Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан робототехника және жасанды интеллект аясында ынтымақтастықты нығайтуда 09.02.2025
Қазақстан робототехника және жасанды интеллект аясында ынтымақтастықты нығайтуда1 ақпанда Digital Almaty алаңында Қазақстанда робототехника мен жасанды интеллект (ЖИ) аясында зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.Құжатқа технологиялар саласындағы жетекші өкілдер қол қойды. Атап айтқанда, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, робототехника саласындағы халықаралық көшбасшы Shanghai Zhiyuan Innovation Technology Co. Ltd, Сәтбаев Университеті, ҚБТУ, ХАТУ, ALT Университеті.Меморандумның негізгі мақсаты — Қазақстанда робототехника саласындағы ғылыми-зерттеу орталығын құру. Орталықта заманауи технологияларды енгізіп, жоғары білікті мамандар даярланады және инновациялық шешімдерді коммерцияландыру бағытында жұмыс істейтін болады.Бұл қадам — Қазақстанның жасанды интеллект және роботтандыру саласындағы өңірлік хаб ретінде ықпалын арттырудағы маңызды қадам. Алдағы уақытта орталық жаңа стартаптардың дамуына, ғылыми зерттеулердің күшеюіне және инновациялық жобаларды қолдауға ықпал етіп, еліміздің жаһандық технологиялық процестерге сәтті интеграциялануына септігін тигізеді.Қатысушылар меморандум жоғары технологиялар саласындағы ұлттық экожүйені дамытуға және ғылым мен білім саласындағы халықаралық серіктестіктерді нығайтуға маңызды үлес қосатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/929331
Еркебұлан Ілиясов Қазақстан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті болып сайланды 09.02.2025
Бүгін - Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының кезектен тыс жалпы отырысы өтті. Отырысқа ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, сондай-ақ, еліміздің ұлттық спорт федерацияларының президенттері мен өкілдері қатысты.Жиында ұлттық спорт қауымдастығының президенті қызметін атқарған Исламбек Салжанов соңғы екі жылдағы атқарылған жұмысы жайында кеңінен есеп беріп, қорытындылады. Қауымдастық құрылтайшылары дауыс беру арқылы жаңа жарғы қабылдап, нәтижесінде Еркебұлан Сайдоллаұлы Ильясов бірауыздан Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайланды.Жаңадан сайланған президент Еркебұлан Сайдоллаұлы сенім білдірген барша ҚР Туризм және спорт министрлігіне, қауымдастық қатарына кіретін ұлттық спорт өкілдеріне алғыс айтып, 2025 жылға қойылған жоспарымен бөлісті.Отырыс барысында Серік Жарасбаев Исламбек Төлеубайұлына ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, жаңа президент Еркебұлан Сайдоллаұлына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, ол барлық федерациялардың ынтымақтастығын нығайтып, ұлттық спорт түрлерін әлемдік деңгейде насихаттау үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Біздің анықтама: Еркебұлан Сайдуллаұлы Ильясов – Alageum Electric КТ Директорлар кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы жамбы ату, арқан тартыс федерацияларының президенті және «Ұлттық спорт қоры» ұлттық спорт түрлерін қолдау қорының негізін қалаушы, құрылтайшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929314
Ұлытау облысында еліміздегі ең ірі шахмат академиясы ашылды 09.02.2025
Жезқазғанда бес дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясының филиалы жұмысын бастады. Ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нeриев қатысты.Аталған филиал еліміздегі ең үлкен академия атанып отыр. Ғимараттың жалпы ауданы 900 шаршы метр. Мұнда облыстың 5-18 жас аралығындағы 1000-ға жуық жас шахматшы білім алады.«Ұлт ұясы – Ұлытауда сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Барлығыңызды академияның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы спорт саласына ерекше көңіл бөлуде. Нәтижесінде спортшыларымыз әлемдік додаларда әрқашан биіктен көрініп келеді. Шахматта біздің спортшылар әлемдік додаларда өте жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Елімізде 8 мыңнан астам шахмат үйірмелері жұмыс істейді. 270 мыңнан астам бала шахматпен айналысады. Жансаяның өзі халықаралық гроссмейстер. Әлемдік аренада топ жарып, өзінің спорттағы жолынан бөлек, балаларды спортқа баулып, оларға жол ашып жатыр. Келешекте осындай академиялардан әлемдік додаларды бағындыратын спортшылардың өсіп шығатынына сенімдімін», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.Ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірімізден танымал шахматшылар мен ел чемпиондары шығып, Ұлытау облысын тек республикалық деңгейде ғана емес, әлемдік аренада да таныстыратынына сенім білдірді.Жезқазғандағы шахмат академиясы Қазақмыс корпорациясы мен Ұлытау облысы әкімдігі арасындағы меморандум аясында салынған. Бұл елімізде спорт пен білім беруді дамыту үшін бизнес пен мемлекеттік ұйымдар арасында ынтымақтастықтың маңызды екенін көрсетеді.Сонымен қатар, академияның ашылуы аясында KAZAKHMYS YOUTH TEAM CHESS CUP атты алғашқы халықаралық балалар командалық турнирі ұйымдастырылды. Бұл жарысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 100-ден астам жас шахматшы қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929341
IT-сарапшы: Біздің өңірден келесі стартап-юникорнды қыздар жасайды 09.02.2025
Digital Almaty-2025 форумында өткен "AI-стартаптар нарығы: өсу әлеуеті және инвестициялық стратегиялар" панельдік сессиясы шеңберінде спикерлер венчурлық капиталдар мен мемлекеттік субсидияларды тарту тетіктерін, сондай-ақ AI-стартаптарды дамытудағы технопарктер мен акселераторлар рөлін талқылады. Пікірталаста инвестициялар үшін жаңа кеңістік ашатын және стартаптар үшін инновациялық инфрақұрылым құратын ұлттық AI-экожүйені трансформациялауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар технопарктердің, акселераторлардың және венчурлық қорлардың AI-бизнес үшін қолайлы ортаны қалыптастырудағы маңызын, сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлау және Қазақстан экономикасын цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады.Silkroad Innovation Hub (АҚШ) негізін қалаушысы және бас директоры Әсет Әбдуалиев 40 миллион доллардан астам инвестиция тартқан 19 стартапты өзінің қоры инвестициялағанын атап өтті. "Біз отандастарымыздың америкалық венчурлық инвесторлардың назарын аударатын табысты AI стартаптарын құрып жатқанын мақтан тұтамыз. Мысалы, Alma – біз ерекше мақтан тұтатын стартап. Оның негізін қалаушылар – Қазақстан мен Қырғызстаннан келген екі қыз, Әсел мен Айзада. Олар 6 миллион доллар көлемінде венчурлық инвестиция тартты және қазір бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде шамамен 700-800 мың доллар табыс табады. Бізден келесі стартап-юникорнды қыздар құратынына сенімдімін. Біздің өңірде тәжірибелі де білімді әйелдер бар және біз оған куә болып отырмыз", — деп атап өтті ол.Astana Hub Ventures Ltd. аппаратының басшысы Назгүл Байтемирова Гарвард бизнес мектебінің зерттеулеріне сілтеме жасады. Оған сәйкес стартаптардың тек 0,5%-ы венчурлық инвестиция алса, IPO-ға кіретіндердің 50%-ы венчурлық қорлардан қаражат жинады. Жалпы алғанда, айтарлықтай жетістікке жеткен стартаптардың 89%-ы қалай болса да венчурлық инвестицияларға ие болды. Қазақстанда AI-стартаптарды қолдау үшін $1 млрд нысаналы көлемде венчурлік инвестициялар қорларының қоры құрылды, оның бастапқы капиталы қазірдің өзінде $130 млн құрайды. 2024 жылы Қазақстан, Орталық Азия және шет елдердің стартаптарын қолдауға бағытталған Astana Hub Ventures қоры іске қосылды."Qazaqstan Venture Group қорларының қоры венчурлік қорларға, AI-стартаптарға және басқа да мүмкіндігі мол бағыттарға инвестициялар үшін стратегияларды әртараптандыра отырып, Қазақстандағы инновациялардың қуатты катализаторына айналады. Бұл венчурлық инновациялардың жаңа толқынына, тұрақты экожүйені қалыптастыруға және бүкіл ел бойынша технологиялық прогресс пен экономикалық өсуді ынталандыруға ықпал етеді", — деп атап өтті Назгүл Байтемирова.Fuze компаниясының бас директоры Мұхаммед Әли Юсуф AI нарығының қарқынды өсуіне қатысты: "Нарық 20 есе өсті және күн сайын жаңа шешімдер шығып жатыр. AI барлық салаға енеді, ал блокчейн және криптоиндустриямен синергия мультипликативті әсер береді. Бүгін біз осы технологияларға инвестициялардың орасан зор өсімін көріп отырмыз: қазірдің өзінде AI, криптовалюта және қаржы қызметтері кіріккен жобаларға 150 миллиард доллардан астам қаражат жұмсалды", - деді.Сондай-ақ талқылауға White Hill Capital, Tumar VC және Al-Farabi Innovation Hub бас директоры Аслан Сұлтанов, Antler венчурлық қорының серіктесі Адам Френч, MOST Ventures бас директоры және негізін қалаушысы Алим Хамитов қатысты. Модератор ретінде "QazInnovations инновацияларды дамыту ұлттық агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Санат Жолдыхан сөз сөйледі.31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде өтетін Digital Almaty-2025 форумы жаңа индустриялық дәуірдегі AI рөлін талқылайтын ең ірі алаңға айналды. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929282
Цифрлық Алматы: геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелерінің болашағы: революция ма, әлде сынақ па? 09.02.2025
Digital Almaty-2025 көрмесінде «Геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелерінің болашағы: технологиялар, нарық және қиындықтар» панельдік сессиясы аясында жетекші жаһандық сарапшылар геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелерінің (ГЕСБЖ) болашағы мен олардың цифрлық теңсіздікті жоюдағы рөлін талқылады. Технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде төмен орбиталық спутниктер интернетке жаһандық қолжетімділікті қамтамасыз ететін маңызды құралға айналуда. Алайда олардың кең ауқымды қолданылуы жиілік реттеу, орбиталық қауіпсіздік пен дәстүрлі геостационарлық спутниктік жүйелермен (ГСЖ) бәсекелестік сияқты жаңа қиындықтарды туындатып отыр.Спикерлердің айтуынша, ГЕСБЖ шалғай өңірлердегі байланысқа қолжетімділікті айтарлықтай арттырып, жоғары жылдамдық пен төмен кідірісті интернетті қамтамасыз ету арқылы оларды телекоммуникация, көлік, қорғаныс және төтенше жағдайлар салаларында таптырмас шешімге айналдырды.«Төмен орбиталық спутниктерді дамыту – бұл жай ғана технологиялық тренд емес, цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған іргелі қадам. Біз тек телеком-индустрияның дамуы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемнің ең шалғай аймақтарындағы білімге, медицинаға және бизнеске қолжетімділікті қамтамасыз ету жайында сөз қозғаймыз», — деп атап өтті Василий Леонов, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.Сессия барысында спутниктік жүйелердің экологиялық орнықтылығы мәселесі де талқыланды. Бүгінде Жер орбитасында мыңдаған спутниктер жұмыс істеп тұр және олардың саны алдағы уақытта тек арта бермек. Сарапшылардың пікірінше, пайдаланылған спутниктерді утилизациялау мен орбитадан шығару жүйесі мұқият ойластырылмаса, ғарыштық қоқыстардың жинақталу қаупі артып, басқа орбиталық аппараттардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.«Біз өте маңызды таңдау алдында тұрмыз: егер спутниктік топтарды бақылау шараларын қабылдамасақ, онда орбиталар хаосқа айналып, спутниктердің соқтығысу қаупі нақты проблемаға айналады», — деп атап өтті Локман Куцу, Turkish Aerospace Industry атқарушы вице-президенті.Талқылау барысында сондай-ақ реттеу және халықаралық ынтымақтастық мәселелері көтерілді. SpaceX, Spacesail, Қытай және Еуропа жобалары сияқты ірі ойыншылар арасындағы жоғары бәсекелестік жағдайында орбиталар мен жиіліктерді тиімді үйлестіру барған сайын қиындап жатыр.«Біз бүгінде ғарышта ондаған оператордың жұмыс істейтінін және жиілік спектрінің шектеулі екенін ескеруіміз керек. Үкіметтер мен халықаралық ұйымдар спутниктік жүйелердің өзара кедергісіз қатар өмір сүруін қамтамасыз ететін бірыңғай ережелерді әзірлеуі қажет», — деп атап өтті Дмитрий Ветлугин, Орталық Азиядағы Eutelsat OneWeb компаниясының нарыққа қолжетімділік және сату жөніндегі директоры.Тағы бір маңызды мәселе спутниктік интернетті коммерцияландыру болды. ГЕСБЖ дамушы елдерде жаңа перспективалы нарықтарды ашады, сондай-ақ авиация, теңіз көлігі, ауыл шаруашылығы және корпоративтік секторға арналған шешімдерді ұсынады.«Біз спутниктік интернеттің мобильді байланыс секілді баршаға қолжетімді болуына жақындап келеміз. Бірақ басты мәселе – бұл қызметтің техникалық жағынан ғана емес, сондай-ақ коммерциялық тұрғыдан да тұрақты болуы», — деп атап өтті Джи Ван, Spacesail компаниясының маркетинг және қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті.Талқылауды қорытындылай келе, форум қатысушылары ГСЖ және ГЕСБЖ интеграциясы – саланың болашағы екенін атап өтті. Алдағы жылдары біз геостационарлық спутниктер кең өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін, ал төмен орбиталық жүйелер жеделдік пен кідіріссіз байланысты ұсынатын аралас шешімдердің дамуын көреміз.«Біз бір технологияның екіншісін алмастыруы туралы айтып отырған жоқпыз – спутниктік байланыстың болашағы олардың өзара толықтыруында жатыр», — деп түйіндеді Даурен Шайхин, «Кcell» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі.Талқылауға Василий Леонов (Қазақстан, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары), Локман Куцу (Түркия, Turkish Aerospace Industry атқарушы вице-президенті), Джи Ван (Қытай, Spacesail компаниясының маркетинг және қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті), Дмитрий Ветлугин (Орталық Азия, Eutelsat OneWeb нарыққа қолжетімділік және сату жөніндегі директоры) және Даурен Шайхин (Қазақстан, «Кcell» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі бас директоры, басқарма мүшесі) қатысты.31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде өтетін Digital Almaty-2025 форумы жаңа индустриялық дәуірдегі AI рөлін талқылайтын ең ірі алаңға айналды. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929301
Цифрлық даму және коммуникациялар министрлігі мен байланыс операторлары телекоммуникация саласында AI қолдану мүмкіндігін талқылады 09.02.2025
Digital Almaty-2025 халықаралық форумы алаңында "Байланыстан интеллектке: телекоммуникация ЖИ индустриясының негізі ретінде" тақырыбында панельдік сессия өтті. Спикерлер телекоммуникация саласын реттеу, 5G-ге қосылу және инновациялық технологиялар мәселелерін талқылады.Министрлік еліміздің телекоммуникациялық байланысын жақсарту бойынша бірнеше бастамаларды іске асырып жатыр. Солардың бірі - "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы.Ұлттық жобада елді мекендерді, автожолдарды кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету және олардың сапасын жақсарту, атап айтқанда сымды инфрақұрылым мен сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамыту, транзиттік әлеуетті ұлғайту және өңірлік дата-хаб құру көзделген. 3010 ауылға дейін ТОБЖ төсеу, 1120 ауылда "соңғы миль" салу, автомобиль жолдары бойында 487 АМС салу және спутниктік технологиялардың көмегімен 504 АЕМ-де қоғамдық қолжетімділік нүктелерін орнату жүзеге асырылады.Қазақстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымын стратегиялық дамытуда жасанды интеллект (ЖИ) және қазіргі заманғы деректерді өңдеу орталықтары (ДҚО) шешуші рөл атқарады."ЖИ технологияларын қолдану өндірістік процестерді, денсаулық сақтау саласындағы қатерді бағалауды, төтенше жағдайларды болжауды және киберқауіпті алдын ала анықтауды қоса алғанда, күнделікті міндеттерді автоматтандыруға қабілетті. "Қазақтелеком" АҚ және "Транстелеком" АҚ сияқты ірі провайдерлер деректерді сақтау және өңдеу үшін сенімді инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып, деректер орталығы нарығының едәуір үлесін алады.ЖИ интеграциясы және қазіргі заманғы ДҚО дамыту процестерді автоматтандыруды, қызмет көрсету сапасын жақсартуды және елдің цифрлық егемендігін нығайтуды қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға ықпал етеді", - деп ҚР ЦДИАӨМ телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков атап өтті."Қазақтелеком" АҚ озық технологияларды пайдалана отырып, ауылды жерлерде тіркелген сымсыз интернетті қосу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр."Біз FWA-ны ауылды жерлерде орналастыруды бастадық, алдымен Алматы облысындағы ауылдарды қостық, қазір 200-ден астам үй интернет қызметтеріне қосылды. FWA FTTH-ге қарағанда 2 есе арзан. Әрине, FWA FTTH-ді толығымен алмастырмайды, бірақ халық тығыздығы төмен аймақтарда нақты жұмыс баламасы осы. FWA НҚА-ға енгізілгенге дейін реттегіштен кемшіліктер бар. Біз бұл мәселені ҚР телекоммуникация туралы жаңа Заңын әзірлеу жөніндегі стратегиялық сессияда көтердік, бірақ әзірге шешімі жоқ. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, өйткені реттеушілік қолдаусыз оны масштабтау қиынырақ болады", - деді "Қазақтелеком" АҚ Стратегия және сыртқы активтерді басқару жөніндегі Бас директоры Нұрлан Мейірманов.Өздеріңіз білетіндей, былтыр желтоқсан айында елімізде үлкен тілдік модель - KAZ-LLM іске қосылды. Жобаны құруға серіктестердің бірі Beeline Қазақстан цифрлық операторы қатысты."Біздің AI-мен тарихымыз 5 жыл бұрын басталды және бүгінде ол – дамуымыздың маңызды басымдықтарының бірі. Клиент тәжірибесін жақсарту үшін біз оны өз өнімдерімізге енгіземіз. Олардың тиімділігін арттыру үшін қызметкерлерімізді дайындаймыз. Кей жағдайларда бұл көрсеткіш 25-30%-ға дейін артады. AI – аса маңызды әлеуметтік құрал. Былтыр біз қазақ тіліндегі үлкен тілдік модель KazLLM-ді әзірлеуге қатыстық. Мұндай модельдердің көпшілігі ең алдымен халықаралық тілдерге арналған. Біз үшін қазақстандықтардың жасанды интеллектпен ана тілінде өзара әрекеттесе отырып, осындай мүмкіндіктерге ие болуы маңызды. Шынында да, бүгінде интернетке қолжетімділігі бар және жасанды интеллектті меңгерген шалғайдағы ауыл тұрғыны үлкен қаладағы тәжірибелі сарапшымен тез теңесе алады",- деді "КаР-Тел" ЖШС Бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.Өз кезегінде, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС бүгінде өз пайдаланушылары үшін ЖИ-ді белсенді түрде енгізіп жатыр."Біз қазірдің өзінде Tele2/Altel-де AI және 5G негізіндегі технологияларды енгізіп жатырмыз. Атап айтар болсақ, нақты сұраныс негізінде желі құрылысын оңтайландыратын Smart Network; клиенттер үшін ұсыныстардың құндылығын арттыратын AI-жекелендіру; бизнес-процестерді тиімді оңтайландыру үшін геоаналитика мен болжамды модельдерді пайдаланатын B2B/B2G шешімдер және т.б. Жақын арада бізді озық цифрлық трансформацияда ЖИ және 5G болатын революция күтіп тұрғанына сенімдімін", - деді Александр Бабичев, "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Tele2/Altel мобильді операторы) Басқарма төрағасы ."Кселл" Қазақстанда телеком-инфрақұрылымды белсенді дамытуды жалғастырып жатыр. Басқарма төрағасы Асқар Жамбақиннің айтуынша, 5G қамту картасында 21 қала бар және 1500-ден астам базалық станция жұмыс істейді. 2024 жыл компанияның “белсенді құрылыс жылы” болды және компания осы қарқынын сақтап қалуға ниетті."Желі құрылысының қарқыны екі есеге өсті, бұл стратегиялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік маңызы бар объектілерді де қосуды жеделдетуге мүмкіндік берді. "Кселл" - метрода ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз еткен алғашқы және әзірге жалғыз оператор: тоғыз станция желіге қосылған. Сондай-ақ өнеркәсіпке алғаш 5G енгізген оператор болдық. Форумда біз жасанды интеллектпен біріккен private 5G мүмкіндіктерін ұсындық: ERG көмір бөлімінде 5G ұшқышсыз техниканы басқарады, ал жоғары деректер жылдамдығы мен минималды кідірістер негізгі өндіріс процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мұндай шешімдерді көптеген техникалар мен объектілерге масштабтау үшін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардан бастап қалалық инфрақұрылымдық объектілерге дейінгі барлық деңгейлерде нақты уақыт режимінде тұрақты қосылуды және жоғары жылдамдықты деректерді беруді қамтамасыз етуге қабілетті 5-ші буынның мобильді желісі қажет", - деп “Кселл” АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жамбакин атап өтті. Панельдік сессия телекоммуникацияның жасанды интеллект индустриясының негізін қалауда шешуші рөл атқаратынын көрсетті. AI-ді әр түрлі салаларға сәтті енгізу үшін 5G сияқты озық телекоммуникациялық технологияларының бұлтты және есептеу қызметтерін дамытумен үйлесуі қажет. Спикерлер атап өткендей, дәл осы синергетикалық тәсіл цифрлық трансформация мен жаһандық мәселелерді шешуге жаңа жол ашады. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929303
Қазақстан – құны $1 млрд және $10 млрд болатын технологиялық компанияларды құру бойынша көшбасшы 09.02.2025
Қазақстан АҚШ пен Қытайды қоса алғанда, әлемнің жетекші технологиялық экожүйелерімен тең қарқынмен құны $1 млрд және тіпті $10 млрд стартаптарды тудыратын технологиялық экожүйені құрды. Бұл туралы стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдаудың әлемдік жетекші платформасы Dealroom.co негізін қалаушысы және бас директоры Йорам Вийнгаарде мәлімдеді.Digital Almaty-2025 халықаралық форумында сөйлеген сөзінде Йорам Вийнгаарде жаңа экожүйелер мен олардың жаһандық нарыққа ашатын мүмкіндіктерінің маңызын айтып өтті. Оның айтуынша, АҚШ пен Еуропа стартаптар саны бойынша көшбасшы болып қала береді, алайда Азия елдері жоғары өсу қарқынын көрсетіп жатыр. Қазақстан қазірдің өзінде Орталық Азияға инвестицияланатын бүкіл жаһандық венчурлық капиталдың 15-20%-ын иеленіп отыр."Қазақстан стартап-экожүйелердің әлемдік аренасында маңызды ойыншы атанды. Бүгін мұнда көптеген жоғары технологиялық стартаптар дамып жатыр және аймаққа венчурлық капиталды инвестициялау айтарлықтай өсті. Қазақстан "декакорндардың", яғни 10 миллиард АҚШ долларынан асатын стартаптардың пайда болу динамикасы бойынша АҚШ-қа жетіп қана қоймай, озып та бара жатыр. Өте қысқа мерзім ішінде, Қазақстанның өте жас IT-экожүйесінде 10 миллиард доллардан жоғары бағаға ие Kaspi.kz секілді компаниялар пайда болды, бұл қазақстандық экожүйенің халықаралық венчурлық инвестицияларды тартудағы және әлемдік деңгейдегі компанияларды құрудағы жоғары әлеуетін көрсетеді", - деп атап өтті Йорам Вийнгаарде.Dealroom.co жұмысы барысында Қазақстандағы 101 стартап талданды, ал бұл өңірді зерттеудің бастамасы ғана. Вийнгаарде келер жылы Astana Hub халықаралық Технопаркімен ынтымақтастықты нығайтудың арқасында деректер базасы айтарлықтай кеңейетініне сенім білдірді, бұл қазақстандық стартап-экожүйенің мүмкіндіктері мен үрдістерін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.Қазақстанның экожүйесін Dealroom.co платформасына интеграциялау халықаралық инвестициялар мен серіктестіктерге қолжетімділікті ашатын стратегиялық маңызы бар. Бұл қазақстандық стартаптарға капитал тартуға, жаһандық нарыққа шығуды жеделдетуге және инновациялардың әлемдік картасында ел позициясын нығайтуға көмектеседі.Еске салсақ, 31 қаңтар – 1 ақпан аралығы Алматыда "Атакент" көрме кешенінде Digital Almaty-2025 халықаралық форумы өтіп жатыр. Іс-шараның тақырыбы - "Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар". Форумды ұйымдастырушылар: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы әкімдігі және "Инновациялық технологиялар паркі" ДКҚ.Анықтама: Dealroom.co — бұл бүкіл әлем бойынша стартаптар, венчурлық инвестициялар және корпорациялар туралы деректерді жинайтын және талдайтын жаһандық платформа. 2013 жылы Амстердамда құрылған, Dealroom.co венчурлық инвесторлар мен стартаптар үшін аналитика мен деректердің негізгі көзі ретінде танылған. Платформада 2 миллионнан астам стартаптар мен инвесторлар туралы ақпарат бар, олар инвестициялық мүмкіндіктерді бағалауға, экожүйелерді талдауға және олардың өсуін болжауға бірегей мүмкіндік береді.ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929310
Қазақстан киберқауіпсіздікті жаңа деңгейге шығарып жатыр: деректерді қорғау және қауіптің алдын алудағы AI қолданысы 09.02.2025
Digital Almaty-2025 халықаралық форумы аясында "Жаңа деңгейдегі қорғаныс: киберқауіптер мен қауіпсіздік жүйелерін басқарудағы AI" панельдік сессиясы өтті. Жетекші сарапшылар ақпараттық қауіпсіздік саласында жасанды интеллектті (AI) қолдану мүмкіндіктерін, жаңа заңнамалық бастамаларды және деректерді қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты талқылады.   Сессия модераторы Халықаралық электр байланысы одағының (БҰҰ ХЭБО) ТМД елдеріне арналған өңірлік бөлімшесінің бағдарламалар үйлестірушісі Фарид Нахли болды. Мемлекеттік органдардың, бизнестің және сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері негізгі баяндамалар жасады. Цифрлық даму министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов дербес деректерді қорғаудың жүйелі тәсілдерін, деректердің таралып кету қаупінің алдын алу шараларын және Қазақстанның халықаралық киберкеңістіктегі стратегиясын ұсынды. "Соңғы жылдары біз деректерге қол жеткізуді бақылау сервисі, Bug bounty платформасы, 220-дан астам мемлекеттік жүйелерді ақпаратты қорғау платформасымен интеграциялау секілді бірқатар маңызды бастамаларды енгіздік. Жасанды интеллект осал тұстарды анықтауда, кибершабуылдардың алдын алуда және азаматтарды қорғауда маңызды рөл атқарады", - деді өз сөзінде Руслан Әбдіқалықов.  Бүгін Қазақстан Халықаралық электр байланысы одағының (БҰҰ ХЭБО) Tier 2 рейтингінде 3-орынға ие болып, киберқауіпсіздікте айтарлықтай жетістікке жетті. Алдағы жылдары ел алдында цифрлық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық позицияларды белгілейтін Tier 1 (Role-modeling) тобына кіру мақсаты тұр.  Негізгі бастамалардың ішінде Руслан Әбдіқалықов мамандарды даярлауға арналған зиянды кодты зерттеу орталығы мен киберполигонның іске қосылуын, "Киберқалқан-2" бағдарламасын кеңейтуді, eGov-та "СТОП-КРЕДИТ" функциясын енгізуді, дербес деректерді қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияларға қосылуды айтты.  Digital Almaty-2025 аясында "Зияткерлік (интеллектуалды) экономика: бұлтты технологиялар және AI Орталық Азиядағы инвестициялар мен инновациялардың қозғаушысы ретінде" тақырыбында ЖИЖ цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының панельдік сессиясы өтті. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Үмітжан Арықбекова Министрлік киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау тәсілдерін көрсететін цифрлық кодекс пен жасанды интеллект туралы заң әзірлеп жатқанын хабарлады. АҚ (ақпараттық қауіпсіздік) реттеушісі “ЖИ адамды толықтырады” деген қағиданы ұстанады, ал оны әзірлеушілер мен иелері қауіп-қатерлерді үнемі бақылап отыруы қажет. Бүгінде Қазақстанда 51 отандық компания жедел ақпараттық қауіпсіздік қызметтерін ұсынады. Бұл нарықтың дамуы шамадан тыс реттеусіз технологиялық сектормен ынтымақтастық саясатымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте мемлекет дербес деректерді, ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті қорғауға қойылатын талаптарды белгілейді. Сессия киберқауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер мен шешімдерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Мемлекет, бизнес және халықаралық ұйымдардың өкілдері AI кешенді тәсілін, оның қолданылуын пайдалана отырып, Қазақстанның цифрлық кеңістігін сенімді қорғауды қамтамасыз етуге жәрдемдесетініне келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/929322
Тауарлық несиелеу бағдарламасы: Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарына 100 бас мал берілді 09.02.2025
Жамбыл облысында алғашқылардың бірі болып Шу ауданының тұрғындары мал өсіруге тауарлық несие алды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына жаңа құрал – «тауарлық несиені» енгізу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.Жаңа бағдарламаның мақсаты — ауылдық елді мекендерде мал басын көбейту. Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлебек Құлекеевтің айтуынша, несие шарты бойынша ауыл тұрғындары мал басын одан әрі өсіру үшін тауарлық несие алады. Аз қамтылған отбасылар мен жұмыссыз азаматтарды қолдауға басымдық беріледі.Тауарлық несиесі 5 жыл ішінде өтелуі керек, оның бірінші жылы – демалыс, одан кейін жыл сайын – төлдің 50 пайызы негізінде өтем төлеуге міндеттеледі.Бағдарламада ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру шарты және кепіл көзделген, бірақ бұл тармақтар міндетті емес, тек екі тараптың келісіміне сәйкес жүзеге асады.Жергілікті кәсіпкерлер тауарлық несие беруге дайын екендіктерін білдірді (кемінде 30 бас ұсақ мал, 15 бас ірі қара, 10 бас жылқы).Тауарлық несиелеу бағдарламасы аясындағы алғашқы келісім Шу ауданында жасалды.«Атай» шаруа қожалығының иесі Сәкен Атаев Абай ауылының тұрғыны Қалисұлтан Тілепбергеновке 50 бас (құны - 3 млн. теңге), ауыл азаматы Бақытжан Ботаевқа 3 млн. теңгеге 50 бас қой тұқымын берді.– Жаңа бағдарлама тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жақсы мүмкіндік береді деп есептеймін. Ауылдастарымды қолдап, еліміздің дамуына үлес қосуға әзірмін. Алдағы уақытта асыл тұқымды малды да беру ойымда бар, — деді Сәкен Атаев.Қалисұлтан Тілепбергенов тауарлық несиелеу тетігін тиімді пайдаланып, ауылдық ағайынға қолдау көрсетпек.Жаңа бағдарлама аясында өңірдің барлық аудандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мойынқұм ауданында «Үркер» шаруа қожалығы 20 бас ірі қара мен 100 бас уақ мал беруге дайын. Қазір белсенді ауыл тұрғындарының тізімі жинақталуда.Тауарлық несиелендіру бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 80-ге жуық келісімге қол қою жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/929288
Қазақстандық сүт өндірушілер өз біліктіліктерін жетілдіруде 09.02.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин «Қазақстанда сүт өндіруді тұрақты дамыту саласындағы кәсіпорындардың біліктілігін арттыру» (KFM) қазақстан-герман жобасының жетекшісі Уве Веддиге мырзамен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанда 2019 жылдан бері табысты жүзеге асырылып келе жатқан жобаны талқылады. Бастапқыда пилоттық жобаға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 14 шаруашылық қатысты. 2023 жылдан бастап жоба аясында Алматы облысының Арқабай ауылында «Байсерке-Агро» оқу және ғылыми-өндірістік орталығы (ОҒӨО) базасында шаруашылықтарға кеңес беру, сүт өндірушілерге арналған консалтингтік қызметтер орталығын құру бойынша жұмыс жүргізілді.Жоба аясында шикізат өндірісінің барлық кезеңдеріне, әсіресе нарыққа бағытталған отбасылық фермаларға арналған кеңес беру қызметтері көрсетіледі. Уве Веддиге сүт-тауарлы фермаларға, соның ішінде отбасылық және өнеркәсіптік үлгідегі фермаларға арналған практикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастыруды ұсынды.«Малға күтім жасау, оны күтіп-бағу және азықтандыру, жем-шөп дайындау және сақтау бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру – мал өнімділігін арттыру және сүт өңдеу кәсіпорындарының талаптарына сай сапалы сүт өндіру үшін маңызды. Бұл, әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату және «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар үшін өзекті», – деп атап өтті кездесу барысында Аманғали Бердалин.2024 жылы «Байсерке-Агро» ОҒӨО және KFM жобасы халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен 27 практикалық семинарлар мен вебинарлар өткізді.Кездесу қорытындысы бойынша «ҰАҒББО» КЕАҚ-мен бірлесіп 2025 жылға арналған тақырыптарды пысықтауды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Оқыту процесі ферма мамандарын өндірістен қол үзбей қамтуды көздейді, бұл өз кезегінде шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға оң әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/929324
Целиноград ауданында газдандыру басталды: табиғи газ «Нұрлы» тұтынушылар кооперативіне келді 09.02.2025
Мемлекеттік газдандыру бағдарламасы аясында Целиноград ауданының «Нұрлы» тұтынушылар кооперативінде табиғи газды іске қосу рәсімі өтті. Енді 3500-ден астам тұрғын экологиялық таза және экономикалық тиімді отынға қол жеткізді.Салтанатты іске қосу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров, депутаттар және аудан жұртшылығы қатысты.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңірді газдандыру жұмыстары белсенді түрде жалғасатынын атап өтті.«Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңір экономикасын қолдауға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Бұл мәселе ел Президентінің бақылауында. «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры құрылысының І кезеңі аясында Аршалы ауданындағы 17 елді мекеннің тұрғындарына газ берілді. Бүгін газ Целиноград ауданына да келді. 2025 жылы Целиноград ауданының тағы үш ауылына – Шұбар, Қоянды, Аққайың елді мекендеріне және Қосшы қаласына газ жеткізіледі. 835 км-ден астам газ құбыры салынып, 21 664 абонент табиғи газбен қамтылады», – деді Марат Ахметжанов.«QazaqGaz Aimaq» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің маңыздылығына тоқталды.«Газ – бұл жайлылық пен жылу, бірақ оны пайдалану жауапкершілікті талап етеді. Жаңа тұтынушылар ең алдымен тұрмыста табиғи газды пайдалану ережелерін үйренуі, жабдықты уақытылы тексеріп, оның жарамдылығын қадағалауы қажет», – деді Б.Асқаров.Алғашқылардың бірі болып газға қосылған Аужановтар отбасы атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді.«Біз газды көп күттік. Оның небәрі жарты жыл ішінде орнатылуына куә болдық. Біздің басты мәселеміздің шешілуіне көмектескені үшін ел Президентіне алғысымызды білдіреміз», – деді жанұя егесі Мұрат Аужанов.Елді мекенді газдандыру аясында шамамен 68 км газ желісі тартылып, 7 шкафтық газ тарату станциясы орнатылды. Өңірді газдандыру жұмыстары жалғасып, тағы да көптеген үйлер экологиялық таза әрі ыңғайлы энергия көзімен қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/929306
Аршалы ауданында ұзындығы 6 шақырым болатын бөгет салынып жатыр 09.02.2025
Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында су басу қаупі бар үш шағын ауданның тұрғын алабында бөгет салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың барысымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов танысты.Бүгінгі таңда жұмыстың жартысынан астамы орындалды. Қорғаныс құрылғысының ұзындығы 6 шақырымнан асады, биіктігі жер бедеріне байланысты 2 метрден 5,3 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, көлік пен мал айдауға арналған үш өткел салынбақ.Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Джанет Микишевтің айтуынша, құрылыс-монтаж жұмыстары биылғы қазан айында аяқталады. Бірінші кезең – бөгеттің негізгі бөлігін және өткелдерді салу – су тасқыны кезеңіне дейін аяқталмақ. Қазіргі уақытта аумақ бұталардан тазартылып, құнарлы топырақ қабаты алынып, инертті материалдар жеткізілуде. Жұмысқа 63 техника жұмылдырылған, олардың ішінде самосвалдар, бульдозерлер, катоктар, автогрейдерлер бар. Жоба «Демеу Қазақстан қоры» қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.«Өткен жылы бұл аумақта ауқымды жұмыстар атқарылып, қомақты қаржы мен адами ресурс жұмсалды. Өткен жылғы су тасқыны кезінде туындаған барлық мәселелерді ескеру қажет. Ең бастысы – жұмыстың сапалы орындалуы. Барлық мердігерлерге ескерту жасалды: қатаң бақылау жүргізілуде, бөлінген әр теңге есепте тұр», – деп атап өтті М.Ахметжанов.Сонымен қатар, Аршалы ауданының Анар ауылдық округінде Анаркөл көліне арналған қорғаныс бөгетін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жұмыстардың 60%-ы аяқталған, ақпан айының соңына дейін бөгеттің 90%-ы дайын болады деп жоспарлануда. Көлдің толып кетуін және бөгеттен асып-тасуын болдырмау мақсатында Анаркөл көлі бөгетінің төменгі бөлігінде 15 су өткізу құрылысы орнатылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/929335
ТЖМ Академиясының қызметкері күштік спорт түрлері бойынша Республикалық турнирдің чемпионы атанды 09.02.2025
  Түркістан қаласында күштік спорт түрлерінен республикалық чемпионат өтті, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 600-ден астам қатысушы жиналды. Бұл ауқымды жарыста Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының өрт-құтқару және дене шынықтыру даярлығы кафедрасының оқытушысы Виталий Ромащенко өзін айқын көрсетті.   Күштік спорт түрлері бойынша спорт шебері және грек-рим күресінен спорт шеберіне үміткер Виталий турнирдің нағыз жұлдызы болды. Ол абсолютті біріншілікте 4 алтын медаль жеңіп алып, барлық салмақ дәрежелері арасында бірінші орынға ие болды. Бұл жеңіс оның бай спорттық мансабындағы тағы бір жетістік.   Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Виталий Ромащенко штанганы тарту, бицепске көтеру, турникте, қоссырықта тартылу бойынша Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанды. Ол сондай-ақ екі рет әртүрлі күштік бағыттар бойынша Азия чемпионы болды, соның ішінде бицепс пен орыс бицепсіне экстремалды көтеру, сондай-ақ турникте, қоссырықта тартылу. Жыл соңында Виталий орыс бицепсінен, турникте, қоссырықта тартылудан әлем чемпионы атағын жеңіп алды.   Бұл жетістік Азаматтық қорғау академиясының спортшыларының, соның ішінде дене шынықтыру және күштік бағыттар бойынша жоғары дайындық деңгейін растауды жалғастыруда. Виталий Ромащенко сонымен қатар курсанттар мен әріптестеріне үлгі болып табылады, жаттығуларды азаматтық қорғаныс жүйесіндегі кәсіби қызметпен үйлестіре отырып, спорттық мансапта айтарлықтай биіктерге қалай жетуге болатынын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/929151
А. Ертаев Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында жасалатын жұмыстар туралы хабарлады 09.02.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттарына тоқталды. Мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасындағы 2025 – 2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру шеңберінде елімізде жүзеге асырылуда. МВД).Сөз басында Асқарбек Ертаев құжаттың тұжырымдамалық жаңалығы мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік үлгілерінен әлеуметтік және құқық қорғау үлгілеріне көшу үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті.«Жаңа тәсілдер. инклюзивті саясатты іске асыру құқықтарын жүзеге асыруға, мүгедектердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың қоғамға толыққанды әлеуметтік интеграциялануы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған тиімді шаралар кешенін қабылдауды көздейді.Тұжырымдама шеңберінде, ағымдағы жылдан бастап жылы 13 негізгі бағытты жүзеге асыру басталады: теңдік және кемсітпеу; құқықтық қамтамасыз ету; әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру; инклюзивті еңбек нарығы; денсаулық сақтау, оңалту және оңалту; инклюзивті білім беру; қоғамдық-саяси өмірге араласу; кедергісіз орта және қызметтердің қолжетімділігі; төтенше жағдайлар мен климаттық қауіптер кезіндегі қауіпсіздік; жеке және отбасылық өмір; мәдени өмір, демалыс және спорт; оқу-ағарту жұмыстары; мониторинг және есепке алу», - деді вице-министр.Ертаевтың айтуынша, Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында барлығы 52 іс-шара көзделген, олардың орындаушылары салалық министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Вице-министр Тұжырымдаманың әрбір бағыты бойынша жоспарланған жұмыстарға тоқталды.Осылайша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – ТЖМ) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа әлеуметтік және адам құқықтары моделіне сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу.Заң жобасы әлеуметтік және адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясының ережелеріне сәйкес теңдік және мүгедектерге қатысты кемсітушілікті жою.«Өздеріңізге белгілі, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында меншік нысанына қарамастан осындай қызметтерді ұсынатын барлық субъектілерді лицензиялау енгізілді.Биылдан бастап әлеуметтік нысандарды сертификаттауға жаңа тәсілдер енгізілді. халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер. Жүйелеу және есепке алу үшін әлеуметтік қызметкерлердің арнайы тізілімі құрылды. «12 167 әлеуметтік қызметкердің 11 616-сы оқудан өтіп, 9 429-ы сертификат алды», - деді Асқарбек Ертаев.Ол сондай-ақ Мамандандырылған әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы кәсіби біліктілікті тану орталығы құрылғанын айтты. Әлеуметтік қорғау қызметтерін дамытудың ұлттық ғылыми орталығының базасында.Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік деңгейлері үшін оқу модульдері әзірленді. Арнайы білімі жоқ әлеуметтік қызметкерлерді қысқа мерзімді оқыту үшін еліміздің әлеуметтік жұмыс кафедралары бар 14 жоғары оқу орнымен облыстық деңгейде меморандумдар жасалған. Сондай-ақ, біліктілік.enbek платформасында оқыту жүргізілуде.Сонымен қатар, оңалту шараларын бақылау мен тиімділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қорғау секторындағы оңалту орталықтарында цифрлық оңалту күнделігін кезең-кезеңімен енгізу қолға алынуда. >Оңалту орталықтары, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып салынуда.Бүгінгі таңда 9 оңалту орталығының 4-і (Семей, Тараз, Кентау, Орал қалаларында) пайдалануға берілді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында, Ұлытау облысында және Шымкент қаласында құрылыс жалғасуда.Мүгедектерді, соның ішінде мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік ұйымдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жүйесін одан әрі жетілдіру жалғасады. «Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 111,4 мың адам немесе еңбекке қабілетті мүгедектердің 29,4 пайызы (381 мың) жұмыспен қамтылған. Бұл ретте, өңірлер бойынша мүгедектерді жұмыспен қамту деңгейі 20%-дан 55%-ға дейін ауытқиды. Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және жұмыс берушілерді мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етуге ынталандыру мақсатында адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындамаған жұмыс берушілердің бюджетке өтемақы төлеу механизмін енгізу жоспарлануда. мүмкіндігі шектеулі», - деді Асқарбек Ертаев.Министерством труда и социальной защиты населения РК совместно с Министерством транспорта РК планируется пересмотреть подходы по оказанию услуг по перевозке лиц с инвалидностью автомобильным транспортом (инватакси).«Начнется выработка мер по расширению услуг реабилитационного спектра – это физиотерапевтические услуги, лечебная физкультура, массаж и так далее для детей, имеющих инвалидность, на базе сельских амбулаторий, за исключением медикаментозного лечения», – добавил вице-министр.Одним из ключевых направлений в Концепции является создание безбарьерной среды. Будет расширена доступность услуг и объектов инфраструктуры для населения с учетом потребностей ЛСИ. На сегодняшний день в Интерактивной карте доступности зарегистрированы 42 964 объекта. Полностью адаптированы 22 777 объектов, или 53%.МТСЗН совместно с местными исполнительными органами предусматривается реализация комплекса мер, направленных на популяризацию развития личной и семейной жизни лиц с инвалидностью. Будет разработан механизм оказания мер социальной и методической помощи ЛСИ, воспитывающим ребенка (детей) с инвалидностью.«В целях проведения мониторинга, анализа и оценки улучшения качества жизни лиц с инвалидностью предусмотрена проработка вопроса по созданию единой автоматизированной информационной системы с поэтапной интеграцией с информационными системами государственных органов», – резюмировал Аскарбек Ертаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/928727
ТЖМ басшысы Парламент Сенатындағы көктемгі су тасқынына дайындық туралы айтты 09.02.2025
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында өткен Үкімет сағатында су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдағы көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі қаралды. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қатысып, су тасқынының алдын алу және халықты қорғау бойынша ағымдағы шараларға тоқталды. Шыңғыс Әріновтың айтуынша, өткен жылғы су тасқынына талдау жасап, оның зардаптарын жою бойынша іс-шараларды іске асырған соң. маңызды қорытындылар жасалды, бұл су тасқынының алдын алу бойынша жүйелі шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Төтенше жағдайлар министрлігі ықтимал су тасқындарына инфрақұрылымды дайындау бойынша жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша негізгі іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Су тасқынының алдын алу шаралары республикалық және өңірлік бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда, бұл су басу қаупін барынша азайтуға және елді мекендерді қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Қазақстанда су басу қаупі бар аймақтарда 1223 елді мекен бар. Елдің әртүрлі аймақтарында су тасқынына қарсы 1400-ден астам іс-шара жүзеге асырылды, оның ішінде: 576 км қорғаныс бөгеттері мен жағалауларын салу және нығайту, 164 км су бұру жүйелерін салу және жөндеу, 960 су құбырын орнату және ауыстыру. өткізгіш құрылыстар, 658 км каналдар мен арықтар салу, 74 өзенде 300 км-ден астам тереңдіктерді тереңдету және жағалауларды бекіту. Елді мекендердегі нөсер және дренаждық жүйелерді, қауіпсіз полигондарды салу және жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. қар тазалау жұмыстары анықталды. Су тасқынын болжау үшін цифрлық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Тасқындарды болжау және модельдеу TASQYN жүйесі стратегиялық жоспарлау және жедел басқару бойынша қолбасшылық орталығының базасында құрылды, бұл қысқа және ұзақ мерзімді перспективада өзендердің деңгейі мен су көлемін дәл болжауға мүмкіндік береді. «Күштер тобы. Азаматтық қорғаныс қызметтерінен 37 000 астам адам және 13 000 техника, оның ішінде 4 096 су айдау қондырғысы және 640 жүзу құралы бар ресурстар құрылды. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің резервтік топтары дайындалды», - деді министр. Министр авариялық-құтқару қызметтерінің кез келген төтенше жағдайға ден қоюға дайын екенін және бірқатар әзірлік тексерулері жүргізілетінін атап өтті. жақын арада «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында .Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/928838
Заң және тәртіп: 5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтердің қозғалысына тыйым салынады 09.02.2025
  2025 жылдың 5 сәуірінде жол қауіпсіздігін цифрландыруға қатысты заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Атап айтсақ, мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріліп, оларды тіркеу және оны басқаратындарға жүргізуші куәлігін алу міндеттеледі. Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарға мопедтерді тіркеу және жүргізуші куәлігін алу мәселелерін соңғы күндерге қалдырмай, қазірден бастап қамдануға кеңес береді. Мопедтерді тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға жүгіну қажет. Қажетті құжаттар:• Жеке куәлік (электронды түрде көрсетуге болады);• Техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;• Өтініш толтыру;• Мопедті тексеруден өткізу;• Тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу: мопедті тіркеу үшін 0,25 АЕК (983 тг.), тіркеу куәлігін беру үшін 1,25 АЕК (4 915 тг.), және мемлекеттік нөмір алу үшін 1,4 АЕК (5 505 тг.).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/928901
Шалқарлық шаруа мал шаруашылығын түлетіп отыр 09.02.2025
  Шалқар ауданының Байқадам ауылының тұрғыны, «Дастан» шаруа қожалығының басшысы Нұрболат Нұрғалиев мал бағып, «Асылтұқымды мал өсіруші» атанып кеткен. Шаруа қожалығы 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінде оның меншігінде 5 ауыл шаруашылығы техникасы, 3 жүк көлігі бар. 300 басқа жуық мал бағып отыр. Қожалық ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қолдаулардың барлығын тиімді түрде пайдаланып келеді. Былтыр бұл ауыл шаруашылығы құрылымы Аграрлық несие корпорациясы арқылы «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламасымен 28,0 млн теңге несие қаражатына 70 бас және өз қаражатына 22 бас асылтұқымды қазақтың ақбас сиырын, сондай-ақ, шаруа бірінші санатты бұқалар сатып алыпты. Мал азығын дайындау, техника паркін жаңарту жұмыстарына да шаруа қожалығы баса назар аударады. Мәселен, 2024 жылы мемлекеттік бағдарламаны сәтті пайдаланып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жеңілдетілген лизингпен жаңа тракторға қол жеткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамақ емес. Нұрболат Нұрғалиевтің айтуынша, мал басын асылдандыру бағытында жүргізген селекциялық жұмыстар, асылтұқымды мал мен жаңа тракторды сатып алғаны үшін мемлекеттен берілетін субсидияға қолдары жетіпті. Айтып өтейік, Ақтөбе өңірінде асылтұқымды мал басын көбейту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Былтырғы жылы облыста 186 шаруашылық асылтұқымды ірі қара, 73 шаруашылық асылтұқымды қой өсірумен айналысады. Асылтұқымды жылқы мен түйе бағатын шаруа қожалықтары да бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/928926
Ақтөбе облысында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы құрылды 09.02.2025
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай базасында «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Бұл аймақ 2049 жылдың соңына дейін жұмыс істейді. Ақтөбе облысында АЭА құрудың негізгі мақсаты – инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және импортқа тәуелділікті төмендету. Жобаны жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындары құрылып, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі артады, сондай-ақ экономикадағы байланысты салалардың дамуына ықпал етеді. «Ақтөбе» АЭА негізгі міндеттері өңірдің экономикалық өсімін ынталандыруға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, өнеркәсіптің жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға бағытталған.  Арнайы экономикалық аймақ жалпы 858 гектар аумақты қамтиды. Көлік-логистикалық бағыттағы 9 негізгі сала мен өнеркәсіптің 29 бағытын дамыту жоспарланған. Қазіргі заманғы өндірістер құруға, инновациялық технологияларды енгізуге және отандық әрі халықаралық жетекші компанияларды тартуға баса назар аударылады. АЭА қатысушылары ретінде экономиканың түрлі секторларында қызмет ететін жергілікті және шетелдік инвесторлар бола алады. Сондай-ақ, бірнеше компания бірлескен жобалар әзірлеуіне, ортақ ресурстарды пайдалануына мүмкіндік беретін кластерлер құру көзделген. Ал инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған: біріншіден, корпоративтік табыс салығынан босатылады, екіншіден, АЭА аумағында сатылатын тауарларға ҚҚС мөлшерлемесі – 0%, үшіншіден, жер және мүлік салықтарынан, сондай-ақ жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемнен босатылады. Төртіншіден, АЭА аумағында орналастыруға немесе пайдалануға арналған тауарлар үшін кедендік баж салығынан босату; бесінші - квотасыз және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту; алтыншы АЭА аясында жобаларды іске асыру үшін қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету және жер телімін жалға беру (АЭА жұмыс істеген мерзімі, кейіннен басым құқықпен сатып алу мүмкіндігімен).  Қазіргі уақытта «Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) сыртқы және ішкі инженерлік желілерінің құрылысы әлі басталған жоқ. Құрылыс жұмыстары республикалық бюджеттен 16 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген соң, 2025-2026 жылдары жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/929182
«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы негізгі көрсеткіштері тұрақты өсімге ие 09.02.2025
2024 жылы «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) негізгі көрсеткіштері барлық бағыттар бойынша оң нәтиже берді. Отандастарымыздың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі 01.01.2025 жылға шамамен 22,80 трлн теңгеге жетті. Жыл ішінде 4,93 трлн теңгеге немесе 27,6% артты. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 қаңтарға - шамамен 21,88 трлн теңге, бір жылда 26,5% ұлғайды.  Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - шамамен 653,77 млрд теңге, жыл ішінде 15% өсім көрсетті. Бір жылдағы ең үлкен өсімді (50,3%), 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 7,94 млрд теңге көлеміне жеткен ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар паш етті.   2024 жыл ішінде салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсіп отырды.  2024 жылы ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 258,15 млрд теңгеден асты. Түсімдер Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бұл ретте салымшылардың жеке және шартты шоттарына есепті жыл ішінде түскен зейнетақы жарналарының мөлшері 2,79 трлн теңгеге жуық. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 29 % артық. Жарналардың барлық түрлері оң сипатқа ие: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл бойына 2,44 трлн аса теңге түсті (2023 жылмен салыстырғанда МЗЖ көлемі 18,3% артты), МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 113,6 млрд теңге (өсім 18,9%), ЕЗЖ бойынша жылдық жарна мөлшері – 3,07 млрд теңге (өсім 32,50%) жиналды.  ЖМЗЖ  көлемі – шамамен 231,24 млрд теңге. 2024 жылға есептелген инвестициялық кіріс 3,4 трлн теңге болды. Оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,8 трлн-ға жуық теңгеге немесе 114,5% өсті.   Төлемдер мен аударымдар 2024 жыл ішінде БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 1,32 трлн теңгеден асты. Бұл былтырғы жылдағы төлемдер көлемінен 2,24 есе (немесе шамамен 732,56 млрд теңгеге) көп. Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – шамамен 609,89 млрд теңге. Баламалы мақсаттарға берілген төлемдер көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 2 еседен аса мөлшерге ұлғайды.  Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 35,64% ұлғайып, шамамен 204,22 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем - 33 906 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды.    Былтырғы жылы, сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 61,6 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 40,57 млрд аса теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 3,07 млрд аса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 9,96 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 394,54 млрд теңгеден астам қаржы аударылды.     ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,18 млн. бірлік (жыл бойғы өсім - 4,85 млн аса бірлік немесе 39,4%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қаңтарына  12,50 млн бірліктен асты. Оның ішінде: 11,15 млн астамы  - МЗЖ бойынша, шамамен 715,52 мың - МКЗЖ бойынша, 439,58 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар. Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,67 млн бірліктен асты.    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/928908
Қазақстан Сыртқы істер министрі Польша дипломатиялық миссиясының басшысын қабылдады 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 31 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Польшаның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенданы қабылдады. Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ ағымдағы жылғы биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады. М.Нұртілеу поляк дипломатын Еуропалық одақ Кеңесіндегі Польшаның төрағалығымен құттықтап, осы төрағалық кезеңінде ұсынылған бастамаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі. Сонымен қатар ол екі мемлекет арасындағы жан-жақты және көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге Қазақстанның бейілділігін растады. Өз кезегінде М.Лабенда өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын атап өтіп, мәдени байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықты барлық салаларда нығайтуға бағытталған белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды  жалғастыруға келісті. 2024 жылғы қаңтар-қараша кезеңінде Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 1,04 млрд АҚШ долларын құрады, 2023 жылы 1,23 млрд долларға жетті. 2005 жылдан бастап Польшадан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 447,8 млн долларды құрады. Қазақстанда поляк капиталымен шамамен 140 компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/929231