Enbekshi QazaQ

Қуқық

Отандастарымыздың зейнетақы активтері 11 айда 4,25 трлн теңгеден асты 06.01.2025
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша азаматтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 22,13 трлн теңгеге (11 айдағы өсім 4,25 трлн теңге немесе 23,8%) жетті. Бір жыл ішінде зейнетақы жинақтары 4,75 трлн теңгеге (немесе 27,4%) өсті. Қазақстандықтардың жинақтарының 96,07% мөлшері МЗЖ есебінен қалыптасқан, оның көлемі 01.12.2024ж. шамамен 21,24 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 26,4%, жыл басынан бері – 22,8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 642,76 млрд теңгеге жетіп, бір жылдағы өсім – 16,2%, ал жыл басынан бері 13,1% артты. Ең үлкен өсімді (жылына 48,9%, жыл басынан бері - 43,7%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – 7,59 млрд теңге. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 11 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары 218,79 млрд теңгеден асты. Кіріс ағындары Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы 11 айда салымшылардың жеке және шартты шоттарына түскен зейнетақы жарналары  2,49 трлн теңгеден асты (өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 29,4% немесе 567,35 млрд теңгеге артық). Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.12.2024 жылға дейін 2,18 трлн теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,7% артық) түсті, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 104,3 млрд астам теңге (өсім 20,6%), ЕЗЖ бойынша – 2,8 млрд теңге (өсім 35,3%) жиналды.  ЖМЗЖ  көлемі – 204,12 млрд теңге. БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.12.2024 ж. дейін  2,78 трлн теңге болды. Оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,53 трлн теңгеге (немесе 123%) өсті.   Төлемдер мен аударымдар 2024 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 1,13 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 2 есе көп. 497,98 млрд теңге - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) құрады. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 185,42 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 32,8% жоғары. Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 55,35 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 37,49 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – шамамен 2,77 млрд теңге, жерлеуге төлемдер – 9,18 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 339,66 млрд теңгеден астам қаржы аударылды. Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 826 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды.      ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,07 млн. бірлік (жыл басынан бергі өсім - 4,74 млн бірлік немесе 38,5%, бір жылдағы өсім – 38,7%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 желтоқсанына  12,48 млн бірліктен асты. Оның ішінде: 11,14 млн - МЗЖ бойынша, 711,35 мың - МКЗЖ бойынша, 436,47 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар. Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  4,58 млн бірліктен асты.    Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.     БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/912943
Әлемдік деңгейдегі жарқын жеңіс 06.01.2025
Семсерлесуден Фуджейра қаласында (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогында отандастарымыз София Актаева алтын медаль жеңіп алды!  Біздің спортшымыз барлығы 52 атлет сынға түскен жаттығуда топ жарып, тынымсыз еңбек пен жеңіске деген ұмтылыс үлкен нәтижеге жеткізетінін көрсетті. Софияны құттықтай отырып, алда да жарқын жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/912831
Жыл қорытындысы: осы жылы әскер спортшылары 463 медаль еншіледі 06.01.2025
2024 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары әлемдік аренада жарқын жетістіктерін көрсетті. Барлығы олар 463 медаль олжалады. 203 алтын, 120 күміс және 140 қола. Биылғы жылы ҚР ҚМ АОСК спортшылары бокс, дзюдо, күрес, атыс, гимнастика, заманауи бессайыс және басқа да спорттың 10 түрінен Қазақстанның атынан Париждегі Олимпиада ойындарына 21 лицензия жеңіп алды.Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы алған жеті медальдың төртеуін армия спортшыларының еншісінде. Әлем чемпионаттарында 49 медаль, Азия чемпионаттарында 32 медаль, Қазақстан чемпионаттарында 245 медаль және халықаралық турнирлерде 133 медаль жеңіп алды.Армия спортшылары халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен және ТМД шеңберінде 20-дан астам маңызды спорттық іс-шараларға қатысты. Олардың қатарында Қытайдағы 7-ші Азиялық CISM отырысы, дзюдо, күрес, тхеквондо және волейболдан CISM әлем чемпионаттары, сондай-ақ Ресейдегі CISM қорғаныс ведомстволарының білім беру ұйымдары арасында өткен турнир де бар. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов CISM халықаралық әскери-спорттық ұйымымен байланыстардың қайта жандануын оң бағалады және келесі жылы оны басқаруда Қазақстан Қарулы күштеріне бір орын берілетінін мәлімдеді.ТМД аясында әскери спорт кешенінің көпсайысы, армиялық қоян-қолтық ұрыстан және атыстан чемпионаттар өтті.Одан бөлек Астанада «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кубогына» қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының финалы ұйымдастырылды және Армия-генералы С.Қ. Нұрмағамбетовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті. Жыл қорытындысы: әскери спортшыларға әскери-қолданбалы спорт түрлерінен 150-ден астам спорттық атақтар мен разрядтар берілдіХалықаралық аренада Қарулы күштердің атынан ел намысын Қазақстанның еңбек сіңірген 12 спорт шебері, халықаралық дәрежедегі 77 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 70 спорт шебері және спорт шеберіне екі кандидат қорғап жүр.Тек биылғы жылы жоғары көрсеткіштері үшін әскери-спорт түрлерінен 158 спорттық атақтар мен разрядтар берілді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының спорт шебері – 37 және ҚР спорт шеберіне үміткер – 18. ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубы өткізген чемпионаттарда I разрядты – 42 әскери қызметші; II разрядты – 33 әскери қызметші және III разрядты – 28 әскери қызметші растады.Спорттық жұмыстың қорытындысы бойынша есепті нәтижелері және спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірнеше құрылымдық бөлімшелері мен әскери қызметшілері марапатталды. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің спартакиадасында және Қорғаныс министрлігінің әскери өкілдер орталығында бірінші орын алып, құрылымдық бөлімшелер арасында үздік атанды. Аға сержант Әсілбек Өмірзақұлы Қарабай ҚР ҚК ерлер арасында үздік спортшы, ал сержант Аяжан Болатқызы Әміржанова әйелдер арасында үздік спортшы атанды. Жыл қорытындысы: Қарулы Күштерде АОСК әскери-спорт колледжі ашыладыҚазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі дене шынықтыру және спорт саласындағы жүйелі өзгерістерді енгізуді жалғастырады, әскери қызметшілердің балаларына спорттық дағдыларды дамытуға мүмкіндік бере отырып, оларға арналған жаттығулар да өткізеді.2024 жылы «Жас ұлан» республикалық мектебін АОСК әскери-спорт колледжі ретінде қайта бағдарлау, сондай-ақ Құрлық әскерлерінің әскери институтында дене шынықтыру және спорт курстарын қайта бастау жоспары әзірленіп, іске асырылмақ. Әскери колледжге түсу кезінде әскери қызметшілердің балаларына, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға және ауылдық жерлерден келген балаларға арналған басымдықтар ескерілетін болады.Ұлттық спорт түрлерін насихаттау бағдарламасы аясында 2025 жылы Астанада әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен тұңғыш рет әлем чемпионаты өтеді.Бұдан бөлек, сегіз гарнизонның спорт кешендерінде және үш оқу-жаттығу орталығында дзюдо, қазақ күресі, самбо, бокс, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да спорт түрлерінен жеті мыңнан астам әскери қызметшінің балалары тегін жаттығатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912377
Аяз Ата сыйлықтармен шатырдан түсіп, терезеден кірді 06.01.2025
«Киров» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері 2-ші балалар клиникалық ауруханасында жатқан балаларды ерекше құттықтады.  Жас альпинистер балаларды креативті тәсілмен қуантты. Аяз ата болып киінген клуб тәрбиеленушісі шатырдан түсіп, палатаның терезесінен кірді, мұндай тәсіл балаларды таң қалдырды.  Осылайша, емдеу мекемесінің қабырғасында Жаңа жылды қарсы алатын балаларды құттықтау идеясы 2017 жылы басталған болатын. Содан бері алғашы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бақытжан Перімбетовтың басшылығымен және Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен жас альпинистер мұны жыл сайын жасап келеді.  Бұл жолы қысқы ғажайыпты жасаған 110 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Пархат Зиинкал болды. Алматы тауының талай шыңдарын бағындырып жүрген Пархат пен оның взводының альпинизммен айналысқанына бірінші жыл. Аяз Атаның терезеден кіруі балалар мен ересектердің көңілінен шықты. Әскери-патриоттық клубтың мүшелері балаларға сыйлықтарын таратты, олар да өз кезегінде өлеңдерін, әндерін айтып берді. Мерекені ауруханада қарсы алуға мәжбүр болған балалар клуб тәрбиеленушілерінің арқасында Жаңа жыл ғажайыбын тамаша көңіл-күймен сезінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912397
Әскери қызметшілер Ақкөл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылдық ертегімен қуантты 06.01.2025
Жаңа жыл қарсаңында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының, Қарулы күштер ардагерлері мен әскери қызметшілердің отбасы өкілдері Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы балалар үйіне барды.  Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мерекелік залда мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған бағдарлама қойылды.      Әскери қызметшілердің бастамасымен әлеуметтік мекеменің жүзден астам тәрбиеленушісі Аяз Ата, Ақшақар және басқа да сүйікті кейіпкерлерімен бірге қысқы ертегіні тамашалады. Балалар жасыл шыршаны айнала ән айтып, би биледі.  Аяз Ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алған балалардың қуанышты жүздерін көрудің өзі бір бақыт. Басты ертегі кейіпкері немересімен бірге бүлдіршіндерге зор денсаулық, керемет көңіл-күй және жаңа жылда сәттілік тіледі.  Мерекелік көңіл-күйде тамаша өткен шара соңы жаңа жылдық ғажайыптан естелік ретінде бірлескен фотоға түсумен аяқталды. Қарулы күштер үшін дәстүрге айналған осындай қайырымдылық акциялар қазір еліміздің бүкіл өңірінде өтіп жатқанын айта кеткен жөн. Мұндай шаралар мемлекет пен қоғамның ерекше назарын қажет ететін балдырғандарға көмек пен қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912459
Бас әскери клиникалық госпиталь қызметкерлері мен пациенттерді Жаңа жылмен құттықтады 06.01.2025
ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Астана қаласындағы Бас әскери клиникалық госпитальда ем алып жатқан мерзімді қызмет сарбаздарымен кездесті. Бас әскери клиникалық госпиталь бастығы медицина қызметінің полковнигі Арман Ескендіров әділет полковнигі Тілеухан Басқожаевты емделушілер контингенті туралы хабардар етті. Әскери мейман неврологиялық және кардиоревматологиялық бөлімшелердегі мерзімді қызмет сарбаздарымен қауышып, оларға Қорғаныс министрінің атынан Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Мерзімді қызмет сарбаздары әділет полковнигі Тілеухан Басқожаевпен өз жоспарларын бөлісті. Армиядан кейін біреуі мамандық бойынша жұмысқа орналасқысы келеді, ал енді бірі грантпен оқуға түскісі келеді. Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы госпиталь басшылығына сарбаздарға Жаңа жыл қарсаңында туыстарымен байланысуға мүмкіндік беруді тапсырды. Әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев мейрам күні кезекшілікке келген госпиталь қызметкерлері мен әскери қызметшілерін мерекемен құттықтады. Қорғаныс ведомствосының әскери-медициналық қызмет жүйесіндегі жетекші клиникада жыл сайын бірнеше мың пациент стационарлық емдеуден өтеді. Онда негізгі медициналық қызметтен бастап күрделі операцияларға дейінгі мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Емдеу орнының пациенттері – курсанттар, мерзімді қызмет сарбаздары, офицерлер құрамы, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912584
Жаңа жыл қарсаңындағы мерекелік сыйлықтар 06.01.2025
  Жаңа жыл қарсаңында Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері және отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет өкілдері әлеуметтік мекемеде тұратын балалармен кездесті. Әскери-теңіз күштері материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының әскери қызметшілері Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына барды. Онда 4 жастан 17 жасқа дейінгі 41 бала тәрбиеленеді. Батальон командирі майор Нұржан Жүсіпов балалар мен мекеме ұжымын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оларға мол бақыт, мықты денсаулық және табыс тіледі.  - Біз сіздерге қонаққа келгенімізге өте қуаныштымыз. Біздің қарым-қатынасымыз нығая түседі деп үміттенемін. Менің ойымша, сіздер де бізбен бірге болып, теңіз қызметі қалай ұйымдастырылғанын білуге қызығушылық танытасыздар", - деді ол. Әскерилер балаларға сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға концерт ұйымдастырды. Әлеуметтік мекеме қызметкерлері әскери қызметшілерге ата-ана жылуын аңсайтын балаларға көңіл бөлгені және қамқорлығы үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912691
Қорғаныс министрінің Жаңа жылмен құттықтауы 06.01.2025
Құрметті сарбаздар мен сержанттар, офицерлер мен генералдар!Қадірлі отандастар!Сіздерді келе жатқан Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!Өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы болды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі басты міндеттерді атап өтті.Біз экономикада жаңа биіктерге жеттік, халықаралық аренадағы позициямызды нығайтып, күшті әрі гүлденген мемлекет құруды жалғастырдық. Ең бастысы, біз ұлт ретінде бірлікті, бір-бірімізді құрметтеуді және әрбір азаматтың өмірін жақсартуға ұмтылып, алға жылжыдық.Біз әрбір адам өзін сенімді сезінетін, жеке және кәсіби өсу үшін барлық жағдайлар жасалатын, сондай-ақ адамға қамқорлық басты басымдық болып қалатын Қазақстанды құруға бел буған болашаққа сеніммен қараймыз.Өткен жыл Қарулы күштер үшін жауапкершілікке, қиын сынақтарға және үлкен жетістіктерге толы болды. Біздің әскери қызметшілер жауынгерлік кезекшілік атқарып, түрлі оқу-жаттығуларға, авиацияның ұшуларына қатысты. Олар көктемгі су тасқыны салдарын жоюға тартылды. Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында және БҰҰ-ның басқа да миссияларында міндеттерін сәтті орындауда.Осы салтанатты сәтте барлық әскери қызметшілерге және олардың отбасыларына, сондай-ақ Қарулы күштердің азаматтық персоналына қызметке адалдығы үшін, бастан өткерген кез келген қиындыққа шыдамдылығы мен төзімділігі үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлестеріңіз – болашағымыздың негізі.Алдағы жыл Қазақстанның барлық азаматтары үшін бірліктің, күш-жігер мен амандықтың жылы болсын. Қарулы күштеріміздің әлеуеті артып, күн сайын жаңа жетістіктерге жете берсін!Жаңа жыл құтты болсын, құрметті әскери қызметшілер, бітімгерлер және отандастар! Баршаңызға зор денсаулық, амандық және ашық аспан тілеймін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912702
Түркістан облысында әскери қызметшілер майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады 06.01.2025
2025 жылғы 1 қаңтарда Ұлы Отан соғысының ардагері Зәкір Мұсаев 100 жасқа толды. Майдангерді жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, Amanat партиясы облыстық филиалының өкілдері, Қарулы күштердің, Ауған және басқа да жергілікті соғыстардың ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері құттықтады. Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Жандос Күлдербаев мерейтой иесіне Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың құттықтау хаты мен естелік сыйлықтарды табыс етті  – Бүгінгі бейбіт күн үшін ардагерлерге қарыздармыз. Олардың ерлігі бейбіт өмірдің іргетасы болды, – деп атап өтті подполковник Ж.Күлдербаев.   Зәкір Мұсаевтың өмірі әскери борышқа адалдықтың үлгісі. Ол 1925 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылды. Әпкесі Ангир екеуін анасы жалғыз тәрбиелеп өсірді. 1943 жылы 18 жасында Зәкір Мұсаев әскер қатарына шақырылды. Ол Петропавлда 44-ші полкте қызмет етіп, сол жылдың қыркүйегінде өз еркімен майданға аттанды. Соғыс екі рет жарақат алды. Ардагердің майдандағы еңбегі бағаланып, Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен және 13 жауынгерлік медальмен марапатталды. Соғыстан кейін Зәкір Мұсаев 1950 жылға дейін Дрездендегі НКВД ғимаратында күзет бөлімінде қызмет етті. Туған жеріне оралып, алдымен Калинин атындағы колхозда, содан кейін партияның XXIII съезі атындағы кеңшардың Иқан мақта станциясында есепші болып жұмыс істеді. Зәкір Мұсаев 1985 жылы зейнетке шықты. Ол жұбайымен бірге төрт қыз, бір ұлын тәрбиелеп өсірді. Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан он ардагер қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912713
Қарулы күштердің сарбаздарын командирлер мен ата-аналар Жаңа жылмен құттықтады 06.01.2025
Жаңа жылдық мереке әскери бөлімдердің әдеттегі тәртібіне біраз ерекшеліктер енгізді. Күн тәртібіне сай 22:00-де ұйқыға жататын мерзімді қызмет сарбаздарына бұл күні жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар Құрлық әскерлерінің, Әскери-әуе және Әскери-теңіз күштерінің әскери бөлімдерінде өтті. Ақтау гарнизонында әскери теңізшілерді Бас штаб бастығы – Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков Жаңа жылмен құттықтады. Ол жеке құрамға адал қызметі және Каспий теңізі акваториясының қауіпсіздігін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. – Теңіздегі қызмет батылдықты, табандылықты және адалдықты талап етеді. Сіздер бұл маңызды миссияны лайықты орындап, теңіздегі шекарамызды қорғап және қазақстандықтардың бейбіт өмірін қорғауда жүрсіздер. Жаңа жыл баршаңызға денсаулық, бақыт және сәттілік әкелсін. Абыройлы  қызмет және қайсар рухтың беріктігін тілеймін, – деді ол. Жауынгерлік бекетте кезекшілік атқарғандар да назардан тыс қалмады. Олар қолбасшылық атынан құттықтаулар мен естелік сыйлықтар алды. Әскери қызметшілер Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын ерекше ықыласпен тыңдады. Әскери бөлімдердің командирлері жаңа жылды достық қолдауды сезініп, кіршіксіз әзіл және жаңа жылдық көңілді атмосферада өткізуге тырысты. Мерекелік дастархан, Аяз Ата мен Ақшақардың құттықтауы, байқаулар мен викториналар, көркемөнерпаздардың өнер көрсетуі – осының бәрі жаңа жылдық көңіл-күйге ерекше әр берді. Сарбаздарға да мереке кезінде туыстарымен бейне байланыс арқылы сөйлесіп, жаңалықтарымен  бөлісіп, жақындарына жүрекжарды тілектерін арнауға мүмкіндік берілді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912740
Әскер сапындағы сарбаздар жаңа жылды қарсы алды 06.01.2025
Жаңа жылдың бірінші күні сарбаздар Бақтияр Мұратқалиұлы мен Ертай Айболат туған күндерін атап өтті. Мейрамның алғашқы күнін олар  әдеттегі әскери тамақтан ерекшеленетін мерекелік таңғы астан бастады. Әрі қарай, күні бойы басқа да сарбаздар  мен командирлері туған күн иелеріне ерекше ілтипат білдірді. Бригада командирінің орынбасары Бақтияр Мұратқалиұлы мен Ертай Айболатты сап түзеген бүкіл бригада алдында салтанатты түрде құттықтады. Командир олардың әрқайсысының әскери ұжым өміріне қосқан үлесін атап өтіп, мұндай сәттер армиядағы риясыз достық пен бірліктің күшін бейнелейтінін атап өтті. Мерзімді әскери қызметін бірге өтеп жатқан жауынгер достары мерекелік көңіл-күйдің көркін келтіріп гитараның сүйемелдеуімен ән шашу айтып, жауынгерлік рухты бір көтеріп тастады. Туыстары мен жақындарының құттықтаулары Бақтияр мен Ертай үшін осы ерекше күннің маңызды бөлігіне айналды. Бейне қоңырау арқылы олар ата-аналарын, бауырларын, достарын көріп,  денсаулық, сәттілік және үйге аман-есен оралу тілеген арнайы құттықтауларын естіді. Туған күннің Жаңа жылмен сәйкес келуі, жолдастардың, туыстардың құттықтаулары және ерекше достық атмосфера бұл күнді ерекше етті. Сарбаздар мұндай туған күн өмірде бір рет болатынын және бұл олардың жадында мәңгі қалатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912741
Ақтөбеде генерал Жансен Кереевті еске алды 06.01.2025
Жансен Кереев - Кеңес заманында генерал-лейтенант атағына ие болған алғашқы және жалғыз кадрлық қазақ офицері. Вокзал маңындағы алаңда Ақтөбе облысының атақты тұрғынына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері мен әскери басшының туыстары қатысты. - Генерал-лейтенант Жансен Кереев өмірінің соңына дейін патриот болып қала берді. Өмірінің 52 жылының оның ішінде 33 жылын Отанынан жырақта өткізді. Ол Забайкалье әскери округінде, Венгрияда, Германияда және Вьетнамда қызмет етіп, 1983 жылы сәуірде қайтыс болды. Бірақ Жансен Кереев қай жерде қызмет етсе де, қазақ даласын әрдайым сүйіспеншілікпен еске алып, жерлестерін қолдады, – деді "Қарулы Күштердің ардагерлері" облыстық филиалының төрағасы Қажымұқан Сатенов. Жансен Кереев 1930 жылы Ақтөбе облысының Ыргыз ауылында дүниеге келген. Оқуды бітіргеннен кейін Куриль аралдарында Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті. Кейін Благовещенское жаяу әскер мектебін, Фрунзе атындағы әскери академияны, Бас штабтың әскери академиясын, Бас штаб академиясының жоғары академиялық курстарын бітірді. 1953 жылдан 1956 жылға дейін Чита маңындағы взводты басқарды. Германияда, Ленинград әскери округінде қызмет етті, ГДР-дағы 27-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясын басқарды, Германиядағы Кеңес әскерлері тобының 3-ші жалпы армиясының штаб бастығы болды. 1979 жылдан 1982 жылға дейін Еділ әскери округінің штаб бастығы қызметін атқарды. 1982 жылы қаңтарда ол Вьетнамға Вьетнам Халық армиясы штабының аға кеңесшісі және Ұлттық қорғаныс министрлігі Әскери кеңесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. - Жансен ағай адал әрі батыл адам болған, өз елінің нағыз патриоты еді. Оның туған күнін 1980 жылы бірге атап өткеніміз есімде. Бірақ, өкінішке қарай, бірнеше жылдан көз жазып қалдым. Мен бүгін мереке күндеріне қарамастан оның құрметіне келгендердің барлығына ризамын. Бұл біздің отбасымыз үшін өте маңызды, – деді генералдың жиені Амангелді Жоланов. Іс-шара өмір жолы батылдықтың, адал қызметтің және шынайы патриотизмнің үлгісі болған көрнекті әскери қолбасшыны құрметтеудің жарқын дәлелі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/912811
Жыл көрсеткіші – 592 офтейк-келісімшарттары 06.01.2025
Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ірі субъектілер сомасы 704 млрд теңге құрайтын 592 ұзақ мерзімді келісімдер мен офтейк-келісімшарттарын жасасқанын хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/908896
Жаңа жыл күндері ТЖМ құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеді 05.01.2025
Өткен екі тәулік ішінде (1-2 қаңтар) Қазақстан ТЖМ күштері 396 шығу жасады, оның 195-і өрттер мен жану оқиғаларына, 201-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 182 адам, оның ішінде 57 бала құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/912760
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды 05.01.2025
Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің он құтқарушысына Ақтау қаласында орын алған ұшақ апатының салдарын жою кезінде көрсеткен кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай операцияға қатысушыларға наградалар табыс етті. Мәселен өрт сөндіру қызметінің және мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің үш өкілі:Байтөре Олжас Серікбайұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы,Оңғар Серіболат Айтмұханбетұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі,Сәркенов Мәрлен Бегендікұлы — № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Мына қызметкерлер:Аллабергенов Қожабек Сапарұлы — «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары,Бағытов Манас Машрықұлы — Жедел құтқару жасағының құтқарушысы,Естемес Әлішер Нұржанұлы — «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің екінші пилоты,Құдабаев Асхат Құдайбергенұлы – «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командиріҚұбайдуллаев Заманбек Мұратұлы — Апаттар медицинасы орталығы филиалының фельдшері,Оразбеков Оспан Жалғасынұлы — Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері «Ерлігі үшін» медалмен марапатталды. Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологы Есен Жан Байкенқызы «Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды. Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімдері мен медициналық мекемелердің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарын алды, олар да адамдарды құтқаруда және қайғылы оқиғаның салдарын жоюда шешуші рөл атқарды. Марапатталғандардың ішінде 68 адам, оның ішінде ТЖ департаментінің 24 қызметкері және облыстың түрлі салаларының 44 өкілі бар. ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың атынан марапаттарды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов табыстады. Бұл марапаттар өз еңбектерімен өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен қорғалуына елеулі үлес қосқан барлық қатысушылардың апатты жоюда көрсеткен жоғары кәсіби біліктілігін, жанқиярлық пен батылдығын мойындау болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/913227
Қазақстан мектептерінде қысқы демалыс басталды 05.01.2025
Оқу-ағарту министрлігі қысқы демалысты ұйымдастыру үшін өңірлерге «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұсыныстар жіберді. Бұл ұсыныстар қауіпсіздік сабақтарын, білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шараларды қамтиды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады. Әсіресе мереке күндері оқушылардың отбасымен уақыт өткізуіне ерекше көңіл бөлінеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көшелерде, сырғанақтарда, мұз айдындарында, су қоймалары маңында және адамдар көп жиналатын орындарда, соның ішінде жәрмеңкелер мен жаңажылдық шыршаларда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Сондай-ақ өрт қауіпсіздігі де маңызды рөл атқарады. От пен электр құрылғыларын қолдану кезінде, жаңажылдық гирляндалар, шамдар мен бенгал шамдарын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Еске сала кетейік, осы оқу жылында қысқы демалыс 30 желтоқсаннан 8 қаңтарға дейін 10 күнге созылады. Ал бірінші сынып оқушылары үшін 2025 жылдың 10-16 ақпан аралығында 7 күн қосымша демалыс беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/911447
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 05.01.2025
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. https://www.akorda.kz/en Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/911572
Қарақия ауданының Аппақ ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді 04.01.2025
Қарақия ауданына қарасты Аппақ елді мекенінде фельдшерлік акушерлік пункт пайдалануға берілді. Аталған ФАП пункті жергілікті тұрғындардың денсаулығын сақтау және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында ашылған. Ақ халаттылар Аппақ ауылын қамтитын 700 адамға сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Фельдшерлік-акушерлік пункт 2024 жылдың мамыр айында басталған болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 1460 шаршы метрді құрайды. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген медициналық ғимараттың жұмысына сәттілік тіледі. Мұнда тек шұғыл көмек көрсетіп қана қоймай жүкті әйелдердің жағдайын бақылайды. Тұрғындарға медициналық кеңес беріп, балаларға және созылмалы сырқаты бар науқастарға тексерулер жүргізеді. Вакциналау және аурудың алдын алу шараларын ұйымдастырады. Сонымен қатар медициналық зерттеулер қан, несеп және басқа да талдауларды қабылдау қызметі де жұмыс істейді. Медициналық нысан физиотерапия, зарарсыздандыру, қақырықты алу, емшара, акушерлік пункт, егу сынды бірнеше кабинеттермен жабдықталған. Аппақ елді мекеніндегі жаңа медициналық нысан тұрғындардың денсаулығын жақсарту, уақытылы көмек көрсету және алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша маңызды рөл атқармақ. Айта кетейік, жыл соңына дейін Маңғыстау ауданына қарасты Қосбұлақ ауылында дәрігерлік амбулатория нысаны мен Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында медициналық пункт ғимараты қолданысқа берілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911533
Әзірбайжанның денсаулық сақтау министрі маңғыстаулық дәрігерлерге алғыс айтты 04.01.2025
Әзірбайжан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсеткен Қазақстан дәрігерлеріне алғыс айту жеделхатын жолдады. Хатта “Ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстандықтарға шын жүректен көңіл айтамыз. Апат кезінде жоғары кәсібилігін көрсеткен жедел жәрдем қызметіне, білікті дәрігерлерге, ауыр халде жеткізілген науқастарға жоғары дәрежеде ем-дом көрсеткен мамандарға шексіз алғысымызды білдіреміз” делінген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына, зардап шеккендерді құтқаруға және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыруға жұмылдырылған барлық дәрігерлерге алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911534
Ұшақ апатынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туыстарына барлық қолдау шаралары көрсетілуде 04.01.2025
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтарды алып кетуге келген туыстарына Маңғыстау облысы тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетілуде. Дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметкерлері, әкімдік өкілдері мен волонтерлар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Туыстарын алып кетуге келген шетел азаматтарын әуежайдан күтіп алып-шығарып салу, қонақ үйге орналастыру және т.б. қолдаулар жасалуда. Атап айтқанда, өңірлік психологтар мен дәрігерлер облыстық ауруханада қайғырып жүрген жандардың денсаулығын тексеріп, психологиялық көмек беріп жатыр. Сондай-ақ, ыстық тамақ пен шәймен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар, ұшақ апатынан көз жұмған Маңғыстау облысының 3 азаматының отбасына қаржылай көмек беріліп, марқұмдарды жерлеу рәсімдеріне қолдау көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/911536