Enbekshi QazaQ

Қуқық

Өнеркәсіп және құрылыс министрі азаматтарды қабылдау жүргізді 04.12.2024
Бүгін, 4 желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.Қатысушылар кәсіпорындарды қолдау және жағдай жасау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ, азаматтар халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.Қанат Шарлапаев қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ Министр қабылдау қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/896354
Ақтау гарнизонында әскери теңізшілер дабыл арқылы көтерілді 04.12.2024
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінде жаңа оқу кезеңінің басталуымен жауынгерлік әзірлікті ауқымды тексеру жүріп жатыр.Мың жарымға жуық әскери қызметші, оның ішінде теңіз жаяу әскерлері мен басқа да бөлімшелер дабыл арқылы көтеріліп, жауынгерлік дайындықтың жоғары дәрежесіне көтерілді.Кемелердің орналасқан жерінде жауынгерлік дайындықтың әртүрлі аспектілері, оның ішінде диверсияға қарсы іс-шаралар мен тактикалық операциялар тексерілді. Кеме экипаждары Каспий теңізіне шығып, нақты ұрыс жағдайына жақын тиімді әрекет ете білу қабілетін көрсетті. Теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілері де дайындықтың жоғары нәтижелерімен ерекшеленді. – Өткізілетін іс-шаралар – армия бөлімшелері үшін жауынгерлік даярлықтың ажырамас бөлігі. Қажет болған жағдайда әрбір әскери қызметшінің сауатты және тиімді, ал бөлімшелердің жедел әрі үйлесімді әрекет етуі үшін тұрақты жаттығулар мен тексерулер қажет, – деп түсіндірді әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы.Әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің күштері мен құралдарын тексеру сценарийлердің кең спектрінен қамтиды. Ол жеке құрамның төтенше жағдайларда әрекет ету дағдылары мен машығын жетілдіруге бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/895903
Астанада тұқым күніне орай «ТҰҚЫМ-2025» IV Халықаралық конференциясы басталды 04.12.2024
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған Конференция ауыл шаруашылығы, тұқым шаруашылығы және агрономия саласындағы мамандарды жинады.Іс-шараның ашылуында ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен Аграрлық экономикасын қамтамасыз ету үшін тұқым шаруашылығының маңыздылығын атап өтті.Ол тұқым өсіру мен өндіруге заманауи көзқарастың шешуші рөлін, сондай-ақ өнімділікті арттыру үшін жаңа технологияларды енгізу қажеттілігін атап өтті.Шараның алғашқы күнінде көрме мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, онда қатысушылар өздерінің ғылыми жетістіктерін таныстыруға және Қазақстандағы тұқым шаруашылығын дамыту перспективаларын талқылауға мүмкіндік алды.Сондай-ақ конференцияда селекциялық және тұқым шаруашылығы жүйесін дамыту стратегиясына арналған сессия отырысы өтіп, мамандар осы саладағы өзекті мәселелер мен жетістіктерді талқылады.Екінші күні селекция мен биотехнологияның заманауи әдістеріне арналған семинарлар мен презентациялар жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/895979
Қазақстан халықаралық қауіпсіздік архитектурасын нығайтуда: БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан ұсынған үш резолюцияны бекітті 04.12.2024
Нью-Йорк, 2024 жылғы 2 желтоқсан – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан бастамашы болған ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға, қарусыздануға және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауға бағытталған үш резолюцияны бекітті.Қазақстан БҰҰ-ны баламасыз және әмбебап халықаралық құрылым ретінде қарастырып, жаппай қырып-жоятын қарудың барлық түрлеріне тыйым салу мәселелері бойынша түбегейлі ұстанымдарын сақтай отырып, мультилатерализмге және БҰҰ институттарымен тығыз ынтымақтастыққа деген бейілділігін тағы да растады. Тұңғыш рет БҰҰ-ның Бірінші комитетінде қарастырылған үш қазақстандық резолюция қатарынан Бас Ассамблеяның қарауына ұсынылып, БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан қолдау тапты.БҰҰ Бас Ассамблеясы «Бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қарулар жасауға, өндіруге және оның қорларын шоғырландыруға тыйым салу және оларды жою туралы конвенцияны нығайту және институционализациялау» резолюциясын бірауыздан қабылдады. Резолюция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясы барысында ұсынған бастамасын жалғастырып, Халықаралық биологиялық қауіпсіздік агенттігін құру мүмкіндігін жан-жақты қарастыруға шақырады. Құжатты Орталық Азияның барлық елдерін қоса алғанда, он бес мемлекет тең автор ретінде қолдады.«Ядролық қару мұрасының мәселесін шешу: ядролық қаруды қолданудан немесе сынақтан зардап шеккендерге және мүше мемлекеттер үшін қоршаған ортаны қалпына келтіруге көмек көрсету» резолюциясы Қазақстан мен Кирибати бастамасымен ұсынылған және ядролық қаруды қолдану немесе сынақтардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін күш-жігерді біріктірудің қажеттілігі туралы әлемдік қауымдастыққа маңызды белгі болды. Ядролық сынақтардың зардабын бастан өткерген Қазақстан ядролық қауіп-қатерді жою және зардап шеккен өңірлердің экожүйелерін қалпына келтіру жолында дәйекті түрде күш салуда.Оған қоса «Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация» резолюциясы қайта қабылданды. Алғаш рет 2015 жылы қабылданған бұл резолюция халықаралық қауымдастықтың ғаламдық ядролық қарусыздануға деген міндеттемесін атап көрсетіп, ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізуге бағытталған халықаралық күш-жігерді біріктіреді.Қазақстанның бастамалары оның сенімді «орта держава» ретіндегі мәртебесін, халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі жауапты қатысушы және дамушы елдердің мүдделерін ілгерілетудегі көшбасшы ретіндегі рөлін растайды. Қазақстан ұлттық, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ете отырып, қазіргі заманғы халықаралық мәселелерге тиімді шешімдер ұсынуды жалғастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/895891
Астанада АӨСШК Арнайы жұмыс тобы мен Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырыстары өтті 04.12.2024
Астана, 2024 жылғы 3-4 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобы мен Аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырыстары өтті.Іс-шараға қатысушылар Қазақстан төрағалығымен әзірленген ұйым Жарғысының жобасы бойынша пікір алмасып, АӨСШК Сыртқы істер министрлері кеңесінің қарауына ұсынылған құжаттардың жобаларын талқылап, Кеңестің Бас хатшысы Қайрат Сарыбайдың Хатшылық жұмысының қорытындылары туралы есебін тыңдады, сондай-ақ АӨСШК өлшемдерінің басым салаларындағы үйлестіруші және қос-үйлестіруші мәселелері қаралды.Отырыстар нәтижесінде аға лауазымды тұлғалар Сенім шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын және АӨСШК Хатшылығының 2025 жылға арналған бюджетін бекітті, сондай-ақ Хатшылыққа ШЫҰ, ЕАЭО, БҰҰ-ның АТМЭӘК және Терроризмге қарсы басқармасы сияқты ұйымдармен сыртқы байланыстарды нығайту бойынша одан әрі жұмыс жүргізуге уәкілеттік берді.Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар АӨСШК-де бақылаушы мәртебесін алуға үшінші елдердің өтініштерін қарастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/896293
Қазақстандағы бұлтты сервистерді пайдалануды реттеу мәселелері талқыланды 04.12.2024
2024 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасында бұлтты сервистерді (Cloud Policy) пайдалануды реттеу мәселелері бойынша воркшоп өтті. Air Astana, Google, FIBO Cloud, Microsoft, EPAM, EY және KPMG сияқты халықаралық компаниялардың сарапшылары бұлтты технологиялар саласындағы реттеуші шектеулерді, сондай-ақ деректерді және бұлтты сервистерді реттеу мәселелерін талқылады.Қатысушылар инновацияларды енгізуге ықпал ететін теңдестірілген нормативтік ортаны қалыптастыру үшін жеке және мемлекеттік сектор арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтті.Кездесу барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев бұлтты технологияларды дамыту мен деректер қауіпсіздігі арасындағы теңгерімді сақтаудың маңыздылығын атап өтті.«Үкімет ЖИ-ді дамытуға қолайлы заңнамалық жағдайларды, деректерді өңдеу орталықтарын және жекелеген салаларды цифрландыруды заңнамалық реттеуді енгізуде. Цифрлық трансформацияны сәтті жүзеге асыру үшін барлық мүдделі тараптардың үйлестірілген жұмысы қажет. Үкімет, бизнес, ғылыми қауымдастық және азаматтар ортақ мақсатқа жету үшін күш біріктіруі маңызды», — деп атап өтті министр.Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы аясында KPMG компаниясы Минцифрмен бірлесіп өзекті цифрлық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетуде.«Бұлтты технологиялар — бұл тек құрал ғана емес, бизнес пен қоғамды тиімдірек ететін өзгерістердің катализаторы. Оларды дұрыс енгізу қазіргі шектеулерді жеңуге ғана емес, Қазақстанды технологиялық дамудың жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті KPMG Кавказ және Орталық Азиядағы басқарушы серіктесі және бас директоры Сәкен Жұмашев.Шетелдік инвесторлар кеңесінің цифрландыру жөніндегі жұмыс тобының аясында және Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Министрлік Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін, «Батыс-Шығыс» ұлттық гипермегатрассасын салу және халықаралық трафикті транзиттеу мен сақтауға арналған TIER-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталығын құру бойынша жобаны іске асыруда. Бұл жоба Еуропа мен Шығыс Азияның өзара байланысын Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жер үсті бағытымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымды құруға ықпал етеді.Сонымен қатар, BigTech компанияларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайтын, бұлтты технологияларға басымдық беруді (Cloud First Policy), үшінші тарап контенті үшін жеткізушілердің жауапкершілігінен босатуды және басқа да шараларды қарастыратын заң қабылданды.Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастырып, келесі кездесуді Digital Almaty технологиялық форумы аясында кеңейтілген форматта өткізуге келісті. ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/896080
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов «KAZENERGY» Қауымдастығы Кеңесінің 41-ші отырысына қатысты 04.12.2024
Бүгін Астанада «KAZENERGY» Қауымдастығы Кеңесінің 41-ші отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС, «ExxonMobil Kazakhstan» және «KEGOC» АҚ сияқты мұнай-газ секторының ірі компанияларының басшылары қатысты.Энергетика вице-министрі Е. Ақкенженов өз сөзінде Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі жүйелі жұмысы үшін қауымдастыққа алғысын білдірді. 2024 жылы Энергетика министрлігі «KAZENERGY» - мен бірлесіп инвестициялық ахуалды жақсартуға және мұнай-газ химиясы өнеркәсібін қолдауға бағытталған маңызды іс-шаралар өткізіп, негізгі құжаттардың жобаларын әзірледі.Жылдың маңызды оқиғасы Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен саланы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес болды, онда саланың негізгі бастамалары қолдау тапты.Мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» Заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде, мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгерістер келісіліп, қабылданды.Өз сөзінің соңында Энергетика вице-министрі Е. Ақкенженов қауымдастықтың елдің мұнай-газ кешенін дамытудың негізгі мәселелерін іске асыруға бағытталған белсенді жұмысын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/896310
А. Сарбасов жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды 04.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарын аралады, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, халықпен кездесу өткізді.А.Сарбасов жұмыс сапарын Қарағанды облысы Саран қаласының кәсіпорындарынан бастады. Ол «Tengri Tyres» ЖШС қызметімен танысты, онда жылына 3 млн-ға дейін автомобиль шиналары шығарылады. Вице-министр зауыт директорымен ҚР-дағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы шеңберінде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.Бұдан кейін Ақмәди Сарбасов, халықаралық сапа стандарттарына сай келетін заманауи жолаушылар автобустарын, электр автобустарын және құрылыс техникасын шығаратын «QazTehna» ЖШС-де болды. Зауыттың жұмысымен танысқаннан кейін бірінші вице-министр кәсіпорын басшылығымен әлеуметтік әріптестік шеңберінде жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады.Сондай-ақ, бірінші вице-министр Саран қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметімен танысты.Осыдан соң Ақмәди Сарбасов Қарағанды облысының еңбек мобильділігі орталығына, «ИНВА СТО» кресло-арбаларды жөндейтін сервистік орталығына және «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына барды.Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығында бірінші вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, журналистерге брифинг өткізді.Жұмыс сапарының соңында бірінші вице-министр Кәсіподақ орталығында болып, онда мүгедектігі бар регрессшілермен кездесті. Кездесу барысында зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау және жүзеге асыру мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/896114
ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің автопаркі жаңартылуда 04.12.2024
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы облысы гарнизонының өрт-құтқару техникасы паркі толықтырылды. Биік тұрғын үй кешендері мен ғимараттардың белсенді салынуын ескере отырып, Алматы облысы ТЖ департаментінің иелігіне көтергіш биіктігі 52 метр болатын автосаты және көтергіш биіктігі 24 метр болатын 2 бірлік механикалық сатылы өрт сөндіру автоцистернасымен толықты. Жетуі қиын жерлерде құтқару және іздеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жеке құрамды жеткізуді және адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін автономды жолаушылар салоны бар өтімділігі жоғары автомобиль, «Toyota Hilux» автокөлігімен «Байкал» жоғары өтімді техникасы жеткізілді. Сонымен қатар Жедел-құтқару жасағының мүмкіндіктерін едәуір жақсартатын Marlin 830 қайығы сатып алынды. Бұл заманауи құтқару қайығы судан құтқару және шұғыл эвакуация операциялары үшін өте қолайлы. Қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын ескере отырып жасалған, ол ең қиын жағдайларда сенімділікті, ептілікті және жайлылықты қамтамасыз етеді. Департамент бастығының міндетін атқарушы Данияр Қасымов атап өткендей: «Жаңа арнайы техника төтенше жағдайларды жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді».Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/896027
2024 жылы психологиялық қолдау орталықтары шамамен 240 000 адамға көмек көрсетті 04.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 2024 жылы еліміздің 20 өңірінде психологиялық қолдау орталықтары жұмыс істей бастағанын хабарлады. Бүгін орталықтар шамамен 240 000 мектеп оқушысы мен олардың отбасыларына көмек көрсетті.ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық жұмысының тиімділігін бағалау үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптарды нақтылау ескеріле отырып, жаңа тәсілдер енгізілгенін атап өтті.«Министрлік орталықтардың қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, штаттық кестені, қызметкерлердің біліктілігі мен материалдық-техникалық жабдықталуына қойылатын талаптарды бекітті. Орталықтардың қызметін дамыту үшін жобалық кеңсе құрылды, провайдерлер анықталды. Орталықтан тиісті бақылау күшейтіледі. Барлық әкімдіктер белгіленген алгоритмге сәйкес орталықтардың жұмысын реттеуді жалғастыруда», — деп атап өтті вице-министр Еділ Оспан.Сондай-ақ, орталықтарды құрудың негізгі мақсаты балалар мен олардың отбасыларының психологиялық әл-ауқатын қолдау және нығайту үшін жергілікті деңгейде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру болып табылатынын еске саламыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/896188
Қазақстандық оқушыларға жеке қауіпсіздік сабақтары оқытылуда 04.12.2024
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан жаңа оқу жылының жаңалықтарына тоқталды. Мәселен, 1 қыркүйектен бастап еліміздің балабақшаларында, мектептері мен колледждерінде 130 сабақтан тұратын жеке қауіпсіздік негіздері оқытыла бастады.Бүгінде балалар 10 аптаға жоспарланған барлық тақырыптарды, соның ішінде жеке қауіпсіздік негіздерін, қоғамдық орындарда, көшеде, үйде және интернетте қауіпсіздік ережелерін толық меңгерді. Оқу жылының соңына дейін олар цифрлық технологияларды, онлайн-тәуекелдерді қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ және сыни талдау жасау дағдыларын дамытуға баса назар аудара отырып, зерделенген материалды қайталап бекітетін болады.«Бұл сабақтар балаларға өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беріп, практикалық дағдыларды үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар балалардың әлеуметтік жауапкершілігі мен өзіне деген сенімділігін дамытуға көмектеседі. Біз әр баланың жасын және даму деңгейін ескере отырып, ол үшін сенімді қолдаушы орта қалыптастыруға тырысамыз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.Айта кетейік, сабақтар апта сайын сынып сағаты аясында ұзақтығы 10 минуттан жылына үш рет қайталанып өткізіледі. Сабақтарда материалды барлық жас топтарындағы балаларға қолжетімді және қызықты ету үшін практикалық кеңестер, оқытудың интерактивті әдістері, бейнелер мен ойындар қолданылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/896287
Мәжіліс жаңа Бюджет кодексінің жобасын бірауыздан қабылдады 04.12.2024
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары палата отырысында Бюджет кодексінің жобасын қарап, екінші оқылымда қабылдады.Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген жаңа экономикалық бағыт, әлемдік саяси сын-тегеуріндер мен геосаяси конъюнктураның белгісіздігі мемлекетіміздің қаржылық орнықтылығын, тұрақтылығын және ұзақ мерзімді даму мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін елдің бюджет саясатындағы өзгерістерді талап етті.Жаңа Бюджет кодексінде мемлекет қаржысын басқарудың негізгі құралдарын белгілеуге, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін олардың нәтижелілігін арттыруға арналған тәсілдер көрініс тапты.Бюджет кодексінің жобасында мыналар көзделген:мемлекеттік қаржыны шоғырландырылған есепке алу. Бюджет кодексін реттеу мәні кеңейтіліп,бюджеттің өзінен басқа мемлекеттің бюджеттен тыс активтері мен міндеттемелерінің барлық түрлерін қамтиды;артық кезеңдер мен бюрократияланған рәсімдерді алып тастау есебінен мерзімдерін екі есе қысқарта отырып, бюджеттік процесті оңтайландыру;оңтайландырылған бюджеттік процесті ескере отырып, мемлекеттік органдардың назарын бюджеттіжоспарлау кезіндегі сараптамалық жұмыстарға аудару;бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі мен реттілігін қамтамасыз ету, өңірлік стандарттар жүйесі арқылы республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау сапасын арттыру;бюджеттік процеске қатысушылардың есептілігін, жауапкершілігін және бюджеттік процестің ашықтығын кеңейту.Бюджет кодексі жаңа редакцияда елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жағдайла ржасауға мүмкіндік беріп, мемлекеттің экономикалық саясат пен әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін іске асыруына оң әсер етеді.Мәжіліс қабылдаған Бюджет кодексінің жобасы қарап, келісу үшін Сенатқа жіберілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/895954
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуін кейінге қалдыру туралы 04.12.2024
2024 жылғы 6 желтоқсанда жоспарланған Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиевтің Алматы қаласының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдарымен кездесуі белгісіз уақытқа ауыстырылады.Өту уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/895904
СОР16 алаңдарындағы кездесу 04.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев БҰҰ-ның шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі тараптары конференциясының он алтыншы сессиясының (СО16) алаңында Сауд Арабиясының мемлекеттік Сыртқы істер министрі, Министрлер Кеңесінің мүшесі және климат мәселелері жөніндегі елшісі Адель ибн Ахмед Әл-Джубейрмен кездесу өткізді.Кездесу барысында Е. Нысанбаев жердің тозуы мен құрғақшылық Қазақстанның да, Орталық Азияның бүкіл өңірінің әлеуметтік тұрақтылығына, азық-түлік қауіпсіздігіне және экономикалық әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті.Орталық Азия халқының шамамен 60% - ы негізгі табыс көзі ретінде ауыл шаруашылығына тікелей тәуелді, сондықтан құрғақшылық үлкен қауіп төндіреді. Мұндай құбылыстардың салдарына ауылшаруашылық өндірісінің жоғалуы, қауіпсіздік пен өмір сапасының төмендеу қаупі, экономикалық және әлеуметтік шиеленістің артуы жатады.Сондай-ақ, Қазақстанның экология министрі Арал теңізінің құрғаған түбіне ағаш отырғызу, жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау және 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекіту, Экологиялық кодекс шеңберінде ел өңірлерінде климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі нормаларды іске асыру және т. б. сияқты Қазақстан жүргізіп жатқан ауқымды іс-шараларға толығырақ тоқталды. Париж келісімінің қабылданған міндеттемелерін іске асыруда 2027 жылға қарай елде 2 млрд. ағаш отырғызылады, оның ішінде 839 мың көшет отырғызылды. Бұл ауқымды жоба экологиялық тұрақтылықты нығайтуға және экожүйелердің тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған.Е.Нысанбаев атап өткендей, Қазақстан тәжірибемен бөлісуге және халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылды күшейтуге дайын.Сауд Арабиясының мемлекеттік Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясындағы климат мәселелері өте өзекті екенін атап өтті. Көміртекті алу және сақтау бойынша қоршаған ортаға, климаттың өзгеруіне және жердің деградациясына қатысты ең өзекті мәселелерге толығырақ тоқталып, көміртекті ұстау және сақтау конференцияда көтерілген тақырыптарды талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар бірлескен іс-қимылдар арқылы ғана біз экожүйелерімізді сақтап, баршаға тұрақты болашақты қамтамасыз ете алатынымызды атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/895906
ТОРЛЫ ҚАБЫҚТЫҢ АЖЫРАУЫ ЖӘНЕ СОҚЫРЛЫҚ ҚАУПІ: АЛМАТЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР 69 ЖАСТАҒЫ НАУҚАСТЫҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІН САҚТАП ҚАЛДЫ 04.12.2024
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға ауыр көз жарақатымен 69 жасар ер адам түсті.Науқастың айтуынша, ол үстелдің бұрышына соғылып, нәтижесінде көзіне қатты зақым келген.Диагноз өте күрделі болды: склераның жарылуымен көз алмасының ауыр соғылуы, көздің ішкі қабығының түсуі, жарақаттан кейінгі афакия, аниридия, гемофтальм және торлы қабықтың ажырауы.Дәрігерлер кезең-кезеңімен көмек көрсету туралы шешім қабылдады.Бірінші кезеңде склера жарасына алғашқы хирургиялық ем жүргізілді.Келесі кезеңде силикон енгізумен витрэктомия, торлы қабықтың лазерлік коагуляциясы (ЭЛКС) және иридохрусталдық диафрагманы имплантаттаудың бірегей процедурасын қамтитын жоғары технологиялық ота жасалды.Науқас үшін арнайы жасанды көз айнасы мен линза жиынтығы әзірленді.Отаны офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Абдраимова жүргізді.Мамандардың жоғары кәсібилігінің арқасында науқастың көру қабілеті сақталып, визуалды функциялары қалпына келтірілді.Отадан кейін науқас дәрігерлерге шын жүректен алғысын білдірді:"Орталық қалалық клиникалық аурухананың бүкіл ұжымына, әсіресе Гүлзат Абдраимоваға алғысымды білдіремін. Диагноз үкім сияқты естілді, бірақ дәрігерлер мені өз бақылауына алып, мүмкін емес нәрсені жүзеге асырды - маған көру қабілетін қайтарды!".Айта кетейік, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді және жоғары технологиялық процедура санатына жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/895932
ЖМК КӨМЕГІМЕН ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДЫҚ АУДАНДАРДЫҢ 1,3 МЛН ТҰРҒЫНЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКПЕН ҚАМТЫЛДЫ 04.12.2024
Ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында елдің шалғай аудандарында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) белсенді жұмыс істейді.Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «дөңгелектердегі емханалар» мамандары 3072 елді мекенде тұратын 1,3 млн адамды медициналық көмекпен қамтыды.Жылжымалы кешендер арқылы 656 мың диагностикалық зерттеу, бейінді мамандардың 1,3 млн консультациясы, 332,8 мың зертханалық зерттеу жүргізілді.Тексеру мен зерттеп-қарау барысында әртүрлі аурулары бар 95 мың пациент анықталды, оның 78,3%-ы ересектер, 21,7%-ы балалар. Профилактикалық тексерудің қорытындысы бойынша 33,7 мың ауыл тұрғыны динамикалық бақылауға алынды.Диагноз қойылған аурулардың ішінде қанайналым жүйесінің ауруларына, қант диабетіне, көру қабілетінің бұзылуына күдік басым.ЖМК-ның құрамында ЖПД, акушер-гинеколог, стоматолог сияқты бейінді дәрігерлердің консультациялық қабылдауы жүзеге асырылады, ультрадыбыстық, ЭКГ, ЭхоКГ аппараттарының көмегімен скринингтік, зертханалық, рентгенологиялық және диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.ПМК жұмысы елді мекендердің барынша көп санын қамту үшін ұйымдастырылған. Келу кестесі алдын-ала жарияланады, бұл тұрғындарға дәрігерлердің келуіне дайындалуына мүмкіндік береді.Жылжымалы медициналық кешендер үйге жақын жерде медициналық көмек алуға мүмкіндік береді, бұл әсіресе қарт адамдар мен балалары бар отбасылар үшін өте маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/896040
Елдос Сметов елордалық жас дзюдошылармен кездесті 04.12.2024
Олимпиада чемпионы Астанада Kodokan Spirit дзюдо орталығының тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Салтанатты іс-шарада Елдос Сметов Астананың дарынды жас дзюдошыларына спортта сәттілік тілеп, өз қолтаңбасы бар мерейтойлық кимоноларды сыйға тартты.Бүгінгі кездесуде жасөспірімдер Олимпиада чемпионына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.«Олимпиададағы ең қиын белдесуім 2023 жылғы әлем чемпионы Франсиско Гарригосқа қарсы өтті. Жеңіске жету жолымда ол бір ғана мүмкіндік берді. Нәтижесінде өз сәтімді тиімді пайдаланып кеттім. Жалпы қай жерде болмасын, түсінген адам жетістікке тек отбасының қолдауы арқасында жете алады. Ата-ананың дұғасы, разылығы – жеңіске жетудің басты кілті», - деді Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов.Енді ғана осы спортқа ден қойған жас спортшы Елдостан дзюдода өткерген ең қиын сәтін сұрады.«Өзбекстандағы халықаралық жарыста 40 келіде күресуім қажет еді. Бірақ салмағым 44 келіні құрады. 4 келіні тез арада қуған сәтім әлі күнге дейін есімнен кетпейді», - деп жауап берді ол.Айта кетейік, ауданы 1 200 шаршы метрді құрайтын жаңа Kodokan Spirit дзюдо орталығында мыңнан астам бала дзюдомен айналысады. Спорт кешені 180 орындық стендпен, олимпиадалық сападағы жапон татамиімен, заманауи желдеткішпен және жарықтандырумен жабдықталған. Негізгі залдан басқа, спорт кешенінде көп функциялы жаттығу залы, топтық сабақтарға арналған екі шағын зал, ата-аналарға арналған ыңғайлы күту алаңы және асханасы бар.Астана дзюдо федерациясының президенті Ғайса Жұмалиевтің айтуынша, елордада әлемдік аренада ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін көптеген дарынды спортшылар бар. Kodokan Spirit дзюдо орталығында жаттығу жасайтын Астана ересектер құрамасы алғаш рет Қазақстанның 20 өңірінің арасында жалпы командалық есепте үшінші орын алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895724
Экологиядан инклюзияға дейін: Астанада Үздік еріктілер марапатталды 04.12.2024
Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Астанада Volunteer FEST-2024 фестивалі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Экология, медицина, әлеуметтік көмек, инклюзия, қауіпсіздік, жануарларды қорғау және т. б. салаларда жұмыс істейтін еріктілер мен волонтерлік ұйымдары марапаттарға ие болды.Фестивальді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.Фестиваль аясында елорданың дамуына елеулі үлес қосқан 70-тен астам еріктілер ұйымы марапатталды.Марапаттар қызметтің кең спектрін қамтитын сегіз номинация бойынша берілді: табиғатты қорғауға бағытталған экологиялық волонтерлік; халықтың осал топтарын қолдайтын әлеуметтік волонтерлік; жеделдік пен берілгендік маңызды төтенше жағдайлар кезіндегі волонтерлік; мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесетін инклюзивті волонтерлік; event-іс-шараларды ұйымдастыруды қолдайтын волонтерлік; қоғамдық тәртіптегі волонтерлік, қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету; салауатты қоғамды қолдайтын медицина саласындағы еріктілік; жануарлардың тіршілігін сақтауға бағытталған жануарларды қорғау волонтерлігі.Осы санаттардың әрқайсысы еріктілердің қоғамды дамытудағы және оның өзекті мәселелерін шешудегі маңызды рөлін көрсетеді.«Сіз үлкен өзгерістерге себеп болған кезде, сіздің міндетіңіз өз еліңізді жақсарту және қиын жағдайға тап болғандарға көмектесу екенін түсінесіз. Біздің бір мақсатымыз – мұқтаж жандарға қолдау көрсету және жанашыр азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеу», - деп атап өтті «Мейірімді жандар» еріктілер қозғалысының жетекшісі Динара Ыдырысова.«Мейірімді жандар» қозғалысы бес жылдан астам уақыт бойы көп балалы аналарға, ерекше балалары бар отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесіп келеді. Оның күш-жігері тек көмек берумен шектелмейді, қолдауға ие болғандардың көпшілігі қазір өздері де ерікті.«Волонтерлік - бұл өз ісіне жанқиярлықпен қызмет ету. Біздің еріктілер жоғалған адамдарды іздеуге, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге, экологиялық жағдайды жақсартуға белсенді қатысады. Бүгінде Астанада 6000-нан астам адамды қамтитын 70-ке жуық ұйым жұмыс істейді. Біз оларды наградалармен ғана емес, бағалы сыйлықтармен, кездесулермен және кері байланыспен де қолдауға тырысамыз», - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев.Биыл жастар мен күміс еріктілерге-қоғамға көмектесуге белсенді қатысатын егде жастағы адамдарға ерекше назар аударылды.Фестивальге мыңдаған қатысушы жиналды, олардың арасында танымал қоғам қайраткерлері, блогерлер мен эстрада жұлдыздары болды. Қонақтар еріктілердің жұмысымен таныстыратын фотокөрмені тамашалады.Іс-шара мереке ғана емес, еліміздің экологиясын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасын қолдаудағы маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895752
Киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер Астана әуежайынан қарсы алды 04.12.2024
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден Азия чемпионатында топ жарған қазақстандық спортшыларды Астана халықаралық әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Чемпионат қорытындысы бойынша ересектер санатындағы Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары 10 алтын жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды. Оның ішінде Астана қаласының спортшылары жалпы 7 алтын, 8 күміс және 7 қола медаль еншілеп, ел абыройын асқақтатты.«Чемпионатқа 15 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Біздің команда бұған дейінгі нәтижелерін жақсартып, командалық есепте көш бастады. Енді 2025 жылы Жапонияда өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастаймыз. Бұл жетістік - қазақстандық спортшылардың таланты мен табандылығының айқын көрінісі. Алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерді бағындыратынына сенім мол», – деді киокушинкай-кан каратэден ұлттық құраманың бас бапкері Азамат Такенов.Астана құрамасының нәтижесі:Алтын медаль:* Жамидинова Еркеназ (16-17 жас, -60 кг);* Ай Асия (16-17 жас, -55 кг);* Қойшыбай Мұхаммедәлі (16-17 жас, -55 кг);* Ракишева Ұлжан (18+, -60 кг);* Жанғабылов Рахат (18+, -60 кг);* Карменов Әлішер (18+, -65 кг);* Аманов Айбек (18+, -75 кг).Күміс медаль:* Серік Айдын (18+, 70 кг);* Искаков Мақсат (18+, 75 кг);* Ғалымжанова Гульназ (18+, 55 кг);* Изтанатова Гульназ (18+, +60 кг);* Ахметова Назира (18+, 60 кг);* Менеева Мариям (16-17 жас, -50 кг);* Дулатов Жаныбай (16-17 жас, АБС);* Нұрхайдаров Жаннұр (16-17 жас, -55 кг).Қола медаль:* Сабиханов Нұрали (16-17 жас, -55 кг);* Улжебаев Тайр (16-17 жас, -60 кг);* Асылхан Берек (16-17 жас, -60 кг);* Баткен Бекарыс (16-17 жас, -70 кг);* Сағындық Әділжан (16-17 жас, АБС);* Ержанова Жания (18+, -60 кг);* Абдуқадыр Мұрат (18+, 60 кг).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/895765
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырды 04.12.2024
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы журналистерге «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің 25 жылдығына арналған пресс-тур ұйымдастырды.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінде арнайы мақсаттағы «Бүркіт» бөлімшесінің 25 жылдығына арналған пресс-тур өткізді.Шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Олар әскери қызметшілердің қызметімен және тұрмысымен танысып, әскери қалашық инфрақұрылымын аралады. Әскери қызметшілермен бірге қызметтік атмосфераны сезінді. Пресс-тур аясында қонақтар казармаларды, сондай-ақ әскерилердің асханасын аралап, жауынгерлерге арналған тағамдардың сапасын бағалады. Әрбір қатысушы ас рационының барлық қажетті талаптарға сай екеніне көз жеткізді.Техника мен қару-жарақ көрмесінде құқықтық тәртіп әскерінің қолданысында бар қару-жарақ, байланыс құралдары мен түрлі жабдықтардың заманауи үлгілері ұсынылды. Әсіресе, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әрекет ету техникасының көрсетілімі қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар ату тирінде арнайы бөлім жауынгерлерінің жоғары деңгейдегі дайындықтарына тәнті болды.Сондай-ақ кинологиялық орталықтағы бағдарламалар да қонақтардың ерекше назарын аударды. Мұнда қызметтік иттердің қарулы қылмыскерлерді ұстау, есірткі және жарылғыш заттарды іздеу бойынша әрекеттері көрсетілді. Кинологтардың және олардың төрт аяқты серіктерінің жоғары кәсібилігі қонақтардың таңданысын тудырып, қошеметтеріне ие болды.Бұдан бөлек журналистер Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау конкурсына қатысты. Сайыс қатысушылардың ептілігі мен зейінің тексеруге арналған. Шараның нәтижесінде ең үздік қатысушылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековтің атынан алғыс хаттармен марапатталды.— Бізге осындай көп журналистің келгені бірінші рет. Біз ашық диалогты қолдаймыз. Сарбаздарымыз барында халық алаңсыз ұйықтай алады, елімізде бейбітшілік болады. «Отанды қорғау» деп аталатын қызмет бар. Біз оны еліміздің өркендеуі жолында орындауға дайынбыз!, – деді 5573 әскери бөлімінің командирі Аян Есжанов.Айта кетейік, іс-шара мәдени бағдарламамен қорытындыланды. Елордалық бригаданың Мәдениет және демалыс орталығында Ұлттық ұланның Ән-би ансамблі өз өнерлерін паш етті. Үлгілі оркестр әскери-патриоттық композицияларды орындап, Құрмет қарауыл ротасы ерекше дефилесін көрсетті.Осылайша пресс-тур қонақтарға Отан қорғаушылардың өмірін өз көздерімен көруге және олардың кәсібилігін бағалауға тамаша мүмкіндік берді. Осыған ұқсас шаралар қоғам мен Қарулы Күштер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына деген құрмет пен сенімді қалыптастыруға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/895775