Enbekshi QazaQ

Қуқық

Биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған 14.10.2025
Жалпы, соңғы 4 жылда 156 базар жаңғыртылды. Жол картасына сәйкес биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев хабарлады.«Қазіргі таңда осы 100 базардың 57-сінде құрылыс жұмыстарын толық аяқталған, ал қалғандарында жұмыстар жартылай орындалған немесе аяқталу кезеңінде», - деді спикер.Оның айтуынша, Сауда министрлігі 2029 жылға қарау заманауи сауда форматының үлесін 70%-ға жеткізуді көздеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлем жүйелерін енгізу, санитарлық нормаларды және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңнама талаптарына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған базарлардың иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1076953?lang=kk
Аймақ басшысы ел ағасы Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады. Жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, ардагерлер, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы еңбекті елеу, азаматқа лайықты құрмет көрсету, халық болып ризашылық таныту елдіктің белгісі екенін атап өтіп, мерейтой иесіне құттықтауын жеткізді.«Сыр өңірі – құт-береке дарыған, бабалар дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтастығы үзілмеген қасиетті мекен. Еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған еңбек адамдарынан кенде емес. Туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарған жандардың ерен еңбегі, қалтқысыз адал қызметі бізге қашанда үлгі.Биыл ел ағасы, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекпанов Оразғали Достанұлы 85 жасқа толды. Ол еңбек жолын 1959 жылы вагон депосында қарапайым слесарь болып бастаған. Теміржол училищесінде шебер, директордың орынбасары, директоры, Жаңақазалы поселкелік кеңес атқару комитетінің төрағасы, Әйтеке би кентінің әкімі лауазымдарында болды. Кент әкімі кезінде аудан орталығының әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты.Оразғали Достанұлы зейнетке шықса да, қоғамдық өмірге белсене араласып, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде елді бірлікке үндеп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие көрсетіп келеді.Сыр жұртшылығы аймақтың дамуына үлес қосқан, елдің ыстық ықыласына бөленген өздеріңіздей жерлестерімен мақтанады. Тілеулес азаматтардың атынан мерейтойыңызбен шын жүректен тағы да құттықтаймыз! Жастарға жол көрсетіп, әрқашан игі істердің басында жүргейсіз. Мерейлі сәтте Өзіңізге мықты денсаулық, жақындарыңызға амандық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін,» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Әлімбай Қасқырбай құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1077000?lang=kk
Қарағандыда мемлекеттік қаржы саласының цифрлы трансформациясы жөнінде талқыланды 14.10.2025
ҚР Қаржы министрлігі өкілдерінің халықпен кездесулері мемлекет пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ашық диалог қаржы саясатындағы аспектілерді, оның ішінде салық заңнамасы мен бюджет бағдарламаларындағы өзгерістерді түсіндірумен қатар кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл азаматтар мен бизнестің өзекті мәселелері мен қажеттіліктерін анықтауға көмектеседі.Айталық, Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов Қарағанды облысының кәсіпкерлері және тұрғындарымен кездесті. Аталған кездесу ашық диалог форматында өтіп, онда салық саясатындағы өзекті мәселелер, бизнеске арналған мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер мен өңірдегі халықтың алдында тұрған проблемалар талқыланды.Әсет Нұрланұлы айтқандай, Қарағанды облысы бойынша 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 97,6% орындалды. Сондай-ақ Қаржы министрінің орынбасары биылғы бірінші жартыжылдықта өңірдің 67,6 мың тұрғыны көлік пен мүлікке қатысты салық жеңілдіктерін пайдаланып, сол арқылы салықтан босатылған соманың мөлшері 741,5 млн теңгеден асқанын жеткізді.Сонымен қоса кездесуде мемлекеттік қаржы жүйесінің цифрлы трансформациясына ерекше назар аударылды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің алдына экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды.Қазір министрлік ЖИ элементтерін қолдана отырып, цифрлы шешімдерді белсенді түрде енгізуді қолға алды. Бұл қажетті процестерді автоматтандыруға, бюрократияны азайтуға және салық органдарымен өзара байланыс кезінде адами факторды тежеуге мүмкіндік береді.Бұдан бөлек вице-министр ведомствоның цифрлы жобаларын, оның ішінде «СӘИЖ», SDF ақпарат жүйесін, Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинетін, сондай-ақ e-Salyq Azamat және e-salyq Business мобильді қосымшаларын таныстырды. Аталған өнімдері салық рәсімдерін жеңілдетуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және ашықтықты арттыруға бағытталған.Мұндай жобалар «Цифрлық мемлекет» қағидаттарына сәйкес келетін заманауи, клиентке бағдарланған әкімшілендіру жүйесін қалыптастыруға септеседі.Кездесу соңында вице-министр қарағандылықтардың өзекті сұрақтарына жауап берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1076780?lang=kk
Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданының әкімі болып сайланды 14.10.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазалы ауданында кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысы өтті. Оған жауапты сала, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы бұрын аудан әкімі қызметінде болған Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлына алғыс білдіріп, жаңа қызметке сайланған Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлына сәттілік тіледі.«Бұған дейін Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарған Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы Президент Әкімшілігінің келісімі негізінде облыс әкімінің орынбасары ретінде қызметін жалғастыруда.Мейрамбек Зинабдинұлы Қазалы ауданында 2 жылға жуық қызмет жасап, ауданның дамуына сүбелі үлес қосты.Сайлау жүйесін демократияландыру – Президент реформаларының негізгі міндеттерінің бірі. Өңірімізде аудан әкімдерін сайлау 2023 жылы пилоттық негізде өткізіліп, Шиелі мен Сырдария аудандарының әкімдері сайланды.Күні кеше өткен саяси науқанда Қазалы ауданының тұрғындары жоғары белсенділік танытты. Бекем бірлік пен тату тірліктің үлгісін көрсетіп, ауданның жарқын болашағы үшін өз таңдауларын жасады.Алмасбек Әбілқасымұлы - басшылық қызметтегі ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі мол, өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқаратын әлеуеті жоғары кадр.Президентіміздің, Үкіметтің алдымызға қойған міндеттері мен тапсырмаларын сапалы орындап, Өздеріңізбен бірге Қазалы ауданын одан әрі дамытуға, көркейтуге аянбай жұмыс жасайды деп сенеміз. Жаңадан сайланған аудан әкіміне Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының реформалары мен бастамаларын жүзеге асыру бойынша нақты әрі жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырамын.Аудан халқы үгіт-насихат кезеңіндегі Сіздің уәделеріңізге сеніп, қолдап дауыс берді. Сол себепті сайлауалды бағдарламаңызда көрсетілген әрбір мәселенің оңтайлы, мерзімінде шешілуін қамтамасыз етіңіз. Біз, аудан халқы әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз.Алдыңызда дамудың барлық макроэкономикалық көрсеткіші бойынша оң параметрлерге қол жеткізу міндеті тұр. Ауданға инвестиция тарту, салық базасын ұлғайту, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу мен кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған нақты жұмыс жүргізу қажет.Президентіміздің инвестиция тарту тапсырмасын орындау үшін инвесторлармен тиісті бағытты айқындау керек. Аудан әкімінің жұмысы инвестиция тарту индикаторының орындалуымен бағаланады. Қазіргі жағдайда бюджеттің әрбір тиыны маңызды.Бұған дейін де басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған қызметкер ретінде аудандағы ресурстарды барынша қолданып, бюджет қаражатын толық әрі мерзімінде игеріп, жобалардың сапалы жүзеге асуын қамтамасыз етіңіз.Құқық қорғау органдарының басшыларына аудан әкімімен бірлесіп, жұмыс жасауды қатаң тапсырамын!», - деді Н.Нәлібаев. Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы 1982 жылы дүниеге келген. Қызылорда гуманитарлық университетінде экономист, Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінде заңгер мамандықтары бойынша білім алған. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін иеленген.Әр жылдары Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының, қалалық бірнеше бөлімнің басшысы, облыс әкімі аппаратында бөлім басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарында нәтижелі қызмет етті. 2024 жылдың шілде айынан бастап «АМАНАТ» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы қызметін атқарып келді.Айта кетейік, 28 қыркүйекте өткен Қазалы ауданы әкімі сайлауының қорытындысын облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов жариялап, жаңадан сайланған аудан әкіміне куәлігін табыстады. Актив отырысынан соң, аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдары, алдағы жоспарлар туралы ой бөлісті. Қазалылықтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1076888?lang=kk
«Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында азаматтық форум өтті 14.10.2025
Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыс әкімдігі және өңірлік Азаматтық Альянсы, Қазақстанның Азаматтық Альянсымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Ауылдық аймақтарды дамытудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты азаматтық форум өтті.Оған Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева, Орталық Азиядағы Еуразия қорының директоры Ринад Темірбеков, еліміздің бірқатар өңірінен қонақтар мен жауапты сала басшылары қатысты.Аймақ басшысы азаматтық сектор халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ортақ алаң екенін айтты.«Бүгінде еліміздің дамуын айқындайтын көрсеткіштердің бірі – азаматтық сектор. Мемлекеттің табыстылығы үкіметтік емес ұйымдардың жемісті әрі тиімді қызметіне тікелей байланысты.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет»,– деп атап өткен болатын.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында аймағымызда 15 қоғамдық ұйым болса, бүгінде олардың қатары мыңға жуықтады. Оның 300-і өңіріміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өміріне белсенді араласуда. Бұл қоғамда азаматтық жауапкершілік пен белсенділіктің артқанын айқын көрсетеді.Барлық ауданда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер, жүзеге асырылатын жобалардың тиімділігі мен өзектілігін бағалайтын сарапшылық топтар жұмыс істейді. Әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялардың жұмысына 190 үкіметтік емес ұйым өкілі белсенді қатысады.Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс арқылы азаматтық қоғам институттарына қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. 2023-2025 жылдары мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бюджеттен 3 млрд. 684 млн. теңге қаражат бөлініп, 427 әлеуметтік жоба іске асырылуда, 3 мың адам жұмыспен қамтылған. Әлеуметтік жобалардың 200-ге жуығы ауыл тұрғындарының қатысуымен ұйымдастырылды. Басым бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге, қоғамдық келісімді, ұлттық бірлікті нығайтуға, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған.Қоғамдық қауымдастықтың көшбасшылары ретінде бәріңізді Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құру жолында халықтың бірлігін арттыруға, егемен еліміздің жарқын болашағына бірлесе қызмет етуге шақырамын!», – деді Н.Нәлібаев.Басқосуда Н.Байқадамов, М.Әбенов, Р.Темірбеков, Л.Шыңғысбаева, Ж.Әлжанова, Б.Нұрғазиева, А. Ізден сөз сөйлеп, азаматтық қоғам институттарының маңыздылығына тоқталды.Сондай-ақ, өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға облыстың Құрмет грамотасы, облыс әкімінің, Қазақстанның Азаматтық альянсы төрайымының Алғыс хаты табысталды.Форумға дейін Сырдария ауданының Нағи Ілиясов, Бесарық ауылдарында секциялық отырыстар өткізілді. Онда ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, қоғамдық бақылау жүргізуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту мәселелері қозғалды. ҮЕҰ туралы жаңа заң жобасы талқыланып, тиісті ұсынымдар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1076563?lang=kk
«Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты шарада үздіктер марапатталды 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Өнер орталығында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Еңбек күніне арналған «Адал азамат – адал еңбек» атты салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов пен М.Әбенов, жауапты сала басшылары, қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, шаруашылық өкілдері қатысты.Аймақ басшысы қажыр-қайратын еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсаған нағыз еңбек адамдары барлық құрметке лайық екенін атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбеккеш және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деді.Бұл - экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік прогрестің басты факторы ретінде жұмысшы кәсіптерінің рөлін күшейтудегі стратегиялық қадам.Ұлтымыздың ұлы мұраты жолында, еңбек майданында ата-бабаларымыз тер төкті. Олардың арасынан 1792 Социалистік Еңбек Ері шықса, 102-сі - Сыр өңірінің еңбеккерлері. Өз мектебін құрып, шәкірт тәрбиелеген, Сыр күрішінің даңқын асқақтатқан дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Ыбырай Жақаевтың, Сәлима Жұмабекованың орны ерекше. Осындай ұлы ұстаздың тәлімін алған, бала тәрбиелеп, ұлтжандылықпен қызмет атқарған Шырынкүл Қазанбаева, Ұлбала Алтайбаева бастаған Сырдың батыр аналарының қажырлы еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.Алдыңғы буынның өнегелі ізін жалғап, Тәуелсіз еліміздің тарихында «Қазақстанның Еңбек Ері» атанған Роза Бағланова, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асқар Жұмаділдаев, Юрий Пя, Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев сынды жерлестерімізді әрдайым мақтан етеміз. Егемен еліміздің жарқын болашағы жолында Отанымызға адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу, адал азамат болу – біздің қастерлі міндетіміз!Баршаңызды мерекемен тағы да құттықтап, облысымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін Сыр жұртшылығының, Өзімнің атымнан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін», - деді Н.Нәлібаев.Еңбек адамдарын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада әр номинация бойынша қаржылай сыйақы табысталды. Атап айтсақ, «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» номинациялары жеңімпаздарына 1-орынға 500 мың теңге, 2-орынға 300 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңгеден берілді. Сала үздіктеріне, яғни коммуналдық және басқа да салаларда қызмет ететін 15 маманға облыс әкімінің Алғыс хаты және 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.Сонымен қатар, өз саласының үздігі деп танылған 15 еңбек майталманына облыс әкімінің Алғыс хаты, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының шипажайға жолдамасы ұсынылды.Айта кетейік, шарада «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника, тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауылдардың абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн.теңгенің сертификаттары берілді.Өнер орталығының фойесінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алушылардың өнімдер көрмесі ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1076647?lang=kk
Облыс әкімі қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты 14.10.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс прокуроры Р. Ожаровпен бірге қылмыстық атқару жүйесі департаменті №60 мекемесінің жұмысымен танысты.Бұл жердегі 901 сотталушының 821-і жұмысқа жарамды.Мекеменің өндірістік аймағында 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 300-ге жуық сотталушы еңбекпен қамтылған. Негізгі жұмыс бағыттары - темір бұйымдарын өндіру, ағаш өнімдерін (астау, табақ, домбыра, сандық, есік) дайындау, газоблок, пескоблок, брусчатка, күйдірілген кірпіш шығару.«Еңбек» РМК қаржысына «Конструктив ЛТД» ЖШС ғимарат құрылысын бастады.Арнайы контингентті еңбекпен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында №60 мекеме аумағындағы бос жер учаскесіне тез тұрғызылатын модульдік өнеркәсіптік ангар салу мәселесі көтерілді.«Ален» ЖК-не Қызылорда облысы прокуратурасы, ҚАЖ департаментінің қолдауымен, «Байқоңыр» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясы және республикалық инновациялық орталықтың бағдарламасы аясында қайтарымды несие рәсімделді. Бұл қаражатқа брусчатка өндіретін қондырғы орнатылып, 15 сотталушы жұмыспен қамтылды.«Dalatex» ЖШС-не мекеменің өндірістік аймағынан үй-жай беріліп, 20 тігін машинасы орнатылды. Онда 20 сотталушы тұрақты жұмысқа тартылды.Сонымен қатар, облыс әкімі сотталушы азаматтардың қолдан жасаған ағаш өнімдерінің көрмесімен танысты. Бұл жерде түйеқұс, күркетауық және басқа да құстарды өсіріп,баптау қолға алынған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1076684?lang=kk
«Айбалта-2025» оқу-жаттығуында барлау бөлімшелері тактикалық атыс нормативтерін орындады 14.10.2025
«Айбалта» оперативтік-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Құрлық әскерлерінің барлау бөлімшелері тактикалық атыс бойынша кешенді нормативтерді орындады.Ұрыс қимылдарына жақындатылған жағдайда әскери қызметшілер қозғалмалы нысаналарға, әртүрлі қашықтықтардан және түрлі позициялардан, сондай-ақ бөлімшелер құрамында позицияларды және бастапқы шекараларды ауыстыра отырып атыс жүргізуді пысықтады. Тактикалық жаттығулар шектеулі көріну жағдайында да орындалды.Тактикалық атыс стандарттары барлаушыларды кешенді даярлаудың маңызды элементі болып табылады. Барлау тапсырмаларын орындау барысында жасырын орын ауыстыру, торуылдар мен бөлімшелерді бүркемелеу шаралары қолданылды.– Нысаналарды кез келген жағдайда дәл әрі тез жоя білу – қойылған міндеттерді сәтті орындаудың кепілі. Мұндай жаттығулар жеке құрамда атыс әрекеттеріндегі сенімді дағдылар мен өз күшіне деген сенімділікті қалыптастырады, – деді атыс нұсқаушысы запастағы полковник Серік Омаров.Барлық сабақтар қауіпсіздік шаралары сақтала отырып, штаттық қару-жарақ пен жеке қорғаныс құралдарын пайдалану арқылы өткізілді. Жаттығулар атыс жүргізу және жауынгерлік даярлық бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1076706?lang=kk
AI-sulu Telegram-боты: әскери психологтар армияға арналған цифрлық кеңесшіні таныстырды 14.10.2025
Астанада әскери психологтар жиналысында жасанды интеллект негізінде әзірленген AI-sulu Telegram-боты таныстырылды. Бұл жаңа қызмет әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы анонимді түрде көмек көрсетуге арналған.– Психология – әскердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етудің маңызды элементі. Әскери қызметшілермен және олардың отбасыларымен тиімді жұмыс істеу армияның моральдық күшінің негізі болып табылады, – деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев жиынды ашу кезінде.Оның айтуынша, қазіргі заманның талаптары инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуді қажет етеді. Солардың бірі – AI-sulu боты. Ботты Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ақпараттық бөлімінің бастығы майор Қасымхан Туитин таныстырды.– AI-sulu тірі маманның орнын алмастыра алмайды, бірақ ол қиын сәттерде алғашқы көмек көрсетіп, тыңдай отырып, қажетті кеңес пен ресурстарға бағыттай алады, – деп атап өтті Туитин.Цифрлық кеңесші қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оның басты артықшылығы – анонимділік пен тәулік бойы қолжетімділік.Жаңа қызметті таныстыру барысында деструктивті мінез-құлықтың алдын алу, күйзеліс тұрақтылығын дамыту, психологиялық жұмыстарда IT-құралдарды қолдану және жастармен жұмыс істеудің ерекшеліктері талқыланды. Психотерапия, суицидология және әскери психология саласындағы сарапшылар сөз сөйледі.Қатысушылар бұл тәжірибе әскери құраммен жұмыс істеуде өте пайдалы болатынын және әскери психология қызметі үшін жаңа әдістемелік материалдардың негізіне айналатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1076479?lang=kk
Мемлекет басшысы Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды 14.10.2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан:«Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс»«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды.Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. Шэньчжэнь жаһандық технополисін салуға қатысқан сондай компанияның бірі енді Alatau City жобасын жүзеге асыруға тікелей атсалысады.Келесі қадам – Alatau City-дің мықты институционалдық негіздерін қалыптастыру.Содан кейін жарты жылдан асырмай, жеке заң қабылдау қажет. Құжатта қаланы басқару режимі, оның қаржылық моделі және басқа да маңызды мәселелер қамтылуға тиіс.Арнайы құқықтық мәртебе – қалаға берілетін артықшылық емес, жобаның қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асуына қажетті шара немесе құрал екенін айта кеткен жөн.Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс. Мұнда Smart City технологияларын қолданудан бастап тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеуге дейінгі жаңалықтың барлығы енгізілуі керек.Бұл қала Қазақстанның келешектегі келбетін танытпақ. Онда технологиялық өрлеуге және өмір сүруге барынша қолайлы жағдай үйлесім табуы қажет».Сілтеме: Алатау қаласын дамытудың кейбір мәселелері туралы — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1076535?lang=kk
«Мектеппен байланыс»: сарбаздар ұстаздары және оқушылармен тілдесті 14.10.2025
Құрлық әскерлерінің елордалық 68665 әскери бөлімінде Қызылорда, Қарағанды, Жетісу облыстарының, сондай-ақ Шымкент пен Астана қалаларының мектептерімен телекөпір ұйымдастырылды. Бұл білім ордаларында бір кездері қазіргі сарбаздар оқыған болатын.Онлайн-кездесуге ұстаздар, сарбаздардың туыстары және оқушылар қосылды. Әскери қызметшілер әскердегі күнделікті өмірі, жауынгерлік даярлығы және Отан алдындағы борышын өтеген жастар үшін берілетін мүмкіндіктер жайлы айтты. Кейбір сарбаздар әскери қызметті өз өмірлік жолы ретінде таңдап, неге осындай шешім қабылдағандарын бөлісті.- Үш жыл бұрын дәл осы сыныпта партада отырған едім. Экраннан ұстаздарымды, анамды, інім мен қарындасымды көргенде ерекше толқыдым. Бүгінгі өмірім қатаң тәртіпке бағынады, мен Отан қорғаушы мәртебесіне сай болуға тырысамын. Менің қалыптасуыма үлкен еңбек сіңірген мұғалімдерімді әрқашан жылы сезіммен еске аламын, – деді Жетісу облысы Сарқан ауданының тумасы қатардағы жауынгер Санжар Серғазин.Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс, әскери білім және ғылым департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ әскери бөлімнің жеке құрамы қатысты.- Бұл – осындай ауқымды онлайн-кездесуді өткізудегі алғашқы тәжірибеміз. Телекөпірге алты мектеп қатысты. Алдағы уақытта мұндай жобаларды еліміздің барлық гарнизондарында жүзеге асыру жоспарланып отыр, – деп атап өтті тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің аға офицері полковник Талғат Құлманов.Мұндай бастамалар жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелеуге, әскери қызметке оң көзқарас қалыптастыруға және мектеп оқушылары мен сарбаздар арасындағы рухани байланысты нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1076544?lang=kk
Алдағы демалыс күндері республика бойынша 60-қа жуық жәрмеңке өтеді 14.10.2025
27-28 қыркүйек аралығында бүкіл ел аумағында отандық тауар өндірушілердің қатысуымен 60-қа жуық өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде фермерлер ет, балық, сүт, азық-түлік өнімдерінің, сондай-ақ көкөністер мен жемістердің алуан түрін ұсынады. Барлық өнім тікелей фермерлерден сатылады, бұл азық-түліктің қолжетімділігін арттыруға да, отандық өндірушіні қолдауға да ықпал етеді.Өткізу кестесі:-Астана және Алматы қалаларында 27 және 28 қыркүйек (сенбі және жексенбі);- басқа аймақтарда тек 27 қыркүйек (сенбі).Жәрмеңкелердің мекенжайлары:Астанада жәрмеңке «Keruen Joly» сауда орталығында (Алаш даңғылы, 35) өтеді. Сонымен қатар, осы демалыс күндері «Казанат» ипподромының автотұрағында (Қарқаралы даңғылы, 1) Алматы, Жетісу және Маңғыстау облыстарының тауар өндірушілері қатысатын өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.Алматыда жәрмеңкелер түрлі мекен-жайларда өтеді: Гоголь және Масаншы көшелерінің қиылысында (Алмалы ауданы), Қазақфильм шағын ауданында (Бостандық ауданы), Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесінің қиылысында (Әуезов ауданы), Мәдениет шағын ауданында (Алатау ауданы), Меңдікұлов және Бектұров көшелерінің қиылысында (Медеу ауданы), сондай-ақ Құлагер шағынауданында, Серіков көшесі, 2 (Жетісу ауданы).Шымкентте іс-шаралар Қажымұқан атындағы орталық стадионның тұрағында, А.Юсупов атындағы гимнастика мектебі мен Сейтжан қари атындағы мешіт арасындағы "Нұрсат-2" шағын ауданында, сондай-ақ "1000 ұсақ-түйек" сауда қатарының алдында өтеді.Ақмола облысында жәрмеңке Төлеусұлейменов, 2д (Жібек жолы базары) мекенжайында өтеді.Абай облысында Семей қаласында Северный промузел көшесі, 2/55 "Северный".Ақтөбе облысында жәрмеңке Ақтөбе қаласында Едіге батыр, 18 мекен-жайында, "Табыс"коммуналдық базарында ұйымдастырылады.Алматы облысында Қонаев қаласында "Алға" базары, Құрылысшы көшесі, 1В / 2Б.Атырау облысында жәрмеңкелер "Мұнайшы" стадионының алдындағы тұрғын қалашық шағын ауданында, сондай-ақ Кенжебай Мәденов көшесі, 1а/1 "Сарайшық"коммуналдық базарында өтеді.Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласындағы "Алтай" ОО Жібек жолы көшесі, 44.Жамбыл облысында Тараз қаласында Жамбыл даңғылы, 18д, әлеуметтік базардың жанындағы автотұрақта.Жетісу облысында Талдықорғанда Желтоқсан көшесі, 19/5 ("әлеуметтік базар") мекенжайы бойынша, сондай-ақ Жастар шағын ауданында, 66 " Жерұйық Талдықорған " АӨК ЖШС (коммуналдық базар). Сонымен қатар, жәрмеңкелер Панфилов ауданында (Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 143/5, Орталық базар), Қаратал ауданында (Үштөбе қаласы, Адрахман ақын көшесі, 53, Орталық базар), Алакөл ауданында (Үшарал қаласы, Молдағұлов көшесі, 82, "Бек" ЖК), Көксу ауданы (Балпық Би ауылы, Амангелді көшесі, 31, "Шаған" ЖШС әмбебап базары), Ақсу ауданы (Жансүгіров кенті, ул. Қабанбай батыр, 47, Орталық базар), Ескелді ауданы (Қарабұлақ кенті, Мамбетов көшесі, 2, орталық базар) және Текелі қаласында (Әуезов көшесі, "Руал" ЖШС базары).Батыс Қазақстан облысында жәрмеңкелер Орал қаласында М.Ихсанов көшесінде (Назарбаев даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі кесінді), сондай-ақ Зачаган кентінде "Жәңгірхан"сауда үйінің алдында өтеді.Қарағанды облысында жәрмеңкелер Қарқаралы ауданында (Әубәкіров көшесі, 49), Саран ауданында (Жамбыл көшесі, 71Б), Приозерск қаласында (кіші алаң, Кисунько көшесі, "Электрон" дүкеніне қарама-қарсы), Осакаровкада (Достық көшесі, 46 бойынша коммуналдық базар, сондай-ақ Мир көшесі бойынша Молодежный кентінде өтеді, 30), Қарағандыда ("Global City" СОО, 134-ші есептік тоқсан, 921-бет), Шахтинск қаласында (Казахстанская көшесі, 101/3, коммуналдық павильон аумағы) және Теміртауда (70-тоқсан, "Экспресс"СОО).Қостанай облысында Рудныйда ("Центральный" базары) және Қостанайда ("Саяхат" базары).Қызылорда облысында Қызылордада сол жағалауда,"коммуналдық базарда".Маңғыстау облысында Ақтауда, 26-шы шағын аудан, "Қасиет" медициналық орталығының автотұрағында. Павлодар облысында жәрмеңкелер Павлодардағы "Жайлау" фермерлік базарында, Ақсудағы "Сарыарқа" фермерлік базарында, Екібастұздағы "Халықтық" базарында, сондай-ақ он ауылдық аудан орталықтарында: Ақтоғай ауылы (Ақтоғай ауданы), Железинка ауылы (Железин ауданы), Баянауыл ауылы (Баянауыл ауданы), Ертіс ауылы (Ертіс ауданы), Тереңкөл ауылы (Тереңкөл ауданы), Аққулы ауылы (Аққулы ауданы), Павлодар қаласы (Павлодар ауданы, Торговая көшесі, 2а), Көктөбе ауылы (Май ауданы), Успенка ауылы (Успенка ауданы), Шарбақты ауылы (Шарбақты ауданы).Солтүстік Қазақстан облысында жәрмеңкелер Петропавлда өтеді: "Қызылжар Ақбастау" коммуналдық базарында (Назарбаев көшесі, 69), "Алтын Арман" базарында (Астана көшесі, 30а) және "Дария" базарында (Бостандық көшесі, 22а).Ұлытау облысында Жезқазғанда (Сейфуллин көшесі, 12, "Нарық" орталық базары) және Сәтбаевта ("бағдаршам" СОО, Ұлытау көшесі, 85) өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1076248?lang=kk
Цифрлық инфрақұрылым: ауылдық жерлердегі интернет пен байланыс 14.10.2025
Облыстағы 492 ауылдық елді мекеннің (АЕМ) 372-сінде байланыс сапасы жоғары – 4G желісі жұмыс істейді.Байланыс мәселелерін шешу және жұмысты оңтайландыру мақсатында, 2023 жылы облыс әкімдігі екі ірі телеком-оператормен – «Қазақтелеком» АҚ (Kcell) және Beeline Қазақстан («КаР-Тел» ЖШС) – ауылдық елді мекендердегі байланыстың сапасын арттыру жөнінде меморандумдарға қол қойды.Сонымен қатар, облыс әкімдігі жыл сайын шамамен 50 антенна тұрғызуды жоспарлап отыр. Солардың негізінде байланыс операторлары базалық станциялар орнатады.Қол қойылған меморандумдар аясында 2024 жылы 44 ауылдық елді мекенде антенна-мачталық нысандардың құрылысы аяқталды. Бүгінгі күні олардың 42-сінде базалық станциялар іске қосылды. Қалған станцияларды ресми іске қосу осы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.Халықты кемінде 100 Мбит/с жылдамдықпен кеңжолақты интернетпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті.Жобаның негізгі бағыты – ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желісін кеңейту. Бұл желі арқылы денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік мекемелер және басқа да нысандар интернетке қосылады.Осылайша, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 2027 жылға дейін облыстағы 301 ауылдық елді мекен интернетпен қамтылмақ.Сонымен бірге, рельефі күрделі 34 ауылдық елді мекенге төмен орбиталы спутниктік жүйелер арқылы интернет жеткізу көзделген.Меморандумдар мен ұлттық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде барлық ауылдық елді мекендер, соның ішінде шағын ауылдар да, әртүрлі технологиялар (талшықты-оптика, спутник, 4G) арқылы интернетпен қамтамасыз етіледі.Ақпараттандыру басқармасы тұрғындардан түскен интернет сапасына қатысты шағымдарға жедел әрекет етіп, оларды шешу үшін кешенді шаралар қабылдауда. Жергілікті халықтан келіп түскен ақпарат талданып, байланыс операторларына ауылдардағы қамту аймағын және интернет тұрақтылығын жақсарту бойынша сұраулар жолданады.Барлық байланыс операторлары проблемалық мәселелерді шешу және облыс аумағында телекоммуникациялық қызметтердің сапасын жақсарту бағытында жұмыстар атқарып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1076301?lang=kk
Шымкентте әскери міндеттілер ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысты 14.10.2025
Аумақтық қорғаныс бригадасының базасында өткен әскери міндеттілердің жиыны арнайы тактикалық ведомствоаралық оқу-жаттығулармен аяқталды.Күзгі арнайы тактикалық-оқу жиынына 93 әскери міндетті шақырылды. «Ақтас» полигонында олар тәжірибелі нұсқаушылардың, офицерлер мен сержанттардың жетекшілігімен тактикалық, атыс және арнайы дайындық бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдірді.Жиын барысында алған білім мен тәжірибені бекіту мақсатында әскери міндеттілер мен аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы ведомствоаралық оқу-жаттығуларға қатысты.Полиция департаменті басшысының қарамағына берілген аумақтық қорғаныс ротасы Бадам су қоймасын күзетуге жұмылдырылды. Бірлескен күшпен стратегиялық нысанның қорғанысы ұйымдастырылды.Аумақтық қорғаныс жауынгерлері шартты қарсыластың бірнеше үйлестірілген шабуылын тойтаруға, тосқауыл бекетке жасалған қарулы содырлардың шабуылын қайтаруға, су қоймасы бөгетіндегі шлюз жабдықтарын басып алуға жол бермеуге қатысты.– Оқу-жаттығу барысында біз аумақтық әскерлердің, полицияның, ІІМ арнайы бөлімшелерінің және әкімдік құрылымдары іс-қимылдарының үйлесімділігіне баса назар аудардық. Әскери міндеттілермен біз тосқауыл бекеттердегі іс-қимылды, қарауыл қызметін атқару, шартты қарсыластың шабуылын тойтару, сондай-ақ стратегиялық маңызды нысандарды қорғау мен күзету тәсілдерін пысықтадық, – деді аумақтық қорғаныс бригадасының командирі полковник Бақытжан Әшімов.Сонымен қатар, оқу-жаттығуға қатысушылар «жараланғандарға» алғашқы медициналық көмек көрсету, өртті сөндіру, жергілікті жерді тексеру және «ұсталғандарды» алып жүру бойынша тәжірибе жинады.Жиынды ұйымдастырушылардың айтуынша, оның басты мақсаты – қажетті деңгейдегі жауынгерлік дайындықты қолдау, практикалық дағдыларды жетілдіру және әскери міндеттілердің өз міндеттері бойынша қолдануға дайындығын арттыру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1076325?lang=kk
Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы New York Film Academy филиалы ашылды 14.10.2025
Қаскелең қаласында халықаралық мәдени-білім беру ынтымақтастығы саласында маңызды оқиға өтті – Орталық Азиядағы әлемге әйгілі америкалық кино мектебінің алғашқы филиалы – New York Film Academy Kazakhstan салтанатты түрде ашылды. Жаңа кампус Energo University мен Dala Edge креативті паркі базасында құрылды.Іс-шараға New York Film Academy президенті және бас атқарушы директоры Майкл Янг, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, АҚШ-тың ресми өкілдері, сондай-ақ кино және медиа индустриясының қайраткерлері қатысты.Ашылу рәсімінің атмосферасы кинематографиялық стильде ұйымдастырылды: қонақтарды ерекше «дубль түсіру» қойылымы қарсы алды. Салтанат барысында студенттер өнер көрсетіп, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин жаңа оқу орнының мәдени және шығармашылық мәнін атап өтті. Қонақтарға кампустың инфрақұрылымы – кітапхана, дәріс залдары, дыбыс жазу және монтаждау студиялары, сондай-ақ Dala Edge креативті паркі көрсетілді.Студенттер мен қатысушылар үшін халықаралық мамандардың шеберлік сабақтары өткізілді: NYFA режиссері әрі оқытушысы Роб Пьетри, актер және импровизация шебері Марк Мочаби, AR және ойын технологиялары саласының маманы Кевин Кейтон, продюсер әрі режиссер Майкл Хсюэ, клипмейкер және кинорежиссер Ладо Кватания, қазақстандық кинопродюсер Қуаныш Бейсек, Голливуд сценарисі Гүлжан Токтогұл, режиссер және Unreal Engine маманы Болат Ақназаров, визуалды эффектілер бойынша сарапшы Денис Вежновец, сценаристер Санат Шапашов пен Сергей Литовченко, сондай-ақ NYFA актері әрі оқытушысы Тодд Бруно дәріс оқыды.Күн соңында «CIS MEDIA MARKET TOMORROW: CHALLENGES, FOCUS, COMMUNITY» атты панельдік талқылау өтіп, онда аймақтық медианарықтың даму болашағы сөз болды.NYFA президенті Майкл Янг өз сөзінде былай деді:«Біз New York Film Academy-дің Қазақстанда ашылғанына мақтан етеміз. Бұл жай ғана білім беру жобасы емес, аймақ таланттарын біріктіріп, оларды әлемдік кино индустриясына алып шығатын алаң».Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде атап өтті: «Жаңа білім ордасы – Мемлекет басшысының елімізде жетекші әлемдік университеттердің филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отырған жоба. Бұл – білім беру мен креативті индустрияның дамуына қуатты серпін беретін, шығармашыл жастарға жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам. Алматы облысы табиғат сұлулығымен ғана емес, бай мәдени мұрасымен де ерекшеленеді.Бұл – жастарға шабыт пен идея беретін сарқылмас қайнар көз. Академияның ашылуы өңірді мәдени әрі технологиялық орталыққа айналдырып, Қазақстаннан ғана емес, шетелден де дарынды студенттерді тартуға ықпал етеді. Бүгінде облыста 2 миллионнан астам тұрғын бар, олардың 30 пайыздан астамын жастар құрайды. Бұл – жаңа білім беру жобалары мен шығармашылық алаңдарға жоғары сұраныс бар екенін көрсетеді.New York Film Academy Kazakhstan кино, медиа және креативті индустрия саласында білікті мамандарды даярлайтын ірі білім ордасына айналып, аймақ пен елдің өркендеуіне зор ықпал етеді деп сенемін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076340?lang=kk
Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған халықаралық марафон-бәйге өз мәресіне жетті 14.10.2025
Кең даланы дүбірге бөлеген айтулы дода мәресіне жетті. 20 қыркүйек күні салтанатты түрде Тобыл-Торғай даласынан бастау алған, өткенге тағзым, бүгінге рух, болашаққа аманат ретінде көрнекті ағартушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығының құрметіне және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнайы ұйымдастырылған Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды.«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі ұлттық ат спортының тарихы мен мәдениетін дәріптейді. Бұл тек жарыс емес, халықтың дәстүрі. Батырлық пен ерлікті насихаттайтын ерекше сынақ.Қазақтың дархан даласын дүбірлеткен тұлпарлар бәйгесі 2022 жылдан бері өткізіліп келеді.Биылғы марафонға барлығы 3 мемлекеттен 18 команда қатысты. Марапаттау рәсімінде Қырғызстан, Кабардин-Балқар елінен келген спортшыларға қошемет көрсетілді. Еліміздің намысын қорғау үшін Маңғыстау, Алматы, Жетісу, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау сияқты он облыстан, Астана, Алматы қалаларынан және Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Бірлік» командасы қатысты.Елеулі сәтте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне қолдау көрсеткен және ұйымдастыруға ұйтқы болып жүрген ұлт руханиятының және ұлттық спорт жанашырлары зор құрметпен сахна төріне шақырылды. Олар: Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, «Жорық» ат спорты федерациясы «Қамқоршылар кеңесінің» төрағасы Ералы Тоғжанов, Мемлекет және қоғам қайраткерлері Дүйсен Қасейінов, Абай Тасболат және «Жорық» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков.Алғашқы болып Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов құттықтау сөз сөйледі.«Бүгін біз ерекше қуаныш пен толқынысқа толы сәттің куәсі болып отырмыз. Торғай өңірінде бастау алған «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өзінің мәресіне Арқалық қаласына жетті. Бұл бәйге тек спорттық дода емес, бұл халқымыздың тарихын дәріптейтін, ұлттық рухымызды жаңғыртатын, елдігімізді айқындайтын тағылымды шара болды», – деп атап өтті облыс әкімі Құмар Ақсақалов.«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің осыдан үш жыл бұрын тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталғанын, Торғай елі алтыншы мәрте өткізіп отырғанын, осы уақыт ішінде марафон-бәйге әлемге танымал халықаралық жарыс деңгейіне көтерілгенін тілге тиек етті.«Үш жылдың айналасында бұл бәйге алтыншы мәрте өткізіліп жатыр. Осы уақыт ішінде марафон-бәйге әлемге танымал халықаралық жарыс деңгейіне көтеріліп келеді. Осының бәрі Президентіміздің ұлттық спортты дамытуға жасап отырған қамқорлығының, қолдауының арқасы екенін баса айтуға тиіспіз. Бүгінде Ұлттық спорт халқымыздың ұлттық төлқұжатына, мақтанышына, тіпті өмір салтына айналды десе болады», – деді Дәулет Кәрібек.ҚР Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Тобыл-Торғай өңірінің Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды ұлы тұлғаларды дүниеге әкелген құтты мекен екенін, ел зиялылары аңсаған Тәуелсіздікке ұрпақтары қол жеткізіп отырғанын, бүгінде қазақ елін әлем танып, дүние жүзіне мәшҺүр болғанын лебізіне арқау етті.«Дүние жүзінде қазақтың туы желбіреп, рухы асқақтап тұр. Оның бәрі елдің бірлікте болғанының арқасында. «Бірлік» командасы бірінші рет қатысып отыр. Оны Ассамблеяның 30 жылдығымен байланыстырып отырмыз. Тәуелсіздіктің тұғыры – бірлік. Бірлігі бар ел ғана тұрақты дамиды. Тұрақтылық бар жерге ғана халық сенім артады. Сенім болса, инвестиция келеді, халық тұрақтайды. Осындай бірлігі жарасқан елде үлкен тойдың куәсі болып жатырмыз», – деді Ералы Тоғжанов.Жарыс нәтижесіне тоқталар болсақ, бірінші орынды Қырғызстан командасы жеңіп алды. Екінші орын Ақтөбе облысының еншісінде. Үшінші орынды Қостанай облысының командасы қанжығалады. Төртінші, бесінші орын алған командаларға да сый-сияпат көрсетілді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жүлдегерлерді құттықтап, келер жылы Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойының құрметіне жарысты жалғастыруды ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1076354?lang=kk
Алматы облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекетке қайтарылуда 14.10.2025
Алматы облысында 2022 жылдан бастап жерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында жоспарлы жұмыс жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында жалпы аумағы 483,6 мың гектарды құрайтын 1 488 жер телімі мемлекетке қайтарылды.Қайтарылған жерлердің игерілуі:•165,6 мың гектар конкурс арқылы ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді;•142,3 мың гектар ауылдық округтерге бекітіліп, тұрғындарды жайылыммен қамтамасыз етуге бағытталды;•18,6 мың гектар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға берілді.2022–2025 жылдары аудан және қала әкімдіктері ҚР Жер кодексінің 92, 94 және 147-баптарына сәйкес жалпы аумағы 195,6 мың гектарды құрайтын 930 пайдаланылмай жатқан жер учаскесіне қатысты материалдарды Жер ресурстарын басқару департаментіне (ЖРБД) жолдады.2025 жылдың басынан бері Қонаев қаласының әкімдігі де бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, ЖРБД-ға 55 жер учаскесі бойынша (42-сі – коммерциялық, 13-і – ауыл шаруашылығы мақсатындағы) құжаттарды жолдады. Аталған жерлер Капшагай су қоймасы мен Іле өзенінің маңында орналасқан. Сонымен қатар, жер пайдаланушыларға 61 ескерту-хат жіберілді.🔹 Бұрынғы лауазымды тұлғаларға тиесілі болған кейбір жерлерге қатысты деректер де қарастырылуда:•2006 жылы Іле ауданы әкімдігінің қаулысымен «Монтажник» шаруашылығына 13 883,9 га жер бөлінген;•2005–2007 жылдары «DALA INVEST GROUP» ЖШС-не 2 952,07 га жер берілген;•2022 жылы «AL-AGRO GROUP» ЖШС-не 44,93 га жер нотариалдық келісім негізінде өткен;•Алатау қаласында 28,7 га жер телімі тіркелген;•2013–2025 жылдары «Billboards Empire» ЖШС Іле ауданында, Қонаев және Алатау қалаларында жарнамалық билбордтарға арналған 38 жер учаскесін рәсімдеген.Барлық шешімдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдануда. ҚР Жер кодексінің 147-бабына сәйкес, жерді бөлу және пайдалану заңдылығын тексеру құзыреті Жер ресурстарын басқару департаментіне тиесілі. Қажетті шаралар қабылданғаннан кейін қосымша ақпарат ресми түрде жарияланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076366?lang=kk
Алматы облысында Еңбек күніне арналған іс-шаралар 14.10.2025
Алматы облысында Еңбек күнін атап өту дәстүрге айналды. Бұл күн тек өңірдің емес, тұтас елдің дамуына үлес қосқан еңбек адамдарын ұлықтау мерекесі.Биыл аймақтағы белсенді бағдарлама 19 қыркүйекте Талғар аудандық Мәдениет үйінде басталды. Мұнда «Еңбек жолы», «Парыз» конкурстарының жеңімпаздары және облыстың барлық аудандарынан келген жұмысшы мамандық иелері марапатталды. Көптеген азаматтарға облыс әкімі атынан дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сертификаттар табысталды.Кейін еңбек ардагерлеріне, жұмысшы мамандық иелеріне, әлеуметтік сала қызметкерлеріне және басқа да мамандарға арналған концерттік бағдарлама өтті. Ал Мәдениет үйінің алдындағы алаңда «Керуен» жобасы мен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі басталды.Айта кету керек, «Керуен» – жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, еңбек беделін арттыруға, халықты мемлекеттік қолдау шаралары, кәсіптік оқыту, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға бағытталған жоба. Бағдарлама облыстың барлық аудан-қалаларында өткізіліп, жастармен, ауыл тұрғындарымен, колледж студенттерімен және жұмыссыз азаматтармен кездесулер түрінде ұйымдастырылады. «Керуеннің» жұмысына аудан әкімдіктері, жұмыспен қамту, білім беру, кәсіпкерлік, жастар саясаты, мәдениет басқармаларының өкілдері, мансап орталықтары, колледждер, кәсіпкерлер секторы және кәсіби бағдар беру мамандары қатысады.Негізгі назар жастарды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне тартуға, сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын таныстыруға, білім беру бағдарламаларын, «Бастау Бизнес», «Enbek Skills» жобаларын, микрокредиттерді, әлеуметтік гранттарды және басқа да бастамаларды түсіндіруге аударылады.Алайда мереке мұнымен аяқталған жоқ. Еңбек күнін апталық форматта атап өту Есік қаласында жалғасты. Мұнда белсенді ұзақ өмір сүру орталығында TED форматындағы облыстық конференция басталды. Оған еңбек ардагерлері, әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар Талғар ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында мансап орталығында ашық есік күні өтті. Облыс орталығы – Қонаев қаласы да тыс қалмады. Мұнда да мансап орталығында ашық есік күні ұйымдастырылып, жұмыс берушілермен кездесу өтті. Акцияға Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандары қосылды. Бұл аудандарда бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өтті, ал кейін мансап орталығында әлеуметтік салаға қосқан үлесі үшін қызметкерлер марапатталды.Сонымен қатар жастарға кәсіби бағдар беруге бағытталған «Менің мамандығым – менің болашағым» флешмобы өтті. Бұдан бөлек, студенттер қолөнер, тағам өндірісі, электротехника, дәнекерлеу ісі, ІТ-технологиялар және тігін өндірісі бойынша көрмелер мен шеберлік сыныптарын өткізді.Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы облысында жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту және оларды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, 33 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және 37 ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға 508 жұмыс беруші, 3008 жұмыс іздеуші, сондай-ақ 761 оқушы мен 727 студент қатысты.«Еңбек жолы» және «Парыз» конкурстары Алматы облысында өттіСоңғы жылдары аймақта тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан конкурстар жаңа есімдерді ашып, аудан ғана емес, бүкіл облыс үшін мақтаныш символына айналды. Олар адал еңбек пен өзара көмек, мамандықтарды насихаттау Алматы облысының дамуына зор үлес қосатынын дәлелдеді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай конкурстардың басты мақсаты – еңбектің қоғамдық маңызын арттыру және түрлі сала қызметкерлерін дәріптеу. Сондай-ақ адал еңбек, еңбек әулеттері мен жас мамандардың құндылықтарын насихаттау ерекше маңызды. Ал өңірлік кезең жеңімпаздарын марапаттау – жергілікті тұрғындар үшін үлкен демеу.Акция аясында өңірдің үздік мамандары атап өтіліп, марапатталды. Құрметті қонақтар – еңбек ардагерлері мен кәсіподақ өкілдері олардың еңбегін ғана емес, облыстың, ауданның және ауылдардың дамуына қосқан үлесін де атап өтті. Шарада облыстық мәслихат төрағасы ерекше сөз сөйледі.– Бүгін біз осы маңызды мерекені атап өту үшін жиналдық. Еңбек күні – барлық буын мен мамандықтарды біріктіретін мереке. Бұл – қарапайым адамның адал еңбегіне, шыдамдылығы мен табандылығына құрмет көрсету күні. Қадірлі еңбек адамдары, сіздер біздің отбасыларымыздың, аудандарымыздың және тұтас Алматы облысының игілігінің негізін қалайсыздар. Біз үшін үлкен мақтаныш – «Еңбек жолы» мен «Парыз» конкурстарының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын, сондай-ақ аудандардан келген жұмысшы мамандық иелерін марапаттау. Бұл азаматтар өз еңбексүйгіштігімен, жауапкершілігімен және ісіне адалдығымен үлгі көрсетіп, өңіріміздің дамуына зор үлес қосуда, – деді ол.Сонымен қатар аудандарда да Еңбек күніне арналған іс-шаралар өтті. Қатысушылар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, жұмысшы мамандықтарына маманданған оқу орындарының таныстырылымы, мемлекеттік гранттар мен микрокредит иелерінің өнімдері қойылған көрмелер ұйымдастырылды.Алматы облысында бірқатар еңбек адамдары марапатталдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл бастама еңбек адамының мәртебесін көтеруге және қарапайым еңбекті дәріптеуге бағытталған маңызды шешім болды.Осыған орай, 2025 жылғы 19 қыркүйекте Алматы облысында Еңбек күніне арналған салтанатты шара өтті. Талғар ауданында «Еңбек жолы», «Парыз – 2025» конкурстарының жеңімпаздары және облыстың үздік жұмысшы мамандары марапатталды. Оларға облыс әкімі атынан алғыс хаттар, дипломдар және ақшалай сертификаттар табысталды.«Еңбек жолы» конкурсы үш номинация бойынша өтті: «Үздік еңбек әулеті», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы». Бұған қоса, «Парыз – 2025» облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды. Еңбек ардагерлері мен өндіріс озаттарының еңбегі ерекше атап өтіліп, 11 адамға құрметті марапат берілді.Талғар ауданы әкімінің орынбасары Айбек Бидаев салтанатты рәсімде сөз сөйлеп, еңбеккерлерге жылы лебізін білдірді.– Бүгін марапатқа ие болғандар – өз еңбегімен өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан жандар. Сіздердің еңбектеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі, ал жетістіктеріңіз – қоғамның өркендеуіне жол ашатын құндылық, – деді ол.Шарада үздік еңбек әулеттері – Абдрахмановтар, Сайбировтар, Бакеновтар марапатталды. Жастарға тәлімгерлік еткендер қатарынан Райымбек ауданынан Жанат Керімбаев, Кеген ауданынан Ернат Инсебаев және Қарасай ауданынан Айман Байсеитова үздік деп танылды. «Өндірістің үздік жас маманы» атағына Іле ауданынан Дильфуза Бақытжанова, Кеген ауданынан Ермахан Бекмұрат және Алатау қаласынан Дархан Жақаев ие болды. «Парыз – 2025» байқауында Ұйғыр ауданынан Юлдаш Семятов, Еңбекшіқазақ ауданынан Уларым Тұрсын және Қонаев қаласынан Ләззат Салықова жеңімпаз атанды.Сонымен бірге кабельшілер, бас инженерлер, ораушылар, желі операторлары, инженерлер, тракторшылар, электромонтерлер, су арнасы шеберлері, жүргізушілер, етікшілер және басқа да жұмысшылар түрлі марапаттарға ие болды.Айта кетейік, жыл басынан бері облыста жастарды жұмысшы мамандықтарына тартуға және оларды жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 33 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және 37 ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл іс-шараларға 508 жұмыс беруші, 3008 жұмыс іздеуші (оның ішінде 1333 жас маман), 761 оқушы және 727 студент қатысты.Адал еңбек – ұрпаққа өнегеМерекеде үздік еңбек әулеттері марапатталды. Солардың бірі – Іле ауданындағы «Алель Агро» АҚ-да еңбек ететін Абдрахмановтар отбасы.– Еңбек – біздің отбасымыздың басты құндылығы. Әкелеріміз бен аталарымыз еңбекқорлықты өмірлік қағида етіп, бізге үлгі көрсетті. Біз сол жолды жалғастырып келеміз. Мұндай марапатты тек өз отбасымыздың емес, барша еңбек адамдарының құрметі деп білемін, – деді Абдрахмановтар әулетінің үлкені.Бұл сөздер еңбек әулеттерінің ұрпақ сабақтастығын сақтап, адал еңбекті дәріптеп келе жатқанын дәлелдейді.Қоғам үшін ортақ құндылықМереке аясында «Керуен» жобасы, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, студенттік флешмоб және кәсіби шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Мемлекеттік грант иелері өздерінің бизнес-жобаларын ұсынып, еңбек нарығының дамуына жаңа серпін берді. Барлығы 400-ден астам адам қатысқан шарада 500-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.Бұл бастамалар еңбек адамдарын қоғамдағы мәртебесін арттырып қана қоймай, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашты, кәсіби бағдар берді және еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты үйлестіруге нақты үлес қосты.Еңбек күні – ең алдымен еңбек адамының мерекесі. Бұл күн әрбір тынбай еңбек еткен жанның қоғам дамуына қосқан үлесін бағалайды. Өз еңбегімен елге үлгі болып жүрген азаматтар – мемлекеттің нағыз тірегі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1076383?lang=kk
Құрметті жерлестер! Ардақты еңбеккерлер! 14.10.2025
Баршаңызды Еңбек күнімен құттықтаймын!Осы айтулы күні адал еңбегімен қоғамның игілігі және оның өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген барша жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін. Еңбек адамы - кез-келген өндірістің тірегі, тұрақтылық пен өсудің қайнар көзі.Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еңбек адамының ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өткен болатын. Биылғы жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы да осыны дәлелдей түседі.Тобыл-Торғай өңірі қашанда еңбегімен елге үлгі болған қасиетті өлке. Даламызды дүбірлеткен диханымыз да, өнеркәсіп пен өндірістің алдыңғы шебінде жүрген жұмысшыларымыз да – барлығы туған жердің өркендеуіне үлес қосып келеді.Еңбек – береке бастауы. Әр күнімізді абыройлы іспен өрнектеп жүрген жерлестеріміздің қажырлы еңбегі біз үшін үлкен мақтаныш. Біз әрқашан еңбек әулеттерін, өз ісінің майталмандары мен жасампаздық жолын таңдаған жас мамандарды мақтан тұтамыз! Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, амандық, толағай табыс пен игілікті істеріңізге сәттілік тілеймін. Еңбектеріңіз лайықты бағаланып, қуаныш пен береке әкелсін!Қостанай облысының әкімі Қ. АқсақаловАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1076384?lang=kk
Маңғыстау облысында «Айбалта-2025» оқу-жаттығуына қатысушыларға арнап концерт ұйымдастырылды 14.10.2025
Маңғыстау ауданына қарасты Сайөтес елді мекенінде мәдениет қызметкерлері «Айбалта-2025» жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысушы әскери қызметшілерге арнап концерттік бағдарлама ұсынды.Іс-шара барысында патриоттық әндер мен музыкалық шығармалар орындалып, жауынгерлерге рухани серпіліс сыйлады. Көтеріңкі көңіл-күй жауынгерлердің өз күшіне деген сенімін арттырып, оқу-жаттығу міндеттерін табысты орындауға ынталандырды. Сонымен қатар, Отанға деген мақтаныш сезімін тереңдете түсті.– Оқу-жаттығу кезінде біз тек жауынгерлік дайындыққа ғана емес, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйіне де ерекше көңіл бөлеміз. Мұндай рухани іс-шаралар сарбаздардың жауынгерлік рухын жоғары деңгейде ұстауға ықпал етеді және әрбір патриоттың жүрегінде Отан бар екенін еске салады, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Азамат Жұмағазиев.Әскери қызметшілер өнерпаздарға ыстық ықылас танытып, көңіл бөлгені мен қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Олардың айтуынша, шығармашылық ұжыммен кездесу сарбаздарға қуат беріп, алдағы оқу-жаттығу тапсырмаларын сапалы орындауға жігер сыйлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1076416?lang=kk