Қуқық
Алдағы жария тыңдау туралы хабарландыру 16.11.2024
Тыңдауды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласы Мәңгілік Ел даңғылы, 8 Министрліктер үйі, 13-кіреберіс;Тыңдауды өткізу күні, орны және уақыты: Астана қаласы, Керей-Жанибек хандары көшесі, 4, zoom арқылы, 2024 жылғы 21 қарашада, сағат 16.00;Субъектінің атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;Хабарлама немесе ақпарат берілген баға жобаларын жариялауға мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің түрі: Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша жеделдетілген түрде жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтықтарын белгілеу туралы қорытындыны беру. Бағалар Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы «Ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастр ақпараттық жүйесіне енгізу және ғимараттарды, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру бойынша мемлекеттік монополияға жатқызылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы» № 21/НҚ бұйрығымен бекітілген бағасына сәйкес есептелген.Уәкілетті мемлекеттік органның ақпарат алуға болатын байланыс телефондары: 8 (7172) 74 08 59.Субъектінің ақпарат алуға болатын байланыс телефондары:8 (7172) 95-50-38, ішкі 135, ұялы тел. 87716656035, 87015258600.Субъектінің интернет-ресурсының мекенжайы (бар болса): r.kasymgozhina@gov4c.kz және s.arinova@gov4c.kz.Жария тыңдаулар - бұл тұтынушыларды, монополияға қарсы органның, мемлекеттік қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік монополия субъектілерін шақыра отырып, уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін мемлекеттік монополияға жатқызылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бағаларының жобасын талқылау рәсімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/874642
Теміртауда дзюдодан халықаралық турнир өтеді 16.11.2024
Теміртауда ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдархановты еске алуға арналған "Магнитка жұлдыздары" атты дзюдодан XXIII халықаралық турнир басталды. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан спортшылары қатысады. 20-дан астам команда 2008–2009 жылдары туылған 700-ге жуық ұлдар мен қыздарды ұсынады.Турнир Qarmet спорт кешенінде төрт күн бойы өтеді. 29–31 қазан аралығында жеке біріншіліктер, ал 1 қарашада командалық жарыстар өтеді. Барлық ниет білдірушілер келіп, қатысушыларды қолдай алады.Жеңімпаздар медальдармен, кәдесыйлармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Турнир соңында оқу-жаттығу лагері жоспарланған, онда әрбір дзюдошы құнды халықаралық тәжірибе жинақтай алады."Магнитка жұлдыздары" турнирі дзюдошыларды ел чемпионатына дайындауда да маңызды рөл атқарады.Жарысты ұйымдастырушылар – Теміртау әкімдігі, Qarmet компаниясы, Қарағанды облысының дзюдо күрес федерациясы және Jenyc кәсіби клубы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873108
Теміртауда қайта жасақталған өрт сөндіру депосы ашылады 16.11.2024
Теміртауда жаңа өрт сөндіру депосы ашылады. Оның қажеттілігі жайлы көптен бері айтылып келеді. Мәселе облыстық әкімдіктің қолдауымен шешілді.Бұрынғы өрт сөндіру бөлімінің ғимаратын күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Жұмыстар аяқталуға жақын.Нысанға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев барып, құтқарушылар үшін қандай жағдай жасалғанын көрді.Қайта жасақтау техникалық жарақтандыруды жақсартып қана қоймай, қызметкерлер үшін жайлылық жасауға мүмкіндік береді.Ғимарат үш қабатты. Бірінші және екінші қабаттарда әкімшілік және шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар, өрт сөндіру автотехникасының тұрағына арналған гараж орналасқан. Ал үшінші қабатта жеке құрам мен олардың отбасыларына арналған пәтерлер бар.Ескі қасбет өңсіз болған. Жаңартудан кейін ол жарқын және заманауи бола түсті. Қайта құру үшін желілі панельдер қолданылды.Ғимарат ішінде есіктер орнату және жиһаз қою қалады.Өрт сөндіруші-құтқарушыларды даярлауға арналған оқу мұнарасы бар.Қосымша өрт сөндіру депосын ашу құтқарушылардың жедел әрекет етуін арттырады. Республикалық трекке жақындығын ескере отырып, қызметкерлер қиын жағдайға тап болған адамдарға көмекке тез жете алады.– Шығуға арналған екі бірлік техника бар. Пайдалануға берілгеннен кейін өрт депосы алты шағын ауданға және Екатеринбург – Алматы тас жолына қызмет көрсетеді, онда жолдағы ЖКО мен ТЖ кезінде көмек көрсетіледі, – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.Сондай-ақ, Ермағанбет Бөлекпаев Теміртауда Металлургтер даңғылында күрделі жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын көрді. Қаланың негізгі көлік артерияларының бірін қайта құру жарты ғасырда алғаш рет қолға алынды. Жоба екі жылдық. Жұмыстар кешені қарастырылған: жол төсемін ауыстыру, жаңа тротуарлар, гүлзар аймағын абаттандыру. Нөсерлі кәріз мәселесі шешіледі. Мүгедектерге арналған бейімделген алаңдарды қоса алғанда, веложолдар, ойын және спорт аймақтары жоспарлануда.Даңғылдың ұзындығы екі жағынан шамамен үш шақырым.Бүгінгі таңда Республика даңғылынан Абай көшесіне дейінгі тақ жақтағы жұмыстар аяқталды. Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін жол белгілерін орнату ғана қалып, бұл учаске ашылуға дайын болады.Екінші учаскені асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Бейбітшілік даңғылынан Амангелді көшесіне дейінгі жұп жақтағы және учаскедегі жұмыстар келесі жылдың көктемінде жалғасады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873318
Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы тағайындалды 16.11.2024
Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды.Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873682
Теміртауда жылу желілерін қайта жаңарту жалғасады 16.11.2024
Теміртауда сапалы жылумен қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып қала береді. Бұл бағытта 2022 жылдан бастап ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы жазда қалада магистральдық желілер ғана емес, сонымен қатар квартал ішіндегі желілер де жөнделді – жалпы көлемі екі есеге жуық ұлғайтылды. Келесі жылы тағы да бірқатар жобалар жоспарланған.Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Теміртау және Ақтау кентінің тұрғындарымен кезекті кездесуде мәлімдеді.– Жалпы, алдыңғы кездесуден кейін белгілі бір жұмыс жүргізілді. Біздің басты міндетіміз – сапалы жылумен қамтамасыз ету. Біз бұл жұмысты келесі жылы жалғастырамыз. Сараптаманың оң қорытындысы бар жалпы ұзындығы 12,3 км болатын жылу желілерінің бес учаскесін қайта жаңартуға ЖСҚ дайын, – деді өңір басшысы.Ол тұрғындарды ашық әңгімеге шақырды. Баяндамаларсыз бірден сұрақ-жауап сессиясына көшті. Теміртау мәдениет сарайындағы кездесу екі сағатқа созылды. Тұрғындар жалпы қала бойынша және нақты аулалардағы проблемалар туралы айтып берді.Мысалы, Республика даңғылы 47 мекенжайындағы көпқабатты үйдің өкілі лифт қалпына келтірілгенше күте алмайтындығына шағымданды. Оның айтуынша, тұрғындар инвестиция салуға дайын, үйде қарт адамдар көп, олар жоғарғы қабаттарға жаяу көтерілуге қиналады. Ермағанбет Бөлекпаев мәселені шешуді жеделдетуді тапсырды.ТКШ проблемалары әлі де теміртаулықтарды толғандырады. Алтыншы шағын ауданда жаңа кәріз коллекторын салу қажет. Қала әкімі Ғалым Әшімов қажетті есептеулер жүргізілгенін хабарлады.Ақтау кентінің тұрғындарына орталық қазандық қажет. Жобалау-сметалық құжаттама әзірленді және мемлекеттік сараптамада. Оң қорытындыдан кейін қаржыландыру мәселесі шешілетін болады.Теміртаулықтар ашық құдықтарға назар аударды. Қауіпсіздік – ең басты міндет, деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.– Мұндай өтініштерге бірден жауап беріңіздер! Мұнда "алтын сағат" ережесі болуы керек. Дереу жабыңыздар, содан кейін бұл құдықтың кімге тиесілі екенін анықтаңыздаи, – деді облыс әкімі.Сондай-ақ қоғамдық көліктің жұмысы бойынша сұрақтар қойылды. Ермағанбет Бөлекпаев мәселе белгілі екенін және келіссөздер нәтижесінде жаңа тасымалдаушы табылғанын хабарлады.Ойын алаңдарының жай-күйі, мектептердің жанындағы жарықтандыру, қоқыстарды бөлек жинау, қаңғыбас иттердің проблемасы – теміртаулықтар кездесуде осы мәселелерді де көтерді.Ермағанбет Бөлекпаев кездесуге қатысушыларға қала өміріне бей-жай қарамағаны үшін алғысын білдірді. Бірде-бір сұрақ назардан тыс қалмайды, деп сендірді ол.Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873735
Қарағандыда 1 қарашадан бастап тұрғын үй сертификатына құжат қабылдау басталады 16.11.2024
Қарағандыда 1 қараша "Наурыз" және "Отау" жаңа ипотекалық бағдарламалары бойынша тұрғын үй сертификаттарын алуға өтініш қабылдау басталады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі хабарлады.Әлеуметтік көмекті келесі санаттағы кезекте тұрғандар пайдалана алады:Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктері бойынша оларға теңестірілген ардагерлер, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағында соғыс әрекеттерінің ардагерлері;бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;мүгедек балалары бар немесе сондай бала тәрбиелеп отырған отбасылар;тізімді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;жасы бойынша зейнеткерлер;жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;қандастар;экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар;мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызмет, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) отбасылары;толық емес отбасылар.Мемлекеттік қызметке өтініш "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі (еgov.kz).Қажетті құжаттар:1. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық өтініш.2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (мүгедек балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар). Соңғы 6 айдағы кірістер туралы анықтама.3. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банк хатының электрондық көшірмесі.Толығырақ ақпарат алу үшін және сұрақтармен мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды, Чкалов көшесі, 7, каб. 301. Телефон: (8-7212) 95-56-01.Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873962
Қарағандыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнім ұсынылады 16.11.2024
Қарағандылықтарды 2 қараша күні кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады.Онда облыс аудандарының өндірушілері өнімдерін ұсынады. Саудаға 500 тоннадан астам ет, балық, сүт өнімдері мен көкөністер дайындалды. Сондай-ақ, жұмыртқа, бал, шұжықтар, қолөнер бұйымдарын және т. б. сатып алуға болады.Басталуы 09:00.Жәрмеңке Global city СОО аумағында 134-ші есептік тоқсан, 921-ғимарат мекенжайы бойынша өтеді.Жәрмеңкеге келесі автобустармен жетуге болады: 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873969
Балқашта медициналық қызмет сапасы жақсарып келеді 16.11.2024
Балқашта жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы 30 жыл ішінде алғаш рет өз ғимаратына ие болды. Оны қайта құру кезінде инженерлік жүйелер жаңартылып, төбесі ауыстырылды. Сондай-ақ, өртке қарсы қауіпсіздік және бейнебақылау жүйелері орнатылған.– Бұрын Балқаштың жедел медициналық жәрдем бригадалары стационар жанындағы жеке бөлінген үй-жайларға орналастырылған болатын. Кейінде жедел жәрдем бригадаларының еңбек жағдайларын жақсарту қажеттілігі ерекше байқалды. Осыған байланысты ескі ғимаратты қайта құру туралы шешім қабылданды. Қосалқы станцияда алты жедел жәрдем бригадасы бар, олар бір жыл аралығында 30 мыңға дейін шақыруға шығып, медициналық қызмет көрсетеді. Тәулік бойы жұмыс істейтін екі диспетчерлік бекет бар. Демалыс бөлмелері, көліктерге арналған жуу, тұрақ және жөндеу секілді үш бокс қарастырылған, – деді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының м. а. Ақылбек Сарбаев.Балқашқа жұмыс сапары барысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл шешімдер Балқаш өңірінің 80 мың тұрғынына медициналық көмек көрсету сапасын жақсартатынын атап өтті.Сондай-ақ, балқаштықтар облыс орталығына бармай-ақ уақтылы медициналық көмек алуы үшін ауданаралық ауруханаға 25 жас маман тартылды: анестезиолог-реаниматолог, травматологтар, невропатологтар, акушер-гинекологтар, неонатологтар, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері және т. б. Тағы 12 дәрігер резидентурада оқиды және келесі жылы Балқашқа жұмысқа келеді.Мамандар жұмыспен қамтамасыз етіліп, тұрғын үй мәселесі шешілді. Қалалық аурухана аумағында 30 пәтерлі үш қабатты ғимарат жөнделді. Олардың барлығы жиһаз және тұрмыстық техникамен жабдықталған.– Мен Приозерск қаласының тумасымын. Алматыда оқып, Балқашқа жұмысқа келдім. Маған екі бөлмелі пәтер берді. Толық жабдықталған, барлық жағдайлар бар. Барлығы ұнайды, – деп бөлісті жалпы тәжірибе дәрігері Жадыра Сетенова.30 жас маман жаңа қоныстанушы атанды.Облыс бойынша биыл барлығы 130 пәтер берілді.Ал қалалар мен аудандарға дәрігерлерді тарту үшін көтерме сомасы 1,5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.Өзгерістер Балқаш көпсалалы ауруханасы емханасының базасында да орын алып, алғашқы үздік тәжірибелер орталығы ашылды. Медициналық мекеме заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған.Орталықта кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек алуға болады. Сондай-ақ, "Халық кеңесі" қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, онда тұрғындар өз өтініштерін қалдыра алады. Салауатты өмір салты кабинеті және барлық тілек білдірушілер үшін денсаулық мектебі ашылды.– Мұнда медициналық, әлеуметтік және психологиялық қызметтердің симбиозы – отбасылық медицина принципі қарастырылған. Отбасылық дәрігер, қамқоршы медбике, акушер, психолог және әлеуметтік қызметкерден тұратын көпсалалы топ белгілі бір отбасымен айналысады, ауруларға әкелетін себептерді анықтайды. Орталық "науқастың 5 минутта байқағаны" қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Тіркеуден бастап-ақ пациент 5 минут ішінде өзіне қажетті ақпаратты алуы керек. Кіре берісте екі инфотабло бар, сұрақтарға жауап беретін жүйелік әкімші бар. Биыл біздің мемлекетіміз Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының бес отбасылық дәрігерлерімен толықты, – дейді Балқаш көпсалалы ауруханасының директоры Серікбол Түсіпбеков.– Сіздер Мемлекет басшысының медицинаны қолдау, осы бағытты жаңғырту және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі бастамасы туралы білесіздер. Біз осы тапсырма аясында медициналық нысандарды ашып, инновациялар енгізіп жатырмыз – мұның бәрі халыққа сапалы қызмет көрсету үшін. Біз өз тарапымыздан осындай бастамаларды қаржылай қолдаймыз. Біз үшін бірінші кезектегі міндет – осындай нысандарды мүмкіндігінше ашу. Ол үшін біз тұрғын үй саламыз, мамандарға осы медициналық мекемелерде жұмыс істеу үшін көтерме жәрдемақы береміз, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.Бұл Қарағанды облысындағы үздік тәжірибелердің бесінші орталығы. Оның басты мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, шағымдардың санын азайту және халықтың медициналық сауаттылығын жақсарту.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/873980
Қарағандылық самбошылар әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды 16.11.2024
Қарағандылық спортшылар самбодан шеберлер арасындағы әлем чемпионатында алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Болат Манабаев, Зейнолла Махметов және Дәурен Есімханов ерекше көзге түсті.Жарыс Душанбеде (Тәжікстан) өтті. Медальдар үшін 13 елден 400-ге жуық спортшы күресті. 35 жастан асқан самбошылар жеті жас санатында өнер көрсетті.Қарағандылықтардың қоржынында үш медаль бар. Болат Манабаев М6 (60-64 жас) жас санатында үздік атанды. Зейнолла Махметов (М5 – 55–59 жас) және Дәурен Есімханов (М2 – 40–44 жас) қола жүлдеге ие болды.– Менің салмағымда 11 қатысушы болды. Мен бірінші жекпе-жекте өзбек спортшысынан басым түсіп, екіншісінде ресейлік спортшыны жеңдім. Жартылай финалда моңғол самбошыларынан жеңіліп қалдым. Үшінші орын үшін күресте ол ресейлікті жеңдім. Енді келесі жолы бірінші орын алу үшін қателіктермен жұмыс істейтін боламын, – дейді Қарағанды облысының олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы Дәурен Есімханов.Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орын алды: 11 алтын, 14 күміс, 19 қола.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874016
Балқашта жылу желілерінің тозу көрсеткіші төмендеп келеді 16.11.2024
Балқашта магистральдық жылу желілерін қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, магистраль ішіндегі және орамішілік жылу желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл 25 км жөнделді. Осылайша, қаладағы желілердің тозуы 75-тен 65%-ға дейін төмендеді.Жаңарту жұмыстары жылумен жабдықтау сапасын жақсартуға және жүйеде қысымды арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе қаланың шалғай аудандары үшін өте маңызды. Бұл бағытта не істелгені туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа Балқашқа жұмыс сапары барысында баяндалды. Қала әкімі Сапар Сатаев су құбыры және кәріз желілерін жөндеу туралы да айтып берді. Мысалы, қаланың 90-шы орамында 320 м су құбыры ауыстырылды. Ұзындығы 850 м болатын 8 Наурыз көшесіндегі құбырларды ауыстыру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ Токрау – Саяқ су құбыры бағытындағы жұмыстар жалғасуда: бүгінде 160 км апатты учаскелердің 72 шақырымы ауыстырылды. Келесі жылы осы су ағардың шамамен 20 км жаңарту жоспарлануда, бұл келесі жылы сумен жабдықтауда туындайтын проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.Ермағанбет Бөлекпаев қала жағалауына келіп, абаттандыру жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көрді. Жоба екі кезекке бөлінген: біріншісі 80%-ға аяқталды және жаяу жүргіншілер субұрқағын салуды, аумақты абаттандыруды және жарықтандыру орнатуды қамтиды.Екінші кезек тренажерлар және скейтпаркі бар спорт аймақтарын, балалар алаңдары мен демалыс аймақтарын жайластыруды көздейді. Жағалауда желкенді қайық тәрізді жеті субұрқақтан тұратын ерекше кешен болады.Сондай-ақ, жоба бойынша аумақты көгалдандыру, шағын сәулет нысандарын орнату және велосипед инфрақұрылымын құру қажет.Облыс басшысы мердігерлердің есептерін тыңдап, жобаға сәйкес барлық жұмыстарды орындауды және жоспарланған мерзімдерден қалыс қалмауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/874092
Серік Шәпкенов Махамбеттегі әлеуметтік нысандарды аралады 16.11.2024
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында салынып жатқан нысандармен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алдымен Талдыкөл ауылының кіре беріс жолымен танысты. Жолдың жалпы ұзындығы - 6,2 шақырым. Былтыр тамызда кірме жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталғанмен, негізгі бөлігінің тығыздығы нормаға сай келмейді. Жобаға түзету жұмыстары жүріп жатыр.Бұдан кейін осы ауылдағы Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстарын қарады. Талдыкөл ауылының судан қорғану бөгеті 3 км құрайды. Келер жылы тасқынның алдын алу үшін 2,1 км жерін қайта жөндеуді және 500 метр жерге уақытша қапшық салуды қажет етеді. Аталған жұмысқа жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Серік Шәпкенов жауапты мамандарға Жайық суы деңгейінен көтерілмей тұрып жұмыстарды жеделдетуді міндеттеді.Сонымен қатар Махамбет ауылдық округінде салынып жатқан 60 пәтерлік үйдің құрылысымен танысты. Қазір жұмыстар аяқталып келеді, инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, аулалар абаттандырылуда. Аймақ басшысы жауапты басшыларға жыл соңына дейін барлық жұмысты аяқтауды жүктеді.Кейін Ж.Қартқожақов көшесінде орналасқан полиция ғимаратына барды. Өткен ғасырда салынған екі қабатты ғимарат 20 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Жаңа ғимарат салуды қажет етеді.Биыл мамырда Жалғансай ауылындағы су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазір ғимарат толық жөнделді. Тазалау жабдықтары мен сорғыларды бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп, 1-көтергіш сорғы орнатылды. Сондай-ақ, 200 текше метрлік 3 су резервуары тазаланып, толықтай гидрооқшаулағыш жасалынды. 2-көтергіш сорғы ғимаратының іші жөнделіп, су сору станциялары қойылды. Жоспар бойынша қарашада пайдалануға беріледі. Нысанды аралаған Серік Шәпкенов аудан халқына берілетін таза ауыз суды үздіксіз жіберіп, ғимаратты күтіп-ұстау қажеттігін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/874577
NU ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМГЕ ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕЙТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАҒА ҚОСЫЛДЫ 16.11.2024
NU ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМГЕ ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕЙТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАҒА ҚОСЫЛДЫ NU жасанды интеллекттің жоғары білім беру саласындағы рөлін зерттеуге арналған жаһандық консорциумның құрамына енді. Зерттеу Африка, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада жүргізіледі. WISE (Білім берудегі инновациялар жөніндегі дүниежүзілік саммит) және IIE (Халықаралық білім беру институты) басқаратын бұл консорциумға әлемнің жеті университеті қатысуда. Алдағы 12 айда олар жасанды интеллекті білім беру жүйелеріне біріктіру жолдарын зерттемек. Мақсаты – студенттерге жасанды интеллект рөлі айқын болатын әлемдік экономиканың талаптарына дайындалуға көмектесу. NU Кәсіби оқыту және дамыту жөніндегі сарапшысы Аида Нұранова: «NU осы бастама аясында foundation, бакалавриат пен магистратура әртүрлі деңгейлеріндегі оқыту әдістеріне бағытталған көпсалалы зерттеулер жүргізеді. Бұл маңызды зерттеу жоғары оқу орындарында білім беру үдерісінде жасанды интеллекті қолданудың үздік тәжірибелерін айқындайды. Жобаға шақырту NU аймақтағы беделін және білім беру саласындағы инновацияға деген ұмтылысын растайды», - деп атап өтті. Консорциум құрамына NU бөлек, University of Pennsylvania (АҚШ), Universidad Camilo José Cela (Испания), Ashesi University (Гана), Birla Institute of Technology & Science (Үндістан), Universidad de los Andes (Колумбия), Hamad Bin Khalifa University (Катар) кіреді. Олар білім мен тәжірибе алмасуға арналған бірлескен семинарларға қатысады. WISE консорциумы ресми түрде Нью-Йоркте, БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысымен қатар бастау алды. WISE бас директоры Ставрос Яннука: «Бұл консорциум әртүрлі өңірлер мен көзқарастарды ескеріп, аймақтық ерекшеліктерді зерттеуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – саясатты қалыптастырып, қуатты технологиялардың барлығына қолжетімді білім беруге қызмет етуін қамтамасыз ету», - деді. Консорциум мүшелері кездесу барысында семинарлар мен панельдік талқылауларға қатысып, жоғары білім беру саласында жасанды интеллекті тиімді пайдаланудың жолдарын талқылады. NU атынан Аида Нұранова университеттің зерттеулері мен жасанды интеллект дамуының білім беру болашағына әсерін түсіндірді. Зерттеу нәтижелері келесі қарашада Катарда өтетін WISE саммитінде ұсынылады. NU бұл жобаға қатысу арқылы білім беру саласындағы инновациялар мен жасанды интеллект болашағын қалыптастыруға үлес қосып, өзінің жаһандық байланыстарын нығайта түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/874622
Қазақстан мен Катар қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты нығайтуда: Үкіметаралық келісімге қол қойылды 16.11.2024
Министр Ержан Саденов бастаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің делегациясы Доха қаласына (Катар) іссапармен барды.Сапар аясында Катардың Ішкі істер министрі шейх Халиф бен Хамад Әл Танимен кездесу өтті.Кездесуде тараптар қылмысқа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективаларын, соның ішінде қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, есірткінің заңсыз айналымына, экстремизмге, киберқылмысқа қарсы күрес мәселелерін, сондай-ақ адамдарды іздестіру және тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастықты талқылады.“MILIPOL QATAR-2024” 15-ші халықаралық қауіпсіздік көрмесінің аясында өткен Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою сапардың басты нәтижесі болды.Бұл келісім құқық қорғау саласындағы Қазақстан-Катар қатынастарының жаңа кезеңін ашып, қауіпсіздік бағытындағы өзара іс-қимыл мен күш-жігерді үйлестірудің құқықтық негізін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/874578
Үйлестіру кеңесінің отырысында мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды 16.11.2024
Астанада Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Оған ҚР Мәжіліс депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Күн тәртібінде Астана және Алматы қалаларында азаматтық бастамаларды қолдау мәселелері қаралды. Үкіметтік емес ұйымдар басшыларының балама баяндамалары алғаш рет тыңдалды. Бұл ашықтық пен өзара іс-қимыл тиімділігін арттырудағы маңызды қадам болды.Астана қаласының әкімдігі Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылған жобалармен танысу мақсатында баспасөз турын ұйымдастыруды ұсынды. Кеңес мүшелері Алматы қаласы әкімдігінің Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы оң тәжірибесін атап өтіп, осы тәжірибені елдің басқа өңірлерінде енгізуді ұсынды.Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруды қоғамдық бақылау, сондай-ақ оларды халықтың қажеттіліктеріне бағыттау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірленді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/874612
«Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізу туралы хабарлама 16.11.2024
Шығыс Қазақстан облысы «Қосымша ашық деректер жиынтығына қажеттілікті анықтау» тақырыпта интернет-конференция өткізу бастағанын хабарлайды.https://dialog.egov.kz/conference/5036 сілтемесі бойынша аталған интернет-конференция қолжетімді.Осы конференцияға қатысуларыңызды сұраймыз.Сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1025388?lang=kk
Қонаев қаласында этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ҚХА Журналистер клубының отырысы өтті 16.11.2024
Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының көшпелі отырысы өтті. Жиында этносаралық қатынастардың негізгі мәселелері және олардың дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі талқыланды.Іс-шараға Ұлытау, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар мен Журналистер клубының мүшелері қатысты.Спикерлер елдегі этносаралық қатынастарды үйлесімді дамыту мен ел бірлігін нығайтуда, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде насихаттауда, азаматтардың арандатушылық пен деструктивті ақпаратқа иммунитет қалыптастыруда, әлеуметтік желілердегі этносаралық тақырыпта, әсіресе «араздық тілінің» алдын алу үшін БАҚ-тың рөлі маңызды екенін атап өтті.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚХА хатшылығымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлік бағытындағы жұмысқа ҮЕҰ мен БАҚ-ты тарта отырып, танымдық, мәдени және өзге де шаралар кешенін іске асырып келеді.Бұл тұрғыда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің мүшелерін, ҮЕҰ мен БАҚ-ты да әдістемелік қолдау маңызды.Отырыс соңында қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді ортаға салды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/872456
Мемлекеттік би ансамблі көрерменге жаңа концерттік бағдарлама ұсынды 16.11.2024
Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің «Күн дидарлы — Қазақстан» атты концерті өтті. Концерттік бағдарламада репертуарға жаңадан енген қазақтың ұлттық және әлем халықтарының билері сахналанды.Ансамбль көрермен назарына «Моңғол биі», орыс биі «Вензеля», өзбек биі «Хорезм термәләрі», «Көңілді серуен», «Жастық жалын», тәжік биі «Идона», ұйғыр биі «Долан», корей биі «Кальчум», татар биі «Женихи», қытай биі «Liming», сондай-ақ «Жарық», «Ел салтанаты», «Қыз қуу» сияқты ерекше би қойылымдарын ұсынды.Сонымен қатар, концертте халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Біржан Айтахмет, Асылхан Шалқаров, Айгерім Елемесова және Мәдениет саласының үздігі Рахат Сәрсенов өнер көрсетті.Бүгінгі таңда «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі – ұлттық хореография мәдениетінің бай мұрасын және әлемдік хореографияның алуан түрлілігін толық насихаттай алатын жалғыз кәсіби би ұжымы.Айта кетейік, келер жылы «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің құрылғанына 70 жыл толады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/872568
Үйлестіру кеңесінің отырысында жастар саясатының өзекті мәселелері талқыланды 16.11.2024
Астанада Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің өкілдері, сарапшылар және ЖРО басшылары жастарды қолдауға бағытталған өзекті мәселелер мен бастамаларды талқылады. Атап айтқанда, жастардың даму индексі, NEET санатындағы жастармен жұмыс және тағы басқа мәселелер қарастырылды.Кездесу барысында ЖРО-ның тиімділігі туралы да сөз етілді. Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар мен оқыту курстары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде. Биыл буллингтің алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты материалдар жариялау жоспарланған.Еске сала кетейік, Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі мемлекеттік жастар саясаты жүйесіндегі жұмыс сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының жанынан құрылды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/872574
Алматыда «Жастар Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін» форумы өтіп жатыр 16.11.2024
Алматыда ҚР МАМ қолдауымен «Жастар Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін» халықаралық форумы өтуде. Іс-шара БҰҰДБ-ның «Орталық Азиядағы зорлықшыл экстремизмінің алдын алу мақсатында жергілікті қоғамдастықтардың тұрақтылығын нығайту» өңірлік жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан өкілдері, сондай-ақ Жапония мен Швейцариядан келген БҰҰ сарапшылары қатысады.Форум тәжірибе алмасуға, жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауға, сонымен қатар қазіргі жастардың құқықтары мен қажеттіліктерінің жағдайы туралы ақпарат беруге бағытталған. Жұмыс барысында өңірлік ынтымақтастық үшін негізгі басымдықтар айқындалатын болады.Форум аясында Орталық Азия елдерінде жастарды дамыту және оларды жұмыспен қамту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, діни қызметкерлер мен құрылымдар өкілдері өз ойын ортаға салады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/872635
Ұлы Дала жауһарлары Франция төрінде көрсетіледі 16.11.2024
2024 жылғы 6 қарашада Қазақстан мен Франция Мемлекет басшыларының қолдауымен Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде (Париж) Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің коллекциясынан «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылады.Көрме 2025 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.Қазақстан Еуропа елдерімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға көп көңіл бөледі.Бұл саладағы өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі – тарихи-мәдени мұраны дәріптеу.Қорында Қазақстанның бірнеше мәдени жәдігері бар, Азия өнерінің әлемдегі ең толық және Еуропа аймағындағы ең ірі коллекциялары сақталған Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде Қазақстанның тарихи мұрасынан көрме өткізу өнер әлеміндегі елеулі оқиға болатыны анық.Көрме мақсаты: музей жәдігерлерін иммерсивті технологиялардың сүйемелдеуімен қазақ мемлекеттілігінің ғасырлар бойы дамуының тарихи-өркениетті бастауларына, қазақ халқының мәдени кодының сабақтастығы мен бірегейлігіне ерекше назар аудара отырып, Еуропа және француз жұртшылығына Қазақстан мәдениетінің көпғасырлық тарихы мен бай қазынасын көрсету.Экспозицияда Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін (б.з.д. ІІІ мыңжылдықтан XVIII ғасырға дейін) сипаттайтын 35 сирек артефакт ұсынылған.Экспозиция 5 бөлімнен тұрады:– Тобыл ойшылы, Ботай мәдениеті және жылқыны қолға үйрету;– Алтын Адам. Алғашқы сақ мемлекеттерінің пайда болуы;– Тас мүсін (Балбал). Түркі билігі кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстан;– Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шырағдандары. Исламның дамуы;– Қазыбек бидің шапаны. Қазақ хандығы және бүгінгі Қазақстанның пайда болуы.Ашылу салтанатына Қазақстан мен Францияның көрнекті мемлекеттік саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпус, мәдениет және өнер өкілдері, ғылыми және студенттік қоғамдастық, Еуропадағы қазақ диаспорасы қатысады.Көрме 2025 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/872771
