3-9 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі
09.02.2025 13:46:56 407
🔹3-9 ақпан – бокстан халықаралық Boxam Elite Tournament турнирі
Ұлттық құрама сапынан 13 боксшы өнер көрсетеді.
📌Өтетін орны: Испания, Аликанте қ.
🔹3-9 ақпан – пара биатлоннан әлем чемпионаты
Жаһандық додаға отандық 7 параспортшы қатысады.
📌Өтетін орны: Словения, Поклюка қ.
🔹5-9 ақпан – жасөспірімдер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан ел чемпионаты
Жарысқа 15 өңірден 100-ден астам спортшы қатысады.
📌Өтетін орны: Түркістан қ.
🤺 6-8 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, ерлер)
Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасынан 9 спортшы бақ сынайды.
📌Өтетін орны: Германия, Хайденхайм қ.
🔹6-13 ақпан – пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы
Ел құрамасынан 3 параспортшы сынға түседі.
📌Өтетін орны: БАӘ, Дубай қаласы.
⛸️7-9 ақпан – шорт-тректен әлемдік тур кезеңі
Жарысқа 4 спортшымыз қатысады.
📌Өтетін орны: Нидерланды, Тилбург қ.
🤺 7-9 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер)
Үш отандасымыз жүлдеге таласады.
📌Өтетін орны: Испания, Барселона қ.
🤺 7-9 ақпан – семсерлесуден Гран-При турнирі
Жарыста 3 отандасымыз өнер көрсетеді.
📌Өтетін орны: Италия, Турин қ.
🚵♂️ 7-16 ақпан – тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты
Сары құрлық додасынан ел намысын 15 спортшы қорғайды.
📌Өтетін орны: Таиланд, Фитсанулок қ.
🏹 8-15 ақпан – Жамбы атудан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі
Жарысқа 7 елден (Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан) 28-ге жуық спортшы қатысады.
📌Өтетін орны: Пәкістан, Исламабад қ.
🏹 9-22 ақпан – нысана көздеуден Азия кубогі
Ел құрамасынан 16 спортшы бақ сынайды.
📌Өтетін орны: Таиланд, Бангкок қ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/929360