Қуқық
КҮН САНЫ 09.02.2025
КҮН САНЫ
Оңтүстік өңірлерде салынатын су қоймаларының жалпы көлемі1,1 млрд м3Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929596
Қазақстан шаруалары 158 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді: Су ресурстары және ирригация министрі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру барысы туралы айтты 09.02.2025
Әкімдіктердің дерегі бойынша 2024 жылы қазақстандық шаруалар 158 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізді. Атап айтқанда, 56 мың гектар егіс алқабына табиғи жауын–шашынды имитациялайтын жаңбырлатып суару жүйелері, 44 мың гектарға суды өсімдіктердің тамырына тікелей жеткізетін тамшылатып суару жүйелері енгізілді.«Бізге берілген тапсырмалардың қалай орындалып жатқаны және осы бағыттағы жоспарымыз туралы халыққа есеп беру қажет деп санаймын. Ақпаратты кезең-кезеңімен жариялаймын»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Министр 58 мың гектарға жуық жер лазерлік жоспарлаушы арқылы тегістелгенін мәлімдеді. Егіс алқаптарын тегістеу суару тиімділігін арттыра отырып, суармалы суды біркелкі таратуға мүмкіндік береді.2024 жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шаруаларды қажет инфрақұрылымды қалыптастыру, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін арттырды.Сонымен қатар, бүгінгі таңда су үнемдеу технологиясын қолданатын дихандар суармалы су үшін аз төлейді. Себебі, су үнемдеу жүйелерін пайдалану кезінде суармалы су ақысын субсидиялау мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды.Ал облыстық әкімдіктерге су үнемдеу технологияларын енгізу индикаторлары белгіленді. Әкімдіктер өз кезегінде егіс алқаптарында су үнемдеу жүйелерін енгізудің 2030 жылға дейінгі жоспарын әзірлеп, бекітті.Жалпы, Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының есебі бойынша су үнемдеу технологияларын пайдалану 30%-ға дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда Қазақстанда су шашатын машиналар мен тамшылатып суару жабдығын шығаратын төрт отандық зауыт жұмыс істейді. Бұл ретте шетелдік кәсіпорындарды тарту бойынша да белсенді жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Kazakh Invest ұлттық компаниясымен бірге елімізде екі түрік және бір қытай компанияларының жаңбырлатып суару машиналарын шығаруды іске қосу бойынша үш жоба іске асырылып жатыр.Сонымен қатар, биыл Түркістан облысында қытайлық компаниялармен бірлесіп тамшылатып суару жабдығын шығаратын екі зауыт ашу жоспарланып отыр.Сондай-ақ, біздің министрлік су үнемдейтін инновациялық технологияларды сынақтан өткізуде. Мәселен, былтыр еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп мажарлық Water-Retainer препараты сынақтан өтті. Сынақ нәтижесі жекелеген дақылдар бойынша су үнемдеу және өнімділікті арттыру бойынша оң әсерін көрсетті. Алдын ала мәлімет бойынша, препаратты қолдану шамамен 20-37% су үнемдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар өнімділікті жақсартады.«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу қажеттігін тағы да атап өтті. Президент осыған дейін, 2023 жылғы Жолдауында елімізде жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу міндетін қойған болатын. Біздің министрлік жүзеге асырып жатқан іс-шаралар осы нәтижеге қол жеткізуге бағытталып отыр»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Толығырақ: https://t.me/Nurzhan_Nurzhigitov/1513Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/929729
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды 09.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн қазақстандық жалпы сомасы 958,3 млрд теңгеге бес әлеуметтік тәуекел бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер алды.
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – жүйе) қатысушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады, ол бюджет қаражаты есебінен төленеді. МӘСҚ-дан төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген дәрежесі 30% - дан 100% - ға дейінгі жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметін жалғастыруға байланысты емес.
2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша төлемді 102 мыңнан астам адам 46,6 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 60 407 теңгені құрады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша жүйеге қатысушының асырауында болған адамдарға тағайындалады. МӘСҚ-дан төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайында –23 жасқа дейін жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде көрсетілген төлемді асыраушысынан айырылған 67,9 мың отбасы 33,8 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 64 772 теңгені құрады.
МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүйенің қатысушысына оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Тағайындаудың басты шарты – жұмыссыз ретінде тіркелу. Жүйеге қатысу өтіліне байланысты төлем 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады. Оның мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және жүйеге қатысу өтіліне байланысты.
Өткен жылы аталған төлем 88,2 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 293,6 мың адам алды, бұл 2023 жылғы алушылар санынан 31%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 81 500 теңгені құрады.
Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты.
2024 жылы аталған біржолғы төлемді 245,7 мың болашақ ана жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге алды, бұл 2023 жылы төленген сомадан 11%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады.
Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жүйеге қатысушыға бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.
2024 жылы бұл төлем 276,8 мың адамға тағайындалды және ай сайынғы орташа төлем мөлшері 86 758 теңгені құрады. 2024 жылы барлық төлем алушылардың саны 672,6 мың адам болды, ал төлемдер 404,1 млрд теңгеге жасалды, бұның өзі 2023 жылғы сомадан 1,4 есе көп.
Осылайша, жұмыс істемейтін адамдарға қарағанда, жұмыс істейтін азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу арқылы әлеуметтік қорғау әлдеқайда жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/929441
Шахтинскте картингті қайта жандандыру жоспарланып отыр 09.02.2025
Шахтинскіде биыл мектеп оқушыларына арналған жаңа үйірме — автокартинг ашу жоспарланған. Жұмысшы мамандықтар жылына орай әзірленген «Тарлан» жобасына автокартодром ашу кіреді. Бұл Шахтинскінің жас тұрғындарына техникамен танысуға ғана емес, болашақта қажет болуы мүмкін дағдыларды меңгеруге де көмектеседі.Қазіргі уақытта Шахтинск қаласында 15 бейінді қосымша білім беру үйірмелері жұмыс істейді.— Біздің басты міндетіміз — балаларды ересек өмірге дайындау. Олар 7—9 сыныптарда білім беру мекемелері ұсынатын пәндер мен курстарға сүйене отырып, мамандық таңдауда бір шешімге келуі тиіс, — деп есептейді Шахтинск қаласының білім беру бөлімінің басшысы Николай Онсович. — Өңірдегі демографиялық жағдайды талдау оқушылар арасында ұлдар басым екенін көрсетті, сондықтан біз тағы бір техникалық бағыттағы үйірме ашып, картингті жандандыруды шештік. Біздің қаламызда картингпен 20 жылдан астам уақыт айналысып келген, оны дамыту үшін жақсы база мен тәжірибе бар.Соңғы жылдары Шахтинскідегі оқушылар арасында ең танымал үйірмелердің бірі —авто жүргізу. Онда айналысатындарға 18 жасқа толғаннан кейін жүргізуші куәлігін алуға құқық беретін құжаттар табысталады. Ал картинг мектеп оқушыларына ертерек бейімдеу үшін одан да көп мүмкіндіктер ашуы тиіс.Картинг ең алдымен автомобильдердің динамикасы мен құрылысының негіздерін зерттеуге көмектеседі. Бұл білім балаларға, әсіресе техникалық жоғары оқу орындарында оқуды жоспарлап отырғандарға пайдалы болады. Шахтинск қаласының 11-сынып түлектерінің 50%-дан астамы Қарағанды техникалық университетіне түседі.Жаңа автокартодром № 2 Оқушылар сарайының базасында орналасады. Жер мәселесі шешілді, 10 карта мен қажетті жабдық сатып алуға қаражат бөлінді. Мамандар да бар, сондай-ақ сегіз гараждан тұратын база бар. Ғимаратты жөндеу, жаңа қоршау және автодром жабынын жаңарту жоспарланған.Картинг Шахтинскіге қайтып келуі тиіс, себебі бұл спорт түрі әрдайым сұранысқа ие, ал оқушылар арасында техникалық пәндерге деген қызығушылық арта түсуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/929388
1 наурызда Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталады. 09.02.2025
Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы кең көлемде атап өтіледі. Мерейтойға арналған 50-ден астам іс-шара: форумдар, конференциялар, фестивальдар, қайырымдылық акциялар және т. б. шаралар ұйымдастырылады. Мереке 1 наурызда, Алғыс айту күні ашылады. Сонымен қатар Қайырымдылық керуені басталады, оның мақсаты әлеуметтік жобаларды қолдау, мұқтаж жандарға көмек көрсету.– Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу Мемлекет басшысының ұлттық құрылтайда жарияланған «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» бастамасы және қабылданған республикалық тұжырымдама шеңберінде өткізілетін болады. Облыста 50-ден астам ірі имидждік іс-шараларды қамтитын жоспар әзірленіп, бекітілді, – деп баяндады аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.Алғыс айту күніне форум арналады. Сәуір айында облыстық ҚХА кеңейтілген кеңесі, мамыр айында Қарағанды облысының ҚХА сессиясы жоспарланған. «Өнерім саған, Қазақстан» этностар фестивалі ұйымдастырылады.Мерейтойлық датаға арналған тақырыптық мурал идеясын «Жастар ассамблеясы» өңірлік өкілдігінің белсенділері ұсынды.Қарағандылықтар республикалық меценаттар форумына, ҚХА көшбасшылар мектебіне, республикалық ҚХА аналар кеңесіне қатысады.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барлық жерде ҚХА жетістіктері, бірлік пен толеранттылықты қалыптастырудағы бірегей қоғамдық институттың рөлі туралы айту қажеттігін атап өтті.– Бұл жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтетін жыл. Бірқатар нақты міндеттерді көздейтін мерекелеу тұжырымдамасы әзірленді. Барлық қалалар мен аудандарда тұрғындарды мерейтойлық іс-шараларға тарта отырып, сапалы жұмыс жасалуы тиіс, – деп атап өтті өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/929621
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 09.02.2025
Фристайл-могул: Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды.Конькимен жүгіру: Италияның Коллальбо қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде Алина Дауранова үш жүлде жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықта және командалық спринтте алтын жүлдеге ие болса, 500 метр қашықтықта күміс медаль иеленді.Тау шаңғысы: Италияның Альпе Чермис-Кавалезе курортында өткен жасөспірімдер арасындағы FIS турнирінде Александра Скороходова 2-орыннан көрінді.Үстел теннисі: Қатар астанасы Дохадағы WTT Youth Contender Doha турнирінде Назерке Болатбек сәтті өнер көрсетіп, 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль жеңіп алды.Теннис: Дэвис кубогі аясындағы плей-офф кезеңінде бақ сынаған Қазақстан құрамасының теннисшілері Пәкістанды жеңді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929561
«Жайлы мектеп» - сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады 09.02.2025
«Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», - Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық. Мектептерде робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спорт залы қарастырылған, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар жабдықталады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады. Жайлы мектептердегі ең басты жайлылық - эргономикалық кеңістіктің құрылуы.Жайлы мектептерде инклюзиялық білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелерімен кең кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар.Жайлы мектептің ерекшелігі сонда, әр блокта оқушылар мен педагогтер үшін демалыс аймақтарын көруге болады. Мұнда жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптармен үстел ойындары қойылған. Мектептер сонымен қатар заманауи бейнебақылау және мектепке кіріп-шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.Жобаның негізгі міндеттерінің бірі - оқу процесінде жаңа технологиялар мен әдістемелерді меңгерген білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету.Бұдан бөлек, елімізде 510 мың оқушы орнына арналған 422 мектеп салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесін шешіп, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.2024 жылы 80 мыңнан астам педагог біліктілікті арттырудың тегін курстарынан өтті.Оқушы орындарының тапшылығы, үшауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын азайту мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бастамалар қарқынды іске асырылуда.2025 жылы 300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүзеге асырылады.«Ауыл мектептерін зияткерлік, сондай-ақ қоғамдық орталық ретінде дамыту маңызды. «Мектебі бар ауылда тіршілік бар» деп бекер айтылмаған», - Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын аудандық және ауылдық 1000 мектеп жаңғыртылуда.Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарының 67%-ын (5236 мектеп) аудандық және ауылдық мектептер құрайды, оның ішінде 4 мың мектеп жаңғыртылды.Таяудағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда, оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Реновация мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.Бұл шаралар халықтың туған жерінен табан аударып, қалаға жаппай көшу мәселесін де шешеді.Еліміздің барлық өңірінде жаңа білім беру нысандарын салу арқылы қосымша жұмыс орындары құрылуда, бұл әлеуметтік, экономикалық жағдайды жақсартуға және жалпы құрылыс саласын дамытуға ықпал етеді. 2024 жылдан бастап жаңа салынған мектептерде 5000-ға жуық педагог жұмыспен қамтылды.Ұлттық жобаның тағы бір маңызды бағыттарының бірі - қазақстандық тауарлар мен қызметтерді өндірушілерді қолдау болып табылады.Жаңа мектептерге барлық жиһаздарды отандық кәсіпорындар жеткізеді. Бұл ұлттық экономиканы нығайтуға және қазақстандық өндірушілердің жаңа жұмыс орындарын құруына, елдегі экономикалық тұрақтылыққа, жергілікті өнеркәсіпті дамытуға ықпал етеді.Заманауи форматтағы мектептер барлық қазақстандық балалардың қолжетімді әрі жайлы, қауіпсіз ортада сапалы білім алуына жол ашады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/929427
Қазақстанда мектептердің рекордтық саны салынды: оқушы орны тапшылығы мен білім инфрақұрылымын жақсарту қалай шешілуде? 09.02.2025
Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды. Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.Қазіргі таңда елімізде 8000-ға жуық орта білім беру ұйымы бар. Соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллион астам балаға өсіп, 3,9 миллионды құрады.Оқушы орындарының тапшылығы, үшауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын төмендету мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бірқатар бастамалар қарқынды іске асырылуда.«Мектептердің құрылысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, Білім беру инфрақұрылымын қаржылай қолдау қоры арқылы және жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылуда. Биылғы жылы елімізде 300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүреді. Бұл шаралар 2026 жылға дейін оқушы орнының тапшылығын толықтай жоюға мүмкіндік береді», - дейді инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Роза Сембаева.Орта білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2023-2024 жылдары 464 мектеп күрделі жөндеуден өтті. 2024 жылдың көктемінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен 35 нысан қалпына келтірілді. 2039 мектеп 3130 заманауи пәндік кабинетпен (робототехника, химия, биология, физика, STEM) жабдықталды.Атап өту керек, мемлекет жаңа оқушы орындарын ашу және балалар үшін жайлы жағдай жасау бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Бұл еліміздің барлық өңірінде білім инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, балалардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/929525
Коньки, шаңғы және тюбингтер: Қарқаралыда қысқы спорт түрлері бойынша фестиваль өтті 09.02.2025
Конькимен және шаңғымен жүру, тюбингпен сырғанау және арқан тарту жарыстарында Қарқаралы ауданының 350 тұрғыны бақ сынасты.«Қыс мерекесі» мерекесіне мектеп оқушылары, БЖСМ тәрбиеленушілері және Қарқаралы, сондай-ақ Нұркен, Аппаз, Талды (Қасым), Сарыобалы, Бақты, Жаңатоған, Томар, Ақжол, Көктас, Ақбай-Қызылбай, Ақтерек және Борлыбұлақ ауылдарының ересек спортшылары қатысты.Әр сайыста қатысушылар сегіз жас санаты бойынша бөлінді – ең кішіден бастап үлкендерге дейін. Сонымен қатар, әйелдер мен ерлер командалары жеке бағаланды. Тюбингте сырғанау жарысы «Көңілді старт» форматында өтті – команда мүшелері белгілі бір уақыт ішінде мүмкіндігінше көп рет сырғанауға тиіс болатын.– Бұл жарыстар бізде жыл сайын өткізіледі. Қатысушылар барлық ауданнан жиналады. Жыл сайын оқушылар осы қыс мерекесіне қуанышпен қатысады. Биыл біз жеңімпаздарға пайдалы сыйлықтар дайындадық: шамдар, термостар, шәйнектер. Сондай-ақ чемпиондар медальдармен және кубоктармен марапатталды, – деді Қарқаралы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ербол Иксанов.Жеңімпаздар әр жас санаты бойынша таңдалды. Қатысушылар командалық есепте де, жеке есепте де жүлделер алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/928883
Қарағанды облысы әкімінің қабылдауына облыс тұрғындары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты сұрақтарымен жүгінді. 09.02.2025
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Келушілер жеке жағдайлармен ғана келген жоқ. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен медициналық оңалту секторларындағы мәселелер қаралды.Атап айтқанда, Шахан кентіндегі жылумен қамту жағдайы талқыланды. Орталық қазандық тұрақты жұмыс істейді, 114 көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандар жылу көзінен жылытылады. Температура кестесі қалыпты. Бірақ орталық жылу станцияларын салу керек. Бұл жеке секторды жылумен қамтуға мүмкіндік береді.Жоба әзірленді, бірақ республикалық бюджеттен қаржыландыру әлі бекітілген жоқ. Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков бюджеттік өтінім Энергетика министрлігінде қаралып жатқанын хабарлады.Ермағанбет Бөлекпаев облыс басшылығы жағдайдың тұрғындардың пайдасына шешілуіне мүдделі екенін және бұл мәселемен айналысып жатқанын айтты.Қарағандылық Бикеш Сатымбаева Г.Потанин көшесі тұрғындарының атынан қабылдауға өтініш білдірді. Оларды қараусыз қалған су және кәріз желілерінің тағдыры алаңдатады. Қала әкімі Мейрам Қожухов оларды жақын арада теңгерімге енгізу керектігін баяндады. Содан кейін коммуникациялардың жағдайын тексеру қажет. Жолдың астына төселген құбырларға жөндеу жұмыстары қажет болуы мүмкін, сондықтан тұрғындар сұрап отырған көшеге асфальт төсеу әзірге кейінге шегеріліп отыр. Сонымен қатар, тұрғындар қоқыс шығаруға назар аударды.Ермағанбет Бөлекпаев аудан әкіміне жиын өткізіп, осы мәселелердің барлығы қалай шешілетінін түсіндіруді тапсырды.Сонымен қатар облыс әкімінің жеке қабылдауында мүмкіндігі шектеулі жандарды медициналық оңалту мәселесі көтерілді. Қарқаралыдағы оңалту орталығынан Абай қаласының тұрғыны Қарлығаш Жұмағалиева хабарласты. Ол медициналық көмекке мұқтаж жандар мұндай курстардан жылына екі рет өтуге болатынын айтады. Ермағанбет Бөлекпаев жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысын Қарқаралыға оңалту орталығының жұмысын сол жерде зерделеуге жіберді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/929376
3-9 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі 09.02.2025
🔹3-9 ақпан – бокстан халықаралық Boxam Elite Tournament турниріҰлттық құрама сапынан 13 боксшы өнер көрсетеді.📌Өтетін орны: Испания, Аликанте қ.🔹3-9 ақпан – пара биатлоннан әлем чемпионатыЖаһандық додаға отандық 7 параспортшы қатысады.📌Өтетін орны: Словения, Поклюка қ.🔹5-9 ақпан – жасөспірімдер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан ел чемпионатыЖарысқа 15 өңірден 100-ден астам спортшы қатысады.📌Өтетін орны: Түркістан қ.🤺 6-8 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, ерлер)Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасынан 9 спортшы бақ сынайды.📌Өтетін орны: Германия, Хайденхайм қ.🔹6-13 ақпан – пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясыЕл құрамасынан 3 параспортшы сынға түседі.📌Өтетін орны: БАӘ, Дубай қаласы.⛸️7-9 ақпан – шорт-тректен әлемдік тур кезеңіЖарысқа 4 спортшымыз қатысады.📌Өтетін орны: Нидерланды, Тилбург қ.🤺 7-9 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер)Үш отандасымыз жүлдеге таласады.📌Өтетін орны: Испания, Барселона қ.🤺 7-9 ақпан – семсерлесуден Гран-При турниріЖарыста 3 отандасымыз өнер көрсетеді.📌Өтетін орны: Италия, Турин қ.🚵♂️ 7-16 ақпан – тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатыСары құрлық додасынан ел намысын 15 спортшы қорғайды.📌Өтетін орны: Таиланд, Фитсанулок қ.🏹 8-15 ақпан – Жамбы атудан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіЖарысқа 7 елден (Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан) 28-ге жуық спортшы қатысады.📌Өтетін орны: Пәкістан, Исламабад қ.🏹 9-22 ақпан – нысана көздеуден Азия кубогіЕл құрамасынан 16 спортшы бақ сынайды.📌Өтетін орны: Таиланд, Бангкок қ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929360
Жалағаш ауданында «Руханият орталығы» ашылды 09.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданында «Руханият орталығы» ашылды. Мерекелік іс-шараға облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, өнер және қоғам қайраткерлері және аудан тұрғындары қатысты.Рәсім үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтың арнауымен ашылды. Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа нысанның қолданысқа берілуімен құттықтады.«Бүгін елі ырысты, жері күрішті, берекесі тасып, бірлігі асқан Жалағаш ауданындағы бірқатар нысанды ел игілігіне табыстауға жиналдық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет» деген болатын.Өткен жыл өңірімізде «Руханият жылы» деп айшықталып, мәдени-көпшілік шаралармен бірге ауқымды жобаларды жүзеге асырдық. Сыр өңіріндегі «Руханият жылы» жемісті болды. «Анаға тағзым», «Отбасы орталығы», көпфункционалды 1000 орындық «Өнер орталығы» салынып, симфония оркестрі, инклюзивті театр, жастар театры, заманауи би, хор ұжымдары жасақталды. Сыр мәдениетінің негізгі бренді – жыраулық дәстүр өкілдерінің «Жыраулар үйі» ашылды. «Самұрық қазына траст» қорымен бірге «Үстел теннисі» орталығы, «ҚазМұнайГаз» компаниясының демеушілігімен «Оқушылар сарайы» салынып, ел игілігіне берілді. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, ірі құрылыс нысандары іске қосылады.«Руханият орталықтары» көз ілеспес өзгерістерге толы жаңа заман шақыртуларына жауап беретін бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруда рухани-мәдени шаңырақ болады деп есептейміз. Баршаңызды жаңа нысанның ашылуымен тағы да құттықтаймын! «Руханият орталығы – бірліктің ордасы» еліміздің рухани қазынасын толықтырып, жұртшылыққа қуаныш сыйласын. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, Тәуелсіз еліміздің абыройы әрқашан асқақ болғай!» – деді аймақ басшысы.Жиында Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Өмірбек Шәменов сөз сөйлеп, жиылған жұртшылықты құттықтады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев батасын берді. Ауданның өркендеуіне үлес қосқан ардагерлер мен мердігер мекеме қызметкерлері марапатталды.Айта кетейік, былтырдан бері барлық 7 ауданда құны 11 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын, ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» салынып, пайдалануға берілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/929357
Облыс әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды қабылдады 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.Оқушылар үйі мен өнер мектебі ғимаратында өткен жеке қабылдауға 65 азамат келді. Олар газ, көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, спортпен шұғылданатын ойын алаңдарын салу, емхананың кәріз жүйесін жаңарту, жұмысқа орналасу, кәсібін кеңейту, тағы басқа мәселелерді көтерді.Аймақ басшысы мәселелерді сала мамандары мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді және жауапты басқарма басшыларына нақты тапсырма берді. Көтерілген мәселелердің әрқайсысы жіті зерделеніп, жан-жақты талданады. Содан кейін заң аясында шешім қабылданбақ.Жеке қабылдауға келген кент тұрғыны Қаракеткен ауылы және Далдабай елді мекеніне табиғи газ жүргізу жайын қозғады. Облыс әкімі қазіргі таңда аталған елді мекендерді газдандырудың жоба-сметалық құжаттары жасалып, мердігер және техникалық қадағалаушы мекемелер анықталғанын жеткізді.«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2023 жылы несие алып, жылыжай ашқан кент тұрғыны кәсібін кеңейтуге көмек сұрады. Оған бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері жайында түсіндірілді.Тұрғындар құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауына негізінен өздерін толғандырған мәселелердің заңдық тұрғыда қалай шешілетінін білуге келеді. Бүгінгі кездесуде олар барлық сауалдарына толыққанды жауап пен маман кеңесін алды.Дәстүрге айналған мұндай қабылдаулар алдағы уақытта өңірдің басқа да аудандарында ұйымдастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/929358
«Қаракеткен» ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді 09.02.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жалағаш ауданының«Қаракеткен» ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Рәсімге облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары, медицина саласының ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.Аймақ басшысы жиналған қауымды құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс денсаулық сақтау салаларындағы жаңашылдықтарға тоқталды.«Мемлекет басшысының төрағалығыменөткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы облыста атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Алдымызда әлі жүзеге асыратын жобаларымыз көп. Осы бағытта жұмысымызды жалғастыратын боламыз.Аймақтың денсаулық сақтау саласының бюджеті 129 млрд. 448 млн. теңгеге жетті. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медициналық нысан салынды. Жалағаш ауданының Есет батыр, Мырзабай ахун ауылдарындағы екі дәрігерлік амбулатория 2023 жылы ашылып, қазір ел игілігіне қызмет етуде.Бүгін ел игілігіне табысталатын жаңа ғимаратта бастапқы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарта түсуге жол ашылсын! Дәрігерлеріміз елге адал қызмет етіп, халық алғысына бөлене берсін! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында медицина саласының ардагері,Қызылорда облысының Құрметті азаматы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Тұрғанбай Маханов батасын берді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қажырлы еңбек еткен ардагерлер мен аурухананы салған құрылысшыларға марапаттар тапсырылды.Айта кетейік, өткен жылы Қызылордада жаңа «Қан орталығы» ашылып, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. Жаңақорған ауданы «Төменарық» ауылында, Арал ауданы «Сексеуіл» кентінде ауылдық ауруханалар қолданысқа берілді. Ана мен бала өмірін қорғау мақсатында көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды.Облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде. Бұдан бөлек, ұлттық жоба аясында 4 көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыс салынады.Өткен жылы 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 6 нысанның жылу жүйесі газға ауыстырылады. Медициналық құрал-жабдықтармен қамтылудеңгейі 87,1 пайызға жетті. Соңғы 2 жылда облыстың барлық елді мекеніндегі денсаулық сақтау мекемелеріне 245 жаңа санитарлық автокөлік табысталса, оның 11-і Жалағаш ауданына берілді. Осылайша, ауылдарды санитарлық автокөлікпен қамту мәселесі толық шешілді.Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешен алынып, ауыл тұрғындарын тексеруден өткізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/929356
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауы 09.02.2025
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!Сіздерді Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!Баспасөз сөзі әрдайым қоғамның дамуына, қоғамдық пікірдің қалыптасуына және рухани құндылықтардың нығаюына маңызды рөл атқарды. Әсіресе, мерзімді басылымдар ондаған жылдар бойы сенімді ақпарат көзі болып, ағартушылық қызмет атқарып, жылдам өзгеріп жатқан әлемде адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беруде айрықша орын алады.Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – жай ғана жаңалық тарату емес, сонымен қатар қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Сіздер арқылы азаматтар өңіріміз бен еліміздегі маңызды оқиғалардан хабардар болып, әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін түсінеді. Сіздер тек ақпарат таратумен шектелмей, халықты жігерлендіріп, өзекті мәселелерді көтеріп, маңызды проблемаларға қоғамның назарын аударасыздар.Кәсібіңізге деген адалдықтарыңыз, әділдік пен ақиқатқа ұмтылыстарыңыз сіздерді шынайы сөз шеберлері етеді. Біз сіздердің жанкешті еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңізді жоғары бағалаймыз!Сіздерге зор денсаулық, амандық, шығармашылық табыс және шынайы оқырмандар тілеймін! Сөздеріңіз әрдайым құнды болып, еңбектеріңіз сұранысқа ие әрі қадірлі болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/929353
ТҮРКІСТАНДА БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ, ТУРИЗМ САЛАЛАРЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ 09.02.2025
✔️Түркістан облысында білім саласын дамыту, Түркістан қаласын түркі әлемінің орталығына айналдыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осы жұмыстарды жалғастыру жолдарын талқылау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Үкіметаралық Өкілетті Кеңес төрағасы Мухитдин Шимшек пен аталған университет ректоры Жанар Темірбекованы қабылдады.Кездесуде университет пен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастықты тереңдете түсу, жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды.✔️Мухитдин Шимшек Түркістанды туризм орталығына айналдыру, Түркістанда Түркология саласындағы ғылыми-зерттеу орталығының ғимаратын салу, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инклюзивті білім беру орталығын ашу жөнінде ұсыныстарын білдірді. Жылына 8 миллион зияратшы мен турист келетін Конья қаласының тәжірибесін енгізу мәселесі де сөз болды.⤵️Нұралхан Көшеров «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жаңа жобаларды бастау, техникалық мамандық иелерін даярлау бойынша бірлесе жұмыс істеуге шақырды.📌– Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік универстеті Түркістанды дамытуға оң серпін бергенін білеміз. Осы оқу ордасынан түлеп ұшқан түлектер елімізді, өңірімізді дамытуға үлес қосып келеді. Аймақты дамытудағы серіктесіміз десек, қателеспейміз. Бүгінде өңірде «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы арқылы өндіріс орындары ашылып жатыр. Соларға лайықты мамандар қажет. Университетте аймақтағы өндіріс орындарына қажетті жұмысшылар мен мамандарды даярлайтын бөлімдер ашып, гранттарды бағыттау маңызды. Білім, туризм және өзге де бағыттар бойынша айтылған ұсыныстарды назарға аламыз, әріптестікті нығайта береміз, – деді Нұралхан Көшеров.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929337
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН УНИВЕРСИТЕТІ ҒИМАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР 09.02.2025
✔️Түркістанда Қазақ-Корей бірлескен университеті ғимаратының құрылысы жалғасып жатыр. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім сапасын арттыру үшін әлемдегі озық жоғары оқу орындарының филиалдарын елімізде ашу тапсырмасына орай қолға алынған.✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын қадағалап, нысанның қазіргі жай-күйімен танысты. Жауапты басшылар мен мердігер компания басшысымен пікір алмасып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдады.📌– Ғимарат биыл аяқталып, оқу жылына толық дайын болуы тиіс. Ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарымен де біраз уақыт кетеді. Сондықтан құрылыс қарқынын төмендетпей, сапалы әрі жүйелі атқарыңыздар, – деген Нұралхан Көшеров 18 қабатты ғимаратты аралап көрді. Сапалы құрылыс материалдарын қолдануды тапсырды.✔️Бүгінде ғимараттың құрылысы қарқынды. Сыртын қаптау, терезелерін орнату жұмыстары жүруде. Нысан тамыз айында тапсырылады деп жоспарланған. Бірақ мамыр айына дейін аяқтап, тапсыру көзделіп отыр. Жұмысшылар саны да жеткілікті, құрылыс қарқынды.📌Айта кетейік, былтыр жауапты министрлік және Түркістан облысы әкімдігі тарапынан Кореяның 70 жылдық тарихы бар Woosong университеті басшылығымен келіссөздер жргізілген болатын. Нәтижесінде Түркістанда аталған оқу ордасының филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды. Бұл жоғары оқу орнында ІТ және өзге де техникалық мамандарды даярлау жоспарланып отыр. Өндіріске, ауыл шаруашылығын жаңаша бағытта дамытуға қажетті мамандарды даярлау да жоспарға енгізілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/929338
Астанада әскери қызметшілердің отбасылары арасында шаңғы жарысы өтті 09.02.2025
Ақпан айының алғашқы күнінде Қарулы күштердің Тыл бастығы басқармасы мен 23366 және 01785 бағынысты әскери бөлімдері қосылып Астана орталық саябағында спорттық іс-шара ұйымдастырды.
12 команда қатысқан 2,5 шақырым жарыс жолы үш кезеңге бөлінді. Балалар шаңғымен 200, аналар – 500, әкелер – 1800 метрден өтті.
Жарысқа қатысушыларға Қарулы Күштер тыл бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Заңғар Омаров сәттілік тіледі.
– Біздің қызметіміздің ерекшелігіне байланысты әскери қызметшілер әрқашан отбасы мүшелерімен бірге уақыт өткізуге мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан бүгін біз бұл сайыстарды жарысқа қатысушылар өзара түсіністікті нығайтып, бір-бірімен достық пейілде бір алаңда бас қосуы үшін ұйымдастырдық, – деді ол.
Жарыс қорытындысы бойынша әскери қызметші подполковник Евгений Ерастовтың отбасы жарыс жолын ең жылдам жүріп өтті. Екінші орынды 3-сыныпты сержант Дамир Құнанбаевтың отбасы иеленсе, құрмет тұғырының үшінші сатысына майор Мейірбек Атбаевтың спорт командасы көтерілді. Шаңғы жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне грамоталар табысталды. Одан бөлек қатысушылар үшін ең жақсы марапат жақсы көңіл-күй болғаны анық. Жанкүйерлік етіп келген жандар жалықпауы үшін ұйымдастырушылар сырғанау, ашық ойындар және басқа да қысқы ойын-сауықтар түрлерінен түрлі сайыстарды қарастырған.
– Тыл басшылығына жоғары дәрежеде ұйымдастырылған жарыс үшін алғыс айтамыз. Бұл жерде балалар ата-аналарымен бірген сынға түсіп көруге мүмкіндік алды. Әскерилердің отбасымен бірге уақыт өткізуіне мұндай іс-шаралардың тигізер пайдасы мол, – деді әскери қызметшінің жұбайы Елена Ерастова.
Іс-шараға қатысушыларды жылыту үшін шатыр орнатылып, тәтті тоқаштар мен бауырсақ қосылған ыстық шай ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/929317
Астанада Дэвис кубогынан кейін жанкүйерлер залдағы қоқысты жинады 09.02.2025
Бүгін, 1 ақпанда теннистен Дэвис Кубогының матчынан кейін жанкүйерлер Beeline Arena-дағы қоқысты жинауға қалды. Жанкүйер мәдениеті – спортшыларды қолдау ғана емес, басқаларға деген құрмет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Біз теннистен ләззат алу үшін келдік, бірақ неліктен өзімізден кейін таза етіп қалдырмасқа? Бұл қалаға, ұйымдастырушыларға, өзімізге деген құрмет», - деді акцияға қатысушылардың бірі.Мұндай бастама Астанада танымал болып келеді.Дэвис кубогы – Қазақстан құрамасы тұрақты қатысатын ерлер арасындағы ірі халықаралық командалық теннис жарысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/929339
Семейде ақсуаттық шаруалардың жәрмеңкесі өтті 09.02.2025
Семейдегі «Северный» сауда-логистикалық орталығында апта сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкесі бүгін де өтті. Бұл жолғы жәрмеңкеде Ақсуат ауданының шаруалары өз өнімдерін саудалады.Ақсуат ауданы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Серік Ахметов жәрмеңкеге 9 ауылдық округ шаруалары қатысып отырғанын және өнімдерін еш делдалсыз саудалағанын жеткізді.«Шаруаларымыз облыс тұрғындары үшін 1,4 тонна сиыр еті, 100 келі қой, 250 келі жылқы етін әкеліп отыр. Ауданымыз ауыл шаруашылығына маманданған өңір болғасын табиғи таза 50 литр сүт, 20 келі құрт, 50 келі сары май, 120 келі түшпара және фарш өнімдерін де сөреге қойдық. Бағалары да қолжетімді», - дейді бөлім басшысы.Жәрмеңкені аралаған облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов бұл шаралардың барлығы азық-түлік бағасын ұстап тұру мақсатында атқарылып жатқанын атап өтті.Ақсуаттықтар жәрмеңкеге өнерпаздарын да ала келіпті. Аудандық Мәдениет үйінің әншілері шағын сахна төрінде әннен шашу шашып, семейліктердің көңілін көтеріп тастады. Тіпті далада бауырсақ пісіріп, ыстық шаймен бірге таратылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/929345