Enbekshi QazaQ

Қуқық

ТҮРКІСТАНДА «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ 29.11.2024
Түркістан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің шыға бастағанына биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аллеясы ашылды. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері мен газет редакциясының ұжымы қатысып, 100 жылдық мерейтойға орай 100 түп көшет отырғызды.– Газет те адам сияқты. Алғашқы тәй-тәй басқан қадамына ел қуанады. Аяғына тік тұрған уақытта жан-жағына байыппен қарап, елдік мұрат жолында қызмет ете бастайды. Сол сияқты «Оңтүстік Қазақстан» газеті де қаншама жылдар бойы ауыр да қиын күндерді басынан өткерді. Газет шығаруға қаржы табылмай қалған кездердің өзінде оқырманынан ажыраған жоқ. Енді 100-ге келген шағында ұлттың рухани шежіресіне айналды десек артық айтқандығымыз емес. Бүгін «Оңтүстік Қазақстан» газеті аллеясның ашылғанына куә болып отырмыз. Бүгінгі егілген көшеттер жайқалып өсіп, елге сая болатын үлкен саябаққа айналсын деген тілектер айтылып жатыр. Жүзге келген абыз басылым үшін осыдан артық тілектің қажеті де жоқ, – дейді газеттің директор-бас редакторы Абай Балажан.Аллеяның ашылуына еліміздің әр түкпірінен келген облыстық газеттің редакторлары атсалысты. Атап айтсақ, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстық газеттердің редакторлары түркістандық әріптестерімен бірігіп көшет отырғызды.Айта кетейік, мазмұнды іс-шаралар легі ертең «Фараб» ғылыми әмбебап кітапханасында жалғасады. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 100 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиын өтеді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893537
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕЛАРУСИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮРЕГІНДЕ АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРҒА ОТА ЖАСАП ЖАТЫР 29.11.2024
Беларусиядан келген білікті дәрігерлер Түркістан облыстық балалар ауруханасы базасында жүрегінде ақауы бар балаларға күрделі оталар жасап жатыр.25 қараша күні басталған шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабағы 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгінге дейін беларустық дәрігерлердің қатысуымен үш балаға тың әдіспен операция жасалды.Тәжірибе алмасу жұмыстары Беларусияның Минск қаласындағы Республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығының дәрігерлері, соның ішінде Еуропалық кардиоторакалдық хиругтар қоғамының мүшесі Ю.В.Линник, дәрігер анестезиолог-реаниматологтар О.А.Кожемякинаның және А.А.Цильконың және облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерімен бірігіп жүргізілуде.Күрделі оталардан бөлек облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде білікті мамандар жүрегі ауыратын балаларға кеңес беріп, диагностикалық тексерулер жүргізді.Айта кетейік, шеберлік сабақтары «Жұлдызай және К» қоғамдық қорымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық шеңбері аясында жүзеге асуда. Мұндағы басты мақсат – өңірдің дәрігерлеріне инновациялық технологияларды игеруде шетелден келген білікті маман арқылы ғылыми-тәжірибелік көмек көрсету.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893540
ТҮРКІСТАНДА «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ҒАСЫРЛЫҚ ТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ 29.11.2024
Биыл Түркістан облысының бас газеті «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің шыға бастағанына 100 жыл толып отыр. Бүгін облыс орталығында қарашаңырақ басылымның ғасырлық тойы аталып өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын газет басшысы Абай Балажанға табыстады. Сонымен қатар бірқатар журналистер Президенттің алғыс хатымен марапатталды.Ауқымды шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Парламентінің Сенат депутаты Алишер Сатыбалдиев және ҚР Парламентінің Мәжіліс депуттаты Ұласбек Сәдібеков, басылымның тарихында қолтаңбасы қалған ардагер қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен қаламы қарымды журналистер қатысты.– Сіздерді бүгінгі мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! «Оңтүстік Қазақстан» газеті – өзіндік тарихы бар, бағыт-бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылымдардың бірі. Қазақ журналистикасындағы жүйріктер мен ақиық ақындар, көрнекті жазушылар, қоғам қайраткерлері осында қызмет етіп, түлеп ұшты. «Газет– халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, облыс айнасына айналған газетіміз қоғамға қызмет ету міндетін абыроймен орындап келеді. Жаңа дәуірі басталған, Жаңарған Түркістанның жаңашыл бағытын жұртшылыққа жеткізіп жүрген қарашаңырақ басылымға деген құрметіміз жоғары. Оқырмандарыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, әр күндеріңіз шуақты болсын! – деген облыс әкімі шығармашылық ұжымның бірнеше өкілін марапаттады. Сондай-ақ газет ұжымына жеңіл автокөлік табыстады.Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев басылымның журналистерін ҚР«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет граматосымен және алғыс хатымен марапаттады. Арнайы қатысқан құрметті қонақтар ізгі лебізін білдірді.Мерейлі күнге орай бірнеше іс-шара жоспарланған. Күні кеше облыс орталығындағы «Жібек жолы» саябағында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің аллеясы ашылды. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері мен газет редакциясының ұжымы қатысып, 100 жылдық мерейтойға орай 100 түп көшет отырғызды. Ал бүгін «Оңтүстік Қазақстан» – тарих толқынында» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Онда журналистиканы дамыту жолдары, тың идеялар айтылды. Сонымен қатар газеттің тарихынан сыр шертетін фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды. Әрі қарай салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты. Онда облыстың өнерпаздары жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.Басылым жолы Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов сияқты қайраткерлер негізін қалаған «Ақжол» газетінен бастау алады. Бұл газетте қазақ руханияты мен журналистикасына еңбек сіңірген қаламгерлер мен журналистердің, ел жанашырларының қаламының ізі қалған. Оңтүстік журналистерінің қасиетті қарашаңырағы қазіргі таңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сара саясатын елге кеңінен түсіндіріп, Түркістан өңірінің дамуына үлес қосуда. Газет ұжымы тек журналистикамен шектелмей, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бастамашы болып жүр. Оған дәлел ретінде қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің дәстүрлі турнирін, жас жыршылар байқауын айтуға болады.Айта кетейік, бір ғасырда «Оңтүстік Қазақстан» газетіне 30-дан астам білікті журналистер редакторлық етті. Солардың арасында редактор Әсет Тілеукеев, Әмірсейіт Әлиев, Кәрім Үкібаев, Анар Бәкірова сынды қайраткер тұлғалар газет тарихында қалды.Бүгінде 21 мың 650-ші саны жарық көріп отырған басылым Оңтүстік аймақ қана емес, еліміздегі тарихи газеттердің бірі болып саналады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893552
СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ 5 ЖАҢА ТЕХНИКАМЕН ТОЛЫҚТЫ 29.11.2024
Созақ ауданында облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбеков туған жеріне қамқорлығын білдіріп, ауданға 5 дана жаңа Беларус 801 маркалы тракторын тарту етті. Бұл техникалар арнайы қоқыс тасымалдауға арналған жетек, көше сыпыру және қар тазалауға қажетті жабдықтармен толықтырылған.Жаңа техникаларды аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қарсы алып, қуанышты сәтпен бөлісті.– Бүгін біз ерекше сәттің куәсі болып отырмыз. Өйткені, ауданымызға қосылған жаңа техникалар – бұл тек материалдық көмек емес, ауылдың тазалығын қамтамасыз ету үшін өте маңызды бастама және ауданымыздың көркеюіне қосылған зор үлес екені анық – деген аудан басшысы жыл соңына дейін аудандағы техникалар мен коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттыруға бағытталған жоспарларымен бөлісіп, тың бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.Шара аясында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов пен еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков жылы лебізін білдірді.Облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбеков өз сөзінде: «Бұл бастама – тек аудан үшін ғана емес, бүкіл еліміздегі экологиялық тазалықты жақсартуға бағытталған үлкен жобаның бір бөлігі. Бұған дейін ауданда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы аясында сенбілік жұмыстарына атсалысып, тал егу жұмыстарын жүргіздік. Сол сәтте ауданымыздағы техникалық құралдардың жетіспеушілігі байқалды. Осы мәселені шешу үшін тазалыққа қажетті техникалар жеткізуді көздеп, бүгінгі күнге сәті түсті. Бұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табары анық», – деп атап өтті.Ауданның Құрметті азаматы, спорт ардагері Анарбай Шәдібеков те өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, облыстық мәслихат депутаты Мағауия Сексенбайұлының демеушілігімен жүзеге асырылған жұмыстарды жоғары бағалады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893556
ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 120 ОРЫНДЫҚ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ЛЕНТАСЫ ҚИЫЛДЫ 29.11.2024
Арыс қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қала орталығынан 120 орындық жаңа бастауыш мектеп ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.Салтанатты шараға қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасы Тәңірберген Әсіл, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Жебелі Достанов, білім саласының ардагерлері, ата-аналар мен қала тұрғындары қатысты.«Арыс қаласының білім беру жүйесінде орын тапшылығы мен апатты мектептер мәселесін толықтай шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі ашылған жаңа мектеп – осы бағыттағы ауқымды істердің нақты нәтижесі. Оның қала орталығында орналасуы, орталықтағы өзге мектептерге жүктемені азайтуға ықпал етіп, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды,» – деді шаһар басшысы.Заманауи талаптарға сай салынған бұл мектепте оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда жарық және кең оқу кабинеттері, арнайы жабдықталған зертханалар, кітапхана, спорт және мәжіліс залдары бар. Сондай-ақ, мектептің қауіпсіздік жүйесі толықтай бейнебақылаумен қамтылған.Мектептің құрылысы жергілікті кәсіпкер Дариға Мырзабаеваның қолдауымен жүзеге асырылды.Айта кетейік, Арыс қаласында білім беру инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл сайын жаңа мектептер бой көтеріп, қолданыстағы білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтуде. Соның нәтижесінде, қала мен ауылдарда орын тапшылығы мен апатты мектептер мәселесі толығымен шешілген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893560
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 29.11.2024
Біз өмір сүріп отырған ортамыздың келешегі мен көркеюі – салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақ өсірумен, экологиялық таза қоғамда өмір сүруімізбен тікелей байланысты болғандықтан санитарлық тазалық мәселесі аудан әкімі Серік Мамытовтың назарынан тыс қалған емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік жұмыстары тұрғындар тарапынан да үлкен қолдау тауып, жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгін де қала, кент, барлық елді мекендердің тұрғындары мен мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауданның ерікті жастарының қатысуымен аудандық сенбілік өтті.1500-ге жуық адам қатысқан сенбілік барысында мекемелер мен бөлімдерге арнайы бекітілген учаскелерде бей-берекет жатқан қоқыс орындары тазаланып, ауданның кіреберістері тазаланып, шөптері шабылды, қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды.Мемлекет тарапынан орнатылған түнгі жарықшамдар мен пайдалануға берілген саябақтардың, скверлердің талан-таражға түспеуіне жанашырлық танытып жүрген аудан жанашырларына алғысын білдірген аудан әкімі аудандағы барлық арық-атыздар мен қашыртқылардың тазаланып, көшет егу жұмыстарының кезең-кезеңімен жүргізілетінін жеткізді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893562
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 29.11.2024
Бәйдібек ауданында алдағы 4 жылда инвестициялық құны 25 млрд теңгені құрайын 27 ірі жоба іске асырылмақ. 2025 жылы жалпы құны 7,6 млрд теңгені құрайтын «Корпорация ERNUR» ЖШС-ң 860 мың басқа арналған құс фабрикасы іске қосылатын болады. Онда жылына 200 млн жұмыртқа шығарылып, 45 адамды жұмыспен қамту күтілуде. Сонымен қатар, өңірдегі Боралдай ауылдық округінде «Шаян» индустриалды аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін травертин тасын өңдейтін «Рамирта» ЖШС-і орналасып, 44 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. 2025 жылы тағы да травертин тасын шығаратын екінші кәсіпорынның жер телім құжаттары дайындалып, іске қосу көзделіп отыр. Бұл жайында Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Нұрмаханов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Бәйдібек ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 57,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстарғанда 9,4%-ға жоғары. Сондай-ақ, жыл басынан бері ауданның негізгі капиталына 24 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл қорытындысымен көрсеткішті 29,4 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Ауыл шаруашылық саласында да ауыз толтырып айтарлық жаңалық жетерлік. Бүгінгі күнге дейін аталған саладағы өнім көлемі 31,1 млрд теңгеге жетті» - деді спикер.Бүгінгі таңда ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны 5 520 бірлікті құрап отыр. Сонымен қатар, ел Президентінің «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында ауданда биыл 401 жұмыс орны ашылған. Айта кетейік, аудандағы жалпы халықтың 18 мыңы экономикалық белсенді. Оның ішінде 17 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.Аудандағы инфрақұрылым саласында да бірқатар оң өзгерістер бар. Бүгінгі таңда аудандағы табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткіші 62,1% болса, жыл соңына дейін нәтижені 86%-ға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, аудан тұрғындарының 97,8%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, ауданда 2024 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігінің инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 5 елді мекенде 13 шақырым әуе желілері мен 512 бағана орнатылған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893567
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА БИЫЛ 90 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАЛҒАН 29.11.2024
Мақтаарал ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 107 млрд теңгені құраған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығында - 76,5 млрд теңге, құрылыс саласында - 8 млрд 39 млн теңге, өнеркәсіпте - 10,9 млрд теңге, сауда көлемі - 10,8 млрд теңгені құрады. Бұдан бөлек, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 32,1 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 120,6%-ға орындалған. Бұл жайында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Биыл Мақтааралдық диқандар 60,6 мың гектар жерге егістік ексе, оның 33,7 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Жалпы аудан бойынша 90,4 мың тонна ақ алтын жиналып, орташа өнімділік 26,8 центнерді құрады. Мақтаарал ауданы бойынша 2024-2030 жылдарға жалпы құны 94,1 млрд теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, мақта-тоқыма кластерін дамытуда жалпы құны 70 млрд теңгені құрайтын 8 ірі жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 3 020 адам жұмыспен қамтылады. Тарқата айтсам, «Cotton Мақта» ЖШС тарапынан 2025-2026 жылдар аралығында жылдық қуаттылығы 10 мың тонна болатын жіп иіру фабрикасы салынады. Сонымен қатар, «Global Textile Turkestan» ЖШС тарапынан 13,8 мың тонна жайма өңдеу фабрикасын салу көзделген. «Тulpar textile» ЖШС тарапынан да 2025-2028 жылдары 5 мың тонна жіп иіретін фабрика салынбақ. Сонымен бірге, «Нұрбибі» ЖШС мақта өңдеу зауытын, «Begash» ЖШС тұқым, тамшылатып суғару таспасын өндіру және «Zhybek TextilE» ЖШС жібек өндіру фабрикаларын іске асыруға ниетті»,- деді Бақыт Насырханұлы.Спикердің сөзінше, аудандағы Үлгілі елді мекенінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 600 орындық мектеп жыл соңында пайдалануға беріледі. Ал, Атакент кентіндегі 1500 орындық мектептің құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Сонымен қатар аудандағы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 87 тұрғын үй кезекте тұрған отбасыларға жыл соңында табысталмақ. Бұдан бөлек, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 5 медициналық нысанның құрылыс жұмыстар жүргізіліп жатыр.Айта кетейік, Мақтаарал ауданындағы барлық 68 елді мекен 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, 68 елді мекеннің 45-і табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 66,1%-ын құрайды. Бұдан бөлек, ауданда «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы аясында 10 айда 20,7 шақырымды құрайтын 22 көшенің ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893568
АРЫСТАҒЫ БІЛІМ ОШАҒЫНДА «ТІРЕК МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ 29.11.2024
Арыс қаласы, Сырдария елді мекенінде орналасқан С.Адамбеков атындағы мектеп биыл «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына енген болатын. Осыған сәйкес, аталмыш мектептің биыл 32 кабинеті мен қосымша білім беру бағыттары бойынша студиялар толық жабдықталды.Бүгін мектеп қабырғасында жобаның салтанатты таныстырылымы өтті. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Шәмшидинова, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева мен жобаны жүзеге асырған ардақты азаматтар мен қала ұстаздары қатысты.Бұл жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді трансферттеуге және тірек мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры іске асырды.Аталған жоба аясында С.Адамбеков мектебінің сыныптарда жиһаздар жаңартылды, эргономикалық орындықтар мен парталар қойылды. Сондай-ақ, физика, химия, математика, биология, география, информатика, жаратылыстану кабинеттері нағыз заманауи білім беру сыныптарына айналды. Интерактивті панельдер мен зертханалық жабдықтар қойылды. Бұдан бөлек, STEM зертханасы және робототехника кабинеті тереңдетілген білім алу үшін шағын гидропоника зертханасымен, сынақтарға қажетті 3D принтерлермен, виртуалды шындық кабинеттерімен жабдықталған.Сабақ арасындағы үзілісті оқушылар тиімді өткізу үшін рекреациялық демалыс аймағына оқушыларға арналған ойындары бар арнайы ойындар, шахмат аймағы, ыңғайлы жиһаздармен толыққан. Шараға қатысқан ұстаздар мен ардагерлер жобаны жүзеге асырған азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.Жұмыс сапары барысында Бейсенбай Дәулетұлы Арыс қаласы әкімімен бірге Отырар тұрғын ауданында бой көтеріп жатқан 600 орындық білім ошағына барды. Құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді.Үш қабатты мектеп 4 гектар аумақта бой көтерген. Білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталатын. Онда пәндік кабинеттер, технологиялық дәріс беру бөлмелері, спорт, акт залдар, сыртқы спорт алаңшалар, кең де жайлы асханасымен жабдықталып, сәулет-сымбатымен көз тартатын үлгілі білім ордасына айналмақ. Бүгінде мектепке қажетті жабдықтарды жеткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, жаңа мектеп табиғи газбен жылыту жүйесіне қосылады. Сонымен қатар мектеп аумағын абаттандыру, жасыл желектер отырғызу және демалыс аймақтарын құру шаралары қолға алынған. Аралау барысында құрылысқа жауаптысала басшылары мен мердігерлерге жұмысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды қатаң тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893575
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА КӨРНЕКІ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖАРНАМАЛАРДЫҢ, НЫСАН АТАУЛАРЫНЫҢ ДҰРЫС ЖАЗЫЛУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 29.11.2024
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты сөзін басты бағдарына айналдырған Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» мекемесі халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұрамызды жұртшылық арасында кеңінен насихаттап, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға сүбелі үлес қосып келе жатқан орталықтың тікелей ұйымдастыруымен аудандағы көрнекі ақпарат құралдары және жарнамалардың, нысан атауларының дұрыс жазылуына мониторинг жұмыстары жүргізілді.Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарын орындау мақсатында жүргізілген рейдтік шара барысында топ мүшелері шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы көрнекі ақпарат (жарнама) құралдарын әзірлеу барысында мәтіндерінің сауатты жазылуы мен орналасуы, қате жазылған қала, кент, ауылдық округ көшелеріндегі жарнамалар мен маңдайша жазуларын, ақпараттық хабарламаларды заң талабына сәйкес қалпына келтіру мәселелері бойынша ақпараттар берілді.Негізінен жарнама мәтіндерінің басым көпшілігі орыс тілінде жазылуы, орфографиялық қателіктердің орын алуы секілді кемшіліктердің жиі орын алатынын айтқан мамандар жыл басынан бері анықталған 30 кемшіліктің 22-нің түзетілгенін айтады. 1069 түрлі деңгейдегі маңдайшалары мен жарнама тақтайшалары, лозунгтері мен билбордтары бар ауданда мұндай шаралар жыл соңына дейін жалғасатын болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/893591
Маңғыстау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті 29.11.2024
Бүгін, 28 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен 8 сайланған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Сессия барысында облыстың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту, су ресурстарын пайдалану төлемақы ставкаларын анықтау, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.Жиында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2024 жылға арналған облыс бюджетінің нақтыланған параметрлерін баяндады.- Жыл ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмаларын, Даму және Кешенді жоспарлар аясындағы іс-шараларды, сондай-ақ маңызды әлеуметтік міндеттерді қаржыландыруға бағытталды. Ал қысқартылған қаражат ауыз су беру қызметтері, әлеуметтік маңызы бар жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау, әлеуметтік ұйымдарды күтіп ұстау және жаңа мектепке дейінгі ұйымдарға байланысты шығындарды қамтамасыз етуге жұмсалады, – деді Светлана Нарешова.Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай депутаттарға ел игілігі үшін қабылданған шешімдері мен қолдаулары үшін ризашылығын білдірді.- Ел қалаулыларының маңызды мәселелерде қолдау білдіріп, қабылдаған шешімдері өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Әрбір қабылданған шешім халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс. Сіздердің қолдауларыңыздың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Бірлескен күш-жігерімізбен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыратынымызға сенім білдіремін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/893139
Нұрдәулет Қилыбай NCOC компаниясының басшылығымен кездесті 29.11.2024
Бүгін, 29 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Солтүстік-Каспий жобасының операторы - «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті.Кездесу барысында тараптар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру және жергілікті тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мәселелері талқылады.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын білдіріп, компаниямен бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.- Біздің басты міндетіміз – жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру. Президенттің тапсырмасына сәйкес, өңірде туризм саласын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жаңа міндеттер қойылды. Бүгінде өңіріміздің әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына бірқатар компаниялар мен жеке сектор тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Осыған орай, Маңғыстау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға арналған қаржыландыру лимитін ұлғайтып, 2025 жылға дейінгі 5 жылдық жоспарды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Біз өзара тиімді және нәтижелі ынтымақтастыққа әрқашан дайынбыз және әкімдік тарапынан барлық бастамаларды қолдаймыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Айта кетейік, NCOC компаниясы өңірдегі әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Соңғы үш жылда компанияның қолдауымен бес нысан пайдалануға берілді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/893141
Ақтауда «Аммиак-карбамид кешені» жобасының іске асырылу барысы талқыланды 29.11.2024
29 қарашада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «ҚазАзот» АҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуда «Аммиак-карбамид кешені» жобасының іске асырылу барысы мен алдағы жоспарлары талқыланды.Аталған жоба іске асқанда жылына 660 мың тонна аммиак, 577,5 мың тонна карбамид , 395 мың тонна азот қышқылы және 500 мың тонна көлемінде аммиак селитрасы өндіріледі деп жоспарлануда.Жобаны жүзеге асыру үшін жалпы ауданы 242,15 гектар жер телімі бөлінген. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде 1500 адам жұмыспен қамтылады. Нысанды 2029 жылы толық пайдалануға беру көзделген.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір экономикасының ілгерілеуіне серпін беретін тың жобанының жүзеге асырылуына қажетті барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы бұл жобаның өңір экономикасын дамытуға ғана емес, елдің химия өнеркәсібін ілгерілетуге қосатын зор үлесін атап өтті.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/893511
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды 29.11.2024
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалған Шәріпбеков Бекболат Жүнісәліұлын таныстырды.Бекболат Жүнісәліұлы 1973 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын «Агроөнеркәсіп салаларын басқару және оның экономикасы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» күріш совхозында бастаған. 1998-1999 жылдары «Құмиян» кәсіпорны «Ақниет» бөлімшесінің есепшісі болған. 1999-2010 жылдары «Келінтөбе» ауылдық округі әкімі аппаратында, Жаңақорған ауданы және Түркістан қаласы бойынша салық комитеттерінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2010-2018 жылдары Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы мен тексеру комиссиясының бөлім басшысы-мемлекеттік аудиторы, 2018-2020 жылдары Қызылорда қаласы «Қарауылтөбе» ауылдық округінің әкімі болып еңбек еткен. 2020-2022 жылдары Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, 2022-2024 жылдары Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары болып нәтижелі қызмет көрсетті. 2024 жылдың маусым айынан осы кезге дейін Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған департамент басшысына тілектестік білдірді.«Бекболат Жүнісәліұлы аймақтың әлеуметтік-саяси ахуалымен етене таныс, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтіп, мол тәжірибе жинаған әлеуеті жоғары кадр. Жаңа қызметте облыс бойынша зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды, медициналық-әлеуметтік сараптаманы, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуді, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын болады.Бекболат Жүнісәліұлы алған білімі мен жинаған мол тәжірибесін күрделі де жауапты саланың дамуына жұмсайды деп сенеміз», – деді Н.Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/892628
Қарағандыда маркетплейстің алғашқы жетістіктері мен жоспары туралы айтылды 29.11.2024
Қарағандыда жаңа қазақстандық Тeez маркетплейсі жұмысын бастады. Оның басты артықшылығы - бүкіл тапсырысты бір күнде жеткізу. Тапсырыс беру пункттері еліміздің 24 қаласында ашылды.ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге электрондық сауда алаңының бірыңғай қоймасына барды. Оларға барлық логистика көрсетілді, іске қосу нәтижелері мен өршіл жоспарлар туралы айтылды.– Қазір бізде 40 тапсырыс беру пункті бар, Біз Қазақстанның 24 қаласында өкілдік етеміз. Алдағы уақытта 127 тапсырыс беру пунктін ашып, 30 қаланы қамту жоспарлануда. Клиенттік қосымшамыз да құрылды, қазіргі уақытта оны 170 мың адам жүктеп алды. Жүктеу жылдамдығы бойынша қосымшалар екінші орынға ие болды – күніне 15–20 мың адам. Қазірдің өзінде 540 сатушы тіркеліп, біздің алаңда өз тауарларын сататын 20 мыңға жуық жеке кәсіпкердің карточкаларын жасады. Өнім ассортименті – 50 мың атау, – деді Teez негізін қалаушы Линар Хуснуллин.Қазір компанияда 245 адам жұмыс істейді. Ал болашақта 8 мың жаңа жұмыс орны құрылып, шағын және орта бизнес қолдау алады.Жобаның басында бірыңғай қойма жалпы ауданы 25 мың ш.м. аумаққа төрт ғимаратта орналасқан, ал 2030 жылға қарай 120 мың ш. м. алаңда өз үй-жайларын салу жоспарлануда.Болашақта компания интернет-коммерция көшбасшыларына шығуға ниетті.– Соңғы жылдары біз электрондық сауданың күрт өскенін көріп отырмыз. Тек 10 айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлем 20%-ға өсті. Абсолютті түрде бұл сома 3 трлн теңгеден асады. Мұндай жобалар экономикаға, тұтынушылар үшін тауарлардың қолжетімділігіне оң әсер етеді, – деп атап өтті Арман Шаққалиев.Министр географиялық жағдайды, инфрақұрылымды ескере отырып, Қарағанды облысы қазақстандық тірек сауда-логистикалық орталыққа ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия хабына айналуы мүмкін деп санайды.Арман Шаққалиев өңірге жұмыс сапары аясында бірқатар сауда нысандарын аралады. Осакаров ауданында бизнес өкілдерімен және тұрғындармен кездесті. Мақсаты кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа құралдарын түсіндіру болды.Ауылдық дүкенге және ірі қалалық супермаркетке барған кезде министр отандық тауарлардың сөрелерге орналасуына қызығушылық танытты. Ол жұмыртқа сататын бөлімге де кірді. Сатып алушылардың таңдауы кең екеніне көз жеткізді, оның ішінде өндірушінің бағасы бойынша да тауар бар – С1 санатындағы он дана үшін 470 теңге.Арман Шаққалиев "Қарағанды Нан" корпорациясының жұмысымен де танысты. Компания нан, макарон, жұмыртқа және басқа да өнімдер шығарады. Облыс пен ел нарығын азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, көрші елдерге де экспорттайды. Жұмыртқа Ауғанстанға жеткізіледі.Global Сity СОО-ға барған кезде сауда және интеграция министріне ірі көтерме саудагерлерге арналған тауарларды сақтауға арналған қойма кешені көрсетілді. Кірме жолдар мен кедендік бақылаудың жеке аймағы да бар. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/892710
Балқашта әуежайды қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда 29.11.2024
Балқаш қаласында әуежай қайта жаңартылуда. Қазіргі таңда ішкі демонтаждау жұмыстары жүріп жатыр, сыртқы инженерлік желілер салынуда, сондай-ақ екі қосымша жапсаржайдың құрылысы жүзеге асырылуда.Естеріңізге сала кетейік, жоба екі кезеңнен тұрады. Біріншісі – жермен жүру жолдары мен перронды қайта құру. Екіншісі – аэровокзал ғимаратын күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимаратын салу.Қазірдің өзінде қауіпсіздіктің бүйірлік жолақтары жабдықталған, заманауи жарық-сигналдық жабдық орнатылған. Мұздан тазартатын сұйықтық пен ағынды суларға арналған резервуарлардың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.Аэровокзалды қайта құру және арнайы көлік қызметі ғимаратының құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда.Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту қаланың дамуы мен туризм үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп күтілуде. Жоспар бойынша жолаушылар ағыны үш есеге – жылына 13 мыңнан 40 мың адамға дейін өсуі тиіс.Әуежайды жаппай жаңарту қажеттілігі бұрыннан өзекті: нысан 1967 жылы салынған, соңғы рет әуе айлағы 2007 жылы жөнделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/892999
Бұқар Жырау ауданының бес ауылында жөндеуден өткен клубтар қайта ашылды 29.11.2024
Бұқар Жырау ауданының бес ауылында клубтар қайта жөнделді. Мәдениет ошақтарының ғимараттарын жөндеу қажеттілігі туралы мәселені тұрғындар бірнеше рет көтерген. Жаңартылған ауыл клубтары мерекелік концерт, кездесулер мен жиындардың орны болатын.Ботақара ауылында жөндеуден кейін жергілікті клубта көп нәрсе өзгерді: қабырғалар, терезелер, есіктер, едендер жаңартылды. Қасбеті металл қаптамамен қапталған. Инженерлік коммуникацияларды жаңартқаннан кейін бөлмелер жылы әрі жайлы бола түсті. Жуынатын бөлме жөнделіп, септик орнатылды. Концерттер жаңа сахнада өтеді.Осындай жұмыстар Ақоре және Тасауыл ауылдық клубтарында жүргізілді.– Біздің ауылда адамдар белсенді және шығармашыл. Олар үшін клуб – бірлескен мәдени демалыс орны. Жақында жаңа жылдық мерекелер өткізіп, балалар мен қонақтарды жарқын, жылы жөндеуден өткен ғимаратта қарсы алатынымыз қуантады, – дейді Ақоре ауылының клуб меңгерушісі Әлия Ахмадиева.Ақбел ауылының клубында жұмсақ шатыр боялған пішінді қаңылтырға ауыстырылды. Ал Үміткер ауылының клубында кірпіштен жасалған қасбет жасалды.Аудандағы мәдени-демалыс мекемелерін жөндеу жұмыстары жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893117
Шет ауданында қола дәуіріне тән қорымдар табылды 29.11.2024
Қарағанды облысы Шет ауданы Өспен ауылдық округінде археологиялық қазба жұмыстары аяқталды. Ғалымдар қола дәуірінің Ақбәйбіше қорымына тиесілі бес жерлеу орындарын тапты.Археологтар тапқан жәдігерлердің бәрі қола дәуіріне жататындығын радиокөміртекті талдау растады.Табылған бес қорымның үшеуі ауыл арасындағы жолда, ал екеуі ен далада болды. Барлық жерлеу орындары тоналған, бірақ ғалымдар әлі де қызықты артефактілерді таба алды. Олардың ішінде сол кезеңдегі өте сапалы керамика бөлшектері бар. Бір қызығы, оның құрамындағы саз қазіргі Өспен ауылдық округіне тән, бірақ керамикалық бұйымдарды өндіру технологиясының өзі Орталық Қазақстанның шеберлеріне тиесілі. Бұл әр түрлі аймақтардан келген қолөнершілер тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйренді деген болжам жасайды.Сондай-ақ, археологтар эмбрион позасында бассыз көмілген адамның қаңқасын тапты. Бұл сол дәуірде өмір сүрген адамдардың күрделі рухани-мәдени идеялары мен дәстүрлерін көрсетеді.– Біз барлық олжаларды Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығына тапсырдық. Сол жерден артефактілер Өспен ауылының мұражай қорына бағытталды. Сол жерде оларды көруге мүмкіндік болады, – дейді экспедиция жетекшісі, "EcoProf KZ" ЖШС ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекші археологы Александр Кнутов.Қазір табылған жерлеу орындары қоршалған. Бұл келешекте олжаларды сақтау үшін қажет.Сондай-ақ ғалымдар ХХ ғасырдың басында британдық инженер-конструктор Джон Уилфорд Уорделл салған Сарысу байыту фабрикасының қирандыларын ауадан да егжей-тегжейлі суретке түсірді.– Бұл зауыттың қирандылары мәдениет басқармасына, кейбір жергілікті тұрғындарға, ақпаратты мақсатты түрде зерттеген туристерге белгілі болды. Бірақ нысан танымал болмаған. Біз түсірген суреттер бойынша зауытты қайта құруға, оның архитектурасын іс жүзінде қалпына келтіруге тырысуға болады, – дейді Александр Кнутов.Ғалымдар сонымен қатар Сарысу өзенінің бассейні аймағында археологиялық барлау жүргізді. Нәтижесінде олар қола дәуіріне, ерте темір дәуіріне, орта ғасырларға және қазіргі заманға жататын жаңа нысандарды тапты.Олардың ішінде "мұртты" үлкен тас қорған – тасмола археологиялық мәдениеті. Ол ерте темір дәуіріне жатады және Орталық Қазақстанға тән.Ғалымдар бұл нысандарды зерттеуін жалғастыруды жоспарлап отыр.Фото «EcoProf KZ» ЖШС экспедиция материалдарынан алынғанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893124
Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысы тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді 29.11.2024
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңір тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Көптеген мәселелер әлеуметтік сала мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты болды. Кездесу мемлекеттік құрылымдар мен облыстық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.Қабылдауға "Күнгей" ш/а тұрғыны келді. Ол үйінің жанында бітеліп қалған кәрізге қатысты шағым айтты. "Қарағанды Су" бригадасы кәріз құдығын ашып, оның балшықпен бітелгенін анықтады. Бұл желілер кәсіпорынның балансында болмағандықтан, ешқандай жұмыс жүргізілмеген. Қарағанды басшысы Мейрам Кожухов барлық желілерді тазартып, "Қарағанды Су" иелігіне берілетініне уәде берді. Ермағанбет Бөлекпаев желілерді беруді кешіктірмеуді және мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.Екінші топтағы мүгедек тұрғын үйге қатысты өтініш білдірді. Қарағанды тұрғыны кезекте бірнеше жылдан бері тұр. Жағдайды қала басшысы Мейрам Кожухов түсіндірді. Ол биыл 400-ге жуық пәтер берілетінін атап өтті. Тұрғын үй кезекке сәйкес беріледі.– Түсініңіз, кезекте тұрғандар көп. Біз пәтерлерді барлық санаттарға пропорционалды түрде береміз. Біз ешкімді айналып өте алмаймыз. Биыл немесе келесі жылдың басында қоныс тойын атап өтетініңізге үміттенеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Мұқият қарауды қажет ететін мәселелер одан әрі шешілуі үшін бақылауға алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893163
Балалар кітапханасы қарағандылықтарды Германия мәдениетімен таныстырады 29.11.2024
2–6 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы барлық ниет білдірушілерді Германия мәдениеті апталығына шақырады. Кіру тегін.Бағдарламада:2 желтоқсан сағат 12:00-де – Германия мәдениеті апталығының ашылуы: би флешмобы, интерактивті викторина;3 желтоқсан сағат 16:00-де – Plätzchen Рождестволық тоқаш пен Рождестволық етік жасау бойынша шеберлік сабақтары;4 желтоқсан сағат 15:00-де – "Барбара және Германия: қысқы мерекенің сиқыры" ақпараттық мәдени сағаты;5 желтоқсан сағат 12:00-де – "Германияны білесіз бе?” квиз ойыны;6 желтоқсан сағат 12:00-де – "Рапунцель: шытырман оқиға" мультфильм шоуы (Ағайынды Гриммдердің ертегісі негізінде).Апта бойы кітапханада Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы ұсынған картиналардың кітап көрмесі мен экспозициясы өтеді.Кітапхана мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 30.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/893149