Enbekshi QazaQ

Қуқық

«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне шығарылған ауылшаруашылық өнім көлемі 3 жарым мың тоннаға дейін ұлғайды 26.09.2026
Өткен аптадан бері Қазақстанның барлық өңірінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен «Дала дәмі» ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өткен аптада жәрмеңкеде ел бойынша 2 мың тоннадан астам тауар саудаланған. Ал осы демалыс күндері өтетін «Дала дәмі» жәрмеңкесіне шығарылған отандық ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 2 есе артып, 3 жарым мың тоннаға жуық өнім саудалануда.Астана қаласында өтіп жатқан «Дала дәмі» жәрмеңкесіне осы демалыста Абай, Маңғыстау және Алматы облыстарының шаруалары қатысып, өнімдерін ұсынуда. Ал Алматы қаласында бір мезетте 4 нүктеде ұйымдастырылып жатқан жәрмеңкелерде 600 тонна ауылшаруашылық өнімі сатылып жатыр. Елдегі ең үлкен жәрмеңкелердің бірі Шымкент қаласында өтіп жатыр. Онда фермерлер 500 тоннадан астам өнім әкелген.«Дала дәмі» жәрмеңкелерінде етке сұраныс жоғары. Сондықтан шаруалар сиыр, жылқы, қой және құс етінің кең ассортиментін ұсынуда. Мәселен Қарағанды облысындағы жәрмеңкеге 52 тонна сиыр еті сатылуда. Астана қаласында тұрғындар Абай облысының шаруалары әкелген сиыр және жылқы етінің келісін 3500 теңгеден сатып алуда. Өзге өңірлердегі «Дала дәмі» жәрмеңкесіндегі ірі қара мал етінің бағасы да осындай. Мәселен Қостанайдағы жәрмеңкеде сиыр етінің келісі 3200-3500 теңгеден, жылқы мен қой етінің келісі 3000 теңгеден бастап сатылуда.«Дала дәмі» жәрмеңкелері өткен аптадан бастап еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырыла бастады. Жәрмеңкенің басты ерекшелігі – шаруалар ауылшаруашылығы өнімін делдалсыз тікелей сатады. Одан бөлек жәрмеңкеге бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шығарылады. Жәрмеңкедегі орындар шаруаларға тегін беріледі. Баға нарықтағы бағадан кемінде 20 пайызға дейін төмен.Жәрмеңкелер қазақстандықтардың тағатсыздана күтетін сауда форматына айналған. Биылғы қыркүйектен бастап елдегі жәрмеңкелер «Дала дәмі» деген ортақ атаумен ұйымдастырылуда.«Жәрмеңке халық үшін сауданың жақсы орталығы болып тұр. Демалыс күндері келеміз. Бағасы төмен. 5-10 мың теңге болса да үнемдейміз. Сонда халық қаншама қаржысын үнемдеп жатыр», - деді Ақтау қаласының тұрғыны Сәбит Сапарғұл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1299260?lang=ru
Қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті 26.09.2026
Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов оқу-жаттығу барысында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына барды.Кездесулер қаралы көңіл-күйде өтті. Министр қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына шынайы әрі терең көңіл айтты. Ол орны толмас қазаға байланысты отбасылардың қайғысына ортақ екенін жеткізді. Министр жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысын ешбір сөзбен жеңілдету мүмкін емес екенін атап өтті.«Олар біз үшін жай ғана әскери қызметшілер емес – біздің қаруластарымыз, ұлдарымыз бен бауырларымыз. Олардың қазасы – барша Қарулы күштер үшін орны толмас ауыр қаза. Біз туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде олармен бірге боламыз», – деді Қорғаныс министрі.Мейрамбек Бердіханов, Азамат Мәдіхан және Дастан Бегей Жаңаөзен қаласынан, Мирас Тұрдыбекұлы Жетібай ауылынан мерзімді әскери қызметке шақырылған болатын.Қызмет өткеру барысында олар өздерін жауапты әрі тәртіпті әскери қызметшілер ретінде танытып, әскери борыштарын адал атқарды.Министр отбасыларды Қорғаныс министрлігі оларды қайғымен жалғыз қалдырмайтынына сендірді. Оларға жан-жақты көмек пен қажетті қолдау көрсетіледі. Ведомство туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесуді жалғастырып, отбасылармен тұрақты байланыста болады.Қаза болған әскери қызметшілердің есімі туған-туыстары мен жақындарының, қаруластарының және барша Қарулы күштер жеке құрамының жүрегінде мәңгі сақталады. Олардың өмірі мен әскери борышына деген адалдығы ешқашан ұмытылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1299183?lang=ru
Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы аясында кездесті 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы жоғары деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.Тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Ресейдің көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимылына ерекше назар аударды.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1299142?lang=ru
Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері АҚШ-та бас қосты 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 81 сессиясы аясында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты.Ұйымға мүше мемлекеттер Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулары кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты.Қазақстан СІМ басшысы қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында түркі мемлекеттері арасындағы өзара қолдау мен үйлесімді іс-қимылдың маңызы артып келе жатқанын атап өтті.          Отырыс барысында тараптар ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен алдағы міндеттерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, өзара іс-қимылдың практикалық мазмұнын арттыруға және түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сай келетін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өз дайындықтарын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1299118?lang=ru
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды 26.09.2026
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлайды.Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды.Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты, оның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1298869?lang=ru
ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісімен кездесті 26.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының Жоғарғы деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Әкімшісі Александр Де Кроомен кездесті.Кездесу барысында тараптар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған екіжақты және өңірлік өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылады.ҚР Сыртқы істер министрі БҰҰДБ-ға ү.ж. сәуір айында өткен Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыруға және өткізуге көрсеткен белсенді қолдауы үшін алғыс білдірді, сондай-ақ Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығы желісі аясындағы жобаларды жүзеге асырудағы БҰҰДБ-ның маңызды рөлін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар орнықты даму мен өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде жан-жақты әріптестікті одан әрі тереңдетуге өзара бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298690?lang=ru
Қазақстан мен Бенин өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды 25.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Корин Амори Брюне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенин Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Бенин арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298594?lang=ru
Қазақстан мен Непал өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды 25.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек - Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Непал Сыртқы істер министрі Шисир Ханал Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Непал Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерінің өзара сапарларын жеңілдетуге, сондай-ақ Қазақстан мен Непал арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298597?lang=ru
Қазақстан мен Тимор-Лешти дипломатиялық қатынастар орнатты 25.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек - БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Тимор-Лешти Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Бендиту душ Сантуш Фрейтаспен кездесуі өтті.Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды.Тараптар саяси диалогты дамыту, сондай-ақ сауда-экономикалық, білім беру, мәдениет, туризм және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Қазақстан тарапы Тимор-Лештиді АСЕАН-ның 11-мүше мемлекеті ретінде ұйымға қосылуымен құттықтап, екіжақты негізде, сондай-ақ Қауымдастық аясындағы ынтымақтастық шеңберінде өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін білдірді.БҰҰ және басқа да көпжақты алаңдар шеңберіндегі, оның ішінде орнықты даму және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша ынтымақтастыққа  ерекше назар аударылды.Тараптар тұрақты байланыстарды қолдауға және екіжақты қатынастарды дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298601?lang=ru
Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ БА жоғары деңгейдегі аптасының екінші күні аясында бірқатар келіссөздер жүргізді 25.09.2026
Нью-Йорк, 23 қыркүйек — БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясының жоғары деңгейдегі аптасы іс-шараларына қатысудың екінші күнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тлеуберді сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Канада Сыртқы істер министрі Анита Ананд, Иордания Хашимит Корольдігінің Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Айман Сафади, Армения Республикасының Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлумен, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) Президенті Мирьяна Сполярич және Швейцарияның Федералды кеңесшісі, Сыртқы істер министрі Игнацио Кассиспен кездесулер өтті.Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту, саяси диалогты жандандыру және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Қазақстан тарапы өзекті халықаралық күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша серіктестермен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға бейілділігін білдірді.Қазақстан көпжақты диалогты дамыту мен серіктестік байланыстарды нығайтуға ерекше мән бере отырып, БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясының іс-шараларына белсенді қатысуын жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1298547?lang=ru
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР 25.09.2026
Зейнетақы активтерін кім басқарады?Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1298179?lang=ru
Қазақстанның СІМ басшысы бейбітшілік пен қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі талқылауға қатысты 24.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81- сессиясы алаңында  «Бейбітшілік уәдесін қайта растау: мүмкіндіктерді пайдалану» атты жоғары деңгейдегі талқылауға қатысты.Талқылау халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қазіргі сын-қатерлерге, сенімді нығайтуға және шиеленісті азайтуға, сондай-ақ қақтығыстардың алдын алу және шешу үшін БҰҰ құралдарының тиімділігін арттыруға бағытталған. Алдын алу дипломатиясына, медиацияға және БҰҰ мен басқа да халықаралық субъектілер арасындағы серіктестікті дамытуға ерекше назар аударылды.Талқылауға Кения Министрлер кабинетінің Премьер-хатшысы Мусалия Мудавади, Аустралия Премьер-министрі Энтони Албанез, Иордания Премьер-министрінің орынбасары және сыртқы істер және экспатрианттар істері жөніндегі министрі Айман Сафади, Исландия Премьер-министрі Криструн Фростадоттир және басқа да жоғары деңгейдегі үкімет өкілдері қатысты. Талқылауды Халықаралық дағдарыс тобының президенті және бас директоры Комфорт Ээро жүргізді. Қатысушылар БҰҰ-ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлін нығайту және дауларды бейбіт жолмен шешудің қолданыстағы тетіктерін тиімдірек пайдалану мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297715?lang=ru
ХГҚ жөніндегі жаһандық бастаманың құрылтайшы мемлекеттері Иорданиядағы конференцияға дайындықты талқылады 24.09.2026
Нью-Йорк, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Халықаралық гуманитарлық құқыққа (ХГҚ) саяси бейілділікті нығайту жөніндегі жаһандық бастаманың құрылтайшы мемлекеттері – Қазақстан, Бразилия, Иордания, ҚХР, Франция және Оңтүстік Африка сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Президенті с Президентом Международного Комитета Красного Креста (МККК) Мирьяна Споляричпен бірлескен кездесуіне қатысты.Қатысушылар 2026 жылғы 7 желтоқсанда Иорданияда өтетін «Соғыс жағдайындағы ізгілік» атты жоғары деңгейдегі конференцияға дайындықты талқылады. Басты назар Бастамаға халықаралық қолдауды кеңейтуге, Конференцияға өкілдікті қатысуды қамтамасыз етуге, құрылтайшы мемлекеттердің алдағы іс-қимылдарын үйлестіруге, сондай-ақ қорытынды саяси декларацияны әзірлеуге аударылды.Қазақстанның Сыртқы істер министрі халықаралық гуманитарлық құқық ешқандай таңдамалылықсыз және саясаттандырусыз – әмбебап, дәйекті әрі адал қолданылуы тиіс. Оның шынайы тиімділігі бейбіт тұрғындарды, медициналық және гуманитарлық персоналды қорғауды, өмірлік маңызы бар азаматтық инфрақұрылымның қауіпсіздігін және мұқтаж жандарға көмектің кедергісіз жеткізілуін қаншалықты қамтамасыз ететіндігімен айқындалатынын айтып өтті.СІМ басшысы Қазақстан диалог мәдениетін, дауларды бейбіт жолмен реттеуді және инклюзивті көпжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде ілгерілетіп келе жатқанын әрі бұл Бастаманы қолданыстағы халықаралық міндеттемелерді іске асыруға жәрдемдесетін практикалық тетік ретінде қарастыратынын жеткізді.Кездесу қорытындысы бойынша құрылтайшы мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары мен ХҚКК Президенті баспасөзге арналған бірлескен мәлімдеме жасады. Тараптар халықаралық қоғамдастықты Бастамаға қосылуға, ХГҚ сақталуын нығайту жөніндегі күш-жігерді жандандыруға және Иорданиядағы Конференцияға жоғары деңгейде қатысуды қамтамасыз етуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297686?lang=ru
«Айбалта-2026»: Құрлық әскерлері оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірлігін тексерді 24.09.2026
Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығының полигонында Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері бөлімшелерінің қатысуымен өткен «Айбалта-2026» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды.Оқу-жаттығу барысында бөлімшелер марш жасап, барлау жүргізу және шартты қарсыласты атыспен жою жөніндегі міндеттерді орындады.Әскери маневрлер командирлер мен басқару органдарының бөлімшелердің іс-қимылын жоспарлау және үйлестіру дағдыларын жетілдіруге бағытталды.– Оқу-жаттығу жеке құрамның даярлық деңгейін, бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылын және олардың түрлі жағдайда қойылған міндеттерді орындауға әзірлігін бағалауға мүмкіндік берді. Әрбір кезең – практикалық тәжірибе жинақтап, оқытылатын әскери қызметшілердің кәсіби машықтарын жетілдіруге және өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға жасалған мүмкіндік. Алынған тәжірибе әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттырудың негізіне айналатынына сенімдімін, – деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Ибатулин.Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді орындауда ерекше көзге түскен әскери қызметшілер Құрлық әскерлері бас қолбасшысының атынан грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында 31775 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Иван Помигалов та бар.– Мұндай оқу-жаттығулар өзіңді нақты жағдайға жақын ортада сынауға, тың тәжірибе жинақтауға және әлі де жетілдіруді қажет ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда тәртіп, төзімділік және бүкіл ұжымның үйлесімді әрекеті ерекше маңызды. Марапатқа ие болу мен үшін үлкен құрмет әрі қызметімді жалғастырып, кәсіби дағдыларымды жетілдіруге және қойылған міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындауға ынталандырады, – деді сарбаз.«Айбалта» оқу-жаттығуы жеке құрамның даярлық деңгейін бағалауға және жауынгерлік әзірлікті, кәсіби машық пен бөлімшелердің үйлесімділігін одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1297665?lang=ru
АҚШ сарапшылары Қазақстандағы саяси реформалармен экономикалық жаңғыру үрдістерімен танысты 24.09.2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы өкілі Ержан Қазыхан америкалық сарапшылық және іскерлік қауымдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шараны ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі «Atlantic Council» ой-талқы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.Талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістер, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективалары болды.Е.Қазыхан елдің экономикалық жаңғыруының негізгі бағыттары, көлік және цифрлық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Қазақстанның жаһандық өндірістік тізбектерге неғұрлым терең интеграциялануы туралы баяндады. Осы тұрғыда АҚШ-пен энергетика, аса маңызды минералдар, жасанды интеллект және озық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары, сондай-ақ Орта дәлізді одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.Арнайы өкіл Қазақстанның әлемдегі ең ірі уран өндіруші және осы шикізатты америкалық нарыққа жеткізуші негізгі елдердің бірі ретінде АҚШ-пен бүкіл өндірістік тізбек бойынша, оның ішінде шикізатты өндіру мен өңдеуден бастап, қосылған құны жоғары өнім шығаруға, технологиялар трансферіне және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға дейінгі ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылығын атап өтті.Елдегі саяси жаңғыру туралы айта келе, Е.Қазыхан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатқан институционалдық реформаларға, сондай-ақ жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституцияның негізгі ережелеріне тоқталды.Іс-шара қорытындысы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтіп, оның барысында қатысушылар Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297650?lang=ru
Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды 24.09.2026
Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба іске қосылды. Еңбекшіқазақ ауданында бой көтерген «QazEcoDan» заманауи кешені дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тазарту, кептіру және сақтау процесін іске асырады. Қазірдің өзінде кешенде 30 мың тонна өнім сақтауға мүмкіндік бар.Өндірісте Германиядан жеткізілген технологиялық жабдықтар пайдаланылса, астық сақтауға арналған силостар Испаниядан әкелінген. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл астықты тиімді кептіруге және өнім сапасын ұзақ мерзім бойы сақтауға мүмкіндік береді.Заманауи кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қатысты.Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов жаңа жобаның ауыл шаруашылығы мен аймақтың экспорттық әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемін ұлғайтуға және инвестиция тартуға басымдық беріп келеді. Бүгін ашылған кәсіпорын осы міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған. Ауданның аграрлық саласын дамытуға үлес қосқан инвесторлар мен жұмысшыларға ризашылығымды білдіремін. Жоба ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы.Кешеннің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын теміржол желісін салу жоспарланып отыр. Бұл астық тасымалын оңтайландырып, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақта кешенде өңделіп, сақталған дәнді дақылдарды Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және өзге де елдерге экспорттау жоспарлануда.Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның жалпы құны – 21 млрд теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1297505?lang=ru
Қазақстан мен Ұлыбритания парламенттік және екіжақты өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады 24.09.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қауымдар палатасының Қорғаныс жөніндегі арнаулы комитетінің төрағасы Тан Дэси бастаған Парламентаралық одақтың Британ тобының парламенттік делегациясымен кездесу өткізді. Кездесуге Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасы мен Лордтар палатасының мүшелері де қатысты.Әңгімелесу барысында тараптар парламентаралық диалогты дамытуға және жақында ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Біріккен Корольдік арасындағы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іс жүзінде іске асыруға ерекше назар аудара отырып, Қазақстан–Ұлыбритания ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.А. Исетов екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі ретінде парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда ол Қазақстан Республикасының Құрылтайы мен Ұлыбритания Парламентінің депутаттары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтудің және екіжақты әрі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша тұрақты пікір алмасуды жалғастырудың мәніне тоқталды.Тараптар Мемлекет басшысы жүргізіп жатқан конституциялық реформаларды талқылап, Қазақстан–Ұлыбритания әріптестігінің қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.Кездесу Астана мен Лондон арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, парламентаралық байланыстарды нығайтуға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша сындарлы саяси диалогты жалғастыруға екі тараптың да мүдделі екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297654?lang=ru
Қызылорда қаласын аяқсумен қамту мәселелері қаралды 24.09.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда Қызылорда қаласын аяқсумен қамтудың және суару жүйесінің қазіргі жағдайы, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.«Су ресурстарына толық талдау жүргізіп, қалаға қажетті көлемді нақтылап, келесі жылға су беру мүмкіндігін қарастыру маңызды. Әуежай маңы мен Белкөл кентіне кіреберіс аумақтардағы жасыл белдеуге аяқсу тұрақты берілуі және тал отырғызылуы керек.Арық жүйелерін толық түгендеп, су жетпейтін учаскелерге қатысты нақты жобалық және қаржылық ұсыныс енгізіңіздер. Аяқсумен қамтылған аумақтарды кезең-кезеңімен ұлғайту үшін нақты жоспар әзірлеңіздер. Көшет отырғызу және оларды суаруды ұйымдастырыңыздар», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.Бүгінде қала аумағына аяқсу 15 нүктедегі 22 насос қондырғысы арқылы беріледі. Оның 4-еуі биыл орнатылған. Арық жүйелерінің жалпы ұзындығы 98,8 шақырым, 68 көшені қамтиды. «Жібек жолы», «Сарқырама» және «Қызылжарма» каналдары арқылы 14,4 шақырымдық үлкен лоток жүйесі, 39 көшеде 68,6 шақырым болатын кіші лотоктар, ал 26 көшеде 15,8 шақырымдық лотоксыз арық жүйесі бар. Қала ішіндегі арықтарға су 6 аумақтағы насос қондырғылары арқылы таратылады.Алдағы уақытта №217 мектеп ауласындағы су ұңғымасы жөнделіп, қайта іске қосылады. Бұл Қорқыт ата көшесінің бір бөлігіне аяқ су жеткізуге мүмкіндік туғызады. Аяқсу жеткізілген аумақтарды көгалдандыру мақсатында М.Шоқай, Қожа Ахмет Яссауи және Д. Қонаев көшелерінің бойына көшет отырғызылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1297356?lang=ru
ҚР СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 81- сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді 24.09.2026
БҰҰ Бас Ассамблеясының 81- сессиясының жоғары деңгейлі аптасының бірінші күнінде ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар екіжақты кездесулер өткізіп, көпжақты іс-шараларға қатысты.Сессия барысында Венгрия Сыртқы істер министрі Анита Орбан, Молдова Сыртқы істер министрі Михай Попшой, Польша Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский, Словения Сыртқы істер министрі Тоне Кайзер, Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига және Эль-Сальвадор Сыртқы істер министрі Александра Хилл Тинокомен келіссөздер өткізілді. Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері, саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту перспективалары талқыланды, сондай-ақ негізгі халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.БҰҰ Сауда және даму жөніндегі комиссиясының (ЮНКТАД) Бас хатшысы, БҰҰ Бас хатшысы лауазымына кандидат Ребекка Гринспан мен ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Ананимен жеке кездесулер өтті.Тараптар көпжақты ынтымақтастықты нығайту, халықаралық институттардың тиімділігін арттыру және Қазақстанның БҰҰ құрылымдарымен өзара іс-қимылын жалғастыру мәселелерін талқылады.Көпжақты бағдарлама аясында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы БҰҰ-ның даму перспективаларына және оның қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге бейімделуіне арналған «Renewal and Focus: The UN We Need 5 Years from Now» атты министрлік кездесуге қатысты.Бірінші күннің маңызды нәтижесі Қазақстан Республикасы мен Орталық Африка Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы болды. Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты байланыстарды дамытуға және халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылға деген өзара мүдделерін растайтын тиісті Бірлескен коммюникеге қол қойды.Бірінші күннің тығыз  бағдарламасы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге, көпжақты дипломатияны нығайтуға және БҰҰ шеңберіндегі  өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарын іс жүзінде жүзеге асыруды жалғастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1297313?lang=ru
Армия спортшысы Әсем Орынбай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының жүлдегері атанды 24.09.2026
Азиада-2026 аясында Айти префектурасы мен Нагоя қаласында стенд атудан әйелдер арасындағы жарыстар аяқталды.«Скит» жаттығуында Қазақстан намысын армиялық спортшы сержант Әсем Орынбай, сондай-ақ ұлттық құрама мүшелері Зоя Пискун мен Адель Садақбаева қорғады.Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 274 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Алтын медальді 287 ұпай еншілеген Қытай спортшылары жеңіп алса, 266 ұпай жинаған Үндістан құрамасы қола жүлдеге ие болды.Сонымен қатар жеке есептегі «скит» жаттығуында ұлттық құраманың көшбасшысы Әсем Орынбай финалда 28 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды. Бұл сында Қытай спортшысы жеңімпаз атанса, Таиланд өкілі күміс медальді иеленді.Армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі сержант Әсем Орынбайдың бұл жетістігі жоғары шеберлігі, табандылығы мен мақсатқа ұмтылысының нәтижесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1297225?lang=ru