Enbekshi QazaQ

Қуқық

Астана велоспорт бойынша жылдың үздігі атанды 22.11.2024
Астанада Қазақстан велоспорт федерациясының дәстүрлі жылдық конгресі өтті. Бұл маңызды жиында федерация 2024 жылдың қорытындыларын шығарып, үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттап, сондай-ақ велоспорт бойынша еліміздің үздік өңірін анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Спорттық-бұқаралық іс-шаралар және республикалық пен халықаралық жарыстардағы жетістіктер негізінде Астана қаласы «2024 жылғы үздік өңір» атағына лайық деп танылды. Марапатты елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Азамат Ағзамов қабылдады.«Бұл – біз үшін зор мақтаныш әрі маңызды марапат. Осындай жоғары бағаға ие болғанымызға қуаныштымыз. Бұл жетістік – біздің ұжымның үйлесімді жұмысының, әріптестеріміздің қолдауының және ортақ мақсаттарымызды бөлісетін жанашыр жандардың арқасы. Бұл табыс болашақта қоғам игілігіне бағытталған жаңа жобалар мен бастамаларға серпін беретініне сенеміз», – деді Азамат Ағзамов өз сөзінде.Сондай-ақ, осы іс-шарада №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған Олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушысы Вера Риве «Үздік жаттықтырушы» атанса, ал сол мектептің спортшысы Мұрат Күйтенов «Жылдың үздік спортшысы» атағын жеңіп алды.Бұдан бөлек, ардагер жаттықтырушылар Александр Кочетков пен Андрей Скляров федерацияның арнайы марапаттарымен марапатталды. Ал Владислав Горбунов велосипед спортын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатқа ие болды.Айта кетейік, 2024 жылы Астананың велоспорт мектебі қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасымен, сондай-ақ Қазақстан велоспорт федерациясымен бірлесіп, 100-ден астам бұқаралық іс-шара ұйымдастырды. Мектеп спортшылары республикалық және халықаралық деңгейде 300-ден астам медаль жеңіп алып, елорда спортының мәртебесін арттырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/888975
Астанада электромобильдерді пайдалану бойынша мамандар даярланады 22.11.2024
Астананың Жоғары көлік және коммуникация колледжінде Қолданбалы электроника мен телекоммуникацияның инновациялық оқу зертханасы ашылды. Мұнда студенттер электромобильдерді, мобильді желілерді және интернетті пайдалануды есептегенде, электрондық құрылғылармен жұмыс істеуді және байланыс үшін жабдықтарды баптауды тәжірибе жүзінде меңгеріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Зертхана нақты өндірістік процеске барынша жақын инновациялық жабдықтармен жабдықталған. Ол екі бөліктен тұрады. Біріншісі «Радиоэлектроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған, ал екіншісі көліктік электрондық жабдықтарды, оның ішінде электромобильдерді пайдалануға бағытталған.«Осы зертханада оқи отырып, студенттер жұмыс берушілердің күткеніне сәйкес келетін инновациялық жабдықтармен жұмыс істей алады. Зертхана 12 жұмыс орнымен жабдықталған. Зертханалық сабақтарды өткізу кезінде 25 студенттен тұратын топ кіші топтарға бөлінеді, бұл оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Біздің штатта 13 оқытушы бар, оның 8-і – байланыс кафедрасында, 5-еуі электроника кафедрасында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта біз келесі жылдың қаңтарында басталатын қысқа мерзімді курстарды бастау туралы келіссөздерді бастаймыз. Бұл зертхананы ашу біздің салада жоғары білікті мамандарды даярлау жолындағы маңызды қадам болатынына сенімдіміз», – деді елордалық Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Өміргүл Жүніспеков.Студенттер дәнекерлеу, қарапайым схемаларды құрастыру, күрделі жабдықты сынау және IP телефониясын орнатуды қамтитын практикалық сабақтарға белсенді қатысады.«Бұл зертхана көлік, оның ішінде теміржол және байланыс саласындағы білікті мамандарды даярлау үшін қажет. Ол радиоэлектроника, электротехника, радиобайланыс және электромобильдерді пайдалану сияқты бағыттарды қамтиды. Бұл кешенді зертхана біздің колледж мамандықтарының жартысына жуығына есептелген», – деді оқытушы Лариса Осташова.Зертхана талшықты-оптикалық кабельдерді, IP-телефония, шағын АТС монтаждауға, зерттеуге және радиоэлектрондық құрылғылармен жұмыс істеуге арналған заманауи жабдықтармен жабдықталған.Әрбір модуль 12-15 адамға арналған және кез келген зертханалық станцияны 20-40 практикалық тапсырманы орындау үшін пайдалануға болады. Бұл 300-ден астам зертханалық сабақ өткізуге мүмкіндік береді.Зертхананың салтанатты тұсаукесеріне қаланың білім басқармасының басшылығы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мамандары, Астана мәслихатының депутаттары, Астана қоғамдық кеңесінің мүшелері, колледждің әлеуметтік әріптестері – «City Transportation Systems» ЖШС, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және колледждің индустриялық және қамқоршылық кеңестерінің өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/888936
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды 22.11.2024
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында кезекті мектеп ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.«Астанада он жетінші жаңа мектеп ашылды. Бұл елорда үшін абсолютті рекорд болып саналады!Қасым Қайсенов көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жаңа оқу орны «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Мектеп оқушылардың ыңғайлылығы үшін қажет нәрсенің бәрімен жабдықталған.Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада жаңа үлгідегі 10 мектеп салынып, есігін айқара ашты. Осы ұлттық жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында жаңа форматтағы 24 мектеп салынады. Осы мектептердің өзі екі ауысымда 90 мыңға жуық оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.Жыл соңына дейін тағы бірнеше мектеп ашуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, тағы 4 мектептің үш ауысымды оқыту проблемасы, сол сияқты тығыздылығы жоғары 3 мектептің қиындығы шешілетін болады.Біз сондай-ақ алдағы жылдарға да дайындалып отырмыз. 2025 жылы тағы 20-дан астам мектеп салып, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар да тартамыз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/889013
Алматыда Non-Food Asia Expo көрмесі ашылды 22.11.2024
Халықаралық деңгейдегі шараны еліміздің Сауда және интеграция министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған өнімдер негізінен сауда желілері мен маркет-плейстерге арналған. Оған 20 елден 200-ге жуық түрлі шетелдік компания қатысып, өздері шығарған өнімдерін ұсынды.NON-FOOD ASIA EXPO көрмесі осымен елімізде үшінші рет өтіп жатыр. Бұл шара осы уақыт ішінде сатылымның көлемі мен ауқымын кеңейтуге, тапсырыс берушілер базасын ұлғайтуға мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің ірі бөлшек сауда желілеріне, маркетплейстерге, шетелдік және отандық тауар өндірушілер арасында байланыс орнататын тиімді алаңға айналды.Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанованың айтуынша, көрме ішкі және сыртқы сауда айналымының өсуіне оң ықпал етеді.«Жалпы біз өндірушілер мен бизнесмендер бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, сол арқылы тауар айналымын, халықаралық сауда айналымын жақсартса екен дейміз. Іскерлік бастамаларын қолдаймыз. Яғни бұл көрме қосымша инвестиция тартатын диалог алаңына айналды десек те болады. Мұнда үйге керектің бәрі бар. Тұрмыстық химия өнімдері мен косметикадан бастап, балалар ойыншықтарына дейін қойылған. Атап айтқанда, тікелей өндірушілер мен нарықта кеңінен танымал компаниялардың 300-ден астам брендін көре аласыз» - деп атап өтті Айжан Бижанова.Елена Миляева, Mayer Expo Asia ЖШС бас директоры: - Біздің көрменің міндеті осында арнайы келген компаниялардың өнімдерінің нарыққа шығуына жағдай жасау. Олардың шикізат жеткізушілерді, жаңа дистрибьюторларды табуына көмектесу деп білем. Көрмеде шағын және орта бизнестің түйіткіл мәселелерін шешуге көмектесетін бағдарламалар да өтіп жатыр. Көрме кеңес беру орталығының жұмысына да баса мәне береді. Яғни мұндағы мамандар Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Азия елдеріне импорт және экспортқа қатысты сұрақтарға жауап береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/888947
Алматының сүйікті орны жаңаруда: Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі жаңарған кейіпке енді 22.11.2024
Панфилов жаяу жүргіншілер көшесі жаңа кейіпке енді. Биыл қыркүйек айында Панфилов көшесінің Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыс кейбір жерлерде тротуар плиталарының жарылып, орындықтардың, суару жүйесінің және басқа да көріктендіру элементтерінің жарамсыз болуына байланысты қолға алынған.Алмалы ауданына жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Ерболат Досаев бұл көшенің қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орны екенін атады. Сол себепті жөндеу барысында эстетикалық және практикалық тұрғыдан әрбір бөлшекке ерекше назар аударылған.Бүгінгі таңда аудан әкімдігі 2000 шаршы метр тротуар плиталарын ауыстырып, 130 орындық орнатты, 2 балалар алаңы салынды, 2,6 км жарықтандыру кабельдері ауыстырылып, 2 құрғақ субұрқақ жөнделді. Сонымен қатар, көгалдандыруға және жасыл аймақтар құруға ерекше көңіл бөлінді. Жасыл аймақ көлемі 20%-ға ұлғайтылды.«Бұл аумақты жапон спиреясы, шығыс гүлі және басқа да өсімдіктерден тұратын 13 мыңнан астам бұталар мен көпжылдық гүлдер көркейтеді. Біз 39 жаңа ағаш ектік, оның ішінде ұсақ жапырақты жөке, сәндік алма және алмұрт ағаштары бар. Егілген көгалды суықтан және құстардан қорғау үшін оны какао қабығымен жаптық. Бұл қабық тыңайтқыш ретінде қолданылады және жағымды иіс шығарады», - деді мердігер ұйым өкілі Маргарита Балакирева.Жаңартудан кейін кеңістік ерекше көрікке ие болып, қала тұрғындарына жағымды эмоция сыйлады.«Айырмашылық бірден байқалады. Тротуар тегіс болғандықтан, жүріп-тұру әлдеқайда ыңғайлы болды, ал көше одан сайын жайлы бола түсті. Мамандар жаяу жүргіншілер аймағы кез келген мезгілде әдемі көрінуі үшін бар күшін салған», - деді қала тұрғыны.Аудан тұрғыны Алина Кузнецова жаңа қондырғылар мен балалар алаңшаларының пайда болғанына ерекше қуанғанын айтты. «Біз мұнда күнде дерлік серуендейміз. Сүйікті субұрқақтарымызды жөндегені қуантады. Жалпы, бәрі керемет жасалған, көше одан сайын әдемілене түсті», - деді ол.Ерболат Досаев сапар барысында Розыбакиев пен Дүйсенов көшелерінің қиылысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынған жаңа скверге де ат басын бұрды.Бұрын 0,49 гектар аумақ кәсіпкерге уақытша жалға берілген болатын. Алайда жер мақсатына сай пайдаланылмағандықтан, ол жерде стихиялық базар пайда болып, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына қолайсыздық туғызды.Енді бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолдары салынды, орындықтар, қоқыс жәшіктері, резеңке жабыны бар балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын алаңдары орнатылды. Сондай-ақ жарықтандыру жүйесі жүргізілді, автоматты суару жүйесі, көгал және 3585 көпжылдық бұта егілді.«Бұрын таңнан бастап терезе алдынан көліктердің шуылдаған дауысы естілетін. Жазда түрлі жағымсыз иістерге байланысты терезені ашу мүмкін емес еді. Әкімдік жабайы сауданы реттеп қана қоймай, бұл жерді көріктендірді. Бұл жоба біздің ауданның сәніне айналды, ал тұрғындар, әсіресе балалар, бос уақытын осында өткізіп жүр», - деді тұрғындардың бірі ағынан жарылып.Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде шаһарда демалу мен спортпен айналысуға арналған қауіпсіз әрі жасыл қоғамдық орындарды құру жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.Айта кету керек, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына биыл 18,8 миллиард теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 миллиард теңгеге көп. Алматы тұрғындары аулаларды, қоғамдық орындарды көріктендіру, спорт және ойын алаңдарын салу бойынша 364 жобаны ұсыну және жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/888994
«Jetisu Digital» IT-Hub технопаркінде жаңа жобалар ұсынылды 22.11.2024
Бүгін Талдықорғанда «Jetisu Digital» IT-Hub технопаркінде Жастарға қызмет көрсету орталығының қолдауымен ұйымдастырылған стартаптардың питч-сессиясы өтті. Бұл іс-шара 60-тан астам жас инноваторлардың басын қосып, жиында 25 команда инвесторлардың, менторлар мен ІТ қауымдастықтың алдында өз жобаларын ұсынды. Ұсынылған жобалардың ішінде білім беру, экология, денсаулық сақтау саласындағы идеялар, сондай-ақ жаңа бизнес-модельдер мен цифрлық платформалар бар, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.25 команданың әрқайсысы өзекті мәселелерді шешуге өзіндік көзқарасын таныта отырып, өздерінің стартаптарын таныстырды, нарықтағы мүмкіндіктері жайлы айтты.- Мұндай бастамалар өңірдің стартап-экожүйесін дамытуға ғана емес, жас кәсіпкерлердің сенімін қалыптастыруға да ықпал етеді. Әрбір стартапты тек идея емес, одан да жоғары деп санаймыз. Бұл технологиялар жаңа көкжиектерге жол ашып, жастарды кәсіпкерлікке шабыттандыратын, жаңаша ойлауды қалыптастыратын инновациялар арқылы әлемді өзгертуге әрекет жасайды, - дейді «Jetisu Digital» IT-Hub директоры Талғат Абылаев.IT-Hub «Jetisu Digital» Питч-сессиясы жастар үшін өз қабілеттерін көрсетуге, пікірлес адамдармен ой бөлісуге, кәсіпқой мамандармен байланыс орнатуға бірегей мүмкіндік туғызды.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/888990
ТҮРКІСТАН: «ҚЫС-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ 22.11.2024
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен республиканың барлық аймағында «Қыс-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығу шарасы басталды. Оқу-жаттығу жұмыстары Түркістан қаласынада да өтуде. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыстық ТЖД бастығының орынбасары полковник Асхат Ержанов қатысып, дайындық жұмыстарын пысықтады.Екі күнге жоспарланған іс-шара облыстың барлық аумағында өтіп жатыр. Оқу-жаттығу екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының қысқы мерзімге дайындығы пысықталды. Ал екінші кезеңде табиғи және техногендік сипаттағы апат аймағында авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардан туындаған залалдарды жою жұмыстары жүргізілуде.Қыс мезгілінде ауа райының күрт өзгеруі салдарынан облыс аумағындағы кейбір жолдарда көлік қозғалысы тоқтайды. Бұл жағдай Түлкібас, Бәйдібек, Созақ, Төлеби, Қазығұрт аудандары мен Кентау қаласы аумағында жиі орын алады. Қазіргі таңда оқу-жаттығуға тартылған азаматтық қорғау құрылымдарының күштері жолда қалған жолаушыларды қауіпсіз орындарға көшіру, құтқару жұмыстарына дайындық үстінде. Сонымен қатар олар берілген кіріспелерге сәйкес апаттық жағдайларды жоюға жұмылдырылуда.2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңге дайындықты бақылау бойынша оқу-жаттығулар облысқа қарасты аудан, қалаларда командалық-штабтық ойындар әдісімен өткізілмек.Іс-шара барысында Зұлпыхар Сансызбайұлы сала өкілдерімен бірге Кентау қаласы, Созақ және Бәйдібек аудандарындағы жылыту бекеттерінің жай-күйімен танысып, жауаптыларға таулы аймақтардағы байланыс мәселесін реттеуді тапсырды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889000
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 6064 АЗАМАТ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 22.11.2024
Түркістан қаласында жыл басынан бері 6064 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.Бұл жайында қалалық «Мансап орталығының» Жұмыс іздеушілерді қолдау бөлімінің басшысы Уалихан Тінейбайұлы тікелей эфирде баяндады. Орталықтың инстаграм және facebook парақшаларында өткен тікелей эфирде жыл басынан бергі көрсеткіштер айтылды. Сондай-ақ тұрғындардың көкейкесті сауалдары талқыланып, тұшымды жауап берілді.Баяндамаға сүйенсек, биыл қалада субсидияланған жұмыс орындары 2543-ті құраған.Қоғамдық жұмысқа 1308 адам, алғашқы жұмыс орнына 135 азамат, әлеуметтік жұмыс орнына 144 маман жолданған. Ал «Жастар практикасымен» 780 азамат жұмысқа орналасса, «Күміс жас» жобасы арқылы 176 азаматқа көмек көрсетілген.Одан бөлек, ұлттық жоба шеңберінде 35 жоба, 478 жаңа жұмыс орны құрылған. Оның 30 жобасы іске асырылып, бүгінде 426 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар азаматтарды да жұмыспен қамту шаралары жүйелі жүзеге асуда. Атап айтқанда, биыл ерекше қажеттілігі бар 20 азамат квотамен жұмысқа тұрды. Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар да қолдау алып, 15-і жұмыспен қамтылып үлгерді.Жоғарыда айтылған жұмыстардың нәтижесі бойынша шаһарда жұмыссыздық деңгейі биыл 4,9%-ды құрап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889003
ТҮРКІСТАН: 12 ЖАСТАҒЫ КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ SMART САРҚЫРАМАНЫҢ МОДЕЛІН ҚҰРАСТЫРДЫ 22.11.2024
Келес ауданында орналасқан Ә.Молдағұлова атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әділбек Думан келешекте ақылды үйлерге арналған smart сарқыраманың моделін құрастырды. Оның ерекшелігі – адамдарға бос уақытында судың дыбысынан, табиғаттың көрінісінен, салқын ауада психологиялық тұрғыда демалуына жағдай жасау дейді, - оқушының ғылыми жетекшісі Шамсияат Алтаева.– Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат ғылымдарын терең меңгергенде ғана біз өзіміздің айналамызды толық зерттеп білеміз. Жалпы ғылымда «дыбыс толқындары» деген ұғым бар. Судың дыбысы егер шамадан тыс аспаса, адам денсаулығына пайдасы бар екендігі медицинада дәлелденген. Сондықтан шәкіртім Думанның, үйлерге сарқырама қою идеясы қай тұрғыдан алып қарасақ та тиімді әрі пайдалы болмақ, – дейді мектеп мұғалімі.Думан жас кезінен ізденімпаз, талапшыл. Жас ғалым жақында ғана өткен «Зерде» оқушылардың ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889005
ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚОЛДАУ ТАПҚАН ЕРЕКШЕ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА 22.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысында өз нәтижесін беріп жатыр. Ауыл тұрғындарының бірі жаңадан кәсіп ашса, бірі шағын кәсіпорнын кеңейтіп, әл-ауқатын жақсартып келеді. Халықты аграрлық бизнеске тарту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдау мақсатындағы мемлекеттік жоба жоспарға сай орындалуда.Түркістан өңірінде биыл 160 жоба толықтай қаржыландырылып, 1,1 миллиард теңге игерілді. Өсімдік, балық, құс және мал шаруашылығын дамыту, кәсіпорындар мен кооперативтерді техникамен қамту, жеңіл өнеркәсіп өндіру сынды жалпы 7 бағыт бойынша жобалар қолдау тапты. Олардың арасында ерекше өнім жасап шығарып, сұранысқа ие болған кәсіпорындар бар.«Түркістан» ӘКК АҚ-ның қаржы және «Ауыл аманаты» бағдарламасының мониторингі жөніндегі басқарушы директоры Нұрлыбек Исаевтың айтуынша, бағдарламаға 16 аудандағы 64 ауылдық округ қатысқан. Кооперативтерді қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге басымдық берілді. Осы жылы өтініштерді электронды түрде қабылдау жүйесі іске қосылды. Онлайн қабылдау жүйесі - кәсіпкерлердің уақытын тиімді пайдаланып, қолжетімділікті арттыруға септігін тигізуде.Еске салсақ, 2023 жылы бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 19,8 млрд теңге бөлінді. 6 бағыт бойынша 3200-ден астам жоба жүзеге асырылды. Өткен жылғы жоспар 103 пайызды құрап, артығымен орындалды. Жоба аясында өндірілген өнім көлемі бойынша Түркістан өңірі елімізде көш басынан көрінді. Сондай-ақ 3413 жаңа жұмыс орны ашылды. Осылайша, түркістандықтар «Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көруде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889009
ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУДЕ» АҒАШТЫ КҮТІП-БАПТАУ, ТОЛЫҚТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 22.11.2024
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында күзгі тал егу, тазалық жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгін экологиялық шара аясында ауқымды сенбілік өтті. Әуежай бағытындағы жолдың бойы жаңа көшеттермен толықтырылып, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерді тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы 240 га жерге түрлі ағаш көшеттері отырғызылған. Олардың қатарында боз арша, жай арша, қарағаш, терек, айлант, жиде, тұт, бадам секілді көшет түрлері бар.Аталған шараға облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы және облыстық ветеринария басқармасы мен «Жасыл аймақ» мекемесінен жалпы 3 мыңнан аса адам қатысып, 200-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес облысымызда күз және көктем мезгілдерінде ағаштар егу дәстүрге айналып келеді. Тереңдігі мен тамырының орналасуы бақылауда. Ауа райының ерекшелігін есепке алып, ағаштардың жерсіну көрсеткішін арттыруға жағдай жасау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында қала айналасынан жасыл желекті алқап құрылған болатын. Бүгінгі таңда «Жасыл белдеуде» толықтыру және күтіп-баптау, қала аумағын тазалау жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда, – деді басқарма басшысы Қайрат Абдуалиев.Айта кетейік, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, күзгі көгалдандыру жұмыстары қараша айының ортасында басталған болатын. Бұл жұмыстар 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Сонымен қатар биыл күз айларында өңірде 467 мың түп көшет егіледі деп күтілуде.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/889011
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлері марапатталды 22.11.2024
Бүгін Қостанай облысында Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл күні өңірдің және тұтастай алғанда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға елеулі үлес қосатын үздік аграрийлер құрметке ие болды.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөзінде аталған мерекенің өңір үшін, атап айтқанда Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы қызметкерлері еңбегінің маңыздылығын атап өтті.«Біз астықты өлкеде тұрамыз және облысымыздың жетістіктері жермен жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне тікелей байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында біз рекордтық өнім жинадық, ал біздің облысымыз дамып, ауыл шаруашылығы саласына инновацияларды енгізуді жалғастыруда», — деді Ақсақалов.Іс-шарада өзінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары:«Парасат» ордені:• «ПКФ Қайрат» ЖШС директоры (Қамысты ауданы) ТөремұратӨтеповке• «Жас Қанат 2006» ЖШС бас директоры (Рудный қ.) Қайрат Маишевқа• «Құрмет» ордені:• «Тогас и К» ЖШС директоры (Қарабалық ауданы) Руслан Қабаевқа• «Асар 1» шаруа қожалығының басшысы (Арқалық қ.) Николай Поспеловқа•III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені «Жаңабек» ЖШС (Алтынсарин ауданы) агрономы Төлеген Сүлейменовке;• «Ерен еңбегі үшін» медалін ҚР АШМ АӨК ҚМИ «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Қамысты аудандық филиалы басшысының міндетін атқарушы Елизавета Рязанцеваға табысталды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық наградалары:• «Еңбек ардагері» медалі: Қали Балгураевқа (Амангелді ауданы), Иван Шписке (Денисов ауданы), Абай Өмірбаевқа (Қамысты ауданы) және басқаларға;• «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі «Айдала» ЖШС директоры (Алтынсарин ауданы) Лариса Стороженкоға, «Сарыағаш» ЖШС бас агрономы (Денисов ауданы) Берік Сейітмұратовқа және басқаларға;• ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Құрмет грамотасы» агрономдарды, шаруашылықтардың басшылары мен механизаторларын қоса алғанда, бір топ саланың үздік қызметкерлеріне табысталды.Бұл марапаттар – Қостанай облысының ауыл шаруашылығында және қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығының белгісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/888937
Өзбекстандағы әлемдік жәрмеңкеде Астананың туристік әлеуеті таныстырылды 22.11.2024
«Астана даму орталығы» ЖШС «Жібек жолындағы Туризм» (ТХТЖ-2024) 29-шы Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысып, Visit Astana туристік брендін ұсынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ташкент халықаралық туристік жәрмеңкесі – жыл сайын Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (UNWTO) ресми қолдауымен өткізілетін Орталық Азиядағы ең ірі туристік көрме. Биыл жәрмеңке алғаш рет «CAEx» жаңа халықаралық көрме орталығының (Central Asian Expo Uzbekistan) алаңында өткізіледі.Ұйымдастырушылар – Өзбекстан Республикасының экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі, Туризм комитеті, «Ұлттық PR-Орталық» Мемлекеттік унитарлық кәсіпорны және «Team & Co Group» компаниясы.Аталған жәрмеңке аясында туризм саласындағы жетекші халықаралық мамандардың қатысуымен форум, сондай-ақ ТМД, Азия және Еуропа елдерінен мемлекеттік және жеке компаниялардың өкілдері арасындағы B2B кездесулер, дөңгелек үстелдер, «Craft Fair Uzbekistan» туристік қызметтер мен қолөнер өнерінің көрмелері өтеді.Бұл форум Астанаға халықаралық аренада танымал болу, іскерлік байланыстар орнату және туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/888892
Астанада батуттық гимнастикадан қалалық чемпионат өтіп жатыр 22.11.2024
Астанада батуттық гимнастикадан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жарыста Астана қаласы әкімдігінің №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің тәрбиеленушілері, жергілікті жеке клубтардың спортшылары және Петропавл қаласынан келген 170 қатысушы бақ сынап жатыр.«Астанада батуттық гимнастикамен 361 спортшы айналысады. Оның ішінде 124 спортшы №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде жаттығады. Бүгінгі ашық чемпионат қалада 2-3 жылда бір рет өтеді. Чемпионаттың нәтижесінде үздік спортшылар іріктеліп, Астана қаласының құрамасы жасақталады. Бұл жарыс жас спортшыларға жоғары жетістіктерге жетуге жаңа мүмкіндіктер ашып, қаланың спорттық өмірінде маңызды кезең болып саналады. Сонымен қатар елордада батуттық гимнастиканың дамуына үлкен серпін береді», – деді Астана қаласының Батуттық гимнастика федерациясының атқарушы директоры Нұрбол Тоқпанов.Айта кетейік, жарыс Қорғалжын тасжолы, 2А мекенжайында орналасқан Батуттық гимнастика орталығында өтіп жатыр. Чемпионат 23 қарашаға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/888897
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Торлан су қоймасынан су жіберетін қашыртқыны қалпына келтірді. 22.11.2024
Түркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Торлан су қоймасынан су жіберетін қашыртқыны қалпына келтірді. Нысан үй ауласындағы бау-бақшаларды сумен қамтамасыз етуге арналған. Су қоймасының жалпы сыйымдылығы 1.9 млн текше метр. Сондай-ақ, су қоймасынан Шолаққорған ауылына дейінгі жалпы ұзындығы 21 шақырым жерасты құбыры салынды. Қалпына келтіру тасқын суды қауіпсіз аймаққа бағыттауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/888969
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды 22.11.2024
✔️Заң азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.✔️Түзетулердің бірінші блогы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Отбасы банкінің негізінде тұрғын үй кезегіне қоюды, есепке алуды және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын кешенді даму және қолдау институтын құруды көздейді.✔️Сонымен қатар Отбасы банкі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды, жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруді жалғастырады.✔️Отбасы банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескереді. Бұл, бірінші кезекте, тұрғын үй кезегінде ұзақ уақыттан бері тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.✔️Түзетулердің екінші блогында тұрғын үйге мұқтаж адамдар үшін қосымша кепілдіктер енгізу қарастырылған.✔️Түзетулердің үшінші блогы мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілген тұрғын үйді иелену және пайдалану тетігін регламенттейтін ережелерді толықтырып, нақтылайды.✔️Түзетулердің төртінші блогы жер заңнамасының жекелеген ережелерін, құрылыс, жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/888996
Қарулы күштерде ЖЖМ қызметінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітіледі 22.11.2024
Қарулы күштер Тылы бастығының басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметтердің (жанар және жағармай материалдары қызметінің) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт ЖЖМ қызметінің жұмысын ұйымдастыру бөлігіндегі құқықтық олқылықтарды жою мақсатында әзірленді.Нұсқаулық жанар және жағармай материалдарымен, арнайы сұйықтықтармен, техникалық құралдармен жабдықтау және олардың сапасын қамтамасыз ету мәселелерін егжей-тегжейлі баяндайды. Сондай-ақ, құжатта улы техникалық сұйықтықтармен жұмыс істеу, қауіпсіздік шараларын сақтау және өрттен қорғау тәртібі анықталған.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15302943 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/888916
Өскемендегі әскери бөлімде ағайынды егіздер қызмет етеді 22.11.2024
Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінде ағайынды егіздер мерзімді қызмет өткеруде.Түркістан облысының тумалары Нұрсұлтан мен Жансерік Жақсан бала күнінен бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Ағайынды егіздерде әскерге барамыз ба не ьармаймыз ба деген ой болған емес. Олар қолына шақырту алған күні-ақ жергілкті әскери басқару органының табалдырығын еш ойланбатан аттады.Алғашында жігіттер әртүрлі бөлімшелерге бөлінді. Командир ағайындылардың біріне тапсырма беріп, оны екіншісінен орындауды талап еткен күлкілі жағдайдан соң ғана бәрі жігіттердің егіз екенін білді.Олар одан әрі қызметін бір бөлімшеде жалғастырды. Полигондарда және кез келген күнделікті қызметте жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде Нұрсұлтан мен Жансері бір-біріне ғана емес, қолдауды қажет ететіндерге де үнемі көмектеседі. Жарты жылдан кейін әскери бөлімге Өскеменнен тағы да егіз ағайынды Мәди мен Әли Романовтар келді. Олардың тарихы көптеген әріптестердің қызығушылығын тудырды. Кейін белгілі болғандай, Мәдидің әскерге бара жатқанын білген Әли оқу орнынан академиялық демалыс алып, ағасының соңынан әскерге тартып отырған.Қазір Мәди мен Әли әскери өмірге бейімделіп, дайындықтан өтуде. Егіз бауырлармен Нұрсұлтан мен Жансерік те өз тәжірибелерін бөлісіп, оларға қамқорлық көрсетіп тұрады. – Басшылықтың, аға жолдастардың тұрақты қолдауының және күнделікті сабақтардың арқасында біз көп нәрсені үйрендік. Нұрсұлтан мен Жансерікке де ризамыз. Олар бізді өздері егіз болған соң бізді тезірек түсінеді, әрі осында игерген нәрселерін жеткізуге тырысады, – дейді ағайынды Романовтар.Осындайда ағайынды әрі әріптестер егіздерге қарап, кез келген қиындықты тек бірге жеңуге болатындығын түсінуге болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/888933
Қазақстан СІМ-де еліміздің Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялағанына 30 жыл толуына арналған пошталық маркаға салтанатты мөр басу рәсімі өтті 22.11.2024
Астана, 2024 жылғы 22 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Бала құқықтары туралы конвенцияны (БҚК) Қазақстан Республикасының ратификациялағанына 30 жыл толуына және Бүкіләлемдік бала күніне арналған ескерткіш пошта блогына мөр басу салтанатты рәсімі өтті.БҚК Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ратификациялаған халықаралық келісімдердің бірі болды. Осы арқылы еліміз әр бала үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша жаһандық міндеттемелерді өз еркімен қабылдады. Конвенция балаларға қолайлы қоғам құрудың негізгі құжатына және Қазақстанның ЮНИСЕФ-пен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының негізіне айналды.Рәсімге ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Рашед Мұстафа Сарвар және «Қазпошта» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі Талғат Ғазизов қатысты. Шараға сондай-ақ дипломатиялық миссиялардың басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Өз сөзінде Д.Теменов Бала құқықтары туралы конвенцияның маңыздылығын тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін де ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында балалардың әл-ауқатын жақсартуды «Қазақстан мемлекеттік саясатының басты басымдығы» деп атағанын еске салды. Дипломат ұлттық деңгейде балалар құқықтарын жүзеге асыруға қолдау көрсеткен барлық серіктестерге алғысын білдіріп, болашақтағы тиімді ынтымақтастыққа сенімін жеткізді.Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі соңғы 30 жылда Қазақстан мен ЮНИСЕФ балалардың әл-ауқатын жақсарту бағытында бірлесіп жемісті жұмыс атқарғанын атап өтті. Бұл денсаулық сақтау, білім беру және балаларды қорғау салаларындағы айтарлықтай прогресті қамтиды. «Бұл мерейтой тек өткенді қорытындылауға ғана емес, жаңа сын-қатерлер мен басымдықтарды анықтауға да мүмкіндік береді. Әр балаға қолдау көрсету үшін тұрақты шешімдер әзірлеуді жалғастыру және олардың құқықтарын тұрақты даму мақсаттарына сәйкес қорғау өте маңызды», – деп атап өтті ЮНИСЕФ өкілі.Өз тарапынан Т. Ғазизов «Қазпошта» компаниясының СІМ және ЮНИСЕФ бастамасын мақтанышпен қолдайтынын айтты. Оның сөзінше, «ескерткіш пошта блогы маңызды әлеуметтік мәселелерге назар аударып, балаларға Қазақстан бойынша тең мүмкіндіктер жасау жолындағы ортақ мақсатымызды білдіреді».Анықтама: Бала құқықтары туралы конвенция Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен ынтымақтастығының негізі болып саналады. 1994 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасында ынтымақтастық туралы Негізгі келісімге қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/888953
Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттары бойынша семинар өтті 22.11.2024
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлытау облысының әкімдігімен бірлесіп, этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының өзекті міндеттері мен алгоритмдерін түсіндіруге арналған онлайн-семинар өткізді.Семинар аясында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мәселелері қаралды. Этностардың қоғамдық келісімі мен интеграциясын нығайту үшін этносаралық коммуникацияларды дамыту, жастар арасында патриотизм мен жалпыазаматтық құндылықтарды қалыптастыру, этносаралық инциденттердің уақтылы алдын алу және этномедиация институтын дамыту жайы талқыланды.Қатысушылар профилактикалық жұмысты күшейту және мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара байланысты нығайту бойынша практикалық ұсыныстармен алмасты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/888923