Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан Сыртқы істер министрі Польша дипломатиялық миссиясының басшысын қабылдады 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 31 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Польшаның Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабенданы қабылдады. Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ ағымдағы жылғы биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады. М.Нұртілеу поляк дипломатын Еуропалық одақ Кеңесіндегі Польшаның төрағалығымен құттықтап, осы төрағалық кезеңінде ұсынылған бастамаларды жүзеге асыруда сәттілік тіледі. Сонымен қатар ол екі мемлекет арасындағы жан-жақты және көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге Қазақстанның бейілділігін растады. Өз кезегінде М.Лабенда өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын атап өтіп, мәдени байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастықты барлық салаларда нығайтуға бағытталған белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды  жалғастыруға келісті. 2024 жылғы қаңтар-қараша кезеңінде Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 1,04 млрд АҚШ долларын құрады, 2023 жылы 1,23 млрд долларға жетті. 2005 жылдан бастап Польшадан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар 447,8 млн долларды құрады. Қазақстанда поляк капиталымен шамамен 140 компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/929231
2025 жылы отандық әуе компаниялары әлеуметтік маңызы бар 24 әуе бағытын пайдаланатын болады 09.02.2025
Ел ішіндегі қалалар арасында әуе қатынасын одан әрі дамытып, жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін 2025 жылы субсидияланатын әуе рейстерін орындайтын әуе компаниялар конкурс нәтижесіне сәйкес айқындалды. Субсидияланатын маршруттар ел тұрғындарына қолжетімді бағамен саяхаттауға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі әуе нарығының дамуын қамтамасыз етпек.Билеттерді әуе компаниялардың ресми сайттарынан сатып алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/928568
«Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталды 09.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп, «Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды.Бастама мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық пен волонтерлік қызметті дамытуды көздейді.Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын насихаттауға бағытталған.Қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті.Флешмоб шарттары туралы толық ақпаратпен Qazvolunteer.kz сайтынан танысуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928526
Айдарбек Сапаров азаматтарды жеке қабылдады 09.02.2025
Жеке қабылдау барысында егін шаруашылығына жер учаскелерін бөлу, жайылымдық жерлерді қайтару, субсидиялау, ауыл шаруашылығы саласына кадрлар даярлау және т.б. мәселелер қаралды.Министр өтініштер мен ұсыныстарға егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ олардың барлығы толық зерттелетініне және ескерілетініне сендірді.Министрлік басшылығы белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/928211
Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы Алпамыс мектебінің шәкірттерін қанатының астына алды 09.02.2025
Арнайы операциялар күштері 22750 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Астана қаласындағы Alpamys school мектебінің оқушыларына ерлік сабағын өткізді. Оқушыларға әскери құралым құрамындағы қызметтің ерекшелігі туралы айтылды. Олар сондай-ақ, Арнайы операциялар күштері қаруланған заманауи атыс қаруы мен жабдықтарымен танысты. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин де қатысып, жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіндегі осындай практикалық кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Арнайы операциялар күштері 22750 әскери бөлімінің қолбасшылығы мен Alpamys school мектебі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық бірлескен іс-шараларды, жарыстарды, конкурстарды және практикалық сабақтарды өткізуді көздейді. Тығыз өзара іс-қимыл оқушылардың әскери мамандық туралы түсінігін кеңейтіп, жоғары патриоттық сананы қалыптастыруға және олардың Отан қорғау жөніндегі конституциялық міндетті орындауға дайындығына ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/927809
Қазақстан Сыртқы істер министрі Еуропалық одақ Елшісін қабылдады 09.02.2025
Астана, 2025 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкичті қабылдады.Әңгімелесу барысында. Тараптар Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ жоғары деңгейдегі өзара сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.Министр Нұртілеу Қазақстанның Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге деген ынталылығын атап өтіп, ынтымақтастықтың осындай басым бағыттары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Сауда және инвестиция, көлік және логистика, маңызды шикізат және цифрландыру сияқты.Ерекше назар аударылған Қазақстан азаматтары үшін ЕО визалық режимі. Тараптар осы бағыттағы келіссөздерге дайындықты жалғастыруға берік ұстанымдарын қуаттады.Өз кезегінде Елші Симкич өзара іс-қимылдың жоғары динамикасын құптап, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін білдірді.Кездесу қорытындысында, Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.Еуроодақ Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7%-ға өсіп, 44,2 млрд АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына еуропалық инвестицияның көлемі 180 миллиард долларды құрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/928188
Қазақстан Орталық Азия елдерімен жасалған келісімдер бойынша биылғы көктемде 11 миллиард текше метр су алады 09.02.2025
Қазақстан сәуір айына дейін 11 млрд текше метр су алады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов осы жөнінде келісімге келді.Душанбе қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 88-ші отырысы өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты.Тараптар Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде вегетация аралық кезеңнің өту барысын қарастырды.Айта кетейік, келісілген су көлемі Сырдария өзені арқылы Түркістан облысының Шардара су қоймасына келеді. Оның ішінде 1,6 млрд текше метр су Арал теңізіне жіберіледі.«Бұл биыл суару кезеңі үшін қажет су көлемін жинауға, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы экожүйені сақтау іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еліміздің оңтүстігіндегі жағдай батыс пен солтүстіктен өзгеше екенін атап өтемін. Мұнда үлкен көлемдегі су тасқыны болған жоқ. Ал жазда суармалы суға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да біз оңтүстікті сумен қамтамасыз ету бойынша мүлдем басқа жұмыс жүргізіп жатырмыз. Су дипломатиясы – біздің министрлік жұмысының маңызды бағыты. Осы келіссөздердің нәтижесінде өткен жылы еліміздің оңтүстігін сумен тұрақты қамтамасыз еттік. Біз су бөлу және трансшекаралық су нысандарын қорғау жөніндегі барлық мәселелерді Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірлесе отырып шешеміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/927334
Астанада IX қысқы Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті 09.02.2025
Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде IX қысқы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Сары құрлық бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді.Салтанатты жиынға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері, 1998 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері, 1996 жылғы қысқы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Людмила Прокашева, шорт-тректен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар мен қоғам өкілдері қатысты.Іс-шара барысында IX қысқы Азия ойындарының ашылу рәсімінде Ту ұстайтын спортшыларға Қазақстан Республикасының Туы салтанатты түрде тапсырылды. Харбиндегі Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің байрағын хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова алып шығады. Өз кезегінде Әділ Бекетаев Ту ұстаушы ретінде көпшіліктің алдына шығып, салтанатты түрде ант берді.Қазақстан құрамасынан Ойындарға 137 спортшы қатысады. Олар 6 спорт түрінен 10 дисциплинада (конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарыстары, тау шаңғысы, фристайл, ски-альпинизм, шайбалы хоккей) өнер көрсетеді. Ұлттық команда 51 медаль жиынтығына таласады.Ербол Мырзабосынов спортшыларға сәттілік тілеп, сары құрлық бәсекесінің еліміз үшін маңызды дода екенін атап өтті.«IX қысқы Азия ойындарының басталуына санаулы күндер қалды. Қазақстан ұлттық құрамасы қысқы Азия ойындарына толық дайын. Оған қажетті барлық жағдай жасалды. Ойындарға сапалы дайындалу үшін ұлттық құрама 137 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Спортшыларымыз 86 халықаралық жарыста өнер көрсетіп, 33 медаль жеңіп алды. Жалпы, елімізде қысқы спорт түрлерінде жеңістермен өрілген жақсы дәстүр бар. Бүгінде тек елімізге ғана емес, бүкіл әлемге танымал даңқты спортшыларымыз халықаралық қысқы жарыстарда өнер көрсетіп, үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Алдағы қысқы Азия ойындарына қатысатын барлық спортшыға сәттілік тілеймін. Қысқы Азия ойындары – еліміздің спорттық әлеуетін көрсетіп қана қоймай, әрбір спортшы үшін үлкен жетістіктерге жетуге талпыныс болатын маңызды кезең. Құраманың әр жеңісі – еліміз үшін үлкен қуаныш!», – деді Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/928196
Цифрлық Алматы 2025: Қазақстан Dealroom.co платформасымен IT инновацияларының жаһандық картасында 09.02.2025
2025 жылдың 31 қаңтарында Digital Almaty 2025 форумы алаңында Dealroom.co негізін қалаушы әрі бас директоры Йорам Вийнгаарде (Yoram Wijngaarde) стартаптар мен венчурлық инвестицияларды талдайтын әлемдік жетекші платформада Қазақстан экожүйесін алғаш рет таныстырады.«Стартап-инвестициялардың жаһандық экожүйелері: Трендтер, инсайттар және жаңа мүмкіндіктер» сессиясы барысында Йорам Вийнгаарде әлемдік IT-экожүйелердің аналитикалық шолуын паш етіп, Қазақстанның негізгі жетістіктеріне назар аударады. Сондай-ақ 2 миллионнан астам стартап, инвестор мен корпорация туралы деректерді біріктіретін Dealroom.co платформасының мүмкіндіктерін толық көрсетеді. Платформа инвестициялық перспективаларды бағалау, экожүйелерді талдау және олардың өсуін болжау үшін озық құралдарды ұсынады.Dealroom.co – жай ғана платформа емес, инвесторлар, стартаптар мен корпорациялардың қозғаушы күші. 2013 жылы Амстердамда негізі қаланғаннан бері компания инновациялар әлемінде дерек пен талдаудың беделді көзі ретінде танылды. Қазақстандық IT-экожүйенің Dealroom.co платформасына енуі халықаралық инвестициялар мен жаңа серіктестіктерге жол ашып, Қазақстанда жасалған технологияларға жаһан назарын аударады.Digital Almaty 2025 форумы 31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме кешенінде өтіп, жасанды интеллект пен оның жаңа индустриялық дәуірдегі рөлі талқыланатын алаңға айналады. «Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты форумның стратегиялық маңызы аса жоғары. Қатысушылар жасанды интеллекттің өнеркәсіп, қаржы, медицина, білім беру мен ESG салаларына интеграциясын, цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктерін талқылайды.Форумды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Astana Hub («Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры) ұйымдастырады.Digital Almaty 2025-ке қосылып, тарихи оқиғаның куәсі болыңыз! Толық ақпаратпен танысу үшін сайтқа өтіңіз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/927398
5 266 зейнеткер тегін жүру картасына ие болды 09.02.2025
Көкшетау қаласының әкімдігі зейнеткерлік жастағы адамдарға анықтамалар беру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.Еске сала кетейік, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Көкшетау қаласының зейнеткерлері қала ішіндегі қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін алды. Бұл жоба зейнеткерлерге қажетті орындарға, медициналық мекемелерге, дүкендерге немесе әлеуметтік мекемелерге оңай және тегін баруға мүмкіндік береді.Жыл басынан бері 10 847 анықтама берілді, оның ішінде 5 266 зейнеткер «Көкше Bus Tөlem» жүйесінде өз карталарын алып, тегін жол жүру құқығын пайдалана алады.Әлеуметтік қызметкерлер мен қалалық еріктілер ұйымдастырған көшпелі іс-шаралардың маңызы зор. Олар зейнеткерлік жастағы адамдардың кең ауқымын қамтиды, бұл анықтамалар мен жол жүру карталарын мұқтаж адамдарға тиімді және жедел түрде беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер 27 зейнеткерге анықтама алуына көмек көрсетті.«Бүгін тегін жол жүру картасы үшін анықтама алуға келдім. Бізге осындай қолдау көрсетіп жатқандығына қуаныштымын. Әкімдікке осындай бастамасы үшін алғыс айтамын» – деп атап өтті Көкшетау қаласының тұрғыны.Кеңес алу үшін 8 716 2 29-81-00, 8 716 2 29 81 08 нөмірлеріне хабарласа аласыздар немесе Шалқар көшесі 9 А, операциялық зал, 1, 2, 3 терезелеріне жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/927291
ТҮРКІСТАН: НҰРБОЛ ТҰРАШБЕКОВ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ 09.02.2025
«Ашық әкімдік» кеңсесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдады. Өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, шешу жолдарын қарастырды. Қабылдауға Түркістан қаласының, Жетісай, Шардара аудандарының тұрғындары келді. Азаматтар жеңілдетілген несие мен субсидия алу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар жер, ауыл шаруашылығы, ветеринария саласына қатысты түйткілдерді ортаға салып, ұсыныстар айтты. Мәселен, шардаралық тұрғын қытайлық мақта шитін алуға субсидия қарастыруды сұрады. Облыс әкімінің орынбасары мақта шаруашылығы бойынша шаруалармен кездесу өткізу жоспарланғанын айтып, көмек қарастырылатынын жеткізді. Жетісайлық шаруа мал басын көбейтуге жеңілдетілген несие алуға ниетін білдірді. Өтініш иесіне кепілсіз несие берілмейтіні айтылып, заңдылықтары түсіндірілді. Азаматтардың өтініш-талаптарын мұқият тыңдаған Нұрбол Тұрашбеков жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, заң аясында шешуді тапсырды. Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жеке қабылдау өткізуде. Жеке қабылдауға eOtinish бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазылуға болады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927267
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ 09.02.2025
Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту мәселелері облыс әкімдігінде сараланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан-қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін тапсырды. – Мемлекет басшысының тапсырмасын сәйкес Түркістан қаласының айналасынан «Жасыл белдеу» құру жоспарланған болатын. Бұл тапсырманың маңызы зор. Облыста елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жандандыру керек. Ағаш отырғызуда кемшіліктер көп. Егілген ағаштардың сапасын қадағалау қажет. Аудан, қала әкімдері жұмыс істеп жатқан жоқ. Өңірге жерсінетін көшеттер егілуі тиіс. Елді мекендерді көгалдандыру бойынша нақты жұмыстарды атқаруды тапсырамын. Өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, тұқымбақтарды дамыту қажет. Өңірде балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізуді қолға алыңыздар. Одан бөлек балық шаруашылығын дамытуға инвесторлар тарту жұмыстарын жаңғырту керек. Осы бағыт бойынша нақты жоспар мен ұсыныс беріңіздер, – деді Нұралхан Көшеров. Мәжілісте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында 5 жыл көлемінде аудан, қалаларда 15 млн астам ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, елді мекендерді көгалдандыруға 1,1 млн көшет егу жоспарланған. Аталған іс-шара аясында өңіріміздегі 852 елді мекеннің шамамен 90% көгалдандыру үшін, аймақтық жоспарды көлемді орындау мақсатында 4 миллионға жуық көшет егу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге, күз айындағы түгендеу жұмыстары бойынша отырғызылған көшеттердің орташа шығымдылығы 60-70 % құрайды. Өткен жылы жоспар бойынша елді мекендерді көгалдандыруға 1 миллионға жуық әртүрлі көшеттер босатылды. Биыл көшеттерді босатуда аудандардың климаттық ерекшелігі ескеріліп, жерсіндірілген жапырақты, қылқанды, жеміс ағаштары мен гүлді ағаш-бұта түрлерін отырғызуға басымдылық беріліп, жұмыстар атқарылатын болады. Өңірде жалпы көлемі 343,5 гектарды құрайтын 24 орман тұқымбағы бар. Оның ішінде тұрақты 14 орман тұқымбағы және уақытша 10 орман тұқымбағында 34 млн көшет өсірілуде. 2027 жылға дейін питомниктердің сапасы мен санын ұлғайту арқылы 60 миллионға жеткізу көзделуде. Бүгінгі таңда тұқымбақтардың суғару жүйелерін толық іске қосу, минералды тыңайтқыштар қолдану, көшет түрлерін қосымша енгізу, жаңартылуда. Одан бөлек, Түркістан облысы бойынша 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20,0 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 231-ге жетті. Оның 160-ы облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/927293
Қарағанды ​​облысының 75 жастағы пауэрлифтшісі Норвегияда өтетін әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға дайындалуда. 09.02.2025
Дәрібай Оспанов – пауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы. 75 жастағы спортшы жазда Норвегияда өтетін кезекті әлем чемпионатына дайындалуда.Ақсақал Шет ауданының Ағадыр кентінде тұрады. Пауэрлифтингпен ол 19 жыл бұрын 56 жасында айналыса бастаған.– Жас кезімде мен де спортпен – волейболмен айналыстым. Менде 1-ші разряд бар. Сонымен қатар теннис ойнағанмын, самбомен айналыстым, бірақ бұл жай ғана әуесқойлық еді. Ал кәсіби спортпен 56 жасымда ғана айналыса бастадым, – дейді ақсақал.Алдымен Дәрібай Оспанов өз үйінде жаттыққан. Кенттегі кішігірім спорт залы пауэрлифтингпен айналысуға келмейтін. Алайда, уақыт өте келе спортшы мәселені өз қолына алуды шешкен.– Біз жатып гір көтеру және басқа да жаттығуларға арналған құралдармен жабдықталған зал құруды шештік. Спорттық жабдықтар металл сынықтарынан жиналды. Осылай, ақырындап, бәрін істедік, – дейді пауэрлифтер. – Қазір де кейбір құрылғыларды өзіміз жасаймыз. Залымыз кішігірім, жабдықталуы да 100% емес, сондықтан кейбір нәрсені өзіміз жасауға тура келеді.2024 жылы әлем чемпионатындағы кезекті жеңісі үшін Дәрібай Оспанов Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа HS Power жиынтығын алды, ол арнайы орындық пен 450 кг арналған штангадан тұрады.Қазір ауылдың спорт залында пауэрлифтер ұлымен бірге 9 және одан жоғары жастағы балаларды тегін жаттықтыруда. Олардың арасында төрт халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше спорт шебері, Қазақстан мен Азия чемпиондары бар.Бапкерлік қызметтен басқа, ақсақал қажырлы жаттығуларын да жалғастырады. Наурызда оны іріктеу чемпионаты күтіп тұр, онда жеңіске жетсе, Драммен қаласында (Норвегия) өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.– Біз ол сайысқа баламызбен бірге қатысуды жоспарлап отырмыз. Ол пауэрлифтингтен бес дүркін әлем чемпионы. Әрине, мұның бәрі қымбат. Пауэрлифтингті олимпиадалық спорт түрлері сияқты қолдап отырса екен дейміз, – дейді Дәрібай Оспанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/926432
Профилактикалық жұмыстағы жаңа тәсілдер 09.02.2025
  ТЖМ алдын алудың жаңа тәсілдерін белсенді түрде енгізуде, QR-кодтар, тіпті құтқарушылардан пайдалы заттар сияқты құралдарды пайдалану қауіпсіздік мәселелеріне назар аударудың заманауи әдістерінің бір бөлігіне айналуда. Мұндай әдістер азаматтарға ақпаратты тиімдірек жеткізуге және оларды профилактикалық жұмысқа тартуға ықпал етеді.   Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері Тараз қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында қауіпсіздік ережелері туралы тұрғындардың білім деңгейін арттыруға бағытталған интерактивті іс-шара өткізді. Мамандар келушілер арасында сауалнама ұйымдастырып, әртүрлі төтенше жағдайлардағы әрекеттер туралы сұрақтар қойды. Дұрыс жауап берген азаматтарға департаменттің ресми парақшасына өтуге болатын QR коды бар шоколад табыс етілді. Сілтеме арқылы қатысушылар қауіпсіздік ережелері, пайдалы кеңестер мен қызмет туралы соңғы ақпаратты ала алады.       Тұрғындар арасында төтенше жағдайлардағы іс-қимыл ережелері туралы хабардар етуді жақсарту мақсатында Шымкент қаласының көпқабатты үйлері мен адамдар көп жиналатын орындарында 8 мыңнан астам ақпараттық тақтайша орнатылды. QR-кодты сканерлеу кезінде тақтайшаларда «2ГИС», «Google» және «Yandex» карталарында зардап шеккен халықтың жақын арадағы жинау пункттерінің орналасуы туралы ақпарат, ТЖ кезіндегі іс-қимылдар бойынша бейнероликтер мен жадынамалар, әлеуметтік желілеріндегі ТЖМ және ТЖД парақшаларына сілтемелер, шұғыл қызметтердің телефондары, көру қабілеті нашар азаматтар үшін көру мүмкіндігі ұсынылған.   Жетісу облысы ТЖД қысқы кезеңде балықшыларды қолдауға бағытталған акция өткізіп, құтқарушылар оларға термостар табыс етті. Іс-шара аясында мұз астынан балық аулауға құмар балықшыларға ыстық сусын құйылған термостар берілді. Олардың сыртында қауіпсіздіктің негізгі аспектілеріне қатысты ақпарат бар. Бұл қажетті, әрі пайдалы сыйлық.   Аумақтық бөлімшелер заманауи технологияларды пайдалана отырып, азаматтардың хабардар болу деңгейін арттыру және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіп-қатерлерді азайту үшін осындай акцияларды жалғастыруда.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/927208
Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады 09.02.2025
Еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/926580
Әскери-теңіз күштерінің корабльдер қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілмек 09.02.2025
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде (Әскери-теңіз күштерінің кораблінде және кемесінде корабльдік қызметті) қызметтердің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.  Нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 273-тармақшасына сәйкес әзірленді. Құжат корабльдер ұйымын, ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің корабльдері мен кемелерінің жауынгерлік даярлығын, корабльдердің және кеме құрамаларының негізгі лауазымды адамдарының міндеттерін, корабльдердің күнделікті қызметін айқындайды. Сонымен қатар, бұл құжатта әскери-теңіз рәсімдері белгіленіп, корабльдердің кезекшілік атқару нұсқаулықтары, сондай-ақ корабльде берілетін пәрмендер де қамтылды. Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде 2025 жылғы 11 ақпанға дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15415229  сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/926125
ШЫМКЕНТТЕ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТА ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ ЕКІ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ 09.02.2025
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында жаңа туған қызға екі күрделі ота жасалды. Салмағы 2100 грамм нәресте ауыр халде туылып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оған жүректің туа біткен ақауы, жүрек жеткіліксіздігінің ІІ сатысы, ойық жаралы некротикалық энтероколит және туа біткен ішек өтімсіздігі деген диагноз қойды.Операциялар балалар хирургы мен кардиохирургтың қатысуымен жасалды. Кесарь тілігі арқылы 34 аптада дүниеге келген қыз балада да құрсақішілік инфекция және жаңа туған нәрестенің гемолитикалық ауруы анықталды.Қазіргі уақытта бала неонаталдық хирургия бөлімі мамандарының қатаң бақылауында. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.Перинаталдық орталықта неонатальды ота 2024 жылдан бастап жасала бастады. Осы уақыт ішінде ішкі ағзаларында туа біткен ақауы бар 40-тан астам жаңа туған нәрестеге күрделі ота жасалды.«2024 жылы Шымкентте 29 124 бала дүниеге келсе, оның 8 973-і біздің орталықта дүниеге келген. Биыл біз материалдық-техникалық базамызды нығайттық: пренатальды ультрадыбыстық скринингке арналған жоғары технологиялық құрылғы, сондай-ақ күндізгі стационар жағдайында скринингке арналған жабдық сатып алдық», - деді орталықтың бас дәрігері Гүлбану Сыздықова. Оның айтуынша, 2024 жылы акушер-гинекологтар, неонатологтар мен реаниматологтар шетелде білім алған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде нәресте өлімі 1,5 есеге, ерте неонаталдық өлім 2 есеге жуық азайды.Орталық жетістіктерінің қатарында халықаралық стандарттарға сай ауруханалық дәріхана бөлімі ашылды. стандарттар. Бұл жобаның негізгі мақсаты – дәрі-дәрмекті уақтылы және сапалы дайындау және тарату, оларды есепке алу және ұтымды пайдалану.Айта кетейік, 2024 жылы орталықтың консультативтік-диагностикалық тексеруінде қауіпті топтағы 8116 жүкті әйел тексерілді. бөлімі.< /p>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/926366
Білімге тең қол жеткізу: Қазақстан Марракеш шартын ратификациялады 09.02.2025
2025 жылдың 28 қаңтарында Астанада ҚР Президенті «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды. Марракеш шарты, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) 2013 жылы қабылданған болатын. Ол көру қабілеті бұзылған адамдарға кітаптар мен басқа да баспа материалдарға қол жеткізуге құқықтық кедергілерді жоюға бағытталған. Шарт авторлық құқық иелерінен рұқсат алу қажеттілігінсіз туындыларды бейімдеуге мүмкіндік беретін авторлық құқықтан арнайы ерекшеліктерді қарастырады. Бұл кітапханаларға, мамандандырылған ұйымдарға және білім беру мекемелеріне кітаптарды Брайль шрифті, аудиокітаптар және электрондық мәтін сияқты қол жетімді форматтарда құруға және таратуға мүмкіндік береді. Шартты ратификациялау Қазақстан үшін мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын нығайтудағы манызды қадам болады. Бұл олардың білімге, танымға және мәдениетке тең қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар елдің әлеуметтік және экономикалық өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді. Осы шартты 90-нан астам мемлекет ратификациялады. Бұл бүкіл әлем бойынша оқырмандардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, бейімделген кітаптармен халықаралық алмасуға мүмкіндік береді. Қазақстанның Марракеш шартына қосылуы мемлекеттің әлеуметтік инклюзияға және барлық азаматтардың құқықтарын қорғауға ұмтылысын көрсетеді. Енді мыңдаған зағиптар және нашар көретін қазақстандықтар оқыту, кәсіби даму және мәдени байыту үшін көбірек мүмкіндіктерге ие болады. Анықтама үшін:Марракеш шарты 2013 жылғы 27 маусымда Марракеште (Марокко) қабылданды және 2016 жылдың 30 қыркүйегінде күшіне енді. Ол авторлық құқық халықаралық жүйесінің бөлігі және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) реттеледі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/926358
Елордада көктемгі су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде жүргізіліп жатыр 09.02.2025
Астанада су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде қызу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қазіргі таңда Байқоңыр ауданында су тасқынына қарсы шаралар белсенді түрде қолға алынды.Су тасқынына қарсы шаралар аясында аудан әкімдігінің және Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен тұрғын алаптарда күшейтілген жұмыстар жалғасуда.Оның ішінде арық-науа желілерін тазалау, қарды уақытылы шығару, сондай-ақ, жеке сектор тұрғындарына хабарламалар тарату жұмыстары жүргізілуде.Жалпы аудан бойынша су тасқынының алдын алу шараларына 60-тан аса арнайы техника мен 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды.Қыс мезгілі басталған сәттен бастап бүгінге дейін аудан аумағынан қар полинонына 7 мың текше метрден аса қар шығарылды.Жеке сектор тұрғындары су басу қаупінің алдын алу мақсатында өз аулаларының қарын жолдың бойына (жеке сектор аумағынан қалалық аумаққа) шығарып қоюы қажет.Жиналған қар үйінділері арнайы техникалардың көмегімен қала сыртына шығарылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/925599
Алматыда «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр 09.02.2025
Алматыда 5-ші «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» Азаматтық қоғам форумы өтіп жатыр. Үш күндік іс-шара цифрлық трансформация, климаттың өзгеруі, жастар белсенділігі, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне бағытталған. Форумға Орталық Азия елдерінің азаматтық қоғам институттары мен үкіметтері өкілдері, халықаралық ұйымдар өкілдері қатарынан 150-ден астам адам қатысуда. Форумның ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты. Ол қатысушыларды елдің дамуындағы азаматтық қоғамның рөлі және мемлекеттің үкіметтік емес секторды қолдау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті. Алдағы екі күн ішінде іс-шара аясында топтық пікірталастар мен арнайы семинарлар өтеді. Қатысушылар осы талқылаулар арқылы өзара идея алмасып, аймақтың маңызды мәселелерін шешуге белсенді түрде атсалысу мүмкіндігіне ие болады.   ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/926241