Enbekshi QazaQ

Қуқық

Қазақстан ТЖМ басшысы Атырау облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты 24.11.2024
24 қарашада Атырау облысы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында №10 жаңа өрт сөндіру бөлімінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов және өңірлік ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев қатысты.Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өңір үшін маңызды оқиға. Ол қауіпсіздік жүйесін жақсартуға елеулі үлес қосатын болады. Ведомство басшысы жаңа нысанды салу мен жарақтандыру Қазақстан Президентінің қолдауымен және министрлік жүргізіп жатқан жүйелі реформалардың арқасында мүмкін болғанын атап өтті."Құтқарушылар күні қарсаңында елордада салынған жаңа бірегей депоға президент келді. Сол кезде мен Мемлекет басшысына ауылдық жерлерде өрт сөндірушілердің де осындай жағдайлары болатынына уәде бердім. Сондықтан бүгінде министрлік ауылдарға басымдық береді. Қазір біздің ауылдық өрт сөндіру бөлімдері ең заманауи техникамен жарақтандырылуда. Сонымен қатар қызметкерлердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары жақсартылуда. Обьектілерді жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл Атырау гарнизоны төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін жаңа техника алды. Бұл өрт сөндіру депосы ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің үлгісі болатынына сенімдімін. Министрлік ауылға ерекше назар аударады", - деді министр.Шыңғыс Әрінов облыс әкімі Серік Шәпкеновке өңірдің құтқару қызметтерінің инфрақұрылымын дамытудағы белсенді жұмысы үшін де алғысын білдірді, ал әкім өз кезегінде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға өз кәсібіне адалдығы мен төтенше жағдайлар кезіндегі жеделдігі үшін алғысын білдірді.Жергілікті бюджет есебінен салынған №10 жаңа өрт сөндіру бөлімі тиімді жұмыс істеу үшін қажетті барлық заттармен жабдықталған: бес бірлік заманауи өрт сөндіру және құтқару техникасы, ангар, байланыс пункті, психологиялық жеңілдеу және демалуға арналған бөлмелер, сондай-ақ жедел ден қоюға арналған екі шығу. Бөлімде жаңа формамен қамтамасыз етілген 58 қызметкер жұмыс істейді.Өңірде 14 өрт сөндіру бөлімі қызмет көрсетуде. Жаңа бөлімнің ашылуы Қазақстандағы қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және азаматтарды төтенше жағдайлардан қорғауды нығайту бойынша тұрақты жұмыстың жарқын үлгісі болды. "Бұл өрт сөндіру бөлімін ашу ауыл тұрғындары үшін де, жалпы аймақ экономикасы үшін де қауіпсіздік деңгейін арттырудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа бөлім қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сенімді тірек болатынына сенімдіміз", - деп Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов атап өтті.Сонымен қатар ТЖ-ға ден қоюға дайындықты жақсарту аясында жыл басынан бері Атырау облысы ТЖ департаментінің автопаркі 56 заманауи автокөлікпен толықтырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/889166
Оқу-ағарту министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын нығайтуда 24.11.2024
Оқу-ағарту министрлігінде аппарат басшысы Тимур Әбілмәжіновтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне арналған кеңес өтті. Іс-шараға орталық аппараттың, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.Білім беру процесіне ашықтық, жауапкершілік және парасаттылық қағидаттарын енгізуге ерекше назар аударылды. Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.Іс-шараға превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жазира Жылқышиева қатысты. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа бастамаларына және білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету жөніндегі ұсынымдарға тоқталды.Өз кезегінде, Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысы ведомство ашықтықты қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды енгізу бойынша белсенді жұмысты жалғастыратынын атап өтті.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес азаматтардың сенімін нығайтуға және білім беру жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады», — деп қорытындылады Тимур Әбілмәжінов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/889163
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еуразия» кинофестивалі үздік жобаларға жол ашады деп сенемін 24.11.2024
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады.Мемлекет басшысының құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді.«Бұл – төл мәдениетімізді күллі әлемге танытатын бірегей жоба. Биылғы байқау қазақ киносының корифейі Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл және «Қазақфильм» киностудиясының құрылғанына 90 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні зор. Кино өнері жұртшылықты жасампаздық пен жаңашылдыққа шақырады, жалпы адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптеп, ұлт сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ түрлі халықтың мәдени байланысын нығайтады», – делінген құттықтау хатта.Мемлекет басшысы елімізде ұлттық кинематографияны қолдауға баса мән беріліп отырғанын да атап өтті.«Осы саланы дамыту үшін Қазақстанда ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Мамандарымыз мазмұнды әрі мағыналы картиналар түсіріп, аға буынның сара жолын лайықты жалғастырып келеді. Фильмдеріміз беделді байқауларда жүлде алып жүр. «Еуразия» халықаралық кинофестивалі шын жүйріктерді анықтап, ең үздік жобаларға жол ашады деп сенемін. Көрерменге ой салып, рухани азық болатын туындыларыңыз көп болсын!» – деді Президент.Өз кезегінде Аида Балаева «Еуразия» кинофестивалінің Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның мәдени брендіне айналған бірегей форум екенін атап өтіп, отандық кино саласын жүйелі түрде дамыту, заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасатынын айтты.Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 24-30 қараша аралығында өтеді. Фестивальге 15-тен астам ел қатысып жатыр.Ауқымды шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы ұйымдастырған.Айта кетейік, биыл конкурс бағдарламасында үш құрлықтан келген 12 фильм ұсынылады.Конкурс Бангладеш пен Оңтүстік Кореядан бастап, Австрия мен Катарға дейінгі елдердің туындыларын қамтиды. Еуропа, Азия және Таяу Шығыстан келген шығармашылық топтар әмбебап тақырыптар мен жергілікті контекстті біріктіретін жұмыстарды ұсынбақ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889161
Қарулы күштерде әскери ант қабылдау рәсімдері өтуде 24.11.2024
Оңтүстік әскерлер құралымдарының гарнизондарында екі мың жас сарбаз ант берді.Іс-шараны "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасарлары басқарды. Тараз гарнизонындағы байланыс полкінің сарбаздарын ант беру рәсімімен "Оңтүстік" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Нұрлан Кәрібаев құттықтады. Мерке ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригаданың мотоатқыштары – қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Нұржан Өмірзақов, Шымкент гарнизоны механикаландырылған бригадасының жауынгерлеріне "Оңтүстік" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Бауыржан Күреңкеев ақ жол тілеп, сөз сөйледі. Гвардейск гарнизонының 40-шы "Отар" әскери базасының жауынгерлерін оның бастығы полковник Ержан Мейірманов құттықтады. Қолбасшылық өкілдері сарбаздарға табысты қызмет, мықты жауынгерлік рух және әскери бауырластық тіледі.Салтанатты шараны еліміздің әр аймағынан келген сарбаздардың туыстары мен жақындары, жергілікті атқарушы органдардың, ардагерлер ұйымдарының өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен сарбаздар қозғалысының қатысушылары тамашалады. Олар сарбаздарды әскери антқа адал болуға, жауынгерлік дағдыларды қалыптастыруға және Отан қорғаушы атағын мақтан етуге шақырды.Дәл осы күні Қазақстанның басқа өңірлеріндегі сарбаздар да әскери ант берді. Ақтөбе гарнизонында 200-ден астам мерзімді қызмет сарбазы Отанға адал болуға ант берді. Салтанатты рәсім Ақтөбеде Қазақ халқына алғыс айту стеласында өтті. Қолында қаруы бар жас жауынгерлер әскери борышын лайықты орындауға, тәуелсіздікті, Конституцияны және халықты батыл қорғауға ант етті.Іс-шараға қатысушылардың назарына әскери қызметшілердің қоян-қолтық ұрысы, қару-жарақпен саптық элементтер көрсетілді.Дәстүр бойынша туыстарына әскери бөлімдер бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, оларға оқу сыныптары, казармалар, асханалар мен тұрмыстық бөлмелер көрсетілді. Келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға командирлермен кездесіп, жауап алды. Қалған уақытты ата-аналар ұлдарымен бірге өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889157
Әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесін атап өтуде 24.11.2024
Бұл мереке 1997 жылғы 24 қарашада Қорғаныс министрінің Қарулы күштердің қажеттіліктері үшін педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау туралы бұйрығының шығуымен байланысты. Армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті көбіне әскери ғылымның жай-күйіне және мұғалімдердің кәсіби деңгейіне байланысты. Бұл тұрғыда ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс мүдделерін зерттеуге, сондай-ақ ғылым мен тәжірибені біріктіруге көп көңіл бөлінеді. Жасанды интеллект технологияларын дамытуға, заманауи қару-жарақ жүйелерін, ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды және киберқауіпсіздік құралдарын жасауға баса назар аударылуда.Жалпы, Қорғаныс министрлігінің ғылыми-білім беру қоғамдастығында 10 ғылым докторы, 70 философия докторы (PhD) және 51 ғылым кандидаты бар. Олардың күшімен 40 оқу құралы мен 22 монография жарық көрді, 590-нан аса ғылыми мақала жарияланды, оның 82-сі халықаралық басылымдарға шықты. Олардың есебінде 13 тіркелген патент және 39 зияткерлік меншік туралы куәлік бар. Гранттық қаржыландыру шеңберінде 21 ғылыми және 12 бағдарламалық-нысаналы жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Қорғаныс министрлігі, ғылыми қоғамдастық білім беру мекемелеріне зерттеу ЖОО мәртебесін беру шараларын қабылдауда. Елдің жоғары әскери білім ошақтары – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты. Бұл білім ордаларында 10 ғылым докторы, 53 философия докторы (PhD) және 48 ғылым кандидаты сабақ береді. Әскери педагогтар оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отырады. Тәжірибеге үдеткіштер мен тренажерлерді қолдану енгізілуде. Нақты ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда имитациялау курсанттардың қажетті жауынгерлік және тактикалық машықтарын шыңдайды. Әскери білім мен ғылымның бүкіл жүйесі әскери қызметшілердің кәсіби дағдыларын, стратегиялық ойлауын және қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге бейімделу қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889156
Мектеп қазандығы қалыпты жұмыс жасап тұр 24.11.2024
Ағымдағы жылдың 22 қарашасында Үржар ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектептің автономды қазандығының істен шығуы нәтижесінде аумақты қоқыстардан тазарту жүргізілді. Сондай-ақ, қосалқы қазандық іске қосылып, қажетті жылу параметрлеріне қол жеткізілді. Бұл жылу беруді жедел қалпына келтіруге мүмкіндік берді.Ал 23 қарашада таңертең жаңа қазандық жеткізіліп, орнатылды, сонымен қатар апат салдарынан зақымдалған қазандық ғимаратының шатыры қалпына келтірілді.Қазіргі уақытта негізгі қазандық жұмыс жасап тұр. Ал қосалқы қазандық резервке ауыстырылды. Мектепті жылумен жабдықтау температуралық кестеге сәйкес жүзеге асырылады, автономды қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889153
Абай облысының «Қыздарский» командасы «Жайдарман-2024» ойындарының вице-чемпионы атанды 24.11.2024
Жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысының финалында осы жылы алты команда өнер көрсетті.Абай облысынан шыққан «Қыздарский» командасы «Жайдарман-2024» ойындарының вице-чемпионы атанды. Бұл олардың алғашқы жетістіктері емес. Команда осыған дейін 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімі кубогының иегері, Семей қалалық лигасы және Ертіс Номад лигасының чемпионы атанған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889154
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды 24.11.2024
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдық мерейтойына арналған марафон салтанатты түрде бастау алды.Мерекенің алғашқы іс-шарасы Үрмелі музыка кеші болды.Бұл музыкалық кеште студенттік ұжымдар өнер көрсетіп, классикалық музыкадан бастап қазіргі заманға дейінгі әсем әуендермен көрермен ықыласына бөленді.Сахнада үрмелі аспаптарда орындалатын түрлі әуендер ұсынылды. Оның ішінде кернейшілер ансамблі, флейташылар, кларнетшілер, үрмелі квинтет және үрмелі оркестр бар. Әрбір нөмірдің шабыт пен шеберлікке толы өз оқиғасы болды.Бұл кеш үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының ұзақ жылғы еңбегі мен тарихына жасалған құрмет іспеттес. Кафедра мұрасы өнерге адал қызмет етуге баулыған түрлі буын музыканттарымен өлшенеді. Кештің арнайы қонағы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалқаман Дүйсенбаев жетекшілік ететін ағаш үрмелі аспаптар квинтеті болды.Қалқаман Дүйсенбаев та консерваторияны мерейтойымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.Мерейтойлық марафон 23 қарашадан 3 желтоқсанға дейін жалғасады және Республика сарайының сахнасында өтетін салтанатты гала-концертпен аяқталады. Көрермен осы күндері танымал ұжымдар мен белгілі солистердің, сондай-ақ консерваторияның дарынды түлектерінің өнерін тамашалай алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889152
Қызылорда облысында газ желісіне қосылған ауылдар саны артты 23.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин ауылдарын газ желісіне қосу рәсімі өтті.Аймақ басшысы ауыл тұрғындарын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.«Сырдария ауданының ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәкен Сейфуллин, Асқар Тоқмағанбетов атындағы ауылдары «көгілдір отынға» қосылуда.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Аса маңызды мәселелердің бірі – ауылды кешенді түрде жетілдіру. Ауылдарға нақты қолдау көрсетіп, заманауи инфрақұрылымды дамытуымыз керек» деп атап өтті.Бүгінде өңір тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші 75 пайыз, биыл 30 млрд. теңгеден астам қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылуда. Осы жобалардың арқасында аймақ халқының 78 пайызы «көгілдір отынмен» қамтылады. Келесі жылы 10-нан астам елді мекенді газдандыру жоспарланған. Осындай игілікті істер ауыл тіршілігінің тамырына қан жүгіртіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады.Өткен жылы Сырдария ауданының бюджеті 12 млрд. теңге болса, қазіргі таңда 16 млрд. 108 млн. теңгеге жетті, 33 пайызға өсім бар. Бұл қаржы аудан халқының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.Бүгін ауыл халқы от жағып, күл шығару бейнетінен арылып, шынайы қуанышқа бөленуде. «Көгілдір отыннан» тараған жылу барлық үйді бақыт пен шаттыққа кенелтсін!», – деді Н.Нәлібаев.Іс-шараларда ел ағалары Сұлтанбек Тәуіпбаев пен Әбдіғаппар Әмірғалиев құттықтау лебіздерін жеткізіп, батасын берді. Ауылдың өсіп-өркендеуі жолында қажырлы қызмет еткен сала мамандары мен ардагерлерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Газ қосу рәсімінен кейін аймақ басшысы екі ауылдың тұрғындармен кездесіп, атқарылған жұмыстар, алдағы бағыт-бағдар туралы айтты. Әсіресе, қолға алынған инфрақұрылымдық жобаларға, әр саладағы жаңашылдықтарға тоқталды, кездесуге келушілердің ой-пікірлерін тыңдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/889146
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды 23.11.2024
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Қызылорда Саз М" ЖШС заманауи кірпіш зауытының іргетасына капсула салу рәсімі өтті.Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, зауытқа Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі берілді. Құны 2,3 млрд теңге болатын зауытта жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. Іргетасы желтоқсан айында құйылып бітеді. Құрылыс алаңында 20 жұмысшы, 11 техника жұмыс жасауда. Зауытқа қажетті қондырғылар желтоқсан айында жеткізіліп, алдағы жылдың ақпан айында монтаждалады. Бұл зауыттың басқалардан ерекшелігі - өндіріс толығымен автоматтандырылған.Айта кетейік, құрылыс саласында биыл 189 жобаны жүзеге асыруға 134,8 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 36 білім беру, 22 денсаулық сақтау, 13 мәдениет, 14 спорт, 1 қоғамдық тәртіп,1 жұмылдыру дайындығы, 3 мемлекеттік орган ғимараты, 1 154 пәтерлік 21 тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша 85 жоба бар. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында «Өнер орталығы», «Қан орталығы», «Үстел теннисі орталығы», «Оқушылар сарайы» және сол жағалаудағы 900 орындық «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді. Жаңа стадион, «Инновациялық- шығармашылық орталық», музыкалық колледж ғимараты құрылысы басталды. Барлық ауданда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталықтары», 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында, Арал ауданының Сексеуіл кентінде аурухана, Жаңақорған кентінде «Оқушылар үйі» және 3 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, биыл демеушілер есебінен 17 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/889148
Оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі қаралды 23.11.2024
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Әлеуметтік әмиян" жобасын іске асыру, мектепке дейінгі ұйымдардағы дербестендірілген ваучерлік қаржыландыру, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау, медициналық көмектегі төлемнің бірыңғай жүйесі, бюджетті жоспарлау мен қаржыландырудың кешенді автоматтандырылған жүйесіне қатысты мәселелер қаралды. Жиынға жауапты министрліктер қатысып, өңір әкімдіктері онлайн байланыс арқылы қосылды.Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен арнайы жиында талқыланған мәселелер бойынша тапсырмалар берілді.«Мемлекет басшысы бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балаларына мемлекет есебінен тегін ыстық тамақ беруді, мектеп асханаларындағы тамақ сапасын қадағалауды міндеттеді. Осы ретте санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қатаң бақылау, оқушыларды сапасы күмәнді, арзан азық-түлікпен тамақтандырмау, тағамдардың бала ағзасын барлық қажетті дәруменмен қамтамасыз етуін назарда ұстау керек. Бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Сондықтан мектепте берілетін ыстық тамақтың сапасын тұрақты бақылауды тапсырамын.«Әлеуметтік әмиян» жобасы бойынша тиісті шараларды қабылдап, мектептердің қосылуын қамтамасыз етіңіздер. Ата-аналар мен кәсіпкерлер арасында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізіңіздер.Меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдарда әлеуметтік- медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылатын дәрілік заттар таңбалануы тиіс. Дәрілік заттардың дұрыс және уақытылы таңбалануын қадағалаңыздар. Емдеу ұйымдарында дәрі-дәрмекке берілетін сұранысты уақытылы қаржыландырыңыздар», - деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, өңірде "Әлеуметтік әмиян" жобасын енгізуге арналған арнайы жол картасы бекітілді. Биыл облыстағы оқушы мен қызметкер саны 700-ден асатын және аудан, қала орталықтарында орналасқан 87 мектепке аппараттық- бағдарламалық кешен орнатуға 119,2 млн. теңге бөлініп, «Транстелеком» мекемесі жүзеге асыруда. Облыстың 298 мектебінде балаларға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Тегін тамақпен қамтылған бала саны - 89 572, ол жалпы бала санының 52,2 пайызын құрайды.Бастауыш сыныптар 100 пайыз қамтылған.Тегін дәрі-дәрмекті босатуда мемлекеттік және жеке емханалар таңбалау штрих-код сканері, деректерді жинақтау терминалы және планшет құралдарымен қамтылған. Қазіргі таңда, 27 медициналық ұйымда «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында жалпы саны 25 530 рецепт жазылып босатылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/889149
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті 23.11.2024
22 және 23 қараша күндері Алматы қаласында белгілі вокалды-аспаптық «Яшлык» ансамблінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті.Концерт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.«Яшлык» ансамблі 1974 жылы құрылған. Ұлттық музыканы халық аспаптарымен үйлестіріп, жаңа өңдеумен ұсына білген топ бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды.Іс-шараға «Дос-Мұқасан» ансамблі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дильназ Ахмадиева мен Әлішер Кәрімов, әнші және композитор Парвиз Назаров, сондай-ақ «Яшлык» ансамблінің қазіргі құрамы мен қазақстандық және ұйғыр эстрадасының жұлдыздары қатысты.Концертте ансамбльдің 70–80 жылдардағы хиттері мен танымал әндердің заманауи өңделген нұсқалары орындалды.Өнер ұжымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ықылас гүлі табыс етілді.ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Яшлык» ансамблінің ұжымын мерейтойымен құттықтап, ансамбльдің Қазақстанның музыка мәдениетіндегі орны ерекше екенін айтты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889151
Алматылық университет Еуропалық желінің (ENAEE) 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді 23.11.2024
Алматылық университет Еуропалық желінің (ENAEE)29-шы Бас Ассамблеясын өткіздіСәтбаев университетінде Орталық Азия білім беруді аккредиттеу қауымдастығы (CAAAE) және Инженерлік білім беруді аккредиттеу бойынша Еуропалық желі (ENAEE) ұйымдастырған маңызды іс-шаралар өтті. Осы шаралар аясында «ENAEE желісінің аккредиттеу агенттіктеріне қойылатын талаптар» атты халықаралық семинар және ENAEE 29-шы Бас Ассамблеясы өтті.Бас Ассамблея жұмысына Австрия, Франция, Италия, Испания, Ұлыбритания және басқа да жиыны 15 елден келген 16 аккредиттеу агенттігінің бірінші басшылары, сондай-ақ инженерлік білім беру ісінің сапасын қамтамасыз ету саласы бойынша отандық және халықаралық сарапшылар қатысты.Жиынды Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзімен ашты. Ол халықаралық аккредитацияға университеттің қатысуы өте маңызды екенін атап өтті және бұл өңірде инженерлік білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ болашақта студенттердің мансап жолы табысты болуына ықпал етеріне сенім білдірді. Ректор сонымен қатар инженерлерді жоғары деңгейде даярлауды қамтамасыз етудің маңызды құралы ретінде EUR-ACE аккредитациясының маңыздылығын да атап өтті.ENAEE президенті Жозе Карлос Квадрадо өз сөзінде халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту және бүкіл Еуропа мен одан тыс жерлерде инженерлік білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді дамыту өте маңызды екендігін атап өтті. Ол осы аймақтағы студенттерге жаңа мансаптық мүмкіндіктер аша отырып, Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық байланысты кеңейту мен тереңдету жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беретінін айтты.Профессор Жозе Карлос Квадрадо – инженерлік білім беру бағдарламаларын, әсіресе, Орталық Азия бойынша аккредиттеуді жақсартуға бағытталған бірқатар ауқымды жобалардың бас сәулетшісі. Ал ENAEE іс-шаралары өз кезегінде Еуропа мен Орталық Азияны біріктіру ісінде маңызды рөл атқарады, сөйтіп өзара тәжірибе алмасу мен инженерлік білім берудің сапасын арттыру үшін өз платформасын ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/889145
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды 23.11.2024
«Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ынтымақтастығы аясында «Абай мұрасы мен қазіргі мұражай: таным тоғысында, білім, ғылым және тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында ұлы ойшылдың туған жерінде арнайы ғылыми-мәдени орталық құру бастамасы айтылды.Жоба Абай мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттаудың жаңа тәсілдерін іздестіру, оқу-ағарту, ғылыми және білім беру іс-шараларында заманауи мұражайлардың әлеуетін пайдалану, сондай-ақ өлкетануға басымдық беретін мәдени туризмді дамытуға бағытталған. Бастама музейге келуді арттыру және жаһандану жағдайында өскелең ұрпақты ұлттық тарих пен мәдениетті меңгеруге бағытталған.Ашылу салтанатынан кейін абайтанушылардың кездесуі өтті. Студенттерге Абай философиясы мен шығармашылығы туралы ашық дәрістер ұйымдастырылып, сарапшылар көрнекті ойшылдың мұрасы туралы өз зерттеулері мен бірегей пікірлерімен бөлісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889142
«Жас сәтбаевшылар» жас ғалымдардың I конгресі: қазақстандық ғылымның болашағына қадам 23.11.2024
«Жас сәтбаевшылар» жас ғалымдардың I конгресі:қазақстандық ғылымның болашағына қадамАлматы қаласында ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Жас сәтбаевшылар» атты I Қазақстан жас ғалымдарының конгресі өтті. Бұл конгресс көрнекті ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Іс-шараға Қазақстанның 1000-нан аса жас ғалымдары, сондай-ақ шет мемлекеттерде табысты қызмет етіп жүрген қазақстандық жас зерттеушілер өздерінің инновациялық жобаларын ұсынып, елдегі ғылымның өзекті мәселелерін талқылады.ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде Қазақстанның болашағын қалыптастыруда жас ғалымдар маңызды екенін атап өтті: «Жас ғалымдар – ұлы ғалым, академик Сәтбаевтың ізбасарлары! Бүгінгі жиынның Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы, ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орай «Ғылым ордасы» ғимаратында «Жас сәтбаевшылар» атауымен өтуі өте маңызды. Бұл конгресс – биылғы жылы елімізде «Сәтбаев жылы» деп жарияланған бірқатар ғылыми іс-шаралардың соңғы кезеңі болды. Біздің басты мақсатымыз – Қазақстандағы ғалымдардың жан-жақты дамуы үшін ғылыми тұрғыда жоғары деңгейлі елдердегідей жағдай жасау».Конгресте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау сөзі оқылды: «Жас ғалымдардың I конгресінің ашылуы – қоғамда білім мен ғылым культін қалыптастырып, оны барынша орнықтыруға ықпал ететін маңызды бастама. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев ғалымдарды қолдауға айрықша мән береді. Елімізде дарынды әрі еңбекқор жастардың сапалы білім алып, ғылыммен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Бүгінгі басқосу – соның айқын дәлелі».Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Маулен Әшімбаев өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылымды дамытуға үлкен мән беретінін, «Президентіміз атап өткендей, ғылым мен инновация – әділ, инклюзивті және бәсекеге қабілетті экономика құрудың басты тірегі» екенін атап өтті.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов құттықтау сөзінде білім мен ғылымның ел дамуындағы стратегиялық бағыт екенін атап өтті: «Ал ғылыми зерттеулерді өрістету – экономикалық өсімнің, әлеуметтік прогресс пен тұрақты дамудың берік негізі», – деді Е.Қошанов.Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде жас ғалымдарды қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар туралы айтып, шетелдік зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өтуге, халықаралық конференцияларға қатысуға мүмкіндік беретін бағдарламалар іске асырылып, және халықаралық деңгейдегі ғылыми қоғамдастыққа кірігуіне барлық жағдай жасалып жатқандығын атап өтті.Конгресте отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтап, елдің қажеттілігіне сай ғылыми қызметтің ең перспективалы бағыттарын анықтады. Сондай-ақ ғалымдар халықаралық байланыстарды кеңейту және шетелдік сарапшыларды тарту мүмкіндіктерін қарастырды. Конгресте жас зерттеушілерді қолдаудың жаңа тәсілдері, атап айтқанда, гранттар, стипендиялар және шетелде тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері ұсынылды.А.Күрішбаевтың айтуынша: «Жас ғалымдар кеңесі – бұл жас ғалымдардың үні ең жоғарғы деңгейде естілетін алаң». Ол сондай-ақ ғылым саласындағы жүйелі реформа туралы айтып, Академияның отандық ғылымды дамытудағы рөлін атап өтті: «Қазақстанда ғылым саласында зерттеулер мен инновациялардың тиімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды реформа жүргізілуде. Академия елдегі ғылыми қызметті үйлестіруші рөлін атқарып, ғылым мен білім интеграциясына ықпал етеді». Оның айтуынша, Академия халықаралық байланыстарды белсенді дамытып, Қазақстанға әлемнің жетекші ғалымдарын және заманауи технологияларды тартып жатыр. Жаңа зертханалар, гранттар мен стипендиялар арқылы жас ғалымдардың карьерасын дамыту үшін барлық жағдай жасалуда. Осының арқасында қазақстандық жас ғалымдардың халықаралық ынтымақтастығы белсенді дамып келеді.Конгресс барысында жас ғалымдардың заманауи инновациялық жобаларының көрмесі, пленарлық форум, «Қаныш Сәтбаев феномені» кітабының тұсаукесері, екінші күні бағыттар бойынша 8 секциялық ғылыми конференция, дөңгелек үстел және нетворкинг өтті. Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері ғылыми жобаларын іріктеуден өткізген 100-ден астам ең үздік жас ғалым, сонымен қатар шетелде жұмыс істейтін жастар сөз сөйледі. Баяндамашылардың қатарында ҚР Президентінің жанындағы Ғылым және технология жөніндегі Ұлттық кеңестің, Ұлттық Құрылтайдың мүшелері бар. «Жас сәтбаевшылар» конгресі жас ғалымдарға өз зерттеулерін кең аудиторияға ұсынуға, Қазақстанның жетекші ғалымдарымен байланыс орнатуға, әлеуетті серіктестер мен жұмыс берушілермен кездесуге, ғылымдағы өзекті мәселелерді талқылауға және оларды шешу жолдарын табуға тамаша мүмкіндік берді. Әсіресе, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциализациялау мәселесіне ерекше назар аударылды.«Жас сәтбаевшылар» атты жас ғалымдардың I конгресі Қазақстан ғылымындағы маңызды оқиғаға айналды. Қатысушылар ғалымдар мен мемлекет бірігіп күш салу арқылы елдегі ғылыми зерттеулер деңгейін айтарлықтай арттыруға болатынына сенімді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/889143
Бородулиха ауданының инфрақұрылымы жаңғыртуды қажет етеді 23.11.2024
Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев тиісті басқарма басшыларымен бірге аудандағы әлеуметтік нысандардың жай-күйі мен құрылыс барысын бағамдады.Делегация барған алғашқы нысан – Новопокровка ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп. 1980 жылы салынған ғимарат 3852,3 шаршы метр аумақты қамтиды. 18 оқу кабинеті бар. Мұнда 125 оқушы білім алуда. Делегация мүшелері «Новопокровка орта мектебі» КММ-де де болды.Бородулиха колледжі де назардан тыс қалмады. Мұнда 140 студент тамақтандыру, ауыл шаруашылығын механикалау және дәнекерлеуші мамандықтарында білім алуда. Колледж 16 кәсіпорынмен ынтымақтаса отырып, өз түлектерін 100 пайыз жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.Делегация өкілдері қызмет алушылардың тұрмыс жағдайымен де танысты. Орталықтың жабдықталуын жетілдіру мәселесі, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жайлы және қауіпсіз тұруын қамтамасыз ететін көпфункционалды төсек-орындарды сатып алу жайы талқыланды. Орталық инфрақұрылымының басқа элементтерін жаңарту, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны құру және оңалту іс-шараларын өткізуге арналған үй-жайларды жаңғырту мүмкіндіктері қарастырылды.«Жоспарланған міндеттерді жүзеге асыру күш-жігерді біріктіруді талап етеді. Ауданды дамытуды басты назарда ұстап, әрбір тұрғынның жайлы өмір сүруіне жағдай жасау қажет. Әрбір басшы өзіне жүктелген жауапкершілікті түсініп, жүктелген міндеттерді жедел шешуі керек», – деді облыс әкімінің орынбасары.Бородулиха ауданының активімен өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев пен Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мен толеранттылықты нығайтудың маңызын атап өтті. Бірлік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған нақты шаралар талқыға түсті. Олардың қатарында өңірдегі өзге диаспоралардың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттауға, бірлікті нығайтуға ықпал ететін қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған мәдени шаралар да бар.Сапар нәтижесінде Жасұлан Сәрсебаев басқарма басшыларына ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға үшін инвестиция тарту шараларын әзірлеуді, сондай-ақ аудан тұрғындары арасында толеранттылық, өзара іс-қимыл, өзара көмек идеяларын насихаттау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889138
Абай облысында жас ұстаздар форумына 200 жас мұғалім қатысты 23.11.2024
Абай облысында жас мұғалімдерге арналған форум өтті. Жас мамандардың кәсіби өсуіне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» облыстық форумның мақсаты – «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында жас педагогтерге кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін көрсету, педагогикалық тәжірибелерін жетілдіруге бағыт-бағдар беру.Форумның алғашқы бөлімі мотивациялық бағытта өтті. Спикерлер ретінде өз салаларында табысқа жеткен мамандар шақырылды. Олар қатысушылармен жеке тәжірибелері мен жетістіктерін бөлісті.Форумның екінші бөлімі жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған шеберлік сабақтарға жалғасты. Жас педагогтер білім беру процесіне инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізуге бағытталған тренингтер мен практикалық жұмыстарға қатысты. Сабақтар барысында оқыту әдістемесін жетілдіру, заманауи технологияларды тиімді қолдану және оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары талқыланды. Қатысушылар математикалық стильдегі креативті тәсілдерді, ағылшын тілі сабақтарында жасанды интеллектіні қолданудың тиімділігін, орта буын оқушыларына көркем шығарманы оқытуда цифрлық технологияларды пайдалану жолдарын қарастырды.Сонымен бірге инклюзивті білім беру жағдайында оқу үдерісін бейімдеу, оқушыларды олимпиадаға дайындау стратегиялары және STEAM негізіндегі инженерия мен дизайндағы инновациялық шешімдерді әзірлеу тәсілдері бойынша тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттіліктерін арттырды.Биыл үшінші рет ұйымдастырылған шараға облыстың білім беру мекемелерінен 200-ге жуық жас педагог қатысты. Қатысушылар форумнан өз салаларындағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, кәсіби тәжірибелерін жетілдіруге арналған құнды ақпарат пен идеялар алды. Форум жас мамандардың өзара тәжірибе алмасу алаңына айналып, педагогикалық шеберліктерін дамытуға серпін берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889139
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті 23.11.2024
Алматы қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында волонтерлік ұйымдарының слеті ұйымдастырылды.Слеттің ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен өңіраралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков, екі елдің волонтерлік қозғалыс өкілдері қатысты.Аида Балаева жиналғандарды алдағы Халықаралық волонтер күнімен құттықтап, мемлекет пен волонтерлік қауымдастық арасындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлер қызметіне үлкен көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы, әсіресе, саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударып отыр. Бүгін біз Қазақстан мен Ресейдегі волонтерлер қозғалысы қуатты күшке, мейірімді азаматтардың жұдырықтай жұмылуының жарқын үлгісіне, халықтар арасындағы байланыстарды нығайтатын, маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін қозғалысқа айналды деп сеніммен айта аламыз», – деді министр.Сондай-ақ, Аида Балаева Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылдың Қазақстанда Волонтерлер жылы деп жарияланғанын, бұл волонтерлер қозғалысына қуатты серпін бергенін айтып, Қазақстандағы волонтерлікті мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды.Мемлекеттік органдар жыл сайын волонтерлер қауымдастығымен бірлесіп 50-ден астам жобаны жүзеге асырып, бастамаларды іске асыру үшін 240 шағын грант береді.Бүгінде елімізде 240 мыңнан астам белсенді волонтер бар, 740-тан астам волонтерлік ұйымдар мен мыңнан астам бастамашыл топ жемісті жұмыс істеп келеді.Сөз соңында министр 2025 жылы табиғатты қорғауға бағытталған іс-шараларды өзекті ету мақсатында бірлескен экологиялық акциялар, көрмелер, семинарлар мен конференциялар өткізуді ұсынды.Волонтерлер слетінде сөз сөйлеген Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің шет елдермен өңіраралық және мәдени байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Антон Рыбаков Қазақстанға іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.«Бірлескен жобаларды сапалық тұрғыда жаңа деңгейге көтерудегі негізгі бастамашылардың бірі – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл біз үшін өте маңызды. Қазақстан волонтерлермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибеге ие. Біз бұл бағытты толық қолдаймыз және бүгінгі кездесудің маңыздылығы келесі жылы, біз жоспарлағандай, Ресей мен Қазақстан волонтерлерінің «Тату көршілік» атты толыққанды форумы өтетінінде деп білеміз. Бұл біздің елдеріміз арасындағы бірлескен жобалар портфелін байыта түседі деп сенемін. Волонтерлік идеяны насихаттау және волонтерлік қозғалысқа көбірек адам тарту қоғамды біріктіруге, дәстүрлі моральдық және рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді», – деді ол.Слет аясында волонтерлер үшін танымдық дәрістер, семинар-тренингтер ұйымдастырылды.Сондай-ақ ресейлік қонақтарға Алматы қаласындағы комьюнити орталықтарының жұмысы таныстырылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889136
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҚАСЫ: 2025 ЖЫЛ ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖЫЛЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ 23.11.2024
Астанада Денсаулық сақтау министрінің төрағалығымен ведомство алқасының кезекті отырысы өтті, онда ағымдағы жылдың 9 айында саланың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша болжам ұсынылды. Алқаның жұмысына Министрліктің, республикалық клиникалар мен ғылыми институттардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерін, медициналық жоғары оқу орындары ректорларын, әкімдердің орынбасарларын қоса алғанда, 500-ден астам адам қатысты.Алқа мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде Ақмарал Әлназарова Мемлекет Басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ұлт денсаулығын нығайту және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырғанын, денсаулық сақтау саласының алдына жаңа міндеттер қойғанын атап өтті.Алқаның күн тәртібінде мынадай мәселелер талқыланды: ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, салалық статистиканың жай-күйі және ұзақ мерзімді келісімшарттарды қоса алғанда, 2025 жылға арналған медициналық көмекті сатып алудың жаңа тәсілдері, сондай-ақ жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру.Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т.Сұлтанғазиев ағымдағы жылдың шілде айында өңірлік ерекшелікті ескере отырып, негізгі индикаторлар мен іс-шараларды қамтитын Қазақстанның 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары бекітілгенін хабарлады. Алайда бірқатар индикаторлар жүйелік проблемаларға байланысты нашарлау жағына қайта қаралды, ал кейбір өңірлердің өз мақсаттарына жете алмау қаупі бар.Индикаторлардың орындалу қорытындыларын шығара отырып, министр аудан/қала деңгейіне дейін бөле отырып, көрсеткіштер мен іс-шараларға жетудің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуді, бірқатар проблемалы өңірлерде ведомствоның бас штаттан тыс мамандарын тарта отырып, ҒЗИ, ҰО, медициналық ЖОО-лардың қатысуымен жұмыс топтарын құру мәселесін пысықтауды тапсырды.Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша Вице-министр Ержан Нұрлыбаев өз баяндамасында халықтың тығыздығын, климаттық-географиялық ерекшеліктерін және басқа да факторларды ескере отырып, ауылда медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарау қажеттігін атап өтті.Ауыл халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін министр ауылдық денсаулық сақтау үшін телемедициналық қызметтерді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуді қарауды, ауыл халқына дәрілік қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ ауылда жас мамандарды тарту, бекіту және кәсіби бейімдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеуді, ауылдық денсаулық сақтаудың ерекшеліктерін ескере отырып, ауылдық денсаулық сақтау деңгейінде тариф белгілеу саясатын жетілдіруді тапсырды.Алқа отырысында талқылаудың үшінші маңызды тақырыбы халықтың денсаулығын қамтамасыз ету бойынша шешімдер құрылатын, ресурстар жоспарланатын және түрлі бағдарламалардың нәтижелері бағаланатын салалық статистиканың жай-күйі болды.Медициналық статистиканың сапасы мен тиімділігін арттыру үшін ведомство басшысы одан әрі өзектендіре отырып, салалық статистика саласындағы нормативтік актілерге ревизия жүргізуді тапсырды.Бұдан басқа, көпбейінді медициналық ұйымдардың базасында Ауруларды кодтау бюросының мамандандырылған орталықтарын құруды және осы бейін бойынша оқытылған мамандармен жасақтауды, медицина қызметкерлерін жаппай оқыту мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды тапсырды.Отырыстың күн тәртібіндегі келесі тақырып жалпы практика дәрігерлерінің (ЖПД) біліктілігін арттыру болды, бұл әсіресе еліміздің кейбір өңірлерінде мамандандырылған көмектің қолжетімділігі төмен жағдайларда маңызды. Биыл ЖОО-да 9 мыңнан астам ЖПД оқытылды, бұл дәрігерлердің жалпы санының 78%-ын құрайды.«МСАК жалпы практикасы дәрігерлерінің құзыретін одан әрі күшейту және өңірлерді білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін 2025 жылды – біліктілікті арттыру жылы деп жариялаймын. Бұл ретте, біліктілікті арттыру тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамына да әсер етуі тиіс. Жұмысқа кірісетін жас мамандар үшін тәлімгерлікті бейімдеу және дамыту мәселесін пысықтау қажет», - деп атап өтті министр.Осы бағыт шеңберінде практик дәрігерлер мен жалпы практика мейіргерлері үшін қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту, интерндер мен резиденттердің, болашақ мейіргерлердің білім беру бағдарламаларында практикада цифрлық технологиялар мен электрондық медициналық жүйелерді пайдалануды көздеу, «Жалпы дәрігерлік бағдарлама (Отбасылық медицина)» мамандарын даярлау бойынша интернатура мен резидентураның білім беру бағдарламаларын өзектендіру тапсырмалары берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/889137
Абай облысының оқушылары халықаралық робототехника чемпионаттарына жолдама алды 23.11.2024
Аbai Regional FIRST Championship 2024 аймақтық кезеңі өтті. Чемпионатқа Астана, Алматы қалалары және Абай, Ақмола, Жетісу облыстарынан 25 команда, 160 қатысушы қатысты. Байқау FLL Explore, FLL Challenge және FIRST Tech Challenge бағыттары бойынша ұйымдастырылды.Чемпионат қорытындысы бойынша бірқатар команда халықаралық деңгейде ел намысын қорғау құқығын иеленді.Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының Region18 командасы 14-16 желтоқсанда Индонезияда өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алды. Электротехникалық колледждің Алаш командасы ақпанда Үндістанда өтетін чемпионатқа қатысады. FTC бағыты бойынша Alash, Region18, Rai, Tengri командалары Орталық Азия чемпионатында бақ сынайды. FLL Challenge бойынша 2 Ro Álemi және НЗМ командалары аймақтық жарыстарда ел намысын қорғайды. Explore бағыты бойынша №5 гимназия және BilKids командалары Орталық Азия чемпионатына жолдама алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889134