Қуқық
Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионы атанды 12.12.2024
Маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов Азия чемпионатында топ жарды.Таиландта өтіп жатқан құрлық біріншілігінде жерлесіміз 86 келіде үздік атанып отыр. Ол жарысты жартылай финалдан бастап финалға шыққан болатын.Шешуші айқаста жаңаөзендік саңлақ өзбекстандық Жасурбек Юлдошевтен басым түсіп, өзінің спорттың мансабындағы айтулы табысына қол жеткізді.Әзірге еліміздің ерлер құрамасының қоржынында 2 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль бар. Тағы екі отандасымыз финалда күш сынасады.Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем біріншілігінде 81 келіде топ жарған еді. Ол Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/901470
Азаматтардың қауіпсіздігі - басты назарда 12.12.2024
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың төрағалығымен жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.Жаңа жылдық мерекелерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша облыстық ТЖД бастығының орынбасары Алексей Штыкель баяндады. Сонымен қатар, Абай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Пиротехника» алдын-алу шарасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Комиссия отырысына білім, денсаулық сақтау сынды басқармалардың өкілдері қатысты.Жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізу мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» республикалық алдын-алу іс-шарасы жоспарының тармақтарын шұғыл орындау бойынша тапсырмалар берілді. Қалалар мен аудандардың әкімдері мен әлеуметтік нысандар басшыларына жаңа жылдық мереке кезінде күшейтілген кезекшілікті ұйымдастыруға нұсқау берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901208
Ерсін Ескендіров Ақсуат ауданының әкімі болып тағайындалды 12.12.2024
Ескендіров Ерсін Қадырбекұлы 1985 жылдың 28 желтоқсанында Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Семей құқық және бизнес колледжін «заңгер», 2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», 2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2005 жылы Тарбағатай аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аға инспекторы қызметінен бастады. Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының кадр жөніндегі бас маманы, ШҚО ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің заңгері, бас маманы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеген.Әр жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары, Абай облысының Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы, Ақсуат ауданы әкімінің міндетін атқарушы сияқты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901327
Облыс әкімі Ақсуат ауданының жаңа әкімін таныстырды 12.12.2024
Шара барысында ауданның тұрақты дамуы мен тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қызметтің негізгі бағыттары айқындалып, міндеттер белгіленді.Бірінші кезектегі міндеттерге ауданның инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, медициналық және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901468
Аймақ басшысы Ақсуат ауданының ақсақалдарымен кездесті 12.12.2024
Аймақ басшысы Ақсуат ауданына жұмыс сапары аясында ақсақалдармен кездесу өткізіп, өңірді дамыту мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қатысты мәселелерді талқылады. Аймақ басшысы бастамалар мен ұсыныстарға ризашылығын білдіріп, аудан игілігіне бағытталған шешімдерді қабылдауда қариялардың пікірі маңызды негіз екенін баса айтты.Қариялар өңірдің өркендеуіне, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға үлес қосу мақсатында өздерінің тәжірибелері мен білімдерін ортаға салуға дайын екендіктерін жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/901605
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды 12.12.2024
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарасты Базартөбе ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.Бір қабатты амбулатория ғимараты медициналық қызмет көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ғимаратта қабылдау бөлмесі, вакцинация кабинеттері, акушер, физиотерапия, ЕДШ, туберкулезге қарсы кабинет, оқшаулау палатасы, сондай-ақ дәріхана орналасқан.Ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Өз сөзінде ол ауыл тұрғындарын жаңа медициналық нысанның ашылуымен құттықтап, дәрігерлік амбулатория ұжымына табыс тіледі."Бұл амбулаторияны ашу - Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам. Біз әрбір азаматтың заманауи медициналық көмекке қол жеткізуі үшін ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды одан әрі жалғастырамыз. “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” бағдарламасы аясында Ақжайық ауданында салынған сегіз нысанның алғашқысы және мұндай нәтиже көңіл қуантады", - деді Нариман Төреғалиев.Базартөбе ауылының тұрғындары маңызды жаңа медициналық ошақтың салынып, ел игілігіне берілгеніне ризашылықтарын білдірді."Біз өте қуаныштымыз, өйткені қазір алғашқы медициналық көмекті ауылдан шықпай-ақ, жаңа жабдықтары бар жаңа ғимаратта алуға болады. Бұл уақыт пен шығындарды үнемдейді. Құрылысты салуға көмектескен барша жандарға алғысымызды білдіреміз", - деді Базартөбе ауылының тұрғыны Хамит Жаналиев.Жаңа амбулатория Базартөбе ауылының тұрғындарына уақытылы әрі қолайлы жағдайда медициналық көмек алуға мүмкіндік бере отырып, өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды нысанға айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/901415
ТЖМ мұздағы жүріс-тұрыс қағидаларын еске салады 12.12.2024
Өңірлерде «Мұз-2024» республикалық үгіт-профилактикалық акциясы жалғасуда. ТЖМ құтқарушылары мұзда қауіпсіз болу және мұз астында балық аулау ережелерін түсіндіреді. Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су объектілеріндегі оқиғалардың алдын алу шараларын жүргізуде. Рейдтер барысында ең алдымен халықпен, балықшылармен әңгімелер өткізіледі, парақшалар таратылып, мұздағы қауіпсіздік талаптары бойынша нұсқаулықтар өткізіледі. Осы талаптарды елемейтін, мұзға рұқсатсыз шығуды жүзеге асыратын адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар облыс аумағында су объектілеріне, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып мониторинг жүзеге асырылады. «Акция басталғалы бері ТЖД қызметкерлері облыста 475 рейдтік іс-шара өткізді, 1498 адамға нұсқау берді, 1547 жадынама таратты. ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша қауіпсіздік талаптарын елемеген 54 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин атап өтті. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері Полиция департаментінің қызметкерлерімен және волонтерлермен бірлесіп ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Бүгінгі күні Атырау облысындағы су айдындарында мұз қату процесі жүріп жатыр. Профилактикалық шара барысында құтқарушылар балық аулаушылармен, балық аулау дүкендерінің иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өз өмірлеріне қауіп төндірмей, жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде 70 астам адам ақпараттандырылды. Абай облысының ТЖД өңір аумағында профилактикалық рейдтер өткізуде. Іс-шаралар барысында азаматтарға су айдындарындағы, әсіресе жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар судағы қауіпсіздік ережелерін бұзушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс-шаралар қыс-көктем маусымы аяқталғанға дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады. Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері қысқы балық аулау кезінде су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау бойынша департамент құзырлы мемлекеттік органдармен бірқатарда волонтерлерді жұмылдырып, 9500 дана үгіт материалын таратты, 100-ден астам патрульдеу мен рейдтер және 145 нұсқама жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі. ТЖМ қараңғыда, нашар көрінген кезде және мұз қату және мұз еру кезінде мұзға шығуға қатаң тыйым салынатынын, мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін 10 сантиметрден кем емес екендігін тынымсыз ескереді. Мұзда болған кезде:1) мұздың жұқа және жетілмеген жерлеріне шығуға;2) мұздың жекелеген (қауіпті) учаскелерінде топтармен жиналуға;3) мұздағы ойықтарға, жарықтарға, ойықтарға жақындауға;4) өткелдер үшін бөлінген орындардың шекарасынан тыс көлік құралдарымен мұзға шығуға;5) от жағуға;6) 20 сантиметрден аз қашықтықта екі тесікті, ал басқа жұп тесіктерден 2 метрден аз қашықтықта екі тесікті тесу;7) мұзда жабдықтар мен қоқыстарды қалдыруға жол берілмейді. Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар, қарапайым сақтық шараларын орындау - қауіпсіздігіңіздің кепілі! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/901379
ТЖМ бөлімшелері 900-ден астам өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді 12.12.2024
2024 жылдың басынан бастап ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері әртүрлі мақсаттағы объектілерде 923 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Елордалық өрт сөндірушілер Астана қ. «Talan Towers» көпфункционалды кешенінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізді. Оқу-жаттығудың шарты бойынша өрт ғимараттың қойма үй-жайында орын алған. Объект қызметкерлері мен келушілерді қоса алғанда, 1000 адам эвакуацияланды. «Мұндай оқу-жаттығулардың мақсаты – биік тұрғын үйлер мен кешендерде өртті сөндіру әдістерін пысықтау және өртті сөндіру бойынша түрлі тәсілдерді қолдану», – деді Астана қаласы ТЖД Есіл ауданының ТЖБ бастығы Қайрат Жұмағалиев. Көкшетауда әуе кемелерін сөндіру бойынша кезекті оқу-жаттығулар өтті. Өрт сөндірушілер ЯК-40 ұшағына жанармай құю кезінде шартты өртті жойды. Оқу-жаттығулардың жетекшісі Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша аткарушы Бақытжан Алашов осындай сабақтарды өткізудің маңыздылығын атап өтіп, «Өте жақсы» деген баға берді. Қызылорда қ. Қорқыт Ата әуежайының алаңында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың барысында ұшу аппараттарындағы шартты өрт оқиғасы кезіндегі жеке құрамның өрт сөндіру іс-қимылдарын жүргізу әдістерін жетілдіру, жолаушыларды қауіпсіз жерге құтқару және эвакуациялау, әуе кемесіндегі өртті сөндіру ерекшелігі мен тактикасын пысықтау, сондай-ақ құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылын одан әрі арттыру болды. Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері Ақтау қаласыныңхалықаралықәуежайының қызметкерлері әуекемесіндеөрттісөндірукезіндежекеқұрамның іс-қимылынпысықтау бойынша оқу-жаттығуөткізілді. Әуежайда ұшақтың шарттыжануысөндірілді. Оқу-жаттығубарысында 50 шаршыметраумақтажанғышсұйықтықтыңтөгілуібар ұшақ қанатыныңжануыорын алды. Сөндірукөбікпенсудысалқындатуарқылы жүзеге асырылды, жолаушыларменэкипаждықұтқару жұмыстары жүргізілді. Павлодарда теміржол вокзалында ТЖ жою бойынша оқу-жаттығулар өтті. Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері теміржол вокзалының аумағында төтенше жағдай туындаған кезде іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты тез тұтанатын сұйықтықтардың тұтануына байланысты өртті сөндіру кезінде лауазымды адамдар мен жеке құрамның өзара іс-қимылын пысықтау болды. Оқу-жаттығу жоспары бойынша теміржол цистернасынан бензин төгіліп, кейін өрт шықты. Өрттің таралуын болдырмау үшін жанып жатқан цистернаны басқа вагондардан ағыту жедел жүргізілді. Өртті сөндіруге ГПС-600 екі өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Сонымен қатар шартты ТЖ орнына өрт сөндіру пойызы тартылды. Жолаушылар пойызын қорғау үшін КУРС-8 төрт оқпаны пайдаланылды. Оқу-жаттығу аясында вокзал ғимаратынан 58 адам шартты түрде эвакуацияланды. Іс-шараға ТЖД-ның 48 қызметкері және 13 бірлік техникасы қатысты. Мұндай оқу-жаттығулар қызметтердің ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындық деңгейін арттыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ТЖ салдарын азайту үшін тұрақты өткізіліп тұрады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/901572
ЖАҢААРҚА АУДАНЫНДА 80 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ 12.12.2024
Ұлытау облысының Мыңадыр стансасында білім ошағын салу үшін Үкімет қайтарылған активтерден 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлуге шешім қабылдады. Құрылыс жұмыстарын бастау 2025 жылдың І тоқсанына жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру оқушы орындарының санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және заманауи білім беру талаптарына сәйкес балаларды оқыту үшін қажетті қолайлы жағдай жасайды. Қазіргі таңда Жаңаарқа ауданындағы Мыңадыр стансасында жалғыз білім беру мекемесі жұмыс істейді. Ғимарат 1981 жылы салынып, 2000 жылдары қосымша кеңейтілген. Бүгінгі таңда мектеп шамадан тыс толған: жобадағы 60 орынның орнына мұнда 123 оқушы оқып жатыр. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға сәйкес Арнаулы мемлекеттік қор қаражатынан қаржыландырылатын ел өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жүзеге асырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/901477
Оразбек Асылқұловты бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды 12.12.2024
Таиландтың мәдени орталығы Чиангмай қаласында ағымдағы жылдың 28 қарашасынан 12 желтоқсанына дейін ASBC элиталық спортшылары арасында бокстан Азия чемпионаты өтуде.Бұл құрлықтық біріншілік ерлер арасында 13, әйелдер арасында 12 салмақ дәрежесінде өтті.Қазақстан ерлер құрамасының сапында бұл жарысқа 13 боксшы қатысты. Олардың қатарында Ақмола облысы құрама командасының атынан Оразбек Асылқұлов 57 келі салмақ дәрежесінде қатысты. Оразбек үшін бұл дода алғашқы ресми жарыс болып тұр.Спортшы жалпы 4 жекпе-жек өткізді.1 желтоқсан күні алғашқы айқасында Малайзия өкілі Мохамад Зүльхайнды екінші раундта ұтып, мерзімінен бұрын аяқтады.5 желтоқсанда жергілікті былғары қолғап шеберін жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.8 желтоқсанда Монғолия өкілі Гантумур Лундаамен жұдырықтасып, ақтық сынға өтті.11 желтоқсан күні Асылқұлов ақтық сында өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловке жол берді. Тартысты айқастың алғашқы раунды отандасымыздың пайдасына шешілсе, қалған кезеңдерде қарсыласы басым түсті.Осылайша Оразбек бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшыны, бапкерлерін, жалпы барша ақмолалықтар мен бокс сүйер қауымды бұл марапатпен құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901382
Ақмолалық спортшылар Шорт-тректен Әлем кубогында жеңіске жетті 12.12.2024
6-8 желтоқсан аралығында Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен Әлем Кубогының кезеңі өтті. Әйелдер эстафетасында ел құрамасының командасы қола жүлдеге ие болды.Эстафета құрамасында ақмолалық спортшыларымыз Тихонова Ольга мен Хан Яна және Ермек Малика мен Ажғалиева Алина өнер көрсетіп, Қазақстан тарихындағы шорт-тректен әйелдер эстафетасында алғашқы медальді жеңіп алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/901391
Астанада әскери және азаматтық жоғары оқу орындары келісімге қол қойды 12.12.2024
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ынтымақтастық туралы келісті. Әскери жоғары оқу орнының атынан құжатқа генерал-майор Асқар Мұстабеков, агротехникалық университеттен – басқарма төрағасы Қанат Тіреуов қол қойды.Келісім өзара ғылыми іс-әрекетті дамытуға, инновациялық шешімдерді енгізуге, бірлескен зерттеу жобалары мен білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.– Ғылыми-зерттеу және білім беру қызметіндегі күш-жігерді біріктіру жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетін нығайтуға және қорғаныс және қауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға негіз болады, – деді ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры Қанат Тіреуов әскери білім мекемесімен әріптестік ғылыми жобаларды іске асыруға және білікті мамандарды даярлауға жағдай жасайтынын алға тартты.Жоғары оқу орындарының басшылары келісімге келіп, ынтымақтастықты дамыту ғылыми әлеуетті нығайтуға және инновациялық дамуға бағытталған елдің жетекші білім беру мекемелері арасындағы өзара іс-әрекеттің жаңа кезеңі болмақ деп атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/901256
Су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын шаруалар үшін суармалы суға төленетін субсидия мөлшері 85%-ға дейін ұлғайтылды 12.12.2024
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді. Су үнемдейтін жүйелерге көшкен шаруалар үшін субсидия мөлшері 85%-ға дейін ұлғайтылды.«Бұл шаруаларды су үнемдеу технологияларын белсенді енгізуге ынталандыруға бағытталған шара. Қазіргі заманғы суару жүйелеріне көшу шамамен 20-30% су үнемдеуге және 2030 жылға қарай еліміздегі егіс алқаптарын 1,3 млн гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры Берікбол Мәндібаев.Еске сала кетейік, Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеудің Жол картасын әзірледі. Құжат су заңнамасын жетілдіру, су саласын цифрландыру, суды есепке алу мен су үнемдеудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды көздейді.Сондай-ақ, биыл шаруалар үшін ұңғымаларды бұрғылау және су үнемдеу жүйелерін сатып алуға және орнатуға жұмсаған шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.Облыстық әкімдіктерге су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша нақты тапсырмалар берілді. Егіс алқаптарында заманауи жүйелерді енгізу бойынша 2030 жылға дейінгі мастер-жоспар дайындалды және бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/901225
Жамбыл облысындағы шалғай ауылда жаңа мектеп ашылды 12.12.2024
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында 120 орындық мектеп балалар игілігіне берілді.Бұған дейін мыңаралдық балалар білім алған мектеп (1972 жылы пайдалануға берілген) апатты деп танылған. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес осы мәселе назарға алынып, өткен жылдың қараша айында білім беру ошағының құрылысы бастау алған еді.К. Қасымов атындағы жаңа мектепте 34 педагог екі ауысымда 168 балаға білім береді. Ол үшін 13 оқу бөлмесі, спортзал мен мәжіліс залы, кітапхана, асхана, сондай-ақ компьютер, лингафон және мультимедиа кабинеті, 2 зертхана мен 2 шеберхана қарастырылған.- Мектебіміздегі оқу бөлмелері кең әрі жайлы. Тәжірибе жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер мен заманауи құрал-жабдықтар бар. Енді тек жақсы білім алып, үмітті ақтауымыз қажет, – дейді 5-сынып оқушысы Айсана Қанағат.Айта кетейік, Жамбыл облысында 36 білім беру нысанының (10 600 орындық) құрылысы жүргізілуде. Бүгінге дейін 13 білім ошағы, оның ішінде үшеуі «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 2 нысанды қолданысқа беру көзделіп отыр.Нәтижесінде 7 оқу орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен және 2 апатты мектептің мәселесі шешіледі.Ағымдағы жылы 9 мектеп пен 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті.Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд. теңге, атап айтқанда, 215 мектепті жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтауға 1,9 млрд. теңге, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 1,2 млрд. теңге бөлінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/901070
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты 12.12.2024
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылды қорытындылау жиыны өтті. Іс-шараға жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, облыстық федерацияның басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты.Жиында Даниал Ахметов федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, спорттағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Оның ішінде, халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер көрсеткен жоғары нәтижелер мен жеңістер, сондай-ақ жеңіл атлетиканың дамуына бағытталған жаңа бастамалар айтылды.Отырыста Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне даңқты жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылығы мен спорт қауымдастығы О.Рыпакованың кандидатурасын бірауыздан қолдады.Министр Ербол Мырзабосынов жеңіл атлетика федерациясын бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметовке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, президенттікке тағайындалған Ольга Рыпакованың қызметіне сәттілік тіледі.«Жеңіл атлетика – елдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі. Қазіргі таңда 360 мыңнан астам отандасымыз дәл осы спорт түрімен кәсіби түрде айналысады. Сондықтан біз бұл спортты жаңа деңгейге көтеріп, оның халықаралық аренада танымалдылығын арттыруымыз қажет. Бүгінгі жиында федерацияның жұмысына қатысты маңызды өзгерістер болып жатыр. Федерацияны бірнеше жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен кетіп жатыр. Оған атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Даниал Кенжетайұлының басшылығымен біздің атлеттер халықаралық жарыстарда үлкен жетістіктерге жетті. Енді федерация президенттігіне Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп отыр. Ольга Сергеевнаның отандық жеңіл атлетиканың дамуына қосқан үлесі мол. Алдағы уақытта да еліміздің жеңіл атлетика спортын биіктерге көтереді деп сенеміз», - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Жиын соңында министр Ольга Рыпаковаға еліміздегі жеңіл атлетика спортының халықаралық деңгейдегі ынтымақтастығын арттыру, спортшылардың дайындығына және резервті даярлауға ерекше көңіл бөлу қажеттігін тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/900642
ҚР Туризм және спорт министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысын өткізді 12.12.2024
ҚР Туризм және спорт министрінің жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығына ұсынылған үміткерлердің кандидатурасы қарастырылды.Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшылығына «Есіл-СК» волейбол клубының директоры Әділ Мәкенов және Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанованың кандидатуралары ұсынылды.Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі, өңір спортын дамытуға қатысты жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджмент негіздерін меңгеру деңгейіне қатысты сұрақтар қойды.Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/900679
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті ауысты 12.12.2024
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының есеп беру конференциясы өтті. Іс-шара барысында федерацияның алдағы кезеңдегі жоспарлары мен даму стратегиялары талқыланды.Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Мадина Астамирова федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, саладағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Ол еліміздің ауыр атлетика саласында халықаралық аренада қол жеткізілген жеңістері мен спортшылардың дайындығы туралы айтып, спорт инфрақұрылымының жақсаруына бағытталған бастамаларын да тілге тиек етті.Жиында Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облыс федерацияларының басшылары мен спорт қауымдастығы Г.Гаджиевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.Министр Ербол Мырзабосынов ауыр атлетика федерациясын он жылға жуық басқарған Жанат Түсіпбековке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа басшы Гаджи Гаджиевке сәттілік тіледі.«Ауыр атлетика халық арасында кеңінен танымал. Өйткені қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктері ел ішінде спорттың осы түріне деген қызығушылықты арттыруда және дамытуда маңызды рөл атқарады. Құраманың халықаралық ареналардағы жетістіктері спортшыларымыздың жоғары әлеуетін және елімізде спорттың осы түрінің тұрақты дамуын көрсетеді. Осы орайда, Жанат Түсіпбековке Туризм және спорт министрлігі атынан елімізде ауыр атлетиканың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Ауыр атлетика федерациясын басқарған он жылдан астам уақытта біздің спортшылар талай жетістіктерге қол жеткізді. Сондай-ақ федерацияның президенті болып сайланған Гаджи Гаджиевтің алдағы жұмысына сәттілік тілеймін. Ауыр атлетика бұрынғы биігіне қайта шығаратынына, спортшыларды жан-жақты қолдау дәстүрі жалғасатынына сенімдімін және бірлескен күш-жігермен жаңа биіктерге жетеміз», – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/901211
Қазақстандық мамандар Германияның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу тәжірибесін зерттеп жатыр 12.12.2024
Ландау қаласында (Германия) Қазақстан мамандарына арналған тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бойынша оқыту тренингі өтіп жатыр. Бұған Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі мен Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың өкілдігі бастамашы болды.Қазақстан делегациясы құрамында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері бар.Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өзара іс-қимыл әдістеріне, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаттарына оқытылуда.Сонымен қатар шетелдік сарапшылар тұрмыстық зорлық-зомбылық тәуекелдерін бағалаудың германиялық ODARA жүйесімен жұмыс істеу тәжірибесін бөлісуде, ол озық елдерде кеңінен қолданылады. Бұл профилактикалық жүйе пилоттық режимде Қазақстанның бірнеше аймағында енгізілген. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/900576
«Алға» фильмі Ирандағы спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды 12.12.2024
Иранда өткен 14-ші халықаралық спорттық фильмдер фестивалі Қазақстан кинематографиясы үшін маңызды оқиға болды. Айтулы шарада «Алға» фильмі екі марапатқа ие болды.«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» жүлдесін Ерік Жолжақсынов алса, «Үздік режиссер» номинациясында Ернар Нұрғалиев жеңімпаз деп танылды.«Алға» – әкелерінің қазасынан соң қылмысқа бет бұрған ағайындылар жайлы фильм. Алайда олардың ауылына талантты жастарды іріктеу үшін жеңіл атлетикадан жаттықтырушы келіп, өмірлеріне өзгеріс әкеледі. Ағайындылардың бірі марафондық жүгіруден әлем чемпионымен бәсекеге түседі.Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілді. Фильмнің продюсері – Максим Акбаров, режиссері – Ернар Нұрғалиев. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/900676
Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсы мен «Дарын» жастар сыйлығының жеңімпаздары анықталды 12.12.2024
Бүгін Астанада Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттар конкурсының жеңімпаздары мен мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.Биылғы «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары қатарында түрлі байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, спорттық жарыстардың жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері мен белсенділер бар.Кәсіби қазылар алқасы лауреаттарды «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада» және «Халық шығармашылығы» номинациялары бойынша таңдады.Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.«Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер. Ел Президенті жастар үшін үш басты бағдарды үнемі айтып келеді – бұл білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл – мықты әрі табысты ұлттың негізі болатын үш тұғыр. Демек, ұлттың болашағын сіздер айқындайсыздар. Сондықтан Мемлекет басшысы сіздерге үлкен үміт артады. Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады», – деді министр.«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері ретінде үздік жобаларды ұсынған 30 жас қазақстандық таңдалды. Бұл жобалар мәдениет, ғылым, медиа, ақпараттық технологиялар, бизнес салаларын қамтиды. Биыл байқауға жаңа «Волонтерлік» деп аталатын бағыт қосылды.«Бұл грант Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылды. Сондықтан бүгінгі марапаттарыңыз – үлкен жауапкершілік. Ел Президентінің сенімін ақтайтындарыңызға шын жүректен сенемін. Әрдайым биіктерден көрініңіздер!» – деді Аида Балаева.Өз сөзінде министр жастарға егемендік пен елдікті нығайтудағы негізгі құндылықтар туралы айтты.«Президентіміз биылғы Ұлттық құрылтайда еліміз үшін маңызды бірнеше құндылықты атап өткен еді. Ол құндылықтар – Тәуелсіздік және отаншылдық, Бірлік пен ынтымақ, Әділдік және жауапкершілік, Заң мен тәртіп, Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, Жасампаздық пен жаңашылдық. Мемлекет басшысы белгілеп берген нақты құндылықтарды ұстану – жастардың дамуына, қоғамдық сананың өзгеруіне оң ықпал етері анық», – деді министр.Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының әр жеңімпазына 3 млн теңге көлемінде жүлде берілді. Биыл конкурсқа 1284 өтінім түсіп, оның 897-еуі қабылданды.Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының 20 жеңімпазына «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, естелік статуэткалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін 2024 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері: «Ғылым» номинациясыМальчик Фёдор Игоревич– «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ-ның Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасының меңгерушісі, доцентіМолдабекова Айсұлу Тұрсынбайқызы– «Экономика институты» РМК-нің «Zertteu LAB» зертханасының меңгерушісі«Эстрада» номинациясыХайролда Муратбек– «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚМ-нің «Эстрадалық вокал» бөлімі әртісіБолат Садраддин Ғалымжанұлы– қазақстандық эстрада әншісі«Классикалық музыка» номинациясыӘліш Бибарыс Сәукенұлы– «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ-нің «Вокалдық өнер» кафедрасының магистрантыИзмаилова Карина Нұрланқызы– «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ-нің оқытушысы«Халық шығармашылығы» номинациясыУатқан Шаттық Құмарұлы– Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК-нің әртісіЖаменкеев Ержан Ерболатович– «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-нің «Домбыра» кафедрасының доценті«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясыҮсембеков Бақытжан Әбілмәжітұлы– «Қазақстанның қолөнершілер одағы» ЗТБ және ЖКБ-нің зергері зергеріСатаев Нұрлан Қаленұлы– Жас суретшілер одағының төрағасы, Т.Жүргенов атындағы ӨҚазақ ұлттық өнер академиясының «Бейнелеу өнері» кафедрасының оқытушысы«Журналистика» номинациясыЖұмабай Назерке Рымбекқызы– Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіҚосанбаев Үәлихан Спабекұлы– «QAZSPORT» телеарнасының спорт коментаторы«Креативті бастамалар» номинациясыЖүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы– «Орал жастары» волонтерлық қозғалысының жетекшісіАтабаева Гульзира Нұржанқызы– кәсіподақтар аумақтық бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы«Спорт» номинациясыНауатбек Акмарал Маратқызы– қазақстандық дзюдошы, Париж паралимпиадасындағы алтын медаль алған қазақстандық спортшыДегтяров Давид Мамиевич– қазақстандық пауэрлифтер-паралимпиадашы Париж паралимпиадасында алтын медаль алған қазақстандық спортшы«Әдебиет» номинациясыӘліқожа Бауыржан Омарұлы– «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» КЕАҚ-ның «Журналистика» факультетінін докторантыЖақсылық Әлихан Нұрбергенұлы– жазушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі«Театр және кино» номинациясыОмаров Әділет Қалиханұлы– «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ-ның киножобалар өндірісі бөлімінің басшысыЕсжан Әсет Нұрәкімұлы– Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алатау» дәстүрлі өнер театры» КМҚК-нің актерлік құрамының әртісі 2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері: «ҒЫЛЫМ» бағытыБекназаров Қанат ИсатайұлыДүйсен Айым НұргелдіқызыКальменов Ермұхамед ТынысбекұлыОрмантаева Анар СәкенқызыСагитжанов Бирлик Майронович «МӘДЕНИЕТ» бағытыАубакирова Анел ГалымжановнаГимарат Ерназар ГабитовичМаратова Әнел ҚайырлықызыСаденов Танат СерикұлыШәріп Аршат Ертісұлы «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» бағытыАманжол Олжас ҚуандықұлыМаслов Александр СергеевичМомунов Бахыт КайратовичРахметулаев Аңсар КайратовичТулешев Райымбек Бакытжанович «БИЗНЕС» бағытыАлжанов Еркен БолатовичҚабден Рустам АмансайфуллаһұлыПен Сергей ВитальевичТастемиров Казыбек АсылбековичКаракожаева Алия Муратбекқызы «МЕДИА» бағытыБердалиев Еркебулан МейрамбековичКуандыкова Маржан АйдолдановнаМирхайдарова Асем СабыровнаҰлтанбаева Әсем БегдалықызыШоманов Асанали Маратұлы «ВОЛОНТЕРЛІК» бағытыАсқанбаев Дархан СұңғатұлыМеирамова Аида БазарбаевнаСарбасова Замира БоранбайқызыСоловьева Ольга АндреевнаТолеухан Аслан Азаматович Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/901198