Қуқық
САРЫАҒАШТА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 02.12.2024
Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округі мен Атамекен елді мекенінің тұрғын үйлері көгілдір отынға қосылды. Аталған шараға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.Бұл елді мекендегі тұрғын үйлерге газ құбыры мен орамішілік газ тарту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп,«ҚазТрансГазАймақ» АҚ мекемесіне атқарушы техникалық құжаттары толық жинақталған. Бүгінде мердігер мекеме «Аша-А» ЖШС-і тарапынан 2 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылды. Алдағы уақытта, елді мекеннің қалған тұрғын үйлерін табиғи газға қосу жұмыстары жалғасатын болады.Айта кетсек, ауданға қарасты елді мекендерді ауыз сумен, табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Ауданға қарасты 63 елді мекеннің ішінде 49 елді мекен көгілдір отынмен қамтылған. Қазіргі таңда 4 елді мекенді: Жылға, Шеңгелді, 51 разъезд, Ердәуітті газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 5 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылып, тағы 5 елді мекенді табиғи газбен қамту мақсатында Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.Сондай-ақ биылғы жылы ауданға қарасты 4 елді мекен атап айтқанда: Шайхана, Дербісек, Береке, Құрамада ауыз су құбырларына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бүгінде Жылға,Жонарық, Құркелес елді мекендерінің ауыз су құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қаралып, құрылысы 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар облыстық және республикалық бюджеттерден 8 елді мекенге олар: Ж Достық е/м, Құркелес а/о Алғабас, Ақниет елді мекендері және Жібек жолы а/о Жібек жолы, Қарабау, Сарқырама, Зортөбе, Жаңақұрылысты таза ауыз сумен қамту жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893995
ТҮРКІСТАНДА «ARAL – 2024» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯЛАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ I САММИТІ ӨТТІ 02.12.2024
Түркістанда «ARAL – 2024» жасылдар партияларының халықаралық І саммиті өтті. Самитке Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріндегі жасыл партиялардың жетекшілері мен табиғат жанашырлары жиналды. Олар апатқа ұшыраған Арал аумағын оңалту, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану, климаттық өзгерістерге төтеп беру тақырыптарын талқылап, экологиялық мәселелерді бірлесе шешудің жолдарын саралады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арал теңізін қорғау мақсатында қабылдаған шешімдері мен экологиялық мәдениетті қалыптыруда серпін беретін «Таза Қазақстан» бастамасының маңызын ерекше атап өтті.Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев су қауіпсіздігі Орталық Азиядағы ең өзекті мәселе екенін айтты. Сонымен қатар саммитте Қырғызстан Жасылдар партиясының төрағасы Еркін Бөлекбаев, Ресейдің экологиялық «Жасылдар» партиясының тең төрайымы Александра Кудзагова, Моңғолияның «Азаматтық ерік» Жасыл партиясы төрағасының орынбасары Тогоочийн Бат-Эрдэнэ, Өзбекстан экологиялық партиясының өкілі Комилжон Жураев тұшымды ой-тұжырымдарын жеткізді.Саммит барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Моңғолия жасыл партиялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, тараптар табиғатты қорғау шараларын өткізу, халық арасында экологиялық білім мен үгіт-насихатты бірлесіп кеңейту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы тәжірибе мен білім алмасу жөнінде келісімге келді. Сонымен бірге жасыл партиялардың жетекшілері айтулы саммитті тұрақты негізде өткізуге уағдаласты.Халықаралық саммиттің соңы «Байтақ» партиясының құрылғанына 2 жыл толуына орайластырылған салтанатты жиынға жалғасты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, облыс басшысының жылы лебізін жеткізді. Сонымен қоса құндылығы жоғары халықаралық саммиттің іске асуына ұйытқы болған «Байтақ» жасылдар партиясына алғысын білдірді.– Түркістан облысында Президенттің тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды іске асырылуда. Биылғы жылы облыс аумағында жалпы 1 миллион түп ағаш отырғызылды. Түркістан қаласының айналасынан жасыл белдеу құруға 30 мың гектар жер қаралып, қазіргі таңда аумаққа ағаштар отырғызылып жатыр. Осы жұмыстардың бәрі ауқымды. Біздің басты мақсатымыздың бірі – еліміздің, оның ішінде аймағымыздың экологиялық жағдайын жақсарту. Су ресурстарын тиімді пайдалануға, су тапшылығының алдын алу үшін үнемдеу технологияларын дамытуға күш салып жатырмыз. Бүгінгі халықаралық саммит Орта Азияның, Арал теңізінің ғана емес, Түркістан облысының экологиялық ахуалын жақсартуға оң әсер етеді деп сенеміз. Осы бағытта жұмыстарымызды бірлесіп атқаруға дайынбыз, – деген облыс әкімінің орынбасары шет елден келген қонақтарға тұтас Түркі жұртының құты, береке мен бірлігінің символы «Тайқазан» кәдесыйын табыс етті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893997
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАСТАР АРАСЫНДА РОБОТОТЕХНИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ 02.12.2024
Қазығұртта «Жастар лигасы-2024» атты робототехникадан облыстық турнир өтті. Сайысқа облысқа қарасты аудан, қалалардан келген 15 команда қатысты. Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов сайысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.– Робототехника – бұл болашаққа апарар маңызды бағыттардың бірі. Қазығұрт ауданы жас буынның технологиялық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Біз мектептерде осы салаға назар аударып, жастардың шығармашылығын дамытуға барлық жағдай жасаймыз, – деді.Турнир нәтижесі бойынша 1-орынды «Қазығұрт» командасы (Қазығұрт ауданы), 2-орынды «Болашақ»командасы (Қазығұрт ауданы), ал 3-орынды «Төлеби Дарын» командасы (Төлеби ауданы) иеленді.Айта кетейік, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бастамасымен, Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен өткен турнир мақсаты – жастардың ғылым мен техникаға қызығушылығын арттыру, білім сапасын жақсартуға үлес қосу, робот құрастыру, бағдарламалау және техникалық мәселелерді шешу дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлауды қалыптастыру, өңірдегі инновациялық бастамаларды қолдау.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894041
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОЛИМПИАДАДА ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ 02.12.2024
Астанада ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Олимпиаданың соңғы кезеңіне облысымыздан 41 оқушы қатысып, оның ішінде 23 оқушы жеңімпаз атанды. Түркістан облысының қоржыныны 7 алтын, 4 күміс, 12 қола медальмен толықты. Бұл балалар – өңіріміздің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар. Жалпы есепте республикалық олимпиадада Түркістан облысының оқушыларына “Ең үздік олимпиадалық команда - 2024” атағы берілді.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың тікелей тапсырмасымен ауыл мектептерінің талантты және білімге құштар оқушыларын анықтау мақсатында республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Олимпиаданың бірінші облыстық кезеңіне 900-ге жуық оқушы қатысып, олардың 71-і олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған. Оның ішінде 41 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыт, 30 оқушы гуманитарлық бағыт бойынша республикалық кезеңге өтті. Бұл ауыл оқушыларының интеллектуалдық жарыстарға деген қызығушылығының артқанын, республикалық олимпиаданың мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894045
ТҮРКІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯНЫҢ БРЕНД КОМПАНИЯЛАРЫ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ 02.12.2024
Түркістан облысының делегациясы Корея Республикасының Тэджон қаласына ресми сапармен барды. Сапар барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Woosong университетінің төрағасы Ким Джон Хёнмен кездесіп, SolBridge кампусын аралады.Делегация өкілдері Woosong және SolBridge университетеріне экскурсия жасап, сондай-ақ Тэджон қаласындағы жетекші инновациялық және жоғары технологиялық компаниялардың басшылығымен кездесті.Олардың қатарында электр көліктерін әзірлеу және өндірумен айналысатын «Korea Mobility», косметикалық өнімдер өндіретін «CELLHAPPYCO», жасанды интеллект негізіндегі деректерді талдау жүйесін шығаратын «Euclidsoft», білім беру және ғарыш дизайны жүйелерін шығаратын «Nuguna Co.,Ltd» және теміржол көлігі басқару жүйесімен айналысатын «InterCon Systems» сияқты компаниялар болды.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, облыс экономикасын дамыту үшін шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығын атап өтті. Компания өкілдерімен кездесулер барысында ол шетелдік инвесторлар ұсынатын барлық бастамалар мен жобаларды қолдауға дайын екенін білдіріп, бизнесмендер мен компания жетекшілерін Түркістан облысына өңірдің инвестициялық әлеуетін бағалауға және ықтимал серіктестік бағыттарын талқылауға шақырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894050
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КОРЕЯ КОМПАНИЯЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ 02.12.2024
Түркістан облысының делегациясының Корея Республикасына ресми сапары аясында облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров Корей теміржол корпорациясының (KORAIL) вице-президентімен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар көлік-коммуникация саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша ынтымақтастықтың келешегі мен мүмкіндіктерін талқылады. Негізгі мәселелердің бірі — Түркістан облысында теміржол және көлік саласы үшін кадрлар даярлауға бағытталған арнайы оқу орталығын ашу.Нұралхан Көшеров мұндай орталықты ашудың көлік инфрақұрылымы мен технологиялары саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру үшін стратегиялық маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар жоғары білікті кадрларды даярлау аймақтың көлік-логистикалық инфрақұрылымын тиімді дамытуға, Түркістан облысының басқа өңірлермен және шет елдермен байланысынты нығайту үшін маңызды екеніне тоқталды.«Korea Railroad Corporation» вице-президенті ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, Түркістан облысында оқу және білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру үшін Қазақстанның «Қазақстан темір жолы» операторымен бірлескен жұмыстың мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеуді ұсынды. Ол Корей теміржол корпорациясының тәжірибесінің Қазақстанның теміржол және көлік саласын дамытуда құнды үлес қосуы мүмкін екендігін атап өтті.Бұл жоба Түркістан облысында көлік саласы үшін білікті кадрлар даярлауда маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар екі ел арасындағы жоғары технологиялар мен инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық нығая түспек.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894057
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗУДЕ 02.12.2024
Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен, «Turkistan Invest» ЖШС ұйымдастыруымен Түркістан қаласы, Ордабасы және Сайрам аудандарынан бір топ кәсіпкерден құралған Түркістан облысының делегациясы Түркия мемлекетіне іссапармен барды.Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.Іссапар Ыстамбул қаласындағы кәсіпорындарды аралаудан басталды.Онда ғимараттар мен жолдарға арналған бояуларды өндіретін кәсіпорынмен жұмыс жүргізу мақсатында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы меморандумға қол қойды.Алғашқы күндері Түркия мемлекетіндегі Ыстамбул, Коджаели қаласының бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарда іскерлік кездесулер өтті.Делегация Коджаели қаласында ораласқан кондитер, желатин өнімдерін шығаратын кәсіпорнын және трансформатор құрылғыларын өндіретін фабрикалаларды аралап көрді. Аталған компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу мақсатында Ордабасы ауданының әкімімен меморандумға қол қойылды.Мекеме басшылары алдағы уақытта Түркістан қаласына іссапармен келуге ниетті екенін айтты.Одан бөлек, «Түркі мемлекеттер Одағы» бас хатшысының орынбасары Мерей Мукажанның қабылдауында болды.Бүгінде әлемдік деңгейдегі өндіріс орындарын аралап, 2 үлкен тұрмыстық-санитарлық өнімдерді шығаратын зауытпен және кілем фабрикасымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар келесі жылдың наурыз айына Қазақ-Түрік инвестициялық бизнес форумын ұйымдастыру жоспары талқыланды.Делегация Гебзе қаласында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруда алдыңғы орындағы зауыттардың жұмысымен танысып, қоймаларында болды. Олардың қатарында жұмысын толық жасанды интеллект арқылы жүйелендірген зауыт жүйесін көрді. Түркияның ең көп қолданыстағы танымал платформасымен танысты.Кездесулердің нәтижесінде нақты келісімдерге қол жеткізілген жобалар келер жылдан бастап іске асырыла бастайды. Ал бұл сапар Түркістан мен Түркия арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің дамуына серпін беретін бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыруға негіз болмақ.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/894064
Жаңа баспана кілттері табысталды 02.12.2024
Үржар ауданы Егінсу ауылында «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» жобасы аясында көп балалы екі отбасы пәтерге ие болды.«Бүгін отбасымыз үшін ерекше күн. Жаңа баспана өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Бізді қолдағандардың барлығына алғысым шексіз. Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес», – дейді Назерке Байдүйсенова көпбалалы ана.Жаңа пәтердің берілуі ауданның әлеуметтік жағдайын және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/894074
Су ресурстары және ирригация министрлігі Шу өзенінің төменгі ағысында су көлемін ұлғайтуға ниетті: министр Нұржан Нұржігітов Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындарымен кездесті 02.12.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы мен Түркістан облысының Созақ ауданының тұрғындарымен кездесті. Министр екі өңірдің халқымен Шу өзенінің суын бөлу мәселесін талқылады, ұсыныстарын тыңдап, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданындағы Фурманов су торабынан Созақ ауданына су жіберетін ұзындығы 120 шақырым айналма каналды қарап, нысанды реконструкциялау үшін құжаттарын дайындауды тапсырды.Шу-Талас бассейндік инспекциясының өкілдері Шу өзеніндегі Тасөткел су қоймасынан су жіберіле бастағанын мәлімдеді. Бұл су Созақ ауданына ақпан айында толық көлемде жетеді деп күтілуде. Министр келесі жылы осы жұмыстардың нәтижесімен танысу үшін келетінін айтты.«Мен осыған дейін де Тасөткел су қоймасында болғанмын. Оны реконструкциялау іс жүзінде аяқталды, шынымен де үлкен жұмыс жасалды. Екі-үш жыл ішінде біз оған 620 млн текше метр су жинаймыз. Осылайша, Шу өзенінің төменгі ағысындағы су көлемі артады. Бұл су Жамбыл облысына да, Созақ ауданына да жетеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/894072
Қызылорда облысындағы жұмыстардың қорытындысы 02.12.2024
2024 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Қызылорда облысының тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде аймақтың экологиялық жағдайы және қоршаған ортаны жақсарту бойынша министрлік қабылдап жатқан шаралар талқыланды.Қызылорда облысының экологиялық жағдайы жалпы алғанда салыстырмалы түрде қолайлы.2024 жылдың 9 айында облыста 227 мың тонна өндірістік қалдықтар пайда болды, оның 30 пайызы (68,4 мың тоннасы) қайта өңделіп, кәдеге жаратылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) орналастыруға арналған 145 нысанның тек 7-еуі (4,8 %) экологиялық стандарттарға сәйкес келеді. Сонымен қатар, 120 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылып, «Геопортал» жүйесіне енгізілді.Аймақта экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде Қызылорда қаласындағы ағын суларды биологиялық тазарту станциясын жаңғырту жобасы бар. Қазіргі уақытта станция тәулігіне 35–38 мың м³ ағын суды қабылдайды, алайда биологиялық тазарту қондырғыларының тозуына байланысты бұл процесс жүзеге аспай отыр. Құны 2,7 млрд теңгені құрайтын жоба республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуда.Бұрынғы ЖЭО-6 күл үйінділерін қалпына келтіру 42 га аумақта жүргізілуде, онда 1 миллион тоннадан астам көмір күлі жиналған. «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-мен бірлесіп, бұл қалдықтарды цемент өндіруде пайдалану қолға алынған, қазіргі таңда 23 845 тонна күл өңделген.Көгалдандыру жұмыстары аясында 145 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылып, 47,5 мың га аумақ тазартылды. Арал өңірін қалпына келтіру аясында 2024 жылы 275 мың га жерде орман мелиорациясы жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, заңсыз ағаш кесудің 6 жағдайы анықталып, құқық қорғау органдарына материалдар жіберілді.«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ызылорда облысы бойынша 630 мыңнан астам адам сенбіліктерге қатысып, шаралар барысында 24 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, бұл аймақтың санитарлық жағдайын айтарлықтай жақсартты.Министрлік өңірдің экологиялық мәселелерін кешенді шешуге бағытталған жол картасын іске асыруды жалғастыруда. Жол картасы аясындағы 52 іс-шараның 17-сі орындалды, қалғаны жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.Сондай-ақ, кездесу барысында азаматтарды жеке қабылдау және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/894066
Қозыбаев университеті қытайлық серіктестермен ғылыми байланыстарды нығайтуда 02.12.2024
Қозыбаев университеті қытайлық серіктестермен ғылыми байланыстарды нығайтудаӘкім Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Қытайға ресми сапары аясында Шэньси провинциясында болды. Сиань қаласында өңірлер арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған негізгі кездесулер өтті. Облыстық делегация құрамында Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ербол Исақаев және Агротехнологиялық факультетінің деканы Алтын Шаяхметова бар.Сапар барысында аймақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын, Қозыбаев университетінің ғылыми және білім беру жобаларын дамытатын бірқатар келісімдерге қол қойылды. Бұл уағдаластықтар бірлескен зерттеулерді іске асыруға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығына, озық технологияларды енгізуге және Солтүстік Қазақстанның аграрлық секторына инвестициялар тартуға бағытталған.7 жылдан астам уақыт бойы ЖОО Қытайдың жетекші ғылыми және білім беру орталығы – Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен (СБАШОШУ) стратегиялық серіктестікті жүзеге асырып келеді. Ол инновациялық технологиялар мен су ресурстарын басқару саласындағы озық әзірлемелерді жүргізеді. Жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық қазірдің өзінде едәуір нәтижелерге қол жеткізді: магистратураның қос дипломды бағдарламалары ашылды, студенттермен академиялық алмасу белсенді жүзеге асырылады, дақылдарды сорттық сынау бойынша екіжақты зерттеулер жүргізіледі, СҚО-да су ресурстары орталығы мен Агрокомпетенциялар орталығы ашылды.Енді Шэньси провинциясындағы СБАШОШУ базасында Қытай-Қазақстан мал шаруашылығы бойынша бірлескен зертхана іске қосылды.Өсімдіктер селекциясы, жануарлар генетикасы және су ресурстары саласындағы бірлескен жобалар Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізу үшін бірегей мүмкіндіктер ашады. Бұл әзірлемелер мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға және суды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл әсіресе аймақ үшін маңызды.Қытайға сапары барысында қол қойылған тағы бір маңызды құжат: Қозыбаев университеті мен Xi'an Hytech Agrochemicals Co компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы шарт. Оның аясында оқытушылар мен магистранттардың ғылыми тағылымдамадан және қазақстандық студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуі үшін заманауи база ашылды.Басқарма Төрағасы – Ректор Ербол Исақаев өндіріс орындары мен Xi'an Hytech Agrochemicals Co зертханасын аралап, компанияның озық технологияларымен танысты. Ол өсімдіктерді қорғаудың инновациялық құралдарын, соның ішінде олардың иммунитетін арттыру үшін тиімді бактериялық препараттарды әзірлеуге маманданған. 70-тен астам ұлттық патент пен 40 салалық марапатқа ие.Бұл келісім Қозыбаев университетінің Агротехнологиялық факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін тағылымдамадан өтуге, бірлескен зерттеулерге қатысуға және өсімдіктерді биоқорғау саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндіктер ашады. Серіктестік өңірдің аграрлық секторын дамытуға және жоғары білікті мамандар даярлауға елеулі үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/893908
Ұлттық қорғаныс университетінің делегациясы "Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС өндірістік алаңдарында болды 02.12.2024
Отандық қорғаныс кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жандандыру шеңберінде "Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС қабырғасында Ұлттық қорғаныс университеті әскери қызметшілерінің қорғаныс кәсіпорны басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.Естеріңізге сала кетейік, жақында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовты қабылдаған Президент - ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосы басшысының алдына елдің қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды жандандыру жөнінде нақты міндеттер қойған болатын. Қорғаныс министрі бұл жұмыста Ұлттық қорғаныс университетінің бағыттарын, орны мен рөлін егжей-тегжейлі анықтады.ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері "Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС басшылығымен жұмыс кездесуін өткізіп, өндіріс циклімен және кәсіпорынның даму перспективаларымен танысты. Кездесуге университет бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков, институттар мен басқармалардың бастықтары, әскери ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкерлері, Kazakhstan Paramount Engineering" ЖШС бас директоры Ербол Сәлімов, департамент директорлары және жетекші менеджерлер қатысты.Тараптар ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық зерттеулердің бағыттарын талқылады. Тараптардың келісімін және бірлескен күш-жігердің жол картасын нақтылау туралы шешім қабылданды. Басқа қорғаныс кәсіпорындарымен де осындай жұмыс жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/893869
Мүгедектікті белгілеу бойынша 86 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды 02.12.2024
2024 жылдын басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 86 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.2023 жылы 76,4 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 30,4%-ын құрайды.Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.Сырттай куәландыруға көшу:- әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;- МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;- мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;- көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/893793
Ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-метематикалық бағыт бойынша Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды 02.12.2024
Ауыл мектептерінің оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша өткен II Республикалық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қорытынды кезеңге 486 оқушы қатысып, оның ішінде 221 оқушы жеңімпаз атанды. Бұл балалар – еліміздің ең шалғай аймақтарынан келген дарынды жастар.Марапаттау рәсіміне Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашұлы Бекболатов қатысты.«Оқу-ағарту министрлігі ауыл мектептерінің талантты және білімге құштар оқушыларын анықтау мақсатында республикалық олимпиада екінші жыл қатарынан өткізуде. Егер былтыр олимпиаданың бірінші кезеңіне 78 мың оқушы қатысса, биыл олардың саны 113 мыңнан асты. Бұл ауыл оқушыларының зияткерлік жарыстарға деген қызығушылығының артып, республикалық олимпиаданың мәртебесінің жоғары екенін көрсетеді. Баршаңызды жетістіктеріңізбен құттықтаймын және білім жолында жаңа табыстар тілеймін!» – деді комитет төрағасы.«Олимпиаданың ең жас қатысушысы» номинациясы бойынша дипломдармен Павлодар облысынан Имран Құсайынов және Қызылорда облысынан Төре Балтабаев марапатталды.«Мен 6-сыныпта оқимын, бірақ олимпиадаға 9-сынып бағдарламасы бойынша қатысамын. Біздің елде білім алып, ғылыммен айналысуға көптеген мүмкіндіктер бар екенін мақтан тұтамын. Мемлекетіміз талантты балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі. Біз үшін олимпиадалар, байқаулар ұйымдастырылады, ал үздіктер халықаралық жарыстарға жіберіледі. Мен де олимпиадалық резервтің бір бөлігі болуды, білімімді жетілдіріп, бір күні елім үшін алтын медаль ұтып алуды армандаймын!» – деп бөлісті Төре Балтабаев.Олимпиадада барлығы 221 медаль сарапқа салынды: 117 қола, 62 күміс және 42 алтын медаль.Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада 13 пән бойынша жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда үш кезеңде өтеді. Мектеп кезеңіне 99 264 оқушы қатысып, олардың 53 593-і аудандық кезеңге өтті. Облыстық кезеңде 12 000 оқушы бақ сынады, ал финалға 1000-ға жуық оқушы шықты. Соның ішінде 486 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиадаға қатысты, ал 450 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша олимпиадаға қатысады. Бұл олимпиада 10-14 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтеді.«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломдар Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарының құрама командаларына табысталды.Жеңімпаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 8 ректорлық гранты табысталды: 6 грант – SDU-дан, 2 грант – Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи университетінен. Сондай-ақ, математика, физика және информатика пәндері бойынша I дәрежелі диплом иегерлері – 9-10 сынып оқушыларына Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде 2025-2026 оқу жылында білім алуға грант берілді.Айта кетейік, олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан барлық оқушылар «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады. Сонымен қатар, I дәрежелі диплом иегерлері 2025 жылғы наурыз айында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың соңғы кезеңіне қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/893917
Басым ынтымақтастық бағыттар талқыланды 02.12.2024
2024 жылғы 1 желтоқсанда Пусан қаласында (Оңтүстік Корея) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиевтің Оңтүстік Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігінің климаттың өзгеруі және көміртегі бейтараптығы саясаты жөніндегі министрдің орынбасары А. Си-Чангпен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар басым ынтымақтастық бағыттары, оның ішінде пластиктің барлық өмірлік циклін бақылауды талқылады.P.S. Бүгін Пусан қаласында пластикпен ластануды азайту жөніндегі халықаралық келісім туралы үкіметаралық комиссияның соңғы 5-ші раундтық келіссөздерінің соңғы күні.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/893863
Вице — премьер Тамара Дүйсенова СҚО-ға жұмыс бабымен келді 02.12.2024
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өзекті мәселелерді шешуге бағытталған кездесулер өткізді.Петропавлдағы «Балдәурен» балабақшасында Тамара Дүйсенова мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен кездесті. Жиында мектепке дейінгі білім беру саласының дамуы, оның ішінде балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру мәселесі талқыланды. Бұл жүйеге келесі жылдың мамыр айында Петропавлдың балабақшалары да қосылады.Вице-премьер жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде цехтарды аралап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен жиын өткізді. Президент 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Солтүстік Қазақстан облысында қазір 24 колледж жұмыс істейді, онда 11 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде 13 колледж жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлайды. Осы оқу жылында 3,6 мың адамға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. Тамара Дүйсенова М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп — лицейінде оқу кабинеттерінің жұмысымен танысып, «Мақсатты мектептер» жобасының жүзеге асуы бойынша мектеп директорларымен жиналыс өткізді. Бұл республикалық жобаға облыстың 20 мектебі қатысады, оның 13-і ауылдарда. Жоба аясында әдістемелік сүйемелдеу, педагогтердің біліктілігін арттыру және оқу процесін жетілдіру жоспарланған. Вице-премьер Петропавлдағы жаңа үстел теннисі орталығында спорттық ұйымдардың басшыларымен кездесті. Жиында саланы басқару және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қаржыландыру жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/893799
Ғылым қоры Берлинде өткен CLIENT II қорытынды конференциясында коммерцияландыру механизмдерін талқылады 02.12.2024
Ғылым қоры Берлинде өткен CLIENT II қорытынды конференциясында коммерцияландыру механизмдерін талқыладыБерлинде Тұрақты инновациялар үшін халықаралық серіктестік – CLIENT II бағдарламасының қорытынды конференциясы өтті. Шараны Германияның Федералды білім және зерттеулер министрлігі ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан, Вьетнам, Индонезия, Чили және басқа да қатысушы елдерден серіктестер шақырылған.Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Акатов «Халықаралық серіктестер CLIENT бағдарламасының ынтымақтастығы мен ықпалын қалай бағалайды?» тақырыбындағы пленарлық сессияда сөз сөйледі. Сессия аясында қолданбалы зерттеулерді коммерцияландыру тетіктері, инновациялық шешімдер әзірлеуге бизнесті тарту және технологияларды ауқымдандыру мүмкіндіктері талқыланды. CLIENT II бағдарламасы қатысушыларға ғылыми әзірлемелерді халықаралық нарыққа енгізу алаңын ұсынып, тұрақты дамуға ықпал етеді.Қазақстан CLIENT II бағдарламасының сегіз тақырыптық жобасына қатысуда. Бұл жобалар шегірткелерді экологиялық қауіпсіз басқару технологияларын енгізу, радиоактивті ластанған жерлерді қалпына келтіру, ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру, жергілікті дақылдарға негізделген тоқыма өнеркәсібін дамыту және қалалардағы су ресурстарын басқару сияқты салаларды қамтиды. Назарбаев Университетінің өкілдері маңызды жобалардың бірі Locust-Tec – шегірткелерді экологиялық қауіпсіз басқаруға арналған инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған жобаны таныстырды.Бағдарламаны қаржыландыру мәселелеріне арналған баяндамаларды Германияның өкілдері ұсынды, олар: Райнер Мюснер (Германия Федералды білім және зерттеулер министрлігі), Питер Либелт (CASIB), Роланд Кейл (DLR Projektträger) және Даниэль Стапель (Jülich).Ғылым қоры ғылыми жобаларды коммерцияландырудың негізгі институты ретінде қазақстандық ғалымдарды халықаралық жобаларға тарту бағытында белсенді жұмысын жалғастыруда. Қор жаңа ғылыми-инновациялық серіктестіктер құрып, технологияларды коммерцияландыру мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/893844
«Алдағы 2-3 жылда Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасын толтыруды жоспарлап отырмыз»,– Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өңірге жұмыс сапарымен барды 02.12.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Министр бірнеше ірі жобаны іске асыру барысымен танысты.Қайнар ауылында Қордай ауданының 3800 гектар егіс алқабын сумен қамтамасыз ететін сорғы станциясының құрылысын көрді. Жобаны келесі жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Министр нысанды суару кезеңінде пайдалану үшін мерзімінен кешіктірмей қолданысқа беруді тапсырды.Одан әрі министр «Көкқайнар-Ақсу» автомобиль жолындағы көпірді су басуының алдын алу үшін Шу өзені жағалауының 1,8 шақырымын нығайту жоспарымен танысты. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен елді мекендерді су тасқынынан қорғау іс-шараларын талқылады.Тасөткел су қоймасында министр нысанды реконструкциялау нәтижелерімен танысты. Бүгінгі таңда жер және бетон жұмыстары, ұңғымаларды тазарту, каналдарды жөндеу, дабыл және бейнебақылау жүйелерін орнату, кірме жолды жөндеу толығымен аяқталды. Тек нысанды сынақтан өткізу жұмыстары ғана қалды.«Соңғы үш жылда Тасөткел су қоймасында үлкен жұмыс атқарылды. Бұл бізге алдағы 2-3 жылда 620 млн текше метр су жинауға мүмкіндік береді. Келесі жылы біз су қоймасына 500 млн текше метр су жинауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасарымен және аудан әкімдерімен су тасқынына қарсы іс-қимыл шараларын талқыладық. Министрлік жергілікті атқарушы органдарға қажетті ұсыныстар береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Одан әрі министр Шу ауданының ирригация және дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының барысымен танысты. Бүгінгі таңда 80% жұмыс орындалды.Нұржан Нұржігітов жергілікті тұрғындардың жобаға қатысты пікірі мен ұсыныстарын тыңдады. Министр мердігер ұйым өкілдеріне барлық кемшіліктерді жоюды және келесі жылы жұмысты аяқтауды тапсырды. Министрлік өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/893766
ҚР Көлік министрлігі: Қазақстан мен Қытай шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматта алмасуды бастады 02.12.2024
Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкісін алмасу бұдан былай электронды форматта жүзеге асады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті хабарлады.Шетелдік рұқсат бланкісі (ШРБ) - тасымалдаушыларға жүкпен шетелге шығуға мүмкіндік беретін арнайы құжат.Биылғы жылдың 26 қарашасынан 27 қарашасына қараған түні сынақ режимінде алғашқы жүк көлік құралдары өткізілді. Сәтті тестілеуден кейін электронды жүйе ресми түрде енгізілді.Осы жылдың басынан бері Қытай тарапымен 190 000 бірлік көлемінде жүктерді тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізілді. Бұл — рекордтық көрсеткіш. Екі елдің жауапты ведомстволары қосымша 40 мың бірлік көлеміндегі шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу бойынша келіссөздер жүргізді. Оның 30 мыңы электронды форматтағы жаңа жүйені қолдану арқылы жүзеге асса, ал қалған қосымша 10 мың дана қағаз жүзінде болды. Шетелдік рұқсат бланкісін алмасу 29 қарашада жүзеге асты.Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі жылда ҚХР-мен шетелдік рұқсат құжаттарымен алмасу 50 мыңнан 230 мыңға дейін өсті.Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31% - дан (2021) 52% - ға (2023) дейін өсті. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасуды жүзеге асырады. Биылғы көрсеткіш — 364 705 дана шетелдік рұқсат бланкісі. Бұл да рекордтық көрсеткіш.Электронды форматтағы бланкілерді енгізудің негізі Мемлекет басшысының 2023 жылғы мамыр айында Сиань қаласына жұмыс сапары аясында қол қойылған құжаттан бастау алады. Ал электронды форматқа көшудің нақты уақыты биылғы қыркүйекте орын алған Премьер-министрдің Шанхайға іс-сапары аясында қытайлық әріптесімен кездесу барысында бекітілді.Электронды бланкілерді енгізу жүк тасымалдау процесін барынша жеңілдетіп, адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/893771
Қарағанды Назарбаев зияткерлік мектебі ашық есік күніне шақырады 02.12.2024
Ниет білдірушілер Қарағанды НЗМ сабақтарына қатысып, оқытушылармен сөйлесе алады. Ашық есік күніне алтыншы сынып оқушылары мен олардың ата-аналары шақырылады. Шара 7 желтоқсанда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Кеншілер даңғылы, 62 мекен-жайы бойынша өтеді.Қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырылады. Олар химия-биологиялық бағыттағы білім алудың ерекшеліктері туралы айтып, барлық сұрақтарға жауап береді.Анықтама телефоны: (8-7212) 50-78-55.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893761