Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды 16.11.2024
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Бауыржан Асқарұлы Тынысбеков тағайындалды.Бауыржан Асқарұлы Тынысбеков, 1987 жылы туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2012 жылдың наурызынан ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті басқармасының сарапшысы болып бастады.2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарды. 2022 жылдан бастап 2023 жылға дейін - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.2023 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы лауазымында жұмыс істеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/872737
Мәди Такиев: Франция Қазақстанның маңызды әрі сенімді серіктесі 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты әріптестікті дамытудың жолдарын талқылады.Кездесуде Мәди Төкешұлы Сильван Гиогені Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтады.Бұған қоса тараптар өзара тиімді экономикалық қатынастарды дамытудың және елімізде бірлескен жобаларды іске асырудың мәселелерін талқылады.Бұдан басқа еуропалық тарап Францияның даму агенттігінің қызметі, экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды іске асыру бойынша қаржы тетіктері туралы айтып берді.ҚР Қаржы министрі екіжақты ынтымақтастықты дамыту мен стратегиялық байланысты нығайту мақсатында тұрақты әрі белсенді диалог орнатуға дайын екенін жеткізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/872885
Мәди Такиев: Бюджетке халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған түзетулер енгізілді 16.11.2024
ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. Заң жобасын талқылау барысында құжатқа халықтың өмір сүру сапасын арттырып, өңірлерді дамытуға бағытталған түзетулер енгізілгені айтылды.2025 жылы ҚР бюджет түсімдері 21,7 трлн теңгеге артады (осы жылдың жоспарына өсім - 1,2 трлн теңге). Бұл ретте тапшылық біртіндеп төмендейтінін айта кетейік: 2025 жылы бұл көрсеткіш ІЖӨ-ге шаққанда 2,7% деңгейінде болжанса, 2027 жылға қарай ол ІЖӨ-нің 1,9% мөлшеріне дейін төмендемек.2025 жылға арналған түсімдер мен тапшылықты ескере отырып, бюджет шығыстары былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,8 трлн теңге деңгейінде болады деп жоспарланған.«Заң жобасын талқылау барысында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған бірқатар түзету енгізілді. Оның ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жылу, электр энергетикасы, көлік инфрақұрылымы жүйесін, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, өңірлерді көркеуйту, сондай-ақ «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру шығындары қосымша қарастырылып отыр. Сонымен қатар шығармашылық ұжымдарда жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын көтеру, ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу шығындары да қарастырылған», деді Мәди Төкешұлы.Шығыстардың ең үлкен бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі. Оның шығыстардың жалпы көлеміндегі көрсеткіші 2025 жылы 38% болады. Бұл бағытқа 9,8 трлн теңгені бағыттау жоспарланып отыр (осы жылдағы өсім - 862 млрд теңге).Біріншіден, әлеуметтік қамсыздандыру және еліміздің азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған. Мәселен, 2025 жылға арналған әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар әлеуметтік төлемдерді индекстеу мен төлем алушылар санын ұлғайтуды ескерсек, 6 трлн теңге мөлшерінде көзделген.Екіншіден, білім беру саласы дамытуға басымдық беріледі. Аталған бағытқа 2025 жылы шығыстар 73 млрд теңгеге ұлғайып, 1 трлн теңгеден асатын болады.Үшіншіден, денсаулық сақтау жүйесіне көңіл бөлінеді. Халық санының өсімі мен науқастар санының ұлғаюын ескере отырып, ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтуды арттыру қарастырылып отыр. 2025-2027 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласындағы шығыстар 7,6 трлн теңгеге жетеді. Айталық, 2025 жылы оның мөлшері 180 млрд теңгеге өсіммен 2,4 трлн теңге болмақ.Тұтастай алғанда, ТМККК шығыстарының көлемі 2025 жылы 1,6 трлн теңге сомасында жоспарланып отыр. МӘМС-ке 675 млрд теңге бөлу қарастырылған, оның ішінде мемлекет жарналарын төлеуге 668 млрд теңге (11,7 млн адам) бағытталады.Төртіншіден, туризм саласына басымдық беріледі. Туризм мен спортты дамытуға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 2025 жылы – 141 млрд теңге. Мәдениет пен ақпарат саласына – 165 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған.Парламент Мәжілісі депутаттарының түзетулерін ескере отырып, 2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет есебінен 7,5 трлн теңге (405 млрд теңгеге ұлғаюмен) бөлінетін болады.Көлік саласын дамытуға 568 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде автожол саласын реттеуге 423 млрд теңге қарастырылған.Су ресурстарын тиімді басқаруға 137 млрд теңге бөлу көзделген (өсім - 51 млрд теңге немесе 2024 жылмен салыстырғанда 59%), 2026 жылы бұл салаға 68 млрд теңге, 2027 жылы 54 млрд теңге бағытталады.2025 жылы еліміздің күштік құрылымдарының шығыстары 109 млрд теңгеге ұлғайып, 2,7 трлн теңге көлемінде болады деп көзделген. «Экономиканың нақты секторын дамытуды қолдауға 2025 жылы 2,1 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға баса назар аударылып отыр. Биылғы кезеңмен салыстырғанда келесі жылы бұл бағытқа 30% өсіммен 635 млрд теңге бөлінетін болады. Заң жобасы Мәжілісте кеңінен талқыланды. Құжат Парламенттің жұмыс топтары мен комитеттерінің 22 отырысында қаралды. Депутаттардың 250-ден астам сұрағына тиісті жауаптар ұсынылды. Барлық фракциямен үлкен жұмыс жүргізілді. AMANAT фракциясының кеңейтілген отырысы өткізілді. Депутаттар көтерген мәселелер, атап айтқанда өңірлердің қажеттіліктері барынша ескерілді. Нәтижесінде 400 млрд теңгеден астам қаражат басым бағыттар бойынша қайта бөлінді», деп түйіндеді М.Такиев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/873947
Кувейт компаниясы Қазақстандағы білім мен денсаулық сақтау салаларына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 21 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов Қазақстанға инвестициялық мүмкіндіктерін зерттеу үшін келген Кувейт инвестициялық компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммад Әл-Алимен кездесу өткізді.Кездесу барысында Ә.Қуантыров Қазақстан мен Кувейт арасындағы инвестициялық қарым-қатынастарды, оның ішінде екіжақты инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға қол қою арқылы тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Министрдің орынбасары инвестициялық ахуал, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, білім мен денсаулық сақтау салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктерге кеңінен тоқталды.Өз кезегінде Ю.Мұхаммад Әл-Али Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге жоғары қызығушылық танытып, ұзақ мерзімді экономикалық өсім үшін білім беру және денсаулық сақтау сияқты негізгі салалардың тұрақты дамуының маңыздылығын атап өтті. Ол Кувейт инвестициялық компаниясының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және адами капиталды нығайтуға көмектесетін әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударатынын баса айтты.Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растап, кувейттік компания жүзеге асыруға арналған перспективалық жобалар туралы ақпарат алмасуға келісті.Анықтама: Кувейт инвестициялық компаниясы – 1961 жылы құрылған және Кувейт Мемлекетіндегі жетекші инвестициялық компаниялардың бірі. Ол активтерді басқару, инвестициялық кеңес беру, брокерлік, қор мен портфельді басқару қызметтерін қоса алғанда, қаржылық және инвестициялық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Компания өз клиенттерінің активтерін әртараптандыруға және тұрақты өсуге ұмтыла отырып, жергілікті және халықаралық инвестицияларға белсенді қатысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/869744
Қазақстан мен Польша: өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа қырлары 16.11.2024
Варшава, 2024 жылғы 22 қазан – Польша астанасында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Польша Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Владислав Бартошевскийдің қатысуымен кезекті саяси консультациялар өтті.Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің жай-күйі мен перспективаларын талқылады, өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.Ағымдағы жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте өткен Қазақстан мен Польша сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Радослав Сикорскийдің кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері егжей-тегжейлі қозғалды.ҚР делегациясының басшысы «Қазақстан Польша Республикасымен көпжоспарлы ынтымақтастықты нығайтуға маңызды мән береді. Екі елдің көшбасшылары арасында қалыптасқан белсенді саяси диалогтың арқасында басым салалардағы өзара әрекеттестіктің оң динамикасы қолдау тапқанын» атап өтті.Өз тарапынан, В. Бартошевский Польшаның өзара әрекеттестіктің барлық спектрі бойынша Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға деген берік көзқарасын растады.Тараптар консультацияларды тұрақты өткізу қажеттігін атап өтіп, екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы тығыз диалогты қолдауға келісті.Сонымен қатар Р. Василенко Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Купецкиймен кездесу өткізді. Кездесуде Астана мен Варшаваның халықаралық ұйымдар аясындағы өзара тиімді ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелеріне баса назар аударылды.Бұдан бұрын, ү.ж 21 қазанда Р. Василенконың Польша Экономикалық даму және технологиялар министрлігінде Премьер-министр Кеңсесінің еуропалық істер жөніндегі министрінің орынбасары болып жаңа тағайындалған Игнаций Немчицкиймен, сондай-ақ поляк Инвестициялар және сауда агенттігі төрағасының орынбасары Лукаш Гвяздовскиймен жеке кездесулері өткізілді.Тараптар екіжақты саудада оң динамиканы сақтау жөніндегі практикалық шараларды, бірлескен бизнес-жобаларды іске асыру, сондай-ақ келесі жылы Астанада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссиясының 10-шы отырысын өткізу мәселелерін талқылады (ҮАК тең төрағалары – Р. Василенко және Экономикалық даму және технологиялар министрінің орынбасары Я. Томчак).Аталған тақырып қазақ делегация басшысының поляк бизнес өкілдерімен жеке кездесуінде де егжей-тегжейлі талқыланды.Қазақстан мен Польшаның заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасарының «Польша – Қазақстан» парламенттік ынтымақтастық тобының мүшелерімен келіссөздерінің нысанасына айналды. Практикалық шешім ретінде екі ел басшылығы мен парламент мүшелерінің өзара сапарларын ұйымдастыру талқыланды.Поляк ақпараттық агенттігіне (PAP) берген сұхбатында, сондай-ақ Польшаның жетекші талдау орталықтарының сарапшыларымен кездесу барысында поляк тарапының өкілдеріне Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі тәсілдері, елімізде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауының негізгі тезистері туралы ақпарат берілді.Анықтама: 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Польша арасындағы екіжақты сауда айналымы 1,23 млрд АҚШ долларын құрады (экспорт – 598,0 млн, импорт – 698,9 млн), бұл 2022 жылмен салыстырғанда 10,4%-ға төмен (1,358 млрд). 2024 жылдың алғашқы сегіз айының ішінде сауда айналымы 758,6 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде (экспорт – 328 млн, импорт – 430,6 млн). 2005 жылдан бері Польшадан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 447,8 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстанда 140 компания поляк капиталының қатысумен жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/869947
Корей импорттаушылар қауымдастығы Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейтуге дайын 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Елекеев Корей импорттаушылар қауымдастығының төрағасы («KOIMA») Бёнг-Гван Киммен кездесті.Кездесу барысында Ә. Қуантыров сұхбаттасын Қазақстанның инвестициялық ахуалымен, мемлекеттік қолдау шараларымен, сондай-ақ қазақ-корей ынтымақтастығын кеңейтудің перспективалы бағыттарымен таныстырды. Министрдің орынбасары Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібі, медицина салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және елімізде қажетті шикізаттың болуын ескере отырып, сирек жер металдарынан жасалған құрамдас бөліктер өндірісін оқшаулауға мүдделі екенін атап өтті.Сондай-ақ Қазақстанның жаңа инвестициялық саясаты одан әрі экспортқа баса назар аудара отырып, қосылған құны жоғары салаларды дамытуға бағытталғаны баса айтылды. Осыған байланысты алдыңғы қатарлы корей технологиялары адами және технологиялық мүмкіндіктерді нығайтуда маңызды рөл атқара алады.Б. Ким Қазақстанның бай ресурстық базасы Оңтүстік Кореяның тәжірибесімен және білімімен ұштасып, экспортқа бағытталған тауарлар өндірісін оқшаулау үшін жақсы жағдай жасап отырғанын мәлімдеді. Сонымен бірге «KOIMA» төрағасы екі елдің алыстығына байланысты қазақстандық өнімді Оңтүстік Кореяға экспорттауды қиындатып отырған логистикалық мәселелерге алаңдаушылық білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық бидайды Оңтүстік Кореяға жеткізуден бастап, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ өнімді экспорттауды жеңілдету үшін логистикалық мәселелерді талқылауды жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/870596
Қазақстан мен Перу екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Перудың Қазақстандағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Хуан Хенаро Дель Кампо Родригесті қабылдады.Елшінің жұмыс сапары (резиденциясы Мәскеуде) ҚР Бас прокуратурасымен халықаралық құқықтық ынтымақтастық саласындағы келісімдерге қол қоюға орай өтті.Осы ретте Перу Қазақстан үшін халықаралық қылмыстық сот ісін жүргізу саласында толық құқықтық база қалыптасқан тағы бір латынамерикалық мемлекетке айналды.ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, саяси және сауда-экономикалық диалогты, соның ішінде транзиттік-көліктік салада одан әрі нығайтуға баса назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/870598
Қазақстан СІМ-де Республика күні қарсаңында салтанатты жиналыс өтті 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 23 қазан – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті, оның барысында Министр Мұрат Нұртілеу ведомство ұжымын мерекемен құттықтады.СІМ басшысы өз құттықтауында 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларация мемлекетіміздің тәуелсіздігін алу жолындағы маңызды кезең болғанын атап өтті. Бұл мереке – елімізде белсенді жүргізіліп жатқан реформалар мен мемлекеттік жаңғырудың жарқын символы.«Қазақ дипломатиясының жетістіктері Мемлекет басшысының сыртқы саяси жолдағы іргелі бастамаларын шешуге ықпал етеді, шет мемлекеттермен саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, шетелдік инвестициялар мен технологияларды тартуға қызмет етеді», – деп мәлімдеді М. Нұртілеу.Республика күніне орай СІМ орталық аппаратының және ҚР шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/871654
Қазақстан СІМ-де Сингапурмен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі Зулькифли Бахарудинмен кездесу өткізді.Тараптар ағымдағы жылдың мамырда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапурдағы мемлекеттік сапарының қорытындыларын жоғары бағалады және сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыруға келісті.«Сингапур Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып қалуда. Қазақстан Сингапурмен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделі. Өткен жылы екіжақты тауар айналымының көлемі 1,8 млрд АҚШ долларын құрады және өзара сауда сапасын арттыру арқылы біз бұл көрсеткішті арттыра алатынымызға сенімдіміз», – деп атап өтті Ә.Бақаев.Министрдің орынбасары сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық серіктестік сияқты негізгі бағыттарды қамтитын Сингапурмен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударды.Сонымен қатар дипломаттар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.Сингапурлық дипломатқа екіжақты қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің алғыс хаты табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/871743
Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының тоғызыншы отырысының коммюникесі 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 22-23 қазан – Тараптардың уағдаластығы бойынша Каспий теңізі мәселелері жөніндегі Жоғары деңгейдегі жұмыс тобының тоғызыншы отырысы өтті (ЖДЖТ).Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (жетекшісі – Самир Шарифов), Иран Ислам Республикасының (жетекшісі – Алиреза Джахангири), Қазақстан Республикасының (жетекшісі – Зульфия Аманжолова), Ресей Федерациясының (жетекшісі – Михаил Петраков) және Түрікменстанның (жетекшісі – Мурат Атаджанов) делегациялары қатысты.Отырысқа қазақ делегациясының басшысы Зүлфия Аманжолова төрайымдық етті.Тараптар Каспий теңізінде бастапқы тік сызықтарды белгілеу әдістемесін талқылауды жалғастырды.Отырыс аясында тараптар Каспий теңізіндегі ынтымақтастыққа шолу жасап, Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің Түрікменстандағы кезекті кездесуіне дайындық мәселелерін, сондай-ақ бесжақты құжаттар жобалары бойынша келіссөздер үдерісінің барысын талқылады.Делегациялар Қазақстан Республикасына кездесуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі үшін ризашылықтарын білдірді.ЖДЖТ келесі отырысы Түрікменстанда дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/871761
Қазақстан мен Халықаралық көші-қон ұйымы өзара іс-қимылды нығайтуда 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының жаңадан тағайындалған басшысы, Орталық Азия бойынша координаторы Серхан Актопракмен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстанның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымымен өзара әрекеттестік, оның ішінде шетелдік азаматтардың көші-қоны және тіркеуі, шекаралық бақылау, заңсыз көші-қонның, адамдарды заңсыз тасымалдаудың және қанаудың алдын алу сияқты ынтымақтастық салаларының кең ауқымды мәселелерін талқылады.Министрдің орынбасары халықаралық ұйымның өкіліне Орталық Азиядағы көптеген көші-қон мәселелерін шешуге бағытталған Алматы процесіне белсенді қатысқаны және қолдағаны үшін алғысын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/872775
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның ӘҚШ рәсімі шеңберінде алған ұсынымдарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 28 қазан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Әмбебап мерзімді шолу шеңберінде ҚР-дың Төртінші кезеңдік ұлттық баяндамасын қорғауды дайындауға арналған «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының («АӨДА» ККО) кіші тобының бірінші отырысы өтті.Ұлттық баяндаманы ҚР Әділет министрлігі мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестік арқылы дайындады.ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова мен ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың тең төрағалығымен өткен отырыс барысында 2019 жылы өткен шолу қорытындысы бойынша Қазақстанның алған ұсынымдарының іске асырылу барысы талқыланды. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне қатысушы мемлекеттердің 245 ұсынымының ішінде Қазақстан 214 ұсынымды қолдады және мемлекеттің жүргізіліп жатқан ұлттық құқықтық саясаты мен қолданыстағы заңнаманы қолдану практикасын ескере отырып, 31 ұсынымды назарға алды. Қолдау көрсетілген ұсынымдарды іске асыру үшін 2020-2024 жылдарға арналған ведомствоаралық жоспар бекітілді.Ұсынымдарды іске асыру шеңберінде Париж қағидаттарына сәйкес Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мандаты кеңейтілді, оның ішінде оны қаржылық және адами ресурстармен қамтамасыз ету мақсаты кеңейді, Бала құқықтары туралы конвенцияға және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамалар ратификацияланды, әйелдер мен балаларды азаптауға, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қылмыстық сипат беру бойынша заңнамалық шаралар қабылданды, адам саудасына қарсы күрес туралы қолданыстағы заңнама қайта қаралды, саяси партиялар мен бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңдар, сондай-ақ жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қабылданды, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау шаралары күшейтілді және т.б.Ресми баяндаманы дайындаумен қатар Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы 8 балама баяндама дайындады, олардың бірі өткен отырыста талқыланды.Жалпы, күн тәртібіндегі мәселелер сындарлы және ашық форматта талқыланды. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері тікелей пікір алмасуға және әзірленген ұсынымдарын таныстыруға мүмкіндік тапты.«АӨДА» ККО 2013 жылы ҚР СІМ бастамасымен құрылды. Алаң Үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты ілгерілетудің тиімді құралы ретінде жұмыс істеуде. Алаңда халықаралық ұйымдар (БҰҰДБ, БҰҰ БЖКБ, ЕҚЫҰ және т.б.) өкілдерінің байқаушылар ретінде қатысуымен адам құқықтарын қорғаудың әртүрлі өзекті мәселелері талқыланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/874230
Астана мен Рим стратегиялық әріптестіктің 15 жылдығында диалогты нығайтуда 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 29 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллимен келіссөздер өткізді.Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қаңтарда Италияға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.Сонымен қатар тараптар «Орталық Азия + Италия» диалогы аясында, сондай-ақ халықаралық ұйымдар алаңында өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.Ә. Қуантыров Италия Қазақстанның Еуропа одағындағы ең ірі сауда әріптесі екенін хабарлады. Қазақ дипломаты Э. Чириеллидің елордамызға сапары аясында өткен Экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі Қазақстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының 9-шы отырысының сәтті өткенін ризашылықпен атап өтті.Өз кезегінде италиялық дипломат Римнің Астанамен стратегиялық әріптестікке дәстүрлі түрде жоғары мән беретінін растады. Атап айтқанда, «Sogesid» компаниясының Арал теңізі аймақтарын әлеуметтік-экологиялық жаңғыртуға бағытталған жобасы туралы хабардар етті.Осыған орай Сыртқы істер министрінің орынбасары италиялық тараптың ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, көлік, жоғары білім, су ресурстары және энергетика салалар бойынша жұмыс топтарының кездесулерін көздейтін Орталық Азия мен Италия арасында білім алмасу желісін құру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөніндегі бастамасын құптады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Италия стратегиялық әріптестігінің барлық спектрін нығайтуға бағытталған көпқырлы диалогты жалғастыруға келісті.Анықтама: Италия – Қазақстанның ЕО-дағы ең ірі экономикалық серіктесі. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте тауар айналымы 16 млрд АҚШ долларын (экспорт – 15,1 млрд, импорт – 900 млн) құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (11,7 млрд доллар) 36%-ға жоғарылады. 2005 жылдан бастап 2024 жылдың II тоқсанына дейін Италиядан Қазақстанға инвестициялар көлемі 7,6 млрд доллар құрады. Қазақстанда итальяндық капиталдың қатысуымен 278 заңды тұлға тіркелген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/874405
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су-энергетика ведомстволары басшыларының жұмыс кездесуі өтті 16.11.2024
2024 жылғы 12 қазанда Өзбекстанның Энергетика министрлігінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су-энергетика ведомстволары басшыларының жұмыс кездесуі өтті.Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қазақстан Республикасының Су шаруашылығы және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы, «KEGOC», «Самұрық-Энерго» компанияларының өкілдері қатысты.Кездесуге шақырылған қонақ ретінде Әзербайжан Республикасының Энергетика министрінің бірінші орынбасары Камол Аббасов қатысты.Кездесудің басты назары күзгі-қысқы кезеңде су-энергетикалық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелеріне арналды. Қатысушылар желілердің жұмыс кестелерін келісе отырып, жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудің одан арғы шараларын талқылады.Сонымен қатар, Камбаратин ГЭС-1 құрылысын салу барысы және су-энергетикалық теңгерімді келісу мәселелері бойынша негізгі бірлескен жобалар талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті хаттамаға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/864477
Ақтау қаласында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту мәселесі талқыланды 16.11.2024
2024 жылғы 15 қазанда Ақтау қаласында энергетика вице-министрі Қ.Арымбек еліміздің мұнай-газ жобаларында қазақстандық қамтуды қолдауға бағытталған «ҚазМұнайГаз ҰК АҚ жобаларында бизнеске арналған мүмкіндіктер» форумына қатысты.Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төрағасы А.Хасенов, сондай-ақ 100-ден астам отандық тауар өндірушілер қатысты. Форумға қатысушылар ҚМГ-ның жергілікті қамтуды қолдау жөніндегі жұмысымен танысып, осы бағыттағы алдағы жоспарларды талқылады.Сөз барысында вице-министр Қ.Арымбек Үкіметтің мұнай-газ секторының жер қойнауын пайдаланушыларын сатып алудағы қазақстандық қамтуды ұлғайту және отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ жұмыстарды (қызметтерді) жеткізушілерді қолдау жөніндегі қойылған міндеттері туралы баяндады.Сондай-ақ, вице-министр Энергетика министрлігінің елішілік құндылықты дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы атап өтті.Бүгінгі таңда Министрлік көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға талдау жүргізді, оның қорытындысы бойынша 60 жер қойнауын пайдаланушы анықталды, онда 2023 жылдың қорытындысы бойынша әрқайсысының сатып алу көлемі 1,5 млрд.теңгеден асты. Отандық тауар өндірушілерді қолдау және елішілік құндылықты арттыру мақсатында әрбір жер қойнауын пайдаланушымен ұзақ мерзімді шарттар мен off-take келісімшарттар жасасу мәселелері пысықталуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/864927
Demo Day: Энергетика министрлігі ОЭК үшін озық цифрлық шешімдерді таныстырды 16.11.2024
2024 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) ұйымдастырған Demo Day шеңберінде Energy Tech платформасы («Отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» АЖ (ОЭК ББМЖ) базасында жылыту кезеңінің дайындығы мен өтуіне мониторинг жүйесін көрсетті.Іс-шараның мақсаты – жаңа цифрлық жобаларды көрсету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жақсарту және халық пен бизнес үшін мемлекеттік функцияларды оңтайландыру үшін олардың тиімділігін талқылау.Жүйе электрмен және жылумен жабдықтау объектілерін нақты уақыт режимінде келесі параметрлер бойынша қашықтықтан мониторингілеу мүмкіндіктерін ұсынады:Энергетикалық жабдықтың жай-күйі;Жалпы Қазақстан Республикасының энергожүйесінің жұмысы;Жіберілетін электр және жылу энергиясының параметрлерін сақтау;Жөндеулерді, инвестициялық бағдарламалар мен шекті тарифтерді жоспарлаудың, бекітудің және орындаудың ашықтығы.EnergyTech-тің негізгі міндеті — активтерді басқару және энергия ресурстарын есепке алу, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформа арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен функцияларды ұсыну.ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан Министрлік ЦДИАӨМ және Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлесіп саладағы бизнес-процестерді оңтайландыру және деректердің цифрлық каталогын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.Сондай-ақ жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану бойынша шешімдер әзірленуде. Ол үшін ОЭК-те ЖИ бойынша Акселерациялық топ құрылды, оған Министрліктің, ҚР ЦДИАӨМ ЖИ комитетінің және саланың жетекші компанияларының өкілдері кіреді.Цифрландыру процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады. EnergyTech құру жөніндегі жоба шеңберінде технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің (ТП БАЖ) қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отын-энергетика секторындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін (АКИАМО) қорғау мәселесін пысықтау ұсынылады.Бұл шаралар энергетика саласындағы технологиялық процестердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/866017
Сарандағы барлық үйлер жылуға қосылды 16.11.2024
Сарандағы барлық үйлер мен әлеуметтік нысандар жылуға қосылды. Жылу көздері қажетті отынмен қамтамасыз етілген. Қаланың барлық өндірістік нысандары өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істейді.Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазандықтардың, орталық жылу көзінің, сондай-ақ жылу желілері мен әлеуметтік нысандардың жағдайын тексеріп, жедел штаб отырыстарын өткізді.-Қазір резервте тұрған барлық жергілікті қазандықтар дайындалып, іске қосылды. Жылуды толық көлемде берілуде. Біз барлық қазандықтарда жылу беру температурасын бақылаудамыз. Қосымша қазандықтармен кеңейту қажет болған жерлер де жақын арада кеңейтілетін болады. Тұрғындар бұрын болған екі қазандық бойынша сұрақ қойды, бұл үйлер басқа жұмыс істеп тұрған қазандықтарға қайта қосылды, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.Арнайы комиссия құрылып, оның құрамында энергия қадағалау өкілдері, өңірлік және басқа да ведомстволардың басшылары, ТЖД бірлесіп жұмыс жасауда. Орталық жылу көзін жөндеу кезінде жабдықтарды жеткізуші зауыттың мамандары шақырылды.– Біз барлық жылу көздерін аралап, жылумен қамту схемасын қалпына келтіру жұмыстарының барысына жеткілікті түрде егжей-тегжейлі талдау жасадық. Келесі шешім қабылданды: орталық жылу көзі іске қосылғанға дейін қаланы жылумен қамтуды жергілікті қазандықтар қамтамасыз етеді. Барлық әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілген, барлық өндірістік нысандар өндірістік бағдарламаларға сәйкес жұмыс істеуде», — деді Алмасадам Сәтқалиев.Үйлерге жылу беру аяқталуда.Жағдай энергетика министрлігі мен облыс әкімдігінің бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/866158
Энергетика министрлігі баламалы энергия көздерін дамыту саласындағы реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі 16.11.2024
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі климаттың өзгеруіне қарсы күрес және халықаралық міндеттемелерді, сондай-ақ дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділікті азайту және «жасыл» экономикаға көшу шеңберінде экологиялық таза технологиялырға көшуді ынталандыру үшін баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері жөніндегі заңды әзірлеу мақсатында реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын (бұдан әрі – РСКҚ) әзірледі.Заң сутегі энергетикасына және басқа да экологиялық таза энергия көздеріне инвестицияларды ынталандыруға ықпал етеді деп жоспарлануда.Кейіннен мұндай заңның қабылдануы көміртегі шығарындыларын азайтуға, елдің энергетикалық қауіпсіздігін және тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болады.Осыған байланысты Министрлік аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырады.РСКҚ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15241333).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/866995
ЕАЭО кеден аумағынан тыс Қазақстан Республикасынан мұнай өнімдерін әкету мәселелері бойынша 16.11.2024
Бүгінгі таңда елде АИ-92 «халықтық» автобензині мен дизель отынын тұтынудың тән емес өсуі байқалады.Қаржы мониторингі агенттігінің ақпараты бойынша «жабын тауарлары» түріндегі ЖЖМ «сұр» экспортының және ағындарының ай сайынғы көлемі 10 мың тоннаға жетеді, бұл баға айырмашылығымен байланысты – Қазақстанда ЖЖМ бағасы шектес елдерге қарағанда 17 - 107% -ға төмен.Сонымен қатар, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Мұнай өнімдерін бажсыз жеткізу шарттарында импорттауға мәжбүр және тиісінше Ресей тарапының ЕАЭО-дан тыс жерлерге ЖЖМ кері экспортына тыйым салу жөніндегі талаптары ескеріледі.Осылайша, «жабын тауарлары» деген атпен мұнай өнімдерін әкетуге бақылауды күшейту талап етіледі.Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика, сауда және интеграция, қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінің Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспортқа тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» бірлескен бұйрығының жобасы (бұдан әрі - бұйрық жобасы) дайындалды.Бұйрықтың жобасы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды 2024 жылғы 31 желтоқсаннан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуды көздейді.Мұнай өнімдерін ЕАЭО-дан тыс жерлерге әкетуге тыйым салу мынадай мүмкіндік береді:қазақстандық МӨЗ-дің жұмыс істемейтін қуаттарын жүктеу және тиісінше елдегі автобензин тапшылығын азайту;бажсыз жеткізу шарттарын орындау және ЕАЭО мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтары құрылғанға дейін импорттық мұнай өнімдерінің кері экспортын алып тастау.Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/870565
Энергетика министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті 16.11.2024
2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.Салтанатты жиын аясында Қазақстан Республикасының Энергетикавице-министрі Әлібек Жамауов іс-шараға қатысушыларды құттықтап, кәсіби қызметіндегі жетістіктері үшін марапаттар табыс етті.«Республикасы күні мерекесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылдан бастап еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды. Бұл күні біз еліміздің бай тарихын, оның жоғары жетістіктері мен күрделі сынақтарды бағындыру жолын мақтанышпен және құрметпен еске аламыз.Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикалық өсу қарқынының артқанын және оның ішінде мұнай-газ, энергетика салалары маңызды рөлдердің бірін атқарып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз.» - деп атап өтті Ә. Жамауов.Іс-шара аясында ерекше көзге түскен қызметкерлерді ведомстволық грамоталармен марапаттау рәсімі өтті. Марапаттар жұмыстағы жоғары жетістіктері, энергетика секторын дамытуға қосқан елеулі үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін берілді.Марапаттардың қатарында – III дәрежелі «Барыс» ордені, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медальдары, «Мұнай - газ саласының еңбек сіңірген қызметкері», «Атом саласының үздігі» төс белгілері, Премьер-Министрдің Алғыс хаттары, Энергетика министрінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттары бар.Іс-шараға Энергетика министрлігінің, «КЕGОС» АҚ,«Атыраумұнай» ЖШС, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС, «QazagGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС, «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ, «Солтүстік Қазақстан Электржелілік Тарату Компаниясы» АҚ, «КАТЭК» ЖШС, «Caspian Engineering & Research» ЖШС, «Бұрғылау» ЖШС, «КЕЗБИ» ЖШС, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «КОРЕМ» АҚ, «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС қызметкерлері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/871083