Enbekshi QazaQ

Қуқық

Елордалық скрипкашы Қарағанды симфониялық оркестрімен өнер көрсетеді 15.02.2025
Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрі 20 ақпанда сағат 18:30-да концертке шақырады. Солист – Асқар Дүйсенбаев (скрипка, Астана).Асқар Дүйсенбаев – профессор, халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, медальмен және «Мәдениет саласының үздігі» атағымен марапатталған. Ол ҚР Мемлекеттік ішекті квартетінің алғашқы скрипкашысы, Metro-philarmonic (Мәскеу-Швеция) халықаралық жастар оркестрінің концертмейстері болды. Иордания, Германия, Швейцария, Испания, Италия, Франция, Швеция, Жапония, АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан қалаларында гастрольдерде болды.Дирижерлік пультте Айдар Торыбаев.Бағдарламада скрипкамен оркестрге арналған П.И.Чайковскийдің концерті, ре мажор 35 шығ.; Симфония № 2, си-бемоль мажор, Франц Шуберт.Классикалық музыка әуендерін көрермендер «Шалқыма» концерт залында тамашалай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/936986
60 жыл көлік жүргізген қария 15.02.2025
60 жылдан аса көлік тізгіндеген Қуаныш Бекшойынов техниканың тілін жатқа біледі. Бүгінде зейнет жасында болса да сүйікті кәсібінен ажырамай, елінің алғысын арқалап келеді.«Көлікке деген құмарлығым бала жастан бар. Ол кезде бүгінгідей көлік көп емес. Жүргізушілер даярлайтын арнайы мектепке жазылып, бітіріп шықтым. Содан бері техника менің сенімді серігіме айналды. Жасым келсе де көлігіме өзім күтім жасаймын», -дейді қария.Қуаныш Бекшойынұлының тақымында «ГАЗ 51» маркалы жүк көлігі. Ақсақал бұл көлікпен соңғы 50 жылдан бері бірге келе жатыр. Көлігін жаңартуды ойына да алмайды. 6 баладан 14 немере, 6 шөбере көріп отырған қария темір тұлпарымен мыңдаған шақырымды артқа тастап, ауылдастарына қызмет көрсетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936955
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті 15.02.2025
Абай облысының барлық қала мен аудандарында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.Оған 140-тан астам мекеме қатысып, 600-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеде 700-ге жуық тұрғын қамтылды. Оның ішінде 50-ге жуық адам жұмысқа орналасуға жолдама алды.Жәрмеңке барысында қатысушылар тікелей сұхбаттасу, түйіндеме тапсыру, жұмысқа орналасу бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Мансап орталығының мамандары тұрғындарға бос жұмыс орындары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936957
Облыста көктемгі су тасқынына дайындық жүруде 15.02.2025
Ақсуат ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін тиісті шаралар қолға алынуда. Қазірдің өзінде аудан бойынша 25 түрлі техника, 16 тасымалданатын су сору насосы (мотопомпа), 2 тіркемелі су сору насосы (мотопомпа) дайындалды.Сонымен қатар 10 000 (он мың) қап барлық ауылдық округтерге таратылып, инертті (күл, шлак, құм) материалдарға толтырылды. Қаптар су басу қаупі бар участоктерге қойылуда.Аудан аумағындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда орналасқан 14 көпір, 207 су өткізгіш трубалар, тоғамдардың, ауыл ішіндегі арықтардың арналары мен көмейлерін қардан тазарту жұмыстары жүруде. Елді мекендерден қар шығару ағымдағы жылдың қаңтар айында басталып, 2500 текше метр қар шығарылды.Бесқарағай ауданы да су тасқыны кезеңіне дайындалуда. Елді-мекендерден қар шығару жұмыстары жалғасып, бүгінгі күні 2000 текше метр қар шығарылды. Ауданға қарасты ауылдардағы арықтар тазартылып, автомобиль жолдарындағы су өткізгіш трубалар қардан аршылды.Мақаншы ауданы бойынша көктемгі су тасқынын қаупін алдын алу мақсатында өткен күзде 11 ауылдық округтердің түрғындарымен бірлесе отырып, ауылдардағы арықтарды, каналдарды, көпірлерді тазалау жүргізілді.Сондай-ақ өзге аудандардағы сияқты арнасы таяз өзендер тереңдетіліп, кейбір өзендердің арнасымен қар суын бұру жұмыстары қолға алынды. Өзен жағалауларын бекіту шаралары да назардан тыс қалған жоқ.Көкпекті ауданы бойынша 13 көпір, 102 су өткізгіш құбырлар бар. Олардың дені республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан. Бүгінгі таңда аталған учаскелерде көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.Ақпан айының 3-11 аралығында Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының синоптиктері, Ертіс бассейндік инспекциясы және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Семей қаласы, Жарма, Көкпекті, Ақсуат, Аягөз, Үржар, Бородулиха аудандарын аралап, осы өңірлерге түскен қардың мөлшерін анықтады. Арнайы топ сапар қорытындысы бойынша әкімдіктерге алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстар алгоритімін ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936959
Қалбатауда компьютерлік томография іске қосылды 15.02.2025
Абай облысында ауылдық жерлердегі медицинаға да көңіл бөлінуде. Аудан орталықтарындағы ауруханалар заманауи медициналық қондырғылармен жарақтануда. Мәселен, бүгін Жарма аудандық ауруханасы компьютерлік томографияны іске қосты. Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов, аурухана ұжымы мен ардагер дәрігерлер қатысты.«Компьютерлік томография аппаратына ауданымыз алғаш рет қол жеткізіп отыр. Бұрын емделушілерді қалаға жіберетінбіз. Енді сырқатқа диагностикалауды өзімізде жасай аламыз. Қажетті дәрігеріміз бар. Жергілікті маманды аппараттың қыр-сырын меңгеру үшін арнайы Астана қаласында оқытып жатырмыз», -деді аудандық аурухананың бас дәрігері Ерік Исабеков.Компьютерлік томография ішкі органдар мен тіндер бейнелерінің жоғары дәлдігі мен нақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл дәрігерлерге әртүрлі ауруларды неғұрлым дәл диагностикалауға және мониторингілеуге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда Жарма ауданы бойынша орталық ауруханадан бөлек 3 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 медициналық пункт тұрғындарға қызмет көрсетеді.Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында дәл осындай компьютерлік томография аппараты Мақаншы ауданына қойылған болатын. Енді кезекте Ақсуат ауданына орнату жоспарда тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936961
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынады 15.02.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңыз бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді, бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңда көзделген субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астана қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936962
Камила Азия ойындарының күміс жүлдегері 15.02.2025
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті. Бұл сынға (4×5 км) қатысқан Ұлттық құрама қыздары мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді. Жарыс жолына жерлесіміз Камила Елғазиновадан бөлек Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/936963
Қазақстан мен Ұлыбритания еңбек көші-қоны мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатады 15.02.2025
Лондонда өткен «Қазақстан – Ұлыбритания» стратегиялық диалогы шеңберінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Еңбектегі қанау мен заңнаманы бұзуға қарсы іс-қимыл қызметі (GLAA) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың еңбек көші-қоны саласындағы өзара іс-қимылын көздейді.Меморандумға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Ұлыбританияның Еуропа, Солтүстік Америка және шет елдер істері жөніндегі мемлекеттік министрі Стивен Даути қол қойды.Құжат тараптардың келесі бағыттар бойынша ынтымақтастығын көздейді:- Ұлыбритания аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарын уақытша жұмысқа орналастыру шарттары мен рәсімдері туралы ақпарат алмасу;- Қазақстан Республикасынан еңбек қызметі үшін Ұлыбританияға жұмыскерлерді жіберетін жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес олардың қызметін растау;- Қазақстан Республикасы азаматтарының Ұлыбритания аумағындағы еңбек қызметі кезеңінде, оның ішінде Тier-5 маусымдық жұмыс визасы (seasonal worker visa) шеңберінде еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған өзара ынтымақтастық;- сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары және Қазақстан Республикасы азаматтарының қажетті кәсіптік даярлығы туралы ақпарат алмасу.Осы Меморандумға қол қою Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы еңбек құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/935947
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлар 4,7 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады 15.02.2025
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 16 кәсіпорнында 1,1 мыңнан астам жұмыскерге 318,2 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 499 еңбек құқығының бұзылуы анықталды.Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 240 ұйғарым берілді және 24,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 890 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 81,3 млн теңге төленді.Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.2025 жылғы 1 ақпандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 389 тексеру жүргізді, оның барысында 499 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 466; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 31; халықты жұмыспен қамту бойынша – 2.Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3,8 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/935155
2024 жылы 19 мыңнан астам адам «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасты 15.02.2025
2024 жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі «Күміс жас» жобасын іске асыру шеңберінде 19 199 адам жұмысқа орналастырылды.Жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан (2 441 адам), Жамбыл (1 845 адам) және Қарағанды (1 471 адам) облыстарында байқалады.Жобаға қатысатын әйелдердің үлесі 55,2% немесе 10,6 мың адамды, ауыл тұрғындарының үлесі – 11,3 мың адамды немесе 59,1% құрайды.Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.«Күміс жас» жобасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс берушінің жоба шеңберінде жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеуге жұмсаған шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру жолымен жүзеге асырады.Субсидиялар мөлшері жұмыстың алғашқы жылында жалақы мөлшерінің 70% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың екінші жылында жалақы мөлшерінің 65% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), жұмыстың үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60% (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толмаған адамды кемінде 1 жыл мерзімге тұрақты жұмыс орнына, сондай-ақ зейнеталды жасқа дейінгі адамды зейнетке шыққанға дейін жұмысқа орналастыруға міндетті.Көптеген қазақстандықтар жоба туралы оң пікір білдіруде.«Мен «Күміс жас» жобасы бойынша «Зерде» дәріханасына жұмысқа орналастым. Жұмыс айтарлықтай ауыр емес, еңбекақымызды уақтылы алып жатырмыз. Қазіргі кезде біз сияқты 50 жастан асқан адамдарға жұмыс табу оңай емес. Осындай жобалардың арқасында көптеген азаматтар «екі қолға бір күрек» табуда», – деп, Түркістан облысының тұрғыны Зейнекүл Бүркітбай өз ойымен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/935942
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП КЕЛЕДІ 15.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданындағы шағын өндірістік паркке кезекті рет барып, жұмыс барысымен танысты. Бүгінде мұнда 8 кәсіпорын іске қосылып, жұмысын бастап кеткен. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау және жаңа өндіріс орындарын ашу мақсатында зауыттарға қажетті ғимараттарды салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.– Ғимараттардың құрылысына жауапты басшылар мен мердігерлер жұмысты уақтылы әрі сапалы атқаруы тиіс. Жедел инвесторлар тартып, жобаларды жүзеге асырған жөн. Өндірістік парк аумағын көгалдандыру жұмыстары да тұрақты жүргізілсін, – деген Нұралхан Көшеров тиісті тапсырмалар беріп, ғимараттарды аралап көрді.Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында 30 гектар жерге 3-кезеңді қамтитын 39 ғимараттан тұратын «Шағын өндірістік парктің» құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны 17 млрд теңге болса, инвестиция көлемі – 131 млрд теңгені құрайды. 3 кезең бойынша жалпы 1450 жұмыс орны ашылады.2024 жылы инвестиция көлемі 31 млрд теңгені құрайтын 10 ғимараттың құрылысы аяқталып, 8 өндіріс орны іске қосылды. Атап айтқанда, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйесін шығаратын, мектепке арналған жиһаздар және өнеркәсіптік тоңазытқыштар өндіретін кәсіпорындар ашылды.Екінші кезеңде инвестиция көлемі 40 млрд теңге болатын 13 ғимараттың құрылысы аяқталып, 2025 жылдың 1-тоқсанында 10-ы пайдалануға берілсе, 3-еуі 3-ші тоқсанда пайдалануға беріледі. Үшінші кезеңде инвестиция көлемі 61 млрд теңгені құрайтын 16 ғимараттың құрылысы салынуда.Айта кетейік, отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатындаТүркістан облысы, Сауран ауданында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асырылуда. Болашақта жоба кеңейтіліп, 308 млрд теңге инвестиция тартылып, 150-ден аса өндірістік ғимарат салынады және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/936631
ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВТІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ БАСТАЛДЫ 15.02.2025
Түркістан облысына ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жұмыс сапарымен келді. Мақсат – Мемлекет басшысының 28 қаңтар күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы тапсырмаларын орындау, аймақтың инфрақұрылымын дамытып, энергетикалық әлеуетін көтеру.Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте Алмасадам Сәтқалиев өңірдегі энергетика саласына қатысты мәселелерді шешу жолдары туралы ой қозғап, маңызды жобаларды талқылады.Түркістан облысың әкімі Нұралхан Көшеров облыста энергетика тапшылығын жою, жаңа қуат көздерін өндіретін станциялардың құрылысына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, Түркістан және Кентау қалаларының жылу желілерін қайта құру, Түркістан қаласындағы «Яссы» және «Орталық» қосалқы станциялардың арасындағы 110 кВ электр желілерінің құрылысы, облыс тұрғындарын газбен қамтамасыз ету жұмысын жалғастыру және өзге де мәселелер айтылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов инфрақұрылым, газ, электр салаларында атқарылған жұмыстарды баяндады.Айта кетейік, өткен жылы Кентаудағы Жылу станциясы жаңғыртылып, қазандықтары жаңарды. Жылу мәселесі шешілді. Облыстың электр энергия қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында Сайрамда 1000 МВт бу-газ станциясы, Түлкібаста 320 МВт, Кентауда 240 МВт газ турбина станцияларын, сонымен қатар, Сауран, Сайрам аудандарында 785 МВт күн, Бәйдібек ауданында 350 МВт жел электр станцияларын салу жоспарлануда. Облыста 278,6 МВт қуатты құрайтын 24 жаңартылатын энергия көздері нысандары жұмыс істеуде. 2024 жылы Келес ауданында «Қызыләскер», Түркістан қаласында 110 «Солтүстік» қосалқы станциялары электр желілерімен қоса жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2024 жылы 53 елді мекен (81 мың халық) газдандырылды. Нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендер саны 563-ке жеткізілді. Аймақта элекр желілерін жаңарту, елді мекендерді сапалы электрмен қамту жұмыстары жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/936740
UAE SWAT Challenge турнирінде топ жарған тәртіп сақшылары марапатталды 15.02.2025
Ішкі істер министрлігінде Дубайда өткен UAE SWAT Challenge турнирінде бақ сынап, үздік нәтиже көрсеткен тәртіп сақшылары марапатталды.Әлемдік аренада ел абыройын асқақтатқан жауынгерлерді бұл жетістіктерімен министр Ержан Саденов құттықтады.- Біздің арнайы жасақтар осы сайыста жоғары шеберлікті, табандылықты және командалық рух пен жеңіске деген талпынысты көрсетті.Заң мен тәртіпті ту еткен сіздер нағыз батырсыздар, - деді Ішкі істер министрі.Айта кету керек, ақпанның 1-5 аралығында өткен дүбірлі додаға Қазақстан атынан 12 команда қатысса, оның алтауы полиция ведомствосынан болды. Олар "Сұңқар", "Арлан", Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен "Бүркіт" бөліністерінің намысын қорғады."Сұңқар" арнайы бөлінісі турнирдің күміс жүлдегері атанды. Министрлікке қарасты Ұлттық ұланның бір командасы үздік ондықтың қатарынан көрінді.Сонымен қатар биыл еліміз үшін тағы бір қуанышты жаңалық – "Томирис" әйелдер командасының халықаралық жарысқа алғаш рет қатысуы. Нәзік жандылар ерлерден қалыспай, ептілігі мен кәсібилігінің арқасында көрермен жүрегінен орын алды.Спортқа жақын, қызметіне адал, салауатты өмірді ту еткен қызметкерлердің құрметіне арналған іс-шара мерекелік концертке ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/936579
Қазақстан мен Франция ІІМ екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 15.02.2025
Астанада Ішкі істер министрі Ержан Саденов Францияның Ішкі істер министрінің арнайы өкілі Патрик Стефанинимен және Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Франция ІІМ арасындағы қызмет бағыттары, оның ішінде көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі қаралды.Сондай-ақ тараптар өткен жылдың қараша айында Қазақстан мен Франция арасында қол қойылған адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді іске асыру мәселелерін талқылады.Кездесуге қатысушылар бірлескен іс-қимылды жалғастыруға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/936619
Алматыда Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика тақырыбында дөңгелек үстел өтеді 15.02.2025
2025 жылдың 26 ақпанында Алматыда «Орталық Азия мен Қытайдағы цифрлық журналистика: жергілікті сын-қатерлер мен жаһандық трендтер» атты дөңгелек үстел өтеді.Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Narxoz университеті, БҰҰ-ның ҚР-дағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі – БҰҰ-ның ҚР-дағы Ақпараттық Бюросы және Орталық Азия-Қытай журналистік зерттеулер қауымдастығы ұйымдастырады.Жетекші сарапшылар, зерттеушілер мен журналистер Орталық Азия мен Қытайдағы медиа кеңістіктің дамуына жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың әсерін талқылайды.Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылға арналған халықтың медиа сауаттылығын арттыру және Медиасфера мамандарының біліктілігін көтеру жоспары шеңберінде ұйымдастырылады.Дөңгелек үстел аясында келесі мәселелер талқыланады:- Цифрлық трансформация және жасанды интеллект жағдайындағы журналистиканың болашағы туралы пікірталас;- Бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен деректер мен автоматтандырылған талдауды қолдану;- Сандық дәуірдегі медианың халықаралық тәжірибесі мен даму перспективалары.Іс-шараға журналистер, оқытушылар, студенттер, медиа зерттеушілер, БАҚ өкілдері және журналистика мен коммуникацияның болашағына қызығушылық танытқандар шақырылады.Басқа аймақтарда жұмыс істейтін және курсқа қатысу мүмкіндігі жоқ қатысушылары үшін ZOOM платформасында онлайн трансляциясын көруге болады:https://zoom.us/j/96766258430?pwd=bLLsL7Hne76bHhZmSqwS4x8BaSCIIq.1(конференция идентификаторы: 967 6625 8430, кіру коды: 12345678)Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс телефондарына хабарласуға болады +7 7172 740186. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936571
Астанада тарихи комикстің алғашқы шығарылымы таныстырылды 15.02.2025
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымы таныстырылды.Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен елорданың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, еліміздің әдебиетін оқуға және насихаттауға балалар мен жасөспірімдерді тарту бойынша қазақ батырлары, тарихи оқиғалар, мифология және өзекті трендтер тақырыбында ұлттық сипаты бар балалар комикстерін жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.Халықаралық тәжірибе негізінде «Бозоқ» музей–қорығы жас оқырмандарға арнап кітап шығарды. Комикс мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылды.Комикстерді салған суретші – Жапаров Бекен Байзақұлы, «Бозоқ» музей-қорығының дизайнері.Кітаптың негізгі сюжеттік идеясы ортағасырлық Бозоқ қалашығының археологиялық қазбаларының тарихи мәліметтеріне негізделген.Іс-шара аясында қатысушылар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы балалар әдебиетінің маңызын, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және балалар білім берудегі жобаларды дамыту перспективаларын талқылады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936664
Қазақстан ICESCO аясындағы Ислам әлемі мәдениет министрлерінің 13-ші конференциясына қатысып жатыр 15.02.2025
Сауд Арабиясының Жидда қаласында Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы (ICESCO) аясында Ислам әлемі мәдениет министрлерінің 13-ші конференциясы өтіп жатыр.Конференцияға Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 50-ге жуық мемлекет қатысуда. Олардың арасында Ислам әлемінің мәдени мұра комитетінің мүшесі – Қазақстан да бар. Ел атынан бұл жиынға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов барды.Халықаралық кездесудің басты мақсаты – өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасында диалог орнату, ислам мәдениеті туралы объективті көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ әділеттілік, бейбітшілік, бостандық және адам құқықтары құндылықтарын насихаттау.Делегация басшылары конференцияның жұмыс отырысында сөз сөйлеп, осы мақсаттарға жетуге бағытталған бастамалар мен механизмдерді ұсынды.Аталмыш іс-шараға ICESCO Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше 57 елдің 54-і келген. Мәдениет министрлері конференциясының басты мәселесі – Ислам әлемінің мәдени астанасын анықтау. 2025 жылы бұл мәртебелі атақ Өзбекстанның Самарқан қаласына берілді. 13-ші конференцияда Ислам әлемінің 2026 жылғы мәдени астанасы жарияланатын болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936895
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру 15.02.2025
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының 4-тармағына сәйкес, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығы, бұдан әрі – Қағидалар) аккредиттеуді жүзеге асыру мерзімі туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін мемлекеттік органдар жыл сайын I (бірінші) тоқсанда жүзеге асырады.Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу өтініштер мен құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.Аккредиттеуді алу үшін өтініш беруші электрондық нысанда электрондық мекенжайға k.kense@mki.gov.kz:1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;3) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 12 ақпаннан 25 ақпанға дейін жүзеге асырылады.Аккредиттеу туралы қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: + 7 (7172) 74-05-80, + 7 (7172) 74-04-84.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/936916
Жаңғырту нәтижесі: Түркістан облысы тұрақты және сенімді жылумен қамтамасыз етілді 15.02.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу беру маусымының барысын бағалау және келесі маусымға дайындық мақсатында еліміздің бірқатар өңірлеріне жұмыс сапарларын бастады.Министрдің жұмыс сапарының кестесіндегі бірінші пункт Түркістан облысы болды. Кентауда ЖЭО-5 кең ауқымды жаңғырту жүргізілді, оның ішінде сегіз қазандықтың алтауы қайта жаңартылды және жылу желілері айтарлықтай жаңартылды. Осының арқасында жабдықтың тозуын айтарлықтай төмендетуге – 84%-дан 37%-ға дейін – және технологиялық бұзушылықтардың санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туды. Соның нәтижесінде қала тұрғындарын тұрақты жылумен қамту қамтамасыз етілді, бұл тұрғындардың өтініштерінің жоқтығымен расталады.«Бүгінде Кентау ЖЭО-5 тұрақты жұмыс істеп, қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуде. Түркістан облысының әкімдігіне жауапкершілікпен қарағаны, өңір үшін маңызды жобаларды жүзеге асыруда энергетиктермен тиімді әрекеттестігі үшін алғыс айтамын. Негізгі міндет – халықты және кәсіпорындарды үздіксіз және сапалы энергиямен қамтамасыз ету мақсатында еліміздің энергетикалық кешенін жаңғырту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.Сапар барысында ЖЭО-5 тексеріліп, жаңғырту жұмыстарының нәтижелері көрсетіліп, келесі жылыту маусымына дайындық, оның ішінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жоспарлары айтылды. Әсіресе, «Кентау сервис» мемлекеттік кәсіпорнының магистральдық жылу желілері мен сорғы станцияларын қайта жаңғырту жұмыстары атап өтілді. Бұл шаралар жылу желілерінің тозуын азайтуға және технологиялық бұзушылықтардың санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді (2023-2024 жылдары – 42 жағдай, ағымдағы жылыту маусымында – 5).Жаңа жылу беру маусымына дайындық барысында Энергетика министрі тиісті ведомстволар мен кәсіпорындарға жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етуді, жанар-жағармай жеткізуге алдын ала келісім-шарттар жасауды, материалдардың жеткілікті қорын құруды және жеке құрамға төтенше жағдайға дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Облыс басшылығы мен энергетикалық компаниялар өкілдерінің қатысуымен өткен жиында еліміздің отын-энергетика кешенін дамытудың стратегиялық бағыттары айтылды. Алдағы жылдары айтарлықтай жаңа генерациялаушы қуаттарды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін енгізу жоспарлануда. Маневрлік электр станцияларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Батыс аймақты Қазақстанның Бірыңғай энергетикалық жүйесімен біріктіру және оңтүстік аймақтың электр желісін нығайту жұмыстары жалғасады.Сондай-ақ Энергетика министрлігі халықаралық, оның ішінде «таза» көмір саласындағы озық тәжірибелерді белсенді түрде зерттеп жатқаны және ең қатаң экологиялық стандарттарға сәйкес келетін көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларын салу мүмкіндігін қарастырып жатқаны атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/936948
«Қазақстан халқына» қорымен әріптестік байланыс жалғасады 15.02.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан халқына» ҚҚ басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесуде қордың Сыр елінде атқарған, қолға алған жұмыстары сараланды.«Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры арқылы Сыр елінде 4,8 млрд. теңгенің денсаулық сақтау жобалары қаржыландырылды.Бұл қаржыға Арал, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында «Қамқорлық» оңалту орталықтары ашылды. Оған қоса 1 млрд. 100 млн. теңгеге скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешендер алынды. Бүгінде кешендер шалғай елді мекендер тұрғындарына тұрақты медициналық қызмет көрсетуде. Сыр еліне қор арқылы көрсетілген қолдаулар үшін жерлестеріміздің атынан алғыс білдіреміз», – деді Н.Нәлібаев.Сонымен қатар, қор қаржысына сирек кездесетін, онкологиялық және онкогематологиялық ауруға шалдыққан науқастарға дәрі-дәрмек, перинаталдық орталық пен аудандық ауруханаларға диагностикалық линзалар, офтальмоскоптар мен офтальмологиялық лазерлер, басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды. Қан тамырлары патологиясы бар балалар емделді. Генетик, УДЗ маманы, трансплантология үйлестірушісі білім жетілдірді. Көз қабығын ауыстыруды қажет ететін науқастардың еміне қаржы қаралды.Басқосуда Ләззат Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысы арасындағы жолға қойылған тұрақты әріптестік байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді және алдағы уақытта Сыр өңірінде жүзеге асырылатын жобаларды талқылады.Айта кетейік, бүгін Шиелі ауданының Досбол би ауылында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен салынған спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/936949