Қуқық
Қарағанды және Саран көшелерінде безендірілген мектеп автобусы жүреді 24.12.2024
Аяз Ата және Ақшақары бар жаңа жылдық мектеп автобусы алдағы 22 желтоқсан, жексенбі күні, Қарағанды мен Саран арқылы мерекелік рейс жасайды. Бұл QazTehna компаниясының сыйы.Автобус Саран қаласында сағат 14:00-ден бастап жүреді.Бағыт:№ 7 мектеп-интернат;№ 9 мектеп-интернат;Мәдениет үйі.Қарағандыда сағат 16:00-ден бастап жұмыс істейтін болады.Бағыт:К. С. Станиславский атындағы театр;Кеншілер мәдениеті сарайы;45-ші орам;"Таир" сауда орталығы.Тұрғындарды жаңа жылдық ғажайыпты жіберіп алмауға шақырады.Ұйымдастырушылар: "Сиқырлы және көңілді атмосфераға шому үшін отбасыңызбен келіңіздер", – деп шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904488
Жыл қорытындысы: Ел экономикасының шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және бизнесті қолдау шараларын күшейту арқылы өсуі 24.12.2024
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдады. Отандық өндірушілерді қолдау құралдарын күшейту арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және іскерлік белсенділікті күшейту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыныАлдын ала бағалау бойынша осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4,4%-ды құрады, ол негізінен мұнайдан тыс секторды дамытумен қамтамасыз етілген. Экономика өсімінің 70%-дан астамы өңдеу өнеркәсібі, сауда, ауыл шаруашылығы және құрылыс есебінен қалыптасты. Салалар бөлінісінде келесідей динамика байқалады: ауыл шаруашылығында жалпы өнім шығарудың 13,4%-ға өсуі байқалды, бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш саналады; құрылыста – 10,3%; саудада – 8,2%; көлік қызметтерінде – 8,1%; байланыста – 5,3%; өңдеу өнеркәсібінде – 5,3%. Жалпы, аталған кезеңде отандық тауарлар өндірісі 5%,-ға, көрсетілген қызметтер 4,5%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3,1%-ға артып, 15,8 трлн теңгеге жетті.Сыртқы сауда айналымы биылғы 10 айда $116,9 млрд-ты құрады. Қазақстандық тауарлардың экспорты 5,1%-ға өсті, ақшалай баламада көрсеткіш – $68,5 млрд. Бұл ретте өңделген тауарлардың экспорты 10,2%-ға ұлғайып, $23,3 млрд-қа жетті. Шикізаттық емес экспорттың тұрақты өсуі көбінесе қазақстандық тауарларды Қытай мен Түркияға жеткізу көлемінің артуымен, сондай-ақ Еуропа нарықтарындағы қатысудың кеңеюімен байланысты. ҚХР-ға экспорт көлемі 5,3%-ға өсіп, $12,3 млрд-ты құрады. Бұған мемлекет пен бизнестің бірлескен белсенді жұмысы ықпал етті. Қытай тұтынушылары арасында отандық өнімдердің танымалдылығын арттыру мақсатында қазақстандық компаниялардың CIFTIS, CIIE, Digital Expo сынды үлкен көрмелерге және басқа да шараларға қатысуы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ jd.com, Doiyin, Alibaba электронды платформаларындағы ұлттық павильондар арқылы тауарларды ілгерілету жұмыстары жанданып, стримингтер ұйымдастырылды.Ирландия, Швейцария және Франция сияқты ЕО елдеріне экспорттық ағындарды өсіру олардың диверсификацияланғанын көрсетеді. Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстан сияқты көршілес елдерге шикізаттық емес экспорттың өсуі Қазақстанның саудасы үшін Орталық Азия өңірінің маңыздылығын айғақтайды. Биылғы қызмет көрсету экспорты 10,5%-ға өсіп, $8,4 млрд деңгейінде тіркелді. Осы сектордың драйверлері болып тасымалдау, ІТ, қаржы және басқа іскерлік қызметтер салалары аталды. Сонымен бірге есепті кезеңде импорт 3,3%.-ға қысқарды. Импорттың төмендеуімен қатар жүретін экспорт көлемінің ұлғаюының нәтижесі экономиканың оң сауда балансының 33,4%-ға өсуі болды. Аталған көрсеткіш $20,1 млрд деңгейінде қалыптасты.Қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл инфляция төмендеп, қараша айында жылдық мәнде 8,4%-ды құрады. 2023 жылдың тиісті кезеңінде инфляция 10,3% деңгейінде болды.Қазақстанның дербес несиелік рейтингі инвестициялық сенімділік деңгейінде сақталды2024 жылдың 9 қыркүйегінде Moody's халықаралық рейтинг агенттігі несиелік рейтингті «Тұрақты» деген болжаммен «Ваа2»-ден «Ваа1»-ге дейін көтерді. 2024 жылдың 15 қарашасында Fitch еліміздің несиелік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, сонымен қатар болжамды «Тұрақты» деңгейде ұстады. 2024 жылдың 1 наурызында S&P болжамды «Тұрақты» деңгейде сақтап қалып, дербес несиелік рейтингті «BBB-/А-3» деңгейінде растады. Несиелік рейтингтің жоғарылауы экономикалық және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, еліміздің халықаралық аренадағы беделін жақсартуға ықпал етеді, капитал нарықтарынан инвестициялар тартуға және экономикаға тікелей шетелдік инвестициялар көлемін ұлғайтуға оң әсер етеді. Айта кету керек, мемлекеттің рейтингі неғұрлым жоғары болса, сыртқы нарықта қарыз алу шарттары соғұрлым жақсы болады.Бизнесті қолдаудың жаңа құралдары арқылы елішілік құндылықтың өсуіҮкімет осы жылы кәсіпорындарды одан әрі ірілендіруге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға баса назар аудара отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Осындай шаралардың бірі шетелдік әлеуетті өнім берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға және квазимемлекеттік компанияларды сатып алуға қатысуына қол жеткізуін шектеу болып саналады. Биыл тізбе 3 еседен астамға – 4 536 атауға дейін кеңейтілді. Нәтижесінде, тек 2024 жылдың 9 айында мониторинг субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 21,2 трлн теңгені құрады, оның ішінде елішілік құндылығы 11 трлн теңгеге немесе 51,8%-ға жетті. Жылдың 11 айында отандық тауар өндірушілермен жасалған шарттардың сомасы 34,4%-ға өсіп, 372,9 млрд теңгені құрады. Офтейк-келісімшарттар бойынша көлемі 14 есеге, 134 млрд теңгеге дейін өсті. Қатты пайдалы қазбалар мен ОТӨ бойынша жер қойнауын пайдаланушылар арасында жалпы сомасы 111,1 млрд теңгеге 248 ұзақ мерзімді шарт және 27,8 млрд теңгеге 42 офтейк-келісімшарт жасалды. Салыстыру үшін: 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 47,5 млрд теңгеге 35 ұзақ мерзімді шарт және 4,8 млрд теңгеге 10 офтейк-келісімшарт жасалған болатын. 2024 жылдың қорытындысында қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысы мен қызметтерін сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша индикатор 81% деңгейінде айқындалды; 2025 жылға арналған жоспарда оны 82%-ға дейін жеткізу көзделген.Биыл мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жаңа қағидалары бекітілді. 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес, Қағидаларда жұмыс тәжірибесі мемлекеттік сатып алу аясында орындалған шарттар бойынша және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтері бар басқа да шарттар бойынша есепке алынады. Тапсырысты орындаушы қосалқы мердігерлер атқаратын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Заңнамалық өзгерістер конкурсты өткізу мерзімдері мен өтінімдерді беру рәсімдерін қамтиды. Өтінім беру мерзімі 15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қағидалар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.Экономикадағы ШОБ үлесін арттыруОтандық тауар өндірушілерді қолдаудың қабылданған шаралары экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 1,8%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді және бүгінде ол 38,2%-ды құрайды. Осы жылдың 1 желтоқсанында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 1,5%-ға артып, 2 млн кәсіпорыннан асты. Осы секторда барлығы 4,2 млн-нан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды. Бұл ретте шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығару көлемі 2024 жылдың 2 тоқсанында 19,1%-ға ұлғайып, 34,2 трлн теңгені құрады.Қазақстанда экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау жаңа деңгейге жетті: бизнеске 6,3 млрд теңге көлемінде шығындарды өтеу қамтамасыз етілді. Салалардың әртараптандырылуына ерекше назар аударылып отыр. Бұл елдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге ықпал етеді. Қабылданған өтінімдер саны бойынша көшбасшылар қатарында Қостанай облысы, Алматы қаласы, Алматы және Қарағанды облыстары тұр. Биыл жалпы 500-ге жуық компания түрлі қолдау шараларын алды, оның ішінде экспорттық акселерация бағдарламасына қатысу, Alibaba.com платформасына шығу, көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларға қатысу, шығындарды өтеу және басқа да шаралар бар. Олардың 90%-дан астамы азық-түлік саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері.Президент қол қойған Бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заң аясында биыл тексеруден профилактикалық іс-шараларға көшу арқылы мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесі қайта қаралды. 66 саланың тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру жүргізілді. Бизнес-ахуалды жақсарту және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында «таза парақтан» реттеуді енгізу бойынша жұмыс жалғасуда. Өңірлік маңызы бар актілер талданып, бизнеске 1 мыңға жуық негізсіз талаптар анықталды. Әкімдіктер оларды алып тастау бойынша жұмыс жүргізуде.Сондай-ақ биыл кәсіпкерлікке арналған міндетті талаптар тізілімі іске қосылды, оның ерекшелігі кәсіпкерлерді тізілімнен шығарылған және мерзімінде жойылмаған талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босату болып саналады.Президенттің бастамасымен «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» атты екі бағдарламаның құралдарын біріктірген Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны қабылдау маңызды қадам болды. Мықты және бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құру мақсатында тиімді жобаларға қолдау көрсету көзделген. Сонымен қатар жаңа жобаларды субсидиялау үшін бюджетті бөлу негізінен өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар арасында жүзеге асырылады (шамамен 50%).ШОБ жобаларын нарықтық жағдайларға кезең-кезеңімен көшумен субсидиялаудың сараланған әдісі көзделген. Кредиттер бойынша кепілдік беру құралы кеңейтілді: кепілдіктер сомасы 3,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды және бизнес субъектілері үшін 1 млрд теңгеден астам несие сомасы бойынша нарықтық шарттарда кепілдік алуға мүмкіндік берілді. Биыл барлығы 840,5 млрд теңге кредиттердің жалпы сомасына 14,5 мың жоба субсидияланды, төленген субсидиялар сомасы 226,2 млрд теңгені құрады. 241,2 млрд теңгеге 7,3 мың жоба бойынша кепілдіктер берілді. ШОБ-ты қолдаудың тағы бір құралы синдикатталған кредиттеу болды, ол бір мезгілде бірнеше банктер 15 млрд теңгеге дейінгі ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.Облигациялық қарыздар беру шарттары кеңейтілді: эмитент-кәсіпкер облигация шығарылған кезде купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ала алады және 5 жылға дейінгі мерзімде 5 млрд теңгеге дейін 6%-бен қаржыландыруға қол жеткізе алады. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін биыл 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар және салалық шектеулерсіз 7% мөлшерлеме бойынша 1,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау енгізілді.Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыруБизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылы саласындағы негізгі бағыттардың бірі цифрландыру болып саналады. Ыңғайлы цифрлық экожүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлердің бір порталда мемлекеттік қызметтерді, қолдау шараларын және мемлекетпен өзге де өзара іс-қимылды алуы үшін «Бизнестің цифрлық картасы» жобасы әзірленуде. Азаматтардың жеке кабинеті секілді бизнестің жеке кабинеті енгізіледі, бұл әкімшілік рәсімдерді жеңілдетеді және процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Биыл Қазақстанда электрондық форматта барлығы 99,3% мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қағаз құжат айналымын одан әрі оңтайландыру жүргізілуде.Сондай-ақ бизнестің операциялық шығындарын төмендетуге бағытталған есеп-қисапты автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылдың соңына дейін барлық есеп-қисаптың 40%-ын оңтайландыру жоспарлануда. ШОБ-ты одан әрі өсірудің тағы бір құралы арнайы келісім болады, оның шеңберінде кәсіпкерге салалық отандық және шетелдік консультанттарды тарта отырып, атаулы консалтингтік көмек көрсетіледі. Жалпы биыл ел экономикасы айтарлықтай тұрақты өсім көрсетті. Бұл өсім мұнайдан тыс сектордың қарқынды дамуының нәтижесінде жүзеге асып, әртараптандыру саясатының оң әсерін көрсетіп отыр. Несиелік рейтингтің жоғарылауы мен инвестициялардың артуы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірлердің дамуына бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және оңтайландыру арқылы бизнес климатқа және әрі қарай да инвестиция тартуға оң ықпал етуде. Экономикалық тұрақтылықты одан әрі нығайту Үкіметтің басым бағыттарының бірі болып қала береді.primeminister.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904525
20 желтоқсанда қаңтардағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталады 24.12.2024
20–30 желтоқсан аралығында Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылданады. Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі."Қаңтардағы ҰБТ-ға жазғы тестілеу нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар және күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде шартты түрде жоғары оқу орнына қабылданғандар, шығармашылық білім бағдарламалар тобынан ақылы негізде даярлаудың басқа бағыттарына ауысқысы келетін, ақылы негізде даярлаудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетін ЖОО-да оқитындар, сондай-ақ ақылы негізде даярлаудың педагогикалық бағыттарына ауысқысы келетіндер, сонымен бірге қалауы бойынша ақылы негізде ЖОО-ға түскісі келетіндер тест тапсырады. Тіркелу кезінде тест тапсырушылар тестілеуді өткізу орнын, күнін және уақытын таңдайды", – делінген ведомство хабарламасында.ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады – үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Тапсырмалар саны да өзгерген жоқ – 120. Қазақстан тарихы бойынша 20 тапсырма, оқу сауаттылығы бойынша 10 тапсырма, математикалық сауаттылық бойынша 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Ең көп ұпай саны – 140.Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша уақыт – 40 минут сақталады.ҰБТ-ға дайындықты жақсарту үшін жаттығу сынақтары басталды. ҰТО сайтында оқу жылының басында әдебиеттер тізімі мен тест жоспары, олар бойынша тапсырмалар, Қазақстан тарихы мен Дүниежүзілік тарих бойынша 100 дата тізімі, информатика бойынша терминдер тізімі, қазақ және орыс әдебиеті бойынша шығармалар тізімі жарияланды. Сондай-ақ, тестілеу бағдарламасындағы барлық талапкерлер үшін калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштік кестесі қол жетімді болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904759
Қарағанды облысының әкімі Польша Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілімен кездесті 24.12.2024
Қарағанды облысына Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда келді. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелеріне назар аударылды."Полония" Қарағанды облыстық поляк қоғамы мәдени өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі болып табылады, онда білім беру және мәдени-ағарту жұмыстары жүргізіледі.Ермағанбет Бөлекпаев облыстың өнеркәсіптік әлеуеті және оның шетелдік инвесторларға ұсынатын мүмкіндіктері туралы айтып берді. Шетелдік кәсіпкерлерді тарту үшін "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы құрылды. Мұнда резиденттер үшін салықтық және кедендік преференциялар қарастырылған, сондай-ақ қажетті инфрақұрылым бар.– Біздің өңірде өндірілетін өнім әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және Польшаны қоса алғанда әлемнің 50 еліне экспортталады. Біз халықаралық байланыстарды дамытуға үлкен мән береміз және ынтымақтастыққа мүдделіміз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Өз кезегінде Михал Лабенда инвестициялар саласындағы екіжақты қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстан Польшаның Орталық Азиядағы басты серіктесі екеніне тоқталды.– Мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстанның бірнеше өңіріне бардым. Қарағанды облысында бізді құрылыс, машина жасау және тау-кен өнеркәсібі сияқты салалардағы инвестициялық жобалар ерекше қызықтырады. Польшада осы салалардағы операцияларды кеңейтуге мүдделі көптеген өндірістер бар. Сіздерде үлкен әлеует бар, тек логистика мәселесін шешу керек, – деді Михал Лабенда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904833
Қарағандылық оқушылар Еуразиялық олимпиадада информатикадан күміс жүлде алды 24.12.2024
Қарағандылық екі оқушы Алматыда өткен информатика пәні бойынша Халықаралық Еуразиялық олимпиаданың XVІ турында екінші орынға ие болды. Бес сағат ішінде олар 12 есеп шешуі керек еді.Еуразиялық олимпиадада Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Әлішер Қазтаев және химия-биологиялық бағыттағы НЗМ он бірінші сынып оқушысы Батыр Ерденов жүлдегер атанды.Оқушылар олимпиадаға команда құрамында қатысты. Әр топта үш адамнан болды. Команданың құрамы осы жылы қарашада, іріктеу кезеңнен кейін бекітілді. Командаластарын қатысушылар мен ұстаздар өздері таңдады. Мысалы, Әлішер Қазтаевтың командасында Тараз қаласының екі жоғарғы сынып оқушылары болды.– Олимпиада халықаралық болғандықтан және әлемде спорттық бағдарламалау бойынша көшбасшы елдер қатысқандықтан, тапсырмалар оңай болған жоқ. Оларды шешу үшін тек тақырыптарды біліп қана қоймай, оларды бір-бірімен оңтайлы үйлестіре білу керек. Ойлаудың бұл тәсілі біздің сандық кеңістігімізді өзгертті. Мұның нәтижесі – ChatGPT және бізге көмектесетін басқа да қызметтер, – дейді Әлішер Қазтаевты олимпиадаға дайындаған информатика пәнінің мұғалімі Бақтияр Рақымжан.Оның айтуынша, Еуразиялық олимпиадаға қатысу - бұл мектеп оқушыларының спорттық бағдарламалау бойынша бас әлем чемпионатына – IOI қатысу үшін Қазақстандағы топ-4-ке түсу мүмкіндігі.Еуразиялық олимпиададағы жүлделі орындар Әлішер Қазтаев пен Батыр Есеновке Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына түсу кезінде артықшылық береді, сондай-ақ шетелдік университеттер үшін портфолио құрастыру кезінде елеулі жетістік ретінде қарастырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/904961
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТТІ. 24.12.2024
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров «Ашық әкімдік» мекемесінде азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.Тұрғындар көтерген мәселелердің басым бөлігі кәсіпкерлік саласына қатысты болды. Осылайша, Жетісай ауданының тұрғыны өз жобасын жүзеге асыру үшін үй-жай табуға және мемлекеттік грант алуға көмек сұрады. Нұралхан Көшеров ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, грант алу тәртібі жан-жақты түсіндіріліп жатқанына сендірді.Сонымен қатар, жер телімдерін жеке меншікке беру, жолдарды абаттандыру, карьерлерден материал алу, өтемақы төлеуге жәрдемдесу мәселелері қозғалды. және басқа да мәселелер қабылдауда талқыланды. Түркістан қаласы, сондай-ақ Ордабасын, Саурян, Жетісай аудандарының тұрғындары өз өтініштерін айтып, сауалдарына жауап алды.Әкім орынбасары көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын баса айтып, тиісті тапсырмалар берді. жауапты тұлғалар. >Облыс әкімі мен оның орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде азаматтарды жеке қабылдаулар өткізіп тұратынын естеріңізге саламыз.Баспасөз қызметі Түркістан облысының әкіміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/904584
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА 2 ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК БЕКЕТ АШЫЛДЫ 24.12.2024
Түркістан облысы, Сауран ауданында 2 фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Нысандардың ашылу салтанатына Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев және Сауран аудандық емханасының басшысы Бақыт Стамкулов қатысып, аудан тұрғындарын құтықтады.Алдымен Сауран ауданы, Бостандық ауылында заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған. Фельдшерлік-акушерлік бекетте заманауи үлгіге сай фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емдеу және қабылдау бөлмесі бар.Сауран ауданы, Шаға ауылының тұрғындары да қуанышқа кенелді. Ауылда заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Аталған нысанның құрылысы 2024 жылы басталған. Енді шағалықтар ем іздеп, аудан орталығына сабылмайтын болды. 1500-ге жуық тұрғынға жаңа медициналық бекет қызмет көрсетеді. Бұл фельдшерлік-акушерлік бекет те фильтр, әйелдер бөлмесі, егу, емдеу және қабылдау бөлмелерімен қамтылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/904585
«ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНДЕ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА ҚАБЫЛДАНДЫ 24.12.2024
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Заң жобасы Мемлекет басшысының қалаға рухани және тарихи орталық ретінде ерекше мәртебе беру тапсырмасына сәйкес әзірленген. Маңызды құжатты әзірлеуге Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы және қаланың тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болды.Осы ретте Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмысшы топпен кездесіп, мәселені талқылаған болатын. Түркістандық тұрғындар да Мемлекет басшысының бұл бастамасын қызу қолдады.Заң жобасын ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Экономика министрі премьер-министр орынбасары – ҚР Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров таныстырды. Сонымен бірге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Темір Қырықбаев қосымша баяндама жасады.Түркістанның мәртебесі туралы Заң жобасын талқылау 1,5 сағатқа созылды. 15 депутат сауалдарын жолдап, пікір білдірді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты сұрақтарға жауап берді.Бұл Заң жобасын әзірлеу барысында Ұлыбритания, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан және тағы басқа елдердің тарихи ескерткіштерін сақтап қалу тәжірибелері зерттелді. Заң 4 тараудан және 15 баптан тұрады, Түркістан қаласын Қазақстан Республикасының рухани-мәдени және тарихи орталығы ретіндегі ерекше мәртебесін айқындайтын құқықтық негіздерді белгілейді.Заң жобасының негізгі новеллаларына тоқталсақ, Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру; Ұлттық қолөнершілер шығындарының бір бөлігін бюджеттен өтеу; Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, құрылыстың бөгде элементтеріне жол бермеу және оның бірегейлігін сақтау көзделген. Атап айтқанда, кесененің қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан 100 метрлік қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін ғимараттар салуға жол берілмейді. Сонымен бірге шаһар басшылығы мемлекеттік әлеуметтік объектілерді салу үшін жеке құрылыс салушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын алу және беру бойынша шешім қабылдай алады. Түркістан қаласының әкімдігі мен қалалық мәслихатқа қосымша 34 құзырет беріледі.Айта кетейік, Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 31,5%-ға артып, 2024 жылдың 1 қарашасына 236 333 адамды құрады. Облыс орталығы болғалы жалпы өңірлік өнім көлемі 4,5 есе өсіп, өткен жылы 370,8 млрд. теңгеге жетті. 2024 жылға 413,7 млрд. теңге болады деп болжамдануда. Түркістан қаласында мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің көлемі 2,8 есе өсіп, былтыр 66,2 млрд. теңге түссе, биылғы 10 айда 62,3 млрд. теңге түсті. Қала бюджеті облыс орталығы болғалы 3 есе өсіп, 141,3 млрд. теңгеге (2018 жылы 41,9 млрд. теңге) жетті. Қалада негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі соңғы үш жылда 915,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестиция – 458,1 млрд. теңге. Биыл 390 млрд. теңге тартылады деп жоспарлануда.Соңғы үш жылда шаһарда 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, оның ішінде 807,3 мың шаршы метрді құрайтын көп пәтерлі 200 тұрғын үй (10 020 пәтерлі) пайдалануға берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны соңғы үш жылда 2 есе өсіп, 22 мыңға жетті. Биыл Түркістанға «Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы» ресми мәртебесі беріліп, бірқатар туристік және мәдени іс-шаралар өткізілді. Түркістан қаласына біркүндік келуші мен туристер саны соңғы үш жылда 165%-ға өсіп, 2023 жылы 1015,2 мың адамға жетті. Сондай-ақ шетелдік біркүндік келуші мен туристер саны үш жылда 60 есе өсіп, 12,2 мың адамға ұлғайған. 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Түркістан қаласына біркүндік келуші мен туристер саны 953,9 мың адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,2%-ға өсіп отыр. Сондай-ақ шетелдік біркүндік келуші мен туристер саны 22,3 мың адамға жетіп, өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 2 есе артқан.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905217
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР ІРІ ӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛЫНБАҚ 24.12.2024
Түркістан облысында тағы бір ірі өндірістік кешен салынады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бүгін инвесторлармен кезекті кездесу өткізіп, жаңа жоба барысын жан-жақты талқылады. Нәтижесінде, облыс әкімдігі мен Qingdao Wanlin Food Co азық-түлік компаниясы басшылығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Келісім аясында көкөніс базасы Түркістан облысындағы индустриалды аймақта орналасады. Онда көкөніс кептіретін, яғни пияз және сарымсақтан өнім түрлері мен биологиялық белсенді қоспалар және мал азығын шығаратын өндірістік кешеннің құрылысы жоспарланған. Жоба құны $30 млн құрайды. Дегидрленген көкөніс зауыты бар замауани кешен құрылысының бірінші кезеңінде 50 мың тонна дайын өнім өндіріледі.Жаңа өндіріс орнының іске қосылуы өңір халқының әл ауқатын жақсарта түспек. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындары ашылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңа жобаның сәтті жүзеге асуына тілектестік білдіріп, инвесторларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.Wanlin Group 1991 жылы құрылған, компания қарттарға күтім жасау және азық-түлік өндірісі секілді екі негізгі бағытта жұмыс істейді. Компания Nestle, Unilever, Kerry және т. б. ірі серіктестермен жұмыс істейді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/905255
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі тікұшақ паркін жаңартуда 24.12.2024
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы «Қазавиакөлік» АҚ жаңартылған әуе кемелер паркінің құрамына енген жаңа Airbus Helicopters H145 D3 тікұшағын алды. Салтанатты жағдайда Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering бас директоры Сесиль Арно Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновке жаңа ұшақтың кілтін табыс етті. H145 D3 тікұшағы іздестіру-құтқару операцияларын, орман және дала өрттерін сөндіру және басқа да маңызды төтенше жағдайларға ден қою миссияларын қоса алғанда, кең ауқымды миссияларды орындау үшін таңдалды.«Біздің ұшақтар паркін жаңарту – біздің жұмысымыздың тиімділігін арттырудың стратегиялық мақсаты болып табылады. қызметтер. Біз әр өңірде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін авиациялық жасақ құруды жоспарлап отырмыз», - деді Шыңғыс Әрінов. Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы заманауи тікұшақтарды басқаруға кадрларды дайындаудың маңыздылығын атап өтті. апаттық авиацияда инновациялық технологияларды енгізу ретінде. H145 D3 тікұшағы тамаша маневрлік, сенімділік және әртүрлі климаттық жағдайларға жоғары бейімділікке ие, бұл оны ептілік пен дәлдікті талап ететін жағдайларда жұмыс істеу үшін тамаша таңдау жасайды. Ол төтенше жағдайларды жоюға арналған заманауи медициналық жабдықтармен, өртке қарсы су төгетін құрылғымен (сыйымдылығы 1000 литр), сондай-ақ акваторияларда жұмыс істеуге арналған құтқару шарларымен жабдықталған.Тікұшақтың басты артықшылықтарының бірі болып табылады. түнгі операцияларда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қуатты прожектор және тұрақсыз жағдайларда оның мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетін шектеулі көріну.«H145 D3 тікұшағын алу - жаңғырту бағдарламасы аясындағы маңызды қадам. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациялық флоты. 2024 жылы біздің авиация апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрттерді сөндіру және оқу-жаттығуларға қатысу үшін қазірдің өзінде 2537 ұшып шықты», - деді «Қазавиапас» АҚ бас директоры Алпамыс Камалов. Кездесуде тікұшақ саласын дамыту перспективалары да талқыланды. Қазақстанда, соның ішінде өндірісті кейіннен оқшаулаумен H160 тікұшағын бейімдеу мәселелері. Төтенше жағдайлар министрлігі өз ресурстарын нығайтуды және төтенше жағдайларды жою тиімділігін арттыруды жалғастыруда. жағдайлар. Жаңа H145 D3 тікұшағы Қазақстан азаматтарының өмірін сақтап қалу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін таптырмас құрал болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/905242
Мәжілісте Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасы таныстырылды 24.12.2024
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлық отырыста бірінші оқылымда “Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы” заң жобасын қарады.Заң жобасын әзірлеуге Түркістан қаласын Түркі мемлекеттері ұйымының түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы, сондай-ақ қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болды.Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, заң жобасының негізгі новеллаларыТүркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру, ұлттық қолөнер шеберлері үшін бюджеттен шығындардың бір бөлігін өтеу және Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу болып табылады. Түркістан қаласының мәслихаты қала құрылысы регламентін, қаланың дизайн-кодын, сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын, Түркістан аумағында рәміздерді пайдалану тәртібін және т. б. бекітетін болады.Қала әкімдігіне 3 бағыт бойынша 27 құзырет берілетін болады. Біріншісі қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.Екіншісі-кесененің айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдану.Үшінші бағыт туристік қызметке жәрдемдесу мәселелерін реттеуге және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік жағынан тартымды орындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағытталған.Бұдан басқа, ілеспе заң жобасы әзірленді. Оның шеңберінде Жер кодексіне, "ҚР-дағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы", "ҚР-дағы туристік қызмет туралы" Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/905135
Индер ауданының әкімі тағайындалды 24.12.2024
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Индер ауданының әкімі лауазымына Серік Бағытжанұлы Нысанбаев тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Нысанбаев 1980 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығын тәмәмдаған.Еңбек өтілі:2003-2008 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық және әскери жұмылдыру жұмыс бөлімінің бас маманы;2008-2017 жылдар аралығында Атырау қалалық әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;2017-2022 жылдар аралығында Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы;2022 жылдан тағайындалғанға дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымында болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/905232
Тұрғындар сауалына тиісті жауап қайтарылды 24.12.2024
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қала тұрғындарымен кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді.Әкімге тұрғын-үй шаруашылығы, абаттандыру, жұмыспен қамту және өзге салаларды қамтыған сұрақтар жолданды.Барлық сұрақтар бақылауға алынып, басқарма, бөлім басшылары мен қада әкіміне нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905078
«Абай жолы» жобасының тұсаукесері өтті 24.12.2024
Абай облысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қолдауымен жарық көрген «Абай жолы» жобасының тұсаукесері өтті. Жобаның бірінші сериясы аясында жалпы тиражы 8 мың дана болатын 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы тиражы 10 мың дана болатын 20 автордың шығармалары жарық көрді.Жоба Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, Семей өңірінің көрнекті тұлғалары мен ақын-жазушыларының мұрасын насихаттауға, сондай-ақ көркем әдебиет арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған. Кітаптар жинағына әр түрлі әдеби жанрларды қамтитын Семей өңірінің ақын-жазушылары мен суретшілерінің шығармалары кіреді. Кітапты оқуға қызығушылық танытқан оқырмандар бұл кітаптарды өңір кітапханаларынан, ал цифрлық нұсқасын ҚазҰЭК электрондық кітапханасынан тауып оқи алады.«Асыл ойдың иесі Хакім Абай «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп, келер толқынға насихат қылғанын жақсы білеміз. Бұл жоба – өңіріміздің ақын-жазушыларының еңбектерін жас буынға мұра ретінде сақтау үшін маңызды қадам деп білемін. Жаңа басылым баршамызға құтты болсын!» - деді облыс әкімі.Өлке ақын-жазушыларының шығармаларын бағалау және басып шығару жөніндегі кеңесті «Абай облысының Құрметті азаматы», Шәкәрім университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Арап Еспенбетов басқарады.Биыл аталған жоба аясында отандастарымыз А.Шәріповтың «Көргенім, көңілге түйгенім», Р. Нұрғалидің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» романы, Б.Исабаевтың «Ұлылар мекені», Б. Тілегеновтың «Қара жел», А. Еспенбетовтің «Абайды оқы, таңырқан...» т.б ақын-жазушылардың еңбектері бар. Астана қаласының «Фолиант» баспасы жазушылардың әрқайсысы 500 данадан тұратын 20 шығармасын шығарды (барлығы 10 000 дана). Жоба бес жылға есептелген.Іс-шарада театр әртістері кітап авторлары мен олардың шығармаларына арналған әдеби-көркем нөмірлерді ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905121
«AMANAT» партиясының Жол картасын іске асыру барысы талқыланды 24.12.2024
Абай облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, фракция мүшелері қатысты.Отырыс барысында аймақ басшысы Абай облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламаcын орындау шеңберіндегі Жол картасынының 2024 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат берді. Әкім өз сөзінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, бизнесті қолдауды, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жаңғыртуды, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуды қоса алғанда, белсенді жұмыс жүргізілетін негізгі бағыттарды атап өтті.Отырысқа қатысушылар бағдарламада көзделген бірқатар жобаларды талқылап, жедел шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді атады. Жаңа әлеуметтік нысандарды салуға, сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және жастарды қолдау бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.Кездесу барысында фракция мүшелері облыс әкімінің осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, облыс үшін маңызы бар жобалардың нәтижелі аяқталатындығына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/905291
Қостанай агромеханикалық зауыты құю өнімдерінің өндірісін жаңартты 24.12.2024
Құю өнімдері ауылшаруашылық машина жасау, энергетика және тау-кен өндіру сияқты салаларда негізгі рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы агрегаттары мен қосалқы бөлшектерін, сондай-ақ құю бұйымдарын шығаратын «Қостанай агромеханикалық зауыты» ЖШС өнім көлемін ұлғайту және өнім сапасын жақсарту мақсатында өндірісті белсенді түрде жаңғыртуда.2023 жылы зауыт құю цехын ауқымды қайта құруды жүзеге асырды, соның арқасында өндіріс автоматтандырудың жаңа деңгейіне көтерілді. Жобаны қаржыландыруды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ мақұлдап, қуаттылығы жылына 1000 тоннаға дейін жететін заманауи қондырғыларды сатып алуға және 20 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.Жаңа жабдық алюминий қалыптарында газдандырылған үлгілерді құю өндірісінің автоматтандырылған өндірісіне арналған. Бұл зауытқа күпшектерді, оттықтарды, топсаларды, жартылай жалғастырғыштарды, мойынтіректердің корпустарын және қақпақтарын, кронштейндерді, трактордың қарсы салмақтарды қоса алғанда, өнімнің кең ауқымын шығаруға мүмкіндік береді.Жаңа жабдықтың өнімділігі жоғары: бір машина сағатына 20 циклды орындауға қабілетті. Бір циклде көлеміне қарай бірнеше ондаған құймалар шығарылады. Құйманың ең аз салмағы – 800 грамм, ал максималды салмағы 250 келі құрайды.Бүгінгі таңда зауыт құю өнімдерінің шамамен 25-30 пайызын өз қажеттіліктеріне пайдаланса, қалғанын үшінші тарап компанияларына өткізеді. 2023 жылдың соңына қарай шамамен 500 тонна құю өнімдерін өндіру күтілуде – бұл 2022 жылмен салыстырғанда екі есе көп.Құю цехын қайта құру және жаңа техниканы енгізу арқылы кәсіпорын нарықтағы орнын нығайтып, отандық машина жасау мен ауыл шаруашылығының дамуына зор үлес қосуда.Зауытта ауылшаруашылық техникасының жаңа түрлері жасалып, өндіріс процестері жетілдірілетін конструкторлық бюро, зертхана және технология бөлімі бар. Құю цехын жаңғырту – бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен Қазақстанда және одан тыс жерлерде сапалы құю өнімдеріне өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін жасалған қадам.Мұндай жаңарту кәсіпорынның технологиялық серпілісіне ықпал етіп қана қоймай, аймақтағы мамандарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жергілікті экономиканы нығайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/904918
Қазақстан мен Сербия үкіметтерінің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім бекітілмек 24.12.2024
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады.Қаулы жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы ҚР Заңы 5-бабының 2-тармағына және 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.Келісім қорғаныс саясаты мен қауіпсіздігі, әскери білім беру және әскери қызметшілерді кәсіптік даярлау, тылдық қамтамасыз ету, әскери медицина, жауынгерлік даярлық сияқты салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыруға, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға байланысты мәселелер бойынша және басқа да өзара келісілген салалар бойынша консультациялар жүргізуге мүмкіндік береді.Қорғаныс Үкіметі қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 31 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15356145 сілтемеге өтіп, танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/905156
Жайық-Каспий бассейнінде балық шабақтарының қырылуы алдын алынды 24.12.2024
Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерінің жедел іс-қимыл жұмысы барысында балық шабақтары шоғырланған су жайылымы анықталды.«ҚазСуШар» Төменгі-Жайық филиалының, Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі әкімдігінің, Теңіз және Махамбет балық инспекциясы бөлімдері қызметкерлерінің бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде 300 мың дана балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді.Жайық өзенінің жағалау жиегінің мониторингі жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904594
Қазақстанда зәйтүн өңдеу және зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосу жоспарлануда 24.12.2024
2023 жылы қазақстандық «QVM Technology», «Ordabasy Group» және «Ервира» компаниялары грузиялық «Olive Georgia» компаниясымен бірлесіп, Жетісу, Түркістан және Маңғыстау облыстарында зәйтүн ағаштарының көшеттерін тәжірибелік отырғызу туралы келісімге қол қойды.Алғашқы 6080 көшет отырғызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, көшеттердің 99,7%-ы жақсы өміршеңдік деңгейін көрсетті. Алғашқы өнімді 5 жылдан кейін жинау жоспарланып отыр.2024 жылдың көктемінде Испания мен Түркиядан әкелінген көшеттер отырғызылды.2025 жылдың соңына дейін қазақстандық компаниялар 1000 гектар аумаққа зәйтүн ағаштарының көшеттерін отырғызуды жоспарлап отыр.Жоба аясында ғылыми қолдау көрсету қарастырылған: Испанияның Кордова университетінің профессоры Пабло Мореллоның жетекшілігімен топырақ, климат және метеорологиялық деректерді жинау және талдау жүргізілетін болады.«QVM Technology» ЖШС 2030 жылға қарай зәйтүн өңдеу және зәйтүн майын өндіру зауытын іске қосуды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904727
Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады 24.12.2024
Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісім аясында Астрахань қаласында су биологиялық ресурстарды сақтау, ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі Үкіметаралық комиссия өз жұмысын бастады.2024 жылы Үкіметаралық комиссия отырысы Ресей Федерациясының төрағалығымен өтуде. Отырысқа бес Каспий маңы мемлекеттерінің ғылыми ұйымдары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысуда.Қазақстан делегациясын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аян Бахиянов басқарады.Отырыста тараптардың балық ресурстарын аулау квоталарын пайдалану туралы есептері, Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын қалпына келтіру және қорғау мәселелері, теңіздегі ғылыми зерттеулер негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйі туралы есептер қаралады. Сондай-ақ 2025 жылға арналған бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталарын бекіту, Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтарды коммерциялық аулауға тыйымды ұзарту және басқа да мәселелер талқылануда.Комиссияның жұмысы 20 желтоқсанға дейін жалғасады. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттама қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/904816