Enbekshi QazaQ

Қуқық

Астанада «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтті 25.01.2025
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жыл ішінде этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы тәжірибесін талдауға арналды. Қатысушылар қазіргі заманғы және болашақтағы мүмкіндіктерді талқылап, жаһандық өзгерістер жағдайында бірлік пен келісім саясатын дамыту бойынша ұсыныстар әзірледі.Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық құрылтай мүшелері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласының сарапшылары қатысты.Ассамблеяның мерейтойы этносаралық қарым-қатынастарды дамытуда маңызды кезең екені атап өтілді. Қатысушылар бұл салада озық тәсілдерді енгізу мен мемлекеттік деңгейде шешім қабылдауға арналған практикалық ұсыныстар әзірлеудің маңыздылығына тоқталды.Іс-шара барысында мемлекеттік саясатты насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту, ағартушылық қызметті жандандыру, сондай-ақ қоғам, мемлекеттік органдар мен ғылыми-сарапшылық қоғамдастық арасындағы өзара байланысты кеңейту қажеттігіне ерекше назар аударылды.Конференцияның негізгі тезистері қатарында этносаралық қатынас құралы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, этномедиация тәжірибесін кеңінен енгізу және этносаясат саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру сияқты маңызды мәселелер қозғалды.Сонымен қатар, Ассамблеяның 30 жылдық тарихына арналған көшпелі архивтік құжаттардың, кітаптардың, этностық газеттер мен журналдардың көрмесі ұйымдастырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/924377
2024 жылы қазақстандықтарға бюджеттен 3,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді 25.01.2025
2024 жылы республикалық бюджеттен 3 трлн 752,1 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның 1 трлн 182,3 млрд теңгесі базалық зейнетақы төлеуге, 2 трлн 569,8 млрд теңгесі ынтымақты зейнетақы төлеуге жұмсалды.2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 451 мың адам.2024 жылғы желтоқсанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 356 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 819 теңге, базалық зейнетақы – 42 537 теңге.Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылғы 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға оза отырып ұлғайтылды.Бұдан басқа Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылады.Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-нан 70%-ға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50 851 теңгені құрайды.2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 90 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 110% белгіленеді.Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/920523
2024 жылы қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде 693 млрд-тан астам теңге төленді 25.01.2025
2024 жылы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 613,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 80,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 552,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 193,9 мың адамды құрады.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. 2024 жылы 102,3 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал шамамен 67,9 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 6,5 %-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 6,5 %-ға артты.Осылайша жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 101 702 теңгені, 2-топ үшін – 81 362 теңгені, 3-топ үшін 55 474 теңгені құрайды.2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 60 407 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 64 772 теңгені құрайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/921390
С. Жақыпова азаматтарды қабылдады 25.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдау өткізіп, еліміздің әр өңірінен келген 3 адамның мәселелерін қарады.Министрге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және олардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері жөнінде сұрақтарын жеткізді.Светлана Жақыпова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуге көмек көрсетуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/921820
2024 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 895 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді 25.01.2025
2024 жылы мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалпы сомасы 895,3 млрд теңгені құрайтын төлемдермен 648,8 мың адам қамтылды.Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2024 жылы республикалық бюджеттен барлығы 64 млрд теңге сомаға 378,1 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда туған, асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа алған балалары бар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалары бар адамдардың (отбасылардың) бала күтіміне байланысты жәрдемақы алуға құқығы бар. Есепті кезеңде 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жәрдемақыны 41,6 млрд теңге сомасына 126,3 мың адам алды.Бала тууына және бала күтіміне арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) байланысты белгіленеді. 2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға индекстелген.Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшері:- бірінші, екінші, үшінші балаға – 38,0 АЕК немесе 149 416 теңге;- төртінші және одан кейінгі балаларға – 63,0 АЕК немесе 247 716 теңге.Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:- бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге;- екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге;- үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге;- төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.Бұдан басқа жұмыс істейтін азаматтарға жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда МӘСҚ-тан төленетін әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады.Төлем мөлшері жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы берілгенге дейінгі соңғы 12 ай ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.Аталған біржолғы төлемді 2024 жылы жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге 245,7 мың адам алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11% - ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады.Сондай-ақ МӘСҚ-дан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туған күнінен бастап тағайындалады. Төлемнің мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық кірістің 40%-н құрайды. Екі және одан да көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке тағайындалады.2024 жылы бұл төлем 276,8 мың адамға тағайындалды, ай сайынғы төлемнің орташа мөлшері 86 758 теңгені құрады. 404,1 млрд теңге сомасына төлем берілді, бұл 2023 жылы төленген сомадан 1,4 есе көп.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/922009
2024 жылы көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 546 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды 25.01.2025
2024 жылы көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 818,1 мың отбасы жалпы сомасы 546,3 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 579,5 мың отбасыға 474,1 млрд теңге мөлшерінде; наградталған анаға берілетін жәрдемақы 238,5 мың адамға 72,1 млрд теңге мөлшерінде төленді.Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:«Күміс алқа» алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға артқанын атап өтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/922014
С. Жақыпова Өзбекстан Президенті жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры М. Оллоеровпен кездесті 25.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Өзбекстан президентінің кеңесшісі – Президент жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры Мансұрбек Оллоеровпен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар әлеуметтік саладағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.Кездесудің басында Светлана Жақыпова Мансұрбек Оллоеровқа осындай жүздесу үшін алғыс білдіре отырып, Министрлік жүзеге асырып жатқан негізгі шаралармен таныстырды.Атап айтқанда ЕХӘҚМ басшысы 2023 жылы қабылданған азаматтардың туғаннан бастап қартайғанға дейінгі базалық әлеуметтік құқықтарын бекітетін Әлеуметтік кодекс туралы хабардар етті. Оның басты жаңашылдықтарының бірі – Отбасының цифрлық картасын енгізу. Ол азаматтарды мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы хабардар ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдарға өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын тиімді жоспарлау үшін деректерді талдауға мүмкіндік беретін интеграцияланған платформаны ұсынады.«Отбасының цифрлық картасы қазақстандық отбасыларды қолдауға және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Ол сондай-ақ мемлекеттік органдарға әлеуметтік дамудың болжамдары мен бағдарламаларын әзірлеуге көмектеседі, бұл әлеуметтік саясаттың міндеттері мен бағыттарын жоспарлауды жақсартуға ықпал етеді», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.Сонымен қатар министр 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы туралы айтты, оның шеңберінде мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік моделінен әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу көзделуде. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялаудың жаңа тәсілдері ұсынылды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялауды енгізуге және әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын арттыруға ерекше назар аударылды.Өз кезегінде Мансұрбек Оллоеров Қазақстанның әлеуметтік саладағы жұмысын жоғары бағалап, енгізілген жобалардың табысты болғанын атап өтті. Ол осы бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық білдіріп, бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, ол қазақстандық делегацияны ынтымақтастықты нығайту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылау үшін Өзбекстанға шақырды.Кездесу соңында ЕХӘҚМ басшысы аталған бастамаларды қолдап, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Светлана Жақыпова Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге және барлық қызығушылық тудырған жобалар бойынша жемісті ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/922735
By Victory Day, WWII veterans are planned to be paid 5 million tenge each 25.01.2025
As part of the celebration of the 80th anniversary of the Victory in the Great Patriotic War, it is planned to pay WWII veterans a one-time financial assistance in the amount of 5 million tenge.As of January 20 of this year, 120 veterans of the Great Patriotic War (hereinafter referred to as WWII) live in Kazakhstan, as well as 42,545 citizens who contributed to the victory in WWII. Among them: residents of besieged Leningrad - 67 people; former underage prisoners of concentration camps - 139 people; spouses of a deceased person with a disability due to injury, concussion, mutilation or illness received during the Great Patriotic War - 743 people; widows of soldiers who died (deceased, missing) in the Great Patriotic War - 2 people; Home front workers - 41,594 people.Caring for veterans and home front workers, improving their quality of life - are one of the main priorities of the state social policy. Social protection measures for the elderly are implemented both at the central and local levels.Firstly, the size of pensions and other social benefits increases annually. 19 categories of citizens (war participants, home front workers, rehabilitated citizens, etc.) are paid a special state benefit, regardless of other social benefits.As of January 1, 2025, the total amount of monthly social benefits received, taking into account pensions for WWII participants amounted to 262,334 tenge and for persons with disabilities due to injury, concussion, mutilation or illness received during the Great Patriotic War - 279,330 tenge.Secondly, additional measures of social support are provided to veterans. All of them have the rights and guarantees that apply to military personnel. They enjoy tax benefits, they receive qualified medical care in specialized hospitals in the cities of Astana and Almaty, and are provided with spa treatment.Thirdly, annual payments of one-time financial assistance have become traditional.This year, according to information from local executive bodies of regions, the capital and cities of national significance, in honor of the celebration of the 80th anniversary of Victory Day, 120 WWII veterans will be provided with one-time financial assistance in the amount of 5 million tenge.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/923751
2024 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 16 млрд-тан астам теңге төленді 25.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 120 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер, 26 506 басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, 41 594 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері бар. 2024 жылы ардагерлердің аталған санаттарына 16,7 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған.Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2025 жылы – 62 912 теңге);жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2025 жылы – 27 875 теңге);- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2025 жылы – 24 339 теңге);- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2025 жылы – 18 874 теңге);ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2025 жылы – 8 376 теңге).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/923763
О. Анафин табысы аз қазақстандықтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы хабарлады 25.01.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Үкіметте өткен баспасөз конференциясында табысы аз қазақстандықтарға көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты. Мұндай санаттағы азаматтарға коммуналдық қызметтерді өтеуге тұрғын үй және әлеуметтік көмек пен отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығаруға бағытталған атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерді төлеуге, тұрғын үйді күтіп ұстауға арналған шығыстары жергілікті өкілді органдар белгілеген осы мақсаттарға арналған шығыстардың рұқсат етілген шекті үлесінен асатын азаматтарға көрсетіледі. Шекті рұқсат етілген үлестің мөлшері 10%-дан аспайды.Көмектің бұл түрі тек бір тұрғын үйі болған жағдайда жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан ұсынылады.Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтінішті электрондық үкімет порталы (egov.kz) немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.«2024 жылы жергілікті атқарушы органдар жалпы сомасы 592 млн теңгеге 17,5 мың отбасына немесе 41,2 мың адамға тұрғын үй көмегін көрсетті. Осы жылы жергілікті бюджеттерден тұрғын үй көмегін төлеу үшін 41,9 мың алушыға 1,5 млрд теңге қарастырылған», – деді Олжас Анафин.Қосымша коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және жергілікті бюджеттерден қатты отын сатып алуға азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы және ай сайын әлеуметтік төлемдер ұсынылады. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерін және оған жүгіну мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі. «Бұл төлемдер барлық өңірлерде қарастырылмаған және ол жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне байланысты болады. 2024 жылы бұл мақсаттарға 181,2 мың алушы үшін 5,3 млрд теңге бағытталды. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2025 жылы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек төлеуге 193,7 мың алушы үшін 2,6 млрд теңге қарастырылған. Белгіленген критерийлерге сәйкес азамат бір мезгілде тұрғын үй көмегі мен әлеуметтік төлем ала алатынын атап өту маңызды», – деді Олжас Анафин.Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен (өңірлік медиандық кірістің 35%-ы, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан кем емес) табысы аз отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) көрсетіледі.«Тарифтер көтерілген кезде бағаның өсуі ең төменгі күнкөріс деңгейінің азық-түлік емес бөлігіне (55% азық-түлік, 45% азық-түлік емес бөлігі) әсер етеді. Осылайша, коммуналдық қызметтер құнының өсуі күнкөріс деңгейінің жоғарылауына және сәйкесінше АӘК мөлшеріне әсер ететін кедейлік шегінің өзгеруіне әкеледі.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл өзгерістерге дайын. Табысы кедейлік шегінен төмен барлық қазақстандықтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. 2024 жылы АӘК төлеуге 78,1 мың отбасының 413,7 мың мүшесі үшін 39,5 млрд теңге жұмсалса, биыл бұл мақсаттарға 1 млн адамға 132,9 млрд теңге қарастырылған», – деп атап өтті Олжас Анафин.Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлемдер түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығару.АӘК мыналарды көздейді:- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;- бір жастан бастап алты жастағы балалары бар табысы аз отбасылардың әр баласына 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру;- жұмысқа орналасу, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және т. б. арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті Мансап орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/923943
Өткен тәулікте қар құрсауынан 400-ден астам адам құтқарылды және эвакуацияланды 25.01.2025
Өткен тәулікте ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты Қазақстанның автожолдарында ТЖМ 416 адамды, оның ішінде 12 баланы құтқарып, эвакуациялады, сондай-ақ 42-ден астам көлікті қар құрсауынан шығарды. 11 өңірдің аумағында қалыптасқан күрделі метеорологиялық жағдайдың нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың 38 учаскесінде және облыстық маңызы бар 31 учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді. ТЖД, ПД, ЖАО, волонтерлер мен жол қызметтерінің күштерімен автокөлік кептелісі болған орындарда тамақтану ұйымдастырылды, жылыту шатырлары орнатылды, адамдарды жылыту пункттеріне орналастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын жақын жердегі елді мекендерге тасымалдау жұмыстары жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдары, телерадиоарналар мен СМС-терді тарату арқылы ауа-райының нашарлауы және автожолдардың жабылуы туралы халықты хабардар ету жүргізілді. Еліміздің 18 өңірінде жедел штабтар ашылып, жедел желі телефондары жұмыс істейді. Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн: Ақтөбе облысында 82 шетелдік азаматты эвакуациялау «Самара-Шымкент» тас жолында Шымкент қаласынан Ресей Федерациясына бара жатқан автобус бұзылып қалып, жолын жалғастыра алмады. Жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінді. ТЖМ қызметкерлері Өзбекстан, Тәжікстан және РФ азаматтары болып табылатын 82 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізді. Шетел азаматтары Қазақстан құтқарушыларына алғыс білдірді. Ұлытау облысында бұзылып қалған автобустың жолаушыларын құтқару Қаражал қаласынан Шалғия кентіне қарай 20 шақырым жерде құтқару операциясы жүргізілді. 50 жолаушыны тасымалдап келе жатқан автобус бұзылып, қатты боран салдарынан жолда қалып қойды. ТЖМ қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып автобусты Қаражал қаласының №7 мектебіне жеткізді. Қолын үсік шалған автобус жүргізушісі қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді. Жетісу облысында қар құрсауында қалған балықшыларды құтқару ТЖМ құтқарушылары патрульдеу барысында төрт балықшы отырған жеңіл көлікті анықтады. Ауа райының нашарлауына байланысты олар жолдан адасып, қар құрсауында қалған. Құтқарушылар көлікті қардан шығарып, балықшыларды қауіпсіз жерге дейін жеткізді. Жамбыл облысындағы құтқару операциялары Қар құрсауынан тағы 11 адам құтқарылды. «Алматы-Ташкент» автожолының учаскесінде қатты қарлы боран салдарынан екі жеңіл автокөліктің, жол бойындағы дәмхананың және жолаушылар автобусының жолаушылары жолда қалып қойды. ТЖМ қызметкерлері қиын жағдайға тап болған азаматтарға жедел түрде көмекке келді. Құтқару операциясын жүргізуге үш қызметкер мен бір бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында 11 адам эвакуацияланып, Бауыржан Момышұлы атындағы ауылға жеткізілді. Жамбылдық құтқарушы боранда бірнеше шақырымды еңсеріп, адамдарды эвакуациялады. Жуалы ауданындағы «Момышұлы-Қошқарата» автожолының жабық учаскесінде үш трактор қар құрсауында қалып қойғандықтан құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Көмек көрсету мақсатында ТЖМ құтқарушылары «Трэкол» жол талғамайтын көлікпен шақырту орнына барды. Ауа-райының қолайсыз болғандықтан құтқарушы Рауан Ахметов қардың астындағы жолды анықтау үшін көліктің алдында жаяу жүрді. Боранға қарамастан, олар шақырту орнына жетіп, тракторлар ішіндегі алты адамды Қөлтоған ауылына эвакуациялады. Осы уақытта тракторларды шынжыр табанды тартқышымен жақын маңдағы елді мекенге сүйреп жеткізді. Сонымен қатар «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетілді. Атқарылған жұмыстар барысында 10 жолаушы автокөлігіндегі жалпы саны 377 адам, оның ішінде 75 жасөспірім Тараз қаласындағы темір жол вокзалына жеткізіліп, Шымкент бағытына жөнелтілді. ТЖМ қызметкерлері ЖАО мен волонтерлер бірлесіп, Айшабибі ауылының кіреберісіндегі жолаушыларға көмек көрсетіп, ыстық тамақ ұйымдастырды. Бір отбасының 4 адамы «Алматы-Ташкент» тас жолының 6-шақырымындағы Б. Момышұлы ауылының маңында қар құрсауында қалды Автокөлікте толғағы басталған жүкті әйел, екі бала және ер адам болған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, көліктегі отбасы мүшелерін өрт сөндіру көлігіне эвакуациялап, көлікті қауіпсіз жерге сүйреп жеткізді. Одан кейін әйелді Б. Момышұлы ауылының медициналық пунктіне жеткізді. Ер адам мен балалар туыстарының үйлеріне жөнелтілді. Абай облысындағы құтқару операциялары Аягөз қаласындағы 112 пультіне Өркен ауылдық округінің әкімі хабарласып, Бақанас ауылында жүкті әйелге көмек қажет екенін хабарлады. Боран соғып, жолда жүру мүмкін болмады. ТЖМ мен жедел жәрдем қызметкерлері Аягөз қаласынан жедел түрде оқиға орнына шықты. Дәрігерлер мен құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жүкті әйел Аягөз аудандық орталық ауруханасының перзентханасына уақтылы жеткізілді, ол босанды. Аягөз ауданы Қарағаш ауылдық округінің аумағында орналасқан «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық маңызы бар автожолының 736-шақырымында «Ақжар-Алматы» бағытында жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы жол жиегіне шығып кеткен. Оқиға орнына ТЖМ және ҚМ 15701 әскери бөлімінің қызметкерлері жедел түрде жетіп, бірлесіп 10 жолаушыны эвакуациялады. Барлық жолаушылар Аягөз қаласына жеткізіліп, жылыту пунктіне орналастырылды. Шығыс Қазақстан облысында жолда қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмекке келу Глубокое ауданында «Шемонаиха Секисовка» тас жолында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалды, оған көмек көрсетуге құтқарушылар келіп, көлікті қардан алып шықты. Шемонаиха қаласына қарасты жолда ТЖ қызметкерлері қар құсауында қалған тағы 6 автокөлікті анықтап, өтімділігі жоғары «ТРЭКОЛ» көлігімен төтенше жағдайға тап болған адамдарға көмектесті. 8 адам жақын маңдағы елді мекенге жеткізіліп, оларға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Қарағанды облысының автожолдарындағы құтқару операциялары Шет ауданында Ақсу-Аюлы ауылынан 90 шақырым жерде қар құрсауынан 8 жеңіл автокөлік шығарылды. Автокөліктердің ішінде болған 15 адам, соның ішінде 1 бала құтқарылды. Сол ауданда Ақсу-Аюлы ауылынан 75 шақырым жерде қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 2 адам Ақсу-Аюлы ауылына жеткізілді. Нұра ауданының Нұра кентінен 33 шақырым жерде Көбетей ауылының маңында қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 2 адам Нұра кентіне жеткізілді. ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының психологтары автокөлік кептелісі орын алған жерлерде 18 зардап шеккен адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетті. ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда. Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/923189
ТЖМ қызметкерлері балаларға ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты 25.01.2025
  Құтқарушылар өскелең ұрпақпен ТЖ кезінде қауіпсіздік шараларын оқыту бойынша жұмыс жүргізуде. Балалар үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі, олар жаттығулар, тақырыптық сабақтар, әңгімелер, интерактивті сабақтар, жарыстар, ашық есік күндері және оқу-жаттығулар.    Мәселен Павлодар қаласының балабақшасының тәрбиеленушілері ТЖД қызметкерлері ұйымдастырған танымдық іс-шараға қатысты. Құтқарушылар жас қатысушыларға қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтып, сіріңке  ойыншық еместігін түсіндірді. Балалар әңгімеге белсенді қатысты, сұрақтарға қуана жауап берді, тақырыптық байқауларда өздерінің білімдері мен ептіліктерін көрсетті. Өз кезегінде балалар мен тәрбиешілер «Кошкин дом» сахналық қойылымын дайындады, онда олар әртүрлі жағдайлармен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын айқын көрсетті.   Сонымен қатар балабақшада өрт сөндіру машинасына, өрт сөндіргішке дейін барлық алғашқы өрт сөндіру құралдары бар өзінің балалар өрт қауіпсіздігі бұрышы бар, ал қабырғаларында шұғыл қызметтердің нөмірі жазылған. Облыстық ТЖД психологтары мен қызметкерлері арнайы балабақша-мектеп-интернат кешенінің тәрбиеленушілері үшін ерекше және танымдық күн өткізді. Қызметкерлер балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып, өрт сөндіргішті қалай пайдалану керектігін, сондай-ақ тақырыптық бейнероликтерді көрсетті.   Өскемен қаласының балабақшасында құтқарушылар оқу-жаттығу өткізді, онда музыкалық залда қысқа тұйықталу салдарынан шартты түрде болған жануды сөндірді. Өрт сөндірушілер құтқару капюшондарын пайдаланып, 47 баланы тез арада эвакуациялады, бала мен тәрбиешіні қауіпті аймақтан уақтылы құтқарды, 30 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Балалармен және тәрбиешілермен өрт шыққан жағдайда алғашқы әрекет ету дағдылары мен эвакуация ережелері пысықталды.   Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бөбекжай-бақшасында кішкентай балалармен ойын сабағы ұйымдастырылды. Мақсаты - балалардың өрт сөндірушілер туралы ой-өрісін кеңейту, шығармашылық ойындар арқылы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Балалар өз кезегінде өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы ойындарға белсенді қатысты. Сонымен қатар Ақжайық ауданында бастауыш сынып оқушыларымен профилактикалық сабақтар ұйымдастырылды. Балалармен әңгімелесу барысында құтқарушылар тұрмыстағы қауіпсіздік, өрт кезіндегі тәртіп ережелері, ұялы байланыс бойынша шұғыл қызметтерді шақыру туралы еске салып, сұрақтарға толық жауап берді. Балалар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жабдықтарына үлкен қызығушылықпен қарап, жауынгерлік киім-кешектерді киіп көрді.   «Сабақтың бұл форматы балаларға қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілік пен зейінді дамыта отырып, маңызды ережелерді меңгеруге және оларды іс жүзінде бекітуге көмектеседі. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, сондай - ақ олардың мамандықты түсінуін кеңейтеді және өрт сөндірушілердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелейді», - деп Павлодар облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Оразбек Уәлиханов атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/923956
Қазақстан ТЖМ авиациясы 20 жыл бойы адам өмірлерін құтқарып келеді 25.01.2025
Бүгін ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішев және ТЖМ авиациясы «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының бас директоры Алпамыс Камаловтың қатысуымен компанияның 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында компанияның дамуына айтарлықтай үлес қосқан қызметкерлердің еңбегін атап өту мақсатында ТЖМ ведомстволық наградалары, сонымен қатар естелік медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар олардың еңбегін, кәсібилігін және өз ісіне адалдығын мойындаудың символы болып табылады. Азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның 20 жылдық мерейтойына орай «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы әуе кемесінің командирі Арман Амантайұлы Дәулетбеков наградталды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы әуе кемесінің бортмеханигі Кани Манапұлы Айдаров және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы әуе кемесінің автомеханигі Владимир Михайлович Юрасов марапатталды. «ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» авиациясының үздігі» медалімен әуе кемесінің командирі Максат Джамгирбаевич Идигеев, ұшу жарамдылығын жоспарлау және қолдау бөлімінің жетекшісі Айгерим Мураткызы Жармухан наградталды. Ұшу бөлімшесінің командирі Жалын Жумагазинович Аязбаев, бас инженер Назгүл Жолдасқызы Сыздықова, экономикалық жоспарлау бөлімінің жетекшісі Раушан Ельшибековна Ашимбаева, маман Ерлан Ергалиевич Жапаров, оңтүстік өңірлік басқармасының жұмысшысы Данияр Бекбалович Калмурзаев, қызметтік үй-жайларды жинаушы Улболсын Идаятовна Уразова алғыс хаттармен марапатталды. Осы екі онжылдықта «Қазавиақұтқару» АҚ Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып, адам өмірін құтқару, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою және қоршаған ортаны қорғау бойынша маңызды міндеттерді орындап келеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/924488
ТЖ вице-министрі еліміздің бірқатар өңірлерінде болды 25.01.2025
  ТЖ вице-министрі Серік Төленбергенов, Өнеркәсіптік қауіпсіздік, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеттерінің төрағалары Рашид Дубаев пен Ермек Бейсеуов жұмыс сапарымен Алматы және Алматы облыстарында болды.   Сапар барысында олар Төтенше жағдайлар департаменттері бөлімшелерінің қызметімен танысып, өнеркәсіптік қауіпсіздік және төтенше жағдайларға ден қою саласындағы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ ұйымдық-штаттық өзгерістердің негізгі міндеттерін түсіндіріп, жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгіледі.   Сонымен қатар ТЖМ басшылығы өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасына, департаменттердің жоспарлау және жедел басқару орталығына барды, онда бөлімшелердің жұмысы, төтенше жағдайларға ден қою стратегиялары және жаңа технологиялық шешімдер туралы ақпарат берді. Сондай-ақ бөлімшелер арасындағы жұмысты ұйымдастыру және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.   «Біз әрқашан барлық бөлімшелеріміздің жұмысын үйлесімді және жедел етуге тырысуымыз керек. ТЖ алдын алу жүйесін дамытуды жалғастыру, сондай - ақ қызметкерлер арасында кәсіпқойлықтың жоғары стандарттарын сақтау, кез келген төтенше жағдайларға алдын ала және тиімді ден қою маңызды», - деп вице-министр атап өтті.     Алматы облысына сапардың маңызды сәттерінің бірі жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Қанат Қалиевті мемлекеттік награда «Ұжымдық қауіпсіздікті нығайтқаны үшін» медалімен марапаттау болды. Бұл марапат оның кәсібилігін, адалдығын және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін берілді.   Бұл жұмыс сапары ТЖД бөлімшелері арасындағы жедел үйлестірудің, өнеркәсіптік қауіпсіздікті нығайтудың және мамандарды даярлау деңгейін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ басым міндеттерді талқылауға және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.          Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/924506
Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды 25.01.2025
Үкіметте Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдануда.Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді.Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды.Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр.Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ.Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалалары үшін 36 млн теңге.Сондай-ақ «Наурыз жұмыскер» бағдарламасымен қатар Отбасы банкі отандық кәсіпорындармен «корпоративтік» өнім шеңберінде жұмыс істейтін болады, бұл кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне несие беру үшін қаражат бөлуін білдіреді.«Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кеншілер, металлургтер, тас қалаушылар, электриктер құюшылар ауыр жұмыстарды атқарады. Осы және басқа да көптеген мамандық иелері бізді негізгі қажеттілігімізді қамтамасыз етіп отыр. Мұндай мамандарға жасалған қамқорлық – бүкіл қоғамның игілігі үшін жасалған қамқорлықпен тең. Көпшілігі қиын жағдайда жұмыс істейді. Сондықтан олардың баспана мәселесін шешу – қиын еңбек жағдайларының орнын толтыруға септігін тигізеді», — деді «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923884
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР ФОРЕЛЬ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ 25.01.2025
Төлеби ауданында балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда, аудан аумағында осы кәсіпті қолға алған кәсіпкерлер саны 16-ға жетті. Мәселен, былтыр 4 кәсіпкер өз қаржысымен балық шаруашылығын ашып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Солардың бірі – «Сарсенов Сакен» ЖШС. Киелітас ауылдық округінде 0,14 га жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, 1500 дана сазан, 500 дана ақ амур және 5000 дана дөңмаңдай балықтарын өсіруде. Кәсіпкер балық шаруашылығынан бөлек демалыс аймағының құрылысын аяқтап, пайдалануға ұсынды.Сонымен қатар жеке кәсіпкер Исмаил Абдуллаев иелігіндегі 0,20 га жерге арнайы тоған жасап, 4000 дана сазан және 6000 дана тұқы балығын өндіруде.Таулы аймақ кәсіпкерлері де балықтың суық суға төзімді форель түрін өсіруді қолға алды. Жеке кәсіпкерлер Жұмағали Қияқов, Олжас Сұлтанқұлов Қаратөбе ауылдық округіндегі жерлеріне 3000 дана және 10 мың дана форель балықтарын өсіріп жатыр.Қызыл балық тұқымдастарға жататын оның бәсі биік, нарықта сұраныс жоғары. Кәсіпкерлер форель шабағын алдырып, арнайы қоректендіреді. Шаруашылық басшылары форельмен алғаш рет айналысып отырса да, әзірге ұсақ шабақтарды өсіруде күрделі мәселе туындамағанын айтады.Одан бөлек, «Шымкентбалық» ЖШС Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан 2 га жерде жерде балық ұстауға арналған бассейн жасап, форель балықтарын өсіріп, жылына 300 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/923888
ТҮРКІСТАН: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 25.01.2025
24 қаңтарда Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына терроризмге қарсы облыстық комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, жүргізіп отырды.Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде «Дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасының орындалу барысы», «Террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйі және кездесіп жатқан мәселелер, оны жоюға бағытталған ұсыныстар туралы», «Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрғындардың иммунитетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-насихаттық жұмыстарына қатысты мәселелер және оларды шешу жолдары» жөнінде баяндамалар жасалып, мәселелер талқыланды. Сонымен бірге 2024 жылдың қорытындысымен ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер қаралып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.Өңір басшысы Нұралхан Көшеров мәселенің маңыздылығына тоқталып, ұсыныстар мен пікірлер ескерілетінін жеткізді. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.Айта кетейік, бұған дейін биыл облыс әкімінің төрағалығымен Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 22 мәжілісі өткізілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924032
ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ 25.01.2025
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс аумағында тұрақты түрде тұрғындармен жеке қабылдау өткізіліп келеді. Кестеге сәйкес бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтарды жеке қабылдады.Қабылдауға Түркістан, Кентау қалаларының және Сауран, Бәйдібек, Келес аудандарының тұрғындары келді. Тұрғындардың басым бөлігі баспана мәселесін көтеріп, көмек беруін сұрады.— Тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл дегеніміз, ешкім өз кезегінен тыс пәтер алмайды, немесе біреудің орнына өтініш бере алмайды. Заң талаптарына сәйкес, әр азамат өз кезегін күтіп, әділ негізде пәтер алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан мұқтаж отбасыларға тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызын өтеп беру үшін «Отбасы банкіне» өтінім жолдау мүмкіндігі де бар,– деді Зұлпыхар Жолдасов.Сонымен қатар азаматтар әлеуметтік көмек алу, несие жабу, ауыз су, кәріз жүйесіне қатысты мәселелерді ортаға салды.Зұлпыхар Сансызбайұлы көтерілген әрбір мәселе зерделеніп, заң аясында шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Барлық өтініштер бақылауға алынды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924293
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ 25.01.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласына кіреберісте салынып жатқан 5 мың орындық мешіттің құрылыс алаңында жауапты басшылармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Құрылысты ширатуды, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды. Қауіпсіздік шараларын толық сақтауды ескертті. Мешіттің қасбеті салынып біткен. Мұнарасы қойылып, электр жарығымен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам, 9 техника жұмылдырылған. Шаһарда бой көтерген еңселі жаңа ғибрат орны әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізіліп жатыр. Жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Құрылыс жұмыстары биыл толық аяқталуы тиіс. Құрылыс барысында әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынатын жаңа ғибрат орнында 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Мешіт құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізіліп жатыр. Шығыс үлгісіндегі Ислам орталығының жер аумағы – 7,7 га. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924299
Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті 25.01.2025
Елордалық «Мама ПРО» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жүздеген әйелге бизнесте алға ұмтылуына көмектесті. Астанада осындай қайсар аналардың қатысуымен арнайы форум өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Қор Астана әкімдігінің қолдауымен құрылды. Жоба кәсіпкерлік жолын бастаған, бірақ қиындықтарға тап болып, ерекше баласы бар аналарға көмектесуге бағытталған. Ұйым бұл әйелдерге қысқа мерзімді курстарды ғана емес, сонымен қатар тереңдетілген оқыту бағдарламаларын, сондай-ақ бизнес жобаларын одан әрі дамыту үшін тәлімгерлік және коучинг сессияларын ұсына отырып, қолдау көрсетті.Тренинг 12 айға созылып, жеке бизнес-жобаларын бастаған түлектер қаржылық және маркетингтік жоспарлауды, бизнес үшін ЖИ-ді жүзеге асыру жолдарын үйренді, сонымен қатар 3 жыл бойы стратегиялық жоспарлауды құрастыруды үйренді.Жоба барысында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және қазірдің өзінде өз кәсібін дөңгелетіп жатқан 100-ден астам әйел оқытылды. Масштабтау, тапсырмалар беру және бизнес-процестерді оңтайландыру қажеттілігіне тап болған кәсіпкерлер оқу кезеңінде туындаған қиындықтарды жеңіп, өз бизнесін жаңа деңгейге көтере алды.Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, 2018 жылдан бері 143 курс өткізіліп, осы уақыт аралығында 3500-ден астам әйел осы ҮЕҰ-ның түрлі білім беру бағдарламаларына қатысып, білім алған.Ерекше балалар үшін қор сиплинг-дәрістер өткізеді, оған олардың ағалары мен әпкелері де шақырылады.«Бұл форум ауқымды жобаның аяқталуындағы маңызды кезең болды. Қала әкімдігінің қолдауының арқасында көптеген әйел жұмыс тауып, «Еңбек мобильділігі орталығы» арқылы жұмысқа орналасты. Біздің қызметкерлер арасында оқуын тәмамдап, командамызда жұмыс істеу үшін қалған аналар бар, бұл бізді қатты қуантады», - деді қордың құрылтайшысы Әсия Тикеева.Қордың білім беру жобаларына қатысушылардың бірі – Лейла Бехбудова. Ол балаларға арналған ойыншықтар тоқиды.«Мен өз жұмысымнан үлкен ләззат аламын. Ана ретінде мен үшін ең бастысы – ойыншықтардың қауіпсіз болуы. Мен оларды мақта жіптен жасаймын, ал ішін толтыру үшін холофибрді қолданамын. Тоқыған кезде бірден мықтап бекітуге тырысамын, сонда ештеңе кетпейді», - дейді Лейла Бехбудова.Оқыту курстары басқа өңірлердің тұрғындары үшін де қолжетімді: «Мама ПРО» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қорының өкілдігі Астанада ғана емес, Алматы, Шымкент, Қостанай және Өскемен қалаларында да жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/923839