Enbekshi QazaQ

Қуқық

Ақтөбе облысында мектеп оқушылары жұмысшы мамандығын қатар оқуда 16.11.2024
2023 жылдан бастап Ақтөбе облысындағы үш колледжде эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Бұл бағдарлама аясында мектептердің 10-11 сынып оқушылары негізгі біліммен қатар, жұмысшы мамандықтарын игеруде. Жаңа оқу жылында бағдарламаға 128 студент қабылданды. Оның ішінде, Ақтөбе автожол колледжіне 58, Сервис колледжіне 40 және Ойыл кәсіптік колледжіне 30 студент оқуға түсті. Бүгінде 199 студент техник-механик, тігінші, ауыл шаруашылығын механикаландыру және аспазшы мамандықтары бойынша білім алып жатыр.Бағдарламаға Ақтөбе қаласындағы №1 және №39 орта мектептері, сондай-ақ Ойыл қазақ орта мектебі қатысуда. Оқушыларға мамандықтарды игеру арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие болу мүмкіндігі берілуде. Бұл бастама өңірдегі кадр тапшылығын азайтуға және жастарды еңбекке баулуға бағытталған.2025 жылдың қаңтарында алғашқы түлектерге дипломдар табысталады. Осылайша, мектеп түлектері еңбек нарығына дайын маман болып шығады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/881840
Хромтауда кәсіпкерлерге қолдау артып келеді 16.11.2024
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратов ауданның шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шараларына тоқталды. Спикердің айтуынша, биыл кәсіпкерлерге қолдау көрсету деңгейі бойынша Хромтау алдыңғы қатарларда. Жыл басынан бері кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлтты жоба аясында 118 хромтаулық кәсіпкердің жобасы 5,2 млрд теңгеге қолдау тапты.«Хромтау ауданындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3200-ден асады. Былтырғы жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар. Аудан кәсіпкерлеріне кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында тиісті қолдау көрсетілуде. Одан бөлек тек қана біздің ауданда жүзеге асырылып жатқан «Өркен» бағдарламасы бар. Аталмыш бағдарлама аясында биыл 95 несие игеріліп оған 2 млрд теңге бөлінді» - деді Нұрхан Тілеумұратов.Атап өтейік, Хромтаудағы шағын және орта бизнес жобаларын қолдауға бағытталған «Өркен» бағдарламасы былтырдан бері жүзеге асырылып келеді. Жалпы алғанда бұл бағдарламаға 2 млрд теңге қарастырылған: «Даму» қоры — 1 млрд теңге, ERG — 500 млн теңге және Ақтөбе облысының әкімдігі — 500 млн теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/881863
️ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА! Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
2024 жылғы 13 қараша күні ҚР Көлік министрі Қарабаев Марат Кәрімжанұлы Шымкент қаласының тұрғындарымен кездеседі.Күн тәртібінде ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.Кездесу сағат 15:00-де Шымкент қаласы, Алатау батыр көшесі, 101/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Tulip Hall» конгресс холлында өтеді, ғимаратқа кіру G корпусы арқылы.Өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 707 808 60 70, Дәулет СәмбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/881860
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН KIA QAZAQSTAN БОЛАШАҚ МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ҮШІН БІРІГУДЕ 16.11.2024
СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН KIA QAZAQSTAN БОЛАШАҚ МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ҮШІН БІРІГУДЕБүгін Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен Kia Qazaqstan компаниясының бас директоры Ким Дэ Ки Қазақстанның автомобиль көлігі саласында ғылыми және білім беру бастамаларын ілгерілету мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум университет студенттері мен оқытушылары үшін бірлескен зерттеулер мен жобалар, тағылымдамалар мен тәжірибелер жасау үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.Ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынас аясында университет пен машина жасаушылар өндіріс қызметкерлері мен оқытушылар үшін тағылымдамадан өтуге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған ауқымды бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр. Көлік инженериясы және логистика мектебінің жетекшісі Сейдулла Абдуллаев бұл жоба Қазақстанның машина жасау саласы үшін өте маңызды екенін атап өтті.– Біздің ынтымақтастық қарым-қатынасымыз білім беру мен автомобиль өнеркәсібі арасындағы байланысты нығайта түседі, сондай-ақ Қазақстанның көлік саласына қажетті кадрларды даярлау сапасын арттыруда маңызды қадам болады, - деді Сейдулла Абдуллаев.Серіктестік қарым-қатынас бірқатар бірлескен жобаларды, тәжірибе мен технологиялар жөнінде білім алмасуды, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуді көздеп отыр. Студенттер компанияда тәжірибеден өтіп, оқуды аяқтаған соң, KIA Qazaqstan компаниясына жұмысқа орналаса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/881864
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Мәскеудегі Достастық іс-шарасына қатысты 16.11.2024
Ресей Федерациясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті.Отырыс басталғанға дейін делегация басшылары әскери даңқ мемориалы – Белгісіз сарбаздың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.Қорғаныс министрлері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын қарады.1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындыққа ерекше назар аударылды. Ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында бірқатар іс-шаралар, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің IV әскери-спорттық ойындары ұйымдастырылатын болады.Отырыста сондай-ақ 2024 жылы Достастық мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесінің жұмыс органдарының әскери ынтымақтастықты дамыту жөніндегі қызметінің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған жоспары белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/881875
Петропавлда «Табиғатты қорғау-баға жетпес сыйлық» экологиялық әңгімесі өтті 16.11.2024
12 қарашада Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы кітапхана қабырғасында «Экология мәселелері және оны шешу жолдары» тақырыбында «Табиғатты қорғау баға жетпес сыйлық» диалог-әңгімесі өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтті және колледж студенттерін, еріктілерді, СҚО экология департаменті мен Жастар ресурстық орталығының өкілдерін жинады.Диалог қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жастардың назарын аударуға, табиғатқа жауапкершілікті тәрбиелеуге және Қазақстанның тұрақты дамуын қолдауға бағытталған. Спикерлер ретінде СҚО экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Игорь Гох және М.Қозыбаев атындағы СҚУ экология кафедрасының оқытушысы Нұрхан Жаңаим сөз сөйледі. Олар қатысушылармен аймақтағы қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды сақтау үшін кез келген адам қабылдай алатын ықтимал шаралар туралы соңғы мәліметтермен бөлісті.«Әр адам экожүйенің жай-күйіне, әсіресе климаттың өзгеру дәуірінде және табиғи ресурстарға жүктеменің жоғарылауына жауап береді. Сондай - ақ, жастарды қоғамның табиғи ресурстарға деген көзқарасын өзгертуге және оларды пайдалануға ықпал ететін экологиялық бастамаларға тарту қажеттігін ескеремін», - деп атап өтті Игорь Гох.Нұрхан Жаңаим экологиялық білім берудің маңыздылығы туралы айтып, экологиялық мәдениетті ерте жастан қалыптастыру қоршаған ортаны қорғауда шешуші рөл атқара алатынын атап өтті. Практикалық қадамдар ретінде ол жастарды әртүрлі экологиялық акцияларға, еріктілер жобаларына және қалалық және табиғи аумақтарды абаттандыруға бағытталған бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуды ғана емес, сонымен қатар экологиялық проблемаларды шешуде практикалық қадамдарға дайын экологиялық саналы қоғамды қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Бұл жұмыстың маңызды бөлігі білім беру аспектісі болып табылады-өткен әңгіме сияқты диалогтық кездесулер білім мен идеялармен алмасу, жауапкершілікті дамыту және жастардың экологиялық жобаларға белсенді қатысуы үшін платформаға айналады.Іс-шара жастардың Қазақстандағы экологиялық қозғалыстың маңызды бөлігіне айналуының жарқын үлгісі болды. Әңгімеге қатысқан студенттер табиғатты қорғауға бағытталған жаңа жобалар мен бастамаларға дайын екендіктерін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/881778
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ ЖЫЛУ ЭНЕРГО ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАДАҒАЛАНДЫ 16.11.2024
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентаудағы №5 Жылу энерго орталығына барып, жылу беру барысымен және қазандықтарды жөндеу жұмыстарымен танысты. Мердігер мен осы салаға жауапты басшылардың, қала әкімінің осы бағыттағы есебін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тиісті тапсырмалар берді.– Кентаудағы жылыту маусымы еш кедергісіз әрі кемшіліксіз өтуі тиіс. Қазандықтардың жұмысын күндіз-түні қадағалап, тиісті жұмысты жүргізіңіздер. Ал құрылысы жүріп жатқан қазандықтар уақтылы әрі сапалы аяқталуы қажет. Бұл мәселе қатаң бақылауда тұр. Тұрғындардың қыстан қымтырылмай шығуына барлық жағдай жасалуы керек, – деді Дархан Сатыбалды.Бүгінде Кентау қаласының №5 Жылу энерго орталығындағы жөндеу жұмыстары күнделікті қадағалануда. Қазіргі таңда 2 қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Сондай-ақ №8, 9, 10 және 11 қазандықтардың құрылыс жұмыстары аяқталып, іске қосылған. Қазір кешенді сынақ жұмыстары жүргізілуде. Ал, желтоқсан айының соңына дейін №7, 12 қазандықтарда жүргізіліп жатқан жұмыстарды аяқтап, іске қосу жоспарланып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881756
ТҮРКІСТАНДА ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ 16.11.2024
Түркістанда теннистен 12 жасқа дейінгі балалар арасында «Turkestan Open 12 & under» республикалық ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті. Бірінші дәрежелі республикалық ашық турнирге Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған, Тараз, Көкшетау, Түркістан қалалары мен өңірлерінен 64 спортшы (32 ұлдар, 32 қыздар) қатысуда. Олар бес күн бойы өзара бәскеге түседі.Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған турнир теннис спортын дамыту, жас спортшыларға қолдау көрсету мақсатында өтіп отыр.Ашылу салтанатына Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мусимова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.– Киелі Түркістан төрінде басталғалы тұрған «Turkestan Open 12 & under» республикалық ашық турниріне қош келдіңіздер. Өздеріңізге мәлім, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Бұқаралық спортқа, дене тәрбиесіне және балаларға басымдық беру керек. Әр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет», деген болатын. Осы бағытта Түркістан облысының спорт саласында айтулы істер атқарылып жатыр. Бүгінгі жарыста баршаңызға сәттілік тілеймін. Тек мықтылар ғана жеңіске жетсін, – деді Жазира Рүстемқызы.Республикалық теннис турнирінің ашылу салтанатында теннистің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Шымкент қаласының жетекші жаттықтырушысы Сергей Игнатовқа ұйымдастырушылар тарапынан сый-сияпат табыс етілді.Жалпы аталған жарыс жеке және жұптық сында ұйымдастырылуда. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медальдар табысталады.Айта кетейік, жалпы бүгінгі таңда «Теннис орталығында» 300-ге жуық шәкірт спорттың үш түрімен кәсіби тұрғыда шұғылдануда. Мұнда үстел теннисі, үлкен теннис және бадмитон спорт түрлері дамытылады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881764
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРИЛА АСАНҚЫЗЫ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛДЫ 16.11.2024
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында самбо және жауынгерлік самбодан ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Түркістандық ару Нұрила Асанқызы жеңімпаз атанды. Жаһандық додада чемпион атанған батыр қыз туған жерге оралды.Әйелдер арасында алғаш рет енгізілген жауынгерлік самбодан +80 келіде күш сынасқан түркістандық Нұрила Асанқызы топ жарды. Сондай-ақ 80 келіде бақ сынаған Ұлбосын Абилова қола жүлдені қанағат етті. Ғаламат нәтиже көрсеткен жерлестерімізді Түркістан теміржол вокзалынан спорт саласының мамандары және туған-туыстары үлкен құрметпен қарсы алды.Айта кетейік, Нұрила финалда Түркіменстан спортшысы Сабина Агажановамен қиян-кескі шайқас өткізіп, 7:4 есебімен басым түсті. Нағыз намысты қолдан бермеген Нұрила мұрны сынып, ауыр жарақат алса да берілмей, аяғынан дейін тайталасып, жеңіске қол жеткізді. Жүлде салған спортшылар – Түркістан облыстық №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиадалық спорт мектебінің шәкірттері.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/881768
Астаналық пара каратэшілер әлем чемпионатында үздік атанды 16.11.2024
5-12 қараша аралығында Үндістанның Гоа штатында өткен пара каратэден Әлем чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер мен ата-аналары Астана әуежайында салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.XXIV Әлем чемпионатында фунакоши каратэге (FSKA) Оңтүстік Африка, Италия, Португалия, Үндістан, Қазақстан, АҚШ, Ресей, Кения, Малайзия елдерінен интеллект, тірек-қимыл аппараты мен көру мүшелері зақымданған спортшылардан құралған 6 командадан барлығы 40 спортшы қатысты. Олардың қатарында Астана қаласының бес спортшысы бар. Олар: Ләззат Жүсіпова, Дидар Мұхамеджанов, Рустам Біләлов, Нұржайна Жаннетова және Рүстем Қожахметов.Байрақты бәсекеде пара каратэнің ката бағдарламасы бойынша өнер көрсеткен елорданың 5 спортшысы жеңіс тұғырынан көрініп, алтыннан алқа тақты. Пара каратэден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мейрамгүл Дукуева Үндістанда өнер көрсеткен шәкірттерімен әрдайым мақтанатынын айтты.«Біз 2019 жылдан бастап пара каратэмен айналысып келеміз, сол кезден бері спортшыларымыз жарыстарда үздік нәтижелер көрсете бастады. Биылғы чемпионатқа қатысқан 40 спортшының барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетті, біз спортшыларымызбен мақтанамыз», – деді Мейрамгүл Дукуева.Осылайша, пара каратэ спортшылары осы жылды Үндістанның Гоа штатында өткен Әлем чемпионатында үздік нәтижемен аяқтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881792
Showdown: елордалық пара спортшылар тұңғыш рет халықаралық чемпионатқа аттанды 16.11.2024
Астанадағы «Ерекше мүмкіндіктер орталығында» Швейцарияда өтетін халықаралық чемпионатқа зағип спортшыларды шығарып салу рәсімі өтті. Бұл іс-шараны «Шоудаун Зағип жандар үстел теннис федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қазақстан тарихында алғаш рет көз жанарынан айрылған спортшылар қарашаның 13-18 аралығында Цюрих (Швейцария) қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.Айтулы додада еліміздің 16 өңірінен 62 спортшы ел намысын қорғамақ. Олардың қатарында Астана қаласының үш спортшысы бар – команда капитаны Керім Бексырға, Влада Бартусевич және Айдар Саташев.«Бұл спортшылар биыл Астанада өткен шоудаун үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 1-2 орынға ие болды. Соның нәтижесінде іріктеліп, халықаралық чемпионатқа жолдама алды.Спортшылардың бәрінде бірінші топ мүгедектігі бар. Біз енді бірінші рет барып жатқандықтан, тәжірибе жинақтап, сол жақтың жарысын көргіміз келеді. Әрине, басты мақсатымыз – жүлделі орындарға ие болып, ел намысын абыроймен қорғау», – деді шоудаун үстел теннисінен бас бапкер Азамат Баймағанбетов.Айта кетейік, шоудаун үстел теннис федерациясы зағип жандарға арналған спортты елімізде дамытуда.Федерацияның құрылғанына 3 жыл толып, республика бойынша 200-ден астам спортшыны біріктіріп отыр. Оның ішінде 70-ке жуығы – Астана қаласының спортшылары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/881801
Алматы облысында бірегей шыны көпір салу жоспарлануда 16.11.2024
Алматы облысындағы Қара каньон үстінен бірегей әйнектен аспалы көпір салу жоспарлануда. Құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын жобаны «ASK Capital» ЖШС жүзеге асыруда. Бұл өңірдегі туризм инфрақұрылымын дамытудың жаңа перспективаларына жол ашады. Нысанның пайдалануға берілуі 2026 жылдың төртінші тоқсаны деп жоспарланып отыр, содан кейін көпір жұртшылық үшін ашық болады. Заманауи технологияны пайдалана отырып жобаланған көпір тек көрнекті орын ғана емес, туристерді тартуға да маңызды үлес болмақ.Бастамашылардың пікірінше «Шыны аспалы көпір», Қазақстанның туризм мен машина жасаудағы инновациялық көзқарасының символы болуы керек.«Көпір тек функционалды нысан ғана емес, сонымен қатар Қара шатқалдың нағыз інжу-маржанына айналады», - деп атап өтті Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова. «Ол біздің аймақтың өркендеуі мен сұлулығын білдіреді және оның қауіпсіздігі соңғы инженерлік технологиялармен қамтамасыз етіледі».Көпірдің қауіпсіздігі каньонның табиғи жағдайларына сай жасалған заманауи инженерлік шешімдермен қамтамасыз етіледі. Жобаның мақсаты – туристерді тартып, өңірдің экономикасына үлес қосатын, Қазақстанның беделін арттырып, туризмді насихаттау бойынша мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі болатын ерекше туристік аймақ жасау.Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге баруды қоса алғанда, туристердің жалпы саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31 пайызға артып, 1,6 миллион адамды құрады.Оның ішінде «eQonaq» шетелдік азаматтарды тіркеу ақпараттық жүйесінің мәліметі бойынша 2024 жылдың 10 айында облысқа 111 352 шетелдік турист келіп, өткен жылмен салыстырғанда (64 003 адамға) 73 пайызға артқан. «eQonaq» шетелдік туристік ағыны мен көші-қон жүйесі бойынша Алматы облысы төртінші орында, Алматы, Астана қалалары мен Атырау облысынан кейін екінші орында. Алматы облысындағы шетелдік туристердің негізгі ағыны ұлттық табиғи саябақтарда шоғырланған, бұл халықаралық қонақтар үшін аймақтың табиғи көрікті жерлерінің жоғары тартымдылығын дәлелдейді. Туристер арасында «Көлсай көлдері», «Іле-Алатау» ұлттық саябақтары және Шарын каньоны сияқты орындар танымал.Бұл көрсеткіш аймақтың шетел азаматтары арасында танымалдылығының артып келе жатқанын көрсетеді және оның Қазақстандағы жетекші туристік бағыттардағы орнын нығайтады.Инфрақұрылымды дамытуға 87 млн теңге бөлінді: бұл қаражат электр желілерін тартуға және айналаны абаттандыруға жұмсалады.Құрылыс кезінде жергілікті тұрғындар үшін 120 уақытша жұмыс орны ашылады, ал аяқталғаннан кейін жыл сайын шамамен 65 000 келушілер ағыны күтілуде.Қара каньондағы шыны көпір жобасы Алматы облысы мен жалпы Қазақстан үшін стратегиялық нысанға айналады. Бұл бірегей көпір аймақ экономикасын қолдаумен қатар, Қазақстанның туристік саладағы заманауи инновациялар мен жаңа мүмкіндіктерге ашықтығының символы болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/881766
Биыл Байғанин ауданында 185 жоба «Ауыл аманаты» бойынша қаржыландырылды 16.11.2024
Байғанин ауданы – ауыл шаруашылығы дамыған аймақ. Бүгінде ауданда 414 шаруа қожалығы, 19 өндірістік кооператив және 5 ЖШС кәсібін жүргізіп отыр. Ауданда 50 мың бастан астам мүйізді ірі қара, 132 мың бас ұсақ мүйізді мал, 33 мың жылқы және 4100 бас түйе бар.«Жыл басынан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 185 өтінім мақұлданып, 1 млрд 190 млн теңгеге қаржыландырылды. Аталған жобалардың ішінде 15-і – жылыжай, 15-і – құс шаруашылығы, 69 – шағын бизнес ашуға және 90 мал шаруашылығына бағытталған» - деп мәлімдеді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.Бүгінде аудан шаруалары мал азығымен толықтай қамтамасыз етілген. Қажетті мал азығымен қамту мақсатында ауылдық округтерде қосалқы жер қорынан жер беру жұмыстары атқарылды. 8 ауылда мал азығы жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 69 үйге арзандатылған бағада 146,2 тонна мал азығы түсірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/881808
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді. 16.11.2024
Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғалы ТЖБ қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жеке тұрғын үй секторларының тұрғындары арасында 84 мыңнан астам үйлерді аралап шықты.- Шығыс Қазақстан үшін өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бір айлық жұмыс емес. Бұл жыл бойы жалғасуы керек. Біз орман өртін алдын алдық, енді әкімдер жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалауы керек, - деді өңір басшысы.Тексеру барысында тұрғындар арасында пешпен жылытуға, сондай-ақ электр желілері мен электр жабдықтарын пайдалануға қатысты бұзушылықтар анықталды. 17 мыңнан астам заң бұзушылық орнында жойылды.- Осындай жағдайға бей-жай қарамаңыздар. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көмірқышқыл газының датчиктерін орнату керек. 5 жыл ішінде 42 адам аман қалды. Сондықтан, ақшадан ары адамдардығ өмірлері маңызды, - деп қосты Ермек Көшербаев.Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 16 мыңнан астам көмірқышқыл газының датчигі орнатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/881769
Жерлестерімізге бочча спортынан «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді 16.11.2024
Аймағымызда паралимпиадалық спорт түрі бочча жақсы дамып келеді. Бұл - Рим империясынан бастау алатын боулинг, буль және петанкке ұқсас ойын. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубында өткен жылы бочча бөлімі ашылды. Қазір бұл секцияда 28 спортшы жаттығуда.Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткен Қазақстан Республикасының Бочча чемпионатында облысымыздың спортшылары тамаша нәтижеге қол жеткізді. Руслан Ерембаев пен Кенжеқан Баймұратов Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы нормативін орындады. 2024 жылдың 24 қазанында оларға бұл атақ ресми түрде берілді.Руслан Мақсұтұлы Ерембаев 1988 жылы 19 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. №42 мектепте және Шәкәрім атындағы колледжде білім алған, 2021 жылы Руслан Алматыдағы «ITeachMe» қоғамдық қоры жобасының аясында SMM курсын аяқтады. 2023 жылы Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің заң мамандығына оқуға түсті. Руслан 2022 жылдан бері Абай облысы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарып, олардың мүдделерін белсенді түрде насихаттап келеді. Сонымен бірге ол спорттық мансабын тек дене күшін ғана емес, стратегиялық ойлауды да қажет ететін боччада дамытып жатыр.Кенжеқан Жүнісқанұлы Баймұратов 1976 жылы 7 қыркүйекте Шар қаласында дүниеге келген. Көшек ауылындағы орта мектепте оқуын аяқтаған соң өмірін спортпен байланыстырды. Кенжеқан 2022 жылы облыстық олимпиадалық резерв спорт колледжін тәмамдап, бүгінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубында бочча бапкері болып жұмыс істейді. Шар қалалық мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі ретінде Кенжеқан қамқорлығындағылардың ғана емес, олардың өмір сүру сапасын арттыруға да зор үлес қосуда. Оның жұмысы спортшылардың әлеуетін ашуға және аймақтағы паралимпиадалық спортты дамытуға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/881796
Ташкентте армия спортшысы МАА IMMAF әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті 16.11.2024
Жекпе-жектен әлем біріншілігі Халықаралық аралас жекпе-жек өнері федерациясының (IMMAF) қолдауымен өтті.Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі аға маман Мөлдір Әшірбекова МАА IMMAF бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанып отыр. Аралас жекпе-жек шебері 74,8 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ширек финалда жерлесіміз анголалық спортшылар Эсперанса Чилаладан 17:5, Людмила Джорджинадан 11:1 есебімен басым түсті. Шешуші жекпе-жекте Мөлдір Әшіберкова мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, 13-1 есебімен жеңіске жетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/881799
ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы жұмыс тобы әскери кадрларды дайындау мәселелерін талқылады 16.11.2024
Әскери кадрларды бірлесіп дайындау және ғылыми жұмыстарды үйлестіру мәселелері Астанада өткен оқу-әдістемелік жиын мен жұмыс тобының отырысы шеңберінде қаралды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында өтті. Оған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев, ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы жұмыс тобының төрағасы генерал-майор Игорь Муравлянников, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның базалық оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу ұйымдарының басшылары қатысты. Отырысқа бейнеконференцбайланыс арқылы қатысқан ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Андрей Сердюков жиын форматы ұйым шеңберінде әскери кадрларды даярлау мен ғылыми жұмыстың өзекті мәселелерін талқылауға және бірлескен жұмыс барысында нақты ұсыныстар әзірлеуге бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті.ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Мұрат Олжабаев әріптестеріне әскери білім беру, әскери ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға күш салғаны үшін алғысын білдірді. Жұмыс тобының отырысында ұйымның базалық оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу ұйымдарының әлеуетін ескере отырып, әскери кадрларды бірлесіп дайындау жүйесі және ғылыми жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Іс-шараға қатысушылар Сағадат Нұрмағамбетов атындағы еәскери колледжге барып, оқу орнының оқу-материалдық базасымен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/881816
«Қазақконцерт» әртістері халықаралық би байқауында үш бірдей бірінші орынды жеңіп алды 16.11.2024
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекетті академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің өнерпаздары Грузияда өткен халықаралық хореографиялық фестиваль-байқауына қатысып, жүлделі орындарды иеленді.Хореограф Джордж Баланчинге арналған бұл байқау 8-10 қараша аралығында Кутаисиде өтті. Оған Қазақстан, Латвия, Грузия, Эстония балет мектептерінің өкілдері қатысты.Беделді өнер додасында «Гүлдер» ансамблінің бірқатар талантты әртістері бақ сынап, «Халық биі» және «Қазіргі заманғы хореография» номинацияларында қазақстандық хореографтардың қойған нөмірлерін ұсынды.Ансамбль мүшелері қазақ хореографиясының сұлулығы мен тереңдігін әлемдік сахнада таныта отырып, Қазақстанның мәдениетін жоғары дәрежеде көрсете алды. Әртістердің кәсіби шеберлігін қазылар алқасы жоғары бағалады.Аққанат Смағұлова, Әнел Жұмаділдина және Рүстем Әмірбеков үш бірдей бірінші орынды жеңіп алды. Ал, екінші орынды Алан Мұхтар иеленді.Байқауға өнерпаздарды «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова мен Алила Алишева, Гүлнара Саитова, Алмат Шамшиев, Әсел Абакаева, Әмина Самарбаева, Айдар Ахмадиев және Дана Қуанышбекова сияқты тәжірибелі педагог-хореографтар дайындап, жетекшілік етті. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігін айшықтайтын сахналық костюмдерді Әсел Лұқпанова мен Наталья Протасова дайындады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/881722
Астанада мемлекеттік органдардың өкілдері үшін гендерлік сараптама бойынша тренинг басталды 16.11.2024
Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БҰҰ-Әйелдермен бірлесіп екі күндік тренинг ұйымдастырды.Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың заң қызметкерлерін нормативтік-құқықтық актілерді гендерлік сараптау дағдыларына үйрету.Екі күн бойы олар халықаралық құқықтық стандарттар, гендерлік теңдік, гендерлік негізгі ағым және нормативтік құжаттарда қолдану үшін терминологияны талдау сияқты маңызды тақырыптарды зерттейді.Тренингтің бас спикері – Хельсинки университетінің профессоры, гендерлік талдау саласындағы сарапшы, нормативтік актілерге арналған гендерлік сараптама әдістемелерінің авторы Марианна Муравьева.Айта кетсек, НҚА – гендерлік сараптамасын енгізу гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мен оған қол жеткізудің маңызды аспектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда жобалар мен қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің гендерлік сараптамасын енгізу әдістемесі әзірленді, ел заңнамасының гендерлік сараптама жүйесін үйлестіру және оны құқықтық талдау жүйесіне енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/881773
ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Дипломатиялық конференцияда баяндама жасады 16.11.2024
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Әділет министрі Азамат Есқараев Өнеркәсіптік үлгілер бойынша заңдар туралы шарт (ҮЗШ) жасасу және қабылдау жөніндегі дипломатиялық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйлеп, инновацияларға жәрдемдесуде, шығармашылық әлеуетті қолдауда және экономикалық дамуды ынталандыруда маңызды рөл атқаратын өнеркәсіптік меншікті құқықтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Азамат Есқараев өз сөзінде өнеркәсіптік үлгілерді жаһандық деңгейде қорғауды біріздендіру және оңайлату үшін түйінді маңызы бар ҰЗШ-ны қабылдауға қолдау білдірді.Ол сондай-ақ халықаралық аренада дизайнерлер мен компаниялар үшін тең жағдай жасау арқылы өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың жаңа кезеңін бастайтын құжаттың тарихи маңыздылығын атап өтті.ҰЗШ-ны қабылдау қазақстандық дизайнерлер үшін халықаралық әріптестерімен тең жағдайда құқықтарын қорғауға және құқықтық қолдаудың сенімділігімен жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндіктер туғызады.Шарт инновацияларды қолдай отырып, экономикалық өсуді ынталандыра отырып және елдің өнеркәсіптік дизайн саласындағы әлемдік нарықтағы позициясын нығайтудағы Қазақстанның креативті индустриясын дамытуға ықпал ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/881822