Enbekshi QazaQ

Қуқық

Маңғыстауда әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті 23.11.2024
Ақтау қаласы мен Бейнеу кентінде өткен салтанатты рәсімде әскерге шақырылған 753 азамат Отанға адал болуға ант берді.Олардың арасында теңіз бригадасының сарбаздары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету базалары және барлау полкінің жауынгерлері болды.Іс-шараға әскери бөлімдердің басшылығы, әскери прокуратура, сарбаздар аналары комитетінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, ауған жауынгерлері, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың екі мыңнан астам туған-туыстары мен достары қатысты.– Бүгін сендер әскери ант бердіңдер, осы кезден бастап сендерге Отан алдындағы жауапкершілік жүктеледі. Қызмет атқарған жылы сендер азаматтық өмірде де пайдалы болатын құнды дағдыларды үйренесіңдер. Берген антқа адал болып, абыроймен қызмет етіңдер, – деді "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Бегімбет Тәжібаев жас сарбаздарға арнаған сөзінде.Сарбаздардың ата-аналары да бір айда ұлдарын әскер мектебі қалай өзгерткенін айтып жатты.– Біз сендерді мақтан тұтамыз және нағыз ел қорғаны дейміз. Әскердегі қызмет сендердің жеке өсулерің үшін ғана емес, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де маңызды, – деп атап өтті Павлодар облысынан келген қатардағы жауынгер Қайыржан Ақтоғайдың анасы Әсем Рамазанова.Әскердегі қызметтің қалай өтіп жатқаны жайлы Абай облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Алмас Дәулетбек былай деді:– Теңіз жаяу әскерінде қызмет етемін. Мұндай абыройлы әскерде борышымды өтеу – үлкен мәртебе. Командирлердің сенімі мен туыстарымның үмітін ақтауға тырысамын. Елді қорғау үшін бәріне дайынбыз. Біз үшін елдің еркін, қуатты болуы және өркендеуі маңызды, – деді ол.Ресми бөлімнен кейін қонақтарға теңіз жаяу әскерлерінің көрсетілімдері, қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесі және әскери бөлім бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Келушілерге оқу сабақтары, казарма, асхана және спорт залы көрсетілді. Сарбаздардың ата-аналары да өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға командирлермен кездесіп, жауап алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889133
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады 23.11.2024
Арменияда грек-рим және еркін күрестен өткен 37-ші әлем чемпионатында әскерилердің қоржыны жеті медальмен толықты. Халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) ұйымдастырған біріншілік Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде өтті. Оған әлемнің 24 елінен 400 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы атынан еркін және грек-рим күресі бойынша 17 балуан мықтылығын сынға салды.Бұған дейінде қазақстандық құраманың Еревандағы сайыстарын мәлімдеген болатынбыз. Еркін күрестен ең жоғары чемпиондық марапатты ефрейтор Мейіржан Әшіров (70 келі) жеңіп алды. Қола медальдарды грек-рим күресінен кіші сержант Айдос Сұлтанғали – 60 келі салмақта және ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Светлана Анкичева – әйелдер күресінен (50 келі) еншіледі.Келесі күндері ел қоржыны тағы екі алтынмен және қола медальдармен толықты. ҚР Қарулы күштерінің қызметкері Камиль Куруглиев 97 келі салмақ дәрежесінде Үндістан мен Моңғолиядан келген спортшыларды жеңді. Шешуші белдесуде ол Ираннан келген қарсыласынан басым түсті. Грек-рим күресінен ефрейтор Әлімхан Сыздықов ирандық балуанмен соңғы белдесуде өзінің артықшылығын дәлелдеп, әлем чемпионы атанды.Қазақстан Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы құрамасының 86 келі салмағында еркін күрестен сынға түскен Рүстем Мырзағалиев пен әйелдер күресінен (55 келі) Марина Седняя Қазақстан құрамасының қоржынын қола жүлделермен толықтыра түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889135
Астанада халықаралық STEM-олимпиада басталды 23.11.2024
Елордалық №103 мектепте STEM пәндері бойынша халықаралық олимпиада басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Зияткерлік сайыс білім берудегі инновацияларды ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған.Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейден 200-ден астам оқушы қатысады. Қатысушылар бірнеше бағыт бойынша үздік атаққа таласады: инженерлік, Роботтар шайқасы, бағдарламалау және 3D модельдеу.Халықаралық олимпиадаға іріктеуге 1600 адам қатысты, соның ішінде 74 командада 200-ден астам қатысушы өтті.«Мен бұл олимпиадаға өткен жылдан бері қатысып келемін және бұл интеллектуалды турнирлердің өте маңызды деңгейі деп айта аламын. Біз турнирге дайындық барысында көп еңбектендік, жеңіске жетеміз деп үміттенеміз», - деді ташкенттік қатысушы Бохирбек Иброхимов.Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты — дәл және инженерлік ғылымдарға қызығушылықты арттыру, оқушылардың шығармашылық және зерттеу әлеуетін дамыту, сондай-ақ инженерия, бағдарламалау, 3D-модельдеу және робототехника сияқты STEM-пәндерді танымал ету.«Бұл — болашақ ғылым мен технология көшбасшыларының әсерлі жиыны. Мен олардың әрқайсысы кездейсоқ емес екеніне сенімдімін. Бұл жай ғана бәсекелестік емес, бұл - сіздің біліміңізді көрсетудің және практикалық дағдыларды алудың бірегей мүмкіндігі. Мұндай іс-шараларға қатысу біздің елдеріміздің жас буыны арасында техникалық білім беруді дамытуға серпін береді», - деп атап өтті елордалық Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов.Олимпиаданы ұйымдастырушылар қолайлы жағдайдан басқа жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар дайындады. «Ұйымдастырушылар бізге роботтарымызбен жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндікті берді. Материалдары жоғары сапалы, өте қуаныштымын», - деп атап өтті Өзбекстаннан келген қатысушы Бекзод Пардабаев.Олимпиада Астана әкімдігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының, «Астана Innovations» АҚ, «Дарын» РҒПО, елорданың Білім басқармасының және STEM Academia ғылыми-өндірістік компаниясының қолдауымен өткізіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889125
Жамбыл облысының 85 жылдығы кең көлемде атап өтілді 23.11.2024
Биыл Жамбыл облысының құрылғанына – 85 жыл. Осы жылдар белесінде өңір экономикасы өрлеп, тұрғындар жаңа өндірістік және әлеуметтік нысандардың игілігін көріп келеді.Жыл басынан бері барлық аудандар мен облыс орталығында есімі елге белгі жерлестеріміздің қатысуымен мерейтойлық шаралар өтіп жатыр.«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өңірдің 85 жылдық белесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.Дүбірлі мерекеге ортақтасуға еліміздің әр түкпірінен мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, өңірден шыққан мәдениет майталмандары арнайы келді.Алдымен құрметті қонақтар мерейтойға орай тігілген ақшаңқай киіз үйлерді аралап, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, музыка өнері мен қолөнер бұйымдары, сондай-ақ ұлттық дәмдері қойылған көрмені тамашалады. Облыстық тарихи-өлкетану музейі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған алтын және керамикалық бұйымдарды, ежелгі руна жазуының көшірмелерін көпшілік назарына ұсынды.Бұдан соң көрме залында өңірдегі айтулы оқиғалар, экономикалық өсімдер мен түрлі саладағы толайым жетістіктер топтастырылған бейнефильм жиналған қауымға ұсынылды.Кейін Жамбыл облысының тарихы мен рухани мұрасына негізделген кітаптардың тұсауы кесілді. Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Тараз өркениет өрімдерінің куәгері», «Қарахан мен Айша: ғылыми деректер мен аңыздар» сынды кітаптар, отандық жазушылардың еңбектері жарық көрді.Ербол Қарашөкеев барша жамбылдықты айшықты оқиғамен құттықтай отырып, облыс осы уақыт бедерінде түрлі қиындықтарды еңсеріп, елеулі белестерді бағындырғанын атап өтті.– Жамбыл жері құдіретті Қарахан мемлекеті салтанат құрған, Қазақ хандығы іргесін көтеріп, туын тіккен киелі жер.Бұл өлке айыр көмей ақындарымен, орақ тілді шешендерімен, саз балшықтан сәулет өрген шеберлерімен, ғұлама ойшылдарымен, шежірелі қарттарымен, адал да ақкөңіл еңбекқор жандарымен мақтана алады.Жарқын істердің, берекелі бастамалардың жаршысы болған Жамбыл облысының келешегі кемел, болашағы бұдан да баянды болатынына сенімім зор. Бірлігі мен тірлігі жарасқан мерейлі мекеннің 85 жылдық тойы құтты болсын! — деді облыс әкімі.Президент Жарлығына сәйкес түрлі сала мамандарына мемлекеттік наградалар, атап айтқанда «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.Бұдан бөлек, кәсібилігімен көзге түсіп, еңбекте зор жауапкершілік танытқан тұрғындарға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді.Барлығы 28 жамбылдық мерекелік марапатқа ие болды, оның ішінде еңбек ардагерлері, әлеуметтік сала мен полиция қызметкерлері, әскерилер, құтқарушылар, коммуналдық қызметшілер және этномәдени бірлестіктердің өкілдері бар.Сонымен бірге Ербол Қарашөкеев облыстың 85 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Туған өлкем – Жамбылым!» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапаттар табыс етті.«Мәдениет – асыл қазынам» мәдениет күндерінің қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды. Байзақ және Сарысу аудандары үшінші орынның тұғырынан көрініп, арнайы техникаға ие болды. Жамбыл ауданы 2 орынды еншілесе, Талас ауданы бірінші орынды қанжығасына байлады. Қос ауданның шығармашылық ұжымына шағын автобус сыйға тартылды.Шара соңы мерекелік концертке ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/889118
ТЖМ құтқарушылары елордада және оған іргелес елді мекендерде жаппай рейд өткізді 23.11.2024
Бүгін Астанада бірлескен профилактикалық жұмыс аясында елордалық және ақмолалық құтқарушылар елорда мен оған іргелес орналасқан облыстың аудандарында бірлескен рейд өткізді. Негізгі мақсат - өрттердің алдын алу, жеке секторда адам өлімін азайту және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мүдделі органдармен өзара іс-қимыл тетігін пысықтау. Оның ішінде пешпен жылытылатын тұрғын үйлерге ерекше назар аударылады.«Елорданың тұрғын секторында және оған іргелес орналасқан елді мекендерде өрт жағдайын тұрақтандыру мақсатында «Біз қауіпсіздік үшін» атты жаппай профилактикалық рейдтер өткізілуде. Жеке үйлер жылу және электр аспаптарын пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан жоғары қауіпті аймақ болып қала береді», - деп ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев атап өтті.Жылыту кезеңі басталғаннан бері елімізде 913 өрт тіркелді, 41 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Сондықтан мұндай профилактикалық шараларды өткізу аса қажет.Құтқарушылар волонтерлермен бірлесіп үйлерге барып, тұрғындармен әңгімелесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғандарға: * жылыту құрылғыларын қалай дұрыс пайдалану керек; * жарамды электр сымдарының маңыздылығы; * өрт сөндіру құралдарының болуының қажеттілігі; * өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керек дегендей негізгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.Құтқарушылар өрт қаупін азайту және адамдардың өмірін сақтап қалу азаматтарымыздың қауіпсіздік мәдениетін арттыру арқылы мүмкін болатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/889121
2 млн теңгеден айырылған: елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр 23.11.2024
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Оның 730-ы бойынша қылмыстық іс ашылып, сот органдарына жіберілді. Бұл туралы Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Айдар Қонысбек айтnы, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Жалпы, Астанада жыл басынан бері интернет-алаяқтықпен айналысқан 67 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал басқа да фактілер бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда. Келтірілген залал 3 млрд теңгеден асады, оның 424 млн теңгесі өтелді.Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі алаяқтар банк карталарының деректерін алудың түрлі әдісін ойлап тапқанын айтады.«Алаяқтар өздерін банк, құқық қорғау органдары немесе ұялы байланыс операторы ретінде таныстырып, түрлі себептерді айтады. Мысалы, қазір алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операция өтіп жатыр деп алдап, соған орай телефонға хабарлама арқылы келген құпия сандарды айтуды өтінеді. Онлайн-платформалар арқылы жоқ тауар мен қызметті ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұрайды. Одан бөлек жалған жеткізу қызметін ұсынып, сілтеме арқылы деректерді толтыруды сұрайды. Осылайша, адамның жеке деректеріне қол жеткізеді. Кейде ақша көбейтудің жалған жолдарын ұсынып, бағалы қағаздар мен криптовалютаға тиімді инвестиция жасауға болатынын айтады. Алаяқтар сайттар жасап, ойдан шығарылған сауда-саттық ұымдастырып, толықтырулар мен кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі. Қылмыскерлер WhatsApp мессенджерінің аккаунтына заңсыз кіру әрекетін де жасап жатыр. Онда зиянды сілтемені пайдаланып, әлеуметтік желідегі аккаунтын иемденіп алады. Сол адамның атынан барлық нөмірге жазып, қарызға ақша беруін сұрайды. Міне, осындай алаяқтық түрлері қазір жиі жасалады», - деді ол.Полиция басқармасы өкілінің айтуынша, елорда тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 2 миллион теңгесінен айырылған.«Астана қаласының тұрғынына белгісіз адам хабарласып, өзің телефон операторының қызметкері ретінде таныстырған. Әрі қарай қолданыстағы SIM-карта мезгілі өтіп бара жатқанын айтып, пайдалану мерзімін ұзарту үшін телефон нөміріне келген құпия санды айтуды сұраған. Қала тұрғыны алаяқтың айтқанына сеніп, хабарлама арқылы келген сандарды айтқан. Кейін тұрғынға басқа біреу хабарласып, өзің банк қызметкері деп таныстырған. Оған «Жаңа ғана алаяққа алданып қалдыңыз, ақшаңызды қауіпсіз жерге аударыңыз» деп сендірген. Елорда тұрғыны алаяқтың айтқанына көніп, ол жіберген шотқа 2 миллион 100 мың теңге ақша аударып жіберген, - дейді Айдар Қонысбек.Қазір интернет-дүкендердің қызметі тұтынушыларға түрлі мүмкіндіктер қарастырып қойған. Дегенмен алаляқтар интернет-дүкендерін пайдаланып, жеке тұлғаларды алдап, ақша жымқырып жүр.«Елорда тұрғынына белгісіз нөмір хабарласып, интернет-дүкен атынан автокөлік ұтып алғанын айтқан. Жәбірленушіге көлікті рәсімдеу және сақтандыру үшін ақша керегін айтып, 600 мың теңгеге алдап кеткен»,- деді полиция өкілі.Жыл басынан бері 900-ден астам түрлі заңсыз мазмұндағы сайттар бұғатталуға жіберілген.«Интернет-алаяқтықтың алдын алуға болады. Ол үшін күмән тудыратын сілтемелерге өтпеу керек. Ешкімге жеке деректер туралы айтпау қажет. Тауарларды әртүрлі интернет-алаңдарында сатып алатын кезде алдын ала төлем жіберу үшін мәліметтердің түпнұсқалығына көз жеткізу керек. Әлеуметтік желідегі жеке мәліметтерді сақтау үшін қиын құпиясөздер қою қажет», - деп түсіндірді полиция өкілі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889107
«Энергетик» ықшам ауданының мәселелерін шешу бойынша Жол картасы әзірленеді 23.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Энергетик» шағын ауданы тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысымен бұған дейінгі кездесуде тұрғындар абаттандыру, ыстық су, көше жарығы, балалар алаңын салуға қатысты мәселелерді жеткізген болатын.Бұл жолғы кездесуде шағын ауданды дамытудың нақты жоспары ұсынылып, проблемаларды кешенді түрде шешу үшін Жол картасының әзірленгені, алдағы уақытта толықтырылатыны айтылды.Жол картасына жылу, электр, су желілерін инвентаризациялау, құжаттарын ретке келтіріп, басқа құзырлы ұйымдардың балансына беру секілді шаралар енгізілген. Шағын ауданда аллеялар, жаяу жүргіншілер жолы мен балалар алаңдарын салу, көшелерге жарық орнату, аулаларды жөндеу жоспарланып отыр.«Ұзақ жылдар бойы қордаланған мәселелер бір күнде шешілмейді. Біртіндеп ретке келтіреміз. Біз «Энергетик» шағын ауданының тұрғындарға жайлы, жолдары сапалы, аулалары жаңа болғанын қалаймыз. Сол үшін арнайы Жол картасын әзірледік. Жұмыстың орындалу мерзімін белгіледік. Қалып қойған дүниелер болса қосамыз. Толықтырамыз. Жол картасы бойынша атқарылған жұмысты өздеріңізге хабардар етіп отырамыз. Сіздер барлығын білуге тиіссіздер. Бірде бір мәселе назардан тыс қалмайды» деді Нұрлан Ұранхаев.Тұрғындар өз кезегінде өтініштеріне құлақ асып, мәселелерін шешу жолдарын қарастырғаны үшін алғыс білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/889115
Қазақстанда Оксана Лут ауылдағы әлеуметтік-жауапты бизнестің табысты үлгісімен таныстырылды 23.11.2024
Қазақстанға жұмыс сапары барысында РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут "Родина "Агрофирма" ЖШС-не, сондай-ақ Ақмола облысының Целиноград ауданында орналасқан аттас ауылға барды.Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Мемлекет Басшысы "Родина" агрофирмасы ауыл шаруашылығында бизнесті қалай дұрыс жүргізу керектігінің тамаша үлгісі екенін айтты."Бұл елорданың азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне және аймақ экономикасының дамуына елеулі үлес қосып қана қоймай, ең бастысы, өз қызметкерлері мен ауыл тұрғындарына шынымен қамқорлық жасайтын озық кәсіпорын", - деп атап өтті Президент.Министр Оксана Лут та бұған көз жеткізді. Бас директор Иван Сауэр агрофирманың сүт және ет бағыттарында жұмыс істейтіні туралы айтты.2022 жылы шаруашылықта суаруға жаңа технология енгізу бойынша жоба басталды: 2 мың гектарға 22 дөңгелек үлгідегі суару машинасы орнатылды, ауыр жүк көліктері мен заманауи егіс кешендерін сатып алуды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы техникасын жаңғырту жүргізілді.20 мың тоннаға арналған тұқым дәрілері және астық терминалын шығаратын өзінің шағын зауыты жұмыс істейді. 750 кВт жел қондырғысы арзан электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етеді, бұл агрофирманың тиімділігін арттырады.Оксана Лут пен делегация мүшелеріне "Глобал-90" және "Елочка" сауу қондырғыларымен жабдықталған, қуаттылығы 88 тоннаға жуық, сондай-ақ қуаттылығы тәулігіне 50 тонна қайта өңдейтін сүт зауыты жабдықталған 2,3 мың бас голштейн тұқымына арналған сүт-мал шаруашылығы кешендері көрсетілді.Күн сайын 35-45 тонна сүт және сүт өнімдері астананың сауда нүктелеріне жеткізіледі.Ауыл дамыған инфрақұрылымымен және жоғары жұмыспен қамтылуымен ерекшеленетін үлгілі елді мекен болып табылады.2023 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания "Родина" ауылын қолдауға және дамытуға 791 млн теңге бағыттады. Елді мекенде екі мыңға жуық адам тұрады, толық қалалық инфрақұрылым, жайлы үйлер, кең көшелер, демалыс саябағы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889103
Қазақстандық аграрлық жоғары оқу орындары Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді 23.11.2024
Қазақстанға жұмыс сапары барысында РФ Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Лут аграрлық ғылымның дамуымен және ҚР агроөнеркәсіптік кешеніне кадрлар даярлау жұмысымен танысты.Делегация мүшелеріне А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметімен ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдабек Сапаров таныстырды. Онда оларға қазақстандық астық шаруашылығының тарихы мен жетістіктерімен, қазақстандық ғалымдардың селекциялық жұмысының нәтижелері көрсетіліп, Орталық жұмысы Ресей тарапының қызығушылығын арттырды.Министр екі мемлекетте де ауыл шаруашылығын одан әрі тұрақты дамыту үшін негіз болып табылатын тұқым шаруашылығы мен селекция саласындағы Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы мен перспективаларын атап өтті.Айта кетейік, А.И. Бараев атындағы ғылыми орталық Ресейдің ғылыми мекемелерімен интеграцияны белсенді түрде дамытуда, соның ішінде "Н.И. Вавилов атындағы Бүкілресейлік өсімдіктердің генетикалық ресурстары институты" ФМБҒМ-мен және Алтай ауыл шаруашылығы ҒЗИ" ФМБҒМ-мен тәжірибе және генетикалық ресурстармен алмасуда.Институттармен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы шарттар шеңберінде ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын құру бойынша бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізілуде.Ресей делегациясының мүшелері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде болды, ол Ресейдің 28 ғылыми және білім беру мекемелерімен, соның ішінде Сібір Мемлекеттік Геодезиялық Академиясы және Урал мемлекеттік аграрлық университетімен белсенді жұмыс істейді. ЖОО студенттері өз жобаларын таныстырды.Қонақтар ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын, сондай-ақ зертханаларды тамашалады.Бүгінгі таңда ресейлік аграрлық жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 64 студент, Ресейден 44 студент оқиды, бұл екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы білім беру ынтымақтастығына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/889105
Хорватия компаниялары Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға шақырылды 23.11.2024
Загреб, 2024 жылғы 22 қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Хорватия Республикасына ресми сапары аясында экономиканың түрлі секторларын ұсынатын жетекші хорват компанияларының басшыларымен кездесу өткізді.Атап айтқанда, іс-шараға келесі фирмалардың өкілдері қатысты: «INA» – Балқан өңіріндегі ең ірі мұнай кәсіпорындарының бірі; «JANAF» – «Jadranski naftovod» мұнай құбырлары жүйесінің операторы; әртүрлі жүк түрлерін ауыстырып тиеуді қамтамасыз ететін Риека порты; «JGL» – дәрілік препараттардың кең желісін өндіруші Ядран-Гален зертханасы. Сондай-ақ кездесуге Хорватия экономика палатасының құрамына кіретін әрі туризм, сауда және консалтингтік қызметтер саласында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері қатысты.Кездесудің негізгі мақсаты екіжақты іскерлік серіктестіктің перспективаларын талқылау және ағымдағы геосаяси және геоэкономикалық шындықтарды ескере отырып, оны дамытудың жаңа бағыттарын айқындау болды.ҚР СІМ басшысы сұхбаттастарға Қазақстанда жүргізіліп жатқан негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпарат берді. Еліміздегі жүйелі қайта құрулар, сондай-ақ инфрақұрылымды, көлік пен логистиканы дамытуға ауқымды инвестициялар, цифрландырудың жоғары деңгейі Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететіні аталып өтті.Министр хорват компанияларын қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық орнату мен дамытуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге шақырды. Іскерлік байланыстарды кеңейтудің негізі екі ел арасындағы барлық деңгейлерде жүргізілетін саяси диалогтың оң динамикасы болып табылатынына назар аударылды.Қазақстан мен Хорватияның тиімді геостратегиялық орналасуын назарға ала отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті дамытуға екі тараптың Еуропа мен Азия арасындағы негізгі көлік-транзиттік хаб ретінде өз позицияларын нығайтуға ұмтылуы ықпал етеді.Кездесуге қатысушылар энергетика, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, IT-технологиялар, білім беру, туризм сияқты салаларда өзара тиімді бірлескен жобалардың елеулі әлеуетінің бар болуы туралы ортақ пікірге келді.Осыған байланысты хорват компанияларына перспективалы жобаларды айқындау жөніндегі екіжақты тетіктері – Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен «Қазақстан-Хорватия» Іскерлік кеңесінің мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды, олардың келесі отырыстары Астанада 2025 жылы жоспарлануда.Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді барлық салаларда екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасында байланысты қолдау уағдаластығына қол жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/889104
«Кавказ тұтқыны» және «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» атты культтық фильмдерге жазылған музыканың авторы Александр Зацепин Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады 23.11.2024
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 80 жылдық мерейтойын атап өтуде, осыған орай Александр Зацепин — танымал композиторлардың бірі де бірегейі, «Кавказ тұтқыны», «Бриллиантовая рука», «12 стульев», «Иван Васильевич кәсібін өзгертеді» фильмдері музыкасының авторы — жылы құттықтауын жолдап, шығармашылығының қалыптасуына туған оқу орнының қосқан үлесін атап өтті.«Мен 50-ші жылдары оқуға түстім. Евгений Григорьевич Брусиловскийден дәріс алдым. Профессура өте жақсы әрі қызықты болды. Мұнда көптеген адамдармен таныстым, композиторлар Рахмадиев, Мендығалиев, Мухамеджановтармен достық қарым-қатынаста болдым. Мен тек музыкалық мектепті аяқтап, басқаша білім алған жоқпын, ал осы консерватория маған көптеген нәрселерді үйретті. Рахмет! Оны өмір бойы есімде сақтаймын», — деді Александр Сергеевич.Композитордың үлкен өнерге деген жолы Алматы қаласынан басталды. Мұнда ол композиция мен пианино бойынша білім алды, «Қазақфильм» киностудиясында алғашқы қадамдарын жасап, алғашқы жетістігі болып саналатын «Біздің қымбатты дәрігер» (1958) фильмінің музыкасын жазған.80 жылдың ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы көптеген танымал музыканттарды тәрбиелеп шығарды. Есімі танымал түлектерінің қатарында Бибігүл Төлегенова, Әлибек Дінишев, Алан Бөрібаев, Абзал Мұхитдинов, Нұржамал Үсенбаева, Медет Шотабаев және басқа да көптеген музыканттар, соның ішінде Александр Зацепиннің өзі бар.Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай 30-дан астам іс-шарадан тұратын ауқымды марафон ұйымдастырылды. 3 желтоқсан күні Республика Сарайында гала-концерт өтеді, ал салтанатты тойлау 20 желтоқсанда Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында гранд-финалмен аяқталады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/889098
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды 23.11.2024
Жетісу облысы Панфилов ауданында ұзындығы 32 шақырым болатын «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі салтанатты түрде ашылды. «Нұр жолы» кеден бекетіне, «Қорғас» ХШЫО-ға, Алтынкөл станциясына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға баратын автокөліктер легі дәл осы жол арқылы жүреді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Автомобиль жолы қай кезде де елдің инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып саналған. Мұндай негізгі артериялар тек жергілікті тұрғындардың ғана емес, көптеген туристердің де кедергісіз қозғалысына ықпал етіп, сонымен қатар экономиканың дамуына, басқа аймақтармен байланысты нығайтуға оң әсерін тигізеді. Бұл ретте шекаралас Панфилов ауданы да осы игі үрдістен тыс қалған жоқ.Ұзындығы 32 км болатын «Жаркент-Қорғас» жолы учаскесі Панфилов ауданының Қырыққұдық, Ақкент, Ават, Атамекен ауылдары арқылы өтеді. Бұл жол өткен ғасырдың 60-70 жылдарында салынғандықтан, соңғы жылдары көлік жүргізушілер мен жергілікті тұрғындарға біршама жайсыздық туғызған еді. Бұл ретте тұрғындар жөндеу жұмыстарының басталғанын қуана құп алып, құрылысшыларға барынша қолдау көрсетті.Құрылыс жұмыстары осы жылдың шілде айында басталып, белгіленген мердігер ұйымның жол жөндеушілері Жетісу облысы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалының тапсырысымен жұмыстарды бес айдың ішінде аяқталды.- Өңірдің инфрақұрылымын дамыту және жолдардың сапасын көтеру мақсатында биыл біз Қорғас ауылынан Жаркент қаласына апаратын ескі жолға орташа жөндеу жүргіздік. Жоба аясында жаңа екі қабатты асфальт төсеу есебінен жол төсемінің сапасы жақсарды. Жол бойындағы елді мекендерде тротуар төселді, жарықтандыру, жаңа жол белгілері мен ақпараттық панельдер орнатылды, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілер қойылды, - дейді «Қазавтожол» АҚ облыстық филиалының директоры Нұрхат Ақылтаев.Жолдың ашылу рәсіміне қатысқан ауыл тұрғындары алғыстарын білдірді. Үлкеншыған ауылдық округінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы Тойлыбай Домбағұлов «Жаркент-Қорғас» жолының ұзына бойына тротуарлар, жаяу жүргіншілер өткелдері, жарықтандыру жасалғаны ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызғанын атап өтті. Оның айтуынша, жол сапасын күн сайын көлігімен әрлі-берлі сапарлайтын Жаркент жүргізушілері де оң бағалап отыр.Жалпы облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңғыртуға бағытталған ірі жобалар іске асырылуда. «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар жол пайдалануға берілді. Жуырда «Талдықорған – Үшарал» автожолын қайта жаңарту аяқталады, ондағы жұмыстар 98%-ға орындалды, нысанды толық аяқтау 2024 жылдың соңына жоспарланған. Сондай-ақ, Республикалық маңызы бар «Сарыөзек – Көктал» және «Айдарлы-Көктал» автожолдарында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар осы жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға 24,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 29 жоба іске асырылуда, оның аясында 193,4 км жол жөнделеді. Осылайша, 2024 жылдың соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесін 94% жеткізу жоспарланған.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/889095
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты 23.11.2024
Астана тұрғындары үшін «Түнгі жүгіріс» іс-шарасы ұйымдастырылып, 22 қараша қараша күні 21:00-де Ботаникалық саябақта елордалықтар 4 шақырым қашықтықты бағындырды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласының жұма түнінде сынап бағамы -8 градусты көрсетіп тұрды. Ұйымдастырушылар 1000 адамдық лимит қойғанына қарамастан Ботаникалық саябақта салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың қарасы әдеттегідей өте көп болды. Кезекті ерекше «Түнгі жүгірісте» 1 500-ге жуық әуесқой спортшы тіркелді.«Бір жылда Астана қаласында 800-дей спорттық шара өткіземіз. Оның ішінде 34 мәрте марафондық жүгіріс ұйымдастырылды. Әйтсе де 2024 жылы алғаш рет «Түнгі жүгіріс» болды. Бірақ қала тұрғындары Жаңа жылдың алдында дәстүрлі түрде жүгіретіндіктен, бұл алғашқы тәжірибеміз деп айтуға келмейді. Неге Ботаникалық саябақ таңдалды? Өйткені, біріншіден, көптеген қатысушылар үшін тиімді локация. Екіншіден, қаладағы жол қозғалысына ешқандай кедергі келтірмей, емін-еркін, қауіпсіз түрде жүгіре аламыз. Үшіншіден, жүгіру жолағымен қамтылғандықтан, жарақат алу мүмкіндігі төмен. Онымен тоқтап қалмаймыз. Әлі алда отбасылық марафон жоспарымызда тұр», - деп Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау бөлімінің басшысы Көлбай Жанбек пікірін білдірді.Жүгіріске жиналған қатысушылардың ең жасы 10-да, ең егдесі 68 жаста болды. Әуесқой жүгірушілер тек қана 4 шақырымды еңсеріп қана қоймай, финиш аймағында ыстық шай мен сэндвич, тиісінше арнайы естелік медаль алды.Іс-шара соңында IPhone 15 Pro смартфоны мен 5 велосипед лотерея арқылы ойнатылып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қатысушылар қоқыстарын жинап кетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889096
Авиациялық оқиғалардың алдын алу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер енгізіледі 23.11.2024
Қорғаныс министрлігі «Мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалардың алдын алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 486 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.Аталған өзгерістер мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер мониторингінің нәтижелері ескеріле отырып енгізіледі. Мақсаты – нұсқаулық нормаларын «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңы 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру. Осы нормаға сәйкес заңға сілтеме жасаған кезде оның қабылданған күні көрсетілмейді.Министр бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 2 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15296215 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889081
Қорғаныс министрінің нұсқаулары мен кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілмек 23.11.2024
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.Қорғаныс министрінің әскери қызмет өткеру мәселелерін реттейтін бұйрықтарының құқықтық мониторингі барысында практикада қолданылмайтын нормалар нақтыланды. Атап айтқанда, бұл Қарулы күштерге ауысатын құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерін қайта аттестаттау үшін әскери оқу орындарында базалық курстардан өту қажеттілігін көздейтін норма жайында. Мұндай жағдайлардың шамалы санына, орын ауыстыру мерзімдерінің белгісіздігіне және белгілі бір бейіндегі мамандардың сұранысына байланысты курстардан өтпей-ақ қайта аттестаттау жүргізу ұсынылады. Осыған байланысты бұйрық жобасында практикада қолданылмайтын норма алып тастауға жатады. Министр бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 5 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15302649 сілтеме бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889082
Қарулы күштерде Әскери кадр қызметкерлері күні атап өтілуде 23.11.2024
Мерекелік күн 1991 жылғы 23 қарашада Қазақ КСРО кадрлар басқармасының Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрамында КСРО Қорғаныс министрінің білім беру жөніндегі директивасының қабылдануымен байланысты. Кейіннен Қазақстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылғы 7 мамырда комитет министрлік болып қайта құрылды және кадрлар басқармасы оның құзырына өтті.90-жылдардың басында әскери кадрлар қысқа мерзімде офицерлер құрамын сақтау, әскери қызметшілердің жаңа буынын тәрбиелеу, Қарулы күштердің жеке құрамына көзқарастар, талаптар мен шектеулер жүйесін анықтайтын нормативтік құқықтық база құру бойынша іс-шаралар өткізді. Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне армияны әскери қызметшілермен, азаматтық қызметкерлермен қамтамасыз ету және әскери дайындалған ресурс құру міндеті жүктелген. Кадр қызметі мамандарының құзыретінде әскери лауазымдарды толықтыру, аттестаттауды өткізу, президенттік және кадрлық резервтерді қалыптастыру, әскери атақтар беру, әскери қызметшілерді марапаттау және есепке алу мәселелері бар. Басшы лауазымдарға кандидаттардың цифрлық рейтингі енгізілді. Жүйе білім деңгейін, мемлекеттік және шет тілдерін меңгеруді, біліктілікті арттыру курстарынан өтуді, өтілін, аттестаттау нәтижелерін, наградаларды, кәсіби қызметке байланысты жетістіктерді, қоғамдық жобаларға белсенді қатысуын ескереді. Бұл тәсіл кадрлық шешімдер қабылдаудың ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етеді, артық бюрократияны, қолдаушылықты, отбасылық және қызметтегі артықшылықтарды болдырмайды.Армия бөлімшелерінің жеке құраммен жалпы жасақталуы қойылған міндеттерді жедел және сапалы шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін деңгейде екені ескерілуде. Бір қарағанда, әскери кадр қызметкерлерінің елеусіз қызметі көбіне қағазбастылықпен байланысты. Дегенмен одан бөлек әскери бөлімдердің жауынгерлік қабілеті мен жауынгерлік даярлығы, әскери ұжымдардағы аса маңызды моральдық-психологиялық ахуал мен әскерилердің жауынгерлік рухы Қарулы күштердің жасақталуынан көрінеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/889083
Қарағандылық мұғалімдер мен тәрбиешілер Республикалық педагогикалық идеялар байқауында өз жобаларын ұсынады 23.11.2024
Қарағандыда жыл сайынғы "Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024" байқауының өңірлік кезеңі аяқталды. 300 қатысушының 11-і облысты республикалық турда ұсынуға мүмкіндік алды.Биыл конкурсқа қатысуға түскен өтінімдер саны рекордтық деңгейге жетті. Қарағанды "Өрлеу" біліктілікті арттыру институты функционалдық сауаттылықты дамытудың 12 бағыты бойынша 297 өтінім қабылдады.Облыстың 13 қаласы мен ауданының тәрбиешілері мен мұғалімдері педагогикалық шеберліктері бойынша жарысты. Олар әртүрлі пәндер бойынша және барлық жас санаттары үшін бейне сабақтар мен бейне дәрістер жазды. Конкурстық жұмыстардың ішінде балабақша тәрбиеленушілеріне арналған және жоғары сынып оқушыларына арналған жұмыстар болды. Конкурстық бейнелерді Жалғыз да, ұжымдық түрде де дайындауға болады.Өңірлік кезең қорытындысы бойынша жүлделі орындарға барлығы 47 бейнеролик дайындаған 67 педагог ие болды. Оның 11-і бірінші орынға ие болды, соның арқасында Қарағанды облысын республикалық кезеңде таныстыру мүмкіндігіне ие болды.Республикалық байқаудың қорытындысы 2024 жылғы 20 желтоқсанда белгілі болады. Үздік жұмыстар "Өрлеу" біліктілікті арттыру институтының сайтында жарияланады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/887728
Қарағанды техникалық университетінің 1500-ден астам студенті бос орындар жәрмеңкесіне қатысты 23.11.2024
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде "Карьера START" бос орындар жәрмеңкесінде "Азимут Геология", "Шұбаркөл", Qarmet, BI Group, "Құрылысэксперт проект", QazTehna, "Мэйкер-КЛМЗ" және басқа да компаниялардан екі мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Төртінші және бесінші курстардың 1500-ден астам студенттері, сондай-ақ түлектер жұмыс берушілермен тікелей байланысып, сұхбатқа дайындық бойынша пайдалы ұсыныстар ала алды.18 ірі компанияның директорлары жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдама ұсынуға дайын екендіктерін білдірді.– Жоғары курс студенттері мен түлектерге арналған осындай бос орындар жәрмеңкесі – өз мамандығы бойынша жұмыс табуға үлкен мүмкіндік, – дейді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының басшысы Нұржан Сыздықов. – Жергілікті жерде әлеуетті жұмыс берушімен әңгімелесуге, кәсіпорындағы жұмыс ерекшеліктерін білуге, шарттар мен жалақыны белгілеуге болады.Silk Road Electronics зауыты танымал болды. Саран зауытында кейіннен жұмысқа орналасу арқылы практикадан өтуге 21 өтінім қалдырылды."Өнеркәсіп экономикасы" мамандығының төртінші курс студенті Владислав Сивцов жәрмеңкені әлеуетті жұмыс берушілермен байланыс орнатудың тамаша мүмкіндігі деп санайды.– Мен мамандық бойынша жұмыс табуға келдім. Консалтинг, қаржылық аналитика, экономика салалары қызықтырады. Мен өміріме, отбасыма, жоспарларыма жеткілікті болатын лайықты жалақы тапқым келеді. Мұндай жәрмеңкелер студенттерге жұмысқа орналасудың қандай мүмкіндіктері бар екенін білу үшін қажет. Бұл жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатуға, өзін көрсетуге үлкен мүмкіндік, – дейді Владислав.Ұйымдастырушылар студенттерге таңдаған мамандығы бойынша жұмыс табуға көмектесу үшін бос орындар жәрмеңкелері өткізілетінін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/888191
Қарағандылықтарды "Висла" поляк кинофестиваліне шақырады 23.11.2024
Қарағандылықтар соңғы жылдардағы поляк кинематографының үздік фильмдерін көре алады. Алдағы жексенбі, 24 қарашада "Сарыжайлау" кинотеатрында (Бұқар жырау даңғылы, 32) дәстүрлі "Висла" кинофестивалінің ашылуы өтеді. Биыл ол жетінші рет өткізіліп, Қазақстан поляктары Одағының 30 жылдығына орайластырылған.Фестиваль жеті күнге созылады. Бағдарламада киноленталар мен қысқаметражды фильмдер бар. Барлық сеанстарға кіру тегін.24 қараша, сағат 17:00 – Михаил Квечинский түсірген "Филип" (2022) әскери драмасы. Фильм Леопольд Тирманның аттас жартылай өмірбаяндық романына негізделген. Жас еврей Филипп пен оның сүйіктісі Сара туралы баяндайды. Оқиға 1941 жылы Варшава геттосында өтеді. Фильм халықаралық марапаттарға ие болды.25 қараша, 18:30 – "Двойник" (2023), режиссері – Яан Холоубек. Бұл триллер мен тыңшылық фильм элементтері бар психологиялық драма. Сюжет көрермендерді 70-80 жылдардағы Шығыс Еуропалық шындықтың орталығына апарады. Фильмнің ортасында Темір перденің екі жағында тұратын екі адамның өмірі жатыр. Картина Гдыньдағы фестивальдің бірнеше марапаттарын жеңіп алды: режиссура, операторлық жұмыс, сценография және т. б.26 қараша, 18:30 – "Субук" драмасы (2022), режиссері-Яцек Лусински. Картина аутист баланың жас анасының шынайы оқиғасына негізделген. Оның табандылығы, бюрократиямен және адамның қатыгездігімен күресу 1989 жылы поляктардың білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгерістерге әкелді.27 қараша, 18:30 – "Рапорт Пилецкого" драмасы (2023), режиссері – Кшиштоф Лукашевич. Освенцимнен өткен поляк қарсыласуының жауынгері Витольд Пилецкийдің көзімен Екінші дүниежүзілік соғысының тарихы сипатталады.28 қараша, 18:30 – "Любовь как мед" комедиясы, режиссері – Мацей Мигас. 50 жастан асқан екі әйелдің тарихы: қиындықтарға қарамастан, олар өз өмірлерін өзгертуді шешеді. Суреттің лейтмотиві: әрқайсымыздың жүрегімізде махаббатқа, достыққа және жасына қарамастан өз жолымызды табуға деген ұмтылыс бар.29 қараша, 15:00 – кинематография мектептері студенттерінің қысқа метражды фильмдері, дипломдық жұмыстары; 18:30 – "Хлеб и соль" драмасы (2022), режиссері – Дамиан Кокур. Жыл мезгілдерінің өзгеруі аясында поляк Липце ауылының тұрғындарының тарихы.30 қараша, 15:00 – қысқаметражды фильмдердің екінші бөлімі; 18:30 – "Мицкевич влюбился" тарихи фильмі (2024), режиссері – Вальдемар Шарек. Поляк ақыны Адам Мицкевичтің жастық махаббатының шынайы тарихына негізделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/888192
Қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер түрінде 574 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді 23.11.2024
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 508,3 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 66,5 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 542,2 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 177,9 мың адамды құрайды.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 99,9 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 66,3 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру.Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/888474