Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Республика күнімен құттықтау 16.11.2024
Құрметті ақмолалықтар! Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүрекпен құттықтаймын!Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы 1990 жылы қабылданған декларация біздің еліміздің егемендігі мен тұрақтылығына, дамуына жасалған алғашқы қадам болды.Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Қазақстанның тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы – елдігіміздің берік тұғыры. Онда мемлекетіміздің аумақтық тұтастығының мызғымастығы, халқымыздың жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуға ұмтылысы және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі нақты көрініс тапқан. Осы басты қағидаттар Конституциямызда, заңдарда және Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарын белгілейтін басқа да құжаттарда көрсетілген» деген болатын.Еліміз аз ғана уақыттың ішінде тұрақты экономикалық жүйесін құрып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бірлікті нығайтуда. Ынтымақ пен тілеулестіктің арқасында халқымыз табысқа кенеліп отыр. Халықаралық кеңістікте де айта қаларлықтай жетістікке жетуде. Еліміздің жастары ірі интеграциялық идеялар мен бейбітшілік бағытында белсенді жұмыс істеп, өркениетке құлаш ұрудың көшбасшыларына айналуда.Біздің өңірдің тұрғындары да еліміздің басты мерекесін толайым табыспен қарсы алуда. Мемлекеттің нақты қолдауын пайдалана отырып, жігерлі жұмыс істеген диқандарымыз соңғы он жылда болмаған өнім өсіріп, астық молшылығын жасады. Ауылға арналған жайлы мектептер, медицина мекемелері тұрғызылуда. Ал, қалаларда жаңадан бой көтерген тұрғын үйлер тұтас шағын аудандарға айналды. Көктемгі су тасқыны тәрізді табиғат сынынан сүрінбей өтіп, барлық жапа шеккен адамдарға көмек көрсетілді. Бұл бағытта орасан зор жұмыс істелді.Құрметті жерлестер!Бүгінде облысымыз еліміздегі астықты өңірге айналып отыр. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жүк көліктері, алтын мен азық-түлік өндіріледі. Қол жеткізген табыс өңіріміздің әрбір тұрғынының еселі еңбегімен келіп отыр. Сол үшін сіздерге рахмет. Алдағы уақытта еңбексүйгіштік еселеніп, туған жерге деген перзенттік махаббаттың арқасында бұдан да биік көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге сенемін.Жарқын әрі шаттыққа толы мереке әрбір ақмолалықтың отбасына ырыс пен бірлік әкелсін. Қазақстанда бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен гүлдену болсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871861
Ақмола облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті 16.11.2024
Бүгін Көкшетаудағы Ту тұғыры алаңында Қазақстан Республикасы күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері, өңір жастары қатысты. Ту көтеру рәсімі Мемлекеттік гимннің сүйемелдеуімен іске асты.Жиналған жұртшылықты құттықтай отырып өңір басшысы аталмыш мерекенің Қазақстан халқының бірлігі, патриотизмі мен ұлттық санасының нышаны ретіндегі маңыздылығын атап өтті.Іс-шара аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ақмолалықтарға «Еңбек ардагері» медалі мен «Жомарт жан» төсбелгісі табысталды. Оған қоса, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, су тасқынымен күреске атсалысқан азаматтар құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Айта кетейік, Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі Ақмола облысының қалалары мен аудандарында да өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871895
Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысуда 16.11.2024
Ақмола облысы Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құрудың негізгі буыны болып табылады және республикадағы дәнді дақылдардың төрттен бір бөлігінен астамын өндіреді. Осындай ұранмен елордада өңір тауар өндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Аграршылардың сөрелерінде аймақтың бетке ұстар кәсіпорындары ұсынған 40-тан астам азық-түлік түрі қойылды.Ақмолалық өндірушілер елордаға барлығы 300 тоннадан астам өнім алып келді. Жәрмеңкедегі өнім бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен.«Біздің өнімімізге 20 жылдан астам уақыт бойы сұраныс жоғары. Біз ет және ет өнімдерін өндірумен айналысамыз», – деп бөлісті Бурабай ауданының «Жас» ЖШС басшысы Зауре Ғалиақпарова.Жәрмеңке тиімділігін елордалық тұрғындардың ұсынылған өнімнің сапасы, кең ассортименті және қолжетімді бағалары туралы көптеген оң пікірлері дәлелдейді. Астана қаласының тұрғыны Күләш Қожахметова жәрмеңкеге жыл сайын келеді.«Бүгін отбасыма ұнаған ақмолалық өндірушілердің ет және сүт өнімдерін сатып ала алғаныма қуаныштымын. Бағалар мен ассортимент көңілімнен шықты», – деп бөлісті К.Қожахметова.Облыс әкімі Марат Ахметжанов жәрмеңкеге алғашқылардың бірі болып келіп, ұсынылған өнімдер ассортиментімен танысып, астаналықтардың тілектерін тыңдады.«Демалыс күнгі жәрмеңкелерді» өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және халықты нарықтағыдан 10-15% төмен бағамен табиғи азық-түлікпен қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Бұл фермерлер үшін де тиімді, өйткені делдалдар саны едәуір азаяды», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.Ақмола облысы – тұрғындарға өнімдерді жеткізуде көмек көрсететін еріктілері бар жалғыз өңір. Жәрмеңкедегі еріктілер қызметі дәстүрге айналып келеді. Бұл жолы да елорда тұрғындарының сатып алған өнімдерін артып-тиеуге және тасымалдауға көмектескен 50-ден астам жас волонтер келді.Сондай-ақ, келушілердің назарына өңір әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Айта кетейік, Ақмола облысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне тұрақты түрде елеулі үлес қосып, республика бойынша дәнді дақылдардың көп бөлігін қамтамасыз етеді. Биыл өңір 6,6 миллион тонна астық жинап, елдің астық орталығы мәртебесін тағы да дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/871990
Ақмола облысында жаңа фермалар ашылуда 16.11.2024
Өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге бағытталған агроөнеркәсіптік жобалар қарқынды дамуда. Негізгі жобалардың бірі – 7 сүт-тауарлы ферма құру, олардың 2-уі қазірдің өзінде іске қосылды, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.Агросекторды дамытуға Ақкөл ауданы да өз үлесін қосуда. Мұнда мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасы аясында фермерлік шаруашылықтарды қолдауға бағытталған маңызды бастамалар іске асырылуда. Негізгі күш мал фермаларын құруға және сүт-тауарлы ферманы салуға бағытталған, бұл аймақтың аграрлық секторын едәуір нығайтады, деп мәлімдеді ішкі саясат басқармасы.Қазіргі уақытта ауданда 3 ірі сүт фермасы мен бір шаруа қожалығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, ет өндіруге маманданған 12 ауыл шаруашылығы кәсіпорны бар, олар биыл тірідей салмақта 296,1 тонна ет өткізді.Биыл Қарасай ауылдық округінде екі ет бағытына арналған ферма ашылды. Екі шаруашылық өз қаражаттарына 75 бас ірі қара мал сатып алды, бұл аймақта ет бағытының табысты дамып жатқанын көрсетеді.Тағы бір маңызды жоба – Еңбек ауылдық округінде сүт-тауарлы ферма салу. Жоба 816 бас ірі қара мал ұстауға арналған. Инженерлік желілер тарту, электрмен жабдықтау және кәріз орнату жұмыстары аяқталды. Бұл жобаның басты ерекшелігі – озық технологияларды енгізу: қожалықтың қаржысына көң шығару жүйесі салынды. Фермада қалдықтарды өңдеуге және кәдеге жаратуға арналған биокомплекс орнатылды, бұл кәсіпорынның экологиялық тұрғыдан таза жұмысын қамтамасыз етеді.Жазда фермаға Даниядан әкелінген голштин қара-ала тұқымды ірі қараның алғашқы партиясы – 272 бас жеткізілді. Бұл сиырлар жоғары сүт өнімділігімен танымал, бұл сүт өндірісінің көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Биылғы жылдың төртінші тоқсанында ірі қараның екінші партиясы жеткізіледі деп күтілуде. Ферма жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін неміс өндірісінің жоғары технологиялық жабдығы да сатып алынды.«Сүт-тауарлы ферманы салу жобасы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда, бұл бағдарлама шеңберінде кәсіпорын несие алды. Қаражат қажетті жабдық сатып алуға және мал санын 816 басқа дейін арттыруға жұмсалады. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті және қазіргі заманғы көң шығару жүйесін енгізу үшін түзетілді», - деп хабарлады аудан әкімдігі.Айта кетейік, жобаны толық іске асыру келесі жылға жоспарланған, бұл өңірдегі сүт өнімінің көлемін едәуір арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/872490
Шортанды ауылында сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі 16.11.2024
Ақмола облысының Шортанды ауданында жаңа су құбырының құрылысы аяқталуда. Ауыл тұрғындары 1971 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан төрт жер асты бұрғыларынан таза ауыз су алған. Алайда, ұзақ мерзімді пайдалану мен тұрғындар санының өсуіне байланысты жер асты суының қоры сарқыла бастады. Бұл су тапшылығы мәселесінің туындауына алып келді. Мәселені шешу үшін Егемен ауылына жақын орналасқан жер асты суының кен орнынан су құбырын салу туралы шешім қабылданды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауданға жұмыс сапары аясында нысанның құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары осы жылдың шілде айында басталды, мердігер - «Универсалстройсервис» ЖШС. Бүгінгі таңда 18 шақырым су құбыры тартылды, бетон резервуары салынды, екі эксплуатациялық бұрғылау жүргізілді, 2-ші сорғы станциясында ішкі ауыз су желілері ұйымдастырылды, тазарту станциясының блок-модульдері, 1-ші және 2-ші сорғы станциялары мен күшейткіш станция жеткізілді. Сорғы станцияларының электрмен жабдықтау желілерінің монтажы аяқталды.«Құрылыс жұмыстары желтоқсан айының ортасында аяқталады, барлық шаралар жоспар бойынша жүргізілуде. Қосымша су құбырының тармағы шортандылықтарды су қорымен қамтамасыз етеді», - деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары Асқар Махфуз.Аймақ басшысы облыс әкімдігі өкілдеріне жұмыстардың сапасы мен мерзімдерін бақылауды тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/872876
Ақмола облысында 200-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр 16.11.2024
Ақмола облысы еліміздегі жетекші индустриалды-аграрлық өңірлерінің бірі саналады. Бүгінгі таңда бұл саланың үлесі жалпы аймақтық өнімнің үштен бірін құрайды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өңірдегі өндіріс көлемінде жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Облыстың негізгі салалары-металлургия, машина жасау және тамақ өнеркәсібі. Мысалы, мұнда елдің барлық тракторларының жартысына жуығы және астық жинайтын комбайндардың, мойынтіректер мен кірпіштердің көп бөлігі өндіріледі. Тамақ өнеркәсібінде май, сүт және ұн өндірісі өсті, бұл аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлесі зор екенін көрсетеді.«Ақмола облысы инвесторлар үшін тартымды. Тоғыз айдың ішінде өңірге үлкен көлемде инвестиция тартылды. Бұл қаражат негізгі салаларды – агроөнеркәсіп кешенін, өнеркәсіп пен туризмді қамтитын 198 жобаны іске асыруға жұмсалады. Қазіргі уақытта өңірде 64 жоба аяқталды, оның ішінде Көкшетауда дәнді дақылдарды өңдеуге арналған кешен және Целиноград ауданындағы ірі сүт-тауар фермасының құрылысы бар. Жаңартылатын энергия саласында да перспективалы жобалар жүргізіліп жатыр, соның бірі – Аршалы ауданындағы жел электр станциясы», - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.Жыл соңына дейін 134 жаңа жобаны аяқтау жоспарланған. Оның ішінде жарма өндіру зауыты, электролиттік марганец өндірісі, металл бұйымдары өндірісін жаңғырту және ауыл шаруашылығы техникасын шығару кәсіпорындарын кеңейту. Мұның бәрі қосымша жұмыс орындарын құруға және өңірдің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, Аршалы ауданында «Aqmola» индустриялық аймағының инфрақұрылымын құру тәрізді бәсекеге қабілеттілігі жоғары және экспорттық әлеуеті бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.«Ақмола облысында инвестицияларды тарту үшін «Aqmola Invest» инвестицияларды дамыту орталығы жұмыс істейді, онда инвесторлар «бір терезе» қағидаты бойынша толық сүйемелдеу алады. Жыл басынан бері ғана орталықта Қазақстан мен шетелден, соның ішінде Венгрия, Қытай, Ресей, Иордания және Түркиядан келген 35 компаниямен келіссөздер жүргізілді. Локомотив-құрылыс зауытын, биогаз станцияларын және дрон шығаратын зауытты салу жөніндегі жобаларды қоса алғанда, бірқатар келісімдерге қол қойылды», - деп толықтырды басқарма басшысы.Таяу жылдары Ақмола облысы инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған ірі жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыра береді. Жоспарда-34 жобаны іске қосу, бұл қосымша 3 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/873175
Ақмола облысында шағын және орта бизнес саны артты 16.11.2024
Ақмола облысында бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау және әкімшілік кедергілерді азайту үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында мемлекет шағын және орта бизнеске несие берудің тиімді шарттарын, гранттар мен инфрақұрылымды дамытуды ұсына отырып, көмек көрсетеді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Жыл басынан бері бірыңғай кешенді бағдарламаның арқасында 644 жоба қолдау тапты, бұл саланың одан әрі дамуына қуатты серпін берді.«Мемлекеттік қолдау облыстағы кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етеді. Биылғы жылы шағын және орта кәсіпкерлік саны 0,7% - ға өсіп, 59,1 мыңға жетті. Онда 145 мыңнан астам адам жұмыс істейді және оның санын артып келеді. Шағын және орта бизнес секторы өндірген өнім көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 14% - ға жоғары. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесі 30,8% - ға дейін өсті, бұл өңірдің экономикасындағы шағын және орта бизнестің маңыздылығын көрсетеді», - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов.Өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда. Мәселен, қазірдің өзінде 50 субъект әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізіліп, қосымша жеңілдіктер алды. Мұндай компаниялар үшін салықтық жеңілдіктер, гранттар, серіктес табуға көмек және басқа да қолдау шаралары бар. Мысалы, кәсіпкерлердің бірі 56 млн теңге сомасына субсидиялар мен кепілдіктер алды, ал тағы біреуіне үй-жайды жалға алудың жеңілдікті шарттары берілді.Қиындықтар да болды, оның ішінде осы жылдың көктемінде су тасқыны 28 шағын және орта кәсіпкерліктерге зиян келтірді. Зардап шеккен компанияларға көмектесу үшін арнайы комиссия құрылды, ол жалпы сомасы 127,5 млн теңгеге өтемақы туралы шешім қабылдады. Өтінімдердің көпшілігі мақұлданды және төлемдерді кәсіпкерлер алды.Сонымен қатар, жыл басынан бері аймақта ішкі сауда көлемінің өсуі байқалды. Дегенмен, инфляция деңгейі маңызды мәселе болып қала береді.«Бағаның өсуін тежеу үшін өндірушілермен және дүкендермен мыңнан астам шарттар жасалды, сондай-ақ төмендетілген бағамен тауарлармен 323 жәрмеңке ұйымдастырылды. Бағаны тұрақтандыруға бюджет бөлінді, ал жаңа өніммен өңір қыста және көктемде халықтың жеткізілімінде үзіліс болмауы үшін көкөністердің үлкен көлеміне келісімшарт жасады», - деп түйіндеді басқарма басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/873185
Ақмола облысында кезекті инклюзия кабинеттері ашылды 16.11.2024
«Инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту» 2020-2025 ж. бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 23 қазанда Республика күніне орай Астрахан ауданы Жалтыр ауылының №1 және Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері ашылды.Аталған іс-шараға Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ибраев, Астрахан ауданы әкімі аппаратының басшысы Балтабек Алтаев, ата-аналар, мұғалімдер қатысты.Кабинеттер барлық қажетті оқу құралдарымен және жабдықтармен жабдықталған.«Ресурстық кабинет – бұл мектептегі қосымша үй-жай, онда оқушылар негізгі оқу үдерісінен шықпай-ақ өздерінің ерекше жалпы білім беру қажеттіліктеріне сәйкес көмек алады. Оның жұмыс істеуі жеке бағдарламалар негізінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды бейімдеу, оқыту және бұзушылықтарды түзету үшін арнайы жағдайлар жасауды көздейді. Заманауи және жабдықталған инклюзия кабинеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге ықпал ететін болады»,-деп айтты Астрахан ауданы білім бөлімінің басшысы Полина Барахоева.Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста инклюзивті білім беруді қолдаудың 70-тен артық ресурстық кабинеті жұмыс істейді, оларға 1000-нан астам бала барады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/873722
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында гидротехникалық құрылыстарда көп факторлы зерттеу жүргізіп жатыр 16.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі жыл басынан бері 63 гидротехникалық құрылыста көп факторлы зерттеу жүргізді. Нұржан Нұржігітов министрліктің аппарат кеңесінде су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтады.Көп факторлы зерттеу - нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу үшін жүргізіледі. Бүгінгі таңда министрлік мамандары «Қазсушар» филиалдары мен жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жою, жөндеу жұмыстарын жүргізу және мемлекет меншігіне қайтару бойынша өз қорытындыларын берді.Ведомство жыл соңына дейін тағы 19 нысанда көп факторды зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Айта кету керек, жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес, елімізде гидротехникалық нысандар әр 5 жыл сайын көп факторлы зерттеуден өтуге міндеттеледі.«Министрлік әзірлеген Су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес 2024-2028 жылдар аралығында республика бойынша 557 нысанда көп факторлы зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде, келесі жылы 105 гидротехникалық нысан тексерістен өтеді. Көп факторлы зерттеу қорытындысы бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін нысандарды қалпына келтіру жоспарын қабылдау қажет. Бұл жұмысты бассейндік инспекциялар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе орындауы тиіс»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/868961
Нидерланды сарапшылары су саласындағы тәжірибелерімен бөлісуде 16.11.2024
Нидерланды сарапшылары Астанада су тасқыны қаупін басқару бойынша екінші оқу семинарын өткізіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты - су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру.Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғи апаттармен, оның ішінде су тасқынымен күресуде мол тәжірибесі бар шетелдік компаниялар және институттармен белсенді әріптестік орнатуда. Министрлік мамыр айында Нидерланд Корольдігінің Делфт қаласында орналасқан IHE Delft су білімі иниститутымен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де қарастырылған.«Биыл тамыз айында Нидерландтың «Апаттар каупін азайту қолдау тобының» мамандары Астанада алғашқы семинарларын өткізген болатын. Семинарға Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының, География және су қауіпсіздігі институтының және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының 30 маманы қатысты»,- деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/869786
Республика күніне орай су саласының қызметкерлеріне 20 автокөлік табысталды 16.11.2024
Республика күніне орай еліміздегі бассейндік инспекцияларға 20 автокөлік табысталды. Астанада су шаруашылығы саласының мамандарын мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев және Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты.«Құрметті әріптестер, сіздерді шын жүректен Республика күнімен құттықтаймын. Бұл еліміздің тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы қабылданған күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатуға баса мән берілу керектігін жиі айтып келеді. Президент елімізде 2025 жыл - жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Қазақстанда су шаруашылығы саласында он мыңнан астам адам қызмет етеді. Сіздер еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тынымсыз еңбек етесіздер. Әрқайсыңызға зор денсаулық, күш-жігер мен толағай табыс тілеймін!»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Мереке қарсанында су саласының 34 маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 8 адам «Құрмет» орденімен, 2 қызметкер ІІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 13 маман «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, «Су шаруашылығының ардагері», «Су шаруашылығының үздігі» төсбелгілері мен Су ресурстары және ирригация министрінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаты» табысталды.Салтанатты жиында Қазақстандағы сушылар династиясы өкілдері де марапатқа ие болды. Айта кету керек, Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» кәсіпорынында 67 сушылар әулеті жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/871851
Су ресурстары және ирригация министрі қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады! 16.11.2024
Құрметті отандастар!Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын!Бұл еліміздің тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы қабылданған күн. Сондықтан бұл мерекенің біз үшін орны бөлек, маңызы өте жоғары.Қазақстанның басты байлығы - еліміздің азаматтары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеріп, абыройын асқақтатуға баса мән берілу керектігін жиі айтып келеді. Президент елімізде 2025 жыл - жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады.Қазақстанда су шаруашылығы саласында он мыңнан астам адам еңбек етеді. Министрлік құрылған күннен сушылардың мәртебесін арттыру бағытында белсенді жұмыс атқарып жатыр.Жыл басынан «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға өсті. Біз келесі жылы да бұл жұмысты жалғастырамыз.Биыл Республика күніне орай су саласының 34 маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еліміздегі бассейндік инспекцияларға 20 автокөлік табысталды.Министрлік алдағы бірнеше жылда су шаруашылығы техникаларының 65-70%-ын жаңартуға ниетті. Мәселен, келесі суару маусымына дейін «Қазсушар» филиалдарын 757 жаңа техника және арнайы жабдықпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шынжыр табанды техника, эксковаторлар, ауыр жүк көліктері мен тракторлар бар.Бұл үлкен өзгерістердің бастамасы. Себебі, еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандардың еңбегі лайықты түрде бағалануы тиіс.Әрқайсыңызға зор денсаулық, күш-жігер мен толағай табыс тілеймін! Еліміздің егемендігі баянды болсын!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872059
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Құрмет» орденімен марапатталды 16.11.2024
Президенттің Жарлығына сәйкес Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Республика күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов табыс етті.Болат Бекнияз 40 жылға жуық гидрогеология және су шаруашылығы саласында жұмыс істеген.Еңбек жолын 1984 жылы ҚазССР ғылым академиясының Еңбек қызыл Ту ордені Қ.Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының инженері болып бастаған.Әр жылдары ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде, Су ресурстары комитетінде, «Еуразиялық су орталығы» АҚ және Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының директоры болды. География ғылымдарының кандидаты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872060
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтар шолу 16.11.2024
24.10.АСТАНАРеспублика күніне орай еліміздегі бассейндік инспекцияларға 20 автокөлік табысталды. Мереке қарсанында су саласының 34 маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Салтанатты жиында Қазақстандағы сушылар династиясы өкілдері де марапатқа ие болды.24.10.АСТАНАСу ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Премьер-министр Олжас Бектенов табыс етті.МАҢЫЗДЫ: Болат Бекнияз 40 жылға жуық гидрогеология және су шаруашылығы саласында жұмыс істеген. Әр жылдары ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде, Су ресурстары комитетінде, «Еуразиялық су орталығы» АҚ және Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы Атқарушы Дирекциясының директоры болды.23.10.АСТАНАНидерланды сарапшылары Астанада су тасқыны қаупін басқару бойынша екінші оқу семинарын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты - су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру.МАҢЫЗДЫ: Министрлік мамыр айында Нидерланд Корольдігінің Делфт қаласында орналасқан IHE Delft су білімі иниститутымен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі де қарастырылған.21.10.ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫҚызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді.МАҢЫЗДЫ: Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.22.10.АСТАНАСу ресурстары және ирригация министрлігі жыл басынан бері 63 гидротехникалық құрылыста көп факторлы зерттеу жүргізді. Ведомство жыл соңына дейін тағы 19 нысанда тексеріс жүргізуді жоспарлап отыр.МАҢЫЗДЫ: Көп факторлы зерттеу - нысандарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және апаттардың алдын алу үшін жүргізіледі. Айта кету керек, жаңа Су кодексінің жобасына сәйкес, елімізде гидротехникалық нысандар әр 5 жыл сайын көп факторлы зерттеуден өтуге міндеттеледі.21.10.ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ«Қазсушар» кәсіпорынының «Қ.Сәтбаев атындағы канал» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында №57 канал астындағы су өткізу құбырларын және №56 канал арнасын тазартты. №55 канал маңындағы тоғандардағы ойпаттарды бітеу және қоршау бөгеттерін нығайту, сондай-ақ №54а каналындағы бөгет жотасында жөндеу жұмыстарын жүргізді.22.10.ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫТүркістан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Үлкен Келес магистралды каналының оң жақ беткейінде берманы тас аралас топырақтан тазалау жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда 3000 текше метр тас аралас топырақ шығарылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872061
Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді 16.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.Атап айтқанда, министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Ведомство аталған ұйымдармен бірлесіп Іле-Балқаш бассейніне кешенді зерттеу жүргізеді. Сондай-ақ жерасты суларын зерттеу, мониторингі, барлау және игеру бағытында да ынтымақтастық жолға қойылады.Бұдан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.Сильван Гиоге өз кезегінде француз компаниялары Қазақстанда су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобаларға қатысуға ниетті екендерін айтты. Сондай-ақ, су шығынын анықтайтын және суды басқаруды оңтайландыратын компаниялар да серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда.«Меморандум мен келісімге қол қою біздің ынтымақтастығымыз үшін маңызды қадам болмақ. Біз француз әріптестерімізбен ұзақ мерзімді және нәтижелі жұмыс істеуге ниеттіміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872062
Республика күніне орай Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті 16.11.2024
Республика күні қарсаңында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қоғамдық кеңесінің офлайн форматтағы алғашқы отырысын өткізді. Оған Парламент депутаттары, министрлік мамандары, сарапшылар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Іс-шара «Су шаруашылығының ардагері» және «Су шаруашылығының үздігі» ведомстволық наградаларын, сондай-ақ Қоғамдық кеңеске мүшелік куәліктерін табыстаудан басталды. Нұржан Нұржігітов министрліктің бір жылда атқарған жұмысы туралы айтып, отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуде су тасқынына дайындық және оны болжау, техникалық мамандарды даярлау, гидрогеология саласын дамыту, су қорғау аймақтарын анықтау және судың «көлеңкелі» нарығына қарсы күрес мәселелері көтерілді. Қоғамдық кеңес құрылған күнінен бері Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген 13 нормативтік құқықтық актіге сараптамалық баға берді. «Біздің алдымызда жаңа нормативтік-құқықтық база құру, инфрақұрылымды қалпына келтіру және жаңадан салу, трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту, жалпы алғанда Қазақстанның барлық су саласын трансформациялау міндеті тұр. Қоғамдық кеңес бұл жұмыста маңызды рөл атқаратынына сенімдімін. Баршаңызға ашықтық пен белсенділік, сауатты пікір мен сараптамалық ұсыныстар үшін алғыс айтамын», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872564
Қазақстан мен Испания су инфрақұрылымын салу және маман даярлау бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын 16.11.2024
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның 1000–нан астам құрылыс компанияларын біріктіретін Испан өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Тараптар су инфрақұрылымын салу және кадр даярлауда ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.Шетелдік делегация министрге Испанияда және басқа мемлекеттерде жүзеге асырылған ірі жобалар туралы айтты. Өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, испандық құрылыс компаниялары Қазақстанның су шаруашылығы нысандарында жұмыс істеуге ниетті.Сонымен қатар, шетелдіктер сала мамандарының біліктілігін арттыру бойынша да қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.«Бүгінгі таңда испандық компаниялармен жерасты суларын барлау және зерттеу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бізге испан инженерлерінің тәжірибесі, сонымен қатар бірлесіп маман даярлау мүмкіндігі қызық», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/872960
Еліміздің су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау туралы 16.11.2024
Қазақстанның оңтүстік облыстарының су қоймалары 55 %-ға толы. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23%-ға артық. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі су қоймалары келесі жылғы суару маусымына су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Ал, солтүстік, батыс және шығыс облыстардың қоймаларынан су жіберілуде. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдау үшін бос сыйымдылықтарды қамтамасыз ету үшін жасалады. Бүгінгі таңда солтүстіктегі су қоймалары 79%-ға толы. Батыс облыстар бойынша су қоймаларының орташа су жинау көлемі 44%. Шығыстағы су қоймалары 89%-ға толы болса, Орталық Қазақстандағы су қоймаларында 85% су бар.«Бүгінгі таңда барлық су қоймалары бекітілген кестеге сай жұмыс істеп жатыр. Алайда, жұмыс кестесі су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетілетін болады. Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында министрлік барлық облыстарға су басу қаупін азайту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыратын жерснарядтар секілді мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, өзен арналарын тазарту жөнінде ұсыныс жіберді», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/873836
Kazakhstan Machinery Fair 2025: Қазақстан мен Орталық Азияның машина жасау индустриясына арналған ірі көрме 16.11.2024
Kazakhstan Machinery Fair 2025: Стендтерді брондау басталды2025 жылдың 23-25 сәуірінде 6-шы Халықаралық мамандандырылған көрме — Kazakhstan Machinery Fair 2025 өтеді. Kazakhstan Machinery Fair машина жасау саласының мамандары үшін маңызды кездесулер алаңы болып, Қазақстан мен Орталық Азияның кәсіпқойлары үшін маңызды оқиғаға айналды.Негізгі бөлімдерМашина жасау және технологияларӨнеркәсіптік жабдықтарЛогистика және транспортАвтоматтандыру және робототехникаӨндірісті басқару жүйелеріБіз машиналар мен жабдықтар, автоматтандыру жүйелері, өндірісті басқару технологиялары және металл өңдеу мамандарының жаңа өнімдері мен шешімдерін көрсету үшін өндірушілер мен жеткізушілерді шақырамыз.Көрмеге 18 елден 200-ден астам қатысушы, 7262 шаршы метр алаңда, 30-дан астам спикер және 3087 кәсіби келуші қатысады. Саланың негізгі ойыншылары мен көшбасшыларын күту, бұл көрмені өз өнімдеріңізді көрсету және іскерлік байланыстар орнату үшін ерекше мүмкіндік етеді. 2024 жылы қатысушылар арасында “Welding Company”, “Промет” және “Вираж” сияқты компаниялар болды.Қатысушыларға арналған мүмкіндіктерИнновациялық шешімдер мен технологияларды көрсетуНегізгі серіктестер мен клиенттермен іскерлік байланыстар орнатуСала мамандарымен білім және тәжірибе алмасуАктуалды тенденциялар мен даму перспективаларын талқылауКүтілетін келушілер арасында өндірістік және инжинирингтік компаниялардың, жабдық жеткізушілердің, инженерлер мен технологтардың, инвесторлар мен сатып алу мамандарының өкілдері бар.Іскерлік бағдарламаКөрменің маңызды оқиғасы — XII Қазақстан машина жасаушылары форумы, ол мыңнан астам машина жасау кәсіпорындарының басшылары мен өкілдерін, мемлекеттік органдар, бизнес-ассоциациялар және ірі тұтынушыларды жинайды.Көрме аясында 40-тан астам іс-шара өтеді, оның ішінде:«Машина жасаудағы инновациялар: саланың болашағы» конференциясы«Өндірісті автоматтандыру және цифрландыру» дөңгелек үстеліТәжірибелік сабақтар мен семинарларЖаңа технологиялар мен жабдықтарды таныстыруӨтетін орныКөрме МВЦ «EXPO»-да, өңірдің ең заманауи көрме орталықтарының бірі, халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізу үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.Kazakhstan Machinery Fair 2025 көрмесінің ұйымдастырушысы — 19 жылдық тәжірибесі бар Astana Expo компаниясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы.Бұл сіздің шешімдеріңізді көрсету және іскерлік байланыстар орнату үшін тамаша платформа. Қатысуға өтініш беріңіз және машина жасау саласындағы маңызды оқиғаға қатысыңыз.Стендпен қатысу:Нуржан ТуремуратовКөрме жетекшісіТел: +7 7172 64 23 23 (вн. 230)Эл. почта: nt@astana-expo.comМаркетинг және медиа-серіктестік:Маржан ТалапМаркетинг және PR менеджеріТел: +7 7172 64 23 23 (вн. 208)Эл. почта: mt@astana-expo.comАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/872843
Астанада «Субконтракт биржасы-2024» өтеді 16.11.2024
Астанада «Субконтракт биржасы-2024» атты ауқымды бизнес-іс-шарасы өтеді. Шараға ірі жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құраушы кәсіпорындар, отандық тауар өндірушілер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысады.Биржаның ұйымдастырушысы - «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы.Іс-шараның мақсаты жаңа нарықтарды іздеуге, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және B2B байланыстарды қалыптастыруға ықпал ету мақсатында тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасындағы тікелей келіссөздер жүргізу алаңдарын ұсыну болып табылады. Биржа аясында тапсырыс берушілер мен жергілікті өндірушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттарға қол қою жоспарлануда.«Субконтракт биржасы-2024» іс-шарасы 2024 жылдың 20 қарашасында сағат 09.30-да Астана қаласында, Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінің (Кабанбай батыр даңғылы, 15) «Garden» мәжіліс залында өтеді.Барлық сұрақтар бойынша +7 (7172) 79 33 90 (ішкі. 4102 Баян; 4103 Динара) хабарласуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/873246