Enbekshi QazaQ

Қуқық

ТҮРКІСТАН: АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА 20.01.2025
Түркістан облысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру қатаң бақылауда. Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры үйлестіреді.Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы 3500 тонна картоп, 2500 тонна сәбіз, 1700 тонна қырыққабат және 2200 тонна пияз бар. Ал көкөніс сақтау қоймасында 460 тонна картоп, 150 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 25 тонна қырыққабат, 200 тонна бакалеялық өнімдер, 62 мың дана жұмыртқа сақтаулы. Қоймада картоптың көлемі жеткілікті. Алаңдауға негіз жоқ.Ішкі нарықта картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында базарлар, ірі сауда орындары мен әлеуметтік дүкен сөрелері және жәрмеңкелерде 100 теңгеден ұсынылып келеді.Өңір тұрғындары төменде белгіленген мекенжайларда картопты 100 теңгеден сатып ала алады.36 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН ТІЗІМІ:Түркістан қаласы бойынша:Отырар м/а, №1/1 (2 дүкен)Отырар м/а, №25Отырар м/а, №13а9-көше, №40/411-көше, №27/211-көше, №25/111-көше, №23/1160-квартал, №151160-квартал, №64160-квартал, №44Әл-Фараби көшесі, №184аАқ Орда көшесі, №46аМұсабекова көшесі, №25аАтатүрік көшесі, №192/1Сырдария м/а, №17/1Алтынбекова көшесі, №2/2С.Ерубаев көшесі, №223Б/4Т.Рысқұлов көшесі, №11Жібек жолы даңғылы, №23аМаңғытай мешітіЕсімхан даңғылы, №17/6Н.Оңдасынов көшесі, №45а1 м/а, №1Б1 м/а, №162 м/а, №13Кентау қаласы бойынша:Ш.Уалиханов көшесі, №178Төле би көшесі, №45Т.Рысқұлов көшесі, №111С.Сейфуллин көшесі, №93аАбай көшесі, №3аӘл-Фараби көшесі, №47Б.Момышұлы көшесі, №79Арыс қаласы бойынша:Ақиық көшесі, №1Майлықожа көшесі, №11Қазыбек би көшесі, №39Базарлар:Қуаныш (Түркістан қаласы)Алтын бұлақ (Түркістан қаласы)Ірі сауда орындары:Дастархан (Түркістан қаласы)Бәйтерек (Түркістан қаласы)Береке (Түркістан қаласы)Сондай-ақ ірі сауда орындарындағы 64 әлеуметтік бұрышта бекітілген төмен бағада сатылып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921086
«Іскерлік үзіліс» айдары.Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел 20.01.2025
Көктемде тасқын суын қоймаларға жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды сауатты бөлу жұмысын алдын-ала атқару қажет.Толығырақ «Іскерлік үзіліс» айдарының кезекті санында Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Сәкен Әтел айтып береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/920645
ҚБТУ ҚАЗАҚСТАН ТЕҢІЗ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАДЕТТЕРІ АТЛАНТ МҰХИТЫН КЕСІП ӨТТІ 20.01.2025
ҚБТУ ҚАЗАҚСТАН ТЕҢІЗ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КАДЕТТЕРІ АТЛАНТ МҰХИТЫН КЕСІП ӨТТІҚазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) және Қазақстан теңіз академиясының (ҚТА) екінші курс кадеттері Нидерландтың Eendracht желкенді кемесімен Атлант мұхитын еңсерді. Бұл бірегей білім беру жобасы олардың теориялық және практикалық дайындығын біріктіріп, болашақ теңіз мансабына маңызды негіз қалады.ҚТА екінші курс студенттері ерекше сапар жасап, Атлант мұхиты арқылы 3191 теңіз милін (шамамен 5910 шақырым) өтіп, Нидерландтың Eendracht желкенді кемесінде аталған саяхат, ҚТА мен STC Group арасындағы серіктестіктің арқасында оқу бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.Маршрут Африканың батыс жағалауындағы Кабо-Верде аралынан басталып, Кариб теңізіндегі Кюрасао аралында аяқталды. Бұл тәжірибе кадеттерге мұхиттық жүзу жағдайында теориялық білімдерін қолдануға мүмкіндік беріп, оқыту процесінің маңызды кезеңі болды.Сапар барысында штурман кадеттер тәулік бойы вахтаға шығып, астрономиялық навигациямен айналысты, ауа райының өзгерістерін бақылап, маршрутты дәл анықтау үшін әртүрлі навигация әдістерін қолданды. Сонымен қатар студенттер мұхиттың флорасы мен фаунасын зерттеп, киттер мен дельфиндермен кездесуді қоса алғанда көптеген қызықты жаңалықтар ашты.Механик кадеттер машиналық бөлімде жұмыс істеп, дәнекерлеу, токарьлық өңдеу және кеме механизмдерінің жұмысын зерттеу бойынша міндеттерді орындады. Бұл тәжірибе олардың кәсіби өсуі үшін өте маңызды болды, өйткені ол студенттерге кемелердің құрылымын ғана емес, сонымен қатар заманауи жабдықтармен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік берді.Қазақстан теңіз академиясының деканы Рамиль Бикташев:«Біз кадеттерімізбен мақтанамыз. Олар Атлант мұхитын кесіп өтіп қана қоймай, бұл сапарды аңызға айналған Eendracht желкенді кемесінде жүзеге асырды. Бұл кеме олар үшін нағыз өмір мектебіне айналып, командалық рухтың маңызды элементі болды. Желкенді кемеде кадеттер бірлескен жұмысқа үйренеді: бірге желкендерді тартып, кемені дұрыс бағытқа бұрады, түнгі вахтаға шығады және кез келген жағдайда бір-біріне қолдау көрсетеді. Бұл практика оларға кәсіби дағдылармен қатар жауапкершілік, тәртіп және өзара көмек сияқты маңызды қасиеттерді сіңіреді. ҚБТУ Қазақстан теңіз академиясының оқу бағдарламасы халықаралық стандарттарға сай келетін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біз кадеттеріміздің білім мен дайындықтың ерекше мүмкіндіктерін алатынына қуаныштымыз және олардың алған тәжірибесі болашақта сәтті теңіз мансабының негізін қалайды деп сенеміз».ҚТА екінші курс кадеттерінің бұл саяхаты олардың кәсіби қалыптасу жолындағы маңызды кезеңге айналды. Бірегей білім беру жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан-Британ техникалық университеті басшылығының, тәлімгерлер мен серіктестердің қолдауымен сәтті жүзеге асырылды. Бұл студенттерге құнды практикалық тәжірибе жинап, қазіргі заманғы теңіз саласының талаптарына дайындалуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/920714
ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ 20.01.2025
Түркістанда Түркістан музыкалық драма театрының жас әртісі Мұзафар Ғалымжанұлының алғашқы спектаклі көрерменге жол тартты. «Жалдамалы пәтер» қойылымының премьерасына жиналған көрермен нәзік сезімге негізделген шығармашылық әлеммен танысты.Қойылымның көтерер тақырыбы да өзекті. Тіршіліктің қамытын киіп, күнделікті күйбеңмен жүрген қаншама жан бәз біреудің босағасында пәтер жалдап күн кешуде. Жалдамалы пәтер жанға сая бола ма? Ал егер ол үйден күтпеген жерден тағдырыңды жолықтырсаң ше? Жұмбақ жағдайда танысқан қыз бен жігіттің арасын өнерге деген құштарлық жақындата ала ма? Махаббат хикаясының әрі қарай қалай өрбитінін театрдан тамашалауға болады.Басты рөлдерде Қадыржан Төреханов, Аяжан Жұмабек, Досымжан Арқабеков, Аида Серикова, Темірлан Еркінғалиев, Ақ-Сұлтан Әнуарбек, Ұлан Әділбек, Мейіржан Тұрсынов, Ақбала Ыбырайқызы, Болатбек Оспан, Мерей Құдайберген сынды театрдың әртістері ойнайды.Қойылымның композиторы – Ербол Нариманұлы, көркемдік жетекшісі – Мадина Мұратпекова. Авторы әрі режиссері – Мұзафар Ғалымжанұлы.Музыкалық драма мен комедия жанрларын ұштастырған қойылым 19 қаңтар күні де саханаланады. Билеттер тикетон сайтында және театр кассасында сатылады. Байланыс нөмірі: +7 707 145 17 17Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/920620
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ 20.01.2025
Ордабасы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және күресу мақсатында арнайы оқу-жаттығу өтті. Іс-шара төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, тиісті қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру бағытында ұйымдастырылды.Жаттығу барысында техникалардың, су сору құрылғылардың (мотопомпа) және жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, іс жүзінде көрсетілді.Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғаныс қызметтері мен арнайы техника жұмылдырылып, әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу пысықталды. Қатысушылар қауіпті жағдайларда адамдарды құтқару, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және эвакуация жұмыстарын үйлестіру бойынша тәжірибе жинақтады.Аудан басшысы Азат Оралбаев төтенше жағдайларға дайындықты күшейту және алдын алу шараларын жетілдіру қажеттігін атап өтіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Мұндай оқу-жаттығулардың тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы ерекше екенін айтты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921066
ТҮРКІСТАНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ТӘРБИЕШІЛЕРІ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 20.01.2025
1993 жылғы 19 қаңтардан бастап ел Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан армиясының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі командирлердің орынбасарлары институты құрылды.Түркістан облысы қорғаныс істері департаментінің басшылығымен «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуының 32 жылдығы қарсаңында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.Іс-шараға облыстың жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы, Қарулы күштердің, әскери қақтығыстардың ардагерлері және интернационалист-жауынгерлер, қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері, қаланың «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әкімдік өкілдері шақырылды. Олар құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі тәрбиешілерге алғыс хаттар, құрмет грамоталарын табыс етті.Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Қүлдербаев атап өткендей, бүгінгі таңда тәрбие және идеологиялық жұмыстардың көптеген бағыттары бар. Олар: ақпараттық-тәрбие, мәдени-демалыс және әскери-патриоттық жұмыстарды қамтиды. Тек осы жұмыстар арқылы әскери және құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ әскери ұжымдарда жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтау жүзеге асырылады.Салтанатты шара соңында Түркістан қаласының мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт өтті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921068
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛАР ОРЫНДАЛДЫ 20.01.2025
Түркістан облысында 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. Алдын ала есеп бойынша ЖӨӨ көлемі 4,9 трлн теңгені, ал қысқа мерзімді экономикалық өсім 111%-ды құрады (РК 106,2%). Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 6%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 12 айдың қорытындысымен көлік және қоймалау және ауыл шаруашылығынан басқа көрсеткіштерге толық қол жеткізілді.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде экономикалық өсімді молайту жолдары қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.– Аудан, қала әкімдері және басқарма басшыларына 2025 жылға белгіленген көрсеткіштердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Негізгі индикаторлардың орындалуы тоқсан сайын аппараттық мәжілісте талқыланады. Рейтингте соңғы 3 орында тұрған аудан әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігін қарау бойынша ұсыныс енгізілсін. Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндіріс орындарын ашу бағытында жұмысты жандандырыңыздар. Нақты іске көшу керек, – деген Нұралхан Көшеров көрсеткіші төмен аудан, қала әкімдеріне, жауапты басқарма басшыларына сын-ескертпе айтып, тиісті міндеттер жүктеді.Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, Өнеркәсіп өнім көлемі 1,2 трлн теңгені құрап, өсім 110,1% деңгейінде қалыптасқан. Өңдеу өнеркәсібі өнімі нақты 585,4 млрд теңгені құрап, 13,1%-ға артқан. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 1 трлн, 83 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% деңгейінде қалыптасқан. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада көш басында тұр. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, 1,4 есе артығымен орындалды. Құрылыс жұмыстары көлемі 536,2 млрд теңгені құрап, 1,3 есеге артты. Межеге толығымен қол жеткізілген.Облыс әкімінің тапсырмасымен 2025 жылға аудан, қалалардың экономикалық даму өсімін қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленуде. Сонымен қатар берілген тапсырмаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму индикаторлары бойынша рейтингтік бағалау тұрақты жүргізіліп келеді.Апталық мәжілісте өңірде Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы аппарат басшысының орынбасары Әділ Бектұрғановтың баяндамасы тыңдалды. Облыс әкімі тарапынан жауапты басшыларға тиісті міндеттер жүктелді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/921081
Қазақстанның 9 облысында гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша ұйымдар құрылды 20.01.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында еліміздің 9 өңірінде коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдар құрылды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында жаңадан ашылған мекемелердің жұмысы қарастырылды.Атап айтқанда, арнайы мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Жетісу және Абай облыстарында жұмысын бастады. Осылайша, еліміздегі коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 15-ке жетті.Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан ашылған мамандандырылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтi-құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жүргізуде.«Әкімдіктер жаңадан ашылған арнайы мекемелерге білікті мамандарды тарту мәселесін қарастыруы қажет. Ол үшін мамандардың еңбекақысын көтеру, баспанамен қамту және де тағы да басқа қолдау іс-шараларын енгізген жөн. Бұдан бөлек, мекемелерді арнайы техника және құрал-жабдықмен қамтамасыз ету керек», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/920655
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ 20.01.2025
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҚР ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ2025 жылғы 17 қаңтарда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданды, онда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу жаңа қағидалары бекітілді.Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларында сұрыптау тетікті енгізу арқылы конкурстық іріктеуді жаңарту көзделген. Осылайша, осы жаңашылдыққа сәйкес қажетті балл санын жинамаған үміткерлер келесі турға жіберілмейді.Мемлекеттік қызмет аппаратын одан әрі жақсарту мақсатында «мемлекеттік қызметшілер» категориясы енгізілді. Бұл категория бойынша мемлекеттік қызметкерлерге «магистратура» бағдарламасына қатысу үшін тіл курстарынан өту мүмкіндігі ұсынылады.Сондай-ақ бағдарлама түлектері еңбек өтілімін Қазақстан Республикасы мүше халықаралық ұйымдарда, мысалы, БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМҰ сияқты ұйымдарда өтеу мүмкіндігі қарастырылған.Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне уәждемелік хат енгізілді. Бұдан басқа, конкурстық іріктеуден өте алмаған үміткерлерге сол күнтізбелік жылы конкурсқа қайта қатысу құқығы беріледі.Жалпы бұл өзгерістер «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіріп, еліміздің әртүрлі салаларында білікті мамандар даярлауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/921096
«Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушылар Сәтбаев университетінде білім алу кезінде шығындарын 50%-ға дейін үнемдей алады 20.01.2025
«Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушылар Сәтбаев университетінде білім алу кезінде шығындарын 50%-ға дейін үнемдей аладыСәтбаев университеті – Мемлекет басшысының «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі бастамасын қолдап, осы бағдарламаға қатысушыларға елеулі жеңілдіктер беріп отырған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны.2025 жылы 20 қаңтар күні Сәтбаев университеті мен мемлекеттік білім беруге жинақтау жүйесі саласының операторы – «Қаржы орталығы» АҚ арасында жасалған меморандумға қол қою рәсімі өтті. Осы меморандум аясында университет «Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысушыларға оқу ақысына 20%-дан 50%-ға дейінгі көлемде жеңілдіктер ұсынады.«Келешек» жүйесіне қатысушылар, оның ішінде келесі талапкерлер:Жетім немесе ата-анасының қамқорынсыз қалған талапкерлерге оқу ақысының жалпы сомасынан 50% жеңілдік беріледі;Көпбалалы отбасынан шыққан талапкерлерге 30%-ға дейін;Тұрмыс жағдайы толық қамтылмаған отбасынан шыққан талапкерлерге 25%-ға дейінгі көлемде;Басқа санаттағы талапкерлердің барлығына 20% көлемінде жеңілдік беріледі.«Қаржы орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов:«Осы меморандумға қол қою арқылы біз жастардың білім алуы мен дамуына қолайлы орта қалыптастыру жолында алға қарай тағы да бір қадам жасап отырмыз. Жоғары білім алу – келешек мамандыққа деген жол ғана емес, сондай-ақ әрбір адам өз бойындағы әлеуеті мен қабілетін іске асыруына, сөйтіп еліміздің дамуына өз үлесін қосуға деген тамаша мүмкіндік», – деп атап өтті.Келісімге Басқарма төрағасы – университет ректоры Мейрам Бегентаев пен «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Ибраимов қол қойды. Осылайша, мемлекеттік білім беру грантына ие бола алмаған, алайда «Келешек» бағдарламасы бойынша жалпы оқу құнының жартысын жинақтай алған талапкер Сәтбаев университетіне оқуға түскен кезде жоғарыда аталған жеңілдіктерді пайдалана алады.– «Келешек» бағдарламасына қолдау көрсету – Мемлекет басшысының бастамасын қолдау, сондай-ақ біздің негізгі мақсат-мүддемізді іске асыру, – деді ректор Мейрам Бегентаев өз сөзінде. – Біз техникалық білім беруді сапалы және бәріне қолжетімді етіп, еліміздің өмірін жақсартатын жаңа инновациялар жасауға тырысамыз. Сондықтан да бағдарламаға қатысушылар тек қаржылық жеңілдіктер ғана емес, сонымен қатар Сәтбаев университетіндегі мықты білім беру және ғылыми қауымдастықтың бір бөлшегі болуға мүмкіндік алады. Аталған ынтымақтастық келісім аясында екі жақ тараптар да дарынды студенттерге қолдау көрсете отырып, оларды қаржылық қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жұмыстарды күшейтуге, сондай-ақ жаңа білім беру бастамаларын енгізуге ниет білдіріп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/921287
Қорғаныс министрінің Қазақстан Республикасы Қарулы күштері тәрбие құрылымдары офицерлерінің күнімен құттықтауы 20.01.2025
Құрметті тәрбиеші-офицерлер! Қадірлі ардагерлер!19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде тәрбие құрылымдарының офицерлері құрылған күнін атап өтеді.Осыдан дәл 32 жыл бұрын командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институты құрылған болатын. Олардың міндеті әскери қызметшілердің бойында конституциялық борышқа адалдықты қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу, жоғары моральдық рухты сақтап, Отанды қорғауға дайындау болды.Қазақстан армиясының тәрбиешілер институты осы аралықтағы белсенді қызметі барысында өзінің қажеттілігін толық дәлелдеді. Бұл еліміз Қарулы күштерінің құрметті ардагерлерінің, генералдар мен офицерлердің еңбегі. Олар бүкіл қызметі барысында таңдаған кәсібіне адал болып, жеке құрамның тәрбиесімен айналысты.Тәрбие жұмысының негізгі критерийлерін құра отырып, олар басталған істі жалғастыратын, оқу-тәрбие процесін, мемлекеттік-құқықтық дайындықты басқаратын, қарамағындағылармен жеке жұмыс жүргізетін лайықты ауысымды тәрбиеледі.Бүгінгі таңда жеке құрамды тәрбиелеудің барлық бағыттарында жұмыс істеу үшін жеткілікті тиімді механизм құрылды. Тәрбиеші офицерлер кәсіби дайындықтың үлгісін көрсете білді. Олар алдыңғы буынның даңқты дәстүрлерін лайықты жалғастыруда. Мемлекеттік саясат пен қауіпсіздікті қорғаудағы ең маңызды іс – әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеумен айналысады және жалпыадамзаттық құндылықтарға, Қазақстан халқының ұлттық-тарихи және әскери дәстүрлеріне негізделген түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әскери қызметтің беделін арттыруда.Құрметті тәрбиеші-офицерлер, қадірлі ардагерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!Сіздер Қарулы күштер алдында тұрған міндеттерді орындаудағы ортақ іске лайықты үлес қосатындарыңызға сенімдімін.Баршаңызға тәрбие жұмысында төзімділік пен табыс, сондай-ақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы еңбекте үлкен жеңістер тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/920453
Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтуде 20.01.2025
ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы Президенттің Жарлығымен 2022 жылғы 19 қаңтарда құрылған болатын.Әскери құралым елдің қорғаныс қабілетін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі арнайы міндеттерді орындауға арналған. Қажет болған жағдайда АОК-нің бөлімшелері терроризмге қарсы операцияларға қатысады, заңсыз қарулы құралымдарға қарсы іс-қимыл жасай алады.Арнайы операциялар күштерінде жауынгерлік, командирлік даярлықтың жаңа бағдарламалары, сонымен қатар атыс қаруынан, минометтерден және де жауынгерлік техникалардан оқ ату курстары енгізілді. Құжаттар жауынгерлік тәжірибесі бар елдердің арнайы күштерін даярлау жүйесін ескере отырып қайта қаралған.Жеке құрамның оқу сапасына, тікелей бағынысты бөлімдер мен Арнайы операциялар күштерінің компоненттерінің үйлесімділігіне баса назар аударылады. Ұшқышсыз ұшу технологияларын қолдануға және осы профильдегі мамандарды даярлауға ерекше назар аударылады.Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері көптеген республикалық және халықаралық оқу-жаттығуларға, қиын климаттық жағдайларда аман қалу, биіктіктен секіру, атыс және тау дайындығы курстарына белсенді қатысады. Қорғаныс министрлігінің құрама командасының ішінде олар Қазақстанның күштік органдары арасында қоян-қолтық ұрыстан екі дүркін кубок иегерлері, сондай-ақ ТМД-ның үш дүркін және абсолютті чемпиондары болып табылады. Биылғы жарыс қорытындысы бойынша арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері 83 медаль жеңіп алды.Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы кәсіби дайындалған әскери қызметшілердің резервін қалыптастырумен белсенді түрде айналысады. Осы мақсатта біліктілік сынағы ұйымдастырылды. Оның нәтижелері бойынша 29 әскери қызметші батылдық пен батырлықтың символына айналған күрең қызыл беретті алу құқығына ие болды.Бүгінде олар Қарулы күштердің Арнайы дайындалған, техникалық жарақтандырылған, жақсы жабдықталған, мемлекеттің мүдделерін қорғау оның қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі ең күрделі міндеттерді орындауға дайын құрылым болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/920458
Қарағанды гарнизонында шабуылдау батальонының бөлімшелерін үйлестіру өтті 20.01.2025
«Спасск» оқу орталығының полигонында 31775 әскери бөлімінің шабуылдау батальонының мерзімді қызметтегі 200-ден астам әскери қызметшісі бөлімшелердің үйлесімділігіне кірісті.Іс-шаралар оларды мамандық бойынша дайындаудың жалғасы болды. Жаңа кезең жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған кезеңде сарбаздардың өзара іс-қимылын автоматизмге жеткізуге бағытталған.– Бөлімшелерді үйлестіру практикалық оқ атуларды орындауды қамтиды. Бұл әскери қызметшілерге қару-жарақ дағдыларын шыңдауға және бөлімше құрамындағы рөлін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Басты назар топта әрекет ету қабілетіне, сондай-ақ командалардың нақты орындалуына аударылады. Осындай маңызды кезеңде сарбаздар арасындағы сенім нығайып, олардың тиімді әрекет ету қабілеті жетілдіріледі, – деп атап өтті 2 шабуылдау ротасының командирі аға лейтенант Жанат Сөлбав.Сабақтар жауынгерлік оқ атулармен аяқталады. Әр сарбаздың дайындық деңгейі тексеріліп, бөлімшелердің жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығы, олардың өзгеріп отырған жағдайларға жедел әрекет ету және дұрыс шешім қабылдау қабілеттері анықталады.Сабақтар 0-ден төмен температурада өтетінін ескере отырып, полигонның оқу-жаттығу нүктелерінде жеке құрамды жылыту пункттері орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/920460
Астанада тәрбие құрылымдарының офицерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 20.01.2025
Кәсіби мерекеге орай ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскерлердің оқу-жауынгерлік қызметін моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, әскери қызметшілердің отбасыларымен, ардагерлермен және жастармен жұмыс істеуге жауапты офицерлер жиналды.Командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары институтының құрылуы 1993 жылғы 19 қаңтарда ҚР Президентінің Қарулы Күштерге тиісті лауазым енгізу туралы Жарлығының шығуымен байланысты.Салтанатты жиынға Құрлық әскерлерінің тәрбие құрылымдарының, Әуе қорғанысы күштерінің, әскери оқу орындарының, тыл және қару-жарақ бастықтары басқармаларының, Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясының, Бас әскери-медициналық басқарманың, әскери полицияның Бас басқармасының, Армияның орталық спорт клубының, Ақмола өңірлік гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің офицерлері және олардың отбасы мүшелері қатысты.Қатысушыларды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх - Хасан Жазықбаев құттықтап, ардагерлердің армия дәстүрлерін қалыптастыруға және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесін атап өтті.- Идеология және әскери-патриоттық тәрбие, моральдық-психологиялық тұрақтылық және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері, ардагерлермен және жастармен жұмыс – бұл сіз орындайтын міндеттердің контуры ғана. Сіз армия ұжымдарын біріктіру, әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, әскери қызметтің имиджін нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізесіз. Қарулы Күштер ауқымында бірде – бір іс-шара сізсіз аяқталмайды,-деп атап өтті офицер-тәрбиешілер қызметінің маңыздылығын генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.Ол сондай-ақ әріптестеріне білім беру құрылымдарының офицерлері қатысатын алдағы іс-шаралар туралы хабардар етті.– Өткен жыл Қазақ халқының даңқты ұлдары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығын атап өтті. Бұл тұрғыда кем емес қаныққан кезең келді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы жақындап келеді. Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың жүз жылдығына орай, ол туған Ақтөбе облысында "Айбын" халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді, – деді министрдің орынбасары.Іс-шара ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/920461
Картоптың қымбаттауына жол берілмейді 20.01.2025
Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қаладағы картоп сақтайтын қоймаларда болып, қор мөлшерін қадағалады.«Семей ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры «Агрофирма Приречное» ЖШС - мен картоп, қырыққабат, сәбіз, сарымсақ сияқты көкеністермен сауда нүктелерін тұрақты қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасалған.Ережеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен үстіміздегі жылдың мамырына дейін 10 супермаркет, тұрақтандыру қорының 9 сауда нүктесі мен 40-тан астам ұсақ дүкендерге келісі 115 теңгеден босатылуда.Күн сайын қаланың барлық сауда нүктелеріне 12-15 тоннаға дейін көкөніс жеткізіледі. Қоймада қажетті қор жеткілікті.Қазір қалада картоп бағасы 250-300 теңгенің арасында сатылуда. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға қоймадан көкөністің үздіксіз жеткізіліп, бағаның қымбаттауына жол бермеу керектігіне байланысты тапсырма берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/920477
Абай облысында ауыл медицинасы дамуда 20.01.2025
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Абай облысының ауылдарында 62 стационарлық медициналық нысан пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта оларды медициналық ұйымдардың балансына беру процесі жүруде. Биыл тағы екі нысан аяқталады.«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Үржар ауылында 10 төсектік күндізгі стационармен 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу жобасы іске асырылуда.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков ауылдағы бейінді мамандар тапшылығын шешу бағытында да жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Олардың қатарына тіс дәрігерлері, хирург, акушер-гинекологтар және т. б кіреді.«Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін 8,5 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы бөлу қарастырылған. Біз 2025 жылы аса тапшы мамандықтардың тізімін анықтау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Кадрларды даярлауға да ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстың 80 дәрігері шетелде іс-тәжірибеден өтті. Олардың ішінде аудандардан келген 15 маман Ресей, Германия және Әзірбайжанның жетекші медициналық мекемелерінде тағылымдамада болды. Бұл бағдарлама біліктілікті арттыруға және ауыл медицинасы жұмысына заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған», - деп атап өтті басқарма басшысы.Облыста ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 9 жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) жұмыс істейді. Олар 173 елді мекенді қамтыды. 2024 жылы 64 435 адамды қамту жоспарланса, іс жүзінде 56 233 тұрғын көмек алды.Ауыл медицинасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі материалдық-техникалық базаны жаңарту. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеден астам сомаға 200 медициналық техника сатып алынды. 2025 жылға 1,2 млрд теңге сомасына тағы 182 жабдық сатып алу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/920478
Баға бақылауда 20.01.2025
Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов «Северный» сауда-логистикалық орталығына барып, азық-түлік өнімдерінің бағасын тексерді. Бүгін орталыққа Көкпекті ауданының шаруалары кезекті мәрте өз өнімдерін әкеліп отыр.Жәрмеңкеде 4 бас cиыр еті, 6 бас қой еті, 2 бас жылқы еті, 100 келі балық, 100 келі бал, 200 келі сүт және 50 келі шұжық өнімдері нарықтық бағадан 10-15 %-ға төмен бағада саудаланды.Облыс әкімінің орынбасары жәрмеңкені аралай жүріп өнімдерін делдалсыз саудалаушы шаруалармен тілдесті. Тұтынушыларға табиғи әрі сапалы азық-түлік өткеру жайы айтылды.«Еңбегінің жемісін көргісі келетін шаруаларға мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілуде. Дәл осындай жәрмеңке арқылы еңбек адамы мен тұтынушы арасында делдалсыз сауда ұйымдастыруды көздейміз. Бұл бір жағынан қалалықтарға нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада қалаған азық-түлігін сатып алуына қолайлы. Біз бағаны қадағалап, тұрақты болуына көңіл бөлеміз», - деді Қуаныш Сүлейменов.Облыс әкімінің орынбасары сауда орталығының зертханасының жұмысымен де танысты. 19 түрлі әлеуметтік азық-түлік бағасына мән беріп, орталық басшына бағаны тұрақты ұстап тұруға қатысты нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/920479
АШМ: Картоп қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті 20.01.2025
Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері елдегі картоп нарығындағы қалыптасқан ахуалға тұрақты түрде бақылау жүргізуде.Көрші елдердің, әсіресе Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты биыл картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті. Картопқа деген аса жоғары сұраныс ішкі нарыққа әсер еткені атап өтілді. Мәселен, соңғы аптада экспортқа бағытталған өндірушілер арасында бағаның күрт өсуі (170 теңгеден 270 теңгеге дейін) тіркелді.Осыған байланысты, ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара ЕАЭО елдеріне қолданылмайды, алайда бұл бағыттағы экспортқа бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар қалыптасқан жағдайды ескере отырып, биылғы 16 қаңтарда экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру толығымен тоқтатылды.Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және нарыққа қатысушылар тарапынан алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жағдайға күшейтілген қадағалау жүргізеді және сауда қызметі мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда олар нарыққа қатысушыларға шұғыл ықпал ету шараларын қабылдайды.ҚР АШМ деректері бойынша, бүгінгі таңда қолда бар қорлар 2025 жылғы ерте егін жинау науқанына дейін ішкі қажеттілікті толық жабу үшін жеткілікті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша қорлар сауда желілеріндегі қорларды есепке алмағанда 850 мың тоннадан асады (картоп өсірушілер қауымдастығы бойынша 600 мың тонна, тұрақтандыру қорларындағы 68 мың тонна, жеке қосалқы және шағын шаруашылықтардағы жертөлелерде 200 мың тоннадан астам). Анықтама үшін: 2024 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 млн тоннаны құрады (оның ішінде ерте өнім - 300 мың тонна). 2024 жылы импорт 56 мың тоннаны құрады.Нарыққа тарату үшін картоптың көлемі 2024 жылдың тамыз айынан бастап 2,6 млн тоннаны құрайды, халықтың жалпы қажеттілігі – 1,5 млн тонна (оның ішінде қалалық 954 мың тонна) ерте егін жинау науқанына дейін (қаңтар-сәуір). 2024 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – 844 мың тонна, экспортталды – 620 мың тонна (2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін). 2025 жылға арналған болжамды тұтыну көлемі (қаңтар-сәуір) – 675 мың тонна.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/920462
XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 318 медаль сарапқа салынды 20.01.2025
Астанада математика, физика және информатика пәндері бойынша оқушылардың XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO 2025) өз мәресіне жетті. Олимпиадаға 15 елден келген 700-ге жуық оқушы мен 150 жетекші қатысты. Олимпиада қатысушылары мен қонақтарын ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құттықтады.«Бүгін білім беру жүйесі үшін айтулы күн. Осымен 21 жыл қатарынан көрнекті ғалым-математик, академик Орымбек Жәутіковтің атындағы бұл олимпиада талантты математиктердің тұтас буынын қалыптастырып келеді. Халықаралық Жәутіков олимпиадасы жүздеген дарынды оқушыларды біріктіріп, білімдерін көрсететін және қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыратын алаңға айналды. Қатысушылардың әрқайсысы математика мен физика, информатика секілді іргелі ғылымдардан лайықты нәтижелер көрсетіп, бүгін өз елінің туын әлемдік аренада абыроймен көтерді», – деді министр қатысушыларға арнаған сөзінде.XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасында барлығы 318 медаль сарапқа салынды: 69 алтын, 100 күміс және 149 қола.Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атағын Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы №239 Президенттік физика-математика лицейі иеленді.«Үздік олимпиадалық команда» номинациясында I орынды Мәскеу қаласындағы В.Ф. Овчинников атындағы «Екінші мектеп» лицейі жеңіп алды.Екінші орынды Сербияның Белград қаласындағы Математикалық гимназиясы мен Ресей Федерациясының Долгопрудный қаласындағы П.Капица атындағы «Физтех лицейі» өзара бөлісті.Қазақстандық оқушылар Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі құрамында үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар үшінші орынды Мәскеудегі «Воробьевы горы» лицейі мен Түркияның Тубитак ғылыми мектебі бөлісті.Қазақстандық оқушылар барлығы 116 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 21 алтын, 33 күміс және 62 қола медаль бар.Олимпиада қатысушыларына Нұрлан Қаппаров атындағы қордың арнайы сыйлықтары мен әр пән бойынша арнайы жүлделер табысталды. Гран-при иегерлеріне кубокпен ноутбуктер табысталды. Барлық жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/920384
Бюджеттік-салықтық реформалар жобасы сарапшылармен бірге талқыланды 19.01.2025
Премьер-министрдің бюджеттік-салықтық саясатты реформалаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу туралы тапсырмасына сәйкес, вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҰЭМ жанындағы Сараптамалық кеңестің бірінші отырысын өткізді.  Кеңес отырысына қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, 20-дан астам сарапшы, оның ішінде, ірі қаржылық, инвестициялық, талдау және консалтингтік ұйымдардың, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің, «Атамекен» ҰКП басшылары  қатысты. Жиынға қатысушылар бюджет табыстылығын арттыру шараларын, атап айтқанда, жаңа Салық кодексін әзірлеу шеңберінде ұсынылған жаңа және қазірдің өзінде ұсынылған шаралар кешенін талқылады. Қатысушылардың көпшілігі кодекстің жаңа редакциясында ұсынылып отырған бірқатар қолданыстағы салық жеңілдігін алып тастау, банктер мен қаржы ұйымдары үшін корпоративтік табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін арттыру, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға салық салуды енгізу мерзімдерін 2030 жылдан 2026 жылға ауыстыру, ойын бизнесіне салық салуды қайта қарау жөніндегі шаралармен келісті. Аталған шаралар жиынтығында бюджетке түсетін кірістер табыстылығын 1 трлн теңгеден астамға арттыруға арналған. Алайда, бұл шаралар шығындар мен бюджет кірістері арасындағы қалыптасқан алшақтықты жабу үшін жеткіліксіз. Кеңесте атап өтілгендей, жыл сайын бюджетке түсетін салмақ артып келеді, әлеуметтік шығындар өсуде, ал экономиканың нақты секторын дамыту бюджет шығыстарының 10%-ынан азын құрап отыр. Салықтық-бюджеттік салаларда реформаларсыз жағдайды түзеу мүмкін емес. Кездесуге қатысушылар ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті теңестіру әрі салық салу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. «2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды. Біз өткен жылдардағы кейінге қалдырылған ұзақ уақытқа созылған реформаларды қабылдауға мәжбүр боламыз. Бұл – мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра алатындай бағаны нарықтық жағдайға келтіру. Өкінішке қарай, қазір салықтарға қатысты жағдайды түзету, оларды әкімшілендіруді жақсарту, тіпті кейбір жағдайларда мөлшерлемелерді қайта қарау үшін бірқатар танымал емес реформаларды қабылдауымыз керек. Ең бастысы, мұны Ұлттық қорды сақтау үшін емес, экономиканың нарықтық экономикаға айналуы үшін жасауымыз керек. Жаңа Салық кодексі, бүгін біз талқылаған ұсыныстардың кейбірі көп ұзамай көпшіліктің игілігіне айналады. Мен барлығын өз пікірін айтуға шақырамын», — деді «NAC Analytica» КҚ» (NU) басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов.  «Бүгін біз ҚР Ұлттық экономика министрлігімен дайындалып жатқан жаңа Салық кодексі туралы әңгіме қозғадық. Сөз ұсынылып жатқан көптеген өзгерістер турасында болды. Сол себепті қазір қарастырылып жатқан Салық кодексі ең алдымен еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Әрине, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, салық мөлшерлемесін көтеру немесе азайту сынды көптеген ұсыныстар бар. Осы орайда бізге халқымыздың болашағын жақсартуға үлес қосатын шешімдер қажет. Бүгінгідей кездесулердің маңыздылығы да осында жатыр», — деп атап өтті экономист Ғалымжан Айтқазин. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/920416