Қуқық
Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығы институционалдық аккредиттеуден өтті 11.12.2024
«ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығы» РММ қызметінің ұлттық, еуропалық және халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестігін растау рәсімін» «Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» (IQAA) мемлекеттік емес мекемесі өткізді. Аккредиттеу бес жылға жарамды.Әскери медицина орталығының қосымша білім беру бағдарламасы бойынша қызметі Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыру, курстық даярлау курстарын өткізуді көздейді. Бұл медициналық, орта медициналық персоналға, медициналық емес құрамға, оның ішінде бітімгерлік контингентке қатысты.Әскери медицина орталығы америкалық Defense Institute Medical Operations сертификатына ие. Ол растайтын құжатты бере отырып, халықаралық курстарға құқық береді. Оқыту «жарақаттар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету» және «тактикалық деңгейде жаралыларға күтім жасау» бағдарламалары бойынша медициналық құрамға арналған «санитариялық нұсқаушы, санитар» және медициналық емес адамдарға арналған «құтқарушы-жауынгер» білім көлемінде жүргізіледі.Екіжақты әскери ынтымақтастық аясында Әскери медицина орталығы әскери медицинаның өзекті тақырыптары бойынша алты ақпараттық курс өткізді. Мекемеге АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Литва, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан және ҰҚШҰ-ның шетелдік делегациялары да келді.Институционалдық аккредиттеу Қарулы күштердің Медициналық және медициналық емес құрамы үшін әскери медицина орталығы берген қосымша білім туралы куәліктерді растайды. Госпиталь және әскери буын әскери-медициналық мамандарының сертификаттары ҚР Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығында олардың біліктілік деңгейін куәландыру кезінде де ескеріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/898781
Қорғаныс министрлігі әскери дипломаттар үшін қорытынды брифинг өткізді 11.12.2024
ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өткен іс-шараға Қазақстанда аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпустың, Қорғаныс, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері қатысты. Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев өз елдерінің атынан өкілдік етіп, қарулы күштер арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға үлес қосып жүрген әскери атташелерге алғысын білдірді. Ол биыл 850-ден астам халықаралық деңгейдегі іс-шаралар, оның ішінде 30-дан астам оқу-жаттығу мен жарыс өткізілгенін, оған қазақстандық әскери қызметшілер қатысушы және байқаушы ретінде тартылғанын атап өтті.Генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандық әскери қызметшілердің бітімгерлік операцияларға қатысу ауқымының кеңеюін де атап өтті. – Қазақстандық бітімгерлердің БҰҰ миссияларына қатысу географиясы ауқымды. Оның ішінде біздің бітімгерлер Африка мен Таяу Шығыста (Батыс Сахара, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Ливан, Голан биіктері (Сирия), Израиль – Палестинада миссия атқарып жүр, – деп нақтылады ол.Ол 2025 жыл Қазақстан Қарулы күштері үшін халықаралық ынтымақтастық басымдықтарының қатарында жауынгерлік, бітімгерлік, тілдік даярлықты, Ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын жетілдіруді, әскери білім беру саласында тәжірибе алмасуды атап өтті. Негізгі күш-жігер әскери-көліктік және ұшқышсыз авиацияның әлеуетін дамытуға, Арнайы операциялар күштерін, РЭК, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс және киберқауіпсіздік бөлімшелерін дайындауға бағытталатын болады. Армияны заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жарақтандыру саласындағы әскери-техникалық ынтымақтастық жалғасуда.– Ынтымақтастықтың осы бағыттарын іске асыруда мемлекеттеріңіздің қорғаныс ведомстволарымен сындарлы әрі өзара тиімді іс-қимылға сенеміз, –деп түйіндеді генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.Қазақстандық әскери атташелер қауымдастығының өкілі жасап жатқан құрмет үшін дән риза екенін жеткізді. Ол қазақстандық тарапқа сенім мен өзара тиімді әріптестікке негізделген жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, одан әрі тиімді өзара іс-қимылға сенім білдірді.Кездесу барысында Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат, халықаралық ынтымақтастық департаменттері мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/899193
Тыйым салынған аймақтардың үстінен ұшуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгеріс енгізіледі 11.12.2024
ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және Ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін тыйым салынған аймақтар мен ұшу шектелген аймақтардың аумағынан ұшуға арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық актіге өзгеріс "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 27-2 - бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес іске асырылады.Жоғарыда көрсетілген норма көрсетілетін қызметті берушіні көрсетілетін қызметті алушының заңды құқықтары бұзылған жағдайда сұралынатын мемлекеттік қызметті қайта жүгінбей орындауға міндеттейді.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында биылғы жылдың 24 желтоқсанына дейін "Ашық НҚА" бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15338019 сілтеме бойынша танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/899584
Қарулы күштердің әскери қызметшілері ауыл тұрғындарының мүлкін өрттен сақтап қалды 11.12.2024
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы тау қорықшысы полкінің 3-сыныпты сержанттары Самалбек Оспанов пен Олег Колмагоров Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылындағы өртті ауыздықтады.Тұлымбаев көшесіндегі оқыс оқиға әскери қызметшілер қызметтен қайтып келе жатқан кешкі уақытта орын алды. Үйлердің бірінің төбесі жанып жатқанын көрген олар оқиға орнына жүгіріп жетеді.Олег Колмагоров бірінші кезекте газ құбырын жауып үлгерді. Бұл уақытта Самалбек Оспанов аулаға кіріп, көршілерден үй иелері жоқ екенін естиді. Әскери қызметшілер электр қалқанынан тоқ көзін өшіріп үлгереді.Көршілер шақырған өрт сөндіру бригадасы бес минут ішінде келді. Олар келгенге дейін әскери қызметшілер кіреберістегі жалынмен алысты. Бұл уақытта үйдің шатыры құлай бастаған болатын.Бөлмедегі заттарды сыртқа шығарып, көршілердің көмегімен шелекпен су шашып, өртті сөндіруге әрекет етті. Өрт сөндіру есептобы үйдің төбесіндегі отты толығымен сөндірді.– Әскери қызметшілер жедел және өте сауатты әрекет етті, – деді Жуалы ауданы Б. Момышұлы ауылының № 7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дархан Қанзат. - Үйді электр қуаты мен газдан ажыратудың арқасында баспананың толық жанып кетуіне жол берілмеді.Тау қорықшысы полкінің командирі подполковник Алмас Отыншинов жедел-барлау қызметінің сержанты Олег Колмагоров пен қаржы қызметінің сержанты Самалбек Оспанов Отан қорғаушыларға лайықты әрекет жасағанын атап өтті. Бөлім қолбасшылығы жоғары тұрған басшылыққа ауыр зардаптың алдын алған әскери қызметшілерді көтермелеу туралы өтініш білдірді.Сол күні кешке үйде болмаған ерлі-зайыптылар Рысбек пен Фариза өрт сөндіруге қатысқан әскери қызметшілер мен көршілеріне алғыстарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/899682
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖОЛДАРДЫ ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 10.12.2024
Түркістан облысы, Созақ ауданының орталығының ішкі жолдарын қардан тазарту және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыстар атқарылды. «Созақ сәулет» КММ тарапынан тазалау жұмыстары жалғасып, ішкі жолдарға инертті материалдар себілген.Тазалау жұмыстарына бірнеше техника тартылған. 6 тоннадан аса инертті материал себілді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары да қардан тазартылып, тұрғындардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар әліде жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899199
ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ «АЛТАЙ ЖҰЛДЫЗЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІНДЕ 4 АЛТЫН, 2 КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ 10.12.2024
Өскемен қаласында жүзуден «Алтай жұлдызы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Су айдынындағы бәсекеге елімізден 15 команда, 315 спортшы қатысып, өзара шеберліктерін байқады. Жарысқа қатысушылар ішінде 196 ұл, 119 қыз бағын сынады.Айтулы сайыста Түркістан облысының намысын қорғаған Дария Токтобаева нәтижелі өнер көрсетті. Оның еншісінде 4 алтын, 2 күміс медаль бар. Спортшы 100, 200, 400 метрге еркін жүзуде және 200 метрге шалқалай жүзуде чемпион болды. Сонымен бірге 200 метрге кешенді және брасс әдісімен жүзуде күміс жүлде еншіледі. Ол – облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899203
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАЛУАНДАРЫ ҚОС ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ 10.12.2024
Астана қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Чемпиондар лигасы» республикалық турнирі өтті. Боз кілем төріндегі додада жауырыны қақпақтай апайтөс балуандар кіл мықтыны анықтады. Нәтижесінде Түркістан облысының үміттері 4 алтын, 4 күміс және 7 қола медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді.Қоса кетейік, Астана қаласында 4-6 желтоқсан күндері қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Жас барыс» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Бұл сында да жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Жарыс қорытындысында 4 алтын, 3 қола медальді облыс қоржынына салып, командалық есепте жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінді.Осылайша Айдос Сералиев шәкірттері қос турнирде өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, сенімді ақтады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899206
ТҮРКІСТАН: «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫНАН 5 ОРМАНШЫЛАР ҮЙІ САЛЫНЫП ЖАТЫР 10.12.2024
Түркістан қаласының айналасынан құрылған «Жасыл белдеу» аумағынан бес орманшылар үйі салынуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін үш орманшылар үйі салынған болатын.Аталған орманшылар үйлерінің құрылысы биыл басталды. Қазіргі таңда баспаналардың қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. Алдағы уақытта жұмысшылар есік терезесін салып, ішкі-әрлеу жұмыстарына кіріседі.Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәлімдеуінше, 5 үйдің құрылысы келесі жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899208
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 БІЛІМ ҰЯСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР 10.12.2024
Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 3 білім ұясының құрылысы толық аяқталып, жақын күндері пайдалануға беру жоспарланған. Өңірде дәл осындай 29 мектеп соғылуда. Онда 20 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. Заманауи талаптарға сай жабдықталған білім ошақтары Президент бастамасымен салынып жатыр. Барлық жауапты басшылардың басын қосқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құрылыс барысын пысықтап, жұмысты ширатуды тапсырды.– Басты назар – сапада. Жұмысты жеделдетіп, дер кезінде тапсыру керек. Ашылуға дайын мектептердің инфрақұрылым желісіне қосылуын жіті қадағалаған жөн. Ерекше жобаның құрылысы қатаң бақылауда тұр, – деді облыс әкімі.Жиналыста ауыл мен қалада бірыңғай жобамен салынып жатқан білім ұяларының құрылыс барысы туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру департаментінің Түркістан облысы бойынша өңірлік басшысы Сәкен Әшірбаев баяндады. Мәлімдеуінше, жыл соңына дейін кестеге сәйкес жоспарланған мектептер толық тапсырылады.Сондай-ақ мердігерлердің пікірі тыңдалып, тиісті тапсырмалар жүктелді. Жаңа мектептердің инфрақұрылымы бойынша әр мердігерден жеке-жеке есеп алынды. Қазіргі таңда өңірде ұлттық жоба бойынша салынған бір мектеп тапсырылды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899299
ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫ ҚАТТЫ ОТЫНМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 10.12.2024
Түркістан облысында 1640 гектарға орналасқан 3366 жылыжай бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізілген талдаудың нәтижесінде, өңірде бүгінге дейін көмір тапшылығы анықталмады.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиында жылыжайларды көмірмен қамтамасыз ету барысында туындауы мүмкін тәуекелдер сараланды.Жиында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жылыжай шаруашылықтарының жылыту шығындарын субсидиялау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 29,4 гектар — өндірістік, 863 гектар фермерлік жылыжайларға қолдау көрсетілген.Жиында «Hermes» ЖК басшысы Әлішер Насыров көмір тасымалы барысында теміржол тұйықтарына қатты отынның көрсетілген көлемі нақты жеткізілмеу деректері орын алатынын айтып өтті.Нұрбол Тұрашбеков өндіруші, тасымалдаушы және жеткізуші кәсіпкерлердің уәждерін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.— Бізге жүктелген ортақ міндет — тұтынушыға тапсырыстың түгел және кешікпей жеткізілуін қамтамасыз ету. «Қазақстан темір жолы» АҚ өңірлік филиалдарына станциялардағы күзет қызметін күшейтуді ұсынамын. Қажеттілігіне қарай бейнебақылау камераларының санын арттырған жөн. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне өз құзіреті шегінде теміржол тұйықтарына жеткізілетін қатты отынның көлемі мен сатылуына кешенді бақылау жүргізу ұсынылады. Бақылау қорытындысымен заң аясында нақты шаралар қабылданатын болады, — деді облыс әкімінің орынбасары.Жиын соңында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына өңірдегі қатты отын тасымалы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, күнделікті мәлімет ұсыну жүктелді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899883
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІГЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ 10.12.2024
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің өкілдері және Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және әулеметтік қорғау министрлігінің делегациясы Түркістан облысына іссапармен келіп, Денсаулық сақтау басқармасының «№1 облыстық перинаталдық орталығы» мекемесінің жұмысымен танысты.Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің Ана денсаулығы басқармасының басшысы Шакизат Халықова, Түркістан облысының №1 перинаталдық орталығының басшысы Салтанат Жабағиева және өзге де мамандар Тәжікстан мамандарымен бірлесе Облыстық перинаталдық орталықта тәжірибе алмасты.Түркістан облысының №1 перинаталдық орталығында 600-ден астам қызметкер жұмысын атқарады және қауіп-қатер тобындағы Түркістан облысының 8 ауданы үшін үшінші деңгейлік перинаталдық көмек көрсетеді. Орталықта соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар мен заманауи емдеу технологиялары қолданылады.2023 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес медициналық генетикалық бөлімше «Ұрықты қорғау орталығы» болып қайта құрылды. 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері «Бір күндік клиника» жобасы іске қосылып, өз жұмысын атқаруда. Түркістан облысы бойынша медициналық генетикалық қызмет көрсетіледі. Жобаның басты мақсаты – нақты генетикалық диагноз қою. Мұнда туа біткен кемістігі бар балаларды ерте анықтау және оның алдын алуды жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа жобалар жүзеге асырылды. Осы арқылы балалардың туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу, балалық шақтағы аурушаңдық пен мүгедектікті төмендету көзделген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899896
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ 10.12.2024
Түркістан облысы әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді зерделеу, талдау қорытындысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға жайылым жерді түгендеу, ветеринария, ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдерді тарқату жөнінде нақты тапсырмалар берді.Мәжілісте Облыстық жер қатынастары, Ветеринария басқармасының, Жер ресурстары департаментінің, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшылығының есептері мен пікірлері тыңдалды. Кемшілікке жол берілген аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпе айтылып, жұмысты ширату жүктелді.Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, олар аудан, қалаларда ауыл шаруашылығы кешенін, жер, ветеринария, ауыл шаруашығы субсидиясы және шаруашылық жүргізуші азаматтардың салық төлеуге қатысты мәліметтерін 4 бағыт бойынша зерделеген болатын. Атап айтқанда, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Шардара, Келес аудандары мен Арыс қаласы бойынша зерделеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде салықтан жалтару, мал басын дұрыс көрсетпеу, жерді тиімді пайдаланбау деректері жиі тіркелген. Мал басы бойынша ресми статистика мен зерделеу барысында үлкен айырмашылықтар байқалған.Жиында жауапты басшыларға пайдаланылмай жатқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза пайдаланып жатқан ауыл шаруашылығы бағытындағы жер алқаптарын қайтару бағытындағы жұмыстарды күшейту міндеттелді. Ауыл шаруашылығы дерекқор базасы мен ауылдық округі әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу туралы шаруашылық кітапшасын сәйкестендіру, аудан, қалалардағы ветеринария қызметкерлерінің біліктілігін артыру, жауапкершілігін күшейту, мал басын санауда кемшілікке жол бермеу жөнінде және өзге де тапсырмалар берілді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/899914
ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ БЕТБҰРЫС» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ ЖИЫН ӨТТІ 10.12.2024
Сайрамда «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында «Әкелер мектебінің кеңесі» ұйымдастырылды. Аталған шара аудандық Ардагерлер кеңесінің жанындағы «Әкелер мектебінің» төрағасы Сейдуалы Темірбаевтың бастамасымен өтті.Тағылымды жиында мәні бөлек, мазмұны ерек мәселелер көтерілді. Ортаға орамды ойлар тасталды.Жиында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының мүшелері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілес Айтжан, Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев сөз сөйлеп, жас ұрпақты түзу жолдан тайдырмай тәрбиелеу барлық жиынға қатысушылардың парызы мен міндеті екенін жеткізді. Сонымен қатар өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналар, ардагерлер, әкелер, әжелердің рөлдері туралы тілге тиек етіліп, нақты кеңестер берілді.Аталған іс-шараға Сайрам ауданының барлық білім беретін жалпы орта мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бала тәрбиесіне жауапты педагогтар, ата-аналар комитетінің төрағалары және де Сайрам ауданының әкелер, әжелер ұйымдарының алқалары, зиялы қауым өкілдері қатысты.Алдағы уақытта ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде осындай кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/900112
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ 10.12.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті рет өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, жауапты сала басшылары және құзырлы органдармен бірге оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және білім салаларына қатысты мәселелерді ортаға салды. Аймақ басшысы көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.– Облысты дамытуда жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері маңызды. Көтеріліп жатқан мәселелер орынды. Кәсіп бастап, жаңа жұмыс орындарын құрамын деген азаматтарға әкімдік тарапынан заң шеңберінде қолдау көрсетіледі, – деді Дархан Сатыбалды.Созақ, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Шардара аудандарынан келген тұрғындар және Түркістан қаласының тұрғындары жылыжай салу үшін жер қарастыруға, кәсіпкерлерге арналған жеңілдетілген несие, балық шаруашылығымен айналысу үшін субсидия және қайтарымсыз грант алуға, жер телімінің мақсатын ауыстыруға ықпал етуді сұрады. Сонымен қатар жеке қабылдауда суармалы жер, ағын су, тұрғын үй алу және жұмысқа орналасу туралы мәселелер көтеріліп, фильм түсіру бойынша ұсыныстар айтылды.Дархан Сатыбалды жауапты тұлғаларға әрбір мәселені жіті зерделеп, заң аясында жұмыс жүргізуді тапсырды. Бірқатар мәселе сол мезетте шешімін тапты.Айта кетейік, облыс әкімі мен орынбасарлары белгіленген кестеге сәйкес облыс тұрғындарына жеке қабылдаулар өткізіп келеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/900121
Ақтөбеде халықаралық әуежай аумағында арнайы экономикалық аймақ салуды бастады 10.12.2024
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.Ақтөбе облысының индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков Ресейдің Орынбор облысымен және Қазақстанның алты облысымен шектесетін аймақтың географиялық жағынан қолайлы орналасуына тоқталды. Ведомство басшысы атап өткендей, бұл шекаралық сауданы кеңейтуге және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қолайлы жағдай туғызуда.2024 жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысын қоса алғанда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 23 пайызға өсіп, 1,2 миллиард долларға жетті. Аймақтың халықаралық сауда мен логистиканың маңызды буынына айналуына ықпал ететін трансшекаралық хабтарды белсенді дамыту жоспарлануда. Ә.Молдағұлова атындағы әуежайда АЭА құру инвесторларға, бизнеске және халықаралық ұйымдарға жаңа мүмкіндіктер беретін осы стратегиядағы маңызды қадам болмақ.«Арнайы экономикалық аймақ құру жобасы облыстың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған және Ақтөбе облысының транзиттік әлеуетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Көлік-логистика саласында тоғыз негізгі саланы және өнеркәсіптегі 29 саланы құру жоспарлануда, бұл өңірдің одан әрі дамуын қамтамасыз етіп, шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді», — деді Досжан Әлібеков.АЭА аумағы — 858 гектар. Түркияның S Sistem Lojistik компаниясы «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, әуежай аумағында логистикалық хабтың құрылысын бастап кетті. Бұл жоба 130 жаңа жұмыс орнын ашып, транзиттік тасымалдауды дамытудағы маңызды қадам болмақ. Әуежай аумағында 10,0 га жер телімі анықталды.Жобаның бірегейлігі жүктерді тасымалдау және әуежай арқылы ұшу көлемінің ұлғаюында, бұл тауарлардың экспорты мен импортын дамытуға жаңа мүмкіндік береді. Логистикалық хаб қызметтерінің негізгі тұтынушылары Ақтөбе облысының сауда-өнеркәсіптік компаниялары, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің серіктестері болады.Айта кетерлігі, қазірдің өзінде облыста жеткізу тізбегін тиімді басқаруды және жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ететін «Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорны» ЖШС және «Астық Логистикс» ЖШС сияқты негізгі көлік-логистикалық орталықтар жұмыс істейді.Облыс әкімі Асхат Шахаров АЭА құру инвестиция тартуға, тауар айналымын арттыруға және өңірдің логистикалық қолжетімділігін жақсартуға ұйытқы болатынын баса айтты. Жобаны жүзеге асыру Ақтөбе қаласын халықаралық сауда мен транзит үшін стратегиялық маңызды хабқа айналдырып, жаңа деңгейге көтереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899403
Мемлекет басшысы Хромтаудағы «Болашақ» шахтасының жұмысымен танысты 10.12.2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары «Болашақ» шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді.Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов «Болашақ» шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.Кәсіпорын «Миллионное» және «Алмас-Жемчужина» кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899705
Қасым-Жомарт Тоқаев Хромтау жоғары тау-кен техникалық колледжіне барды 10.12.2024
Президентке бұл білім ошағы еліміздің батыс өңіріндегі тау-кен саласына мамандар даярлайтын жалғыз кәсіптік оқу орны екені баяндалды.1979 жылы негізі қаланған колледжде 1157 студент кенші, ұңғылаушы, кен байытушы, слесарь, тау-кен электр механигі, электр монтері және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатыр.Оқу орнының директоры Бағдашжан Молдашева Мемлекет басшысына білім беру үдерісінде қолданылатын озық технологиялар жөнінде мәлімет берді.Атап айтқанда, колледжде теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Студенттер колледж аумағындағы оқу-шахта полигонында өндірістік тәжірибеден өтіп, техникамен жұмыс істеудің күрделі әдіс-тәсілдерін меңгереді. Сондай-ақ жаттықтырушы-симуляторлар арқылы шахтадағы жағдайға барынша ұқсас ортада жұмыс дағдыларын үйренеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899794
Президент №1 Хромтау орта мектебін аралап көрді 10.12.2024
Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты.Президентке бұл оқу ордасы «Ақтөбе облысының шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту» пилоттық жобасына енгізілгені жөнінде ақпарат берілді.Қанатқақты жоба шағын жинақты мектептерде цифрлық технологияларды қолдану арқылы білім берудің сапасы мен оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жоба аясында мұғалімдер қашықтан тәжірибе алмасады.Мемлекет басшысы аталған білім ошағындағы және басқа да ауыл мектептеріндегі оқушылардың ашық сабағына онлайн-режимде қатысты.Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев шалғай елді-мекендерде тұратын балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау үшін мектепке автобус сыйға тартты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/899976
Президент құбыр зауытын аралап көрді 10.12.2024
Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы болат құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты.Кәсіпорын жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Құны 3,5 миллиард теңге болатын нысан биыл шілде айында пайдалануға берілген.Зауыт құрылтайшысы Мирғали Бурбаевтың айтуынша, қазір өндіріс орнында құбырларды, металл әзірлемелерін дайындайтын қондырғылар іске қосылған.Президентке зауытты дамытудың ұзақмерзімді жоспары баяндалды. Кәсіпорын алдағы уақытта шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, цехтардың қуаттылығын арттыруды көздеп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/900175
Абай облысында өңірлік даму бағдарламасын іске қосады 10.12.2024
БҰҰДБ ел Үкіметімен бірлесіп Абай, Ұлытау, Жетісу және Қызылорда облыстарын қамтитын ауқымды өңірлік бағдарламаны іске қосады. Осыған орай Абай облысына жұмыс сапарымен БҰҰ Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдері келді. Күн тәртібінде Абай облысын дамыту және қолдау жөніндегі өңірлік бағдарламамен жұмысты бастау мәселесі қаралды.«Абай облысында өңірді дамыту бойынша бірқатар жұмыс жүргізілуде. Оңтайлы шешімдерді іздеу үшін әртүрлі алаңдарда мақсаттарды іске асыру мәселелерін талқылауға көп көңіл бөлінеді. Берілген мүмкіндікті пайдалана отырып, біздің облыстың халықаралық ұйымдармен көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге арналған стратегиялық бағытқа бейілдігін растағым келеді. Жалпы, тараптар арасындағы қарым- қатынастың маңызын түсіне отырып, Абай облысы барлық саладағы диалог үшін ашық және БҰҰДБ облыстық бағдарламасының ұсыныстарын қарауға дайын», - деді кездесуде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.2023 жылдың желтоқсан айында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары БҰҰДБ қолдауымен Абай облысында тұрақты даму мақсаттарының индикаторларын (ТДМ) келісу бойынша семинар өткізді. Талқылауға облыстық басқармалар мен ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Іс-шараның қорытындысында өңірлік индикаторлар тізбесі келісіліп, олардың бір бөлігі өңірді дамыту бағдарламасына енгізілетін болады.«БҰҰДБ өңірлерді дамыту үшін жобаларды пысықтауда. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік саланы дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, сондай-ақ айналмалы экономика және мал шаруашылығы саласындағы бастамаларды іске асыру. Үлкен жұмыс атқарылды. Ең маңызды мәселе - стратегиялық жоспарлау. Менің ойымша, біздің жұмысымыз жемісті болады», - деді БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.2025 жылға арналған жоспарлар өңірдің даму жоспарларын ТДМ-мен үйлестіруді, өңірлік деңгейде орнықты даму мақсаттарын оқшаулауды, әкімдік пен жеке сектор арасында бағдарламаларды бірлесіп қаржыландыру тетіктерін құруды, әлеуметтік нысандар құрылысының іске асырылуына мониторинг жүргізу үшін тексеру комиссиялары мен мәслихаттарды тартуды қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/900344