Қуқық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ 26.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асып жатқан және алда қолға алынатын жобалар туралы мағлұмат беріліп, жауапты басшылардың есептері тыңдалды. Өңір басшысы аудан, қала әкімдері мен Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына, «Түркістан» ӘКК басшылығына тиісті тапсырмалар берді.– Бізге тың идеялар мен жаңа жобалар қажет. Барлық аудан, қала әкімі ауыл шаруашылығына инвестиция тартып, өнімді терең өңдеуге басымдық беруі тиіс. Су үнемдеу технологиясын енгізу, жаңа тәсілдерді қолдану, егістікті әртараптандыру маңызды. Нақты жоспар, жүйелі жұмыс қажет, – деді Дархан Сатыбалды.Мәжілісте Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов пен жауапты басшылардың баяндамалары тыңдалды. Агроөнеркәсіп кешенінің әр саласы бойынша тартылатын инвестиция бойынша мағлұмат берілді.2024 жылдың 10 айында агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 130 млрд теңге тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артты. 2024-2030 жылдары аралығындағы өңірде ауыл шаруашылығына 556 млрд теңге инвестиция тартылып, 336 жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Осы арқылы 12 мыңнан аса жұмыс орнын ашу көзделген. Ал биылғы 10 айда АӨК-те 30 жоба жүзеге асып, 237 жұмыс орны ашылды.Облыс әкімі жоспарлар қағаз жүзінде қалмай нақты іске асуы керектігін айтты. Аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде тапсырма берді. Жобалар әлі де жүйеленіп, тиісті жұмыстар атқарылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890777
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024
Қазығұрт ауданында 2024 жылдың 10 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 96,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға артық орындалған. Оның ішінде, ауыл шаруашылығында - 58,4 млрд теңге, құрылыс саласында - 9,3 млрд теңге, өнеркәсіпте - 12,1 млрд теңге, сауда көлемі - 16,6 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, ауданға 2024 жылдың 10 айында 36,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл жайында Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«Қазығұрт ауданында 2024-2030 жылдар аралығында инвестициялық құны 55,1 млрд теңге болатын 45 жоба іске асырылып, 1 364 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласында құны 30,8 млрд теңгеге 15 жоба іске асырылып, 390 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал, ауыл шаруашылығы саласында құны 18,9 млрд теңге болатын 18 жобаны іске асыру көзделуде, нәтижесінде 784 адам жұмыспен қамтылмақ. Бүгінде аудандағы Тұрбат ауылында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өнім көлемін арттыру үшін 60 гектар жер аумағына «Тұрбат» агроиндустриалды аймағын құру жоспарлануда. Аталған аймақта 3,8 млрд теңгеге жылыжайлар салынып, 416 адам жұмыспен қамтылмақ. Сонымен қатар, ауданда биыл мал шаруашылығында 35,6 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, егін шаруашылығында 22,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген»,- деді аудан басшысы.Бұдан бөлек, ауданда 2025-2030 жылдары туризмді дамыту мақсатында жалпы құны 3,3 млрд теңге болатын 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалар іске асқан жағдайда аудандағы туристік аймақтың әлеуеті артып, туристер саны екі есеге артпақ. Сонымен қатар, ауданда 2024-2030 жылдары тамақтану және сауда саласынды 2,1 млрд. теңгеге 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.Инфрақұрылыммен қамту бойынша аудандағы 61 елді мекенің 59-ы ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші - 96,7%-ға жеткен. Сондай-ақ, 61 елді мекеннің 60-ы орталықтандырылған электр жүйесімен қамтылып, көрсеткіш 98,4 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, 61 елді мекеннің 49-ы орталықтандырылған табиғи газға қосылып, қамту көрсеткіші 80,3 пайыз көлемінде.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890779
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында өңірлерде инвестицияны арттыру қажеттІгін тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан облысында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 47,8 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, жоспар артығымен орындалған. Бұл жайында аудан әкімі Арман Абдуллаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.«2024 жылдың 10 айында өнеркәсіп саласында 23,6 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, жыл соңына дейін көрсеткішті 32,4 млрд теңге жеткізу жоспарланып отыр. Ал, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 15,7 млрд теңгеге жетсе, жыл қорытындысымен 23,6 млрд теңгеге жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Сондай-ақ, аудандағы ауылшаруашылық саласында 112,3 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, қалған 2 айда бұл саладағы өнім көлемін 137,5 млрд теңгеге жеткізу көзделген»- деді спикер.Өңірдегі инфрақұрылым саласында да бірқатар оң шешімдер қабылданып, ауқымды жұмыстар атқарылған. Мәселен, аудандағы 4 елді мекеннің ауыз су құбырларына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жыл соңына дейін облыстық және республикалық бюджет тарапынан 11 елді мекенді аыз сумен қамту жұмыстары аяқталмақ. Ал, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі таңда 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары атқарылып жатса, облыстық және республикалық бюджет арқылы тағы 10 елді мекенді табиғи газ жүйесіне қосуға жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Инфрақұрылым саласының тағы бір маңызды тармағы - тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету. Ауданда 2024 жылы жалпы ұзындығы 6,2 шақырымға 75 электр бағаналарын, 4 дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, 2024 жылы Тегісшіл, Ақжар, Жемісті және Қызылжар ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл–Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көшелерге асфальт төселді. Аудандық бюджеттен 2024 жылы 32 көшеге орташа жөндеу жүргізілсе, 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары аяқталған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890781
ТҮРКІСТАНДА «AQ ALTYN» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ 26.11.2024
Түркістан қаласында Орта Азиялық сүт конгресінің «Aq Altyn» ІІ халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады. Халықаралық конференцияға Үндістан, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да мемлекеттерден қатысушылар келді.Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков конференцияның алғашқы пленарлық мәжілісіне қатысып, өңіріміздегі сүт өндірісінің көрсеткіштері мен мүмкіндіктері туралы баяндады.– Өздеріңізге белгілі, әлемде халық санының өсіміне байланысты, сапалы азық-түлік тауарларына деген сұраныс жылдан-жылға артуда. Ауыл шаруашылығында шикізат секторымен бірге қайта өңдеу саласын жан-жақты дамыту кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Бүгінгі конференция сүт өндірісімен айналысатын кәсіпорындарды біріктіріп, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға жаңа бағыттар белгілеп беретініне сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары.Облыста өндірілетін жалпы өңірлік өнімнің 20 пайызы агроөнеркәсіптік кешеннің үлесінде. Жұмыс атқарып тұрған 80 мыңнан астам агроқұрылым бар, бұл республикалық көрсеткіштің 31 пайызы.Қазіргі таңда өңірдегі сүт өнімдерін шығаратын екі ірі фермада мал басы 400 бастан асады. Олар: «Бөрте Милка» және «Шаркул Фуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестері. Биыл тағы 2 инвестициялық жоба жүзеге асты. Жобалар түркиялық «Sezer», швециялық «De-Ieval» автоматты технологиялық қондырғыларымен жабдықталды. Бүгінгі таңда Дания, Венгрия мемлекеттерінен өнімділігі жоғары «гольштейн» тұқымды 605 бас аналық ірі қара мал алынды. Осы жобалар арқылы жылына қосымша 12,6 мың тонна сүт өндіріледі.Бұдан бөлек, 2025 – 2026 жылдары қосымша жалпы 2000 басқа арналған 3 тауарлы сүт фермасын іске қосу көзделген. Сондай-ақ 32 сүт фермасы мен 23 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі осы бағытта жемісті еңбек етіп келеді. Жылына облыста 410 мың тоннаға жуық сүт өндіріледі. Бұл республикалық көрсеткіштің 12 пайызы.Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау бағдарламасы іске қосылған. Облыста сүт өнімін қайта өңдеумен жалпы қуаттылығы 171 мың тоннаны құрайтын 25 шағын, орта және ірі кәсіпорындар жұмыс атқаруда.Екі күнге созылатын конференцияда әлемдік нарықтағы өзгерістер, сүт өндірісінің даму бағыты талқыланып, технология жаңалықтары таныстырылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/890782
Қарағандыда нейро-ортопедиялық ауытқуы бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды 26.11.2024
Қарағандыда көпсалалы облыстық балалар ауруханасының базасында QH оңалту орталығы ашылды. Бұл нейро-ортопедиялық ақауы бар балалар көмек алатын аймақтағы алғашқы медициналық мекеме.Жыл сайын орталық 600-ге жуық бала қабылдай алады. Қалпына келтіру емін жас пациенттер МӘМС жүйесі есебінен тегін өтеді.Мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Балалармен жұмыс істеу үшін көпсалалы команда құрылды, оның құрамына невропатологтар, реабилитологтар, логопедтер, дефектологтар, психологтар, ЕДШ нұсқаушылары және еңбек терапевттері кіреді. Олардың барлығы арнайы дайындықтан өткен. Әр балаға қалпына келтіруге және әлеуметтенуге мүмкіндігінше тиімді көмектесу үшін жеке бағдарлама құрылады.Айта кету керек, бір жылға жуық уақыт бойы облыстық ауруханада 3 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ерте араласу орталығы жұмыс істейді. Жаңа орталықта кешенді оңалту мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындарына 3 жастан 18 жасқа дейін қолжетімді болады.– Ол үшін бізде барлық қажетті жабдықтар бар. Олардың ішінде баланың жасына және бойына байланысты әртүрлі вертикализаторлар бар. Барлық мамандар дайындалды. Олар біздің аурухана базасында оқыды, Астана, Қостанайға барды. Оңалту сапасы жоғары болуы үшін біз дәрігерлердің біліктілігін үнемі арттырып отырамыз, – дейді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Нина Деркач. Ерте араласу орталығында алғашқы жетістіктер бар. Мұны ерекше балалардың ата-аналары да растап отыр.– Біз мұнда қызым Альфия 7 айлық болғанда келдік. Ол басын ұстай алмады. Мұнда біз емдеу курсынан өттік. Ол аяқталғаннан кейін менің қызым басын нық ұстауды үйренді. Мұнда біз сапалы ем алдық, – деп бөлісті кішкентай науқастың анасы Динара Карина.Жаңа орталықтың ашылуына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ораз Тәуірбеков қатысты. Ол медициналық мекеменің мамандары ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетінін атап өтті.Орталық жергілікті атқарушы органдар, "Қазақстан халқына" қорының серіктестері және меценат-компаниялардың бірлескен күш-жігерінің арқасында ашылды. Жобаны іске асыруға қаржылық көмек көрсеткен Eurasian Resources Group (ERG), сондай-ақ "Қамқорлық қоры" ҚҚ мамандарды оқытуды және заманауи жабдықтармен жабдықтауды ұйымдастырды."Қазақстан халқына" ҚҚ қолдауымен қайырымдылық бағдарламалары аясында еліміздің барлық өңірлерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 25 оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Олардың біріншісі Жезқазғанда жұмыс істейді, алдағы күндері Павлодар облысы мен Шымкентте осындай мекемелер ашу жоспарланған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/890715
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады 26.11.2024
Ербол Мырзабосынов:➤ отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде бұған дейін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады;➤ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайту, федерациялар жұмысын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді: – салаға вертикалды басқару жүйесін енгізу шаралары басталған. Осы мақсатта министрлік жанынан арнайы құрылған топ мүшелері өңірлердегі спорт саласының жағдайына жан-жақты талдау жүргізген; – қолданыстағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға негізгі басымдықтарды айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жұмыс тобы құрылған; – халықаралық федерациялармен ынтымақтастық аясын кеңейту, спорт инфрақұрылымдарын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр;➤ еліміздің туристік әлеуетін арттыру шаралары туралы мәлімет берді: – шетелдік саяхатшыларға түрлі мүмкіндіктер ұсынатын Neo Nomad Visa жобасы іске қосылған; – Президент тапсырмасына сәйкес, Алматы тау кластерін, Маңғыстау және Бурабай курорты аймақтарында жағажай туризмін дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірленуде; – Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес қолға алынған.Қасым-Жомарт Тоқаев министрге спорт және туризм салаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді. Атап айтқанда, алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды, сондай-ақ елімізде танымалдығы артып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды тапсырды.t.me/aqorda_resmiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/890736
Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы: сауда-экономикалық әріптестіктің жаңа перспективалары 26.11.2024
Ресей Федерациясының Уфа қаласында «Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының әлеуетін іске асыру – жаңа сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XX форумы өтуде.Форумның басты назарында екі елдің өңірлері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін іске асыру, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация және Ресей мен Қазақстанның одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығы үшін мүмкіндіктері мәселелері тұр.Форум аясында «Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік кооперациясын дамытудың негізгі бағыттары» тақырыбында өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев сөз сөйледі. Өнеркәсіп саласындағы табысты кооперация және бірлескен 93 жобаны іске асыру атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстанда өнеркәсіптік жобаларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар белгіленді. Ресей мен Башқұртстанның Бизнес қауымдастығына өзара тиімді серіктестік пен өсу үшін жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, әртүрлі салалардағы ынтымақтастық ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/890780
Қазақстанның ресурстық әлеуеті: 2024 жылы 22 кен орны тіркелген 26.11.2024
Бүгінгі таңда Қазақстанда сирек және сирек жер металдарының 100-ден астам кен орындары анықталды.Экономиканың жоғары технологиялық секторларынан сұраныстың артуы, сондай-ақ әлемдегі геосаяси жағдай аясында қазақстандық сирек металдар мен сирек жер металдары саласына қызығушылық айтарлықтай өсті.«minerals.gov.kz» Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы ҚР аумағын геологиялық-геофизикалық зерттеудің 56 180 электрондық есебін қамтиды, бұл мүдделі тұлғаға қажетті есептің жалпы бөлігімен физикалық түрде тегін және онлайн режимінде танысуға мүмкіндік береді. геологиялық қорларға бару.2024 жылға арналған геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша құрамында алтын, күміс, мыс, мырыш, темір рудалары, қорғасын, вольфрам, хром, молибден, марганец сияқты пайдалы қазбалар қоры мен ресурстары бар кен орындары мемлекеттік есепке алынды.Жыл басынан бері геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша есептерге мемлекеттік сараптама жүргізілуде. Алғаш рет қатты пайдалы қазбалардың 12 кен орны, көмірсутек шикізатының 4 кен орны тіркелді, сонымен қатар жер асты суларының 6 кен орны есепке алынды.Оның ішінде: Дүйсембай Орталық, Шығыс Тастау, Жағалау, Оңтүстік, Жеңішке, Байғора, Қостөбе, Қазан-Шұқыр, Оңтүстік Қарауыл-Төбе, Удар, Қызылтас-Күршім және Сарыбұлақ.Алғаш рет көмірсутек кен орындары мемлекеттік тіркеуге алынды: Қаратұрын Западный, Қошқар, Солтүстік Шыңжыр, Аққұловское Южное.Сондай-ақ Долинное, Жыланды, Бала-Үрпек, Дарбазин топтық су құбыры, Торғай, Палеозой және Королевское сияқты жер асты сулары кен орындары да бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/890681
Су үнемдеу, өнімге зиян келтірместен эмиссияларды қысқарту: Қазақстанда ауылшаруашылық дрондары жиналатын болады 26.11.2024
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің тиімділігі қаралды.Әлемнің 100-ден астам елінде ауылшаруашылық дрондарын қолданудың халықаралық тәжірибесі жерүсті бүріккіш-техниканың орнына ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдаланудың елеулі артықшылығын көрсетеді. Бүгінде дүние жүзінде агродрондардың көмегімен 500 млн гектардан астам егістік өңделді. Суды үнемдеп жұмсау есебінен әлем бойынша шамамен 210 млн тонна суды үнемдеуге, СО2 эмиссиясын 25 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік туды. Ауылшаруашылық дрондары жетуі қиын жерлерді өңдеп, зерттеуге мүмкіндік береді. Олар кез-келген ауа-райында, тәулік бойына, жаңбыр кезінде және түнде де жұмыс істейді. «Мысалы, өздігінен жүретін бүріккіш гектарына 150 литр су жұмсайды, 5 мың гектарға шамамен 750 мың литр су қажет. Ал, дронға дәл осындай аумақты өңдеу үшін 50 мың литр қажет, ол 15 есе аз. Сонымен қатар жұмыс кезінде өздігінен жүретін бүріккіш сорап құрылғыны басып кетеді, бұл фермерге өнімнің шамамен 6%-ын жоғалтуына әкеледі. ҰҰА дақылдарға мұндай зиян келтірмейді», — деді кеңесте агродрондарды пайдаланатын компанияның өкілі Санжар Нұрғазинов.Қазақстанда өсімдіктердің зиянкестері мен қауіпті ауруларын зерттеу және емдеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануды кеңейту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі қытайлық Eavision компаниясымен 80 агродрон әкелуге арналған меморандумға қол қойды. Бұл ҰҰА ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында сатылатын болады. Бұдан басқа, «Sunkar eavision International LLP» ЖШС Бірлескен қазақстан-қытай кәсіпорны құрылды, ол «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі АЭА аумағында отандық дрондарды жинауды жүзеге асырады.«Өңірлердің ӘКК-мен бірлесіп Түркістан, Тараз, Абай және Жетісу облыстарында агродрондардың демонстрациялық және сервистік орталықтарын ашу мәселесі пысықталды. Үш оқу орнының базасында: Талғар политехникалық колледжі, Семей қаласындағы IT-технологиялар колледжі және Түркістан облысы Қапланбек ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжіylt құрастырушылар мен ұшқыштарды оқыту мәселесі шешілді», — деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы. Сонымен қатар зиянкестердің қоныстану орындарын зерттеу және емдеу үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Ғарыш Сапары» АҚ – «ФитоКЗ» ГАЖ ақпараттық жүйесінде жүргізілген өңдеулермен зерттеу іс-шараларын байланыстыру көзделген.Серік Жұманғарин кездесуде Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алдына агродрондарды басқару үшін өзінің бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу мүмкіндігін зерттеу тапсырмасын қойды.Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин АШМ-ге 2025 жылдың ақпан айының соңына дейін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді іріктеуді немесе әзірлеуді, сервистік орталықтар құруды, негізінен ауыл жастарынан ҰҰА-мен жұмыс істейтін мамандарды даярлауды, ҚазАгроҚаржыға – қолда бар қаражат шеңберінде фермерлердің сатып алу үшін қолдау шараларын пысықтауды, ауыл шаруашылығында агродрондарды дамыту және енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/890762
«Жыл волонтері – 2024» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары анықталды 26.11.2024
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының биылғы жеңімпаздарын анықтау бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.Комиссия 15 бағыт бойынша 118 үміткердің өтінімін қарады. Қорытындысы бойынша 47 үміткер жеңімпаз деп танылды.Марапаттау рәсімі 5 желтоқсанда – Халықаралық волонтерлер күнін мерекелеу аясында Астана қаласында өтеді.2024 жылғы «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы лауреаттарының тізімі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/890710
Энергетика министрлігінде электр энергетикасы саласындағы салалық кәсіподақтармен кездесу өтті 26.11.2024
Бүгін Энергетика министрлігінде «Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы», «Энерготехникалық саласы еңбеккерлердің салалық кәсіподағы», «Тау-кен металлургия кәсіпорындары және аралас өндіріс еңбеккерлерінің «Кәсіпқорған» салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестіктерімен, сондай-ақ «Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы 2025-2027 жылдарға арналған салалық келісімге қол қойылды.Келісімнің мақсаты жылу және электр энергиясы ұйымдарындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын және экономикалық конструктивті өзара іс-қимылдарды реттеудегі жалпы қағидаттарды белгілеу болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/890741
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА БІРҚАТАР АУЫЛДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН 26.11.2024
Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бірқатар ауылдық медициналық нысандардың құрылысымен танысты.Алға ауданының Тоқмансай ауылында күніне 25 адам қабылдауға есептелген жаңа медициналық пункттің құрылысы аяқталуда. Бұған дейін жергілікті дәрігер кеңес кезіндегі ғимаратта 300-ге жуық ауыл тұрғындарына көмек көрсеткен. Бүгінде жаңа пунктте жалпы практика дәрігерінің, ем-шара кабинеті, күндізгі стационар және дәріхана пункті жабдықталуда. Ашылуы желтоқсан айының басында жоспарланған.Мұғалжар ауданының Жарық ауылында жаңа медициналық пункттің белсенді құрылыс жұмыстары жалғасуда. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Жаңа жылдан бастап Мұғалжар аудандық ауруханасында тері арқылы коронарлық араласудың ауданаралық орталығын құру үшін қосымша құрылыс басталады. Бұл орталық бірнеше аудан тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және Ақтөбе-Астрахань автожолындағы Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл қызметтің жұмысын жеделдетуге мүмкіндік береді.Сапар барысында вице-министр Ақтөбедегі медициналық мекемелерге: балалар стационарларына, көпбейінді облыстық ауруханаға, перинаталдық орталыққа, медициналық орталыққа және бірнеше емханаға барды.Өңір ауылдарында денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда. Осы ауқымды жобаны іске асыру ауыл тұрғындарын заманауи қолайлы жағдайларда сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/890744
Шымкент қаласы Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды 26.11.2024
ҚР Әділет министрлігі Аппарат басшысы Сандугаш Ерсеитованың бұйрығына сәйкес Айнұр Исабекова Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Шымкент қаласы Әділет департаментінің жаңа басшысын ұжымға таныстырды.Айнұр Исабекова осыған дейін Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары болған.Бекболат Молдабеков жаңа басшыға министр Азамат Есқараевтың тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, зияткерлік меншік құқығын қорғау және атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу қажеттігіне тоқталып, қызметіне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/890757
Астанада демалыс күндердегі жәрмеңке жалғасады 26.11.2024
30 қараша және 1 желтоқсан күндері Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Ол әр демалыс сайын жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" СОО-да өтеді. Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10: 00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдер сатып ала алады.Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/890540
Астанада қарызын төлемеген 44 борышкер қамауға алынды 26.11.2024
Биыл Астанада қарызын төлемеген 389 борышкер жауапқа тартылды. Елордалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабеков Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекет пайдасына қарыздарды өндіріп алу және борышкерлерді жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмыс туралы айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Спикердің айтуынша, Әділет департаменті қарыздарды өндіріп алуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өз міндеттемелерін орындауы үшін жағдай жасауға да ерекше назар аударады.2024 жылы ведомство 151 миллиард теңгеден астам сомаға 962 атқарушылық іс қозғады. Оның ішінде 528 іс сәтті аяқталды, ал 308 атқару құжаттары бойынша қарыздар жалпы сомасы 43,8 миллиард теңгеге толық өндірілді.«Қазіргі уақытта сот орындаушыларының іс жүргізуінде 33,7 миллиард теңге сомасына 438 іс бар. Оның ішінде 132 іс борышкерлердің жалақысынан ай сайынғы берешекті ұстап қалу сатысында тұр. 38 жағдайда борышкерлерді іздеуге жариялау салдарынан орындау тоқтатылды. Атқарушылық құжаттардың орындалмауы Қазақстан Республикасының заңнамасын елеулі бұзу ретінде қарастырылады, бұл әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін», - деп атап өтті Азамат Айнабеков.Мәселен, осы жылдың басынан бастап 408 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде 389 борышкер жауапқа тартылды. Ең жиі қолданылатын санкцияларға 345 борышкерге әсер еткен 5-тен 40 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі айыппұлдар, сондай-ақ 44 борышкерге қолданылған 2-ден 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алу кіреді.Сонымен қатар, сот орындаушылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірқатар бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасауға құқылы.«Қарыздарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру үшін Астана қаласының Әділет департаменті кешенді тәсілді енгізуде. Осы тәсіл аясында полиция департаменті мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен бірлескен рейдтер жүргізіледі, олардың барысында борышкерлерге міндеттемелерді орындамаудың салдары туралы хабарламалар мен ескертулер беріледі. Сонымен қатар, жұмыссыз борышкерлер үшін азаматтарға жұмысқа орналасуға және қарыздарын өтеуді қолға алуға көмектесу мақсатында ай сайын Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жәрмеңкелер туралы ақпарат департаменттің ресми сайтында жарияланады», - деді спикер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/890688
Алматылық Юсуф Гусейнов қоршаған ортаны аялаудың үлгісін көрсетіп жүр 26.11.2024
Юсуфтың «Өзің тұратын және жұмыс істейтін жерді құрметте, сүй және бағала» деген өмірлік ұстанымы оның дүкенінің айналасындағы кеңістікті абаттандыруда көрініс тапты. Бұл бастамаға қалалық әкімдік қолдау көрсетті.«Ғимараттың артында қоқыс жәшіктері тұрған қараусыз қалған аймақ болды. Оның жанында үлкен шұңқыр болды. Контейнерлер алынып тасталды, содан кейін мен аумақты тегістеу үшін топырақ әкелдім», - дейді Юсуф аға.Сонымен қатар, ол шеңбер бойымен туя мен раушан гүлдерін отырғызып, периметрі бойынша аумақты қоршады. Бірнеше жыл бұрын Юсуф жол бойындағы көгалдарға ауысып, аудан әкімдігі қураған шөптесінді алып тастады.«Әкем маған әрқашан өзің тұратын және жұмыс істейтін айналаңда тәртіп болуы керек деп үйретті. Адамдарға айналасының таза және ұқыпты болғаны ұнайды», - дейді Юсуфтың ұлы Елнұр Гусейнов.Айта кету керек, екі мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспортына қол қойды. Бизнес субъектілеріне абаттандыру паспорттарын тапсыру «Таза Қазақстан» бағдарламасы және Алматы қаласын абаттандырудың жаңа қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады. Алматыда барлығы 6 мыңнан астам нысан паспорттауға жатады.Паспорттау процесі 2025 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарлануда.Объектілерді паспорттау үш кезеңге бөлінеді. Жақында басталған бірінші кезең барысында магистральдық көшелердегі бір жарым мыңнан астам нысан қамтылды. Екінші кезеңде қалалық маңызы бар көшелердегі объектілерді паспорттау өтеді, ал үшінші кезеңде абаттандыру паспорттарын аудандық маңызы бар көшелердегі объектілер алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/890685
Алматы әкімі мен Қытай Эксимбанкінің вице-президенті инвестициялар тарту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады 26.11.2024
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайдың экспорттық-импорттық банкінің (Эксимбанк) вице-президенті Ян Дуннин бастаған делегациясымен кездесу өткізді.Тараптар инфрақұрылымдық және жасыл жобаларды дамытуға, қаржы нарығын кеңейтуге, сауда-экономикалық байланыстар мен өзара туристік іс-қимылды тереңдетуге бағытталған өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.Қалалық көлік инфрақұрылымы (жаңа метро желілерін салу) саласындағы негізгі жобаларды қаржыландыру, жаңа индустриялық жобаларға көше отырып, экономиканы әртараптандыру, жасыл жобаларды іске асыру (ҚТҚ өңдеу зауытын салу) және туризмді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу барысында 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы, келесі 2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы болып жарияланғаны атап өтілді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыға Қытайдан 40 мыңнан астам турист келді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68% - ға көп.Сонымен қатар, шетелдік инвестицияларды тартудағы қаланың рөлі талқыланды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда тікелей шетелдік инвестициялардан 3,8 млрд. АҚШ доллары тартылды. Алматының Қытаймен тауар айналымы 9 айда. 2024 жылы - 5,6 млрд. АҚШ доллары (немесе ҚХР-мен ҚР тауар айналымының 28,9%).Ян Дуннин ханым жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Эксимбанктің мегаполисті тұрақты дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін атап өтті.Соңында тараптар индустрияландыруды, көлік инфрақұрылымын, қаржы нарығын және Алматының туристік әлеуетін дамытуды қоса алғанда, бірлескен бастамалар шеңберінде жемісті ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/890691
Ақтөбе облысында арнайы экономикалық аймақ құрылады 26.11.2024
Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Үкіметтің қаулысы дайындалды."2049 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге "Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы құрылсын", — делінген құжатта.Сондай-ақ, "Ақтөбе" АЭА туралы ереже және АЭА нысаналы индикаторлары әзірленді."Ақтөбе" арнайы экономикалық аймағы Ақтөбе облысында, Ақтөбе қаласының оңтүстік бөлігіндегі "Оңтүстік айналма" тас жолының бойында, Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының жанында орналасқан.АЭА аумағы Қазақстан Республикасының аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 858 гектар жерді құрайды.Дереккөз: Zakon.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/890632
Түркістан облысында жылына 1000 тонна банан өсіріледі 26.11.2024
Түркістан облысында 2023 жылдан бастап банан өсіретін бірегей жылыжай кешені жұмыс істейді. Жобаны «GenGroupKazakhstan» компаниясы жүзеге асырды. Ол заманауи жылыжайларды құрумен айналысады және әртүрлі ауыл және тропикалық дақылдарын өсіреді.Инвесторлар Түркияның ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесін зерттеді. Бұл ретте климаттық жағдайларға төзімділік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ауа райы жағдайлары мен топырақтың сипаттамаларын мұқият талдағаннан кейін Түркістан облысының Сайрам ауданында банан өсіру туралы шешім қабылданды.5 га алқаптағы алғашқы жылыжай 2023 жылдың маусымында пайдалануға берілді. 2024 жылдың мамыр айының соңында алғашқы өнімдер жиналды.Қазіргі уақытта «GenGroupKazakhstan» компаниясы қызанақ пен құлпынай өсіретін жаңа жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Ауданы 6 га жаңа жылыжайдың қуаттылығы - 3 мың тонна қызанақ, 130 тонна құлпынай өсіруге қарастырылған. Жобаның жалпы құны 13,4 млрд теңгеге бағаланады, ал жобаларды іске асыру 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.Сондай-ақ, қазіргі уақытта 10 га ашық жерге манго, авокадо және көкжидек өсіру жобасы әзірленуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/890639
Олжас Бектенов әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құруды тапсырды 26.11.2024
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің цифрландыру саласын дамыту мәселелері қаралды.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Astana Hub жұмысының аясында IT-экспорт көлемін арттыру, цифрлық платформалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық стартаптарды іске асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ «Терриконовая долина» IТ-хабының басшысы Сабир Ниязов, Arlan BioTech компаниясының басшысы Болат Сұлтанкұлов, ITS Partner Ltd компаниясының басшысы Марат Тастеміров баяндама жасады.Қазақстан әлемде цифрландыру саласы дамыған ең озық 30 мемлекеттің қатарына кіреді және онлайн-қызметтер көрсету бойынша 8-орында. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында IT-қызмет экспорты $306 млн-ға дейін өсті. Жыл соңына дейін $600 млн-нан асады деп күтілуде. Жалпы 5 жыл ішінде отандық IT-қызметтердің экспорты 20 есеге ұлғайды. Елімізде роботтандыру және жасанды интеллект технологиялары орнықты дамуда, көптеген салаларда трансформация жалғасып жатыр.Заңнамалық база қалыптастырылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Цифрлық трансформация тұжырымдамасы қабылданды, сондай-ақ венчурлік нарықты және стартап-экожүйені дамыту үшін қолайлы экономикалық жағдайлар жасалды. Astana Hub технопаркі көптеген стартаптар үшін шын мәнінде инновациялық кластерге әрі ең негізгі әріптеске айналды. Бұл алаңда 1,5 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеуде. E-commerce, BigData, GameDev, Fintech, MedTech пен басқа да серпінді жобалардың экспорттық әлеуеті жоғары. Олардың белсенді дамуы 2026 жылға қарай ІТ-өнімдер мен қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін өсіруге ықпал етпек.Премьер-министр Үкімет алдағы уақытта да IT-технологиялар мен көрсетілетін қызметтер саласын белсенді қолдай беретінін атап өтті. Өңірлік акселерациялық бағдарламаларды және басқа елдердегі жаһандық әріптестік желіні дамыту саясатын одан әрі жалғастыру қажет.«Мемлекет басшысы 2029 жылы цифрлық технологиялардың экономикаға қосатын үлесін 1%-ға дейін, ал ІТ-қызметтердегі жергілікті үлесті кемінде 80%-ға жеткізу міндетін қойды. Оған қол жеткізуде IT-хабтар мен венчурлік қорлар басты драйверлерге айналуға тиіс. Соңғы алты жылда Қазақстанда венчурлік қаржыландыру көлемі 6 еседен астам өскен. Әрі қарай өсу үшін біз осы саладағы озық сарапшыларды тартуымыз керек. Бұл орайда білім беру бағдарламаларын дамытып, ірі бизнесті тарту және сауатты цифрлық инфрақұрылым құру жұмыстарына жете көңіл бөлу қажет. Цифрландыру, ІТ-саланы дамыту және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыру экономиканың дамуына ықпал етуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.Президент қойған жасанды интеллектіні дамыту міндеттерін іске асыру аясында салалық заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Келер жылы Астанада Жасанды интеллект орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жас таланттарды тарту нүктесіне айналуға тиіс. Цифрлық даму министрлігіне осы мәселені ерекше бақылауда ұстау тапсырылды.IT-саланың жоғары білікті мамандарын даярлау басым міндет болып табылады. Astana Hub-та үздік халықаралық тәжірибе ескеріліп, қажетті жағдайлар жасалған. Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту министрліктеріне Astana Hub-пен және өңірлік хабтармен өзара тығыз байланыса отырып, одан әрі даму және оқыту тұжырымдамасын жасау тапсырылды. Осы ретте оқу бітірген мамандардың санын көбейту мақсат емес, олардың даярлық сапасына баса назар аудару қажеттігі аталып өтті. Үздік әлемдік әдістемелерді назарда ұстап, цифрлық білім мен дағдыларды арттыру тәсілдерін үнемі жаңартып тұру маңызды. Сонымен қатар өңірлердегі цифрлық инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін бұл мәселелерге әкімдіктер тарапынан тиісті көңіл бөлінуі тиіс. Салалық министрлікке өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, Astana Hub-ты дамыту, өңірлік хабтарды қолдау және IT саласында экспортқа бағытталған бағыттарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды қолдау жүйесіндегі тәсілдерді жаңарту тапсырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/890665