Enbekshi QazaQ

Қуқық

Астанада түнгі ауысымдағы қар тазалауға 1300-ден астам арнайы техника шығарылды 11.01.2025
Елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда. Түнгі ауысымға, яғни 10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні қар тазалауға 1300- ден астам арнайы техника мен 300-ден астам жол жұмысшылары жұмылдырылады ,деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Күні бойы 50 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 3685 рейске тең.Қыс мезгілі басталғалы қаладан 2.8 млн жуық текше метр қар 213 558 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/916285
Мәжіліс депутаттары Қорғаныс министрлігінің ұшқыштарын даярлаудың жай-күйімен танысты 11.01.2025
Ақтөбеде мәжілісімендер Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының жеке құрамымен кездесті.Халық қалаулылары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Қазыбек Әлішев, Дания Еспаева және Жұлдыз Сүлейменова профессорлық-оқытушылар құрамымен әскери білім беру, әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызметшілер мен курсанттарды әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов институт мұражайына Ұлы Отан соғысы жылдары ұшқыштар киген фуражканы сыйға тартты. Әскери оқу орнының бастығы полковник Тимур Еспағанбетов бұл тарихи жәдігер жауды жеңуге баға жетпес үлес қосқан қазақстандық ұшқыштардың өшпес ерлігін ұмытпау үшін маңызды екенін атап өтті.Мәжілісмендер әскери институттың оқу-материалдық базасымен, оқыту бағдарламаларымен және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысты.Бақтықожа Ізмұхамбетов еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуда және төтенше жағдайлар кезінде халыққа көмек көрсетуде маңызды рөл атқаратын ұшу-инженерлік құрамның офицерлік кадрларын сапалы даярлау қажеттігін атап өтті.Кездесу барысында әскери білім беру жүйесін жетілдіру, оқу бағдарламалары, курсанттардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту және әскери қызметтің беделін арттыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, цифрлық платформалар мен симуляциялық жүйелерді қоса алғанда, заманауи білім беру технологияларын енгізу, киберқауіпсіздік және әскери инженерлік оқу курстарын кеңейту, институтты заманауи әскери техникамен және жабдықтармен жарақтандыру туралы сөз болды.Тараптар білім беру мекемелері, атқарушы және заң шығарушы органдар арасында тұрақты тәжірибе алмасу қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/916055
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді 11.01.2025
Қарулы күштердің 99250 әскери бөлімінің жаңа нысандарының салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштерінің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.Генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов бұл оқиғаның жауынгерлік дайындықты арттырудағы және елдің қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. – Бүгін біз Президенттің қорғаныс ведомствосының инфрақұрылымын жетілдіру туралы тапсырмасының қалай орындалып жатқанына куә болып отырмыз. Аумақтық қорғаныс мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды қамтамасыз етуге арналған әскери ұйым жүйесінде маңызды рөл атқарады. Бригада объектілері құрылысының бірінші кезеңінің аяқталуы – біздің министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың тығыз ынтымақтастығының нәтижесі, – деп атап өтті ол.Жаңа нысандардың ашылуының белгісі ретінде іс-шараның құрметті қонақтары лентаны кесіп, жаңа ғимараттарды аралап шықтыБастапқы кезеңде әскери бөлімнің штабы, екі казарма, бақылау-өткізу пункті, саптық плац және кіреберіс жолдар пайдалануға беріліп отыр.Аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Расул Закиров хабарлағандай, кейін оқу және спорт корпустарын, асхана мен клубты, қоймаларды салып, техникалық аумақты жайластыру көзделіп отыр.Сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бөлімшелері арасындағы жауынгерлік жарыстың қорытындысы бойынша 99250 әскери бөлімі екі жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп келеді. 2024 жылдың көктемінде Батыс Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынына қарсы іс-шараларға тартылды. Табиғи апатқа қарсы күресте бөлімнің жауынгерлері ауыр жұмыс атқарып, құм салынған қаптардан бөгет тұрғызды. Эвакуация кезінде халыққа көмек көрсетті. Дәл осы сындарлы кезеңде әскери қызметшілердің халықпен бірлігі ерекше көзге түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/916125
Степногорск қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды 10.01.2025
Степногорск қаласында аймақтың денсаулығын нығайту мен спортты дамыту үшін маңызды нысан болып табылатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, жергілікті билік өкілдері, қоғам қайраткерлері және спортшылар қатысты.«AN Groups» ЖШС директоры, мердігер Дархан Шотабаевтың айтуынша, аумағы 2 600 шаршы метрден асатын жаңа кешен екі блоктан тұрады. Бірінші блокта волейбол мен мини-футбол секілді ойын спорт түрлеріне арналған көпфункционалды зал орналасқан. Екінші блокта тренажер залы, фитнес, сауықтыру дене шынықтыруы, күрес және боксқа арналған бөлмелер бар. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта жасауға ерекше көңіл бөлінген.Шарада Марат Ахметжанов спорт орталығының ашылуы өңір үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.«Біз спорттың әр адамға, балалардан бастап қарттарға дейін қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз. Мұндай нысандар – тек жаттығу орындары ғана емес, сонымен қатар қоғамды біріктіретін, жастарды шабыттандыратын және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететін алаңдар. Степногорск спорттық дәстүрлерімен танымал, мұнда чемпиондарды тәрбиелеу қажет. Бұл кешен қаланың мақтанышына айналып, халыққа ұзақ жылдар қызмет етеді деп сенемін», – деді аймақ басшысы.Ашылу аясында спорттық командалардың көрсетілімдері және кешен бойынша экскурсия өтті. Орталық халық үшін ашық және барлық жастағы тұрғындарды қабылдауға дайын. Мұнда ауыр атлеттер, боксшылар, балуандар және балалар футбол командасы жаттығуларын бастап кетті.«Жаңа спортзал ұнайды, футбол алаңы ыңғайлы. Біздің команда Көкшетау, Астана және Қарағанды қалаларында өткен жарыстарға қатысты. Біз чемпион болуды армандаймыз сондықтан қарқынды жаттығатын боламыз», – деді степногорлық футболшылардың капитаны Максим Атамась.Айта кетейік, бұл жоба спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған облыстық бағдарлама аясында жүзеге асырылды. Жаңа кешен аймақтық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге арналған алаңға айналмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/916289
Марат Ахметжанов Степногорск көпсалалы ауруханасының жаңғырту қарқынын бағалады 10.01.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Степногорск көпсалалы ауруханасына барып, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Медициналық мекемені жаңарту пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.Аурухананың бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Тоқтар Қонырбаевтың айтуынша, мердігер ұйым ішкі әрлеу жұмыстарын толық аяқтап, инженерлік коммуникацияларды жаңартқан. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аурухана пациенттерге денсаулық сақтау стандарттарына сай емделу жағдайын ұсынады.Ауруханада тәулік бойы жұмыс істейтін 246 төсек-орын және күндізгі стационарға арналған 24 төсек-орын бар. Бұл медициналық мекемеде Степногорск қаласының және жақын маңдағы елді мекендердің 40 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмек алады. Болашақта пациенттер саны 162 мың адамға дейін артып, Бурабай, Ақкөл, Бұланды және Шортанды аудандарының тұрғындарын қамтиды деп күтілуде.Сапар барысында Марат Ахметжанов медициналық колледждің студенттерімен кездесіп, олардың кәсіби болашағы мен өңірдің денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығын талқылады.Облыс әкімі Степногорск қаласының әкімдігіне және денсаулық сақтау басқармасына құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуді және қаржылық мәселелерді шешуді тапсырды.«Медициналық мекемелерді жаңғырту – бұл тек инфрақұрылымды жаңарту ғана емес, бұл – өңір тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқатына қосылған маңызды үлес. Осы жобаны іске асыру қала тұрғындарын заманауи әрі сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша қойған міндеттеріне толық сәйкес келеді», – деп қорытындылады М. Ахметжанов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/916291
Степногорск қаласының Тау-кен техникалық колледжі 30 жылдан астам уақыт бойы жұмысшы кадрларды даярлап келеді 10.01.2025
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Степногорск қаласындағы Тау-кен техникалық колледжіне барды. Аймақ басшысы колледждің зертханаларының жабдықталуымен танысып, оқытушылармен, өндірістік оқу шеберлерімен және студенттермен әңгімелесті.Зертханалардың өндірістік жағдайға жақын жабдықтары «Жас маман» бағдарламасы аясында және әлеуметтік серіктестердің қаржысы есебінен сатып алынған. Мәселен, 2022 жылы «АК Алтыналмас» АҚ студенттерді даярлау үшін зертханалық жабдықтар ұсынған.«Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізіп, жұмысшы мамандықтары бойынша мамандарға берілетін жеңілдіктерді кеңейтеді. Колледж түлектеріне жоғары білім алғысы келсе, атаулы гранттар береміз», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.Колледж директоры Елена Тарасованың айтуынша, оқу орнында 10 мамандық бойынша шамамен 500 студент білім алуда. Олардың 40%-ы мақсатты келісімшарттар негізінде кейінгі жұмысқа орналасумен оқиды, ал 146 студент дуальды оқыту жүйесі бойынша білім алуда.«Біздің мақсатымыз – еңбек еткісі келетін және өз еңбегінің пайдасын түсінетін маман даярлау. Колледж түлектерінің үштен бірі жоғары білім алады, ал 80%-дан астамы еш қиындықсыз жұмыс табады. Бұл оқу орнындағы дайындық деңгейінің жоғары екенін және жұмысшы мамандықтарының сұранысқа ие екенін көрсетеді», – деп атап өтті Елена Тарасова. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/916292
Алға ауданында 23 отбасы үйлі болды 10.01.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген көлемді сұхбатында 2025 жылы мемлекет тұрғын үй құрылысын дамытуды жалғастыратынын, 2029 жылға дейін республика бойынша кезекте тұрғандарға жыл сайын баспана берілетінін атап өткен болатын.Алға ауданында Президент тапсырмалары сәтті жүзеге асуда. Жаңа 2025 жылда баспана кезегінде тұрған 23 отбасы үйлі болды. Оның 19-ы- Алға қаласынан, қалғаны - Маржанбұлақ ауылынан берілді.Аудан басшысы Асланбек Шүйіншәлиев жаңа баспана иелеріне кілттерді салтанатты жағдайда табыстап, қуаныштарымен құттықтады.«Баршаңызды осындай көптен күткен қуанышты күнмен құттықтаймын. Әрбір шаңыраққа бақ-береке тілеймін. Айтып өтерім, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асырудың арқасында біз алдымызда тұрған барлық міндеттерді орындап келеміз. Алға ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін тұрғындардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, оларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, аудандағы тұрғын үй кезегіне тіркелген көпбалалы, толық емес отбасылар, мүгедек жандар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды баспаналы ету мәселесі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізумен қатар, көппәтерлі үйлерді күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігіне берумен шешіліп келеді», - деді аудан әкімі өз сөзінде.Алға қаласының Есет батыр көшесінде орналасқан №22 үй республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен реконструкциядан өткізілді. Ол жұмыстарды ЖК «Н.Мұратбаев» аяқтап бітірді.Ал Маржанбұлақ ауылындағы төрт үйді аудан әкімшілігі сатып алып беру тетігімен іске асырды.Айтып өтейік, ауданда баспана кезегінде 1641 адам тұр. Соңғы рет, 2023 жылы 60 пәтерлі жаңадан салынған үй пайдалануға берілген еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/915855
Мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталының тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды 10.01.2025
Бүгін Ақтөбеде ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталыға арналып, оның тұрған үйінде ескерткіш тақта орнатылды. Шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан қатысып, белгілі ғалымды еске алды. Ол марқұмның жары Гүлжан Сүйінбайқызына және отбасына ғалым еңбектерінің зерттелуіне және дәріптелуіне өңір әкімдігінің әрдайым қолдау білдіретіндігін жеткізді. Осы шараға атсалысқан ел азаматтарына алғысын білдірді. «Осыдан 3-4 жыл бұрын Амангелді Әбдірахманұлы «Түйетөбенің» басында сөйлеген сөзінде: «Жалпы, азаматты еске алу, тек қана жылап-сықтау емес, оның елге деген махаббатын, сіңірген еңбегін дәріптеу, бағалау» деп атап өткен еді. Бұл ескерткіш тақта – болашақ ұрпаққа Амангелді Айталыны тануға, білуге және ұмытпауына себепкер болады деп ойлаймын», - деді ол.Ескерткіш тақтаны философия ғылымдарының докторы, профессор Бекежан Ахан мен Амангелді Әбдірахманұлының немересі Ақсұңқар ашты. Жиынға сондай-ақ, ішкі саясат және мәдениет басқармасының өкілдері, ақсақалдар, Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университет ғалымдары қатысты. Елдің мәдениеті мен ғылымының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген қайраткер Амангелді Әбдірахманұлы 1939 жылы 10 қыркүйекте Астрахан облысы Володар ауданы Болдырево ауылында дүниеге келген. 1959-1964 жылдары Атырау мемлекеттік педагогикалық инситутын, 1964-1967 жылдары бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік иниститутының аспирантурасын тәмамдаған. Еңбек жолын 1959 жылы Марфин ауданы Қызылтаң ауылының мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған. Өзінің саналы ғұмырында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде доцент, профессор және басшылық қызметтерді атқарған. 1999-2007 жылдары екі мәрте Парламент мәжілісінің депутаты, 2007-2010 жылдары Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры, 2010 жылдан Ақтөбе өңірлік университетінің профессоры, «Білім мен тәрбиенің дүниетанымдылық әлеуметтік мәселелерін зерттеу» орталығының жетекшісі қызметін атқарып келді. Профессор Амангелді Айталы «Құрмет белгісі» (1986), «Парасат» (2001), III дәрежелі «Барыс» (2015), II дәрежелі «Барыс» (2021) ордендерімен, Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан білім беру ісінің үздігі медальдарымен марапатталған. Ақтөбе облысының және Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/916091
Президент «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды 10.01.2025
Президент «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойдыМемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.Түзетулердің бірінші блогы мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы, жыл сайын төленетін мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қарастырылған, сондай-ақ бес жастан асқан балаларды қамтитын «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу мақсатында әзірленген.Біржолғы бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы және одан кейінгі жылдары 5 жасқа толатын балаларға төленеді. Оның мөлшері Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану және қайтару қағидаларына сай есептеледі.«Келешек» жүйесі жыл сайын 5% мемлекеттік сыйлықақы, ал халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 7% мемлекеттік сыйлықақы көзделген қолданыстағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесімен бірге балаңыздың болашағы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. Яғни қаржыны техникалық және кәсіптік білім алуға, орта мектеп бітіргеннен кейін жоғары білім алуға және жоғары оқу орнынан кейін білімін жетілдіруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/916288
«КЕЛЕШЕК» ЖҮЙЕСІ: ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ҚАЙДА ЖҰМСАУҒА БОЛАДЫ 10.01.2025
«КЕЛЕШЕК» ЖҮЙЕСІ: ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ҚАЙДА ЖҰМСАУҒА БОЛАДЫБүгін, 10 қаңтар күні, ҚР Президенті «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды.Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.«Келешек» жүйесінің артықшылықтары:ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу 60 АЕК (235 920 теңге);жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;екінші деңгейдегі банктің сыйақысы немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісі;жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.«Келешек» шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып табылатын сақтандыру компанияларында ашуға болады.Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК (айына 4 мың теңге шамасында) және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі тиіс.Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады:колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.Білім беру грантын алған жағдайда қаражатты қайда жұмсауға болады:басқа техникалық және жоғары білім алуға;жинақтауды жалғастыруға;қаражатты ҚР азаматы болып табылатын үшінші тұлғаға аударуға;тұрғын үй алуға пайдалануға;білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/916290
Елордада отандық спортты дамыту әлеуеті талқыланды 10.01.2025
Астанада ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асхат Аймағамбетов пен Нартай Сәрсенғалиев, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді.«Отандық спортты дамыту: проблемалар мен перспективалар» тақырыбы аясында өткен іс-шарада спортты дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан спорт туралы заң жобасының негізгі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құжатты жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты міндеттерді көтерді. Спорт мекемелерінің басшылары мен сала сарапшылары өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Заң жобасын әрі қарай дайындау барысында аталған ұсыныстар ескеріледі.Мемлекеттік органдардың, Парламенттің және спорт қауымдастығы өкілдері арасындағы сындарлы диалог отандық спортты дамытуға бағытталған кешенді шешімдер қабылдауда маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/916210
Алматыда агродрондарды басқару бойынша оқыту орталығы ашылды 10.01.2025
ҚазҰАЗУ-да Қытай аграрлық университетімен және EAVISION компаниясымен бірлесіп ауыл шаруашылығы дрондарын басқару бойынша Қазақстан-Қытай зерттеу және оқыту орталығы ашылды.«Орталықтың басты мақсаты - студенттерді ауыл шаруашылығының түрлі салаларында ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқаруға үйрету, сондай - ақ мониторинг, картаға түсіру, қоршаған ортаны зерттеу бойынша зерттеулер жүргізу және жаңа технологияларды енгізу», - деді орталықтың ашылуында ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы-ректоры Ақылбек Күрішбаев.ҚазҰАЗУ Қытайдың 40-тан астам жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдарымен және компанияларымен белсенді ынтымақтасады. Тек 2024 жылы ғана университетте кадрлар даярлау үшін қытайлық серіктестермен бірлесіп су шаруашылығы, ландшафтық сәулет, ветеринария, зооинженерия, азық-түлік қауіпсіздігі және т. б. салаларда мамандар даярлау жөніндегі халықаралық орталықтар мен зертханалар ашылды.Атап айтқанда, Қытай аграрлық университетімен және DAYU Irrigation Group компаниясымен бірлесіп су ресурстарын ақылды басқару үшін құрғақ аудандарда жоғары тиімді су пайдалану жөніндегі Қазақстан-Қытай халықаралық зертханасы құрылды. DAYU irrigation Group компаниясы 1 млн доллардан астам сомаға құралдармен жабдықтарды, суды есепке алу аспаптарын және зертхананы жарақтандыруды инвестициялады, нәтижесінде Алматы облысындағы Шелек өзенінде суды есепке алудың цифрлық технологиялары енгізілді, суарудың әртүрлі технологиялары модельденді.Ланчжоу университетімен бірлесіп Қазақстанға озық технологиялар трансфертін қамтамасыз ететін Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығы құрылды. Орталық аясында үш ғылыми зертхана мен үш платформа құрылуда.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Алатау» ақпараттық технологиялар паркінің аумағында агродрондарды жинауды жүзеге асыратын Sunkar eavision International LLP бірлескен Қазақстан-Қытай кәсіпорны құрылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/915928
Ақтөбе облысында шамамен 600 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды 10.01.2025
Ақтөбе облысы Жер ресурстарын басқару департаменті ҚР АШМ ЖРБК Мартөк ауданындағы шаруа қожалығына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.Тексеру нәтижесінде, ауданы 592 га болатын егістікке арналған жер телімі бірнеше жыл бойы пайдаланылмағаны анықталды.Жер учаскесі иесіне заңбұзушылықтарды жою және жерді игеру туралы міндетті нұсқама берілді. Алайда, нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, департамент Мартөк аудандық соты арқылы шаруашылыққа 70 АЕК көлемінде айыппұл салды.Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты департаменттің жерді мәжбүрлеп қайтарып алу туралы талап-арызын қанағаттандырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/916138
ҰАҒББО-да селекция мен тұқым шаруашылығының дамуы талқыланды 10.01.2025
ҰАҒББО-да өткен кеңесте селекция мен тұқым шаруашылығын дамытудың, 2025 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге қатыстыы сұрақтар талқыланды. Оған еншілес ұйымдардың басшылары және тәжірибелі агрономдар қатысты.Қатысушылар агрономиялық тәжірибелерді Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарына бейімдеуге, егіс науқанын жүргізуге, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жұмыс тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар өзекті тақырыптарды қарастырды.Іріктеу саласындағы түйткілді мәселелер де айтылды. «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Басқарма төрағасы Теміржан Айтбаев шетелдік сорттарды ақылы негізде сынақтан өткізуді ұсынды, өйткені бүгінгі таңда комиссияға енгізілген сорттардың шамамен 75-80 пайызы шетелдік сорттар. Соның арқасында материалдық-техникалық база мен жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге мүмкіндік пайда болады.Жиын барысында 2024 жыл бойынша «А.И. Бараев атындағы АСШО» командасының жетістіктері туралы айтылды. Орталықтың агрономдары Ақмола облысының аудандарында мониторинг жүргізіп, жалпы көлемі 2600 гектардан астам аумаққа жаңа тәжірибелік технологияларды енгізу үшін жеті ауыл шаруашылығы субъектісін таңдады. Сондай-ақ аграрлық сектор субъектілеріне арналған бес оқыту семинарлары өткізілді.Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева тұқым шаруашылығы — ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті. Алайда, Қазақстан әлі күнге дейін тұқым импортына тәуелді. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстан Үкіметі 2024-2028 жылдарға арналған селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды бекітті, ол бәсекеге қабілетті сорттарды құру және тұқым өндіруде өзін-өзі қамтамасыз етуді арттыру үшін негіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/916158
Қазақстан мен Мажарстан СІМ басшылары телефон арқылы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады 10.01.2025
Астана, 2025 жылғы 10 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Мажарстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын талқылады.Ауыл шаруашылығы, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды. Сапардың екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетуде үлкен белес болғаны аталып өтті.Министрлер сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) және Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қозғап, жаһандық өзекті мәселелерді шешуде күш-жігерді үйлестірудің маңыздығын атап өтті.Сонымен бірге 2025 жылға арналған аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.Сұхбат қорытындысы бойынша Қазақстан мен Мажарстанның СІМ басшылары екіжақты қатынастардың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/916278
«Әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі әкімшілік органдардың қызметін жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына пресс-релиз 10.01.2025
«Әкімшілік рәсімдердің біркелкілігін қалыптастыру жөніндегі әкімшілік органдардың қызметін жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 15-1-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерінде жүйелілік пен құқықтық айқындылықты қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында Әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігін әзірлеуге және енгізуге бағытталған.Жобада құқықтық сенімділікті нығайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, әкімшілік рәсімдерді оңайлату және оңтайландыру, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыру көзделеді:Үкімет қаулысының жобасын қабылдау заңнаманы қолданудың бірыңғай стандарттарын белгілеуге, әкімшілік шешімдердің болжамдылығын арттыруға, әкімшілік практиканы жүйелеуге, сондай-ақ әкімшілік актілердің орындалуына мониторинг пен бақылауға ықпал етеді деп күтілуде.Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) өзге де құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді.Жоба 2025 жылдың 10 қаңтарында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15394659) мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/916235
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫН БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ТУРИСТІК ПОЙЫЗЫ АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ 10.01.2025
2025 жылдың 2-6 қаңтары аралығында ұйымдастырылған «Jibek Joly» туристік пойызының халықаралық сапары «Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Шымкент-Алматы» бағыты бойынша жалғасуда.Аталған пойыз алғаш рет Шымкент қаласында аялдап, келуші туристер қаламыздың тарихи жəне мəдени мұраларына ерекше саяхат жасады. Қаланың көрнекті жерлерімен танысу барысында қонақтар қазақ халқының қонақжайлылығы мен ұлттық болмысының терең сырларын сезінді.Атап айтқанда, туристер «Bal Tekstil» фабриканың жоғары сапалы кілем өндірісін өз көздерімен көріп, қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысты.Бейсбековтер отбасының галереясында туристер ерекше өнер туындыларын тамашалап, отбасылық дəстүрге құрылған шығармашылық шеберханадан əсер алды.Сондай-ақ, туристер ежелгі Шымкент цитаделіне барып, цитадельдің археологиялық жəдігерлерімен танысып, өз қолдарымен ұлттық бұйымдар жасап көрді. Сапар барысында туристер Қазақстандағы ең ірі мешіттердің бірі саналатын Сейітжан қари Есжанұлы мешітін тамашалауға мүкіндік алды.Тур барысында туристер «Жеті тандыр», «Кəусар» мейрамханаларында қазақтың ұлттық тағамдарының дəмін сезініп, құрт, қазы-қарта, бауырсақ сияқты дəстүрлі тағамдар мен ұлттық сусындарға таңданысын жасырмады.Шымкентке жасалған бұл сапар қонақтарға Ұлы Жібек жолының ерекше атмосферасын сезінуге жəне қазақ мəдениетінің тереңіне үңілуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта бұл маршрут Орталық Азияның туристік əлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/915871
АБАТТАНДЫРУ: ТҰРАН АУДАНЫНДА 40 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ 10.01.2025
Тұран ауданында абаттандыру жұмыстары бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылды. Ол бойынша 40 жоба жүзеге асырылды.Нақтырақ айтар болсақ, өткен жылы Тұран ауданында 34,8 шақырымдық 42 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 67 көше ағымдағы жөндеуден өтті. Нәтижесінде, асфальттелген көшелер үлесі 80,2%-дан 87,4%-ға жетті.Ал ауданда барлығы 597 көше бар, соның былтыр 428 көшеге жарықшам орнатылды. Бүгінде жарықтандырылған көшелердің үлесі 42,5%-дан 93%-ға жетті.Демеушілердің көмегімен 2 демалыс орны ашылды. 30 – балалар ойын алаңшасы, 8 – балалар және спорт алаңшасы, 2 спорт алаңшасы. 6 мекенжайдағы ғимараттарға муралдар салынды.Биылғы жылы да тұрандықтар үшін жайлы орта қалыптастыру жұмыстары өз жалғасын таба бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/915877
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫҢ 4-КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ 10.01.2025
Жалпыға бірдей декларациялау – бұл мемлекеттік басқару жүйесінде қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету, көлеңкелі экономиканы азайту және салықтық тәртіпті күшейту мақсатында жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкі туралы декларацияны міндетті түрде тапсыруды көздейтін шара. Қазақстанда бұл процесс төрт кезеңге бөлініп енгізілуде.2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың 3- ші кезеңі сәтті аяқталды. Декларациялаудың бұл кезеңінде № 250.00-ші яғни «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны 2024 жылдың 1 қаңтар жағдайына бизнес өкілдері, яғни дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары ұсынған, яғни, 150 мың жеке тұлға тапсырған болатын. Биылғы кезеңге өзгерістер енгізілді. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында жалпыға бірдей декларациялаудың 4-ші кезеңі туралы Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов айтты. – Жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінде 250.00 СЕН табыстау міндеті бойынша мына тұлғалар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар (1 150 ЖТ), жсо, адвокат, нотариус, медиатор,– сайланбалы лауазымға, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандидаттар, («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 11-бабы, 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайлары – лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін тапсырады. Банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін жеке тұлғалар, банктің кемінде 10% акциясына иелік еткенде. Сондай-ақ, жеке тұлғаның шетелде жылжымайтын мүлкі және көлігі, Шетелдік банктердегі банктік шоттардағы 1000 АЕК (3,7 млн теңге)астам сомадағы ақшасы, инвестициялық бағалы металдар, бағалы қағаздар, брокерлік шотта ақшасы болса, зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері, цифрлық активтері, дебиторлық немесе кредиторлық берешектері барлар, құны 1000 АЕК (3,7 млн тг) асатын мүлкі, антиквариат, сәнді заттар және т.б. барлар декларация тапсырады, – дейді спикер.Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электрондық түрде ұсыну: салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz) Web-қосымшасы немесе e-Salyq Аzamat, еGov mobile немесе Halyk мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады. Декларацияны мерзімінде ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 272 бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбаса алдымен ескерту жасалады, кейін осы баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –жеке тұлғаларға – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.Жалпыға бірдей декларациялау – қаржылық ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ететін маңызды құрал. Бұл жүйе халықтың барлық санаттарын қамтып, экономикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. Қазақстанда оның кезең-кезеңімен енгізілуі азаматтардың жаңа ережелерге бейімделуіне мүмкіндік береді. Декларациялауды сәтті жүзеге асыру үшін халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру маңызды. «Шымкент келбеті»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/915881
ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ 10.01.2025
Шымкент қаласының Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Қазиев көшесін Төлеметов көшесіне дейін ұзарту жобасымен танысты. Бұл жобаны іске асыру Арғынбеков көшесіндегі көлік жүктемесін едәуір азайтуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар қаланың жол инфрақұрылымын дамыту аясында Қаратау ауданындағы Алтынсарин көшесіндегі құрылыс жұмыстарын тексеріп, Сіргелі көшесін «Тұран» шағынауданына дейін ұзарту жобасын қарап шықты. Жауапты тұлғаларға барлық жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды және Сіргелі көшесін ұзарту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Әрі қарай шаһар басшысы «Тұран» шағынауданында №3 Оқушылар сарайының құрылысын тексерді. Нысанды жақын арада пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек Әл-Фараби көшесін Дулатов көшесіне дейін ұзарту жобасымен танысты. Аудан әкімдігіне мемлекеттік қажеттілік үшін жер учаскелерін дайындау міндеті жүктелді. Аралау соңында Қонаев даңғылының екінші кезеңі шеңберінде Володарский көшесінен Әйтеке би көшесіне дейінгі аралықтағы құрылыс жұмыстарының барысымен де танысты. Атқарылып жатқан жатқан жұмыстарды бағамдаған әкім, жауапты мердігер ұйым мен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/915884