Қуқық
AgroWorld Qazaqstan 2024-те аграрлық секторды дамытудың өзекті мәселелері талқылануда 16.11.2024
Алматыда 18-ші AgroWorld Qazaqstan халықаралық көрмесі өтуде. Халықаралық ауқымдағы іскерлік шара ҚР АШМ, Алматы қаласы әкімдігінің, салалық одақтар мен қауымдастықтардың қолдауымен ұйымдастырылды.Орталық Азияның аграрлық секторындағы ірі оқиға аграрлық бизнес көшбасшыларын, әлемнің 25-тен астам елінен 190 компанияның өкілдерін жинады және дәстүр бойынша ауыл шаруашылығы бойынша жетекші компаниялардың озық жетістіктерін, технологияларын, жабдықтары мен инновацияларын көрсету үшін тиімді алаңға айналды.AgroWorld Qazaqstan ауқымды экспозицияны ғана емес, іскерлік бағдарламаны да қамтиды.Көрме аясында салалық трансформацияның өзекті мәселелеріне, инновациялық тәсілдер мен аграрлық бизнесті тиімді жүргізуге арналған мамандандырылған сессиялар ұйымдастырылды. Қазақстан, Германия, Нидерланды, Ресей және басқа да елдердің сарапшылары өз тәжірибелерімен және үздік тәжірибелерімен бөліседі.Вице-министр Бағлан Бекбауовтың қатысуымен өткен «Қазақстанның АӨК үшін инновациялық және цифрлық шешімдер» пленарлық сессиясында цифрлық технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықтың перспективалары және агроөнеркәсіп кешеніне инвестициялар тарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, құс шаруашылығындағы голландиялық технологияларға және органикалық егіншілік, жеміс-көкөніс шаруашылығы, тұқым шаруашылығы мен жылыжайлардың өзекті мәселелеріне арналған семинар-практикумдар өтті.Бүгін сараптамалық сессиялар барысында қатысушылар ауыл шаруашылығын тұрақты дамытудың, тозған жерлерді қалпына келтірудің өзекті мәселелерін, инновацияларды қолдаудағы мемлекеттік саясаттың рөлін қарайды.Сондай-ақ ауыл шаруашылығын жүргізудің тұрақты әдістеріне көшу, топырақтың тозуының әсері және оның құнарлылығын қалпына келтіруге инвестициялардың қажеттілігі талқыланады. AgroWorld Qazaqstan 2024 - тәжірибе алмасу, іскерлік байланыстар орнату және Қазақстанның және бүкіл өңірдің аграрлық секторын дамыту үшін жаңа шешімдер табу үшін маңызды алаң.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/874882
Экология және табиғи ресурстар министрі азаматтарды жеке қабылдады 16.11.2024
30 қазанда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында кезекті халықпен кездесуін өткізді.Азаматтарды қабылдау аралас форматта өтті, қабылдауға жазылған азаматтар жеке тыңдалды, сондай-ақ бейнеконференц байланыс режимінде еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш берушілер қатыса алды.Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысымен кездесуде Алматы облысының аумағындағы заңсыз карьерлер, Астана қаласының КОС – 1, 2, қатты тұрмыстық қалдықтар мәселелері, Абай облысының ҚТҚ белгілеген нақты нормалары мен талаптарына сәйкес келмеуі, табиғи апаттарды болжау және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелері және т. б. мәселелер көтерілді.Қабылдауға Астана қаласының бір топ тұрғындары қатысты, олар жоғары вольтты электр беру желілерінің астында тұратын адамдардың денсаулығына және экологияға әсер ету мәселелерін көтерді.Мұндай кездесулер жүйелі түрде өтеді. Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/874917
«Әкімшілік құқық және процесс: қазіргі жағдай және болашақ сын-тегеуріндер» әкімшілік құқық бойынша XV халықаралық ғылыми-практикалық конференция 16.11.2024
2024 жылғы 31 қазанда Әділет министрі Азамат Есқараев «Әкімшілік құқық және процесс: қазіргі жағдай және болашақ сын-қатерлер» әкімшілік құқық жөніндегі XV халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.Конференция а.ж. 31 қазаннан 1 қарашаға дейін Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесіп өткізіледі.Конференцияның бірінші күні Орталық Азиядағы әкімшілік құқықты реформалау мәселелері, Қазақстанда әкімшілік әділетті енгізу қорытындылары және оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.Іс-шараға Парламент депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары, ғылыми қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ шет елдерден (Германия, Швейцария, Австрия, Польша, Латвия, Молдова, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және басқалар) халықаралық сарапшылар қатысуда.Аталған іс-шара құқықтық жобаны (GIZ) жабуға, сондай-ақ Қазақстанда және Орталық Азияның басқа да елдерінде әкімшілік әділетті одан әрі дамытуды талқылауға арналған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/874900
Өңірлік кадр резервіне енген жастар жұмысқа орналасуда 16.11.2024
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қазандағы N 199 қаулысына сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері аппараттарының және олардың дербес атқарушы органдарының әкімшілік-көмекші қызметкерлерінің штат саны қайта бекітілді.Осыған байланысты облыстық аппараттың кейбір құрылымдық бөлімшелері қайта құрылды, функционалдық бағыттары қайта бөлінді. Мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімі Бірыңғай заң қызметі болып өзгертілді; Хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және талдау бөлімі Әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімі болып өзгертілді. Тиісінше, бұл бөлімдердің функциялары кеңейтіліп, қайталанатын функциялар жойылды.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес аппараттың барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне өздері атқарып жүрген лауазымдарымен тең лауазымдар ұсынылды. Ұсынылған лауазымнан бас тартқандары мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған жағдайда төрт орташа айлық жалақының мөлшерінде өтемақы алып (1,3-1,7 млн.тенге аралығында), мемлекеттік қызметтен кетті (айта кетерлігі, лауазымнан бас тартқандар арасында өтемақысыз кеткендер болған жоқ).Осы жылдың қыркүйек айында аумақтық даму және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының басшысы Н.Таңбаев Астана қаласына көшуіне байланысты өз еркімен қызметінен босатылды. Кадрлар бөлімінің басшысы Г.Сулейманқызы өз бастамасы бойынша қызметінен босатылды.Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеуді және конкурстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесіне енді. Іріктеудің жаңа тәртібі бойынша конкурс жариялаған мемлекеттік орган кандидаттарды алдын ала көре алмайды және конкурс кезеңдерінен (заңнамалық тестілеу, жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау) жоғары балл алған кандидаттың лауазымға тағайындалу мүмкіндігі өте жоғары. Жаңа тәртіппен тағайындалған 19 үміткердің ішінде Жаңаөзендіктер жоқ екендігіне назар аударамыз.Сонымен қатар, бос лауазымдарды өңірлік кадр резервіне енген жастармен толықтыру жұмыстары көзделіп отыр. 11 лауазым осы резервшілерге ұсынылды, олардың ішінде де жаңаөзендіктер болған жоқ. Қазіргі уақытта олардың 1-і лауазымға тағайындалды, 2 резервшінің құжаттары рәсімделуде. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/874828
Креативті индустрияны дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтетін суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесінің 16.11.2024
Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен, Маңғыстау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 28-29 қазан күндері Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.Көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты он саусағынан өнер тамған, бесаспап шеберлерді, олардың қолынан шыққан бұйымдарды және қылқалам шеберлерінің туындыларын көпшілікке таныстыру, осы арқылы ұлттық дәстүрлі бейнелеу және қолөнерімізді, салт-дәстүрімізді насихаттау, дәстүрлі бейнелеумен қолөнерді дамыту мен жандандыруды ұрпақ санасына сіңіру, аталған жанрларды баулуды қолға алу, жаңғыртуға, жалғастыруға шақыру, әлеуетті сатып алушылардың назарын аудару және жергілікті суретшілермен қолөнершілердің сатылымын арттыру, креативті индустриядағы жергілікті кәсіпкерлердің ірі халықаралық шығармашылық конкурстарға, жәрмеңкелерге, көрмелерге көптеп қатыстыру арқылы, жергілікті брендтерді халықаралық аренаға танымдылығын арттыру болып табылады.Көрме-жәрмеңкеге 30-дан астам суретшілер, зергерлер мен қолөнершілердің оның ішінде елімізге танымал «Тарбия» сән үйінің, «Жаннур жадағай» және «Али kids» балалар жадағайы брендінің бұйымдары, Б.Кулбаев, М.Қосан сияқты қылқалам шеберлерінің картиналары, күміс бұйымдар шебері, зергер Қайрат Қуандықов пен Төребай Дамирдың туындылары қойылады.Маңғыстаулық сәнгерлер мен зергерлердің бұйымдарынан көрсетілім (показ) ұйымдастырылады.Шараның барысында «Отпан» халықтық фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/874757
Астанада әскери қызметшілердің балаларына арналған шахмат турнирі өтті 16.11.2024
Мектеп демалысы кезінде Тыл және қару-жарақ басқармалары 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар арасында шахмат турнирін ұйымдастырды. Оған 20-дан астам оқушы қатысты. Турнир Швейцария жүйесі негізінде өтті. Ойын тек ата-аналар үшін ғана емес, жас таланттар үшін де тартысты сайыс болды. Жарысқа Ерден Сәдуақасов төрешілік етті. Турнир қорытындысы бойынша республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы Диас Мансұров чемпион атанды. Екінші жүлделі орынды № 86 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Хадиша Серікбай, үшінші орынды ABIS ЖШС мектебінің 4 сынып оқушысы Алматы Базыкенов иеленді. Алматтың жетістігі кез келген жаста шахмат ойнауға болатынының дәлелі.Қарулы күштер әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Тәттігүл Смағұлова турнир қатысушыларына мұнымен тоқтап қалмай, шахмат алаңында да, өмірде де жеңіске жетуге тілектестік білдірді. – Шахмат пен дойбы ақылға қуат береді, ерік-жігер мен беріктікке тәрбиелейді, есте сақтауды, ойлауды, зейінді дамытады. Бұл сонымен қатар жаңа достар табудың тамаша тәсілі, – деп атап өтті ол. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталды, оларға шахмат қораптары табысталды. Қалған қатысушылар да назардан тыс қалмады. Олар дипломдар мен естелік сыйлықтар алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/874834
Қарағанды облысының қайтыс болған өрт сөндірушісі мемлекеттік наградамен марапатталды 16.11.2024
ҚР Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Қарағанды облысы ТЖД №24 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші–құтқарушысы Хали Хайрат марапатталды.Қаза тапқан өрт сөндірушінің әкесіне марапатты Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев табыстады. Мемлекеттік наградаға өрт сөндіруші-құтқарушының әріптестері мен туыстары қатысты.ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың ұсынысы бойынша қайсарлығы, батырлығы және жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградамен марапатталған Хали Қайраттың ерекше еңбегін атап өткен жөн.«Елбасының біздің батырымызды марапаттағаны үшін алғыс айтамыз. Хали Хайрат өзінің он жылдық қызметінде мамандыққа деген адалдығын көрсетіп, ерлігімен ерекшеленіп қаншама адам өмірін құтқарды. Ол біздің жадымызда мәңгі қалады», - деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/874745
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. 16.11.2024
Бұл бағытты дамытудың маңыздылығын ескере отырып, 2023 жылы министрлік құрылымында арнайы және инклюзивті білім департаменті құрылған болатын. Бүгінгі таңда елімізде 221 ППТК, мектептерде 1071 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті жұмыс істейді. Бұл туралы толығырақ карусельдеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/874843
«Мұғалім Talks» кейс-платформасында 300-ден астам педагог жиналды 16.11.2024
«AMANAT» партиясы педагогтермен ашық әңгімелесу ұйымдастырды. Іс-шараға Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, сондай-ақ педагогтер мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Тараптар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті және арнайы, қосымша білім берудегі өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуде Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов білім беру саласының дамуына Мемлекет басшысы аса басымдық беріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ педагогтер «AMANAT» партиясының тірегі және басты буыны болып табылады деді, себебі, партияның әрбір үшінші мүшесі – педагогикалық саланың өкілі. «Біздің Президентіміз педагогикалық қауымға ерекше көңіл бөліп келеді. Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының екі педагогке «Қазақстанның Еңбек ері» атағын беруі мұның жарқын айғағы болды. Тарихта алғаш рет бірден екі ұстаз мұндай жоғары марапатқа ие болды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президенттік қызметінің ең алғашқы кезеңінде қол қойған Педагог мәртебесі туралы заңды да атап өткім келеді. Көптеген елдерде педагогтерге арналған мұндай заң жоқ. Мұның барлығы қоғамдағы педагогтің мәртебесін көтерудің нақты мысалдары бола алады», - деді ол. Өз кезегінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрлік пен «AMANAT» партиясының және депутаттық корпустың Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы жүзеге асыруда бірлесіп жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды. «Соңғы бес жылда білім беру жүйесі түбегейлі өзгерді. Бұл саладағы өзгерістер сапалы білім беру үшін педагогтердің жұмыс жасау жағдайын жақсартуға, балалар үшін жайлы білім беру ортасын құруға бағытталған. 600 мыңға жуық педагогтің еңбегі жоғары бағалануда және оларға қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды», - деді Ғани Бейсембаев. Сондай-ақ жиын барысында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің музыка пәнінің мұғалімі Забида Худатаева, Ақтөбе қаласындағы жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Дархан Шаңбаев, Алматы қаласынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлназ Шами, Қарағанды қаласынан Абай атындағы мектеп-гимназия директоры Жадыра Баймолдина, Орал қаласынан тарих пәнінің мұғалімі Александр Мясников, Петропавл қаласынан АӘД мұғалімі Дархан Қоспанов, Қызылорда облысы Тереңөзек ауылының математика пәнінің мұғалімі Заманбек Аманбеков, Астана қаласынан биология пәнінің мұғалімі Ілияс Сақымов өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу соңында бірқатар петагогтерге кәсіби қызметіндегі еңбегі және қоғамдық жұмысқа қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық наградалар мен «AMANAT» партиясынан «Ұстаз – ұлт айнасы» арнайы төсбелгісі табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/874848
Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады 16.11.2024
30 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай Ел президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес жеке мәселемен келген тұрғындарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірін тыңдады.Маңғыстаулықтар көтерген мәселелер негізінен жұмыссыздық, тұрғын үй алу, ауылды аббаттандыру және басқа да мәселелерге қатысты болды.Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/874736
Маңғыстау мен Атырау облыстарында геологиялық барлау жұмыстары басталады 16.11.2024
Барлау жұмыстары жүргізілелетін “Қаратон подсолевой” учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарының жанында орналасқан.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наил Магановпен кездесуі барысында Қаратон Подсолевой учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға дайындық жұмыстарын талқылады. Қазіргі уақытта учаскеде бұрғылауға қажетті жабдықтар орнатылуда. Бұрғылау жұмыстары 2024 жылдың қарашасына жоспарланған.Сондай-ақ тараптар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Еске салайық, 2024 жылы 21 ақпанда Қазан қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша сатып алу-сату шартына, акционерлер келісіміне және қаржыландыру туралы келісімге қол қойған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/874743
Skills Enbek платформасындағы кейбір ақылы курстар әлеуметтік осал топтағы қазақстандықтарға тегін ұсынылады 16.11.2024
Skills Enbek платформасында «Әлеуметтік» қосымшасы құрылды, онда халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қазақстандықтарға кейбір ақылы курстар бойынша тегін негізде оқуға мүмкіндік беріледі.Оқытуды бастау үшін азаматтарға «Әлеуметтік» қосымшасындағы курсты таңдау кезінде ЭЦҚ арқылы олардың мәртебесінің сәйкестігін растау қажет. Тексеруден сәтті өткеннен кейін курс пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады.Қазіргі уақытта жаңа бөлімде киіз басу және тігу сияқты қолданбалы мамандықтар, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік білім беру дағдылары бойынша сурдо аудармасы бар бірнеше курстар бар. Бұл курстарды USAID қолдауымен «Инклюзивті қолөнер» жобасы аясында «Qolqanat Foundation» қоғамдық қоры әзірледі.Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek платформасы маркетплейс қағидаты бойынша курстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Іске қосылғаннан бері Skills Enbek-те әртүрлі бағыттар бойынша 600-ден астам курстар орналастырылды, олардың жартысы тегін қол жетімді. Платформа қазірдің өзінде 474 мыңнан астам тіркелген пайдаланушыларды тартты, олардың 390 мыңнан астамы оқуды сәтті аяқтады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874664
Қалдықтарды энергияға айналдыру: жаңа зауыт Алматы облысының болашағын қалай өзгертеді? 16.11.2024
Алматы облысы қалдықтарды кәдеге жарату саласында ауқымды өзгерістерге дайындалуда. Жақында Іле ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін заманауи зауыттың құрылысы басталады, бұл өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадам болмақ.Зауыт қоқыс алаңдарының қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін айтарлықтай азайтуымен қатар, электр қуатын да өндіретін болады. Жоба жылына 350 мың тоннаға дейін қалдықты өңдеуді және 16 мегаватт электр энергиясын өндіруді көздейді.Жоба түріктің «Инева» компаниясы мен «ADC Taza Alem» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Зауыттың сұрыптау желісі ірі құрылыс қалдықтары мен қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қосқанда 240 мың тонна қалдыққа есептелген. Бүгінде жоба 60 пайызға дайын. Сұрыптауға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, инфрақұрылым мәселелері, оның ішінде газ және сумен қамту мәселелері шешілді.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев екі компания өкілдерімен кездесу барысында, жобаның өңір үшін маңыздылығына ерекше тоқталды:- Біз сіздермен ынтымақтастықтың бірнеше маңызды артықшылықтары бар деп есептейміз. Біріншіден, жоба өңіріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға зор үлес қосады. Екіншіден, ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі аймақтағы жасыл экономиканы дамытуға оң әсер етеді.Жобалық қуаттылық Іле ауданындағы полигонда қазіргі және жинақталған қалдықтарды қайта өңдеуге мүмкіндік береді.«ADC Taza Alem» ЖШС бас директоры Ерлан Дүйсебаев былай деп қосты:-Біз құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында бастауға дайынбыз. Жоба экологиялық жағынан таза және бұл Түркиядан келген инновациялық компанияның қолдауымен жүзеге асырылады. Күн сайын біз шамамен 700 тонна қалдықты өңдей аламыз, бұл бізде жиналған немесе келетін қалдық көлемдерімен күресуге мүмкіндік береді.Жобаны жүзеге асыру үшін қаржыландыру екі кезеңге бөлінеді. Индустрияны дамыту қоры арқылы қаржы бөлініп бірінші кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтаудың техникалық шарттарын алу жұмыстары жүргізілуде, одан кейін жоба келесі кезеңге өтеді. Зауыттың өндірістік қуаты 16 МВт құрайды, ал алынған электр энергиясы кәсіпорынның қажеттілігіне жұмсалып, артылғаны облыстық энергетика жүйесіне жеткізіледі.«Облыста жыл сайын 450 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналады, зауыттың салынуы жасыл экономикаға маңызды қадам болмақ», - дейді Алматы облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков. «Бұл алдағы он жылда аймақтағы тұрмыстық қалдықтар мәселесін жояды».Жоба жылына 120 мың тонна ірі құрылыс қалдықтарын және 80 мың тонна қайталама шикізатты сұрыптауды қамтиды. Қазіргі уақытта электрмен жабдықтаудың техникалық шарттарын алу сатысында, одан кейін негізгі нысандардың құрылысы басталады.Жиында зауыттың тиімді тұстарының қатарында экологиялық және әлеуметтік-экономикалық аспектілері де атап өтілді. Кәсіпорынның құрылысы мен жұмыс істеуі отандық және шетелдік елеулі инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Алматы облысы қалдықтар мәселесін мойындап, оны шешу жолдарын белсенді іздестіретін өңірдің үлгісіне айналуда.Сондай-ақ зауыт Іле өңірінде жаңа жұмыс орындарын ашып, экологиялық жағдайды жақсартып, стихиялық полигондар мен топырақтың ластануын азайтады.Жиналғандардың бәрі жобаның табысты болуы мемлекет пен бизнес өкілдерінің тығыз ынтымақтастығына байланысты екенін атап өтті. Алматы облысының әкімі айтқандай, облыс жобаны табысты жүзеге асыру үшін барлық инфрақұрылымдық және логистикалық мәселелерді шешуді, сондай-ақ инвестиция үшін қолайлы жағдай жасауға қажетті барлық қолдауды көрсетуге дайын. «Біз бұл жобаның экологиялық мәселелерді шешуде, бизнес пен биліктің табысты ынтымақтастығының қалыптасуын көздеп отырмыз», - деп атап өтті «ӘДК Таза Әлем» ЖШС-ның бас директоры Ерлан Дүйсебаев.Құрылысты аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған, және қазіргі қарқынмен бұл жоба мерзімінде аяқталады деуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/874784
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА "БЖЗҚ" АҚ 2024 жылдың 9 айында көрсеткен қызметтерінің саны 34 миллионға жуық 16.11.2024
01.01.2024ж. бастап 30.09.2024ж. дейінгі уақыт аралығында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) халыққа 33,9 млн астам қызмет көрсетті. Қызметтердің жалпы санының 16,6 млн астамы электрондық форматта көрсетілсе, 15,9 млн жуық қызмет автоматты түрде атқарылды. Бұл операциялардың 96% қашықтықтан көрсетілді. Күндізгі форматта 871 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде шамамен 840 мың қызмет ұсынылды.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) енгізілуіне, сондай-ақ "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу және есептеу бойынша БЖЗҚ қызмет ауқымының кеңеюіне байланысты автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны өсті. Әсіресе, нысаналы талаптарға қатысушылар үшін шоттар (ЖЗШ/ШЗШ/НЖШ) мен карта ашу ерекше серпін бергенін байқауға болады. Естеріңізге сала кетсек, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар автоматты түрде есептеледі.2024 жылдың есепті кезеңінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашылған ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша жаңадан ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны барлық формат бойынша 4,9 млн асты.Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ, нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу - әлі де ең танымал қызмет қатарында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 18,9 млн астам үзінді көшірме берілді. Оның ішінде 15,0 млн үзінді көшірме электронды түрде және 3,3 млн астамы автоматты режимде рәсімделген.БЖЗҚ сайттағы және ұялы қосымшадағы Жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне, банктік деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу, ерікті зейнетақы жарналарын аудару және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында деректемелерді өзгертуге 158,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 144,2 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызметке жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыру бойынша да қосымша кеңестер ала алады.Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 31,5 мыңнан астам көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 658,5 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 30,6 мың материал жарияланды.Салымшылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 481,7 мың. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/874741
Байқоңырға, Фукуокқа (Вьетнам), Сингапурға және басқа қалаларға халықаралық рейстерді ашу бойынша жаңа келісімдерге қол жеткізілді 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі жаңа халықаралық бағыттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша, оның ішінде шетелдік әуе компаниялар бойынша рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жалғастыруда.Мәселен, осы жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Т.Т. Ластаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Куала-Лумпур қаласында (Малайзия) өткен Әуе қатынасы туралы келіссөздер жөніндегі ИКАО (ICAN-2024) іс-шарасына қатысты.ICAN-2024 16-шы рет өткізілді және халықаралық рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту бойынша Ұйымға мүше елдердің кездесулерін ұйымдастыру мақсатында өткізілетін ИКАО-ның маңызды іс-шараларының бірі болып табылады.Іс-шараға ИКАО Кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитано мырза қатысты және ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша 70-тен астам елден 700-ден астам қатысушы болды, оның барысында 800-ге жуық екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қатысушылар арасында қатысушы елдердің азаматтық авиация саласына жауапты 14 Министр мен министрлердің орынбасарлары болды.ICAN-2024 алаңында ИКАО кеңесінің президенті С. Шаккитано мырзаның қазақстандық делегациямен кездесуі өтті. Шаккитано мырза Қазақстан Республикасының елдегі әуе тасымалы нарығын ырықтандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының барысын жоғары атап өтті және 2025 жылы Қазақстан Республикасына бару ниетін растады.Осы іс-шара аясында қазақстандық делегация Ресей Федерациясының, Сингапурдың, Малайзияның, Ұлыбританияның, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Вьетнамның, Грузияның, Марокконың, Эфиопияның және Руанданың авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізді, оның қорытындысы бойынша елдермен тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Қазақстандық делегация сондай-ақ Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары В.В. Потешкинмен кездесу өткізді, оның барысында ғарыш станциясына туризмді дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресейден Байқоңыр қаласына әуе қатынасын орнату жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, 4 елмен (Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Руанда) рұқсат етілген жиіліктер саны 5 еседен астам ұлғайтылды (аптасына 14-тен 73 рейске дейін). Сондай-ақ, 5 елмен (Сингапур, Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Грузия) "ашық аспан" режимі орнатылды, оның ішінде тасымалдаушыларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығы берілді. Сонымен қатар, келіссөздер барысында Ұлыбританияға рейстерді орындау құқықтары бекітілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/874734
Ақтауда мерзімді қызметін өтеген сарбаздарды салтанатты жағдайда шығарып салды 16.11.2024
Ақтау гарнизонының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті.Салтанатты рәсімге еліміздің тоғыз өңірінен бір жыл бұрын шақырылған 206 әскери қызметші қатысты. Іс-шараға шақырылғандардың арасында Қарулы күштердің ардагері запастағы полковник Сабыр Нәжекенов, Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің өкілі Гүлмира Жанысбаева болды.Бригада командирі полковник Марат Құдабаев запасқа шығарылатын әскери қызметшілерге арнаған сөзінде олардың көпшілігі азаматтық әскери-есептік мамандықтарды игергенін атап өтті.- Сіздер осы бір жыл ішінде баға жетпес өмірлік тәжірибеге ие болдыңыздар. Алдағы өмірлеріңе сәттілік тілеймін. Ата-аналарыңызға сәлем айта барыңыздар, - деді ол.Адал қызмет атқарғаны және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағаны үшін бірқатар жауынгерлер грамотамен, естелік сыйлықпен және фотоальбоммен марапатталды.- Батыс өңірінің әуе шекараларын қорғауға қатысқанымды мақтан тұтамын. Қызмет барысында біз өзімізге пайдалы тәжірибе алдық. Адал достар таптық. Командирлерге қолдау көрсеткені үшін рахмет айтамын. Жастарға айтарым, қызметке бәріміз дайын болуымыз керек, – деді бөлімше командирі – техникалық дивизионның аға операторы, Ақтөбе облысынан шақырылған кіші сержант Игорь Якушенко.Айта кету керек, осы күзде Ақтау гарнизонынан 1500-ден астам мерзімді қызметтегі әскери қызметші запасқа шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/874729
Медицина сапасын арттыру: тиісті меморандумға қол қойылды 16.11.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев пен ҚР ПІБ МО басшысы Алексей Цойдың қол қоюымен бекітілді.Екіжақты келісім шеңберінде клиникалық тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми, клиникалық және білім беру жобаларын іске асыру, сондай-ақ өңірдің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру көзделген. Ынтымақтастық екі жақтың дәрігерлеріне тығыз кәсіби байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Соңғы үш жылда медициналық орталықтың мамандары Қазақстанда 150-ден астам инновациялық технологияларды енгізді. Ал облысымыздың 500-ден астам тұрғыны орталықтың жетекші клиникаларының базасында медициналық көмек, санаторлық емдеу және оңалту алды.Серіктестік сонымен қатар мамандардың консультацияларын, санаторий-курорттық емдеу мен оңалтуды, өңір дәрігерлерін диагностика мен емдеудің инновациялық әдістеріне оқытуды қамтиды. Аурулардың алдын алу және емдеу саласында белсенді тәжірибе алмасу, мектепке дейінгі тәрбиеге озық медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерді енгізу жоспарлануда.«Мемлекет басшысы еліміздегі денсаулық сақтауды дамытудың негізгі бағыттарын айқындады. Елдің әрбір азаматы озық технологиялар мен әлемдік стандарттарға сай сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі керек. Облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін біз мамандардың біліктілігін арттыруға, озық тәжірибе мен технологияларды меңгеруге басымдық береміз. Осы орайда еліміздің жетекші клиникаларымен, атап айтқанда ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығымен жұмыс істеу өте маңызды. Мен бұл стратегиялық серіктестік медициналық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартып, денсаулық сақтау саласына заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді деп сенемін», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.ҚР ПІБ Медициналық орталығы еліміздің алдыңғы қатарлы клиникаларын, соның ішінде Астанадағы ядролық медицинаның бірегей орталығы бар Президент Іс басқармасының ауруханасын, Алматыдағы Орталық клиникалық аурухана, сондай-ақ EuropeSPA стандарты бойынша сертификатталған «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенін біріктіреді. Орталықтың құрамына санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, сондай-ақ мектепке дейінгі білім берудің инновациялық бағдарламалары бар «Қарлығаш» балабақшалар желісі кіреді.Айта кетейік, Абай облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өткізілді. Делегация құрамына JCI, ISO, GLP, GMP халықаралық стандарттарымен аккредиттелген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері кірді. Білікті мамандар облыс тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, өңір мамандарымен әдістемелік жұмыс жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/874680
Күзгі-қысқы маусым: жаңа халықаралық әуе маршруттар мен қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер ұлғаяды 16.11.2024
ҚР Көлік Министрлігі жаңа халықаралық маршруттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.Күзгі-қысқы кезеңнің басынан бастап "Air Astana" әуекомпаниясы Таиландқа, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Сауд Арабиясы Корольдігіне жаңа халықаралық бағыттарды іске қосады, сондай-ақ қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын көбейтеді.Осылайша, әуекомпания ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап аптасына 3 рейс жиілігімен Астана – Пхукет (Таиланд) бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашты;Атырау – Дубай (БАӘ) бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын ашты;28 қазаннан бастап Алматы – Фукуок (Вьетнам) аптасына 2 рейс жиілігімен және желтоқсаннан бастап аптасына 5 рейске дейін ұлғайтумен іске қосылды;29 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Медина (Сауд Арабиясы) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосты;30 қазаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Астана – Әбу-Даби (БАӘ) әуе қатынасын іске қосты;12 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Әбу-Даби (БАӘ) бағыты бойынша әуе қатынасын іске қосады;"Air Astana " әуекомпаниясы Дубайға Алматы қаласынан (аптасына 7 – ден 11-ге дейін) және Астана қаласынан (7-ден 9-ға дейін), Астана-Сеул бағыты бойынша (2-ден 3-ке дейін) рейстер санын көбейтуде.Жаңа авиамаршруттардың ашылуы, сондай-ақ қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санының артуы жолаушыларға қысқы кезеңде, сондай-ақ жаңа жылдық каникул кезінде демалысты жоспарлау үшін көбірек мүмкіндіктер береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/874647
"Лудомания" тақырыбында дәріс өткізілді 16.11.2024
024 жылғы 29 қазанда Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі-Комитет) әдеп жөніндегі уәкілі С. Г. Аганасова "Лудомания" тақырыбында дәріс өткізді.Дәріс лудомания синдромы, гемблинг (құмар ойындарға патологиялық бейімділік, ойынға тәуелділік) туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Дәріс барысында патологиялық гемблерлердің түсініктері ашылды, гемблерлердің қалыптасуының негізгі себептері, сондай-ақ гемблингке бейім факторлар келтірілген.Сонымен қатар, дәріс аясында лудоманияға тарту механизмдері, гэмблингтің даму кезеңдері, лудоманиядағы ойлау қателіктері, құмар ойындарға патологиялық тартымдылықты қалыптастыру кезеңдері бойынша жіктеу, құмар ойындарға тәуелділік қандай әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелетіні талқыланып, сонымен қатар ойынға тәуелділік бұзылыстарын емдеу (дәрі-дәрмек және психотерапия) мәселесі көтерілді.Сонымен қатар, отбасында да, жұмыс орнында да лудоманияның алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді.Өткізілген дәріс соңында әдеп жөніндегі уәкіл заңнаманың нормаларын түсіндірді, атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салу көзделген.Бұл ретте, 2024 жылғы наурызда "eGov mobile" мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды ерікті түрде өзін-өзі шектеу жөніндегі сервис іске қосылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/874695
Алдағы жария тыңдау туралы хабарландыру 16.11.2024
Тыңдауды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласы Мәңгілік Ел даңғылы, 8 Министрліктер үйі, 13-кіреберіс;Тыңдауды өткізу күні, орны және уақыты: Астана қаласы, Керей-Жанибек хандары көшесі, 4, zoom арқылы, 2024 жылғы 21 қарашада, сағат 16.00;Субъектінің атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;Хабарлама немесе ақпарат берілген баға жобаларын жариялауға мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі: Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша жеделдетілген түрде жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытындыны беру. Бағалар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы «Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне енгізу және ғимараттарды, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы» № 21/НҚ бұйрығымен бекітілген бағасына сәйкес есептелген.Уәкілетті мемлекеттік органның ақпарат алуға болатын байланыс телефондары: 8 (7172) 74 08 59.Субъектінің ақпарат алуға болатын байланыс телефондары:8 (7172) 95-50-38, ішкі 135, ұялы тел. 87716656035, 87015258600.Субъектінің интернет-ресурсының мекенжайы (бар болса): r.kasymgozhina@gov4c.kz және s.arinova@gov4c.kz.Жария тыңдаулар - бұл тұтынушыларды, монополияға қарсы органның, мемлекеттік қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының жобасын талқылау рәсімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/874642
