Enbekshi QazaQ

Қуқық

Бюджеттік-салықтық реформалар жобасы сарапшылармен бірге талқыланды 19.01.2025
Премьер-министрдің бюджеттік-салықтық саясатты реформалаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу туралы тапсырмасына сәйкес, вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҰЭМ жанындағы Сараптамалық кеңестің бірінші отырысын өткізді.  Кеңес отырысына қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, 20-дан астам сарапшы, оның ішінде, ірі қаржылық, инвестициялық, талдау және консалтингтік ұйымдардың, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің, «Атамекен» ҰКП басшылары  қатысты. Жиынға қатысушылар бюджет табыстылығын арттыру шараларын, атап айтқанда, жаңа Салық кодексін әзірлеу шеңберінде ұсынылған жаңа және қазірдің өзінде ұсынылған шаралар кешенін талқылады. Қатысушылардың көпшілігі кодекстің жаңа редакциясында ұсынылып отырған бірқатар қолданыстағы салық жеңілдігін алып тастау, банктер мен қаржы ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін арттыру, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға салық салуды енгізу мерзімдерін 2030 жылдан 2026 жылға ауыстыру, ойын бизнесіне салық салуды қайта қарау жөніндегі шаралармен келісті. Аталған шаралар жиынтығында бюджетке түсетін кірістер табыстылығын 1 трлн теңгеден астамға арттыруға арналған. Алайда, бұл шаралар шығындар мен бюджет кірістері арасындағы қалыптасқан алшақтықты жабу үшін жеткіліксіз. Кеңесте атап өтілгендей, жыл сайын бюджетке түсетін салмақ артып келеді, әлеуметтік шығындар өсуде, ал экономиканың нақты секторын дамыту бюджет шығыстарының 10%-ынан азын құрап отыр. Салықтық-бюджеттік салаларда реформаларсыз жағдайды түзеу мүмкін емес. Кездесуге қатысушылар ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті теңестіру әрі салық салу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. «2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды. Біз өткен жылдардағы кейінге қалдырылған ұзақ уақытқа созылған реформаларды қабылдауға мәжбүр боламыз. Бұл – мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра алатындай бағаны нарықтық жағдайға келтіру. Өкінішке қарай, қазір салықтарға қатысты жағдайды түзету, оларды әкімшілендіруді жақсарту, тіпті кейбір жағдайларда мөлшерлемелерді қайта қарау үшін бірқатар танымал емес реформаларды қабылдауымыз керек. Ең бастысы, мұны Ұлттық қорды сақтау үшін емес, экономиканың нарықтық экономикаға айналуы үшін жасауымыз керек. Жаңа Салық кодексі, бүгін біз талқылаған ұсыныстардың кейбірі көп ұзамай көпшіліктің игілігіне айналады. Мен барлығын өз пікірін айтуға шақырамын», — деді «NAC Analytica» КҚ» (NU) басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов.  «Бүгін біз ҚР Ұлттық экономика министрлігімен дайындалып жатқан жаңа Салық кодексі туралы әңгіме қозғадық. Сөз ұсынылып жатқан көптеген өзгерістер турасында болды. Сол себепті қазір қарастырылып жатқан Салық кодексі ең алдымен еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Әрине, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, салық мөлшерлемесін көтеру немесе азайту сынды көптеген ұсыныстар бар. Осы орайда бізге халқымыздың болашағын жақсартуға үлес қосатын шешімдер қажет. Бүгінгідей кездесулердің маңыздылығы да осында жатыр», — деп атап өтті экономист Ғалымжан Айтқазин. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/920416
ТҮРКІСТАН: ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 19.01.2025
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық жөнінде жиын өтті. Оған ұйымдастыру жұмыстарына жауапты сала басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиын барысында «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты өңірлік іс-шаралар жоспары пысықталып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Бейсенбай Дәулетұлы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы биыл кең көлемде аталып өтілетінін жеткізіп, жауапты тұлғаларға ұсыныс хат енгізу жөнінде тапсырма берді. Кеңес Одағының батырларын насихаттайтын, идеологиялық жаңғырту бағытындағы жаңа жобаларды ұсынуды міндеттеді. Қаржыландыру бойынша алдын ала қамдану керек екенін де ескертті. Биыл Ұлы Отан соғысының батырларына құрмет көрсету, олардың ерлігін ұрпақ алдында мәңгілік ету, ел тағдыры, мемлекеттегі тыныштық пен тұрақтылық үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында облыс аумағында 93 іс-шара жоспарланған. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысының 9 ардагері бар. Ардагерлерге мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіліп келеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920346
Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады 19.01.2025
Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапары аясында барған көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі.Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек. Бірінші кезең аясында ҮАААЖ-нан (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көліккк дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деп күтілуде. Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/920457
Алматыда «Өмір сүру, сену, сүю» атты халықаралық көрме ашылды 19.01.2025
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының 25 жылдығына орай «Өмір сүру, сену, сүю...» атты көрме ашылды.Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Австрия, Германия, Канада және АҚШ суретшілерінің 100-ден астам туындылары ұсынылған.Халықаралық жоба жоғары көркемдік білімі бар, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін секілді түрлі өнерде шығармашылықпен айналысатын 70-тен астам кәсіби суретшілерді біріктірді.«Таң Шолпан» қоры Қазақстанда жалпы өнерді ілгерілетуді мақсат етіп қойған әйел суретшілерді жинаған жалғыз компания. Олардың өмір философиясы – өнерге, шығармашылыққа деген сүйіспеншілік. Бұл олардың бірегейлігін көрсетуге мүмкіндік береді.Экспозиция 9 ақпанға дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/920016
VISION 2025: sport management leadership – Қазақстанның спорт саласындағы жаңа көшбасшылары үшін ерекше мүмкіндік 19.01.2025
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ұйымдастыруымен өткен VISION 2025 іс-шарасы спорт менеджментінің жаңа көшбасшыларын даярлау үшін маңызды алаң болды. Бұл шараға ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек қатысты. Олар спорт саласындағы білім мен менеджментті дамыту ел үшін аса маңызды екенін атап өтті.Іс-шарада инновациялық Executive MBA (EMBA) Sport Management бағдарламасы түлектеріне диплом тапсыру рәсімі өтті. Бұл бағдарлама халықаралық серіктестермен бірлесіп әзірленіп, Қазақстанда спорт басқаруды жаңа деңгейге көтеру мақсатында жүзеге асырылды.Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (бұдан әрі APEMS) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында 2021 жылы Астана қаласында ашылды. APEMS спорт саласы үшін кадрлар даярлаудың жетекші жалпыұлттық орталығы болуды мақсат еткен.APEMS жоғары білікті мамандар даярлаудың бакалавриат және магистратура деңгейінде болашақ дене шынықтыру педагогтерін, спорт түрлері бойынша тренерлерді, спорт менеджерлерін, спорт психологтары мен басқа да спорт саласына кадрлар даярлайды.Бұл іс-шара Қазақстандағы спорт саласындағы басқарушыларды даярлау, спорт инфрақұрылымын дамыту және халықаралық тәжірибені енгізуге арналған үлкен қадам болды.Фото: El.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/920456
Қазақстандық қызанақ өндірушілер өз өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттай алады 19.01.2025
Ресей Федерациясы Қазақстаннан қызанақ әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде хабарлады.Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Россельхознадзор) «ВНИИКР» ФМБМ-мен бірлесіп жүргізген материалдарды талдау, сондай-ақ ҚР АШМ АӨКтегі мемлекеттік инспекция өкілдерімен келіссөздер қорытындысы бойынша 16 қаңтардан бастап «Россельхознадзор» Ресейге Қазақстаннан 36 жылыжай кешенінің қызанақтарын әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады.Өндіруші кәсіпорындар карантиндік объектілерден бос деп танылған жылыжай кешендерінің тізіміне енгізілген.Қазақстандық тарап өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қалған түрлері бойынша шектеулерді алып тастау туралы келіссөздерді жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920039
Маңғыстау облысының «Отеу-Бақай» жерінде 1000 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды 19.01.2025
ҚР АШМ Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті өтініш негізінде шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Шаруа қожалығын жүргізу үшін бөлінген жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды. Меншік иесіне жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.Нұсқаманың бір жыл ішінде орындалмауына байланысты сот шешімімен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынды.Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Сот шешімімен Департаменттің талаптары толық қанағаттандырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920289
ҚР АШМ Әлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына қатысуда 19.01.2025
Қазақстан делегациясы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының басшылығымен Берлин қаласында өтіп жатқан Әлемдік азық-түлік және ауыл шаруашылығы форумына (GFFA), сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің ең ірі халықаралық көрмелерінің бірі – «Grüne Woche»-ге қатысуда.Делегация құрамына Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өкілдері кірді.Делегация мүшелері «Биоэкономика және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі» атты панельдік сессияға белсенді қатысты.«Grüne Woche» көрмесі агроөнеркәсіп секторын дамытудағы инновациялық тәсілдерді көрсету үшін негізгі алаңға айналды.Ермек Кенжеханұлы Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторының шетелдік инвестициялар мен ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерін таныстырды.Жаңа іскерлік байланыстар орнату мақсатында делегация Еуропалық комиссия өкілдерімен, неміс және халықаралық агрокомпаниялар басшылығымен, сондай-ақ Еуропа мен басқа өңірлердің негізгі серіктестерімен екіжақты кездесулер өткізді.Атап айтқанда, вице-министр Аграрлық-саяси диалогтың жетекшісі Й. Клауспен, ADT-project – consulting GMBH жобасының жетекшісі У. Ведигемен, сондай-ақ Бундестаг депутаты, Германия Федералды азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің парламенттік статс-хатшысы К. Мюллермен кездесті.Сонымен қатар, делегация John Deere, DF Deutsche Forfait AG, BVVG, Innari және Германияның басқа да ірі компанияларының өкілдерімен бірлескен кездесулер ұйымдастырды.18-19 қаңтарда делегация мүшелері Орталық Азия елдері үшін тұрақты егіншілік бойынша аймақтық орталық құру мәселелері қаралатын Берлин ауыл шаруашылығы министрлерінің конференциясына қатысады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920402
Атырау облысында 6,4 млн дана жас балық құтқарылды 19.01.2025
Бақсай су арнасында кәмелетке толмаған балықты құтқару бойынша іс-шаралар жалғасуда.Жедел деректерге сәйкес 17 қаңтарда құтқарылған кәмелетке толмағандардың саны 6,4 млн дананы құрады.Құтқару операциясына 45 адам, 8 бірлік техника жұмылдырылды.Құтқарылған кәмелетке толмаған балықтар Жайық өзеніне тірі күйінде тасымалданады. Құтқарылған кәмелетке толмаған балықтардың түрлері-крестьян тұқы мен сазан, орташа салмағы 5-6 грамм.Жағдай ерекше бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920404
Елордада жұмыс істейтін жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады 18.01.2025
Осыдан бес жыл бұрын Астанада жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығы жоқ алғашқы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. Бұл мыңдаған қала тұрғынына бес жыл ішінде өз үйлеріне ақша жинауға мүмкіндік берді. Олар енді «Елорда жастары» бағдарламасы бойынша пәтерін сатып ала алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.2019 жылдан бері жұмыс істейтін жастарға арналған бес жылдық жалға берілетін баспана бағдарламасына қатысуға 17 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Осы уақыт ішінде оларға үш мыңнан астам пәтер берілді.Жалдамалы пәтерді алғаш алғандардың қатарында Нұрлыбек Мұратов та бар. Жас маман ретінде 2020 жылы баспаналы болды. Келісімшарт аяқталмай жатып-ақ, бірнеше жылдың ішінде ол ипотека бойынша бастапқы жарнаға ақша жинап, жеке пәтерін сатып алды.«Бұл бағдарлама жұмыс істейтін жастар үшін баспанаға қолжетімді болуымен өте ыңғайлы және тиімді. Ай сайынғы төлем – бір бөлмелі болса 10 000 дейін. Отағасы ретінде мен ешқандай ауыртпалық сезінген жоқпын», - деді ол.«Елорда жастары» бағдарламасы аясында еңбек шарты жарамды жастарға, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, әлеуметтік қорғау, полиция және т.б. салаларда жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі азаматтарға басымдық беріледі.Негізгі шарт – Астанада тұрақты тіркеудің болуы, соңғы бес жылда жылжымайтын мүліктің болмауы және тиісті табыс.«Олар 18 миллионға дейін пәтер таба алады, ал бастапқы төлем 10% – 1 миллион 800 мың, ол 19 жылға, 5 пайызбен беріледі. Менің ойымша, бұл өте тиімді. Сондай-ақ олар қайталама және бастапқы нарықтан да пәтер сатып ала алады», - деп атап өтті елордалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Балжан Қолғанат.Толығырақ ақпарат zhilfond.kz сайтында және тұрғын үй қорының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920444
Астанада шомылу қалай өтеді 18.01.2025
18-19 қаңтарға қараған түні православие христиандары басты мерекелердің бірі – Иеміздің шомылдыру рәсімін атап өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астанада Успен кафедралды соборында (күйші Дин көшесі, 27), Констатино-Еленин храмында (Республика даңғылы,12), саровтың Серафим храмында (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) мерекелік ғибадат қызметтері өткізіледі.Шомылдыру рәсімінен өту кезінде қауіпсіз шомылу үшін шрифттер жабдықталды. Астанада шомылу арнайы белгіленген орындарда өтеді.Астананың жүздеген тұрғындары мен қонақтары шомылдыру рәсімінен өту үшін жаппай шомылу орындарына жиналды. Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауында, "Метрополитен" саябағының жағалау аймағында (орталық жағажайдың жанында) орнатылған.Суға шомылу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін су бағышталғаннан кейін қол жетімді болды. Жаппай шомылу 19 қаңтарда сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады.ТЖД су-құтқару қызметі мен Астана ПД қызметкерлері діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.Ұйымдастырылған шомылудың әр орны мұзға арналған палубалармен және қауіпсіз түсулермен және киінуге арналған орындармен арнайы тәсілдермен жабдықталған.Қажет болған жағдайда құтқарушылар мен дәрігерлер адамдарды жылыту пункттеріне орналастыруға және медициналық көмек көрсетуге дайын. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/920446
«Мәтібұлақ» полигонында танкистер Т-72 танкін жүргізу дағдыларын жетілдіруде 18.01.2025
Гвардейск гарнизоны танк бригадасының әскери қызметшілері танк жүргізуден практикалық сабақтарға кірісті. Бұған дейін олар танктің тактикалық және техникалық сипаттамаларын, оның құрылымын, техникалық қызмет көрсету тәртібін және пайдалану ерекшеліктерін үйренді. – Жауынгерлік машинаның құрылымын өзіңнің бес саусағыңдай білуің керек. Жауынгерлік тапсырманы сәтті орындау үшін оқ-дәрі ғана емес, сонымен қатар май, отын, салқындатқыш деңгейі де маңызды. Мұның бәрі танктің жауынгерлік сипаттамасына және қарқынды жұмыс жағдайында жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. Біз сарбаздарға машинаны басқаруды ғана емес, оны жауынгерлік іске сақадай сай қып ұстауды да үйретеміз, – деді рота командирі аға лейтенант Тұңғышбай Айтмұхан.Тәжірибелік сабақтарда механик-жүргізушілер ойлы-қырлы жерлерде маневр жасау дағдыларын пысықтады. Табиғи және жасанды кедергілері бар 6 шақырымдық бағытты жүріп өтті. – Бұл менің жиырмасыншы жорығым. Сегіз айдың ішінде мен 140 шақырымнан астам жол жүрдім. Командирлерімізден көп нәрсе үйрендік, оларға көп рахмет, – деп бөлісті 21450 әскери бөлімі 1-ші танк батальонының механик-жүргізушісі қатардағы жауынгер Серікбол Талғат. Дайындықтың келесі кезеңдерінде әскери қызметшілер кедергілі өткелдерден, еңістерден өтуді, көтеріліп түсу қозғалыстарын үйреніп дағдылануға кіріседі. Сабақ барысында бөлімше командирлері сарбаздарға барынша білім беруге тырысады, ал сарбаздар техниканы пайдалану және қызмет көрсету кезінде тәлімгерлердің пәрмендерін нақты орындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/920398
Қарулы күштер мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдыру кезіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтады 18.01.2025
Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының башылығымен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы өтті. Оның барысын Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов қадағалады.Бұрын мұндай жаттығулар шектеулі құрамда өткізілетін. Биыл Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың басшылығымен өткен жұмылдыру жаттығуына алғаш рет жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылды.Оқу-жаттығу барысында Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары әкімдіктерінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс басқармаларының бастықтары өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, проблемалық мәселелерді белгілеп, оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеді.Оқу-жаттығуда әскерлерді жоғары жауынгерлік дайындық жағдайына келтіру, жұмылдыру ресурстары мен техниканы жеткізу мәселелері бойынша жергілікті әкімдіктердің өзара іс-қимыл тетіктері пысықталды. – Әкімдіктердің қатысуы бізге өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін армия мен жергілікті атқарушы органдардың ресурстарын интеграциялау алгоритмін пысықтауға мүмкіндік берді. Барлығы бірдей үйлесімді әрекет ету үшін жасалуда, – деп бөлісті Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаев.Командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға жасалған маңызды қадам болды. Оған барлық деңгейдегі билік өкілдерінің қатысуы ықтимал қауіптерге тиімді әрекет ету үшін әскери және азаматтық құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды едәуір нығайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/920406
ҚР ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді 18.01.2025
Қатысушылар ведомствалық бағынысты ұйымдардың 2023 жылғы даму жоспарларының іске асырылу нәтижелерін және Қоғамдық Кеңестің ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын қарастырды.Қоғамдық Кеңестің Төрағасы Дәрмен Сәдуақасов атап өткендей, осы жылдың соңына дейін ҰЭМ-нің 23 өзекті мәселесін: «Дипломмен ауылға», «Бизнестің цифрлық картасы» жобаларының, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының іске асырылу барысы, сонымен қатар ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы және т.б. қарау жоспарлануда.«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин Аслан Қалигазин жобаларға экономикалық сараптама жасауды, олардың іске асырылуын бағалауды және оқытуды қоса алғанда, МЖӘ орталығы жұмысының негізгі бағыттары туралы хабардар етті.«Қызметтің негізгі көрсеткіштері орындалды, оның ішінде МЖӘ мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, МЖӘ жобаларын, концессиялық жобаларды және бюджеттік инвестициялық жобаларды, Бюджеттік инвестицияларды сараптау және іске асырылуын бағалау. МЖӘ орталығы бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында оқыту мен біліктілікті арттыруды жалғастыруда», - деді А. Калиғазин.МЖӘ орталығы МЖӘ заңнамалық және әдіснамалық базасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, сондай-ақ 2025 жылы әлеуметтік салада және ТКШ-да бағдарламалық жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр.«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бюджеттік тәуекелдер және орта мерзімді макроэкономикалық модель туралы есептер әзірленді, сондай-ақ өңірлердің инвестициялық тартымдылығы бойынша деректер базасы құрылды. Ағымдағы жылы Институт әлеуметтік-экономикалық зерттеулер саласындағы жұмысын жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/920215
Қосшы қаласында 100-ге тарта отбасы қоныс тойын тойлады 18.01.2025
Еліміздің ең жас қалаларының бірі Қосшыда бүгін 93 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Көптен күткен пәтер кілттерін алғандардың қатарында көпбалалы аналар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар, балаларын тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналар мен толық емес отбасылар бар.Жаңа пәтерлер Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында сатып алынды. Үйлер Қосшы қаласының келешегі зор аудандарында орналасқан және әлеуметтік нысандар мен қажетті инфрақұрылымға жақын жерде салынған.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындарды құттықтай отырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік органдар қызметінің маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударады. Облыста жаңа тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алып келеді. Соңғы жылдары өңірдің тұрғын үй құрылысына 200 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылып, шамамен 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде 12 мыңға жуық ақмолалық отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді. Биыл біз барлық санаттағы азаматтарға шамамен 2 мың пәтерді табыстауды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті М. Ахметжанов.«Бүгін біз үйіміздің кілтін алдық. Отбасымыз бұл мүмкіндік үшін ел Президентіне алғысын білдіреді. Үйімізде жөндеу жұмыстары жасалғаны қуантады. Пәтеріміз жарық әрі жайлы – кір де тұра бер», – деді бес баланың анасы Күлшат Токпетова.Айта кетейік, өткен жылдан бастап тұрғын үй мәселесін шешудің тәсілдері өзгертіліп, азаматтарды баспанамен қамтамасыз етудің қосымша шаралары енгізілді. Республикалық бюджеттен әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін 850 пәтер сатып алуға қосымша қаражат бөлінді. Атап айтқанда, Қосшы қаласында 180 жаңа пәтердің кілттері табысталды.Соның нәтижесінде жыл ішінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде тұрған 2,5 мыңға жуық отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды. Бұл көрсеткішке 1,5 мың пәтердің құрылысы мен облыстың 10 өңірінде 850 пәтерді сатып алу арқылы қол жеткізілді. Жалпы, облыста 661 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл 6,3 мың ақмолалық жаңа әрі жайлы пәтерлерге қоныстанды деген сөз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/920422
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ЖҰМЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ 18.01.2025
✔️Спорт, мәдениет, дін істері және жастар саясаты салаларының жай-күйімен танысу үшін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Төлеби ауданына іссапармен арнайы барды. Онда қоғам, мәдениет, дін саласының өкілдерімен кездесіп, осы саладағы түйіткілдер бойынша ұсыныстарына құлақ асып, туындаған сұрақтарына жауап берді.✔️Бірінші кезекте облыс әкімінің орынбасары тиісті басқармалардың мамандарымен бірге Төлеби ауданының музейіне табан тіреді. Ондағы жәдігерлермен танысты. Музейде тарихи-медени құндылықтарды есепке алу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, экскурсия, экспозиция және көрме ұйымдастыру бойынша жұмыс атқарылуда. Жалпы 3 518 экспонат бар.✔️Нысанды аралау барысында музей қызметкерлері мұражайдағы түйіткілді мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.📌Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорт бағыты бойынша Леңгір қаласында шахмат, көркем гимнастика және ұлттық билер үйірмесі ашылып, балаларды баулуда. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыспен ашылған ЖК «Садыкова» үйірмесінің жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев балалардың шахмат, гимнастика үйірмесіне қатысып жүргені құптарлық жайт екенін айтып, баланың ойлау жүйесін жан-жақты дамытып, математикалық ойлау қабілетін дамытып, зеректігін арттыратынын жеткізді.📌Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ, дін өкілдерімен кездесуде аудан аумағындағы рухани жұмыстар жөнінде пікір алмасып, ел тұтастығын сақтау мен өзара ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920442
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛЕТІН ШЕТЕЛДІК САЯХАТШЫЛАР САНЫ АРТТЫ 18.01.2025
Түркістан облысында туризм саласына басымдық беріліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Жыл сайын аймаққа келетін туристер саны да артып келеді. Өткен жылдың 9 айында орналастыру орындарында 235 мыңнан аса адамға қызмет көрсетілген. Бір күндік келушілер саны 900 мыңға жуықтаса, туризм бойынша 5,3 млрд теңгенің қызметі көрсетілген. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров туризм саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.– Туризм саласын дамыту бойынша нақты жоспар әзірлеңіздер. Осы салаға қатысты индикаторлар толық орындалуы керек. Жұмысты жүйелеңіздер. Спорт, мәдениет басқармаларымен бірлесіп, жұртшылықты қызықтыратын іс-шаралар тізбегін әзірлеңіздер. Туристік инфрақұрылымды жақсарту, жол бойындағы сервистік қызмет сапасын көтеру, оқиғалы іс-шаралар бойынша нақты жұмыс істеңіздер. Түркістан облысына келген саяхатшы өзіне не ұсынылатынын, қайда баруға болатынын білуі тиіс. Ол үшін арнайы турпакеттер әзірленіп, ақпараттық жұмыстар жандануы қажет, – деген Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді.Түркістан облыстық туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Оның айтуынша, «e-qonaq» жүйесі арқылы есеп жүргізіліп, өткен жылы өңірге 21 мыңнан астам шетелдік турист келген. Шетелдік қонақтардың басым бөлігі көршілес елдерден келсе, АҚШ, Германия, Франция елдерінен де саяхатшылар бар. 2025 жылы 27 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, мыңнан аса жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Жалпы 26,3 млрд теңге инвестиция тартылады деп жоспарланған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920439
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНДІ 18.01.2025
✔️Түркістан облысындағы аудандар мен ауылдардағы мәдениет, білім, спорт нысындары зерделеніп, жөндеу бойынша жұмыс атқарылады. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылыс жұмыстарын қажет ететін бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, мәселені шешу жолдарын саралады.✔️Алдымен Зағамбар елді мекеніндегі Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің жай-күйімен танысты.✔️Мектеп 2000 жылдың басында тұрғындардың асарлатып, күш біріктіруімен бой көтерген. 2018 жылы қосымша ғимарат соғылған. Білім ошағында физика, химия, биология, мультимедия, робототехника STEAM кабинеттері, асхана, спорт залы бар. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін ғимарат бейнебақылау камераларымен қамтылған.📌Облыс әкімінің орынбасары мектепті аралау барысында білім ошағының жай-күйіне баса мән беріп, ұстаздармен тілдесті. Мектепте ақпараттық көрнекіліктерді жаңартып, оқушылардың араласып білім алуы қажеттігін айтып, ұстаздарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, өз қызметтерін адал атқаруды тапсырды. Жауаптыларға оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуы керек екенін айтты.📌Қазіргі таңда білім ошағының оқу корпусына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажеттігі жөнінде облыстық білім басқармасына ұсыныс берілген. Қаржы бөлініп, құрылыс жүргізілсе, мектептің жиhаздары мен компьютерлерін жаңарту жоспарлануда.📌Облыс әкімінің орынбасары мұнан соң Түркістан көпсалалы-техникалық колледжінің жұмысшы мамандықтарының оқу базасына барып, студент жастармен кездесті. Кездесу барысында студенттерге заман талабына сай өз ісінің кәсіби маманы болуы үшін білім алып, үнемі ізденісте жүріп, уақыт ағымына бейім болу қажеттігін айтты. Пікір алмасты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920440
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» АЯСЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА 18.01.2025
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі құрылыс нысандарын тұрақты қадағалауды тапсырған болатын. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Көксәйек елді мекеніндегі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс барысын бақылады.✔️Аталған нысанның құрылысы үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды жіті қадағалаған облыс әкімінің орынбасары атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдеріне сын-ескертпелер айтты. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, жұрт игілігіне уақытылы тапсыруды міндеттеді. 2023 жылы құрылысы басталған спорт кешенінің қуаттылығы 250 көрерменге арналған. Нысанда кіші баскетбол, волейбол, күрес, тренажер залдары орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 4267,99 шаршы метр. Аталған спорт кешенінің құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде.✔️Біркөлік елді мекеніндегі «Бәйшешек» спорттық суықтыру кешеніне барған облыс әкімінің орынбасары спортшылар тынығатын орын, жаттығу залын аралап көріп, асхананың жағдайына назар аударды. Аталған ғимаратта анықталған кемшіліктерге тоқтала келе, облыстық спорт басқармасының мамандарына оларды ретке келтіруді тапсырып, саланы дамытуға байланысты ұсыныстар беруді ескертті.📌Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары спортты дамыту мақсатында жаңаша бағытта жұмыс істеу керектігін жеткізді.📌Аудандар мен шалғай елді мекендерден жас таланттарды іздеп, спортқа баулуды тапсырды. 1972 жылы негізі қаланған спорттық кешен бір мезгілде 250 баланы қабылдауға қауқарлы. Мұнда күрес, бокс, ауыр атлетика, футбол, волейбол сияқты түрлі спорт түрлерімен айналысуға арналған жабдықталған залдар бар. Дегенмен, ғимараттың жағдайы бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920441
Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды кезекті рет жеке қабылдады 18.01.2025
17 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай облыс әкімдігі ғимаратында кезектілік тәртібімен жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады.Қабылдауға келгендердің бірі - 18 жыл шекара қызметінде еңбек еткен Жаңаөзен қаласының тұрғыны 2019 жылы жұмыстан шығарылғанына шағымданып, көмек сұрады. Өңір басшысы аталған жағдайдың заңдылығын тексеру жөнінде құзырлы органдарға тапсырма берді. Сонымен бірге, оның жұбайының кәсіп ашуына заң аясында қолдау көрсету мәселесін қарастыруды тапсырды.Тағы бір Жаңаөзен тұрғыны балаларын мансап орталығында бар жұмысқа орналастыруды сұрады. Әкім бұл өтінішті назарға алып, қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бос жұмыс орындарына орналастыру бойынша нақты тапсырма жүктеді.Әкіммен кездесуге келген ақтаулық көп балалы ана жеке концертін ұйымдастыруға және кәсіп ашуға ықпал етуін сұрады. Облыс әкімі мәдениет және кәсіпкерлік басқармаларына бұл мәселелерді назардан тыс қалдырмай, тиісті қолдау көрсетуді тапсырды.Жалпы қабылдау барысында тұрғындар жұмыссыздық, әлеуметтік қолдау, балаларға арналған оңалту орталықтары және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін көтерді.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай түйткілді мәселелердің түйінін тарқату үшін жауапты басқарма басшыларына өтініштердің заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды және тұрғындардың өтініштері бақылауда болатынын жеткізді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/920425