Қуқық
Жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды 25.11.2024
Бұған дейін Алға ауданының әкімі болған Нұрбол Бақытжанұлы Ержанов жаңадан құрылған Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол 1987 жылы дүниеге келген, білімі жоғары: 2008 жылы - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Электр энергетикасы», 2010 жылы - Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Құқықтану», 2010 жылы - М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 2019 жыл - Ресей Федерациясы Президенті жанындағы мемлекеттік және халық шаруашылығы Ресей Академиясын «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2008 жылы «КазПромСтройГрупп» ЖШС менеджері болып бастаған.2008 – 2009 жж. ҚР Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген.2009 – 2014 жж. «КазПромСтройГрупп» ЖШС директорының орынбасары, «Үркін Мұнай» ЖШС директоры, ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық - техникалық қамсыздандырубасқармасының іс жүргізу бойынша инспекторы, Астана қаласы бойынша Бас көлік прокуратурасының Акмола көлік прокурорының көмекшісі, «Новая Эра» ЖШС директоры болып жасаған. 2014 – 2021 жж. Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімі аппаратының инфрақұрылым бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Қандыағаш қаласының әкімі, Мұғалжар ауданы әкімнің орынбасары қызметтерін атқарған.2021 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Алға ауданының әкімі қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/889671
Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 25.11.2024
Әсет Өтегенұлы Оралбаев Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген, білімі жоғары: 2004 жылы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік басқару», 2006 жылы – Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінің менеджері болып бастаған.2005 – 2024 жж. Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында; бизнес субъектілерінің басшылық лауазымдарында жұмыс істеген.2024 жылдың қаңтар айынан бастап «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының кеңесшісі және «С.М.Киров атындағы Машина жасау зауыты» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарып келген. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/889677
Алматыда ардагер десантшы Виктор Изюмниковты ғасырлық мерейтойымен құттықтады 25.11.2024
Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Медеу ауданының құрметті тұрғыны Виктор Карпович Изюмников өзінің жүзінші туған күнін қарсы алды.Таңертеңмен ардагердің үйіне Десанттық-шабуылдау әскерлерінің, қорғаныс істері жөніндегі қалалық департаменттің әскери қызметшілері, Алматы қаласы Қарулы күштердің ардагерлері кеңесінің өкілдері жиналды.Ардагерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Алматы өңірлік гарнизонының бастығы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің атынан құттықтау жеткізіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.Мерейтой иесі 1924 жылы Орал облысы, Зеленов ауданы, Чернояров елдімекенінде дүниеге келген. 1942 жылы 17 жасында майданға шақырту алған жас жігіт Ленинград әскери байланыс училищесіне жіберіледі. Бұл оқу орны сол кезде Оралға көшірілген еді. Оқуды бітірмей жатып, 1943 жылдың маусымында бір топ курсант әуе-десанты әскерлеріне жіберіледі.Виктор Изюмников Мәскеу облысының Ступино қаласындағы 17-ші десанттық гвардиялық бригада құрамында майданға кіреді. Осы әскери бөлімнің сапында ол Венгрия мен Австриядағы ұрыстарға қатысты. Вена мен Чехословакиямен шекарадағы Знайме (Зноимо) қаласын азат етуге қатысып, жеңісті қарсы алды.Соғыс аяқталғаннан кейін шайқаста шыңдалған жауынгер аға сержант атағын алып, радиостанция бастығы лауазымына тағайындалды. 100-ден астам парашютпен секірді. Виктор Карпович Изюмников II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін» және тағы басқа медальдармен марапатталды.Әскерден кейін Виктор Карпович еңбек майданына араласты. Тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысты. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген агрономы, экономика ғылымдарының кандидаты, екі рет Жоғарғы Кеңестің депутаты болып сайланды. Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі, Қазақстан Министрлер Кеңесінің іс басқарушысы болды.– Бұл қазір Алматыда тұратын әуе-десанты әскерлерінің жалғыз ардагері. Виктор Карповичтің бізбен бірге бір сапта болғанын мақтан тұтамыз. Жастарды десанттық бауырластық рухында тәрбиелейміз. Біз үшін құрметті ақсақал батылдықтың, табандылықтың және әскери борышқа адалдықтың нағыз үлгісі болып табылады, – деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов.Ардагер әскери қызметшілерге өз тілегін білдірді.– Антқа адал болып, елге қызмет етіңіздер. Президентіміз жаңа Қазақстанның құрылысы туралы жариялады. Бұл тапсырманы орындау көбіне жастарға байланысты. Ең бастысы – бейбітшілік пен бірлікті сақтау, сонда біз табысқа жетеміз, – деді Виктор Карпович.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889689
Қазақстандық делегация Ideas Pakistan 2024 көрмесіне қатысты 25.11.2024
Пәкістанның Карачи қаласында еліміздің Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктері және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өкілдері қорғаныс технологияларымен танысты.Karachi Expo орталығында 55 елден 550 халықаралық қорғаныс өнімдерін өндіруші мен жеткізуші өздерінің әзірлемелерін, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін көрсетті. Көрмеге қару-жарақ пен оқ-дәрілер, ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар, ұрыс алаңын басқару жүйелері, арнайы жабдықтар, өнеркәсіптік және логистикалық қолдау, әскери-теңіз корабльдері және тағы басқа да қорғаныс саласының өнімдері қойылған. Халықаралық іс-шара аясында өткен халықаралық семинарда қорғаныс технологияларының келешегін қалыптастыратын соңғы жетістіктер мен инновациялар қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889696
Алматы халықаралық әуежайында күрес бойынша CISM әлем чемпионатынан оралғандарды қарсы алды 25.11.2024
Ереванда грек-рим және еркін күрестен өткен 37-ші әлем біріншілігінде армия спортшылары үш алтын және төрт қола еншіледіЖеңімпаздар мен жүлдегерлерді Армия орталық спорт клубының басшылығы, әскери қызметшілер мен туған-туыстары күтіп алды. Армения астанасында грек-рим және еркін күрестен өткен CISM әлем чемпионатына әлемнің 24 елінен 400 спортшы жиналды. Қазақстан Армия орталық спорт клубының атынан чемпионатқа 17 әскер балуаны шықты. Жекпе-жектің нәтижелері бойынша еркін күрес шеберлері, ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Камиль Куруглиев (97 келі) және ефрейтор Мейіржан Әшіров (70 келі) тұғырдың ең жоғарғы сатысынан көрініп, чемпион атанды. 130 келі салмақта грек-рим стилінде күрескен спортшы ефрейтор Әлімхан Сыздықовқа қарсылас шақ келмеді. – Қарсыластар мықты болды, жақсы дайындалғандары көрініп тұр. Әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғағаныма қуаныштымын. Тынымсыз жаттығулардың нәтижесі де жақсы болды. Бізді қолдағандардың барлығына алғыс айтамын, – деді чемпион Мейіржан Әшіров.Біріншіліктің қорытындысы бойынша грек-рим стиліндегі балуан кіші сержант Айдос Сұлтанғали (60 келі) және ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Рүстем Мырзағалиев (86 келі) қола медальдарға ие болды. Әйелдер күресінде үшінші орын ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Светлана Анкичева (50 келі) және Марина Седнева (55 келі) иеленді.– Спортшыларымыздың жеңісі Мемлекеттік Тудың көтеріліп, Қазақстан әнұраны орындалған кезде ерекше сезіледі екен. Біз үшін бұл сәт тебіренерлік мақтанышқа толы болды. Чемпиондарымызға зор еңбегі, ерік-жігері мен батылдығы үшін рахмет айтамын, – деді Қорғаныс министрлігі АОСК (Алматы филиалы) – Спорт комитеті оқу-жаттығу орталығының бастығы майор Берден Ақпанбеков.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889705
Ауыл шаруашылығы министрі азаматтарды қабылдады 25.11.2024
Түрлі мәселелер бойынша 12 адам қабылданды. Жер пайларын қайтару, соя сүтін өндіру бойынша жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, құс шаруашылығын дамыту, жайылымға жер учаскелерін беру және т. б. мәселелер қаралды.Министр барлық өтініштерге егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ сұрақтар мұқият зерттелетініне және ескерілетініне сендірді.Министрлік басшылығы белгіленген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889674
Жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық есеп жариялайды 25.11.2024
Су саласында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл сайын өз сайтында Қазақстанның су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есеп жариялайтын болады. Жаңа Су кодексінің жобасында аталған норма қарастырылған.Ұлттық есеп - бұл еліміздің су қорының жай-күйі, қорғалуы және пайдаланылуы туралы өткен күнтізбелік жылға талдамалық есеп.Онда негізгі өзендердің сулылығы туралы мәлімет, су шаруашылығы бассейндері, өңірлер мен экономиканың салалары бөлінісінде су пайдалануды талдау, су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстардың, оның ішінде мемлекетаралық құрылыстардың саны мен жай-күйі туралы ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ, құжатта су қорын қорғау бойынша іске асырылған іс-шаралар, инвестициялық жобаларды іске асыру және заманауи технологияларды енгізу туралы мәліметтер жазылады.«Жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар есепті жылдан кейін 1 наурызға дейін есеп беру үшін ақпарат дайындауы тиіс. Ұлттық есеп 1 мамырдан кешіктірілмей жариялануы керек. Бұл Қазақстанның су ресурстарын басқару мен пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді»,- деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/889602
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 25.11.2024
Шорт-трек: Италияның Бормио қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Alta Valtellina Trophy халықаралық жарысында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Турнир бүгін мәресіне жетеді.Мәнерлеп сырғанау: Қытайдың Чунцин қаласында аяқталған мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінде Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды. Ол қос жаттығудан кейін 276.17 ұпай жинады. Шайдоров былтыр осы жарыстың қола жүлдегері атанған еді.Семсерлесу: Канаданың Ванкувер қаласындаөткен семсерлесуден Әлем кубогінде Қазақстанерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды.Пара дзюдо: Астанада өткен пара дзюдодан халықаралық Grand Prix турнирінде Қазақстан құрамасының спортшылары 14 медаль (6 алтын, 4 күміс, 4 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.Теннис: Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Португалияның Лозада қаласында өткен ITF W35 турнирінің жұптық сынында чемпион атанды. Жерлесіміз Беларусь өкілі Юлия Хатукамен бірге жұп құрап, финалда ресейлік Полина Яценко мен бельгиялық Ханне Вандевинкельден 6:3, 1:6, 10:4 есебімен басым түсті.Эстетикалық гимнастика: Эстонияның Тарту қаласындағы эстетикалық топтық гимнастикадан әлем чемпионатында спортшыларымыз 2 қола медаль жеңіп алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/889594
Абай облысының оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын жасап шығарды 25.11.2024
Бородулиха ауданы Жезкент мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сатылмайтын Алпамыс» атты компьютерлік ойын әзірледі. Ойынның басты мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың зиянын түсіндіріп, оған қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру.Ойын квест форматында жасалған. Мұнда ойыншы өзіне жасырын агент немесе журналист рөлін таңдай алады. Сондай-ақ тергеуді кімге қатысты жүргізетінін де өзі шешеді: сот, прокурор немесе мемлекеттік қызметші. Ойын барысында ол әртүрлі эпизодтардан өтіп, жемқорлыққа қарсы әрекеттердің қыр-сырын меңгереді және ойын соңында жемқорлықты әшкерелейді.Қазіргі уақытта ойын мектепте құқық негіздері сабағында тәжірибе ретінде қолданылып жүр. Автор болашақта бұл жобаны ұялы телефондарға арналған тегін қосымша ретінде үш тілде ұсынуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта Нұрали өткен жылы І республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауында жеңіп алған 1 000 000 теңге сыйақысын ойынды дамытуға жұмсаған. Сонымен бірге ойынның әр кезеңіне Абайдың қара сөздерін қосу арқылы оның рухани мазмұнын байытуды жоспарлап отыр. Бұл ойыншыларға шешім қабылдауда терең ой салуға бағытталған.«Ойын Қазақстандағы нақты оқиғаларға негізінделген көркем роман форматында жасалған. Әр эпизодта Қылмыстық кодекске түсіндірме беріліп, оқушылардың құқықтық сауаты арттырылады. Ал ойын соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады», – дейді Нұрали.«Сатылмайтын Алпамыс» – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға арналған ерекше жобаға айналды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/889595
Астанадағы LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды 25.11.2024
LRT желісі станцияларының темірбетонды негізгі құрылыстары 100% аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.Атқарылған жұмыстар аясында монолитті қаңқалар, көтергіш арқалықтар, платформалардың темірбетонды конструкциялары, ригельдер және басқа да элементтер салынды. Бұл үшін В45 маркалы 79 971 текше метр бетон мен 9,59 мың тонна арматура қолданылды.LRT желісі көп деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 станциядан тұрады, олар екі түрге бөлінеді: жердегі (11 станция) және жер үсті (7 станция).Жер үсті станциялары Сығанақ көшесінде (2 станция), Ш. Қалдаяқов көшесінде (4 станция) және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында (1 станция) орналасқан станциялар жолға орталықтандырылған орналасуымен ерекшеленеді. Станцияларға қауіпсіз кіру үшін жерүстінен өтетін екі өткел қарастырылған. Барлығы – 14 өткел.Биыл № 101 станциясының (100% дайын) қасбет жұмыстары аяқталды, оған 497,51 тонна металл конструкцияларын орнату және сыртқы панельдер мен витраждарды қаптау (4 765 м²) кіреді. № 109 және № 112 станцияларында 1 210,22 тонна металл конструкциялары орнатылды.2025 жылы барлық станция құрылысы толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр. Соның ішінде қасбеттердің монтажы, жерүстінен өтетін өткелдердің құрылысы, ішкі әрлеу, жақын аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889591
Жаңа әкімге Алға ауданының экономикалық өсімін ұлғайту міндеті қойылды 25.11.2024
Бүгін Алға ауданы активінің отырысында өңір басшысы Асхат Шахаров ауданның жаңа әкімін таныстырды.Бұл лауазымға Асланбек Шүйіншалиев тағайындалды. Асхат Шахаров ауданның жаңа әкіміне сәттілік тілеп, Алға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттер қойды.Облыс әкімі атап өткендей, аудандағы экономика тұрақты дамып келеді, алайда одан әрі ілгерілеу үшін салаларды әртараптандыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және инвестицияларды белсенді тартуға назар аудару қажет.«Алға ауданының экономикасы тұрақты дамуды көрсетіп отыр, алайда өңдеу өнеркәсібінің үлесі небәрі 1,1% құрайды. Соңғы үш жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 179,8 млрд теңгені құрады, оның тек 0,04%-ы – аудан үлесіне тиесілі. Қайта өңдеу мен тау-кен өнеркәсібіне инвестициялардың өсуін ынталандыру үшін инвесторларды тарту және қолайлы жағдайлар жасау қажет. Ауданда инвестиция көлемі 70 млрд теңге болатын «Aqtobecem» ЖШС базасында цемент өндіретін зауыт салу жоспарлануда, ол 385 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Алға индустриялық аймағында 2015 және 2017 жылдары іске қосылған екі ғана кәсіпорын жұмыс істейді, ал соңғы бес жылда жаңа инвестициялар мен кәсіпорындар болған жоқ. Өнеркәсіптік аймақтың әлеуетін пайдалана отырып, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыру қажет», - деп тапсырды ауданның жаңа әкіміне Асхат Шахаров.Сонымен қатар, өңір басшысы ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құс шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, балық және қайта өңдеу шаруашылықтарын дамытуды тапсырды. Ауданның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Аудандағы жолдардың сапасын жақсарту, санитарлық тазалықты жақсарту бойынша жеке тапсырмалар берілді.«Инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде Алға-Тоқмансай трассасын, Алға-Қарабұлақ жолындағы көпірді және Талдысай ауылына кіреберіс жолды аяқтау үшін 2025 жылға арналған қаржыландыру мәселесін шешу қажет. Бұрынғы химия зауытының қалдықтары да өзекті мәселе: салмағы 2,6 млн тоннаны құрайтын қауіпті қалдықтардың 17 түрі анықталды. Аумақты тазартып, қоршап, тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізбеу қажет», - деп әкім жұмыстың негізгі бағыттарына баса назар аударды.Алға ауданының жаңа әкімі барлық қойылған міндеттерді орындауға және күш-жігерін ауданның экономикалық әлеуетін дамытуға бағыттауға дайын екенін білдірді.Өз кезегінде ауданның бұрынғы әкімі Нұрбол Ержанов өз жұмысы кезеңінде көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін алғысын білдіріп, ауданның жаңа әкіміне өңірдің дамуы үшін табыс пен жемісті жұмыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/889581
Түлектерге қосымша карьералық мүмкіндіктер ашылады – JOLTAP жобасының қатысушысы 25.11.2024
Астанада JOLTAP жобасы өз жұмысын жалғастыруда, оның аясында астаналықтар қазіргі кәсіптік мамандықтар бойынша тегін білім ала алады. Жоба түлектерінің бірі Рабиға Махмұт жаңа білімнің кәсіби деңгейін және қызмет құнын қалай арттыратынын айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Рабиға бірнеше жылдан бері SMM маманы болып жұмыс істейді, бірақ еңбегінің ақысы азғантай болатын.«Курсқа дейін мен SMM маманы ретінде достарымнан аздаған ақшаға шағын жобаларды қабылдап жүрдім. Ата-аналарға арналған қызметтерді дамытуға көмектестім. Кәсіби өсу үшін қосымша білім қажет болды», – дейді жоба түлегі.Оған JOLTAP бағдарламасы туралы жоба бойынша мобилографияны үйренген әпкесі айтқан.«Бастапқыда күмән болғаны рас: тегін білім берудің сапасы еріксіз ойландыратын. Бірақ әпкем оқу үдерісінің анық, түсінікті және жүйелі екенін айтып сендірді. Осыдан кейін бағымды сынап көрмек болып, курсқа жазылдым. Алдымен SMM арқылы, содан кейін мақсатты жарнама арқылы. Ол кезде шағын интернет-дүкенім болатын, ал жарнама көздеген нәтижемді бере қоймады, сондықтан жарнамалық шығындардың тиімділігін арттыру үшін жарнаманы қалай жасау керектігін үйренгім келді», - дейді ол.Түлек SMM маманы үшін трендтерді ұстану және үнемі жаңа нәрселерді үйрену маңызды екенін атап өтті.«Осыған дейін жобаларды қалай жүргізу керектігі туралы жүйелі білім болған емес. Курстан кейін айқын көзқарасым пайда болды. Мұғалім бәрін анық-қанығына дейін түсіндіріп, оқу процесінде бізге қолдау көрсетті. Бұл курстар маған бұрын болмаған сенімділік берді», - деп атап өтті JOLTAP түлегі.Оның айтуынша, курс барысында ол мақсат қоюды және қателермен жұмыс істеуді де үйренді.«Мен көп жылдар бойы өз бетімше таргетингті зерттедім, бірақ жарнамаға қатысты сенімді емес едім. Соның салдарынан ақша ауаға кетіп қалатын. Курста мақсатты көрсеткіштерді қалай дұрыс қою керектігін, қандай қателіктер жіберілетінін, бюджетті қалай тиімді пайдалану керектігін білдім. Таргеттік жарнамадағы қателерді зерттеу өте пайдалы болды», - деп атап өтті Рабиға.Курстарды аяқтағаннан кейін Рабиға SMM маманы ретінде жұмысын ары қарай жалғастыруда, бірақ ендігі білім деңгейі бұрынғыдан да жоғары. Ол тек контент жасап қана қоймай, мақсатты жарнаманы жолға қоятын озық маманға айналғандықтан, өз еңбегінің ақысын көтере алды.«Курстардың нәтижесінде сертификат қана емес, сонымен қатар күнделікті қолданатын білім де бар. Бұл бізге үлкен жобаларда бірлесіп жұмыс істеуге және кірісті арттыруға мүмкіндік берді», - деді ол.Түлек JOLTAP жобасының қолжетімділігін жоғары бағалады.«Бұл Қазақстандағы ең жақсы жобалардың бірі деп айта аламын. Білікті мамандар материалдың жоғары сапасы мен өзектілігін қамтамасыз етеді. Тегін оқыту әрбір адамға қаржылық жағдайына қарамастан білім алуға мүмкіндік береді. Түлектерге қосымша карьералық мүмкіндіктері беріледі. Бұл курстарды достарым мен таныстарыма қуана-қуана ұсынамын», - деп сөзін түйіндеді ол.Цифрлық кәсіптерге оқытуға арналған қысқа мерзімді Freelance Mumkindik бағдарламасы тек Астана қаласының 18 бен 50 жас аралығындағы тұрғындарына қолжетімді. JOLTAP жобасы аясында оқыту тегін жүргізіледі. Оқуға жазылу «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктерінде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889362
Астанада 100-ге жуық отбасы жүгіру іс-шарасына қатысты 25.11.2024
Астана қаласындағы Триатлон саябағында отбасылық жүгіру іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Күз мезгілінің соңғы күндері болса да, Астанада қар түсіп, ауа райы төменгі градусты көрсетіп тұрғанына біршама болды. Алайда жексенбі күні қатты аяз болмай, қатысушыларға ауа райы қолайлы болды. Дәстүрлі отбасылық жүгіру сайысына 100-ге жуық отбасы тіркеліп, әкелер – 2,3 шақырым, аналар – 0,5 шақырым, балалар – 0,2 шақырымда жарысты.«Тұрақты жүгіретін жандар жазда және қыста жүгірудің айырмашылығын бірден сезінеді. Қыста жылдамдық азайып, көп қимылдауға тура келеді. Оның үстіне Астана қаласының қысы қатал болғандықтан, жергілікті тұрғындар ауа райына бейімделген. Әсіресе бала ата-анасы арқылы қыста да спортпен айналысуға болатынын көріп, қорқынышын азайтады.Балалар арасында 8-13 жас аралығы деп белгіленді. Неліктен? Cебебі, 8 жаста ғана баланың дене-бітімі қалыптасып, қатты жүгіруге бейімделеді. Қашықтық та қатты үлкен емес. Небәрі – 200 метр. Оның өзінде бұл санатты тағы 3-ке бөлдік: 8-9 жас, 10-11 жас, 12-13 жас. Өйткені физикалық тұрғыдан айырмашылық қатты білінеді.Бұндай шара әр жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мақсатымыз – әр отбасыны салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға шақыру. Себебі, отбасылық эстафетаның ерекшелігі – отбасылар өзара бір-бірін қолдауды, сенім артуды, тіл табысуды үйренеді», - деді Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек.Жарысқа қатысқан отбасылар жалпы сайыста емес, әр жеке категорияда жүлдегерлерді анықтап, жеке нәтижесіне байланысты естелік медальдар мен сыйақыға ие болды. Сондай-ақ, қатысушылар арасында лотерея арқылы 10 велосипед ойнатылып, ыстық шай мен сендвич таратылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889526
«Түнгі қаладағы балалар»: Астанада балалар мен жасөспірімдің қауіпсіздігі тексерілді 25.11.2024
Астанада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, сол сияқты балалардың қадағалаусыз және бақылаусыз қалуының алдын алу мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Алматы және Нұра аудандарының ПБ ЖПҚБ ЮПБ қызметкерлері кәмелетке толмағандарды, ІІО есебінде тұрған қолайсыз отбасыларды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайлардағы отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде, ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуына жол беру фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды.Іс-шараға Нұра және Алматы ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері, қалалық Полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімі, Білім басқармасы және елорда әкімдігінің Әйелдер істері және демографиялық саясат, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өкілдері қатысты.Іс-шара барысында полиция басқармасына 94 жасөспірім жеткізілді. 88 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2,3-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуы) – 68. 12 кәмелетке толмаған ІІО-ға орналастырылды.Астана әкімдігінің Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Қарлығаш Сәркенованың айтуынша, кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау мәселелері комиссияның ерекше бақылауында.Айта кетейік, бұл іс-шара жыл соңына дейін жалғасатын болады.Еске салсақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес, 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қарауынсыз ойын-сауық орындарына баруына тыйым салынған, сондай-ақ 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден заңды өкілдерінің ерік жүруінсіз шығуына тыйым салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889579
Ақмола ауылдық мектебінің командасы Италияда өткен робототехника бойынша әлем чемпионатында жеңімпаз атанды 25.11.2024
Италия мемлекетінің астанасы Римде өткен Халықаралық Fibonacci International Robot Olympiad әлемнің түкпір-түкпірінен робототехника әуесқойларының басын қосатын ең ірі жарыстарының бірі. 28 мемлекет қатысқан жарыста Бурабай ауданындағы Қызылағаш ауылы Абылайхан мектебінің командасы әлем чемпионы атанды.Еліміздің намысын Жеңіс Дидар, Қаппасов Дидар, Кәдірбай Нұрәлі қорғаған. Жетекшісі, информатика пәні мұғалімі Нұржан Әбілжанов.Жарыс 14 санат бойынша өтті. Бір санатқа бір мемлекеттен 5 команда қатыса алды.Нәтижесінде Қазақстаннан келген командалар үш орынға ие болды. Оның ішінде «Lego Line Following» санатында Ақмола ауылдық мектебінің командасында 1 орында.«Халықаралық деңгейдегі жарысқа қатысып, ел намысын қорғап, биік жетістіктеріне жеткендеріне қуанышты және жеңіспен оралуына ұстаздарымызға ризашылығымызды білдіреміз!» – деді бурабайлықтар.Естеріңізге сала кетейік, бұл команда Республикадан өтіп, Турция мемлекетінің Анталия қаласында өткен Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп Римге жолдама алған болатын.Айта кетейік, Ақмола облысында 200-ден астам мектеп робототехника кабинеттері мен элементтерімен жабдықталған және 80-нен астам робототехника үйірмелері жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/889558
Облыс әкімі Shengsong компаниялар тобы өкілдерімен кездесті 25.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ағаш тақтайшаларын өндіруге арналған технологиялық желілерді жобалауға маманданған Shengsong компаниялар тобы өкілдерімен кездесті. Осы салада он жылдан артық тәжірибесі бар компания Қытайдың жетекші өндірушілерімен тығыз жұмыс істейді. Сондай-ақ, келіссөзге Beijing ZHAOSHANG Technology Co., LTD өкілдері де қатысты.Shengsong - Қытайдағы ағаш тақтайшаларын өндіруші ең ірі кәсіпорындардың бірі. Өнімдер қатарында ДСП, МДФ/ХДФ сияқты өте жұқа бөлшекті тақтайшалар бар. Компания E1, EO, CARB-P2 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін экологиялық өнімге назар аударады. Сонымен қатар формальдегидсіз тақтайшалар шығарады. Жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы 1 млн текше метрге жетеді.Алдағы жылдары Shengsong ағаш тақтайшаларын өңдеу, қаржылық қызметтер және жылжымайтын мүлік салаларында өз қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр. Компанияның стратегиялық мақсаты-Қытайдың ағаш өңдеу саласының көшбасшысы болу.Кездесуде компания өкілдері бөлшекті тақтайшаларды шығаруға бағытталған өндірістік желіні салуға ниет білдірді."Біз өңіріміздің ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік беретін озық тәжірибелер мен технологияларды тартуға мүдделіміз. Жаңа өндіріс желісін салу жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканы нығайтуда маңызды қадам болары сөзсіз. Біз жобаны қолдаймыз", - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.Кездесу Абай облысында ағаш өңдеуге инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған перспективалы ынтымақтастыққа бастама болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889525
Болашақ стипендиаты Рахат-Би Әбдісағин Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының Күміс медалін иеленді 25.11.2024
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Рахат-Би Әбдісағин 2024 жылы Лондонның Құрметті музыканттар қауымдастығының беделді Күміс медалін алған алғашқы қазақстандық атанды. Бұл Ұлыбританияның ең көне және маңызды марапаттарының бірі. Салтанатты марапаттау рәсімі қараша айының ортасында Ұлыбритания астанасында өтті.1889 жылы негізі қаланған Күміс медаль жыл сайын Ұлыбританияның жетекші консерваторияларының ең үздік жас музыканттарына беріледі.2024 жыл Рахат-Би Әбдісағиннің шығармашылық мансабындағы айтулы жыл болды. Ақпан айында ол Ұлыбританияның төрт соборында The Bruce операсының әлемдік премьерасын ұсынды. Бұл опера Рахат-Бидің «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шотландияның Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеуінің маңызды бөлігі болып табылады.Сонымен қатар, Рахат-Бидің «Кванттық механика және авангардтық музыка» атты кітабы немістің беделді Springer баспасынан жарық көрді. Физика мен эксперименталды музыканың тоғысқан жеріндегі бұл бірегей зерттеу ғылыми және музыкалық ортада үлкен қызығушылық тудырды. Автор кітабын Нидерланд пен Германияның жетекші университеттерінде, соның ішінде Гейдельберг пен Амстердамда таныстырды. Бұдан бөлек, кітап Ұлыбританияның ең танымал және ірі кітап дүкендерінің бірі — Оксфордтағы басты кітап дүкенінің сөрелерінен орын алды.«Математика, физика және музыканың арасындағы терең байланысты көрсете алғаныма қуаныштымын. Бұл өнер мен ғылымдағы жаңа идеяларға шабыт береді», — деді композитор таныстыру барысында.Рахат-Би Әбдісағин — Еуропа, Азия және Америкадағы әйгілі концерт залдарында орындалатын 150-ден астам музыкалық шығармалардың авторы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/889539
Қаржы саласындағы ашық деректерге қажеттілік туралы сауалнама 25.11.2024
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2024 жылдың 18-29 қараша аралығында қаржы саласындағы ашық деректерге қажеттілік туралы сауалнама өткізіп жатыр. Осыған орай іс-шараға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!Сауалнаманың сілтемесі:https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=5896Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/889535
Болашақ жұмысшы мамандықтардың қолында: Қарағандыда "Enbek.Bolashaq.Damu" жастар слеті өтті 25.11.2024
Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен жұмысшы мамандарына қандай мүмкіндіктер бар – бұл мәселелер Қарағандыда өткен "Enbek.Bolashaq.Damu" жастар слетінде басты мәселелерге айналды. Форумға Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан 600-ден астам қатысушы-делегаттар жиналды.Слетті ұйымдастырушылар – Amanat партиясының Қарағанды облыстық бөлімшесі және "Жастар Рухы" жастар қанаты – осындай ірі іс-шараны алғаш рет өткізіп отырғанын атап өтті.– Келесі жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды және бұл біздің слетіміздің негізгі жолдауы болды. Жастарға біздің облыста көптеген жұмыс орындарын ұсынатын ірі кәсіпорындар бар екенін көрсеткіміз келді. Ол үшін оқу, еңбекқорлық және өзіне сену қажет. Біз мұндай іс-шараларды жыл сайын жастарға пайда әкеліп, кері байланыс алуға мүмкіндік беретіндей етіп жасауды жоспарлап отырмыз, – дейді Қарағанды облысындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитов.Слет аясында жастар Саран индустриалды аймағына барды, онда КamaТyreskz, Silk Road Electronics, QazTehna зауыттарында экскурсия өтті,сондай-ақ жастар кәсіптік бағдар беру бойынша кеңестер алды.Слеттің маңызды бөлігі форсайт-сессия болды, онда өзекті тақырыптар талқыланды: киберқылмыс, синтетикалық есірткі, лудомания және т. б. Ашық диалог барысында әрбір қатысушы сұрақтар қойып, сарапшылардан толық жауаптар ала алды.Слет панельдік отырыспен аяқталды, онда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сөз сөйледі. Ол өңірдегі жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған елеулі күш-жігерді атап өтіп, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартудың, сондай-ақ кәсіптік бағдарлау бағдарламаларын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Тұрғын үй мәселелерін шешуге көмектесетін жас мамандарға арналған жеңілдікті ипотекаға ерекше назар аударылды.– Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Қазақстан-талантты жастар елі. Ертең сіздер мемлекетіміздің абыройын асқақтатасыздар. Ал бүгін біз сіздердің дамуларыңызға барлық жағдай жасауымыз керек" деді. Бұл жай сөздер емес, бірлесіп жүзеге асыратын іс-қимыл жоспары. Біздің облыс жұмыс күшін белсенді түрде жұмылдыруда, бізге басқа өңірлерден мамандар келеді. Бізде Саран қаласында ірі индустриялық аймақ және Қарағандыда "Сарыарқа" аймағы бар. Жұмыстан қорықпаңыздар! Ең бастысы – ниет, ал бос орындар бізде жеткілікті, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Отырысқа жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастар да қатысты. Олар студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісті және еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне назар аударудың қаншалықты маңызды екенін айтты.– Мен ірі кәсіпорындар туралы көп нәрсе білемін деп күткен жоқпын. Біздің облыста мұндай зауыттар бар деп ешқашан ойлаған емеспін. Мен сондай-ақ көптеген қызықты адамдармен таныстым. Мұндай слеттер жастардың қолдауын сезінуі және даму мүмкіндіктерін көруі үшін өте маңызды, – деп атап өтті слетке қатысушы КарУ төртінші курс студенті Диана Мұстафина.Слет соңында әр түрлі салада өзін танытқан бес белсенді қатысушы меценат – Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Асқар Оразбековтен 100 мың теңгеге ақшалай сертификат алды.Слет қорытындысы бойынша Қарар қабылданды, онда өңірдегі жастар саясатын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/889183
Сержан Аймақов мемлекеттік қызметтегі көп жылдық жұмысын аяқтады 25.11.2024
Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сержан Аймақов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты атқарып отырған қызметін босатты.Бұл туралы өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте мәлімдеді.– Мемлекеттік қызметте Сержан Жаңабекұлы Аймақов 37 жыл адал еңбек етті. Облысымыздың дамуына елеулі үлес қосты, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.Ол Сержант Аймақовқа жұмысы үшін алғыс айтып, Құрмет грамотасын табыс етті.Естеріңізге сала кетейік, әр кезеңде Сержан Аймақов Қарқаралы, Осакаров, Бұқар Жырау аудандарының, Шахтинск қаласының әкімі болған. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысының МСҚБ басқармасын басқарды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/889286