«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САЙРАМДА 1 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ
24.02.2025 03:09:59 253
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық іс-шарасы Сайрам ауданында қарқынды қолдау тауып келеді. Бүгінгі өткен шарада аймақтағы саябақтар, скверлер мен аллеялар аумақтарын абаттандыру, қоқыстардан тазарту жұмыстары белсенді жүргізілді. Елді мекендерде жүргізілген тазалық жұмыстарын аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы қадағалап, қажетті тапсырмалар мен ұсыныстарын берді.
– Тазалық - әр адамның жеке басынан, үйінің ауласынан басталады. Тазалық мәдениет қалыптасқан жағдайда ғана айналамызға қоқыс тасталмайды. Сондықтан қоғамдық мәдениетті қалыптастырайық- деді аудан тұрғыны Сұлтан Раев.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық іс-шарасына Сайрам ауданынан 1 мыңнан аса адам қатысып, көше бойларын, арық атыздарды, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің аумақтарын күл- қоқыстардан тазартты. Жұмыс барысында 15 техника жұмылдырылып, полигон аумағына 5,6 тонна қатты тұрмыстық қатты қалдықтар тасымалданды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/943824