Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
09.02.2025 13:47:25 473
Фристайл-могул: Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды.
Конькимен жүгіру: Италияның Коллальбо қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде Алина Дауранова үш жүлде жеңіп алды. Ол 1000 метр қашықтықта және командалық спринтте алтын жүлдеге ие болса, 500 метр қашықтықта күміс медаль иеленді.
Тау шаңғысы: Италияның Альпе Чермис-Кавалезе курортында өткен жасөспірімдер арасындағы FIS турнирінде Александра Скороходова 2-орыннан көрінді.
Үстел теннисі: Қатар астанасы Дохадағы WTT Youth Contender Doha турнирінде Назерке Болатбек сәтті өнер көрсетіп, 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль жеңіп алды.
Теннис: Дэвис кубогі аясындағы плей-офф кезеңінде бақ сынаған Қазақстан құрамасының теннисшілері Пәкістанды жеңді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929561