Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ 16.11.2024
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ұлытау облысында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні облыстың барлық қала, аудандарында тазалық акциялары өтті.Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту. Күннің суытуына қарамастан тазалық шараларына қатысушылардың барлығы жоғары белсенділік көрсетті. Экологиялық іс-шараларға қатысушылар арасында жергілікті билік, қоғамдық ұйымдар, студенттер, белсенділер және қарапайым тұрғындар бар. Акцияға барлығы 165 ұжымнан 1700-ден астам адам мен 51 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 72 тоннадан астам қоқыс шығарылды.Облыс орталығының тұрғындары мен еңбек ұжымдары негізгі көшелер мен саябақ, скверлерді тазартты.Ал, Сәтбаев қаласының еңбек ұжымдары өндірістік мекемелердің аумағын тазалап, сырлау, әктеу жұмыстарын атқарды. ««Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты - халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару. Сонымен қатар, іс-шара жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталатын болады, өйткені мұндай жобалардың арқасында табиғатқа ұқыпты қараудың жақсы үлгісі болып табылатын эковолонтерлік қозғалысы дамуда», - дейді «BIRLIK» еріктілер клубының жетекшісі Төлеубай Дарын.Қаражал қаласының тұрғындары да өз аулаларын тазалап, рұқсат етілмеген орындарға төгілген қоқыстарды арнайы полигонға шығарды.Жаңаарқа, Ұлытау аудандарының тұрғындары да экологиялық акцияларға қатысты. Осы аудандардың барлық елді мекендерінде кеуіп қалған ағаштар мен арамшөптерді жою жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ қалалардағы көпқабатты үйлердің тұрғындары да аулаларын жинап, ретке келтірді. Тазалық акциясына пәтер иелері кооперативтері жетекшілік жасады.Тазалық акциялары аясында облыстың қала мен аудандарындағы әкімдіктердің жауапты мамандары жергілікті аумақтардағы көшелерді аралап санитарлық тазалықты тексерді. Санитарлық тазалықты сақтамаған, абаттандыру ережесіне сәйкес келмейтін нысандардың иелерімен тілдесіп, кемшіліктерді қысқа мерзімде түзеу қажеттігін айтып, ескерту жасады. Ғимараттар алдын тазалау, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелер басшыларына қала-аудан көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту және қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/865538
ХАТТАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ҚАРАЛДЫ 16.11.2024
Облыс әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің 2024 жылғы 23 тамыздағы Ұлытау облысына сапары барысында берілген хаттамалық тапсырмасын орындауға қатысты кеңес өтті. Жиында тиісті салаларға жетекшілік ететін әкім орынбасарлары Үкімет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы бойынша баяндады. Атап айтқанда, кеңесте инфрақұрылымдық жобалар және оларды жүзеге асыру үшін қаражат бөлуге қатысты сұрақтар, инвестициялық бастамалар, оларды іске қосу бағыттары талқыланды. Сонымен қатар «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып жатқан жобалардың қазіргі жағдайы бойынша баяндалды. Кеңес соңында облыс әкімі аталған мәселелер бойынша хаттамада көрсетілген іс-шаралардың уақытылы және сапалы орындалуының маңыздылығын және олар бойынша әр орынбасардың жауапкершілігін ерекше атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/866859
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 16.11.2024
2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қазақстанда ЮНИСЕФ әзірлеген халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС) басталды. Зерттеу облысымыздың 5 өңірін қамтиды.2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында интервьюерлер өңіріміздің қалалары мен ауылдарында сауалнама жүргізеді. Сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін, оның ішінде санитарлық тазалықты, білім беруді және басқа да маңызды көрсеткіштерді қамтиды. Барлық сауалнамалар тиісті мемлекеттік органдармен бекітілген.Интервьюерлер арнайы киім киіп, барлық байланыс ақпараты бар бейдж тағады.Интервьюер барған үй шаруашылықтары осы сауалнамаға түсіністік білдіреді деген үміттеміз. Зерттеуге қатысу Қазақстан халқының тұрмыс жағдайы мен денсаулығын жақсартуға көмектесетін маңызды мәліметтерді жинауға көмектеседіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/868145
АСТАНАЛЫҚТАРҒА ҰЛЫТАУ ДӘМІ ҰСЫНЫЛДЫ 16.11.2024
Елордада жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық жәрмеңкеге 26-27 қазан күндері Ұлытау облысының өнімдері қойылды. Аталған іс-шараға өңіріміздің жергілікті 40-қа жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Атап айтар болсақ, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына жалпы көлемі 100 тоннаны құрайтын ет өнімдері мен (сиыр еті, қой еті, жылқы еті) сүт өнімдерін (сүт, қымыз, шұбат, қаймақ, сары май, ірімшік, құрт) ұсынылды.Екі күнге созылған жәрмеңкеде астаналықтар Ұлытау аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873413
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 16.11.2024
Тимур Қалымжанұлы Бисимбаев 1980 жылы дүниеге келген.А.Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік университетін «Агроном» мамандығы бойынша аяқтаған.Ауыл шаруашылығы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.Әр жылдары Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасында жетекші маманнан бастап, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.Ұлытау облысына тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бері Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873502
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 16.11.2024
Нұрлан Ерболатұлы Абдукалимов 1986 жылы туған.Еңбек жолын Астана қаласының №1 қалалық ауруханасында есепші болып бастаған.Әр жылдары Қазақстан Республикасының қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктерінде жауапты қызметтер атқарған.Қаржы министрлігінде өнеркәсіп жәнеотын-энергетика кешеніндегі бюджетті жоспарлау саласына жауап берген.Кейіннен «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясында экономика және бюджетті жоспарлау департаментін басқарған.Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.Осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы Қаржы басқармасының басшысы болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873510
Ұлытау облысында ашылатын Техникалық университет мәселелері қаралды 16.11.2024
Жиынға өңір басшысы Дастан Рыспеков, ҚР Президентінің кеңесшісі Күнсұлу Закария, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов,«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев және жоба басшысы Мақсұтбек Айтмағанбет қатысты.Облыс әкімі өз кезегінде Канада университетімен бірлескен білім ордасын салу үшін әкімдік тарапынан Жезқазған қаласынан жалпы ауданы 20 га құрайтын жер телімі бөлінгенін, шекарасы белгіленіп, мүлікке кадастрлық төлқұжат алынғанын атап өтті.ҚР Президентінің кеңесшісі Күнсұлу Закария университеттің техникалық бағыттағы сапалы кадрлар дайындауда маңызы үлкен болатынын жеткізді. Ал жоба басшысы Мақсұтбек Айтмағанбет жобаның даму жоспарымен бөлісті.Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов университеттің Ұлытау облысымен ғана шектелмей, Орталық Азия мемлекеттерінен студенттер оқытуға бағытталатынын айтты. Сәйкесінше, білім ордасының барлық сала бойынша мүмкіндігі жоғарылауы тиіс.Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлытау облысының әкімдігі және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС арасында «Ұлытау техникалық университетінің 2024-2028 жылдарға арналған кампус құрылысы және жұмыс істеуі жөніндегі» Жол картасына қол қойылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/873675
Атырауда мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
25 қазан - Республика күніне орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Аймақ басшысы салтанатты жиында тұрғындарды мерекемен құттықтап, елдіктің нышаны болған егемендіктің қадір-қасиетіне тоқталды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Ел еркіндігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде ана тіліміз, төл тарихымыз, әлеуметтік-экономикалық және рухани құндылықтарымыз қайта тұғырына мінді. Келешек ұрпақты алдағы күндерге апаратын басты мұрасы, бабалар арманы - Тәуелсіздік. Азаттықты сақтап, халық сенімін нығайтудың басты факторы - бейбітшілік пен келісім. Кез келген ұлы идеялар бейбіт кезеңде жүзеге асады. Осы жылдар ішінде біз ел ретінде үлкен даму сатыларынан өттік. Экономикада, мәдениетте, спортта алуан биіктерді бағындырдық. Бүгінгідей мерекелер, ұлттық атаулы даталар патриоттық сезімдерді қалыптастырады, өткеніңмен қауыштырады. Ардақты жерлестер! Баршаңызға бейбітшілік пен береке-бірлік тілеймін!-деді С.Шәпкенов.Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/871891
Облыс әкімі Республика күні қарсаңында бірқатар мемлекеттік наградалар табыс eтті 16.11.2024
25 қазан - Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, атыраулықтарды ұлттық мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Шынайы тәуелсіздік орнату – бұл күнделікті маңдай тер мен қажырлы еңбек, уақыт сынынан өткен дәйекті саясат. Тәуелсіз де қуатты мемлекетке ие бола отырып қана төрткүл дүние ортасында ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап қала аламыз». Республика күнін айшықтап атап өту – біздің жалпыұлттық тұтастығымыздың, қалыптасқан мемлекеттілігіміздің айғағы, әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық тарихи күн. Отанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын, бірлік пен келісім, тарихи бірегейлікті құрметтеу мен рухани мұраны сақтау секілді басты құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғассын. Алдымыздағы табыстарға қол жеткізу жолында бәріміз ынтымақпен бірлесіп адал қызмет атқара берейік,-деді С.Шәпкенов.Серік Шәпкенов салтанатты шарада мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан бірқатар адамға мемлекеттің наградалар табыс етті.ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:Оразғали Қаршегенов - «Атырау Жарық» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі.«Парасат» орденімен:Бисен Қуанов - еңбек ардагері;Нұрпейіс Мақашов - еңбек ардагері;Ерлан Мұқай - НКОК компаниясының басқарушы директорының орынбасары.«Құрмет» орденімен:Нұрқабыл Айтмұхамбетов - «Атырау облыстық балалар ауруханасы» КМК директоры;Сәдірғали Әділов - еңбек ардагері;Махш Гайсина - «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Музыка және өнер» кафедрасының доценті;Ғалия Досалиева - «BRANDO» ЖШС бір реттік шприц зауытының бас инженері;Балжан Досмұхамбетова - «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы;Айжан Қарабаева - «Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі» ҚКМК директоры;Галия Куталиева - «Құрманғазы аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК Кудряшов дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелі практика дәрігері;Нұрлыбек Хамитов - «ТөбеаралОйл» ЖШС директоры.ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіменСұлтан Айталиев - «Атырау жылу электр орталығы» АҚ жылу автоматикасы мен өлшемдер цехының автоматика және өлшеу аспаптарының жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі VI разрядты электр жөндеушісі;Нұрсәуле Құттыбаева - «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау цехының есепке алу жөніндегі аға операторы;Сонымен қатар бірнеше азамат «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалдарымен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/871962
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің Республика күнімен құттықтауы 16.11.2024
Құрметті жерлестер!Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Шынайы тәуелсіздік орнату – бұл күнделікті маңдай тер мен қажырлы еңбек, уақыт сынынан өткен дәйекті саясат. Тәуелсіз де қуатты мемлекетке ие бола отырып қана төрткүл дүние ортасында ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап қала аламыз».Республика күнін айшықтап атап өту – біздің жалпыұлттық тұтастығымыздың, қалыптасқан мемлекеттілігіміздің айғағы, әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық тарихи күн болып табылады.Бұл мереке атамекеніміздің азаттығы мен ел еркіндігі жолындағы сан ғасырлық күресте қызыл қаны мен қара терін қатар төккен қайран ата-бабаларымыздың асыл арман, ізгі мұратының жүзеге асқанын бейнелейді.Отанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын, бірлік пен келісім, тарихи бірегейлікті құрметтеу мен рухани мұраны сақтау секілді басты құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғассын. Алдымыздағы табыстарға қол жеткізу жолында бәріміз ынтымақпен бірлесіп адал қызмет атқара берейік.Әр шаңыраққа шалқыған бақыт, баршаңызға құт-береке тілеймін. Қасиетті Тәуелсіздігіміз күннен күнге нығая түсіп, ұлы Отанымыз мәңгіге өркен жайсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/871963
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 28 қазанда Индер ауданына жұмыс сапарымен барады. 16.11.2024
Сағат 11:00 – Индер мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездеседі.Сағат 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау.Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Индер ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (71234) 2-03-85Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/872016
Серік Шәпкенов Индерде салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады 16.11.2024
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандармен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алдымен Бөдене ауылдық округінде биыл пайдалануға берілген Өнер мектебіне барды. Ашылғанына бір ай болған мекемедегі домбыра, қобыз, хореография, вокал, дәстүрлі ән, сурет үйірмелеріне барлығы 70 оқушы қатысады. Мектеп әкімшілігі облыс әкімінен балаларды тасымалдауға автобус алып беруді сұрады. Облыс әкімі жауапты басшыларға мәселені тез арада шешуді тапсырды.Индерде тұрғын үймен қамту мәселесі өзекті. Бүгінде Индербор кенті Көктем ықшамауданында 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді, аулалар абаттандырылуда. Жаңа баспана кезек реттілігімен қарашада пайдалануға беріледі.Индербор кентінде көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. 2021 жылы кенттегі 11 көпқатарлы тұрғын үй , 2022 жылы 7 көпқатарлы тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Былтыр кенттің орталық көшелеріндегі 4 көппәтерлі тұрғын үйге , биыл 3 көппәтерлі тұрғын үйге жәй жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал кенттегі Қаражанов көшесіндегі көпқабатты үй қайта жаңғыртылуда. Қазір үйдің қасбеті жөнделіп, шатыры жабылуда. Жоба бойынша желдету шахтасының кірпіші ауыстырылып, су ағар жүйесі орнатылады.Облыс әкімі жауапты басшыларға жұмыстарды жүйелеп, уақытылы аяқтауды тапсырды.Индербор кентінде соңғы 3 жылда 13 көп қабатты тұрғын үйдегі 112 отбасы жаңа баспанаға көшті. Алда 121 отбасы қоныс тойын тойламақ. Жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.Серік Шәпкенов Қабдешов көшесінде апатты деп танылған үйлердің орнына салынатын әлеуметтік нысандардың жерін қарап шықты. Мұнда өнер мектебі мен саябақ салынады.Бұдан кейін Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледжіне барып, оқу ордасының жай-күйімен танысты. Ғимарат 2017 жылы күрделі жөндеуден өткен. Биыл шеберхананы қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда. Колледжде оқитын 231 студентке 39 педагог білім береді. Білім ордасында 100 орындық жатақхана, 1 шеберхана, 6 зертхана, 1 автодром, 200 орындық асхана, 1 спорт залы бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/872471
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Индер ауданының тұрғындарымен кездесті 16.11.2024
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы даму жоспары талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов жиында ауданда атқарылып жатқан істер туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолының құрылысы көңіл көншітпейтінін айтты.- Ауданға келе жатқанда арнайы тоқтап, «Атырау-Индер» тас жолының жағдайын көріп келдім. Жүк көліктерінің кесірінен асфальт бұзылған. Бұл жолмен өзіміз қатынаймыз, сондықтан күтіп ұстау маңызды. Тас жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы бақылау камерасы бар полиция көліктерінің санын көбейтеміз. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар тас жолдың ауданға қарасты 50 км бөлігіне (117-167 км) орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Мердігердің жосықсыздығынан құрылыс баяу жүруде. Тұрғындар бұл жұмыстарды көрмейтінін, жол шаршатқанын айтады. Инфрақұрылымды дамыту, жолдың сапасы - басты назардағы мәселе. Жауапты басшыларға тиісті тапсырма бердім. Қажет болса, мердігермен келісімшартты үзу үшін қажетті шараларды қабылдау керек,-деді С.Шәпкенов.Тұрғындар жиында ауыз сумен қамту, баспана беру, жол салу және басқа да әлеуметтік мәселелерді көтерді. Өңір басшысы оларды өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін айтты.Аймақ басшысы сала мамандарымен бірге 20-ға жуық тұрғынды жеке қабылдап, олардың сұрағына жауап берді.Серік Шәпкеновтің Индер ауданы тұрғындарымен өткен кездесуі аудан әкімдігінің Facebook және Instagram желісіндегі ресии парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/872724
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 30 қазанда Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барады. 16.11.2024
Сағат 11:00 – «Өнерпаз» мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездеседі.Сағат 12:30 — азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау.Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Махамбет ауданы әкімдігінің Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (71236) 2-10-33Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/873038
Атырау облысының әкімі Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісімен кездесті 16.11.2024
Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов пен Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич кездесті. Жиында Атырау өңіріне инвестиция тарту мәселесі сөз болды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алешка Симкич Серік Шәпкеновке жылы қабылдауы үшін алғыс білдіре отырып, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.- Атырау облысына алғаш рет ресми сапармен келіп отырмын. Осы кездесуіміз белсенді байланыстарға тың серпін береді деп сенемін. ЕО-ның тауар айналымының 90%-н мұнай-газ секторы құрайды. Атырау облысымен сауда-экономикалық қарым-қатынасты арттыруда транспорт саласына назар аудару қажет деп санаймын. Бұл ретте теңіз портының мүмкіндігін білгім келеді, себебі осыған байланысты арнайы жобамыз бар,-деді А.Симкич.Серік Шәпкенов Атырау облысы мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық дамып жатқанын айтты. ЕО экономиканың ірі инвесторы екенін алға тартып, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамытуда бірлесе жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.- Біздің көпқырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін мүмкіндік мол. Атырау облысының географиялық жағдайы ЕО-мен өзара тиімді кооперацияны кеңейтуде сауда-экономикалық, мұнай-газ және көлік-логистика саласына қолайлы. Өңірдегі инвестициялық тұрақтылықтың айғағы - 259 еуропалық кәсіпкер ісін дөңгелетіп отыр. Сондықтан екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, ЕО инвестицияларын тартуға үмітіміз зор,-деді С.Шәпкенов.2024 жылдың сегіз айында Атырау облысының Еуро Одақпен сыртқы тауар айналымы – 15,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Экспорт – 15,4 млрд. АҚШ доллары, импорт – 300 млн. АҚШ доллары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/873294
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында “Атырау жылу электр орталығы" АҚ-нда баспасөз туры ұйымдастырылды 16.11.2024
Атырау облысы бойынша экология департаменті «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатқан “Атырау жылу электр орталығы” АҚ-на баспасөз турын өткізді. Бұл жүйенi енгiзу – эмиссиялардың белгiлi бiр жылдық көлемi бар кәсiпорындар үшiн заңнамалық талап болып табылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.Ел бойынша МАЖ жүйесін орнатуға жататын 91 кәсіпорын анықталған . Оның бесеуі Атырау облысында орналасқан. Олар: "Теңізшевройл" ЖШС, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, NCOC компаниясы, KPI ЖШС және «Атырау жылу электр орталығы» АҚ.- Автоматтандырылған мониторинг жүйесі арнайы датчик арқылы іске асады. Бұл құрылғыны құбыр ішіне орнатып, шығып жатқан барлық шығарындының көлемін біліп отырамыз. Сол арқылы арқылы апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік туды. Датчик азот диоксиді мен оксидін, күкірт диоксидін , көміртегі оксиді және газдың параметрлерін қамтиды. Жоба 2023 жылы іске қосылып, қалыпты жұмыс жасалып келеді, - деді «Атырау жылу электр орталығы» АҚ басшысы Мақсот Аленов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/873443
Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам ақмолалық тұрғын үймен қамтамасыз етіледі 16.11.2024
Республика күніне орай Көкшетауда тағы 20 отбасы жаңа пәтер иесі атанды. Жаңа үй әлеуметтік нысандарға жақын орналасқан және қаланың келешегі зор аудандарының бірінде тұрғызылған. Жақсартылған деңгейдегі жөндеуі бар пәтерлер «Ақ бидай» тұрғын үй кешенінен әлеуметтік осал топтар үшін жаңа механизм бойынша сатып алынған.«Өткен жылдан бастап пәтерлерді сатып алудың жаңа механизмі енгізілді. Тұрғын үйді таңдау талаптары күшейтілді, белгілі бір жайлылық классы мен қажетті инфрақұрылымы бар баспаналарды ғана сатып алуға рұқсат етіледі. Барлық шаралар кешені шамамен 2 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ең бастысы - тұрғын үй кезегін қысқартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі шара – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған Президент саясатының нақты іске асуы», - деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.Айта кетейік, үйлерді кейін жекешелендірілеуге болады. Бұл механизм алғаш рет Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында іске қосылды.«Бүгін ұлым көптен күткен пәтерін алды. Пәтер жылы, жарық, жайлы, төбесі 3 метрге жуық. Жақын жерде мектеп, балабақша бар. Ыңғайлы тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін Президентімізге алғыс айтамын», - деп қуанышымен бөлісті көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Назым Кенжеғалиева.Айта кетейік, өңірде барлық бағдарламалар бойынша 2000-нан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 2024 жылы Көкшетауда 600 отбасы, ал облыстың басқа аудандарында шамамен 1500 отбасы тұрғын үймен қамтылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871238
Бурабай ауданының тұрғындары жаңа пәтер кілттерін алды 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Ақмола облысы Бурабай ауданының 50 отбасы жаңа пәтер иелері атанды. Бурабайлықтар көптен күткен жаңа әрі жайлы санаттағы пәтерлерді аудан әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алды. Жаңа тұрғын үйдегі пәтерлердің кілттерін облыс әкімі Марат Ахметжанов тапсырды.«Біздің Президентіміз ең алдымен еліміздің әрбір тұрғынының әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыруға ерекше назар аударады. Мұндағы маңызды бағыттардың бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі», - деп атап өтті аймақ басшысы.Айта кетейік, жаңа үйдегі баспаналар таңдау талаптары күшейтілген пәтер сатып алудың жаңа механизмі бойынша сатып алынды. Тұрғын үй кешені Бурабай кентінің жатын аудандарының бірінде орналасқан, жақын маңда тұрғындарға қажетті әлеуметтік нысандар бар.«Біз мемлекетімізге шексіз ризамыз. Міне, еліміздің басты мерекесі қарсаңында мен жаңа пәтердің кілтін аламын. Әрбір тұрғынға біздің Президентіміз сыйлаған осындай қуанышқа ие болуды тілеймін», - деп бөлісті үш бөлмелі жаңа пәтер иесі атанған Бурабай кентінің тұрғыны Бағила Қасенова.«Пәтеріміздің төбесі биік, бөлмелері жарық. Ішкі жұмыстар өте сапалы орындалған. Кіреберістен бастап пәтеріміз өте жылы және жайлы. Біз аса қуаныштымыз», - деді көпбалалы ана Әсел Бектемірова. Сондай-ақ, бүгін облыс орталығының 20 отбасы жаңа пәтерлердің кілттерін алды.Облыста осы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 900-ге жуық пәтерді, оның ішінде облыс орталығында 600-ге жуық пәтерді тапсыру жоспарлануда. Барлық бағдарламалар бойынша өңірдің 2000-ға жуық отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871775
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Республика күнімен құттықтау 16.11.2024
Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүрекпен құттықтаймын!Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы 1990 жылы қабылданған декларация біздің еліміздің егемендігі мен тұрақтылығына, дамуына жасалған алғашқы қадам болды.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Қазақстанның тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы – елдігіміздің берік тұғыры. Онда мемлекетіміздің аумақтық тұтастығының мызғымастығы, халқымыздың жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуға ұмтылысы және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі нақты көрініс тапқан. Осы басты қағидаттар Конституциямызда, заңдарда және Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарын белгілейтін басқа да құжаттарда көрсетілген» деген болатын.Еліміз аз ғана уақыттың ішінде тұрақты экономикалық жүйесін құрып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бірлікті нығайтуда. Ынтымақ пен тілеулестіктің арқасында халқымыз табысқа кенеліп отыр. Халықаралық кеңістікте де айта қаларлықтай жетістікке жетуде. Еліміздің жастары ірі интеграциялық идеялар мен бейбітшілік бағытында белсенді жұмыс істеп, өркениетке құлаш ұрудың көшбасшыларына айналуда.Біздің өңірдің тұрғындары да еліміздің басты мерекесін толайым табыспен қарсы алуда. Мемлекеттің нақты қолдауын пайдалана отырып, жігерлі жұмыс істеген диқандарымыз соңғы он жылда болмаған өнім өсіріп, астық молшылығын жасады. Ауылға арналған жайлы мектептер, медицина мекемелері тұрғызылуда. Ал, қалаларда жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер тұтас шағын аудандарға айналды. Көктемгі су тасқыны тәрізді табиғат сынынан сүрінбей өтіп, барлық жапа шеккен адамдарға көмек көрсетілді. Бұл бағытта орасан зор жұмыс істелді.Құрметті жерлестер!Бүгінде облысымыз еліміздегі астықты өңірге айналып отыр. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көліктері, алтын мен азық-түлік өндіріледі. Қол жеткізген табыс өңіріміздің әрбір тұрғынының еселі еңбегімен келіп отыр. Сол үшін сіздерге рахмет. Алдағы уақытта еңбексүйгіштік еселеніп, туған жерге деген перзенттік махаббаттың арқасында бұдан да биік көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге сенемін.Жарқын әрі шаттыққа толы мереке әрбір ақмолалықтың отбасына ырыс пен бірлік әкелсін. Қазақстанда бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен гүлдену болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871861
Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
Бүгін Көкшетаудағы Ту тұғыры алаңында Қазақстан Республикасы күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері, өңір жастары қатысты. Ту көтеру рәсімі Мемлекеттік гимннің сүйемелдеуімен іске асты.Жиналған жұртшылықты құттықтай отырып өңір басшысы аталмыш мерекенің Қазақстан халқының бірлігі, патриотизмі мен ұлттық санасының нышаны ретіндегі маңыздылығын атап өтті.Іс-шара аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ақмолалықтарға «Еңбек ардагері» медалі мен «Жомарт жан» төсбелгісі табысталды. Оған қоса, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, су тасқынымен күреске атсалысқан азаматтар құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Айта кетейік, Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі Ақмола облысының қалалары мен аудандарында да өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871895