Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

Инновациялық технологиялар және энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстан Циндаодағы конференцияда тәжірибе бөлісті 16.11.2024
2024 жылғы 23-24 қазанда Циндао қаласында (ҚХР) ҚР Энергетика вице-министрі Қ.Арымбек "Бір белдеу, бір жол"атты үшінші Министрлік энергетикалық конференциясына қатысты.Конференция аясында Қ. Арымбек "Энергетикалық қауіпсіздікті арттыру үшін инновациялық технологиялардың тиімділігін пайдалану" және "Трансформация және қауіпсіздік: жаңа энергетикалық жүйелердің дамуын жеделдету" панельдік сессиялары аясында баяндама жасады.Вице-министр өз сөзінде Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері секторын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы атап өтті.Жел энергиясының, күн электр энергиясының және елдің гидропотенциалының әлеуетін атап өтті.Сондай-ақ, мұнай және газ, электр энергетикасы салаларындағы инвестициялық өзара іс-қимыл туралы хабарлады.Конференция аясында ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасының орынбасары Жэнь Цзиньдунмен кездесу өткізілді. Кездесу барысында тараптар ағымдағы ынтымақтастық туралы ақпарат алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасы арасында ЖЭК саласындағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.Сондай - ақ, қытайлық ірі энергетикалық компаниялармен-CNPC, Power China, China Energy және т.б. кездесулер өтті. Техникалық турлар аясында қытайлық "Huadian Qingdao" компаниясының газ турбиналық қондырғысының, сондай-ақ ШЫҰ технологиялар трансфері орталығының өндірісіне барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/871676
Қазақстанда 13,7 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді 16.11.2024
2024 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді.Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 548 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 503 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 874 және 861 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 586 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 335 адам тартылды.Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 799 жұмыс беруші бар. Оларда 390,2 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,6%-ы.Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 144 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 638 адам, әкімшілік және көмекші қызметтер – 1 439, , өңдеу өнеркәсібі – 1 376 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 344 адам.Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 600 адам, Өзбекстан – 1 698 адам, Түркия – 1 145 адам, Үндістан – 1 101 адам.Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 21,5 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/872068
С. Жақыпова Қазақстан жастарын жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы хабардар етті 16.11.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Алматы қаласында өтіп жатқан «Жастар Орталық Азияның тұрақты болашағы үшін» форумы барысында жұмыспен қамту саласындағы цифрлық жүйелерді көрсетті.Бұл форум Жапония Үкіметінің қолдауымен БҰҰ Даму бағдарламасының «Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мақсатында жергілікті қоғамдастықтардың тұрақтылығын нығайту» өңірлік жобасы шеңберінде өткізіледі. Іс-шара аясында Орталық Азия елдерінде жастарды дамыту және оларды жұмыспен қамту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, діни қызметкерлер мен құрылымдар өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарланған.«Зорлықпен экстремизмнің алдын алудың тиімді жолы ретінде жастарды жұмыспен қамту саласындағы озық тәжірибелермен және өзекті бастамалармен алмасу» панельдік сессиясында сөз сөйлеген Светлана Жақыпова жастар алдында тұрған проблемалар мен сын-қатерлерді айтты.«Жастар еңбек нарығында жоғары жұмыссыздық пен тұрақсыздыққа тап болады. Сапалы білімге қол жетімділік шектеулі болуы мүмкін, бұл жеке тұлғаның мансаптық өсуі мен дамуын қиындатады. Жастар қаржылық қиындықтарға әсіресе, тәуелсіз өмірге көшу кезінде кезігуі мүмкін. Денсаулық проблемалары, соның ішінде психикалық денсаулық, жастар үшін үлкен сынақ болуы ықтимал. Әлеуметтік, экономикалық және құрама белгілер бойынша теңсіздік жастарға кедергі келтіру мүмкіндігі жоғарлайды. Сондай-ақ, жастар климаттың өзгеруінің экологиялық дағдарыстар мен экожүйелерге қауіп төндіретін салдарымен бетпе-бет келеді. Технологияның қарқынды дамуы цифрлық сауаттылық пен өзгерістерге бейімделу саласында қиындықтар тудыруы мүмкін», - деді ол.Бұл ретте Министр Орталық Азияның тұрақты дамуындағы жастардың рөлін атап өтті.«Жас ұрпақ өңірдің болашағын қалыптастыруда және оның дамуына әсер ететін шешімдер қабылдауда шешуші рөл атқарады. Жастар Орталық Азияның тұрақты дамуына ықпал ететін жаңа идеялар, инновациялар мен тәсілдер әкелуге қабілетті. Жас буынның білімі мен кәсіби дамуына инвестиция салу аймақтың тұрақты дамуы үшін қажетті білім мен дағдылардың деңгейін арттыруға ықпал етуі мүмкін. Жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы демократияның, азаматтық қоғамның дамуына және әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.Осылайша, жас азаматтар Орталық Азияның орнықты дамуында маңызды рөл атқарады, оның қатысуы мен қолдауы өңірдегі орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет», – деді Светлана Жақыпова.Сонымен бірге ЕХӘҚМ басшысы форум қатысушыларына Қазақстан жастарына жұмыспен қамту саласында кең мүмкіндіктер беретін цифрлық жүйелерді таныстырды.«Бүгінгі күні Электрондық еңбек биржасы шеңберінде жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің «цифрлық супермаркеті» қалыптастырылды. Бір платформада қазақстандықтар қолда бар кәсіби дағдыларын арттыра алады немесе онлайн-оқыту арқылы жаңаларын ала алады, лайықты жұмыс таба алады, кәсіпкерлік негіздерін үйренеді және өз ісін ашу үшін грант алуға өтінім бере алады. Сондай-ақ электрондық еңбек биржасының цифрлық экожүйесі жұмыс берушілерге кадрлық іс жүргізу процестерін жеңілдетуге және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына өзін-өзі тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, платформада электрондық форматта еңбек және өңіраралық көші-қон саласында қызметтер көрсетіледі.Осылайша, Электрондық еңбек биржасы жұмыс берушілерді, жұмысшыларды және мемлекеттік құрылымдарды бірыңғай цифрлық кеңістікте біріктіреді, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тиімді ұштастырады және азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартады. Жасанды интеллектті пайдаланудың арқасында платформа жұмыспен қамту қызметтерін ұсыну процесінде адами факторды барынша азайтады, кадрларды іріктеуде жоғары дәлдікке қол жеткізеді және ізденушілер үшін мансап жолдарын оңтайландырады», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.Тағы бір маңызды жоба – мансап компасы, ол көпшілікке мансапты саналы түрде таңдауға ықпал ететін кәсіби мүмкіндіктер мен білім беру бағдарламалары туралы өзекті ақпаратты ұсынады. Ал mansap.enbek.kz сайты 400 мамандық және 12 бағыт бойынша талдамалық деректерді ұсына алады.«Студенттердің практикалық дағдыларын игеру үшін біз Электрондық еңбек биржасында өндірістік практиканың функционалын іске қостық. Бұл оларға өндірістік практиканың қажетті орнын тауып қана қоймай, нақты дағдыларды игеруге, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі», – деп толықтырды сөзін Министр.Сонымен қатар Светлана Жақыпова кадрларға қажеттілікті талдау мен болжауды және барлық іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігіне уақтылы мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін жобалардың инновациялық навигаторының мүмкіндіктерін көрсетті. Бүгінгі таңда жүйеде 150 мың жұмыс орнын құру жоспарымен 755 инвестициялық жоба бойынша мониторинг жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/872566
Әсет Шонов ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы болып тағайындалды 16.11.2024
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Әсет Бағдатұлы Шонов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.Әсет Шонов 1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Еуразиялық гуманитарлық институтын бітірген.Әр жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктерінің құрылымдарында сарапшы болып жұмыс істеді. 2013 жылдан 2014 жылға дейін болды.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жоспарлау және бюджет бөлімі жоспарлау секторының меңгерушісі 2014 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.2017 жылдан 2019 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалық басқару департаментінің директоры, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры болып жұмыс істеді.2019 жылдан 2021 жылға дейін — ҚР Премьер-министрі Кеңсесі Экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.15.07.2021 бастап тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры қызметін атқарды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/872841
Еңбекмині «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіптік стандартын бекітеді 16.11.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасын сақтауға жауапты қызметкерлерге қажетті дағдылар мен құзыреттерді айқындайтын кәсіптік стандартын әзірледі. Ведомство басшысының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіптік стандартын бекіту туралы» бұйрығының жобасы 2024 жылғы 11 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында талқылау үшін орналастырылған.«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіптік стандартын қабылдау еңбекті қорғауды басқару жүйесін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және жетілдіру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілеуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі басшылар мен мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын біріздендіруге мүмкіндік береді.Бұл кәсіптік стандарт сонымен қатар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (қосымша) білім берудің білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, бейінді мамандарды даярлауды жоспарлы және дәйекті қамтамасыз етуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі басшылар мен мамандарды қайта даярлауға немесе олардың біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды белгілейтін болады.Кәсіптік формалды, формалды емес және информалды оқыту нәтижелерін тануға негіз береді, біліктілікті кәсіби орта ретінде бағалауға және тануға қол жеткізу үшін жағдай жасайды.Бұйрық жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15257882 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/872975
Астанада әлеуметтік жобалар форумы өтті 16.11.2024
Астанада әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай әлеуметтік жобалар Форум-көрмесі өтті. Іс-шара өмір сүру сапасын арттыруға және мүгедек адамдарды қолдауға бағытталған әлеуметтік мәселелерді шешуде үздік тәжірибелерді көрсету және жаңа тәсілдерді талқылау мақсатында ұйымдастырылды.Форумға үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ) өкілдерін, инклюзия саласындағы сарапшыларды және халықтың осал топтарының әлеуметтік қолдауы мен өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылатын белсенді азаматтарды қоса алғанда, 150-ден астам адам қатысты.Іс-шара шеңберінде әлеуметтік саясатты жақсарту және қолдауға мұқтаж азаматтар үшін мүмкіндіктерді кеңейту үшін тиімді әріптестік қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдар мен үшінші сектор өкілдері арасында диалог өтті.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова өзінің құттықтау сөзінде форум алаңының мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ бірлескен жұмысындағы маңыздылығын атап өтті.«Қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ өкілдері әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді қатысып, сенімді және белсенді серіктестерге айналды. Сараптамалық қоғамдастықпен бірге, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар арасынан сарапшылармен 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасы әзірленді, оның тұжырымдамалық жаңалығы мүгедектіктің медициналық-әлеуметтік-әлеуметтік-құқық қорғау моделіне көшу бойынша жағдайлар жасау болып табылады. Белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс айтамын.Бүгінгі форум серіктестікті кеңейту және дамыту үшін тамаша алаң болды. Мұнда республиканың ең үздік жобалары жинақталған. Бұл форум сіздерді жаңа идеялармен шабыттандырады деп үміттенеміз және біз келесі жылы жаңа жобаларды талқылай отырып, осында кездесеміз», – деді ЕХӘҚМ басшысы.Форум әлеуметтік жобалар көрмесінен басталды, онда Астана қаласынан 20 ҮЕҰ өз бастамаларын ұсынды. Келушілер мүгедектігі бар адамдарды қолдауға, инклюзивті қауымдастықтарды дамытуға, шығармашылық әлеуетті арттыруға бағытталған жобалармен, сондай-ақ жетім балаларға арналған білім беру бағдарламаларымен таныса алды. Мүгедектігі бар адамдар жасаған өнер туындылары қойылған «ISKER» Қоры ұйымдастырған өнер көрмесі ерекше назар аударды.«Әлеуметтік жобалар форумы – бұл өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу үшін коммерциялық емес ұйымдардың, әлеуметтік кәсіпкерлердің және мемлекеттік құрылымдардың күш-жігерін біріктіретін маңызды оқиға. Бұл іс-шара халықтың әлеуметтік осал топтарының өмірін жақсарту үшін күнделікті жұмыс істейтіндерді қолдауға және инклюзия мен әлеуметтік әл-ауқаттың дамуына айтарлықтай үлес қосуға бағытталған. Мұндай бастамалар бар мәселелер туралы хабардарлықты арттырып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамның пайдасына одан әрі әрекет етуге шабыттандырады. Форум біздің әлемді жақсартуға көмектесетін жаңа идеялар мен серіктестіктердің қайнар көзі болатынына сенімдімін», - деп атап өтті «IteachMe» ҚҚ директоры Захира Бегалиева.Көрмеден кейін «Өмірді өзгертетін әлеуметтік жобалар» тақырыбында пленарлық сессия өткізілді, онда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және оқыту, инклюзивті қоғамдастықтар құру және инклюзивті бастамалар арқылы шығармашылық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, форум аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті, онда әлеуметтік салада белсенді жұмыс істейтін 20 ҮЕҰ жетістіктері атап өтілді.Марапатталғандар арасында «Бақытты Шаңырақ» ҚБ, «Inclusive Academy» халықаралық жобасы, «Фомальгаут» мүгедектер ҚБ, «Ыбырай» ҚҚ, «Өмір тынысы» ҚБ, «Альрами» клуб үйі, Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы, Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы, «Болашақ» қоры, ҚР жұп би федерациясы, «Особые праздники» ҚҚ, «QazTech Development» ЖШС, «Dos Ortopedia» компаниясы, «Мирас-А» және «Плюс один» қайырымдылық қорлары, «Қазақстандық саңыраулар қоғамы» ҚБ, «Balam AI», «HandInHand», «Bulan» әлеуметтік стартаптары, сондай-ақ Ұлттық еріктілер желісі.Форум жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды, оған ҚР жұп бишілер федерациясының, Қазақ ұлттық хореография академиясының, «SILENCE» естімейтін бишілер театрының және «Бақытты Шаңырақ» ҚҚ әртістері қатысты.Әлеуметтік жобалар форумы қатысушыларға тәжірибе мен идеялармен алмасуға мүмкіндік беріп қана қоймай, Қазақстан азаматтарының өмірін жақсарту үшін инклюзивті бағдарламаларды дамыту мен әлеуметтік бастамаларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/873276
Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтасатын болады 16.11.2024
Мемлекет басшысының Моңғолияға сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі арасында зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.Осы Келісім ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде екі елдің аумағында әзірленген еңбек өтілін өзара есепке алуды көздейді.Бұдан басқа, жинақтаушы зейнетақы экспорты бойынша Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделуде.Қазақстан тарапынан Келісімге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Моңғолиядан – отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Лувсанцэрэнгийн Энх-Амгалан қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/873544
20,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді 16.11.2024
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 20,7 мыңнан астам мүгедектігі бар адам (бұдан әрі – МбА) қамтылды. Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 106,8 мың адам жұмыспен қамтылған (28%).2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 732,1 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды, олардың 381,3 мыңы еңбекке қабілетті жаста.ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4 %-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың тоғыз айына квота шеңберінде мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша тұрақты жұмысқа 5,9 мың адам, жастар практикасына – 505 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 654 адам, қоғамдық жұмыстарға – 5,9 мың адам, «Күміс жас» жобасы бойынша – 828 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 183 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша – 6 адам жұмысқа орналастырылды.Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 272 адам, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 5 мың адам қамтылды.Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өз бизнесін ашу үшін 400 АЕК-ке дейінгі (1,4 млн теңге) мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бүгінгі таңда 1470 мүгедектігі бар адам осындай қолдауға ие болды.Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. Ағымдағы жылы осындай 71 арнайы жұмыс орны құрылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/873726
А. Сарбасов жұмыс сапарымен Абай облысына барады 16.11.2024
2024 жылғы 31 қазан – 1 қарашада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыс сапарымен Абай облысына барады, жұмыс сапары барысында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысады және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.Кездесулер барысында әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, еңбек құқықтарын қорғау және жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланады.Бірінші вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды мынадай байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР Еңбекмині ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).Сондай-ақ, мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 03.Азаматтарды қатысуға және сұрақтар қоюға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/874428
ТЖМ қызметкері джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды 16.11.2024
2024 жылғы 24-28 қазан аралығында Ираклион қаласында (Греция) джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Халықаралық турнирде өз күштерін сынап, өз дағдылары мен шеберліктерін көрсету үшін әлемнің 58 елінен 970 спортшы жиналды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар арасында бәсекелестік жоғары болды.Қазақстан атынан сынға түскендердің қатарында Шымкент қаласындағы №2 өрт сөндіру бөлімінің технигі Талант Тоқтыбаев та болды. Жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызметімен қатар, спортта да табысқа жеткен Тоқтыбаев 85 кг салмақ дәрежесінде JU-JITSU CONTACT бөлімінде өнер көрсетті. Өзіндік шеберлігі мен күш-жігерінің арқасында ол чемпионатта бірінші орынды иеленіп, алтын медаль иегері атанды.Бұл жеңіс – Талант Тоқтыбаевтың спорттық мансабындағы үлкен жетістіктерінің бірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның джиу-джитсу спортының беделін халықаралық деңгейде көтеруге қосқан маңызды үлесі.Спортпен айналысуды 8 жасынан бастаған Талант қазіргі таңда үш дүркін Қазақстан чемпионы, үш дүркін Әлем чемпионы атанып отыр. Сонымен қатар Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Талант Тоқтыбаевтың жеңісі – ел мақтанышы, оның табандылығы мен еңбекқорлығы жас ұрпаққа үлгі. Осы жеңісі үшін оны шын жүректен құттықтаймыз және спорттық мансабында әрі қарай да табыстар тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/872600
Елімізде тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды 16.11.2024
Жақында Қарағанды облысы Шет ауданы Красная поляна ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт сөндіру постының міндеті – Красная Поляна ауылдық округі аумағында өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу. Өрт сөндіру бекеті барлық қажетті өрт-техникалық қару-жарақпен жабдықталған алты қызметкерден тұрады: өрт сөндіргіштер, 1000 литрлік су ыдысы, оқпаны бар өрт сөндіру жеңдері, жоғары қысымды аппарат, суды соруға арналған мотор сорғысы және өрт сөндіру колонкасы. Қызмет көрсетуде автоцистерна бар.«Өрт сөндіру бекеттерінің жұмыс істеуі халықты, елді мекендерді және тұрғын үйлерді қорғаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Заманауи өрт сөндіру бекетінің ғимаратын ашқан Красная Поляна ауылының және Шет ауданының әкімдеріне алғысымды білдіремін! – Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі бастығының орынбасары Нұрлан Оспанов деп атап өтті.Қарағанды облысының аумағында 53 мыңнан астам адам тұратын 109 елді мекенге қызмет көрсететін 57 өрт сөндіру бекеті бар. 2024 жылы өрт сөндіру бекеттерін құрудың 2024-2025 жылдарға арналған жоспарына сәйкес облыста 6 өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл жұмыс жыл сайын жүргізіледі.Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерді қорғау үшін әкімдіктер өрт сөндіру бекеттерін құрады. Ауылдық округтерде өрт сөндіру бекеттерін ашу ықтимал өрттерді дер кезінде жою және сөндіру үшін қажет.Айта кетейік, бүгінгі таңда республикада 765 өрт сөндіру бекеті құрылды, олар 2,7 млн адамнан асатын 2 438 елді мекенді қорғайды. Ал биыл жалпы еліміз бойынша 49 пост құрылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/872609
ТЖМ қызметкерлері тұрғын үй секторында рейдтер жүргізуде 16.11.2024
Өңірлерде жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу, өрт кезінде адамдардың қаза табуы және көміртегі тотығымен улану бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда.Осылайша, Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен, полициямен және «Бірлік» волонтерлік ұйымымен бірлесіп, 882 тұрғын үйді аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарының ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Өрт-профилактикалық жұмысты жүргізу мақсатында әлеуметтік қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдарының деректері бойынша пешпен жылытылатын 365 жеке тұрғын үйде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй тізімдері қалыптастырылды. Осы әлеуметтік осал топтағы үйлерге көміртегі тотығын анықтайтын датчиктерін орнату кезең-кезеңімен жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 93 датчик орнатылды.«Біз үшін азаматтардың қауіпсіздігі бірінші орында, ол үшін біз тұрғын үй секторында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Азаматтарға үйдегі өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтауды ескертеміз», - деп атап өтті ТЖД бастығының орынбасары Чингиз Самиев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/872757
ТЖМ-нің кезекті жеңісі: құтқарушымыз әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды 16.11.2024
Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында 25-27 қазан аралығында Әлем чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа 10-нан астам мемлекеттерден 800-ден астам спортшы қатысты.Халықаралық турнирде Атырау облысы Құрманғазы ауданы №7 Өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Ерсейт Бралин 100 кг салмақ дәрежесінде пауэрлифтинг спорт түрінен бақ сынап, Әлем чемпионы атанды.Ерсейт – бірнеше спорт түрінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Еске сала кетсек, бұған дейін әріптесіміз 2024 жылғы 25-26 мамырда Алматы қаласында 600-ден астам спорт шеберлері қатысқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/872765
ТЖМ құрамасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының кубогына қатысады 16.11.2024
ТЖМ құрама командасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының қоян-қолтық ұрыс бойынша кубогына дайындық шеңберінде оқу-жаттығу жиындарынан өтті. Бұл маңызды оқиға Астанада 2024 жылғы 28-29 қазан аралығында «Жақсылық Үшкемпіров» атындағы спорт кешенінде өтеді.Жиындарда ТЖМ спортшылары дене шынықтыру дайындығы мен командалық рухты нығайта отырып, қоян-қолтық ұрыс бойынша техникасын белсенді түрде пысықтады. Жаттығулар тек жауынгерлік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге бірлік пен қолдау рухын қалыптастыруға ықпал ететін қарқынды жарыстар аясында өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған.Команданы дайындаумен айналысатын полковник Әділ Қайырбаевтың орны ерекше. Оның тәжірибесі мен кәсібилігі спортшыларды шабыттандырады және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағыттайды.ТЖМ құрамасы адалдық пен әділдіктің құндылықтарын растай отырып, қызметімізді алдағы додада лайықты түрде көрсетуге дайын. Команданың табандылығы мен әділдігі алдағы турнирде жоғары нәтижелерге әкелетініне сенімдіміз.Спортшыларымызға жарыста сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/872838
ТЖМ құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті жүргізді 16.11.2024
Өткен түні Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округінің Жартытөбе ауылынан 14 км қашықтықта ТЖД мен туыстарының күшімен 1984 және 2006 жылы туған екі ер адамды іздестірілді. Олар кешке Шолақорған ауылындағы «Ақтас-Әулие» бұлағынан жеңіл автокөлікпен шығып, қайтар жолда адасып кеткен. Сағат 01:25-те құтқарушылар бұлақтан 9 км қашықтықта жоғалып кеткендерді тауып, кюветте тұрып қалған көлікті тартып шығарды.Сонымен қатар Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында құтқарушылардың күшімен 1974 жылы туған ер адамды іздеу жүргізілді. Ол 28 қазанда күндіз тау жаққа қарай мал іздеуге аттанып, жоғалып кетті. Бүгін тәңертен сағат 07-50-де құтқарушылар жоғалған адамды тапты, медициналық көмек қажет болмады. Іздестіру ҰҰА қолдану арқылы жүргізілді, сонымен қатар Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының кинологиялық есебі де қатысты. Іздестіруге ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдардың 22 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.Құтқарушылар алыс қашықтыққа шығар алдында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/873366
ТЖМ қызметкері қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнирдің жүлдегері атанды 16.11.2024
28-29 қазан аралығында Астанада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогына қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті. Спорттық жарыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығына орайластырылды. Спортшыларды марапаттау рәсіміне ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қатысты. 8 адамнан тұратын ТЖМ құрамасы республикалық біріншілікке қатысты. Нәтижесінде 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ қызметкері Әліби Пернебек қола жүлдеге ие болды. Естеріңізге сала кетейік, қазан айының ортасында ведомство құрамасының құрамындағы Әліби Өзбекстандағы әлем чемпионатында жекпе-жектен алтын жүлдегер атанды. «Batyr team» ведомстволық спорт клубының құрама командасының құрамында ТЖМ қызметкерлері бүгін министрлікті республикалық турнирлерде ғана емес, сондай-ақ халықаралық турнирлерде де табысты көрсетіп келеді. Бұл тек бастамасы ғана», - деп ҚР ТЖМ құрамасының бас жаттықтырушысы Ілияс Сарғазин атап өтті. Айта кетейік, ТЖМ құрамасынан басқа республикалық турнирге ҚМА, МКҚ, ІІМ, ҚМ, ҰҚК және СЖҚІА командалары қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/873438
«Қарапайым жасырын паналар» ҚР ҚН 2.04-15-2024 жаңа құрылыс нормалары қолданысқа енгізілді» 16.11.2024
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің бастамасымен ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті азаматтық құрылыс объектілеріндегі қарапайым жасырын паналар бойынша жаңа нормаларды бекітті.Норматив халықты соғыс жағдайы кезеңінде немесе соғыс уақытында әдеттегі зақымдау құралдарының бағытталмаған зақымдаушы факторларынан қорғауға арналған қарапайым жасырын пана қызметін атқаратын үй-жайларға қойылатын міндетті талаптарды қалыптастырады. Осы нормалардың талаптары адамдар көп жиналатын объектілердің 16 түрін қамтиды.Құрылыс нормалары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2024 жылғы 22 қазандағы №134-НҚ бұйрығымен бекітілген.ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/874105
ТЖМ құтқарушылары нысандарда өрт-тактикалық жаттығулар өткізеді 16.11.2024
Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар станциясының әскери бөлімінің аумағында оқ-дәрілерді сақтау қоймасында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығу ТЖ министрлігінің бөлімшелерімен Қорғаныс министрлігінің объектілерінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды бірлесіп өткізу жоспарына сәйкес, сондай-ақ өзара іс-қимыл туралы ведомствоаралық келісім негізінде өткізілді. Бұл іс-шара жоғары қауіп жағдайында өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және бірлескен іс-қимылдарға дайындығын көрсетті. Жаттығу барысында жеке құрам мен техниканы эвакуациялау, сондай-ақ өрттің ықтимал таралуын болдырмау шаралары пысықталды. Оқу-жаттығу нәтижесі бойынша алға қойған мақсат өз деңгейінде орындалды, бұл өз кезегінде барлық қатысушылардың кәсіби дайындығы мен іс-қимылдарының үйлесімділіктерін одан әрі арттыруға оң ықпалын тигізгені сөзсіз. Оқу жаттығуға әскери бөлімнен, Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 96 адам жеке құрам, 21 бірлік техника және «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ мекемесінің өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Сонымен қатар, Алматы облысының Алатау қаласында «Марвен Фуд» ЖШС кәсіпорынындағы шартты өртті жою үшін тактикалық оқу жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу облыс ТЖД 3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының және гарнизонның барлық офицерлік құрамының қатысуымен өтті. Осындай ірі өнеркәсіптік кәсіпорында өткізілетін оқу-жаттығу төтенше жағдай кезінде кәсіпорын қызметкерлерімен бірлесіп өзара іс-қимыл жасау бойынша жеке құрам үшін үлкен тәжірибе болып табылады.Жалпы еліміз бойынша 2024 жылдың басынан бастап өрт сөндіру бөлімшелерімен түрлі мақсаттағы объектілерде 408 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/874218
Жетісу облысы көлемінде Республика күнінде Мемлекеттік Ту көтеру патриоттық акциясы өтті 16.11.2024
Бүгін Жетісу облысында Республика күні мерекесіне орай Мемлекеттік Ту көтеру патриоттық акциясы өтіп, іс-шара барлық аудан-қалаларды қамтыды. Бір ғана облыс орталығындағы акцияға мыңға жуық адам қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Талдықорғанда «Жастар» саябағындағы Ту тұғыры алдында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, өңірдегі мекеме-ұйымдардың, әскери саланың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, белсенді жастар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары, жалпы саны мыңға жуық адам қатысты.Патриоттық акция Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көкке көтеруден басталды. Д. Рақышев атындағы облыстық филармонияның және «Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамблі әншілерінің, әскери қызметкерлердің, мектеп оқушыларының, жалпы қатысушылардың хоры әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мемлекеттік Гимнді жанды дауыста орындады.Салтанатты жиында патриоттық әндер орындалды.Атап өтсек, осындай патриоттық акциялар бүгін бір мезгілде облыстың барлық аудан-қалаларында өткізілді.Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Фототілші: Жеңіс Ысқабай Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/871900
Жетісуда Көксу ауданының 80 жылдығы атап өтілді 16.11.2024
Бүгін Көксу ауданы Балпық би ауылында ауданның 80 жылдық мерейтойына арналған «Кенен жерім Көксуым» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Шара барысында мерейтойлық көпшілік үшін көрме, кітаптың тұсаукесері, мәдени және спорттық жарыстар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мерекелік шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, алыс-жақыннан келген қонақтар, аудан жұртшылығы қатысты. Меймандар алдымен қолөнер бұйымдары, қылқалам шеберлерінің туындылары, көрнекті тұлғалардың өмірі мен еңбегіне қатысты бұйымдар қойылған көрмемен танысты. Салтанатты шараның шымылдығын ашқан Мұқыры халық театры көпшілікке ауданның құрылу тарихын баяндайтын театрлық көрініс ұсынды.Көксулықтарды мерейлі тойымен құттықтаған Бейбіт Исабаев Ескелді би, Балпық әулие, Қабылиса жырау, Қалқа Жапсарбаев, Социалистік Еібек Ерлері Нұрмолда Алдабергенов, Зылиха Тамшыбаева сынды күллі қазаққа ортақ тұлғалардың алтын бесігі болған өңірдің бүгінгі жетістіктері көңіл қуантатынын тілге тиек етті:- Жері майса, суы мол, берекесі жарасқан Көксу ауданы тоғыз жолдың торабында, күре жолдың бойында тұр. Бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде көксулықтар экономиканың негізгі салаларында табысқа жетіп, облыстың өркендеуіне үлес қосып келеді. Аудан бойынша өткен 9 айда ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 25,8 млрд. теңгеге, ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 27,6 млрд. теңгеге жетті. Жалпы 2023-2024 жылдары ауданның инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарын салуға, қайта жаңғыртуға және жобалау жұмыстарына облыстық бюджеттен 16 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Ауданның 80 жылдық тарихы – еңбектің, ерліктің, бірліктің тарихы. Бүгінгі тойдың ұрпақ үшін берер тәлімі мол болатыны анық, - дей келе аудан тұрғындарына жылы тілек, жақсы лебізін білдірді.Жерлестеріне Жетісу облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Наурыз Қылышбаев пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек құттықтау сөз арнап, өсу-өркендеу тіледі. Мұнан соң мерейтойға арнап шығарылған «Құтқа құндақталған Көксуым» атты кітаптың тұсауы кесіліп, «Көрікті мекен-Көксуым» атты ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды.Осы күні көпшілік назарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қол күрес, гір көтеру, құнан бәйге, аламан бәйге жарыстары өткізілді.Еске салсақ, Көксу ауданы 1944 жылы 8 мамырда құрылған. Жетісудың солтүстік аймағында қоныс тепкен ауданда 40 мыңға жуық адам тұрады. Облыс орталығын 18 шақырым жерде орналасқан. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотосуреттерді түсірген: Жеңіс Ысқабай.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/872003