Қуқық
Облыста 26,1 шақырым жылу желісінде жұмыстар аяқталды 16.11.2024
2024 жылы облыста жалпы сомасы 18,5 млрд теңгеге жылумен қамтуды дамытудың 28 жобасы жүзеге асырылуда. Осының аясында 37,9 шақырым жылу желісі мен 17 жылу көзін салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 26,1 шақырым жылу желісінде жұмыс аяқталды, бұл осы жылдың жоспарының 100 пайызын құрайды.2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық үшін «Біріккен Энергосервис Компаниясы» АҚ 712,9 шақырым электр желілерін, сондай-ақ 15 қосалқы станция мен 105 трансформаторлық пунктті жөндеуді аяқтады. Сондай-ақ 24,1 шақырым су құбыры желілерінде жөндеу жүргізіліп, жоспар толығымен орындалды.Облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету де бақылауда: қазір қажетті көлемнің 51 пайызы дайындалды, яғни 567,9 мың тоннаның 290 мың тоннасы дайын. Көмір барлық сауда нүктелеріне күн сайын жеткізіліп отыр. Оның қоры 15,3 мың тоннаны құрайды. Облыстың жылу көздерінде қазіргі уақытта 119 мың тонна көмір жинақталған, бұл қажетті 595 мың тоннаның 20 пайызын өтеп, әрбір жылу көзі 10 күн бұрын нормативті қормен қамтамасыз етілген. Жылумен қамтамасыз ету шаралары бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/874174
Облыс әкімі «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпаздарымен жүздесті 16.11.2024
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев пен турнирдің қола жүлдегері Саят Шәмшиевпен жүздесті. Бұл турнир еліміздің үздік балуандарының басын қосқан дүбірлі дода болды. Жерлестеріміз осы жарыста топ жарып, облысымыздың абыройын асырды.Кездесуде аймақ басшысы балуандарға жеңісі үшін алғыс білдірді. Олардың жеңістері тек спорттық жетістік ғана емес, жастарды қиындықты жеңе білуге шабыттандыратын лайықты үлгі екенін атап өтті. Спортты дамытуға және ұлттық күресті насихаттауға қосқан үлесі үшін демеушілер атынан қос спортшыға темір тұлпар табысталды. Ал Ерасыл Қажыбаевқа үш бөлмелі пәтердің сертификаты берілді.«Мен бұл турнирге алтыншы рет қатысып отырмын. Көп дайындалдық, жеңісті Абай облысына алып келу үлкен мәртебе. Жеңісімді туған жеріме, жерлестеріме арнаймын. Алдағы жылғы жарысқа да тыңғылықты дайындаламын», — деді Ерасыл Қажыбаев.Биылғы турнирға Қазақстанның барлық өңірлерінен 42 үздік балуан қатысты. Қатысушылар қатарында былтырғы чемпион және "Әскер барысының жеңімпазы да болды.Қазақстандық жанкүйерлерге самбо, дзюдо күресімен танымал Ерасыл Қажыбаев халықаралық аренада айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Оның қоржынында дзюдодан кадеттер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаттарындағы жүлделі орындар, Джакартадағы 2018 жылғы Азия ойындарындағы командалық жарыстардың күміс медалі, сондай-ақ 2017 жылы самбодан Азия чемпионы және 2016 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегері сынды атақтары бар.Турнирдің қола жүлдегері, «Болатшы» лақап атымен өнер көрсеткен Саят Шәмшиев те білекті балуан. Саят - Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдодан Қазақстан чемпионы және самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/874182
69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізілді 16.11.2024
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамалық талаптарын сақтау бойынша профилактикалық бақылау жүргізді.Бақылау шараларының нәтижесінде 16 білім беру ұйымында анықталған бұзушылықтар толық жойылды, ал 37 ұйымда оны жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.«Бұзушылықтарды жоюға білім беру ұйымдарының басшылары ғана емес, тиісті басқару органдары да жауапты. Бақылау іс – шаралары шеңберінде Министрлік тарапынан ұйымдарға білім беру саласындағы заңнама нормаларын қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді», – деп атап өтті Комитеттің бас сарапшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева.Ағымдағы жылдың соңына дейін бақылау іс-шаралары https://rchl.govtec.kz/.сайтында орналастырылған жартыжылдық тізімге сәйкес еліміздің тағы 50 білім беру ұйымында өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/873853
Оқу-ағарту министрі мәслихат депутаттарымен кездесті 16.11.2024
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Мәслихат депутаттарының кеңесі құрылды. Бұл білім саласындағы мәселелерді кеңесіп шешуге бағытталған консультативтік-кеңесші орган. Оған барлық деңгейдегі мәслихаттардан 190-ға жуық депутат енді. Халық қалаулыларымен кездесуде Оқу-ағарту министрі мұндай кеңестің құрылуы жергілікті жерлерде мемлекет бастамаларының тиімді жүзеге асуына ықпал ететіндігіне сенімділік білдірді.«Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының екінші республикалық форумында Мемлекет басшысы түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда оқу-ағарту жүйесінде 23 мыңға жуық білім беру ұйымында 6 млн-ға жуық бала білім алып, 578 мың педагог еңбек етуде. Сондықтан әр өңірдегі мәслихаттармен тығыз қарым-қатынас орнату жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізеді. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, күш біріктіруіміздің арқасында ең басты мақсат - білім сапасын арттыруға қол жеткіземіз деп сенемін», - деді Ғани Бейсембаев. Сондай-ақ жиын барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру инфрақұрылымын жақсарту, техникалық және кәсіби білім беруді трансформациялау мәселелері қаралды. Депутаттар өздерінің көкейтесті сауалдарына да толыққанды жауап ала алды. Атап өту керек, алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін кеңес отырыстарында еліміздің білім беру стандарттарын жақсарту және жаңа тәсілдерді енгізуге ықпал ететін өзекті тақырыптар талқыланып, ұсынымдар әзірленетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/873874
Педагогтерге тегін біліктілікті арттыру курсына тіркелу жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ соңғы үш жылдағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының курстарында педагогтерді оқыту бойынша статистиканы ұсынамыз. 16.11.2024
Суретті жылжытыңыздар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/874145
Дармен Сәдуақасов Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесін басқарды 16.11.2024
Кезекті отырыс барысында Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрағасы лауазымына оның қазіргі мүшесі Дармен Сәдуақасов сайланды. Бұрын осы лауазымды атқарған Алмас Чукин 2024 жылғы 6 қыркүйекте өз өкілеттігін тоқтатты. Кеңестің жаңа құрамы 15 мүшеден тұрады.Сондай-ақ, отырыста жекешелендіру процесінің әдіснамалық негізін жетілдіру мәселелері мен «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының іске асыру барысы қаралды.ҰЭМ Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры Жадыра Темірбаева мемлекеттік активтерді басқару саласындағы өзекті мәселелердің бірі жекешелендіру процесінің әдіснамалық негізін жетілдіру болып табылатынын атап өтті.«Мемлекет жеке сектормен бәсекеге түспеуі керек, осыны ескере отырып, экономиканы ырықтандыру шеңберінде мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының тұжырымдамалық тәсілдері айқындалды, Ұлттық жекешелендіру кеңсесі құрылды, оның міндеті жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтердің тізбесін қалыптастыру болып табылады», - деді ол.ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Мирас Зеріпбаев Ұлттық экономика министрлігі 2023 жылдан бастап салалық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп іске асырып келе жатқан «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы айтып берді.«Бағдарлама салаға жаңа инвестицияларды ынталандыру арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған. Жаңа тарифтік саясатты жүзеге асыру 2029 жылға дейін жалғасады. Бұл ретте біз түпкілікті тұтынушылар үшін тарифтердің күрт көтерілуіне жол бермеудің барлық шараларын қолданып жатырмыз», - деді М.Зерипбаев.2023 жылы 267 млрд теңге инвестиция тартылды, 5,8 мың км инженерлік желі жөнделді, желілердің тозуы 3,2%-ға төмендеді. 2024 жылға 6,5 км инженерлік желілерді жаңғырту үшін шамамен 336,3 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отыр, бұл тозу деңгейін тағы 3%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/861631
Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді 16.11.2024
2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (ШОК) келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ШОК субъектілерінің залалды өтеу туралы өтінімдерін қабылдау және қарау бойынша жұмыс жүргізуде.Кәсіпкерлердің мүліктік шығындарын өтеу үшін Үкімет резервінен 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.2024 жылдың 1 қазанына ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім келіп түскен. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды, оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді.30 өтінім бойынша өтемақы төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданды. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыстар жалғасуда, олар аяқталғаннан кейін өтінімдер Өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылатын болады.Өтінімдердің басым бөлігі Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облыстарынан келіп түсті. Батыс Қазақстан облысынан 87 өтінім, Қостанай облысынан 68 өтінім, Ақтөбе облысынан 51 өтінім, сондай-ақ Ақмола облысынан 28 өтінім келіп түскен.Еске сала кетейік, Қағидаларға сәйкес жоғалған мүліктің (ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың) құны, тауарлық-материалдық құндылықтардың құны, зақымдалған ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстарының құны өтелуге жатады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/861847
Атырауда жаңа Салық кодексінің жобасындағы негізгі өзгерістер талқыланды 16.11.2024
ҚР Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексіндегі нормаларды талқылау мақсатында өңірлерде бизнес өкілдерімен кездесулерді өткізуді жалғастырып келеді. Бұл жолы Қаржы министрі Мәди Такиев бастаған делегация Атырау облысына болды. Аталған өңір кездейсоқ таңдалған жоқ. Неге десеңіз, 2023 жылы еліміздегі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 24% Атырау облысына тиесілі болды. Сонымен қатар өңір инвестиция тарту бойынша республикалық рейтингте көшбасшы орынға ие.Облыс орталығында өткен кездесуге халықаралық және отандық мұнай компанияларының өкілдері мен Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының кәсіпкерлері қатысып, оның барысында мұнай саласына салық салу мәселесі пысықталды. Бұл орайда Қаржы министрі Мәди Такиев, Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин және ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржанов Парламент Мәжілісінің қарауында жатқан Салық кодексіндегі жаңашылдықтар туралы айтып берді. Кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев та қатысқанын айта кетейік.«Мұнай саласы бюджет түсімдерінің едәуір үлесін қамтамасыз ете отырған ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болып саналады және солай болып қала беретіні күмәнсіз. Біздің мақсатымыз – барлық тараптың: мемлекеттің, бизнестің және тұтастай қоғамның мүдделерін ескеретін салық салу жүйесін құру. Алдымызда саланың орнықты дамуына ықпал ететін, инвестицияларды ынталандырып, инновациялық технологияларды енгізетін тиімді және әділ салық жүйесін құру бойынша міндеттер тұр», деді Мәди Төкешұлы.Ведомство басшысы жаңа Салық кодексінің жобасында салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер саны азаятынын атап өтті. Маңызды фискалды қайтарымсыз төлемдерді алып тастау және олардың кейбірін біріктіру жоспарланған. Жүйелік шаралар ретінде салықтық жеңілдіктер ұғымын нақты реттеу ұсынылып отыр.Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин жаңа өндірістерге инвестицияларды ынталандырумен қатар Салық кодексінің жобасы ескі сарқылып жатқан кен орындарындағы өндірісті қолдауға бағытталғанын айтты.«Мұнай-газ және тау-кен салалары бюджет кірістерінің көп бөлігін қамтамасыз ететінін ескере отырып, жаңа шаралар бюджетке түсетін түсімдерді, сондай-ақ жұмыс орындарын тұрақты ұстауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыс істеп тұрған немесе жаңа кен орындарын барлау әлеуеті бар өңірлерді дамыту үшін маңызды», деді вице-министр. Ал Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржановтың айтуынша, жаңа Салық кодексінде жоспарлы тексерулерді жүргізу тәртібі өзгертілді. Мұндай іс-шараларды тағайындау салық төлеушінің қызметін талдау қорытындылары бойынша жүргізілетін болады. Сонымен қатар тексерулер электронды форматқа ауыстырылады.«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың стратегиялық маңыздылығы туралы айтылғаны белгілі. Сондықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және ашықтықты қамтамасыз ету үшін Қаржы министрлігі салық саласындағы процестерді электронды форматқа көшіруді жеделдетуді қолға алды», деп қорытындылады Мәди Такиев.Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар тек нәтижелі диалог қана жаңа Салық кодексінің жобасына салық салу мен мұнай-газ саласын әкімшілендіру бойынша тиімді тәсілдерді енгізуге мүмкіндік беретінін түсінді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/863238
Сенатта орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысы өтті 16.11.2024
Шара барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елдегі гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша Үкіметтің жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.Н. Байбазаров өз сөзінде атап өткендей, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету экономиканың өсуіне және жалпы қоғамның дамуына оң әсер етеді.«2024 жылы ШОБ-тағы әйелдердің үлесі 50,4%-ды, мемлекеттік қызметтегі үлесі 56%-ды құрады. Мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарындағы әйелдердің үлесін кезең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыру бойынша шаралар қабылдануда», - деді вице-премьер.Оның айтуынша, әйелдердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Еңбек кодексі еңбек саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығын қамтиды.Үкімет бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қажетті мемлекеттік қолдаудың ауқымды шараларын қабылдауда. 2021-2023 жылдар аралығында әйелдерге қатысты сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 33 мың жоба, кредиттерге кепілдік беру бойынша 23 мың жоба қолдау тапты.Сонымен қатар, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлік институты белсенді дамып келеді. Мониторинг көрсеткендей, әлеуметтік кәсіпорындардың шамамен 80%-ын әйелдер басқарады.«Балалы отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі қолдаудың ұлттық моделі құрылды», - деп түйіндеді сөзін Байбазаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/864833
9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4%-ға өсті 16.11.2024
Үкімет отырысында ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары қаралды.Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров есепті кезеңде экономиканың өсімі 4% -ды құрағанын баяндады. Нақты секторда оң динамика 5%-ды, қызмет көрсету саласында 3,8%-ды құрады.Салалар арасында ең жоғары өсуді ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы көрсетіп отыр.Көлік қызметі 8,0%-ға, байланыс 6,4%-ға, сауда 6,3%-ға, өңдеу өнеркәсібі 4,8%-ға өсті.Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6%-ды құрады. Инвестиция көлемі байланыста 81,7%-ке, білім беруде – 79,3%-ке, көлікте – 31,1%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 6,3%-ке, денсаулық сақтауда – 4,8%-ке өсті.Қаңтар-тамызда еліміздің сыртқы сауда айналымы $91,7 млрд-ты құрады. Экспорт $53,5 млрд-ты, оның ішінде өңделген тауарлардың экспорты $17,8 млрд-ты, импорт $38,1 млрд-ты құрады. Жалпы алғанда, ҚР-ның оң сауда балансы $15,4 млрд-қа тең.Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу қарқыны сақталуда. Өндіріс көлемі 4,8%-ға, тау-кен өнеркәсібінде 1,2%-ға өсті.Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішінен 6,2%-ға артық.Ауыл шаруашылығы өсудің белсенді кезеңіне өтті. Дәнді дақылдарды жинаудағы үдемелі қарқынның арқасында сала өндірісінің көлемі 11,4%-ға ұлғайды. Өсімдік шаруашылығының өсім 17,8%-ды құрады.Н. Байбазаровтың айтуынша, экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай шараларға баса назар аударуы қажет:1.Игеру сомаларын қатаң бақылауға алып, инвестициялық бюджеттердің игерілуін қамтамасыз ету;2.Жылдың соңына дейін мұнай өндірудің жоспарланған көлемін қамтамасыз ету;3. «Самрұқ-Қазына» холдингі отандық өндірушілердің тауарларын компания тобымен сатып алуын ұлғайтуды қамтамасыз етсін;4. Астық жинауды толық көлемде аяқтау, «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамы және мүдделі мемлекеттік органдар астықты, оның ішінде экспортқа үздіксіз тасымалдау мен өткізуді қамтамасыз етсін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/864933
Астанада БҰҰ басшылық қағидаттарын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметте адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті 16.11.2024
ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбыловтың төрағалығымен өткен шараға жеке сектор, кәсіподақтар, азаматтық қоғам және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Э. Жамбылов өз сөзінде атап өткендей, кәсіпкерлік қызметтегі адам құқықтарын қорғау мәселелері жай ғана формальдылық емес, қазіргі заманның нақты қажеттілігі болып табылады. Қазақстан жаһандық процестер мен халықаралық бастамалардың қатысушысы ретінде осы бағытта бірқатар қадамдар жасады.«Біз БҰҰ-ның бизнес және адам құқықтары жөніндегі нұсқаулықтарын қоса алғанда, халықаралық стандарттарды ұстануға міндеттеме аламыз. Бұл қағидаттар кәсіпкерлік қызметтің экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, сонымен қатар әділ, қауіпсіз және инклюзивті қоғам құруға ықпал етуіне негіз болады», - деп атап өтті ол.Қатысушылар қазақстандық кәсіпорындар тап болатын адам құқықтары саласындағы негізгі сын-қатерлерді, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы, құқық қорғау стандарттарын корпоративтік процестер мен рәсімдерге интеграциялау мәселелерін талқылады.Жұмыс тобы өз жұмысын жалғастырады. Келесі отырыс биылғы жылдың қараша айында өтеді, онда салалық және тақырыптық талқылаулар болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/865764
Жасыл қаржы жөніндегі кеңес, Орталық банктер Кеңесі және «TURAN» АЭА ашу: Түркі мемлекеттері ұйымының кездесуінде Қазақстан қандай бастамаларды алға тартты 16.11.2024
Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы елдердің экономика және сауда министрлерінің 13-ші кездесуі өтті. Оған Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Мажарстаннан келген делегациялар қатысты.Кездесудің басты тақырыбы ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуы мен ынтымақтастығын одан әр нығайту мәселелері болды.Вице-премьер Қазақстан түркі интеграциясының дамуына ерекше мән беретінін және бауырлас мемлекеттердің бастамалары мен сындарлы ұсыныстарын әрқашан құптайтынын атап өтті.«ТМҰ аясында құрылған Түркі инвестициялық қоры экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, елдеріміздің қарқынды өсуі мен өркендеуі үшін капиталдарды, технологиялар мен таланттарды тартуға деген ортақ ұмтылысты айғақтайды», — деді Нұрлан Байбазаров.ТМҰ елдерінің барлық министрлері Қазақстанның ТМҰ Жасыл қаржы жөніндегі кеңесін, сондай-ақ ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Орталық (ұлттық) банктер Кеңесін құру туралы бастамаларын қолдады.ТМҰ экономика және сауда министрлерінің келесі кездесуі Түркістанда өтеді. Онда Қазақстанның барлық ТМҰ елдері қолдаған тағы бір бастамасы «TURAN» арнайы экономикалық аймағын ашу жоспарланып отыр.Анықтама: Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылғы 3 қазанда құрылды. 2021 жылы Кеңес Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып қайта құрылды.2024 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен ТМҰ елдері арасындағы өзара сауда көрсеткіші $7,2 млрд-ты құрады.2024 жылы ТМҰ-ның аясында Түркі инвестициялық қоры яғни, түркі әлемі елдері экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты құрылды.Түркі интеграциясы транзиттік-көлік мәселелерінен бастап, экономика, экология, ғылым, білім, өнер, туризм, спорт пен гуманитарлық салаға дейінгі ынтымақтастықтың кең ауқымын қамтиды.Қазіргі уақытта ұйымға 5 мүше және 2 бақылаушы мемлекет кірген. Оған мүше мемлекеттер: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан. Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Түрікменстан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/867935
Астанада жыл сайынғы «Бір ауыл – бір өнім»республикалық көрмесі өтуде 16.11.2024
Бүгін Қазмедиа орталығының алаңында «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жыл сайынғы республикалық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 22-24 қазан аралығында болатын көрмеге 40-тан астам өндіруші қатысуда.Жобаның негізгі мақсаты – жергілікті ресурстардан бірегей өнімдер өндіріп, оларды ішкі әрі сыртқы нарықтарға ілгерілету болып табылады.Шара барысында сөз алған Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов жоба 2021 жылы Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен және халықаралық даму институттарының қаржыландыруымен іске қосылғандығын атап өтті.Сонымен қатар, ол жобаның пилоттық режимде Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында басталғанын, қазіргі уақытта республика бойынша іске асырылып жатқанын айтты.Соңғы екі жылда, аймақтық деңгейден бастап, көрмелерге1300 өндіруші қатысты, олардың арасынан 131 финалист іріктелді. Қатысушылардың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратын әйелдер, олар тамақ, текстиль және денсаулық тауарларын өндіреді.Сондай-ақ, Құдайбергенов биылдан бастап өнімдерді одан әрі дамыту мақсатында 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар тек әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және жоба финалистеріне берілетінін хабарлады.«Бұл жобаны жүзеге асырудағы бірлескен күш-жігеріміз маңызды нәтижелерге жеткізе беретіндігіне және өңірлеріміздің өркендеуіне септігін тигізетініне сенімдімін», — деп қорытындылады вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/869721
Үкіметте экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар талқыланды 16.11.2024
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте Қазақстан экономикасын ырықтандыруға қатысты Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру барысы қаралды. Отырысқа орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері қатысты.Жарлықта көрсетілген 36 іс-шарасының 24-ін биыл аяқтау жоспарлануда.Атап айтқанда, Ұлттық экономика министрлігі квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізді, "Самұрық-Қазына" Қорының директорлар кеңестерінің құрамын қалыптастыру тәртібі қайта қаралды, оның Корпоративтік басқару кодексі өзектендірілді, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін нарықтық емес жағдайларда Ұлттық қордан мемлекеттік қаржыландыруды тартуға тыйым салынды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне, бәсекелестікті дамытуға және бизнесті дамытуға және кеңейтуге ынталандыруға ықпал ететін квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесінің жаңа форматын қабылдады.Нұрлан Байбазаров кеңес барысында Мемлекет басшысының Жарлығының барлық бағыттарын мүлтіксіз орындаудың маңызын атап өтті.«Ырықтандыру жөніндегі шараларды уақтылы және сапалы іске асыру экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін түбегейлі қысқартуға, еркін бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін кедергілерді жоюға мүмкіндік береді», — деді вице-премьер.Кеңес қорытындысы бойынша Нұрлан Байбазаров жауапты мемлекеттік органдарға ұсынылған шаралардың жан-жақты пысықталуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/869847
Жібек жолы ауылын көгалдандыру 16.11.2024
2024 жылдың 24 қазаны, Астана. Қазақстан Республикасының күніне орай елімізде экологиялық жағдайды жақсартуға және қалаларды, ауылдарды жасылдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында ауқымды ағаш отырғызу акциясы жалғасуда.Бүгін Жібек Жолы ауылында ағаш көшеттері, оның ішінде сибирлік алма, дөңгелек жапырақты ырғай және мойыл сияқты 1000 көшет отырғызылды. Көшеттерді «Жасыл Аймақ» РМК ұсынды, бұл мекеме еліміздің басқа да елді мекендерін жасылдандыруға белсенді қолдау көрсетіп келеді.Акцияға жергілікті атқарушы орган өкілдері, депутаттар, мектеп оқушылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Ағаш отырғызу туған жерге деген қамқорлық пен бірліктің символына айналды. Еліміздің басқа аймақтарында мектептерде табиғатқа құрмет сезімін дамыту мақсатында ағаш отырғызу шаралары өтті.Оған дейін «Таза Қазақстан» аясында Астанада 3600 ағаш отырғызылған болатын. Сондай-ақ, қаладағы Ботаникалық бақ аумағында мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне 2500-нан астам көшетті тапсыру жоспарланған, оларды тұрғын үйлердің ауласында отырғызатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/871377
Көшерттерді беру 16.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ алдағы «Республика күні» ұлттық мерекесі қарсаңында ормандарды сақтау және жаңғырту идеясын қолдау, елімізді көгалдандыру мақсатында алғашқы рет Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне алма, мойыл және ырғай көшеттерін тұрғылықты жері бойынша аулаларында отырғызу үшін берілді.Бұл игі бастама еліміздің барлық азаматтары үшін елді мекенді көгалдандыру идеясын қолдауға ғана емес, экологиялық білімдерін жетілдіруге назарын аударады деп үміттенеміз.Туған өлкенің жасылдарын сақтау және молайту барлық қазақстандықтардың парызы болып табылады.Көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 19 қазанында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Парламенті Аппаратының және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері Астана қаласының «Ғашықтар саябағы» аумағында ағаш отырғызуға қатысты.Аталмыш шара барысында жалпы саны 500 дана ағаш отырғызылды: оның ішінде 150 данадан алма, мойыл, ырғай ағаштары болса, 50 дана тал отырғызылды.Ағаш отырғызу бұрын білім беру мекемелерінде де болған. Астана қаласында 60 мектепте, 40 балабақшада және 8 жайлы мектепте бір мектепке 25 данадан, балабақшаға 15 дана және жайлы мектептерге 50 көшеттен отырғызылды.Бүгін Жібек Жолы ауылында ағаш көшеттері, оның ішінде сибирлік алма, дөңгелек жапырақты ырғай және мойыл сияқты 1000 көшет отырғызылдыБұған дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астанада 3600 ағаш отырғызылған болатын.Көшеттер «Жасыл аймақ» РМК питомнигінен берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/871456
Астанада Климаттық жобалардың қорытындысы бойынша «Климаттың өзгеруіне біздің жауабымыз» атты конференция өтті 16.11.2024
2024 жылғы 23 қазанда Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы іске асырып жатқан екі маңызды жобаның нәтижелеріне арналған конференция өтті.Анықтама: «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеру салдарын жеңілдетуге азаматтық қоғамның қатысуы» жобасы жергілікті қоғамдастықтар мен белсенділердің назарын климаттың өзгеру проблемаларына аударуға және климаттық тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды әзірлеуге бағытталған. Екінші жоба, «Қарағанды облысындағы климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды іске асыру», бұл өңірдегі климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі нақты іс-қимылдарды іске асыруға мүмкіндік берді.Конференцияны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Вице-министрі Мансұр Ошурбаев ашты. Өз сөзінде ол тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау үшін барлық тараптардың — мемлекеттің, бизнестің, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның және ғылыми ортаның күш-жігері талап етілетінін атап өтті.Конференция жетекші сарапшыларды, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың және халықаралық серіктестердің өкілдерін жинады. Іс-шараның құрметті қонақтарының қатарында Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі, мәртебелі Алешка Симкич ханым және Чехия Республикасының Елшісі мәртебелі Павол Шепеляк болды, олар Қазақстанның климаттық саясат саласындағы күш-жігеріне қолдау білдіріп, жаһандық мақсаттарға жету үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.Жобаны «Арника» ҮЕҰ (Чехия Республикасы) және «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» ҚБ жүзеге асырады. Жобаны іске асыру мерзімі: 2022 жылғы наурыз-2024 жылғы қазан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/871587
Экология вице-министрі М. Ошурбаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрінің арнайы өкілі А. Джахангиримен кездесті 16.11.2024
2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрінің өкілі А.Джахангиримен Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы белсенді өзара іс-қимылды атап өтті.Вице-министр М.Ошурбаев Қазақстанның ШЫҰ мен АӨСШК-ға төрағалығы шеңберінде экология саласындағы қазақстандық бастамаларды қолдағаны үшін Иран тарапына алғысын білдірді.Тараптар Тегеран конвенциясының тұрақты Хатшылығын орналастыру туралы мәселені талқылауды жандандырудың маңыздылығын атап өтті және оны тезірек шешу үшін бар күш-жігерін салуға келісті.Сондай-ақ, Каспий теңізінің таяздануына және оның ластануына жол бермеу, сондай-ақ Каспий итбалықтарының өліміне қарсы күрес мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (СОР29) алдағы 29-шы сессиясына қатысу мәселесі бойынша М.Ошурбаев Иран тарапына Қазақстанның Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы бастамаларын қолдау туралы өтінішпен жүгінді, сондай-ақ Иран тарапын «Каспий теңізінің шындығы: тұрақты даму» тақырыбындағы сайд-ивентке қатысуға шақырды.Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар СОР29 шеңберінде екіжақты кездесуді ұйымдастыру туралы уағдаласты және өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үміт білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/871691
Экология министрлігінде Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты іс-шара өтті 16.11.2024
2024 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.Өз сөзінде Е.Нысанбаев Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны Тәуелсіздігіміздің негізін қалаған және халқымыздың бірлігінің, көпұлтты елдің татулығы мен келісімінің символына айналған тарихи құжат деп атады.Салтанатты жиын аясында Министр іс-шараға қатысушыларды құттықтап, экология және табиғи ресурстар саласындағы кәсіби қызметтегі жетістіктері үшін марапаттар табыс етті.Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен Жеңісбек Тұрғанов, Роберт Хамитұлы Суербаев, Зоя Қапышқызы Ахметжанова, Серік Бияхметұлы Саиров марапатталды.Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен Жасұлан Керейұлы Бекмұхамбетов, Асылхан Дайырұлы Асылбеков, Қонысбек Ескендірұлы Байеділов, Ақмарал Арыстанбекқызы Нысанбекова, Темір Мамбетұлы Смағұлов, Елена Анатольевна Ким, Ақтолқын Сәпиқызы Қалдыбаева, Татьяна Артемовна Тютюникова, Жақашев Әуезхан Әбілханұлы, Жастилек Жасқайратұлы Жансаулин марапатталды.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғыс хаттарымен Мұратқали Кәрімұлы Хайруллин мен Әйгерім Қуатқыз Қуат марапатталды.«Еңбек ардагері» ведомстволық медалімен Тілеуова Роза Есмаханқызы, «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен Марал Қойшыбекқызы Нұғыманова, Балжан Әскербайқызы Жартыбаева, Данна Рамазанқызы Алдабергенова марапатталды.Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет грамоталарымен Әлия Сұлтанбекқызы Сартабаева, Әсия Жобанбиқызы Бексеитова, Қуат Хазиұлы Чумакаев марапатталды.Ал Әлімжан Теміржанұлы Жанбатырға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі атынан Алғыс білдірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/871714
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі: рұқсат етілмеген полигондарды анықтау және жою бойынша жұмыс 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/872179
