңалту орталығы болып қайта жаңартылады. Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев бүгінгі таңда жобаны түзету аяқталғанын хабарлады.«Жетісу сәулет құрылыс» ЖШС әзірлеген бастапқы жоба сараптамадан өтпеді, сондықтан жұмыстың басталу мерзімі өзгерді. Бүгінгі таңда жаңа жоба әзірленді. Жоба мемлекеттік сараптамадан шыққаннан кейін мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурс өткізіліп, содан кейін тікелей құрылыс-монтажу жұмыстары басталады», - деп атап өтті мегаполис әкімі.Бір ауысымда 250 келушіге арналған орталық тірек-қимыл аппараты аурулары, балалардың церебральды сал ауруы, сөйлеу патологиясы, сондай-ақ ақыл-ой дамуының ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларды кешенді оңалтуға арналған.Нысан сәулет ескерткіші болғандықтан, жоба заманауи материалдардан қасбеттің бастапқы көрінісін қалпына келтіруді қарастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/932419
Алматы әкімі жаяу жүргіншілер аймақтарын заңсыз құрылыстардан тазартуды тапсырды 14.02.2025
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында жергілікті тұрғын жаяу жүргіншілер аймақтарын қоғамдық тамақтану орындарының заңсыз құрылыстарынан тазартуды сұрады. Атап айтқанда, ол Сейфуллин даңғылы мен Қарасай батыр көшесінің қиылысындағы бульвар аймағындағы мейрамхана жазғы алаң салғанын хабарлады.Қала басшысы осы ғимараттың заңдылығын тексеріп, сәйкестікке келтіруді тапсырды.Ерболат Досаев Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы стихиялық саудаға қарсы күрес және мемлекеттік қордың жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда объектілерін (ССО) жою мақсатында оларды жаппай бөлшектеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.Екі күннің ішінде 21 заңсыз нысан бөлшектелді.Мониторинг қорытындысы бойынша қала аумағында 1,2 мыңнан астам саудагер өз бетінше орналастырылатын стихиялық сауданың (ірі базарлардың, саябақтар мен алаңдардың маңында орналасқан) 49 жаппай жиналатын орны анықталды.Еске салсақ, Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы №3/469 «Алматы қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын белгілеу және бекіту туралы» Қаулысына сәйкес қалада 157 ССО орналастыру үшін 142 орын бекітілген. Стационарлық емес сауда объектілерінде заңды негізде қызметін жалғастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының сауда бөліміне 390 21 30 тел. бойынша жүгіне алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/932423
Алматыда «Алатау» театры базасында инклюзивті үйірмелер жұмыс істейді 14.02.2025
Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдар театр өнерін тегін меңгере алады. «Алатау» дәстүрлі өнер театры мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 10 инклюзивті үйірме ашып, би, ән айту, ым тілінде ән айту, күлдіргі ойында және саңырауларға арналған дактилология өнеріне үйретеді. Бұл туралы Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында театр директоры Мақсат Нұралиев мәлімдеді.Оның айтуынша, жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар шығармашылық ұжымдардың құрамына еніп, алматылық театр сахнасында өнер көрсетуге, сондай-ақ халықаралық байқауларға қатысып, әлемдік деңгейде талантын танытуға мүмкіндік алады.«Сабақтар аптасына 3 рет, 2 сағаттан өтеді. Оқытуды театр артистері мен қазақ зағиптар және саңыраулар қоғамының жетекшілері жүргізеді. Қазіргі таңда біздің студиялар мен үйірмелерде шамамен 200 адам білім алып жатыр. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен 130-дан астам іс-шара өткіздік. Олардың ішінде ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған халықаралық фестивальдер мен байқаулар, қайырымдылық концерттер, дәрістер мен мәдениет қайраткерлерімен кездесулер бар. Біз инклюзивті орта қалыптастыруға тырысамыз, мұнда өнер адамдар соның арасындағы нағыз байланыс құралына айналады. Біздің артистеріміз – рухтың беріктігі мен шексіз мүмкіндіктердің айқын дәлелі. Бүгінде Италия, Түркия, Қырғызстан, Тәжікстан және Малайзияда өткен халықаралық байқауларда жеңімпаз атанған қатысушыларымыз бар. Бұл жобаларға біздің өнерпаздар әкімдіктің қолдауымен қатысты», – деді Мақсат Нұралиев.Айта кетейік, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға мәдени демалысты ұйымдастыру» бөлімі бар. Онда зағип және саңырау жандар қызмет атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/933487
Алматы қуыршақ театры Канадада Халықаралық фестивальде Гран-при жеңді 14.02.2025
Қазақстанның Мемлекеттік қуыршақ театры 2024 жылы Оттавадағы Халықаралық қуыршақ фестивалінде байқаудың басты марапаты Гран-приді жеңіп алып, әлемдік сахнада серпіліс жасады. Сонымен қатар, қазақстандық театр Батумиде қазылар алқасы тарапынан «Үздік режиссер» номинациясымен марапатталып, Беларуссияда (Гродно) арнайы дипломды иеленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде театр директоры Алмат Амангелді мәлімдеді.2024 жыл Мемлекеттік қуыршақ театры үшін тарихи жыл болды. Канадада Гран-при жеңіп алған театр қазақстандық қуыршақ өнерінің әлемдік мойындауға лайық екенін дәлелдеді.«Бұл жеңіс – театр ұжымының орасан зор еңбегінің нәтижесі. Біз өнеріміздің әлемдік деңгейге көтеріліп, қазақстандық көрермендердің ғана емес, шетел азаматтарының да таңданысын тудыратынына қуаныштымыз», - деп атап өтті Алмат Амангелді.Театр Грузияда да халықаралық сахнаны бағындыруды жалғастырды, Батумидегі фестивальде театр қойылымы «Үздік режиссер» жүлдесін алды. Сондай-ақ Беларусьте өткен «Неман үстіндегі қуыршақ» фестивалінде қазақстандық қойылым арнайы дипломмен марапатталды.Театр сонымен қатар Грузиядағы халықаралық сахнаны жаулап алуды жалғастырды Батуми, театр қойылымы «Үздік режиссер» сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, Беларуссияда өткен «Ляльки над Неманом» фестивалінде қазақстандық қойылым арнайы дипломға ие болды.Мемлекеттік қуыршақ театры шетелге белсенді гастрольдік сапарларымен барып қана қоймай, Алматы қаласын халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналдыруда.2023 жылы театр алғаш рет сыншылардың жоғары бағасына ие болған «Almaty Puppet Festival» I Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалін өткізді. 2024 жылы фестиваль екінші рет Польша, Грузия, Болгария, Чехия, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан және Қазақстанның ұжымдарын жинады.«Біздің фестиваль әлемдік театр өнері картасында маңызды орынды иеленуде. Біз Алматының әлемнің түкпір-түкпірінен келетін ең үздік қуыршақ театрлары бас қосатын орынға айналғанын қалаймыз», - деп атап өтті Алмат Амангелді.2024 жылы театр көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленген бес танымал премьераны ұсынды:1) Белгілі боксшы, олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың батыл рухын дәріптейтін «Чемпион» патриоттық қойылымы;2) Әлемге әйгілі ертегі желісімен сахналанған ақыл-парасаттың күші және достық туралы сыр шертетін «Етік киген мысық» қойылымы;3) Гүржістандық режиссердің жетекшілігімен қойылған, қоғамдағы сенімсіздік, бозөкпелік, буллинг туралы «Шекпен» қойылымы;4) Әйгілі өнер жұлдыздарының қуыршақ бейнесіндегі ерекше қабілеттерін көрсететін «Жұлдызды қуыршақтар» концерттік қойылымы;5) Белгілі әлемдік ертегі желісімен сахналанған бауырмалдық пен мейірімділік туралы сыр шертетін «Қар ханшайымы» қойылымы.«Біз балалар мен жасөспірімдерге тек көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, сондай-ақ маңызды өмірлік құндылықтарды үйрететін спектакльдерді қоямыз», - деп атап өтті театр басшысы.Сонымен қатар, өнер ордасы 2024 жылы Гүржістан мемлекетінің Батуми, Тбилиси, Кутаиси, Боржоми, Ахалцихе қалаларында Уильям Шекспирдің әйгілі пьесасы желісімен сахналанған «Макбет. Иллюзия» қойылымын гастрольдік іс-сапар барысында театр сүйер қауымға ұсынып, 1000-нан астам гүржістандық көрермендерді қамтыды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/933489
Марқакөл ауданындағы Орта-Теректі су қоймасында су тасқыны кезеңінде мамандар кезекшілік етеді 14.02.2025
Бүгін өңір басшысы Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Марқакөл ауданына келді. Биыл қар қалың жауғандықтан, топан суға қарсы іс-шараларға ерекше көңіл бөлінуде. Осы ретте облыс әкімі Орта-Теректі су қоймасының жағдайымен танысты. Өткен жылы оның техникалық жай-күйіне сараптама жасалып, жөндеу жұмыстарының қажет екені айтылған еді.Тиісті жұмыстар ауа райының қолайлы кезеңінде басталды. Су ағызғыштың негізі бетондалып, су қоймасының түбіне тор төселді. Облыс әкімі жергілікті халықпен кездесіп, су қоймасының былтыр қалай жұмыс істегенін сұрады. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Негізгі құрылымдар штатты режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны басталған кезде мамандар кезекшілікке шығатын болады.Айта кету керек, биыл Орта-Теректі су қоймасының бөгетін жоспарлы түрде қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/933135
Марқакөл ауданында әлеуметтік маңызы бар шешімдерді қабылдауда тұрғындардың пікірі ескерілетін болады 14.02.2025
Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев Марқакөл ауданына жұмыс сапары барысында 47 бала білім алып жатқан мектеп-интернат-колледжінде болды. Білім ордасының маңында тағы бір ғимарат бар. Аймақ басшысы оны балабақшаға айналдыруды ұсынды. Қазір ауылда бір ғана балабақша бар. Сондықтан бұл тиімді болар еді.– Дегенмен бұл шешімді қабылдамас бұрын халықпен ақылдасу керек. Егер тұрғындарға балабақша емес, басқа да бір ұйым немесе мекеме қажет болса, олар өз ұсыныстарын айта алады. Барлық әлеуметтік маңызы бар шешімдер халықтың пікірін ескере отырып, қабылдануы тиіс, - деді Ермек Көшербаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/933146