Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

«Жастар. Жігер. Болашақ» жастар форумы 3000 ақтөбелік жастың басын қосты 16.11.2024
Жастар арасында нашақорлық, лудомания, буллинг, суицидтің таралуы мәселесі Ақтөбеде өткен «Жастар. Жігер. Болашақ» жастар форумының тақырыбына айналды.Форум жұмысына облыс әкімі Асхат Шахаров, полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіпов және облыстық прокуратура өкілдері қатысты. Спикерлер ретінде шақырылған қонақтар – Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев, қазақстандық тележүргізуші және «Жайдарман» жобасының жетекшісі Есен Елеукен, қазақ эстрадасының әртісі Нұрболат Абдуллин, айтыскер Қайнар Алагөзов және «Жаужүрек мың бала» фильмімен танымал киноактер Артур Төлепов сөз сөйледі. Елге танымал ақтөбеліктер жастармен өздерінің табыс тарихымен бөлісті.Өнер орталығында өткен форумда Ақтөбе қаласының мектептері мен колледждерінен мың оқушы жиналды. Аудандардан тағы екі мың оқушы онлайн форматта қосылды.Асхат Шахаров елдің болашағы жас ұрпақтың қолында екенін атап өтті. Мемлекет пен қоғам жастардың өз-өзін дамытуға, жаңа білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік туғыза отырып, қолдау білдіріп келеді.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда жалпыға ортақ құндылықтарды дамыту мен қазір елге қауіп төндіріп тұрған 5 кеселге тоқталды. Президент жастар арасында құқық бұзушылық, нашақорлық, вандализм, қатыгездік, бұзақылық жағдайларының өскенін атап өтті. Бұл қиындықтар оларды жеңу үшін қоғамның қолдауын қажет етеді. Біз сіздерді, жастарды өмір жолын жауапкершілікпен таңдауға шақырамыз. Бізге өркениетті қоғам болуға кедергі келтіретін жаман әдеттерден арылу керек. Бұл зұлымдыққа қарсы күресте елде нашақорлыққа, лудоманияға, буллингке қарсы заңдар күшейтілді. Мұндай қылмыстар үшін жаза қатаң екенін ұмытпаңыз.Қоғамдық жұмыс пен бастамаларға қатысу, білім мен салауатты өмір салтына ұмтылу – бұл бүгінгі күні ұмтылатын құндылықтар. Тәуелсіз еліміздің болашағы сіздерге байланысты. Біз жастар өзгерістердің қозғаушы күші бола алатынына және өзінің жарқын болашағын құра алатынына сенімдіміз», - деді облыс әкімі форум қатысушыларына арнау сөзінде.Шара барысында қатысушылар қазіргі жасөспірімдерді тәрбиелеу тақырыбында пікір таластырып, олардың отбасы мен қоғамдағы рөлін талқылады. Нашақорлық, суицид, буллингпен күресу жолында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың қауіпсіздігі мен алдын-алудың маңызды мәселелері көтерілді.Форум нәтижесінде қатысушылар жасөспірімдер үшін қолайлы және қауіпсіз орта құрудың маңыздылығы туралы ортақ пікірге қол жеткізді. Білім беру бағдарламаларын жүргізу, жастар бастамаларын дамыту және ата-аналарды тәрбие процесіне белсенді тарту сияқты шаралар ұсынылды. Қорытындысында қатысушылар бірлескен күш-жігермен жағдайды жақсартуға және салауатты қоғам құруға болатындығын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/873554
Жарма ауылында жаңа мектеп ашылды 16.11.2024
Ырғыз ауданы Құтикөл ауылдық округіне қарасты Жарма ауылында 60 орындық жаңа мектеп ашылды. Нарқызыл негізгі орта мектебінде 21 мұғалім қызмет атқарып, 69 оқушы білім алады. Жаңа білім ошағы 60 орынға шақталған, ғимаратта жоғары сыныптарға арналған 9 пән кабинеті және зертханалар бар. Барлығы заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Бір интерактивті тақта, 11 компьютер жұмыс істейді. Оқушылардың дене шынықтыруына, бос уақытын тиімді пайдалануына қолайлы, кең спорт залы да тартымды әрі жайлы және мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң салынған. Еске сала кетейік, мектептің құрылыс жұмыстарымен ПК «ЕРЗАТ» айналысты.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/874229
Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда 16.11.2024
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағы негізінде, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында, 2024 жылғы 29 қазан мен 2 желтоқсан аралығында «Шығыс Қазақстан облысының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/867520
Шығыс Қазақстан облысының әкімі өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. 16.11.2024
«Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің және құтқару қызметінің қызметкерлері, ардагерлері! Сіздерді Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Құтқарушы болу – ерекше мамандық. Бұл қызмет батылдықты, төзімділік пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Адамдарды құтқару мен қайғылы оқиғалардың алдын алудың отандық жүйесінің негізін қалаған қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын. Сіздер – кәсіпқойлықтың жарқын үлгісін қалыптастырып, құтқарушылардың жаңа ұрпағы үшін адамгершілік және моральдық бағдар болып отырсыздар. Құтқарушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, игі істеріне табыс тілеймін!»Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/867941
Өскеменде Риддер қаласының мәдени күндері өтуде 16.11.2024
«Туған жер – алтын бесігім» жобасының аясында облыс орталығында Риддер қаласының дәстүрге айналған мәдени күндері ұйымдастырылды. Шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысты. Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Риддер тарихи-өлкетану музейінің сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен экспонаттарының көрмесі көпшілікке ұсынылды. Келушілер жергілікті өндірушілер арнайы әкелген бал, шай, тұздалған өнімнің әр түрінен дәм татып, сатып алды. Кеш қонақтары үшін Риддер қаласының би ұжымдары мен өнерпаздарының қатысуымен гала-концерті ұйымдастырылды. Мәдени шараға белгілі қазақстандық «Ұлытау» рок тобы келді. – Риддер қаласынан 180-ге жуық өнерпаз қатысуда. Арнайы шақырылған «Ұлытау» тобы да өз өнерімен халықтың ыстық ықыласына бөленді. Топ құрамындағы гитарист Максим Кичигин – Риддер қаласының тумасы. Ол біраз жыл осында тұрған еді. Кейін Қазақстанның ірі қалаларына барып, шығармашылығымен танылды. Бүгінгі күні қазақ музыкасын бүкіл әлемге дәріптеп жүрген топта өнер көрсетуде, - деді Риддер қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ерболат Ошақбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/867942
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Риддер қаласының өнімдерімен танысты 16.11.2024
Бүгін Өскемендегі жаңа «Алтай» көтерме сауда орталығының алаңында дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Онда Риддер қаласының кәсіпкерлері облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін ұсынды.— 15 өндіруші бірнеше тауар түрлерін алып келді. 5 тонна картоп, 1 тонна сәбіз, қызылша сынды көкөніс түрлері де бар. Оған қоса ет, бал өнімдері халыққа ұсынылды. Барлығы төмендетілген бағамен сатылуда, - деп атап өтті Риддер қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әсел Жұмабаева.Аймақ басшысы табиғи өнімдерді нарық бағасынан төмен сатудың өзектілігіне тоқталып өтті. Сондай-ақ ол облыс орталығының әр қала, ауданнан келген кәсіпкерлерді сауда жүргізуге арналған ыңғайлы орынмен қамтамасыз етіп, қолдайтынын жеткізді.Жәрмеңкеде сауда-саттықтан бөлек мәдени-спорттық бағдарлама да ұйымдастырылды. Риддер қаласының шығармашылық ұжымдары жәрмеңкеге келгендерге өнер көрсетсе, спорт сүйер қауым армрестлинг, гір көтеру және арқан тартудан өткен жарысқа қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/867982
«Банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметі 16.11.2024
Қызмет eGov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді, бұл азаматтарға қажетсіз қарыздар мен алаяқтық әрекеттерден оңай әрі тез қорғауға мүмкіндік береді. Қызметті қосу ЭЦҚ пайдалана отырып жүзеге асырылады. Қосылу үшін басты бетте «Сервистер» бөлімін, одан әрі «Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту» бөлімін таңдау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/868204
Президенттің тапсырмасы бойынша ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпір ашылды 16.11.2024
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін еліміздегі ең ұзын көпірдің ашылуына қатысты. Жоба көлік қатынасына қатысты көп жылғы мәселені шешуге бағытталған, көпір алты ауданды – Күршім, Үлкен Нарын, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады. Көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-министрге ұзындығы 1316 метр екі жолақты автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаны туралы баяндады. Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізе алады, өткелге 18 шақырым жаңа жол тартылды. Жоба озық инженерлік технологияларды қолдана отырып және барлық сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. Облыс тұрғындарымен кездесуде Премьер-министр жобаны іске асыру көлік құралдарының жыл бойы қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететінін, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін және еліміздің көлік-логистика саласының дамуына оң әсер ететінін атап көрсетті. - Жаңа көпір Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында салынды. Аймақта тұрғындар 50 жыл бойы жазда не пароммен, қыста тікелей не мұз үстімен жүргенін білесіздер. Құрылыстың салынуын жергілікті тұрғындар ұзақ күтті, — деп атап өтті Олжас Бектенов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/868893
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары! 16.11.2024
2024 жылғы 30 қазанда сағат 10-00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен облыс әкімдігінің кезекті отырысы өтеді.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 28 қазанға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті. Қаралатын мәселелер Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/869169
ШҚО әкімі Республика күніне арналған марапаттау рәсімінде өңірдің және еліміздің жетістіктеріне тоқталып өтті 16.11.2024
Республика күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шарада аймақ басшысы Ермек Көшербаев Қазақстанның берік басқару жүйесі, тұрақты экономикасы мен белсенді сыртқы саясаты қалыптасқан мемлекет ретінде дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.– Соңғы бес жылда елімізде саяси жүйені түбегейлі өзгерту арқылы ауқымды реформалар жүргізілді. Азаматтардың қоғамдық санасы жаңғырып, құқықтық мәдениет деңгейі артты. Жаңа мінез-құлық үлгілері қалыптасып, құндылықтар орнығуда, - деді облыс әкімі.Сондай-ақ Ермек Көшербаев өңірде үкімет ашықтығы мен азаматтық қоғам институттарымен серіктестік назардан тыс қалмағанын айтады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу қоғамдық әлеуетті мобилицазиялау мен ресурстарды кезең-кезеңімен пайдалануды талап етеді.Аса маңызды жобалардың бірі – Орталық Азиядағы ең ұзын өткел саналатын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылуы.– Бұл көпір жеті ауданды біріктірді. Ол еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтып, өңір дамуына үлес қосады, - деді Ермек Көшербаев.Сондай-ақ қараша айында титан қожын шығаратын зауыт құрылысы бойынша «IREL Limited» үнділік компаниясымен келісімшартқа қол қойылмақ. Бұл қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.– Республиканың барлық жетістіктері – тұтас қоғамның бірлігі мен ерең еңбегінің жемісі, – деп атап өтті аймақ басшысы.Жиын соңында ол жоғары жетістіктерге ұмтылудың қаншалықты маңызды екенін айтып, қазақстандықтарға жылы лебізін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/871260
Міндетті қырағылық! 16.11.2024
2024 жылғы 23 қазанда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен облыстық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;- Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;- қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/873488
ШҚО студенттері экологиялық сауаттылықты арттыратын болады 16.11.2024
Ағымдағы жылдың 30 қазан күні сағат 11.00-де «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және «Эко сақшы» жобасын іске асыруды талқылау бойынша Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде (Лермонтов көшесі, 50) «қоғамның экологиялық даму орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Танир Яссы мен ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Ербол Бақытжан Ерболқызының студент жастармен кездесуі ұйымдастырылды.«Эко сақшы» ағымдағы жылдың маусым айынан бастап іске асырылып жатқан пилоттық жоба болып табылады. Жобаға өңірдің әрбір ауылдық округінен 120 жас қатысты.Жобаның негізгі мақсаты эко-волонтерлердің жұмысын үйлестіру, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.Бүгінгі таңда экосақшылар 73 іс-шара өткізіп, ауыл тұрғындары, жастар, эко-белсенділер, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерінің көмегімен қоғамдық орындар мен аула аумақтарынан 10 тоннадан астам қоқыс жинады.Облыстың барлық қалалары мен аудандарында еріктілер үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылып, сенбіліктер өткізілді.Бүгінгі таңда «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша 204 саябақ пен скверді, 323 тарихи-мәдени ескерткіш пен 859 әлеуметтік нысанды тазарту жұмыстары жүргізілді. 7 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 370 шақырым арық тазартылды. Елді мекендердің 82 мың аула аумағынан 29 мың тонна қоқыс шығарылды. Облыстың елді мекендері мен орман қорында 75 мыңнан астам көшет отырғызылды.Бұдан басқа, халықтан өтінімдерді пысықтау бойынша қолжетімді платформаны қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап «TazaQazBot» телеграмм боты іске қосылды. Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері полиция департаменті абаттандыру ережелеріне қатысты 5967 бұзушылықты анықтап, 25,9 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салды.«Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/873897
Абай облысынан шыққан Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы» атанды 16.11.2024
Елордада қазақ күресінен жыл сайынғы «Қазақстан Барысы-2024» турнирінде Абай облысының атынан қатысқан Ерасыл Қажыбаев жеңімпаз атанды. Жарыс іріктеу турнирінде топ жарған еліміздің 42 үздік балуанының басын қосты.Абай облысынан қатысқан балуанымыз Саят Шәмшиев «Қазақстан барысы» турнирінде 3-ші орын иелендіАлғаш рет 2011 жылы өткен «Қазақстан Барысы» турнирі көрермен көзайымына айналып, ұлттық мақтаныш пен күш-қуаттың үлгісіне айналып үлгерді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/872011
2024 жылғы 28-31 қазан аралығында Абай облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді 16.11.2024
Іс-шараның басты мақсаты - практикалық денсаулық сақтауға жаңа технологияларды енгізу, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері бойынша тәжірибе алмасу және оқыту, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту.Делегация құрамына JCI, ISO, GLP, GMP (эпилептолог, аллерголог, травматолог, аритмолог, гастроэнтеролог, кардиолог, нейрохирург және басқалар) халықаралық стандарттарымен аккредиттелген Медорталық ауруханаларының дәрігерлері кірді. Жоғары білікті мамандар тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетеді (операциялар, консультациялар). Сондай-ақ өңір мамандарымен әдіснамалық жұмыс жүргізеді – Семей қаласының емдеу мекемелері базасында дәрістер, семинарлар және практикалық шеберлік сыныптары жоспарланған.Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:28 қазан, Семей қаласының №1 емханасында:11:00-17:00 – Кимадиев Дархан Байжанұлы, дәрігер-эпилептолог;14:00-17:00 – Бекболатова Ақерке Бекболатқызы, аллерголог-дәрігер.29 қазан, Семей қаласының №1 емханасында:09:00-12: 00 - Бердіходжаев Мыңжылқы Сайлауұлы, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер;10:30-13:00 – Абдрахманов Аян Сүлейменұлы, аритмолог-дәрігер;14:00-17:00 – Саршаев Марат Аманғалиұлы, жоғары санатты нейрохирург-дәрігер.30 қазан, Семей қаласының №1 емханасында:11:00-17:00 – Бимбетов Бақытжан Рысқұлұлы, дәрігер-гастроэнтеролог;12:00-15: 00-Баймұхаметов Асқар Тұрсынұлы, ортопед-травматолог;14:00-17:00 –Байкенова Әсемгүл Саятқызы, геронтолог-дәрігер;14:00-17:00 – Есенқұлова Сезім Мелісқызы, кардиолог-дәрігер.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/872020
«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды 16.11.2024
«Абай облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттандыру және бақылау бөлімінің бас маманы Майгүл Шакенова «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.Майгүл Саяққызы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 1994 жылы Семей облысы, Семей қаласы әкімдігінің азаматтардың өтініштерін қабылдау бөлімінің ІІ санатты маманы ретінде бастаған.Құжаттандыру және бақылау бөлімінде 30 жылдан артық абыройлы қызмет етіп келеді.Әріптестерінің арасында үлкен құрметке ие. Еңбек еткен жылдары ұжымда өзін тек қана жақсы қырларымен таныта білді. Әріптестері оны іскер, ұстамды, талапшыл, өз ісіне мұқият қарайтын қызметкер ретінде бағалайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/872492
Шыңғыс Риаханов Абай облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды 16.11.2024
Шыңғыс Нұртасұлы Риаханов 1979 жылы 25 желтоқсанда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика" мамандығы бойынша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша бітірді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мичиган университетінің магистранты, техникалық ғылымдар магистрі.Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математикалық модельдеу және компьютерлік техника кафедрасының тағылымгер-оқытушысы болып бастады.2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің жетекші маманы. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлімінің референті. 2009-2010 жылдары «Сарыарқа» ӘӘК» ҰК» АҚ бизнес–жобалар департаментінің директоры. 2010-2011 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарушы директоры. 2011-2017 жылдары «Салынып жатқан Назарбаев зияткерлік мектептері дирекциясы» ЖМ, директордың орынбасары, директор. 2018 жылдан 2024 жылдың 11 маусымына дейін кәсіпкерлік саласында қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/872741
Жолдардың сапасы үнемі тексеріледі 16.11.2024
Облыстық маңызы бар «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Дмитриевка» автожолының 23-38 шақырым учаскесіндегі (жалпы ұзындығы – 15 шақырым) ағымдағы орташа жөндеу жұмыстарын Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков тексерді. Тексеру барысына мердігер компания өкілдері мен техникалық қадағалау мамандары қатысты. Атап айтқанда, сапалы жол жабынын төсеу мен жұмыстың белгіленген стандарттарға сәйкестігіне назар аударылды.Тексеру нәтижесінде мердігерге анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде тапсырма берілді. Сондай-ақ, қолайсыз ауа райы жағдайында жол жабыны сапасын сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті су өткізгіш құбырлары да тексерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/873261
Отандастарымыздың 2024 жылдың 9 айындағы таза инвестициялық кірісі 2,09 трлн теңгеге жетіп, зейнетақы жарналарының көлемінен 76 млрд теңгеге асып түсті 16.11.2024
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың 2024 жылдың 9 айындағытаза инвестициялық кірісі 2,09 трлн теңгеге жетіп, зейнетақы жарналарыныңкөлемінен 76 млрд теңгеге асып түсті 2024 жылдың 9 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 2,09 трлн теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен ол 716,3 млрд теңге немесе 52,3% артық. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 2,08 трлн теңге мөлшерінде инвестициялық кіріс түсіп, 1,85 трлн теңге болатын осы жарналар көлемінен асты.Тек 2024 жылдан бастап аударыла бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша таза инвестициялық кіріс 9,06 млрд теңге болды. Жарналардың бұл түрінен қалыптасқан жинақ көлемі – 160,6 млрд теңге. 2024 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан, ҚР Ұлттық Банкі басқаратын зейнетақы активтерінің кірістілігі осы кезеңдегі инфляция 5,7% болған кезде 11,22% көрсетті. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ның жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің кірістілігі – 8,87%.Қордың зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігін қарастырсақ, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша инфляция 8,3% құрағанда ол 12,47% болды.Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) инвестициялық портфельді үнемі әртараптандырып отырады. Яғни, зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына, валюталарға инвестицияланып, нарықтағы жағдайға қарай үнемі қайта бөлініп орналастырылады. Қордың enpf.kz сайтына ай сайын орналастырылатын ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметіне жасалған шолуда, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша кірістер құралдардың барлық түрлері бойынша алынғандығы көрсетілген. Ұзақ мерзімді кезеңдегі жинақталған инвестициялық кірістілік те инфляциядан асып түсті. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2024 жылғы 1 қазанға өспелі қорытындымен жинақталған кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 803,01% болғанда, 919,3% көрсетті. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.Көптеген маңызды және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарын - БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/874020
"БЖЗҚ" АҚ 2024 жылғы 01 қазандағы зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады 16.11.2024
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА"БЖЗҚ" АҚ 2024 жылғы 01 қазандағызейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі - 21 179,1 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 20 950,2[1] млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 169,2 млрд теңге.ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 59,7 млрд теңге. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі2024 жылғы 1 қазанға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,29%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,31%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 4,25%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,56%, РЕПО операциялары - 1,91%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,80%, МҚҰ - 1,66%.2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 60,79%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 39,20%, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 0,01%. Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 666,96 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 620,16 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан – 227,98 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау – 98,86 млрд теңге болды. Басқа кірістер – 2,81 млрд теңге. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 1 қазанда 2,12 трлн теңге болды. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылдың 9 айы бойынша 11,22% болды.2024 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 88,71%, РЕПО операциялары – 9,47%, ҚРҰБ депозиттері – 1,37%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,45%.ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. 2024 жылдың басынан бастап 1 қазандағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен алынған инвестициялық кіріс – 9,19 млрд теңге. ЖМЗЖ бойынша кірістілік – 8,87%.Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар-шілде айларындағы жалпы кіріс оң нәтиже көрсетіп, 1,41 трлн теңгеге жетті. Көрсетілген кезеңдегі БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі - 7,51%.Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.Инвестициялық портфельді басқарушыларИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 59,7 млрд теңгеден асады.01.10.2024ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен - 9,8 млрд теңге.Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 31,25%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 23,33%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,87%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары - 8,58%, РЕПО – 8,33%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,62%. Атап кетейік, портфельдің 68,12% теңгемен, 31,88% АҚШ долларымен ұсынылған. Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың 9 айында есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1 067,94 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,49%."Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,4 млрд теңгеден асты.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 20,45%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 16,72%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,57%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 13,05%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 12,16%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 7,74%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (Паи ETF) – 7,57%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,09%, АҚШ долларымен 26,91% тең.Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 445,10 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 10,84%."Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2024ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,2 млрд теңге.Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 29,36%, РЕПО – 16,17%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,02%, ҚР ҚМ МБҚ – 11,02%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,98%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,90%, пайлар (ETF индекстеріне) – 6,37%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 83,71%, АҚШ долларымен 16,29% инвестицияланды. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың 9 айына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 497,08 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 10,67%."BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2024ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,6 млрд теңге.РЕПО – 25,3%, ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 22%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 12,41%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 9,73%, ҚР ЕДБ облигациялары – 10,53%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 6,82%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 6,79% инвестицияланды.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 75,46%, АҚШ долларында – 22,93%, канадалық долларда - 1,61% инвестицияланды.Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 157,05 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 12,23%."Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 38,7 млрд теңгеден асты.Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 26,01%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 13,04%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,19%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,08%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 9,86%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,66%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,31%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,09%.Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 68,42%, АҚШ долларында – 31,58% инвестицияланды.Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 3 666 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 11,52%."Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағандаАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/874034
Облыста 26,1 шақырым жылу желісінде жұмыстар аяқталды 16.11.2024
2024 жылы облыста жалпы сомасы 18,5 млрд теңгеге жылумен қамтуды дамытудың 28 жобасы жүзеге асырылуда. Осының аясында 37,9 шақырым жылу желісі мен 17 жылу көзін салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бүгінде 26,1 шақырым жылу желісінде жұмыс аяқталды, бұл осы жылдың жоспарының 100 пайызын құрайды.2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық үшін «Біріккен Энергосервис Компаниясы» АҚ 712,9 шақырым электр желілерін, сондай-ақ 15 қосалқы станция мен 105 трансформаторлық пунктті жөндеуді аяқтады. Сондай-ақ 24,1 шақырым су құбыры желілерінде жөндеу жүргізіліп, жоспар толығымен орындалды.Облыс тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету де бақылауда: қазір қажетті көлемнің 51 пайызы дайындалды, яғни 567,9 мың тоннаның 290 мың тоннасы дайын. Көмір барлық сауда нүктелеріне күн сайын жеткізіліп отыр. Оның қоры 15,3 мың тоннаны құрайды. Облыстың жылу көздерінде қазіргі уақытта 119 мың тонна көмір жинақталған, бұл қажетті 595 мың тоннаның 20 пайызын өтеп, әрбір жылу көзі 10 күн бұрын нормативті қормен қамтамасыз етілген. Жылумен қамтамасыз ету шаралары бақылауда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/874174