Қуқық
Астанадан бір түнде 900-ге жуық жүк көлігі қар шығарылды 08.12.2024
Өткен түнде елорданың коммуналдық қызметтері қар полигондарына шамамен 7 мың текше метр қар шығарды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.7 желтоқсандағы күндізгі ауысымда қала көшелерінен қар мен мұзды күреуге 2 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника шықты.7 желтоқсанға қараған түні қар полигондарына 7 мың текше метрге жуық қар 827 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Қыс мезгілінің басынан бастап қаладан 67 753 рейспен 861 мың текше метр қар шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898360
Таза Қазақстан: балалар театрында экологиялық спектакль көрсетілді 08.12.2024
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция асында «Lampa А» инклюзивті балалар көлеңкелі театры» жас көрермендерге «Теремок» ертегісі негізінде әзірленген «Таза Қазақстан» спектаклін көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Оқиға кенеттен қоқыс көп пайда болған орманда өрбиді. Жас көрермендер экологиялық мәселені шешуге және сұрақтарыға жауап табуға атсалысады.Қойылым балалар мен олардың ата-аналарына қоршаған әлемге ұқыпты қарау қажеттігін насихаттаған «Таза Қазақстан» жобасына арналды.«Біздің спектакльдің идеясы «Таза Қазақстан» жобасымен бірдей болды. Ертегі негізінде балалар тәртіп орнату – қоршаған ортаның маңызды бөлігі екенін түсінеді. Спектакль барысында балалар өздерінің қиялына ерік береді, ата-аналар өз кезегінде балаларымен бірге ден бөліп, қойылымнан ләззат алып, ойларын басқа жаққа бөледі», – дейді «Lampa А» балалар орталығының директоры Алуа Барманқұлова.Елордалық «Lampa А» балалар театры осындай спектакльдерді тұрақты өткізеді.Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр.Экоакция аясында қалада нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898374
Елордада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир басталды 08.12.2024
Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.2 күнге жалғасатын бәсекенің алғашқы күнінде қатысушылар каратэнің теориялық негіздерін көрсететін «ката» бағдарламасында бақ сынаса, екінші күні «кумитэ» бағдарламасында жекпе-жектер өтеді.«Мұндай турнир екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Осы спорт түрі енді ғана дамып келе жатқандықтан, 9 өңірден 120 қатысушы келді. Салыстырмалы түрде бұл - жақсы көрсеткіш. Бүгін «ката» сайысы бойынша түрлі санаттағы спортшылар базалық элементтерді дәлме-дәл көрсетуі бойынша жеңімпаздар анықталады. Мұның ерекшелігі - жекпе-жекке түскісі келмейтін кей жандар және жасы үлкен азаматтар тек осы бағытпен шұғылданса болады. Мысалы, 44 жастағы қатысушымыз жастармен бәсекелесіп, ел ішіндегі додаларда топ жарып жүр», - деді Республикалық турнирдің бас төрешісі Максим Вавил.Республикалық жарыста Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарынан 8 жас және одан жоғары жас санаттары бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/898379
Бақты кеден бекеті жаяу жүргіншілер үшін ашылды 08.12.2024
Облысымыздағы Бақты кеден бекеті арқылы жаяу жүргіншілер Қытайға өте алады. Бұл екі ел арасындағы байланысты нығайтып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасаумен қатар сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді.Салтанатты ашылу рәсіміне Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгелдин, Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Асхат Ахметов қатысты. Қытай тарапынан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының лауазымды өкілдері болды.Бақты кеден бақылау бекетіндегі терминалдарды қайта жаңғырту жұмысы аяқталғанға дейін туристер белгіленген тәртіп бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатынайтын болады.Сондай-ақ жолаушыларға айына 1 рет 25 келіге дейін жүк өткізуге рұқсат етіледі. Тағы бір атап өтерлігі - халықаралық жолаушы тасымалдауға арнайы рұқсаты бар көлікпен ғана кіріп шыға алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/898381
Водный, Восход кенттері жыл соңына дейін орталықтандырылған су желісіне қосылады 07.12.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Водный» кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында кентке қатысты бірнеше мәселе қаралды. Соның ішінде коммуналдық шаруашылық, білім, денсаулық, ономастика салаларына қатысты сұрақтар қойылды.Қазіргі таңда кенттегі 1550 жеке сектордағы үйде 4 мыңнан аса халық тұрады. Бұған дейін кентте орталықтандырылған су желісі болмаған. Облыс әкімінің өткен жылы тұрғындармен кездесуінде осы мәселе көтеріліп, аймақ басшысы жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырманың негізінде «Восход және Водный кенттеріне су желілерін тарту құрылысы» бойынша жоба әзірленді. Құрылыс 2023 жылдың тамыз айында басталған, ағымды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Мердігер — «AKM Invest Group» ЖШС.Мердігер мекеме ұзындығы 39 шақырым болатын су құбыры желілерін тартудан бөлек 23 өрт гидранттарын орнатып, су желісін әр үйдің шекарасына дейін жеткізіп берді. 576 құдық орнатылды. Сонымен бірге жобаға кірмеген Восход кентінің 70, Водный кентінің 50 үйіне, №34 мектеп пен дәрігерлік амбулаторияға да су желісі жеткізілді. Мердігер мекеме «Водный» кентіндегі құрылыс-монтаждау жұмысын толық аяқтады. Кенттегі су құбыры желілері жуылып, шайылып, дезинфекцияланды. Қазіргі уақытта «Восход» кентіндегі су құбыры желілеріне дәл осындай жұмыстар жүргізілуде.«Біз үшін қаланың барлық ауданындағы өзекті мәселелер маңызды. Оны түбегейлі әрі қысқа мерзімде шешу мүмкін емес. Соған қарамастан әр шаруаны рет-ретімен еңсеріп келеміз. Сіздердің тараптарыңыздан қойылған сұрақтардан хабардармын. Ұзақ жылдар шешімін таппаған орталықтандырылған ауыз су мәселесі жуықта реттеледі. Қоғамдық көлік, жарықтандыру, жол жөндеу сияқты жұмыстар менің назарымнан тыс қалған емес. Алдағы уақытта да атқарылуға тиісті жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асыра береміз, - деді облыс әкімі.Восход кентінде 70 бағана пен шам орнату жұмысы аяқталды. Атап айтқанда, Рудная, Алмазная, Новая көшелері мен Озёрка тас жолы бойы мектептен жаяу жүргіншілер өткеліне, теміржол өткелінен соңғы аялдамаға дейін аралықтарда шам орнатылды.Водный кенті бойынша 75 тірек шам орнату жоспарлануда. Жұмыс 20 желтоқсанға дейін аяқталады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, Усть-Каменогорская, Семипалатинская, Республиканская көшелеріндегі 164 шам ауыстырылды. 2025 жылы Водный саяжай алабындағы үйлерге апаратын бағаналар мен электрмен жабдықтау кабелін ауыстыру жоспарланудаВодный және Восход кенттерінде 24 көше бар. 2024 жылы Семеипалатинская және Геодезическая көшелерінің 2,2 шақырымына қиыршық тас пен құм-қиыршық тас қоспаларын себу жұмысы орындалды. Келер жылы осы көшелерді асфальттау жоспарлануда.Сондай-ақ, ұзындығы 1,6 шақырым болатын Предгорная көшесін асфальттау көзделіп отыр. Қазіргі уақытта жоба жолдарды орташа жөндеу үшін ведомстволық сараптамадан өтуде. Қорытындыны алғаннан кейін мердігерді анықтау бойынша Мемлекеттік сатып алудың конкурстық рәсімдері өткізілетін болады.2025 жылы кемінде төрт көшеге инертті материал себу арқылы грейдерлеу жұмысы жоспарланған. Сондай-ақ, кент тұрғындарының өтініші бойынша 2025 жылы соңғы аялдамадан №34 мектепке дейінгі учаскеде жаяу жүргіншілер жолын салынатын болады.Сондай ақ осы кент тұрғындарының өтініші бойынша 12 ескі аялдама павильондары жабық үлгідегі жаңа павильондарға ауыстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/898377
Аймақ басшысы құрылыс нысандарын аралады 07.12.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Қарағайлы» шағын ауданындағы бірнеше әлеуметтік нысанда болып, жүргізіліп жатқан құрылыс барысын бақылады. Қазір аталған ауданда салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды уақытылы пайдалануға қосу мен жылу тапшылығын болдырмау үшін жаңа блокты-модульді қазандық құрылысы жүргізілуде. Қуаттылығы сағатына 21,5 Гкал жететін қазандық «КАЗЭНЕРГОМАШ-Т» ЖШС қаражаты есебінен салынуда. Құрылыс жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.Бүгінгі таңда жабдықтар мен құбырларды монтаждау, конструкциялармен жұмыс сынды шаруалар атқарылуда. №3 көтергіш-сорғы станциясы іске қосылды. Бұл салқындатқыштың өткізу қабілетін арттыруға және жаңадан қосылған нысандарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.Ал 1200 оқушыға арналған жаңа мектептің негізгі құрылыс жұмысы аяқталуға жақын. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім мекемесі аталған аудандағы мектептегі орын тапшылығын шешуге ықпал етпек. Мердігер компания өкілінің айтуынша, нысанның ішкі жұмысымен қатар сыртқы жұмысы, инженерлік, электр желілерін тарту, ғимаратты қаптау қатар жүргізілуде.Жыл соңына дейін құрылысты аяқтауды көздеп отырған мердігер мекеме қаңтар айында мектепке қажетті жиһаз, құрылғыларды орнатуды бастайды.Аймақ басшысы мердігерлерге құрылыс жұмысын сапалы аяқтауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/898378
Қытайда Жібек жолы археологиясы мен мәдени мұраны қорғау тақырыбында халықаралық семинар өтті 07.12.2024
Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар мен мамандар қатысып, мәдени ынтымақтастықтың болашағы мен археологиялық және тарихи деректерді бірлесіп пайдалану мәселелерін талқылады.Семинар аясында пленарлық отырыстар өтіп, онда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Иран, Түрікменстан, Израиль және Ресей ғалымдары баяндамалар жасады.Қазақстандық өкілдер «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының көпжылдық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Сарытоғай сайында табылған ерте көшпенділердің мәдени кешені туралы баяндады.«Рахат» ескерткішінде, «Есік» музей-қорығында және Шанси археологиялық институтында жүргізілген бірлескен жұмыс туралы деректі фильм дайындауға баса назар аударылды.Бұл сапар археология және музей ісі саласындағы жаңа бірлескен жобаларды құру және ғылыми-мәдени ынтымақтастықты нығайту бағытындағы маңызды қадам болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898373
2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері анықталды 07.12.2024
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздар анықталды.Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен беріледі.Нәтижесінде комиссия 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаны іріктеп алды.Грант иегерлерін марапаттау рәсімі желтоқсан айында Астанада өтеді. Жеңімпаздар жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.Айта кетейік, биыл өтінімдер 5 тамыз бен 6 қазан аралығында қабылданды. Келіп түскен 1284 өтінімнің 897-сі қабылданды. Атап айтқанда, «Бизнес» бағыты бойынша – 495, «Ғылым» бағыты – 62, «Мәдениет» бағыты – 107, «Ақпараттық технология» бағыты бойынша – 94, «Медиа» бағыты – 66, «Волонтерлік» бағыты бойынша – 73 өтінім.2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/898375
Запастағы офицерлер мен сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери дайындық ережелеріне өзгерістер енгізілмек 07.12.2024
Әскери білім және ғылым департаменті «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын әзірледі.Нормативтік құқықтық акт «Білім туралы» ҚР Заңының 5-1-бабы 9) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес әзірленді.Бұл өзгерістерді қабылдау, ауыстыру және қалпына келтіру процестерін Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына цифрлық форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет e-Gov порталы арқылы өтінім беру бойынша көрсетілетін болады, ол пайдаланушылардың уақытын үнемдеп, оны орындауда бюрократиялық факторларды болдырмайды. Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 20 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15330784 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/898341
Ақтауда екі жүзден астам сарбаз Отанына адал болуға ант берді 07.12.2024
Ақтау гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында жас жауынгерлердің әскери ант беру рәсімі өтті.Салтанатты шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева, Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері, гарнизондағы әскери бөлімдердің командирлері, сарбаз аналар комитетінің өкілдері, жауынгерлердің туыстары мен жақындары қатысты.Өткен күзде Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынан шақырылған сарбаздар тәуелсіз Қазақстан мен оның мемлекеттік мүдделерін қорғауға ант берді.Бригада командирі подполковник Марат Құдабаев әрбір әскери қызметші үшін ант берудің маңыздылығын атап өтті.- Әскери ант - Отан қорғаушының бұзылмайтын заңы. Оны қабылдай отырып сіздер әскери істі адал атқаруға және қызметтің қиындықтарына төзуге міндеттісіздер. Бұл ер адамның жұмысы және ол сіздерге пайда әкеледі. Атап айтқанда мінезді қатайтып, денені нығайтады. Осы жолда табандылық пен сәттілік тілеймін, - деді ол.Ант қабылдағанға дейін сарбаздар жас жауынгер курсынан өтті. Олар әскери бөлімнің тарихымен және дәстүрлерімен танысты, қару-жарақ пен техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, мемлекеттік-құқықтық, саптық және атыс дайындығының негіздерін зерделеді.Депутат Наталья Дементьева Отан қорғау жөніндегі қасиетті міндеттемені атқаруға шешім қабылдаған өз ұлы мен жауынгерлік достарын айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтады. Депутат оларға шыдамдылық, батылдық және күш-жігер тіледі. Жас сарбаздарды ардагерлер, қоғам қайраткерлері және ата-аналар да құттықтап, сөз сөйледі.Сондай-ақ, бөлім қонақтары үшін қоян-қолтық ұрыс пен қару-жарақ дефилесінің элементтерімен демонстрациялық қойылымдар ұйымдастырылды. Содан кейін қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін, оқу сыныптарын, казармалар мен асханаларды көрсете отырып, әскери бөлімге экскурсия жүргізілді.Ата-аналар ұлдарының қызмет ету жағдайымен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Бұл күні сарбаздар алғашқы сейілдемеге жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/898364
Байланыс қызметтерінің бағасы жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалады 07.12.2024
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрлігі байланыс операторларымен талқылау нәтижесінде байланыс қызметтерінің қолданыстағы тарифтерін 2024 жылдың соңына дейін сақтап қалу туралы келісімге келгенін хабарлайды.Министрліктің бұл бастамасы азаматтар мен бизнеске қолдау көрсетуге бағытталған, себебі байланыс құнының тұрақтылығы цифрлық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі болып табылады. Байланыс операторлары мемлекет бастамасына қолдау көрсетіп, экономикалық қиындықтарға қарамастан, қолданыстағы тарифтерді сақтап қалуға дайын екендіктерін білдірді.«Байланыс – күнделікті өмірдің, жұмыстың және оқудың негізі. Байланыс қызметтерінің тарифтерін тұрақты деңгейде сақтау – азаматтардың мүдделерін қорғауға және әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдауға деген ұстанымымыздың айқын дәлелі», – деп атап өтті министрлікте.Министрлік міндеттемелердің орындалуын қадағалауды жалғастырып, елдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/898361
Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды 07.12.2024
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ТМД елдері бойынша ауыл шаруашылығының санитарлық және фитосанитарлық мәселелері жөніндегі кеңесші Амос Мари-Аньеспен кездесті.2024 жылдың 10 айында Қазақстан мен Франция арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы шамамен 9,3%-ға өсіп, 83,1 млн. долларды құрады. Осы кезеңде Қазақстанның Францияға экспорты негізінен рапс тұқымын жеткізудің арқасында 7 есеге жуық өсті.Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды.«Қазіргі уақытта біз селекциялық мал шаруашылығы саласындағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл бағытта Францияның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және француз тұқымдық қауымдастықтарының қызметін реттеу тәжірибесі Қазақстан үшін қызықты», – деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.Сондай-ақ, тараптар отандық селекционерлерді қолдау, шетелдік селекционерлерді Қазақстан аумағында тұқым өндірісіне инвестиция салуға тарту мәселелерін талқылап, әрі қарай ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/898368
ҚР Қаржы министрлігі: «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған 07.12.2024
2025 жылдың қаңтарынан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы күшіне енетін болады. Осы жылдың ішінде Қаржы министрлігі іскер топтардың, корпорациялардың, мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізіп, жаңа заңдағы негізгі өзгерістер мен артықшылықтарды кеңінен түсіндірді.Бұл жолы Петропавлда өткен кездесуде Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарының іскер азаматтарына және мемлекеттік органдардың өкілдеріне мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімдері, сондай-ақ олардың рәсімдерінің қысқартылғаны жөнінде ҚР ҚМ Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаментінің директоры Ерлан Сеитов пен СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев айтып берді.Солтүстік Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласы дамыған өңірлердің бірі. Айталық, мұнда ЖӨӨ құрылымында оның үлесі – 27,9%. Өңдеу өнеркәсібі бойынша СҚО-да тамақ өнімдерін өндіру (58,9%), машина жасау (23,9%) және металсыз минералды өнімдерді дайындау (4,3%) жолға қойылған.Ал Қостанай облысында тау-кен өндіру, металлургия, машина жасау мен тамақ өнеркәсібі кеңінен дамыған. Мәселен, бұл өңірге республикада шығарылатын темір кені өнімінің 90% астамы, темір кені шекемтастары мен асбесттің 100% тиесілі. Жергілікті өнімдер әлемнің түрлі елдеріне экспортқа шығарылып келеді. Әлбетте ірі кәсіпорындар қашанда мемлекеттік сатып алу мерзімдерінің қысқарғанына мүдделі. Жаңа заңда кейбір жағдайларда конкурстарды өткізу мерзімін екі айдан бес күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін нормалар қарастырылған. Бұдан басқа тиісті өзгерістер тауарларды бір көзден 100 АЕК-ке дейін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді 500 АЕК-ке дейін сатып алуға жол ашады. Сонымен қатар ауылды жерлердегі әкімдіктерге бір көзден 4000 АЕК дейін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігі қарастырылып отыр.Қазірдің өзінде рейтингті-балдық жүйені пайдалану арқылы конкурс түрінде сатып алудың жаңа тәсілі енгізілген. Бұл әдіс конкурстық комиссияның жеңімпазды анықтау процесіне қатысуға жол бермейді. Осы арқылы сыбайлас жемқорлықтың сын-қатері азаяды. Жеңімпазды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде портал автоматты түрде анықтайтынын ескерсек, оның сатып алу қорытындыларына азаматтар шағымдана алмайды. Бұл сатып алу уақытын едәуір қысқартып, заңсыз рұқсат беруді, сондай-ақ нәтижелерді қайта қарауды болдырмайды.Сатыпалым қатысушыларының біліктілігін арттыру үшін беделді өндірушілер арасында ғана сатып алу процесін жүзеге асыру ұсынылып отыр. Қызмет ұсынушы туралы ақпарат түрлі дерекқорларды пайдалану арқылы қалыптастырылатын болады. Бұл сатып алудың барлық түрі бойынша баға мен сапа өлшемдерін біріктіре отырып, өндірушілерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді.«Мемлекет басшысының құрылыс нарығын монополиядан арылту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жаңа заңда экономика салаларындағы монополияны азайту жөніндегі шаралар қамтылған. Атап айтқанда, шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі түріндегі баға критерийлерін қолдану жалғасып келеді. Бұл мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге және жекелеген ірі компаниялардың монополиясын болдырмауда септігі мол», деп қорытындылады Е.Сеитов.«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігін күшейтуге және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге арналған.Бизнес өкілдерімен болған кездесуден кейін Қаржы министрлігінің өкілі өңірдегі екі ірі кәсіпорынға аялдады: «Радуга» ЖШС (қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша көшбасшы кәсіпорындардың бірі) мен «Зеленый Север» ЖШС (СҚО-да төртінші буындағы жалғыз өндірістік жылыжай).Raduga KDR – Қазақстаннан бөлек, басқа елдерде де танымал ірі сауда-өндірістік компания. Оның өндірістік пакетінде әртүрлі профильдегі тауарлардың 600-ден астам ассортименті бар: тамақ өнімдерінен бастап тұрмыстық тауарларға дейін. «Радуга» ЖШС-де қайталама полимерлер мен макулатураларды қайта өңдеу бойынша толық цикл жолға қойылған.Қағаз бен картон макулатурасы – халықтан, өндіріс орындарынан және сауда үйлерінен, кәсіпорындар мен оқу орындарынан жиналып, сатып алынатын қалдықтар. Сондай-ақ фабрикада кеңсе қағазы шығарылып, өндіріс пен қайта өңдеу қуатын кеңейтіп, ұлғайту жоспарланып отыр.«Зеленый Север» ЖШС өңірде төртінші буындағы жалғыз жылыжай саналады. Жылыжай кешенінің ауданы – 3,7 гектар. Кәсіпорын облысты 2,7 мың тонна көкөніспен қамтуға қауқарлы. Бұл өңірдегі сұраныстың 30% тең.Қазір мұнда күніне 4,5 тонна қияр дайындалады, екінші өндіріс ашылғаннан кейін оның көлемін күніне 12 тоннаға дейін арттыру көзделген.Жылыжайда өсімдіктердің қалыпты өсуі үшін қажетті микроклимат жасалды, ол автоматты режімде сақталады. Бұл климатты басқару жүйесі, тамшылатып суару, қосымша жарықтандыру және көптізбекті жылыту қамтиды.Өнімдер жергілікті сауда орындарында нарық бағасынан әлдеқайда арзан сатылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/898363
Қазақстан СІМ-де БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) ынтымақтастық бағыттарын талқылады 07.12.2024
Астана, 2024 жылғы 6 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР Үкіметі мен БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы 2026-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуді үйлестіру жөніндегі басқарушы комитеттің кеңесі өтті. Іс-шара ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің және ЮНИСЕФ-тің елдік кеңсесінің басшысы Рашед Сарвардың төрағалығымен, сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері мен ЮНИСЕФ сарапшыларының қатысуымен өтті. А. Рахметуллин Қазақстанның ЮНИСЕФ-пен бірлескен жұмысын, атап айтқанда, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды, Қазақстан балаларының әл-ауқатының индексін енгізуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске қосуды, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды жоғары бағалады. «Осы заңнамалық және институционалдық шараларды қабылдау – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділетті және ашық қоғам құруға бағытталған қайта құру саясатының бір бөлігі», – деді А.Рахметуллин. Р. Сарвар ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасы балалардың құқықтарын іске асыру жөніндегі тараптардың жұмысқа бейілділігінің нәтижесі екенін атап өтті. «Олардың біліміне, денсаулық сақтау саласына және жалпы әл-ауқатына инвестиция сала отырып, біз олардың болашақ өміріне берік негіз қалаймыз және елдің өңірдегі және бүкіл әлемдегі көшбасшылығын дамыту үшін стратегиялық инвестициялар жасаймыз», – деп атап өтті ол.Іс-шара соңында қатысушылар жаңа бағдарламаның қоғамның нақты қажеттіліктерін қамтып көрсетуі және халықаралық стандарттар мен ұлттық басымдықтарға сәйкес келуі үшін күш салуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/898209
Азаматтық авиацияның негізгі көрсеткіштері саладағы тұрақты өсу динамикасын көрсетеді 07.12.2024
Халықаралық азаматтық авиация күнінде дәстүр бойынша салаға қатысты жылдың қорытындысын ұсынамыз.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 12 қарашада Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде өткен ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаномен кездесуін еліміздің азаматтық авиациясындағы тарихи оқиға деп атауға болады.Мемлекет басшысы ИКАО-мен 30 жыл бойы жемісті ынтымақтастықта Қазақстанның Ұйым стандарттарына сәйкестік деңгейі 82%-ға жеткенін, бұл жетекші еуропалық мемлекеттермен салыстыруға болатынын атап өтті.Сальваторе Шаккитано Қазақстанды азаматтық авиация және қауіпсіздік саласындағы тамаша жетістіктерімен құттықтап, 2025 жылы Астанаға келу жоспарын жариялады.Жалпы, 2024 жылдың 10 айында қазақстандық әуе компаниялары 12,3 млн адамды тасымалдады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен (11,1 млн адамға) 11%-ға артық. Әуе көлігімен тасымалданған жүк көлемі 22,4 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен (19 мың тонна) 18%-ға артық.Осы кезеңде ішкі әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 25,2 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен (22 млн адам) 14%-ға артық, 141,7 мың тонна жүк өңделді, бұл да 2023 жылдың сәйкес кезеңімен алғанда (105,7 мың тонна) 34%-ға артық.Бүгінгі таңда ішкі әуе тасымалы аптасына 669 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 6 әуе компаниясымен (Air Astana, FlyArystan, SCAT, Qazaq Air, Southern Sky, Жетісу) жүзеге асырылады (2023 ж.: 5 авиакомпания, 51 бағыт, аптасына 630 рейс).Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында 9 облыстағы 19 ішкі әуе бағытына 6,6 млрд теңге субсидиялануда.Халықаралық рейстер 31 елге (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Беларусь, Әзірбайжан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Иран, Оман, Египет, Кувейт, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Камбоджа, Малайзия, Мальдив аралдары, Түркия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия) аптасына 571 рейс жиілігімен 115 бағыт бойынша жүзеге асырылады (2023 ж.: 28 ел, 115 бағыт, аптасына 550 рейс).Әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда. 2024 жылдың басынан бері отандық әуекомпаниялардың әуе кемелері паркі 10 бірлікке толықты (Эйр Астана компаниялар тобы, А321 типті ұшақ).Жеке инвестициялар есебінен, бюджет қаражатын тартпай, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде Қызылорда және Алматы қалаларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталды, сонымен қатар Шымкентте де аяқталу сатысында.Атырауда Хиуаз Доспанова атындағы әуежайында жаңа аэровокзал кешенінің құрылысы да жеке инвестиция арқылы, бюджет қаражатын тартпай, 2025 жылдан басталатын болады. 2024 жылдың қыркүйегінде Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағын жөндеу мерзімінен бұрын аяқталды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы Павлодар және Балқаш әуежайларында жөндеу жұмыстары басталды.Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық авиацияны дамытуға үлкен көңіл бөлді. Ең маңызды міндет – әуе хабтарын дамыту. Ішкі әуе бағыттарын дамыту басты назарда. Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жоғары сапалы жол инфрақұрылымы бар аэровокзал кешендері мен әуежайлар салынады. Шағын ұшақтар Индустрияны дамыту қоры есебінен сатып алынады.Еліміздің авиациялық билігінің авиациялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз етудегі күш-жігерінің нәтижесі деп Қазақстанның ең дамып келе жатқан туристік бағыттардың бестігіне енуін де атап өтуге болады. Британдық беделді Wanderlust туристік журналының мәліметі бойынша, Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен туристер барғысы келетін елдердің бірі болып табылады.Бұл жетістіктер авиация саласының қызметін реттеу бойынша нәтижелі жұмыстың арқасында мүмкін болғанын атап өтейік. Жаңа нормативтік құқықтық актілерді құру және енгізу, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру қауіпсіздік деңгейін арттыруға ғана емес, сонымен қатар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Бұл үдерісте әуе көлігінің қауіпсіздігін стандарттау мен жақсартуға бағытталған халықаралық және ұлттық бастамалар маңызды рөл атқарды.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы Еуропалық Комиссия, Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) сарапшыларының және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің авиациялық билік органдарының техникалық сапарының қорытындылары және кездесу нәтижелері бойынша Еуропалық Комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің шешімімен Қазақстан ұшу қауіпсіздігін күшейтілген бақылаудан шығарылды. Қазақстандық әуе компаниялары Еуропаға шектеусіз ұша алады.Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы Еуропалық Комиссия, Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) сарапшыларының және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің авиациялық билік органдарының техникалық сапарының қорытындылары және кездесу нәтижелері бойынша Еуропалық Комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің шешімімен Қазақстан ұшу қауіпсіздігін күшейтілген бақылаудан шығарылды. Қазақстандық әуе компаниялары Еуропаға шектеусіз ұша алады. 2024 жылдың тамызында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу жұмысы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі АҚШ-тың FAA халықаралық авиациялық қауіпсіздікті бағалау (IASA) бағдарламасының алдын ала техникалық бағалауынан сәтті өтті. Қазақстан тарапынан FAA аудитін сәтті аяқтағаннан кейін және 2026 жылы алыс қашықтыққа ұшатын Boeing-787 Dreamliner ұшақтары келгеннен кейін Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейстер ашу жоспарлануда.Қазақстанның азаматтық авиациясы үшін 2024 жыл ірі оқиғалармен, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысуымен жоғары деңгейдегі бірқатар іс-шаралармен есте қалды. Өңірлік ынтымақтастық пен жоғары сапалы халықаралық қатысуды нығайту бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.Қазақстан ресми түрде Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) өкілдігін ашты. Шілде айында Қазақстан Республикасының ИКАО жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов Ұйымның Бас хатшысы Хуан Карлос Салазарға сенім грамотасын тапсырды, ол Қазақстанның дүние жүзінің барлық елдерімен және халықаралық ұйымдармен жақсы қарым-қатынаста болып, халықаралық аренадағы жетістіктері мен рөлін жоғары бағалап, бүгінгі биік деңгейдегі беделін атап өтті.Осы жылдың мамыр айында Астанада 65 ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін жинаған JARUS – авиациялық ұшқышсыз ұшақтар саласындағы әлемдегі ең ірі ойыншы – ұшқышсыз әуе кемелерінің жүйелері туралы ережелерді әзірлеу жөніндегі Біріккен авиациялық билік комитетінің пленарлық отырысы өтті.Маусым айында Астанада Орталық Азия елдері арасында алғаш рет Халықаралық әуе жүктері қауымдастығының (TIACA) қолдауымен жүк тасымалдау және логистика бойынша аймақтық форум ұйымдастырылды. Оған бүкіл жүк тасымалы тізбегіне қатысатын түрлі ұйымдардың өкілдері, әлемнің 30 елінен 300-ден астам делегат қатысты.Ағымдағы жылдың қараша айында Қазақстанда алғаш рет БҰҰ-ның азаматтық авиация саласындағы маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылатын Халықаралық азаматтық авиация ұйымы – ICAO апталығы ұйымдастырылды.Шара еліміздің және жалпы аймақтың авиация саласы үшін маңызды оқиға болды. Әлемдік саланың назары қақтығыс аймақтарынан жоғары немесе оған жақын ұшулар үшін тәуекелдерді бағалау процестері туралы хабардарлықты арттыру үшін және тұрақты авиациялық отынға (SAF) ерекше назар аудара отырып, төмен көміртекті әуежайларды дамытуға арналған «Жасыл әуежайлар» атты екі ірі аймақтық семинарға аударылды.Осы жылдың мамыр айында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып ИКАО-мен келісімге қол қойды және экологиялық таза авиациялық отын (ACT-SAF) саласындағы бағдарламаға қосылды. Қазақстанда экологиялық таза авиациялық отын шығарылатын болады. Қазір Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, экологиялық таза авиациялық отын шығару жобасы әзірленуде.ICAO апталығының маңызды оқиғасы – Орталық Азияда алғаш рет азаматтық авиацияның өңірлік ұйымы құрылды – Еуразиялық азаматтық авиация конференциясы (EACAC). Қараша айында Алматыда EACAC қатысушы елдердің бірінші отырысы болды. Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның, сондай-ақ Моңғолияның (бақылаушы мемлекет) авиациялық биліктері ЕACAC құру туралы декларацияға қол қойды.Отырыс қорытындысы бойынша EAСАС бас хатшысы болып Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, EAСАС президенті болып Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің бас директоры Тахир Назаров тағайындалды.2024 жылы «Air Astana» Орталық Азиядағы ең үздік әуекомпания болып танылды, ол Best Overall Airline Award APEX 2025 марапатына ие болды.Қараша айында «Қазаэронавигация» РМК әлемдік авиациялық индустрияның басты оқиғасы болып табылатын Әуе қозғалысын басқару қауымдастығының (ATCA) конференциясының «Авиациялық қозғалысты басқару үшін Дэвид Дж. Херли мемориалдық сыйлығы» аталымы бойынша беделді сыйлығын алды.Жолаушылар ағыны жыл сайын тұрақты 20% өсуде. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің күш-жігері әлемдік саладағы беделді ұйымдардың қолдауына ие болып, Орталық Азия және ТМД-да авиация саласындағы реформаларды сәтті жүзеге асырудың үлгісі болып табылады.Қазақстанның авиациялық билік органдарының одан әрі жұмысы ұшу қауіпсіздігінің қол жеткізілген деңгейін арттыруға, маршруттар желісін дамытуға және әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/898340
Қазақстан, ШҰАА және Гонконг бірлескен ынтымақтастық тетігін әзірлейді 07.12.2024
Бұл туралы 5 желтоқсанда Үрімші қаласында өткен үшжақты кездесуде Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин, ШҰАА Ма Синжуй парткомының хатшысы және Гонконг САР (ҚХР) коммерция және экономикалық даму хатшысы Алджернон Яу келісті. Алғаш рет Қазақстан, ШҰАА және Гонконг арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары жоғары деңгейде талқыланды. Осы жылдың маусым айында екіжақты кездесуде Қазақстанның Гонконгпен ынтымақтастығын жолға қою идеясын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй Серік Жұманғаринге ұсынды. Идеяны қабылдаудың нәтижесі Үрімші қаласындағы үшжақты кездесу болды. 5 желтоқсанда Ма Синжуйдің кездесуінде атап өткендей, ШҰАА Қазақстанды ҚХР-ның екі өңірімен байланыстыратын көпір, «Бір белдеу — бір жол» бастамасын іске асырудағы маңызды тораптар болуға дайын. «Қазақстан Еуропа мен Азияны біріктіретін маңызды көлік торабы болып табылады. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі экономика және ауданы бойынша ел. Гонконг құрлықтық Қытайдың үлкен артықшылықтары мен қолдауына ие, маңызды сауда және логистикалық орталық болып табылады, көптеген елдермен шектеседі. Біз қолданыстағы ынтымақтастық алаңдарына сүйене отырып, өзара іс-қимыл тетігін, стратегиялық және практикалық ынтымақтастық нүктесін құра аламыз. Мұның бәрі бізге инвестицияларды ұлғайтуға, қаржы саласында, энергетика, ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасуға, логистиканың тиімділігін арттыруға, білім беруде, денсаулық сақтауда, туризмде, ғылыми зерттеулерде, академиялық алмасуларда гуманитарлық-мәдени ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ма Синжуй.Өз тарапынан Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин үшжақты кездесу өзара іс-қимыл мен өңіраралық өнеркәсіптік кооперация үшін бірегей перспективалар ашатынын атап өтті.«Қытай Қазақстан экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі болып табылады. Қытай капиталының қатысуымен өнеркәсіптің түрлі салаларында жалпы сомасы $38 млрд-тан асатын 145-ке жуық инвестициялық жоба іске асырылуда. Қазақстан аумағында 5 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеумен айналысатын Қазақстан-ШҰАА-Гонконг ынтымақтастық кеңесін құруды ұсынамыз. Кеңестің алғашқы кездесуін келесі жылы Қазақстанда ұйымдастыруды ұсынамын», — деді Серік Жұманғарин.Өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары ретінде өзара сауданы, көліктік-логистикалық ынтымақтастықты, қаржыны, жаңа технологияларды, туризмді, ғылым мен білім беруді нығайту жөніндегі шаралар белгіленді. Сондай-ақ Қазақстанның вице-премьері Қазақстан аумағында Гонконг капиталының қатысуымен, әсіресе агросекторды терең өңдеу саласында бірлескен өндірістер құруды ұсынды.«Біз өңірдегі және әлемдегі астық және майлы өнімдердің ірі экспорттаушыларымыз, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты өсуде. Гонконг және ШҰАА кәсіпорындарын Қазақстанда қазақстандық ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу және Гонконг пен үлкен Шығанақ аймағына экспортқа жіберуге болатын тамақ өнімдерін өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамыз. Қазақстан, ШҰАА және Гонконг аумақтарындағы бірлескен жобаларды жүйелі қаржыландыру үшін штаб-пәтері Үрімші немесе Гонконгта бірлескен инвестициялық қор құруды ұсынамыз», — деді С. Жұманғарин.Өнімділікті арттыру үшін өсімдіктердің тұрақты сорттары мен технологияларын әзірлеу бойынша Қазақстанда бірлескен ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы ұсыныс айтылды. Қазақстандық компаниялар тарапынан Гонконгқа, Оңтүстік-Шығыс Азияға, Үлкен шығанаққа, Оңтүстік-Шығыс Қытайға ауыл шаруашылығы экологиялық таза өнімдерін жеткізуге дайындық бар.Бірлескен туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ма Синжуй үш тарапқа Үрімшіге барған кезде Гонконгтан келген туристерге бір мезгілде Қазақстанға келуге мүмкіндік беретін бірлескен туристік маршруттар әзірлеуді ұсынды. Ол үшін «Қазақстан-ШҰАА-Гонконг» тұрақты авиациялық және құрлықтық көлік маршруттарын қалыптастыру ұсынылды.Өз тарапынан Алджернон Яу Гонконгтың қаржы орталықтары арасында әлемде 3-орында тұрғанын атап өтті. Авиациялық хаб бүкіл әлем бойынша 200-ден астам нүктені қалай байланыстырады. Гонконгтың солтүстігінде хайтекті дамыту жоспарлары бар.«Біз Гонконгта тіркелген қазақстандық кәсіпорындарды құптаймыз. Олар Гонконг компанияларымен Үлкен шығанақ нарықтарына бірдей қол жеткізуді қамтамасыз етті. Гонконгтың ASEAN елдерімен үлкен байланысы бар, егер қазақстандық кәсіпорындар олармен ынтымақтастыққа мүдделі болса, оны Гонконг арқылы жасай алады», — деді ол.Алджернон Яу Қазақстанмен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы тез арада келісім жасасуға үміт білдірді. Серік Жұманғарин Қазақстан Үкіметі осы құжат бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.Сонымен қатар қазақстандық тарап электрондық коммерцияны дамытуға және Гонконгтың Азиядағы ең ірі электрондық коммерция нарықтарының бірі ретіндегі тәжірибесіне қызығушылық танытты.«Біз "Цифрлық Жібек жолы" бастамасын бірлесіп іске асыруға мүдделіміз. Бізде Қытайдың электронды сауда алаңдарында ұлттық павильондар құру бойынша өзара іс-қимылдың оң тәжірибесі бар және олардың көбеюіне мүдделіміз. Сондай-ақ Қазақстанға Гонконг қор биржасының тәжірибесі өте қызықты. Біз Гонконг қор биржасының өкілдерін Қазақстанға тәжірибе алмасуға шақырғымыз келеді», — деп атап өтті Серік Жұмағарин. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/898358
Алматыда білім беру саласын қаржыландыру 2025 жылы 16% - ға ұлғаяды 07.12.2024
Алматыда білім беру саласын қаржыландыру көлемі 2025 жылға қарай 16% - ға артады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті бекітілген сессиясы барысында хабарлады."2024 жылы білім беру саласын қаржыландыруға 479,3 млрд теңге бөлінді. 2025 жылы қаржыландыру көлемі тағы 16% - ға 555,4 млрд теңгеге дейін ұлғаяды", - деп атап өтті мегаполис басшысы.Оның айтуынша, оқушы орындарының тапшылығын төмендету мақсатында 2024 жылы 11,8 мың орынға 9 мектеп іске қосылады. 2025 жылы "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы аясында 27,3 мың орындық тағы 15 мектептің құрылысы аяқталады.Мемлекет басшысының қолдауына орай, 2025 жылдан бастап Алматыда бұрынғы "Алмалы" СО базасында балаларға арналған ТМД-дағы алғашқы Ғылым мұражайын Science Museum Singapore-мен бірлесіп құру басталады. Осы мақсаттарға қала бюджетінен 12,2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Айта кетейік, Singapore Science Museum-бұл шығармашылық процестің ғылым мен өнердегі рөлін және оның қоғамның санасына әсерін зерттеуге бағытталған әлемдегі алғашқы мұражай.Естеріңізге сала кетейік, жалпы Алматыда жергілікті бюджет есебінен жаңа мектептер, қосалқы нысандар салу арқылы оқушы орындарының тапшылығының басқарылатын деңгейіне қол жеткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2025 жылы жайлы мектептерді пайдалануға беруді ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге - 3-4 мың орынға дейін төмендейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898092
2025 жылы Алматыда экономикалық өсім 6,4%-ға дейін жеделдейді деп болжануда 07.12.2024
2023 жылы Алматы экономикасының рекордтық өсімі және жоғары база қалыптасуы аясында қала экономикасының қарқынды дамуы жалғасуда. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев 2025-2027 жылдарға арналған бюджет бекітілген мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.«2024 жылдың 10 айында Алматының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 5,2%-ға дейін жеделдеді. Бұл іскерлік және инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейімен бірге жүреді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгеге жетті. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 3,8 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды», – деді қала басшысы.Әкімнің айтуынша, Алматы экономикасының қарқынды дамуы қала кірістерінің өсуіне мүмкіндік берді. 2024 жылдың 11 айында Алматы бюджетіне 1 650 млрд теңге аударылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,8%-ға артық.«Біздің болжамға сәйкес, 2024 жылы Алматы экономикасының өсімі 5,5% деңгейінде болады деп күтілуде. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 6,4%-ға дейін жеделдемек», – деді Алматы әкімі.Экономиканың тұрақты өсуі аясында жергілікті бюджеттің кірістері де артып келеді. Бүгінде бюджеттің 95%-ы қаланың өз кірістерінен қалыптасуда.«2025 жылға арналған Алматы бюджеті 2 трлн 177 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр. Бұл 2022 жылдың басындағы 1 трлн 70 млрд теңгеден 2 есе көп», – деп сөзін қорытындылады Ерболат Досаев.Айта кетейік, Алматы бюджеті әлеуметтік бағытын сақтап келеді. Әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар 15%-ға немесе 110,6 млрд теңгеге ұлғайып, 851,9 млрд теңгеге жетті, бұл бюджет шығыстарының шамамен 40%-ы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898103
Алматыда «Алма-Арасан» радон көзі жаңартылады 07.12.2024
Алматыда 2025 жылы Үлкен Алматы шатқалының ең танымал нысанның бірі – «Алма-Арасан» радон көзін қайта жаңарту жоспарлануда. Бұл туралы 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет қабылданған Алматы мәслихатының сессиясында хабарланды.Емдік қасиеттерімен танымал бұл радон көзі Қазақстаннан ғана емес, шетелден де туристер мен қала тұрғындарын өзіне тартады. Алайда жергілікті тұрғындар мен туристер тарапынан инфрақұрылымның қазіргі жағдайына байланысты келіп түскен көптеген шағымдар мен ұсыныстар негізінде ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Соңғы жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген болатын, содан бері инфрақұрылым заманауи қауіпсіздік және жайлылық стандарттарына сай болу үшін жаңартуды қажет етеді.Жобада инфрақұрылым нысандарын толық қайта құру көзделген. Басты шаралардың қатарында тайғанаққа қарсы қауіпсіз жабындысы бар жаңа көпірлер орнату, жолдар мен жаяу жүргінші аймақтарын жаңарту қарастырылған. Ең қауіпті учаскелерде тұтқалары бар баспалдақтар орнатылып, зақымданған элементтерді күшейту және ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, барлық учаскенің төсемдері болат тормен жасалады, бұл жазда да, қыста да қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, жоба туристердің жергілікті жерде бағыт табуына және радон көзінің емдік қасиеттерімен танысуына көмектесетін жаңа көрсеткіштер мен ақпараттық стендтерді орнатуды қамтиды.Жұмыс аяқталғаннан кейін «Алма-Арасан» тек қауіпсіз әрі жайлы нысанға айналып қана қоймай, экологиялық туризмді дамытуға ықпал ететін бірегей туристік көрнекі орынға айналады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898108
Ерболат Досаев: Алматыда ҚТҚ жинаудың заманауи технологиялары енгізіледі 07.12.2024
"Таза Қазақстан" жалпы республикалық бағдарламасы аясында 2025 жылы Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау бойынша инфрақұрылым толығымен жаңарады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қабылданған сессиясы барысында хабарлады.ҚТҚ инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды жобасы экологиялық жағдайды жақсартуға, қала тұрғындарының жайлылығын арттыруға және санитарлық тазалаудың заманауи стандарттарына сәйкес келуге бағытталған. Модернизацияның негізгі кезеңдерінің бірі-жағымсыз иістердің пайда болуына және құстардың немесе қаңғыбас жануарлардың қол жетімділігіне жол бермейтін тереңдетілген контейнерлердің санын көбейту (көлемі 3 м3).Бүгінгі таңда Алматыда 1 454 контейнер алаңында орналасқан 8 мыңнан астам контейнер қолданыста. 2023 жылы 42 алаңда 214 контейнер орнатылды, ағымдағы жылы мұндай контейнерлер саны 786 бірлікке өсті. 2025 жылы 581 алаңға тағы 1 683 контейнер орнатылады.Тағы бір кезең - пластикалық еуроконтейнерлерді сатып алу: 2024 жылы көлемі 1,1 м3 болатын 1 800 контейнер сатып алынды, 2025 жылы тағы 1 000 контейнер сатып алу жоспарлануда."Қалада 2012 жылы құрылған ҚТҚ жинау инфрақұрылымының әбден тозуы және "моральдық" ескіруі байқалады. Сондықтан, 2023 жылдан бастап оныбарынша жаңғырту жүргізілуде. Қазірдің өзінде 1 мың тереңдетілген контейнер мен 1,8 мың еуроконтейнер жаңартылды. 2025 жылы тағы 2,7 мың жаңа контейнер орнату арқылы қала бойынша барлық контейнерлік алаңдарды толық жаңғырту аяқталады", - деді Ерболат Досаев.Сонымен қатар, қоқыс таситын көліктердің күнделікті желіге шығуы 2023 жылғы 70% - дан 2024 жылы 85% - ға дейін өсті, 2025 жылы 95% - ға дейін жеткізіледі.Осылайша, 2025 жылы жаңартылған контейнерлік алаңдардың үлесі 100% - ға жетеді. Бұл шаралар қалдықтарды жинау тиімділігін арттырып қана қоймай, қоқысты бөлек жинау және қайта өңдеу қағидаттарын одан әрі енгізу үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898119