Enbekshi QazaQ
Конституция

Қуқық

2024 жылғы қаңтар-қазандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары 15.11.2024
www.stat.gov.kzБаспасөз хабарламасы№ 1039-ІҚ2024 жылғы 15 қараша 2024 жылғы қаңтар-қазандағы Абай облысының өнеркәсіп жұмысының қорытындылары 2024 жылдағы өнеркәсіп өндірісінің нәтижесі 2023 жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда өнеркәсіптік өнімінің нақты көлемінің өсуі болып табылды.Өнеркәсіптік кәсіпорындармен және өндірістермен 1 610,6 млрд. теңгеге өнім (тауар, қызмет) шығарылды, бұл өндірістің республикалық көлемінде 4,0%-ді құрайды. Өнеркәсіптік өндірістің индексінің көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-қазандағы деңгейге қатысты алғанда 100,8%-ға бағаланды.Облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында ең жоғарғы үлес (69,3%) тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу тиесілі. Өңдеу өнеркәсібіне 27,8%-ды, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау – 2,5%-ды, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 0,4%-ды құрады.2024 жылғы қаңтар-қазанда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 1 115,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейіне қарағанда 1,4%-ға жоғары. Металл кендерін өндіруі 1,3%-ға өсті.Өңдеу өнеркәсібінде 2024 жылғы қаңтар-қазанда 447,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, есепті кезеңде 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіптік өндірістің индексі 98,9%-ды құрады. Көбею машина жасауда – 28,2%-ға, тамақ өнімдерін өндіруде – 4,3%-ға байқалды.Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 40,7 млрд. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірілді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 116,2%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру, беру және таратуда – 24,1%-ге өсу байқалды.Сумен жабдықтауда; су бұруда; қалдықтарды жинауда, өңдеуде және жоюда, ластануды жою жөніндегі қызметте 6,2 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 17,0%-ға төмен. Кемуі қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) 36,5%-ға, суды жинау, тазарту және бөлуде – 0,6%-ға байқалды.Облыс өңірлері ішінде өнім көлемі бойынша ең жоғары үлестік салмақты Аягөз ауданының өнеркәсіп өндірісі алады (өндіріс көлемінің 50,2%-ы), Жарма ауданында – 19,9%-ы. Семей қаласында өнеркәсіп өндірісі облыстық көлемінің 16,3%-ы, Жаңасемей ауданында – 8,7%, Бородулиха ауданында – 3,4%-ы өндірілді. Әдіснамалық түсіндірмелерӨнеркәсіптік өндіріс индексі – бұл салыстырылып отырған кезеңдердегі өнеркәсіптік өнім көлемінің өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш. www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/ Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы Орындаушы: өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлімінің бас маманыА.Т.МайкибаеваТел. +7 7222 52-49-18Өнеркәсіп және қоршаған орта статистикасы бөлім басшысыШ.А. ИсахановаТел. +7 7222 52-49-18Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884390
Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы 15.11.2024
2026 жылғы қаңтар-мамырындағы жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өсті және 234,9 млрд. теңгенi құрады.Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 12-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,6%-ды құрады.Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 59,5 %-ын құрады және 2025 жылғы қаңтар-мамырымен салыстырғанда 12,9%-ға көбейді.Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 40,5%-ын құрады.Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 64,3%-ын азық-түлік емес тауарлары, 35,7%-ын азық-түлік тауарлары құрады.Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 180,6 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76,9%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,3%, Жарма ауданына –4,2%-дан, Бородулиха ауданына -2,7%,Үржар ауданына –3,1%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,4% (Курчатов қаласы) 0,8%-ға дейін (Абай ауданы) , 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,8%-ға дейін (Бесқарағай ауданы),1,5%-ға дейін (Мақаншы ауданына),1,3%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.2026 жылғы қаңтар-мамырында көтерме сауда көлемі 144,6 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 103,8% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 61,6%-ды, азық-түлік тауарлары –38,9%-ды құрайды. Әдіснамалық түсініктемелерБөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен  байланысты  емес  өзгедей  пайдалануға  арналған  тауарларды  сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық  және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1240867?lang=ru
2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық ахуалы туралы 15.11.2024
www.stat.gov.kzБаспасөз хабарламасы№10382024 жылғы 15 қараша2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі демографиялық ахуалы туралы 2024 жылғы 1 қазанына Абай облысы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 604,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 373,5 мың (61,8%), ауылдықтар – 231,0 мың адам (38,2%). 2024 жыл басымен салыстырғанда халық саны 3,1 мың адамға немесе 0,5%-ға кеміді.Халықтың табиғи қозғалысы2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте Абай облысы халқының табиғи өсімі 2023 жылғы қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда (3581 адам) 12,3%-ға өсіп, 3142 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 6,93 адамды құрады.АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтердің нәтижесінде, 2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте туылғандар саны 7231 адамды құрады, бұл 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,9%-ға аз (7521). 1000 адамға шаққандағы жалпы туу коэфициенті 15,95 туылғандарды құрады.Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 4089 адамды құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар - қыркүйекке қарағанда 3,8%-ға аз (3940 адам). Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,02 қайтыс болғандарды құрады.2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыста 1 жасқа дейін шетінеген 58 нәресте тіркелді және 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (44 шетінеген нәресте) 3,8% есе көбейді. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,02 оқиғаны құрады.Халықтың көші-қоныКөші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде халықтың көші-қоны 2024 жылы 9 айында облысымызға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны - 8986 адамды, елімізден кеткендердің саны - 15197 адамды, көші-қонның айырымы – 6211 адамды құрады.Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің саны-66 адам, ал сол елдерге кеткендердің - 373 адам, көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 74,2% және 84,6% құрады. Осының келгендермен және кеткендердің көп бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі, 58 адам келіп және 373 адам көшіп кеткен.Алыс шетел елдерімен теріс сальдо, облысқа келгендер - 23 адам құраса, кеткендер саны - 68 адам, оң сальдо Қытай Халық республикасымен мен Моңғолиямен оң сальдо қалыптасты.Облыс ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны - 8897 адамға азайған, келгендер - 14756 адам құраса, кеткендер - 5859 адам құрады._________________________________________________________________________________________________________________Әдіснамалық түсіндірмелерХалықтың табиғи өсімі - белгілі бір кезеңде тірі туылғандар мен өлгендер санының арасындағы айырмашылығына тең. Халықтың табиғи қозғалысы жөніндегі деректер АХАТ органдарында тіркелген азаматтық хал актілерінің жазулары негізінде жиналады және өңделеді. Туылғандар санына тек тірі туылғандар енгізілген.Туудың жалпы коэффициенті - бала туылу қарқындылығының барлық халыққа қатынасы бойынша анықталатын көрсеткіш. Кезең бойына тірі туылғандардың жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте, 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Өлімнің жалпы коэффициенті - халықтың өлімінің қарқындылығын анықтайтын көрсеткіш. Кезең бойына өлгендердің жалпы санының халықтың кезеңдік орташа санына қатынасын көрсетеді. Әдетте 1000 халыққа шаққанда есептеледі.Нәресте өлімінің коэффициенті - 1 жасқа дейінгі балалар өлімінің деңгейін анықтайтын көрсеткіш. 1 жасқа дейінгі өлгендер саны тірі туылғандар санына қатынасымен есептеледі. Нәрестелер өлімі коэффициенті 1000 тірі туғандарға есептелінеді.Халықтың көші-қоны - тұрған жерін ауыстыруға байланысты қандайда болса өңірдің шекарасы арқылы адамдардың (көшіп-қонушылардың) орын ауыстыруы.Көшіп-қонушы - тұрақты тұратын жерін ауыстырумен көші-қон жасайтын адам.Келгендер саны - есепті кезеңде сырттан осы өңірге көшіп келген адамдар саны.Кеткендер саны – есепті кезеңде сыртқа осы өңірден көшіп кеткен адамдар саны.www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика Орындаушы әлеуметтік және демография статистикасыбөлім басшысы:С.А. КондратьеваТел. +7 7222 36-25-49Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/884408
STIPENDIUM HUNGARICUM БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ 15.11.2024
STIPENDIUM HUNGARICUM БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2025-2026 оқу жылына келесі бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді:Бакалавриат – 110 орынМагистратура – 90 орынБакалавриат + магистратура – 30 орынДокторантура – 20 орын Грант мына шығындарды өтейді:Тегін оқуСтипендияЖатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтерге ай сайынғы40 000 HUF көлеміндегі өтемақы)Медициналық сақтандыру Құжаттар 2024 жылғы 25 қарашадан бастап 2025 жылғы 17 қаңтарды қоса алғанда «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz) арқылы қабылданады немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға тапсыруға болады. Толық ақпаратты Халықаралық бағдарламар орталығының ресми сайтынан bolashak.gov.kz таба аласыздар. Әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/884366
Сүңгуірлік қызметтің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітіледі 15.11.2024
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде (сүңгуірлік қызмет жөніндегі) қызметтердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығының жобасын дайындады.Нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 273) тармақшасына сәйкес әзірленді.Нұсқаулық бейіндік қызметтердің, сүңгуірлік түсулер мен жұмыстардың ұйымдастырылуын егжей-тегжейлі көрсетеді. Онда сүңгуірлерді ұйымдастыруға, сүңгуір жабдықтары мен техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсетуге қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары тұжырымдалған.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 29 қарашасына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15293787 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/884391
Президент ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің көрмесін тамашалады. Көрмеде терең өңделген өнімдер, заманауи агротехнологиялар, инвестициялық, соның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар ұсынылған 15.11.2024
Мемлекет басшысына егін және мал шаруашылықтарындағы, басқа да маңызды бағыттардағы инновациялық шешімдер мен жетістіктер таныстырылды.Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам адам жиналды. Іс-шараға агрохолдингтердің өкілдері, фермерлер, шаруа қожалықтарының жұмысшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің мүшелері мен инвесторлар қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/884386
Астанада жобаларды басқарудың заманауи тәсілдеріне арналған Workshop өтті 15.11.2024
2024 жылғы 8-9 қараша күндері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде «Аджайл. Тұрақтылық. Жобалық мәдениет» тақырыбында жобаларды басқару бойынша Workshop өтті. Іс-шара заманауи жобалық басқару тәсілдері, тұрақтылық және аджайл әдістерін енгізуге арналды.Іс-шараға Мемлекет басшысының кеңесшісі Есекеев Қ.Б., ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Асанов Ж.К., ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары Қаныш Төлеушин, сондай-ақ БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Хожиматов С. қатысты. Көшбасшылар Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жобаларды басқарудың озық тәжірибелерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.Workshop-қа мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен қатар ұйымдар мен бизнес-қоғамдастықтардың жобалық кеңселерінен 200-ден астам қатысушы жиналды. Бұл түрлі секторлардың өкілдері мен жобаларды басқару саласындағы сарапшылар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.Іс-шараның бірінші бөлігінде IPMA ұйымының «Қоғамның жобалануы: Қазақстан жағдайы» атты кітабының таныстырылымы өтті. Таныстырылымды кітап авторларының бірі Ахметов А.А. жүргізді. Ол жобаларды басқару саласындағы жеке тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстанның жобалық мәдениетті дамытудағы маңызды жетістіктері мен келешегін атап өтті.Бағдарлама барысында төрт панельдік сессия ұйымдастырылды. Оларда жетекші сарапшылар мемлекеттік сектордағы жобаларды басқаруда аджайл әдістерін қолдану, жобалық мәдениет пен командалық көшбасшылық, жобаларды басқару жүйелері, мониторинг және жобаларды басқару тәжірибелері бойынша білімдерімен бөлісті.Сонымен қатар қатысушыларға Ұлттық акселератордың қызметі және стратегиялық жобаларды мониторингтеуге арналған бейнешолу ұсынылды.Іс-шараның екінші күнінде «SimulTrain» атты симуляциялық ойын өткізілді. Онда мемлекеттік қызметшілер стратегиялық ойлау және жобаларды басқару дағдыларын нақты жобалық ортада дамытты.Іс-шара соңында жобалық кеңсе қызметкерлері министрдің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталып, олардың жобаларды басқару саласының дамуына қосқан үлестері атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/884365
Астанада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолуына дайындық мәселелері бойынша кездесу өтті 15.11.2024
Бүгін Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Әділет министрлігі БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолуы шеңберінде Қазақстан Республикасының төртінші кезеңдік Ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық бойынша кеңес өткізді.Кездесу барысында қатысушылар қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар ұсынған баяндамалар мен ұсыныстарды тыңдап, баламалы есептерді талқылауды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.Кездесуде азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы жүйелі диалогтың маңыздылығын атап өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884371
Заң мен тәртіп: Астанадағы форумда киберқылмыспен күрес мәселелері талқыланды 15.11.2024
Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алаяқтыққа қарсы және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі республикалық жастар қозғалысының Alayaq.net форумы өтті. Оған ҚР МАМ, ҚР ІІМ, ҚР ҚМА, банк секторы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жастар белсенділері қатысты.«Кездесудің басты бағыты – Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында назар аударған заң мен тәртіп идеологиясы. Киберқылмыс – қоғамымыз үшін аса қауіпті. Заң мен тәртіп әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігінің кепілі болуы тиіс. Сондықтан бізге киберқылмыспен күресу және алдын алу бойынша тиімді шаралар қажет», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов кездесу барысында.Форумға 20 мыңнан астам адам қатысты. Іс-шараға онлайн режимде Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан салықтық және қаржылық тергеу органдарының өкілдері қосылды. Қатысушылар киберқылмыспен күресу және қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша бірлескен жұмыс стратегиясын талқылады.Сонымен қатар форумда Alayaq.net жобасының нәтижелері таныстырылды. Жоба жүзеге асырылғаннан бері 120-ға жуық интернет-алаяқ, алаяқтық схемалар, онлайн-казино сынды қылмыс анықталды. Қаржылық сауаттылықты арттыру марафоны аясында 125 мыңнан астам адам оқытылды.Форум соңында Alayaq.net жобасының үздік волонтерлерін марапаттау рәсімі өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/884425
Қостанай облысында орналастыру жоспарланған ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық 15.11.2024
2024 жылғы 15 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт жел электр станцияларының құрылысына ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 23 баға ұсынысын берді. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жалпы көлемі 700 МВт құрады. 2024 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін бекіткен шекті аукциондық баға 22.68 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрайды.Сауда-саттық барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан түскен өтінімдердің баға ауқымы 22.68-ден 12.33 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) аралығын қамтыды.Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компания жеңімпаз деп танылды:«Alpha wind» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 12.33 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Қостанай облысында орналастыру жоспарланған.Аукциондық сауда-саттыққа бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «EcoJer» қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын растады.ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімімен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында танысуға болады: https://vie.korem.kz/rus/analitika/restr_pobed/ ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 100 МВт ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылғы 18 қарашаға жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/884435