Қуқық
Бакуде өткен кездесуде “жасыл энергетикалық дәліз” мәселелері талқыланды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында өткен «Жасыл энергетикалық дәліз – Оңтүстік газ дәлізі» министрлік кездесуіне қатысты.С. Есімханов өз сөзінде Оңтүстік газ дәлізін энергетикалық ресурстарды жеткізудің тұрақты бағыты ретінде дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Қазақстан табиғи газдың қомақты қорына ие бола отырып, жаңа экспорттық нарықтарға шығу үшін инфрақұрылым мен логистиканы белсенді дамытуда. 2024 жылы елімізде газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрді құрады, ал 2030 жылға қарай жылына 68 млрд текше метрге дейін ұлғаю перспективасы бар. Бұл бағыттағы негізгі жобалар Қашаған және Қарашығанақ кен орындары болып қала береді.Вице-министр экологиялық тұрақтылық мәселелеріне ерекше назар аударды. Қазақстан ілеспе газды кәдеге жарату технологияларын және «жасыл» сутекті өндіру жөніндегі перспективалы жобаларды қоса алғанда, төмен көміртекті шешімдерді дамытуды белсенді қолдайды. Жақында қол қойылған үшжақты келісім шеңберінде Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан арасында «жасыл энергетикалық дәліздің» бөлігі ретінде Каспий теңізі арқылы суасты жоғары вольтты кабелін салу бастамасы іске асырылуда.Сондай-ақ, вице-министр еуропалық энергетика жөніндегі комиссары Дэн Йоргенсенмен және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Энергетикалық ресурстар бюросының аға кеңесшісі Эрик Джейкобспен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, онда тараптар трансшекаралық инвестициялар мен тұрақты даму мәселелері бойынша пікір алмасты.Соңында вице-министр Қазақстанның өңірлік және халықаралық энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, «жасыл» энергетика компоненттерін қоса алғанда, энергия ресурстарын жеткізудің әртараптандырылған және экологиялық қауіпсіз бағыттарын дамытуға міндеттемесін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/970584?lang=kk
Биыл ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуға тиіс 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов өңірде 2025 жылы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын жоспарлар туралы айтты. Басты назар ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, кредиторлық қарыздарды өтеуге және жаңа кадрларды тартуға аударылады.Кредиторлық қарыздар жойылады– Денсаулық сақтау жүйесінің басты мәселелерінің бірі – медицина ұйымдарының кредиторлық қарыздары. Бұл жағдай біздің өңірге де тән, – деді Дархан Сапанов.2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі медицина ұйымдарының жалпы қарызы 2,5 миллиард теңгені құрады, оның 1,3 миллиард теңгесі – мерзімі өтіп кеткен берешек.Қарыздарын толық өтей алған сегіз мекеме бар: Катонқарағай аудандық ауруханасы, Ана мен бала орталығы, Өскемен қаласының №4 ауруханасы, Күршім аудандық ауруханасы, Риддер қалалық ауруханасы, Психикалық денсаулық орталығы, Облыстық жедел жәрдем станциясы және Самар аудандық ауруханасы.Ал кредиторлық берешегі сақталған ұйымдарға Медицина орталығы, Алтай ауданаралық ауруханасы, Шемонаиха аудандық ауруханасы, Серебрянск қалалық ауруханасы және Үлкен Нарын аудандық ауруханасы жатады. Алайда бұл ұйымдарда жалақы мен салық бойынша қарыздар туындамаған.Жаңа қарыздар Өскемендегі Балаларға арналғанстоматологиялық емханада және ШҚО Фтизиопульмонология орталығында пайда болды.Дархан Сапанов медицина мекемелерінің басшыларына осы жылдың соңына дейін барлық қарыздарды жою туралы тапсырма берді. Өлім-жітім азайдыБылтыр ШҚО-да жалпы өлім көрсеткіші 2%-ға өсіп, туу2,6%-ға азайды. Дегенмен обырдан (ісік) қайтыс болу 4,2%-ға, ал туберкулезден өлім 18,2%-ға азайған.Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім 3,4%-ға артқан, ал жарақаттан қайтыс болу 1,4%-ға төмендеген.Ана мен нәресте өлімі де азайды. 2024 жылы өңірде бір әйел босану кезінде қайтыс болған. Бұл жағдай облыс орталығында тіркеліп, алдағы уақытта республикалық штабта қаралатын болады.Нәрестелер өлімінің негізгі себептері: перинаталдық кезеңдегі асқынулар, туа біткен ақаулар және тыныс алу органдары аурулары.– Аналар өлімі 65%-ға, нәресте өлімі 31,5%-ға азайғаны – медицина мекемелерінің жаңартылып, алдын алу шараларының күшеюінің нәтижесі. Осы жылы аудандық ауруханалардың деңгейін көтеріп, заманауи құрал-жабдықтар сатып алу көзделіп отыр, – деді Сапанов.Денсаулық сақтау басқармасы бұл көрсеткіштерді төмендету үшін жүйелі жұмыстар атқарып жатыр: мамандарды оқытуға жібереді, материалдық-техникалық базаны нығайтады, сирек аурулары бар балаларға арналған дәрілер мен арнайы тағамдар сатып алады.Бүгінде ШҚО-да 13 босандыру ұйымы жұмыс істейді: 9-ы – І деңгейлі, 2-еуі – ІІ деңгейлі, 2-еуі – ІІІ деңгейлі. Осыжылдың І тоқсанында Тарбағатай аудандық ауруханасын ІІ деңгейге ауыстыру жоспарланған.Қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 8,25%-ға өсті. Обыр аурулары 4,29%-ға төмендеді. Жарақаттар мен улану 7,63%-ға артты, ал туберкулезбен сырқаттанушылық 4,44%-ға азайды. Кадр мәселесі – басты назардаҚазіргі кезде өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде 10 842 маман жұмыс істейді, оның ішінде 3 021-і – дәрігер, 7 821-і – орта буын медицина қызметкері.Облыста 152 маман тапшы, оның ішінде 75-і ауылдық жерлерге қажет.– Осы жылдың 13 ақпанында Денсаулық сақтау басқармасы 150-ден астам интерн мен резидентпен кездесу өткізді. «Семей» медицина университетінің 42 түлегімен алдын ала келісімдер жасалды, – деді әкім орынбасары.Сондай-ақ биыл облыс 70 маманды шетелге оқуға жібереді. Бұл мақсатқа 420 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оқыту бағыттарын Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың бас мамандарынан құралған комиссия анықтайды.Материалдық-техникалық база нығайып келедіӨткен жылы өңірде 21 медицина ұйымының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 3,3 миллиард теңге бөлінді. 7 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге 2,5 миллиард теңге қарастырылып, 6 нысанда жөндеу аяқталды. Қалған бір нысанда жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.Осы жылдың соңына дейін 18 денсаулық сақтау ұйымы жаңа медициналық жабдықпен қамтамасыз етіледі. Бұл үшін 4,8 миллиард теңге бөлінді.Сондай-ақ 16 нысанды күрделі жөнделмек, оның құны – 3,8 миллиард теңге.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 36 медицина нысаны салынып жатыр. Оның 35-і пайдалануға берілді, қалған біреуі биыл аяқталады.Өңір үшін маңызды бірнеше ірі жоба жүзеге асуда. Солардың қатарында Өскемендегі гематология орталығы, Риддер қаласындағы200 орындық көпсалалы аурухана мен 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы, сондай-ақ Онкология және хирургия орталығы хирургиялық корпусының 1-3 қабаттарын жаңғырту, Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі ауысымына 150 адам қабылдайтын емхана құрылысы бар.Төсек-орын қорын тиімді қолданған жөн2024 жылғы талдау барысында өңірдегі кейбір ауруханаларда төсек-орындардыңжоғары жүктемемен, ал кейбірінде төмен жүктемемен қолданылып отырғаны анықталды.Күршім аудандық ауруханасы мен облыстық реабилитациялық орталықта төсек-орындаржоғары жүктемемен жұмыс істеп жатыр.Ал Защита теміржол ауруханасында (10 төсек-орнының 5-і бос), Ұлан аудандық ауруханасында (15 орынның 7-і бос) керісінше төмен жүктеме байқалды.– Медициналық мекеме басшылары уақытылы сараптама жасап, науқастар ағынын реттеп, төсек-орын қорын тиімді пайдалану үшін қайта бейіндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс, – деп түйіндеді Дархан Сапанов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/970525?lang=kk
Отандық спортшылар қысқы Олимпиада және Паралимпиадаға жеке жоспар бойынша дайындалады 15.04.2025
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпия және Паралимпия ойындарына дайындықты бастады.2024/25 жылғы қысқы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындардан көрінген кейбір спорт түрлерінің спортшылары қысқы Олимпиада лицензиясына үміткер спортшы ретінде іріктеліп алынды. Әр спортшы үшін жеке дайындық жоспары бекітілді. Бұл жоспар халықаралық тәжірибеге, ғылымға негізделген кешенді әдістерді қамтиды.Әр спортшы үшін жеке қадағалау жүргізіліп, инвентарь, медициналық қолдау (WADA талаптарына сай дәрі-дәрмек пен спорттық тамақтану), психологтың көмегі, нутрициолог пен дәрігер кеңесімен қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ арнайы спорттық жабдықтар, бағдарламалар дайындау, қажет болса жеке жаттықтырушылардың іссапары қамтамасыз етіледі.Бұдан бөлек, Performance Hub платформасы арқылы әр спортшының физикалық және функционалдық жағдайы тестіленіп, дайындық циклдары ғылыми негізде жоспарланады. Бұл жаттығу жүйесінің тиімділігін арттырып, жарақаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.Олимпиадаға дайындық барысын қолдау үшін федерациялар, өңірлік спорт басқармалары және министрлікке бағынысты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді. Олар спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына кедергісіз қатысуын, барлық құрал-жабдық пен медициналық қызметтердің уақтылы көрсетілуін және бәсекеге қатысу кестесінің нақты орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.Министрлік тарапынан қолға алынған кешенді жұмыс отандық спортшылардың қысқы Олимпиадада жоғары нәтижеге қол жеткізуіне бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970504?lang=kk
ҚАЗАҚСТАНДА 5 ЖЫЛ ІШІНДЕ ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ 2,3 ЕСЕГЕ ҚЫСҚАРДЫ 15.04.2025
Қатысушылар KIOSH конференциясы алаңында еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларына сандық технологияларды енгізу, жеке қорғану құралдарының жаңа жүйелері, еңбек қорғауды басқару жүйелері, сондай-ақ мемлекеттік және ішкі бақылау сияқты саланы дамытудың өзекті мәселелерін қарастыруда.Спикерлер Конференцияның пленарлық сессиясында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жұмыс орындарындағы проблемаларды, оларды шешу жолдарын, сондай-ақ ең үздік әлемдік тәжірибені енгізу мәселелерін талқылады. Конференцияны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов ашты."ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің негізгі міндеті өнеркәсіп салаларының қауіпті өндірістік нысандарында еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің денсаулығына зиян келтіруді болдырмау және өндірістік жарақаттануды азайту болып табылады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау 8 мыңнан астам кәсіпорында, оның ішінде 211 мыңнан астам нысандар мен қауіпті техникалық құрылғыларда жүзеге асырылады. Бес жыл ішінде жарақаттануды талдау барысы көрсеткендей, қызметкерлердің жарақаттануының негізгі көрсеткіштер саны көмір және тау - кен саласына тиесілі, бұл республика бойынша 49% -дан астам көрсеткішті құрайды", - деп атап өтті Қанат Баитов.Осы мәселені шешу үшін министрліктің бастамасы бойынша аумақтық органдар кәсіпорындар басшыларымен бірлесіп жыл сайын техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарларын әзірлейді, оның шеңберінде 2015-2018 жылдар кезеңінде 8663 бірлік жабдық пен 350 технологиялық желі ауыстырылды.Қабылданған шаралар нәтижесінде нысандардың қауіптілік деңгейін және өндірістік жарақаттану көрсеткіштерін жыл сайын төмендетудің белгілі бір үрдісі байқалды. Атап айтқанда, соңғы бес жылда (2014-2018 жылдар) тіркелген өндірістік апаттар мен жазатайым оқиғалардан қаза болғандардың саны 2,3 есеге азайды.ҚР ИИДМ әзірлеген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасы шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіпорындардың өндірістік бақылауының рөлін арттыру мақсатында өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғаларының қызметін регламенттеу және олардың мәртебесін күшейту ұсынылды.Осы бағытта белгіленген шараларды іске асыру қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі апаттар мен өндірістік жарақаттанудың төмендеуін және біздің республика экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20667?lang=kk
КҮН ТӘРТІБІНДЕ -ТКШ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР 15.04.2025
Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 570 қаулысымен енгізілген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарастыруда.Өз сөзінде Қайырбек Өскенбаев заң жобасы келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталғандығын атап өтті:Бірінші."Бір үй - бір бірлестік - бір шот" қағидаты бойынша "мүлік иелерінің бірлестігі"коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеу.Екінші. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу.Үшінші. Кондоминиум объектілерін басқару органына үй-жайлардың меншік иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету және басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру, сондай-ақ тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілері арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту.Төртінші. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды, газ және газбен жабдықтау объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.Бесінші. Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің қызметін және азаматтардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіруі арқылы тұрғын үй сатып алу тетігінің ашықтығын реттеу.Заң жобасының негізгі ұсынысы – көп пәтерлі тұрғын үйді басқару үшін "мүлік иелерінің бірлестігі" коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру, ол "бір үй – меншік иелерінің бір бірлестігі-бір шот"қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.Көп пәтерлі тұрғын үйде, егер ондағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар саны отыздан аспайтын болса, заңды тұлға құрмастан (жай серіктестік) пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелеріне КПТҮ тікелей бірлесіп басқаруына жол беріледі.Іс жүзінде ПИК көп үй болып, барлық үйлерге бір есеп шот ашады, бұл жиналған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауға мүмкіндік бермейді.Осылайша, ұсынылған принцип әрбір үйді басқару бойынша жеке тәсілді көздейді. Әрбір мүлік иелерінің бірлестігі жеке ағымдағы және жинақ шоттарын ашады.КПТҮ басқару қағидаты бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар "бір үй – мүлік иелерінің бір бірлестігі – бір шот" тұрғындарға қаражаттың түсуін және осы ақшаның мақсатты жұмсалуын мониторингілеу мүмкіндігі арқылы өз үйлерін ғана күрделі жөндеуге қаражат жинауға мүмкіндік береді.Осы мақсаттар үшін меншік иелері ай сайын күрделі жөндеу үшін Жинақ шотына пайдалы алаңның 1 шаршы метріне есептегенде 0,005 еселенген АЕК мөлшерінде соманы енгізеді, бұл 12,6 теңгені құрайды. Бұрын жарна пайдалы алаңның 1 шаршы метріне шаққанда 0,02 еселенген АЕК құрады, бұл 50,5 теңгені құрайды. Жарнаның төмендеуі-25% құрады.Заң жобасында барлық қатысушылардың бизнес процестерінің ашықтығын қамтамасыз ететін Бірыңғай тұрғын үй қоры мен ТКШ ақпараттық жүйесін құру қарастырылған.Ақпараттық жүйеде тұрғындар үй бойынша шығындар мен табыстарды бақылай алады, есептеулер мен есеп айырысулардың дұрыстығын тексере алады, өз басқару органының қызметіне мониторинг жүргізе алады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштер бере алады.Сонымен қатар, тұрғындарда электрондық дауыс беруді өткізу және оларға үйдегі барлық мәселелер бойынша қашықтықтан қатысу мүмкіндігі пайда болады.Сондай-ақ, вице-министр түзетулер енгізу тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің өзара қарым-қатынасын ретке келтіретінін, сондай-ақ халықтың жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын жақсартатынын атап өтті.Кездесу соңында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдрахимов тапсырма берді:1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. А. Өскенбаевтың ақпараты назарға алынсын.2. Шымкент қаласының әкімдігі жоғарыда көрсетілген заң жобасы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде:- Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісі ретінде барлық көп пәтерлі тұрғын үйлерді тіркеу;- кондоминиум объектілерінің құрамына оларды орналастыру, пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажетті жер учаскелерін, оның ішінде үй маңындағы аумақтар берілмеген бұрын тіркелген Кондоминиум объектілері үшін де енгізу;- көп пәтерлі тұрғын үйді басқару нысанын таңдау үшін пәтер иелері мен тұрғын емес үй-жайлардың жиналыстарын өткізу, тұрғын үйлерді басқаратын жалдамалы жеке тұлғалар арасында кондоминиум және т. б. тиісті нысандарды басқару құқығына байқау өткізу.3. Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы тұрғын халықты, сондай-ақ қолданыстағы басқару органдарын, сервистік компанияларды заң жобасында көзделген өзгерістермен таныстыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20653?lang=kk
Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Бұланды ауданында болды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Үкімет басшысының тапсырмасымен Бұланды ауданындағы ахуалмен танысты.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов және Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловпен бірге Макинск қаласындағы су тасқыны қаупі бар барлық аумақтар араланып, жағдай жіті тексерілді.Бүгінде ауданда су тасқынының салдарын жою бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Макинск қаласында қалпына келтіру іс-шаралары белсенді түрде атқарылуда. Облыстық жедел тасқынға қарсы штабтың шешімімен су еркін өтуі және тұрғын үйлерді су басудан сақтау мақсатында облыстық маңыздағы автожолдың белгілі бір бөлігі бұзылып, суға жол ашылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында су деңгейі бір метрге төмендеді.Қазіргі таңда Макинск қаласының 12 учаскесінде жұмыс жүріп жатыр. Құтқару шараларына Көкшетау, Қарағанды, Астана және Атбасар қалаларынан келген ТЖ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар мен М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары жұмылдырылған. Барлығы 319 адам, 86 техника, 30 мотопомпа, 5 ПНС және 2 жүзу құралы тартылған.Сапар қорытындысы бойынша су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жедел жүргізу, аулалар мен жеке тұрғын үйлерден суды толық сорғызып, бағыттау, су деңгейі түскеннен кейін бүлінген жол учаскелерін қалпына келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.Аталған мәселе Үкіметтің жіті бақылауында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/970448?lang=kk
Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберді 15.04.2025
Өзбекстан өткен жылдың қазан айынан бері 1 сәуірге дейін Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберді. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Ол Самарқандтағы форумның үшінші пленарлық сессиясында сөз сөйледі.«Бұл су суару кезеңінде еліміздің оңтүстігіндегі шаруаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Су дипломатиясы және халықаралық ынтымақтастық - біздің министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Трансшекаралық суларды бөлу және басқару, тәжірибе алмасу, озық технологияларды бірлесіп енгізу бүкіл Орталық Азияның су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Еске салсақ, Өзбекстанда «Орталық Азия — Еуропалық Одақ» саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан Президенттерінің, Еуропалық Кеңес Төрағасы Антониу Кошта мен Еуропалық комиссия Төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің қатысуымен Самарқанд халықаралық климаттық форумы өтті.Сондай-ақ, Су ресурстары және ирригация министрі климаттық өзгерістерге бейімделу, су ресурстарын басқарудың жаңа тәсілдерін енгізу, сондай-ақ су тапшылығы мәселесін бірлесіп шешу үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтудың маңызына тоқталды.Айта кету керек, екіжақты су ынтымақтастығын нығайту жөніндегі бірлескен жұмыс тобының XII отырысында Нұржан Нұржігітов пен Өзбекстан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қазанына дейін Қазақстанға 16 млрд текше метрден артық су жіберіледі деп келіскен болатын.Солтүстік Арал теңізіне шамамен 1,8 млрд текше метр су жіберілді, бұл жоспарланған көлемнен 120 млн текше метрге артық. Ал, «Достық» мемлекетаралық каналы арқылы Қазақстанға 490 млн текше метр су келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/970401?lang=kk
Қырғызстандық шебер-қолөнершілер Маңғыстау тұрғындарына өз шығармашылығын таныстырып жатыр 15.04.2025
Шетелдік қонақтар үшін арнайы тігілген киіз үйлерде Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген қолөнершілер өз жұмысын ұсынып жатыр. Бауырлас елдердің шеберлері Ақтау тұрғындары мен қонақтарына халық қолөнерін таныстырды.Гүлсан Атамқұлова – Қырғызстаннан келген кесте тігу шебері. Оның айтуынша, қазір елімізде ұлттық кесте өте танымал. Кесте әртүрлі күнделікті заттар мен киімдерге тігіледі. Заманауи сөмкелер, әмияндар, төсек-орындар мен шапандар ұлттық ою-өрнекпен кестеленген. Сонымен қатар, шебер киіз элементтері бар жібек матадан ерекше шәлі жасайды.«Мен бұл іспен бала кезімнен айналысып келемін. Жалпы, қырғыз әйелдерінің барлығы дерлік тігін мен кестелеуді біледі. Кесте өнері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Менің мамандығым – дизайнер. Соңғы бес жылда дәстүрлі элементтері бар киім тігіп жүрмін. Ұлттық киім туралы, яғни ою-өрнектердің мағынасы мен ерекше кесте туралы, оны не үшін және қалай қолданғаны жөнінде ғылыми мақала жазуды жоспарлап жүрмін. Өйткені, қырғыздардың кез келген ұлттық киімі, оның әрбір элементі әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды», - деп атап өтті Гүлсан Атамқұлова.Құрманбек Сартыматов – тері илеуші шебер. Ол былғарыдан сөмке, қамшы, белдік жасайды. Оның қолынан шыққан мерекелік жиынтық адамның көз жауын алады. Мұны жасау үшін шебер былғары, күміс, жез, табиғи тасты қолданған.«Мен 25 жылдан бері теріден ұйым жасап келемін. Менің ұлым - зергер, әйелім кесте тігеді. Өзім терімен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені оны металмен, сүйекпен, таспен біріктіруге болады. Менің бұйымдарыма қазақстандықтар жиі тапсырыс береді, бірақ мен мұнда ешқашан болған емеспін. Қазір біз Ақтауда - түркі әлемінің мәдени астанасындамыз. Жергілікті шеберлермен танысып, тәжірибе алмасамыз деп үміттенеміз», - дейді Құрманбек Сартыматов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/970390?lang=kk
Легионерлерді мемлекет есебінен қаржыландыруға тыйым салу 15.04.2025
Қазақстанда енді шетелден келген спортшыларға (легионерлерге) мемлекеттік бюджеттен қаржы берілмейді. Егер олар отандық командаларда ойнағысы келсе, шығындарын тек демеушілер немесе жеке инвесторлар өтейді.Бұл шешім – отандық спортшыларға жағдай жасау, өзіміздің кадрларды өсіру және спортқа жеке қаражат тарту үшін қабылданды. Яғни, енді басты назар – өзіміздің спортшыларда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970370?lang=kk
ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ТАНЫСТЫ 15.04.2025
Түркістан қаласында премьер-министр облыс орталығындағы құрылыс барысын қадағалады. Үкімет басшысы жаңа халықаралық әуежай құрылысының басталуымен танысты. Нысан облыс орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан және 2020 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілетін болады. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 млн жолаушыны құрайды деп жоспарлануда.Одан әрі Асқар Мамин облыс орталығының құрылыс барысын тексеріп, салынып жатқан әкімшілік, әлеуметтік, мәдени-тарихи нысандарды аралап көрді. Үкімет басшысы облыс әкімдігі ғимараттарының құрылыс нысандарын, медиа-орталықты, конгресс-холлды, "Нұр-сұлтан" алаңын, Халыққа қызмет көрсету орталығын аралады. Әлеуметтік маңызы бар нысандар арасында Асқар Мамин спорттық және музыкалық мектептер, туристік бағыттағы колледж, стадион, оқушылар сарайы мен спорт сарайлары құрылысының барысын қарап шықты. Сонымен қатар, ол салынып жатқан қазақ драма театры, Неке сарайы, сондай-ақ аттракциондары бар саябақ, музыкалық субұрқақ және амфитеатр ғимараттарын аралап көрді.ҚР премьер-Министрі қаланың тарихи-мәдени орталығында, Х. А. Яссауи мұражайын, "Ұлы Дала Елі" орталығын, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы, Шығыс моншасын, Ұлы Жібек жолы қолөнершілерінің Ұлттық орталығының ғимараттарын қайта жаңарту, Визит-орталық, Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Одан соң премьер-министр жаңа саябақтың және қалалық Арбаттың құрылыс алаңдарына барды.Шымкентте Асқар Мамин қалалық кәріздік-тазарту құрылыстарының аумағында болып, сарқынды суларды тазарту жүйесі мен электр энергиясын өндіруге арналған тұнбаны өңдеу кешенінің (биогаз қондырғысы) жұмысын қарап шықты. Жұмыс сапарын аяқтай келе премьер-министр "Shymkent Bus" бірінші автобус паркіне барды, онда тұрақты қалалық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және жергілікті қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын жаңарту туралы баяндалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20414?lang=kk
Қазақстан мен Қатар спорт саласындағы ынтымақтастықты дамытады 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) басшысы Геннадий Головкин Қатар ҰОК президенті, ұлттық олимпиада комитеттері қауымдастығының вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани және Азия Олимпиада кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусалламмен кездесті. Бұл туралы Ербол Мырзабосынов өзінің әлеуметтік желідегі Instagram парақшасында жазды.Келіссөз барысында Қазақстан мен Қатар арасындағы спорт және олимпиадалық қозғалыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ World Aquatics ұйымымен бірлесіп елімізде су спорт түрлерін дамыту және осы саладағы шетелдік тәжірибелі мамандарды тарту талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/970151?lang=kk
Мемлекет басшысы «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысты 15.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Орталық Азияның планетадағы климат өзгерістеріне ең осал өңірлердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұнда жаһандық жылыну әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жылдам жүріп жатыр. Аймақ тосын табиғат құбылыстарымен, атап айтқанда, мұздықтардың еруі, шөлейттену және су тапшылығы секілді сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр.– Осындай күрделі жағдайда аймақ елдерінің күш-жігерін бір мақсатқа жұмылдыру аса маңызды. Сонымен қатар климаттың өзгеруіне қарсы күрес шаралары елдеріміздің дамуына кедергі келтірмеуге тиіс. Біз экономикалық өсім мен климаттық саясат арасындағы тепе-теңдікті қатаң сақтауымыз керек. Бұл ретте Қазақстан аумағында жаппай ағаш егу туралы тапсырма бергенімді айта кеткім келеді. Бұдан бөлек, елімізде орманды сақтау мен қорғауға, экологиялық сананы қалыптастыруға, ең әуелі, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға үндейтін «Таза Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Өзбекстанмен бірге Аралдың табанына жасыл желек егу жұмыстарын қолға алдық, – деді Президент.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан климатқа қатысты күн тәртібінде өңірлік ынтымақтастық, прагматикалық амбиция және халықаралық ықпалдастыққа басымдық береді. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның дамушы елдерді қолдауды көздейтін жаһандық күш-жігерге үлес қосатынын және «жасыл» экономикаға өтуді стратегиялық басымдық ретінде қарастыратынын жеткізді.– Жаңартылатын энергия көздерін дамыту – стратегиямыздың өзегі. Біз жасыл сутегі өндірісі бойынша дүние жүзіндегі ең ірі жобалардың бірін жүзеге асырамыз. Әлемнің корпоративтік көшбасшыларымен бірге жел, күн энергиясын өндіру жобаларын іске қостық. Уран өндірісінің 40 пайызға жуығы Қазақстанға тиесілі. Жер бетіндегі электр энергиясының 10 пайызға жуығы атом электр стансаларында өндірілетінін ескерсек, оның салмағы арта түседі. Қазіргі кезде еліміз зиянды шығарындыларды азайтып, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту үшін алғашқы атом электр стансасын салуды жоспарлап отыр, – деді Мемлекет басшысы.Президент Қазақстанның кең даласы «көміртекті егіншілікпен» айналысу және экожүйені қалыпқа келтіру ісінде зор мүмкіндікке жол ашатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, сирек кездесетін элементтер экологиялық таза технологияларды дамытуға негіз болады. Елімізде мұндай аса маңызды минералдардың айтарлықтай қоры бар және оны өңдеуге әлеуетіміз жетеді.– Өңірімізде су тапшылығы уақыт өткен сайын өзекті мәселеге айналып келеді. Оны екі нәрседен аңғаруға болады. Соңғы жиырма жылда жан басына шаққандағы сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 30 пайызға кеміді. Аймақтағы су ресурстарының 70 пайызы – трансшекаралық. Дәл осы себепті бізге су үнемдеу технологияларын және smart суару мен гидрологиялық мониторинг жүйелерін дамыту ісінде халықаралық қоғамдастықтың қолдауы қажет. Біз бұрыннан айтылып келе жатқан Орталық Азия су-энергетика серіктестігін құру бастамасын ілгерілетуге әзірміз, – деді Мемлекет басшысы.Қазақстан Президенті өз сөзінде биоалуантүрлілікті, әсіресе, Орталық Азияда тіршілік ететін бірегей және жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдік түрлерін сақтау мәселесіне айрықша тоқталды. Мемлекет басшысы Қазақстанда Президент жанындағы Халықаралық биоалуантүрлілікті қорғау қорын құру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.– Жаһан елдерінің «жасыл» дамуға бет бұруы ең жақсы, таза, қауіпсіз және өркендеген әлемнің негізін қалауға керемет мүмкіндік екені күмәнсіз. Алайда ол үшін климаттың өзгеруіне бағытталған мемлекеттік және жекеменшік қаржыландыру көлемі де соған сай болуы керек. Бұл климаттағы өзгеріс салдарын жұмсарту бағытындағы тиісті жұмыстарға төнетін қатерді азайтуға, жасыл энергетикаға инвестиция құюға және табыс әкелетін орнықты экономика моделін құруға жол ашады. Әйтпесе, көміртек бейтараптығына қол жеткізу қиынға соғады. Оның алдын алу үшін бізге күш-жігерімізді еселеп, серіктестік аясын кеңейту керек. Мұндай күрделі сынақты бірде бір ел жалғыз өзі еңсере алмайды, – деді Қазақстан Президенті.Сонымен қатар конференцияда Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Ұйымның елді мекендер жөніндегі бағдарламасының атқарушы директоры Анаклаудия Россбах, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/970133?lang=kk
Ақтаулық тұрғындар Түркия өкілдерінің шеберлік сағатына қатыса алады 15.04.2025
Түркі әлемінінің мәдени жылы аясында түбі бір түркітілдес халықтар Ақтауда бас қосып, ортақ құндылықтарды насихаттап жатыр.Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдынның айтуынша, түріктер мен қазақтардың ұлттық киімінде ұқсастық көп. Оның сөзінше, мұндай мәдени шара ортақ құндылықтарды насихаттау үшін өте маңызды. Ақтау қаласына алғаш рет табан тіреген шеберлер қазақ ұлтының мәдениетімен жақын танысқанына қуанышты.- Ақтаудың Түркі әлемінің астанасы болғанына өте қуаныштымыз. Біз мұнда қолөнер туындыларымызды, яғни кестелерімізді, түрік тоқымаларын осында әкелдік. Біздің ортақ мәдениетімізді қазақтармен байланыстыратын көптеген өнер туындысы бар. Мәселен, біздің той көйлектеріміз қазақтардың киім үлгісіне ұқсайды. Әсіресе, жібек матадан кестелеп тігілген көйлектер өте ұқсас. Бұл шараға Түркияның атынан қатысу біз үшін үлкен мәртебе. Мен Ақтау қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Қазақтардың мәдениетімен жақыннан танысып жатқанымызға өте қуаныштымыз, - дейді .«Шеберлер ауылындағы» Түркия үйінде кесте тігу және мәрмәрмен жұмыс істеу бойынша шеберлік сабақтары өтеді. Оған кез келген қонақ қатысып, түріктердің ұлттық бұйымдарымен таныса алады.- Қазір мұнда келген қонақтарға шеберлік сабағын өткізетін 4 шебер бар. Олар түріктердің ұлттық бұйымдарын жасап көрсетеді. Бауырлас елдердің мәдени шарасы түркітілдес халықтардың туындыларын және ортақ құндылықтарымызды көруге мүмкіндік береді, - дейді Измир жетілу институтының директоры Шуле Айдын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/970047?lang=kk
АРЫС ҚАЛАСЫНДА 1172 ҮЙДЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 15.04.2025
Қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 адамнан асты. Қаланың 17 секторында 250 бірлік арнайы техниканы тарту арқылы, 197 құрылыс компаниясы жұмыс істейді.Сондай-ақ, 65 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде, онда 1746 құрылысшы жұмыс істейді. Бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев бастаған ИИДМ мамандары Арыс қаласындағы үйлердің мониторингін және құрылыстың барысын бақылауды күн сайын жүргізеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/20037?lang=kk
ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР АРЫС ҚАЛАСЫНДА 2179 ҮЙДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ 15.04.2025
Тұрғын үйді қалпына келтіруге 7596 жұмысшы (бір күн бұрын – 7380 күн) тартылды. Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы барлық тұрғын үй қорының 85%-ы әскери полигондағы жарылыстан зардап шеккен болатын. Бүгінгі таңда мамандар 183 үйді қайта тұрғызып жатыр.Тағы 1950 жұмысшы 66 әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді. 4 нысан (1 – білім беру, 2 – денсаулық сақтау, 1 – спорт) толық қалпына келтіруді талап етеді.Министрлік тарапынан бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті бақылау жасап, мониторинг жүргізуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/19933?lang=kk
ҚР ИИДМ БИЛЕТТЕРДІ ҚАЙТА САТҚАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ЕНГІЗУДІ ҰСЫНАДЫ 15.04.2025
Қазіргі уақытта, билеттерді заңсыз қайта сату "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 449-бабындағы «қоғамдық орындарда ұстау» бойынша ғана әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Басқа жауапкершілік әзірше жоқ. ҚР ИИДМ тұрақты негізде қазақстандық тасымалдаушыларға жолаушылар вагондары паркін жаңарту үшін жағдай жасауда. Бұдан басқа, тасымалдаушылар жыл сайын жазғы кезеңде негізгі бағыттар бойынша қосымша поездар санын қосады. Сонымен қатар, жолаушылар ағымының ұлғаюына байланысты негізгі бағыттар бойынша билеттердің жасанды тапшылығы байқалады, бұл ретте оларды сату бойынша заңсыз делдалдар жандана түседі.Билеттердің заңсыз сатылуына тосқауыл қою үшін осы жылдың наурыз айында ҚР ИИДМ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі және "ҚТЖ" ҰК" АҚ арасында теміржол тасымалдауы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық мәселелерін болдырмау көзделген жол картасына қол қойылды.Осы құжатқа сәйкес, "ҚТЖ "ҰК" АҚ билеттерді сату және жолаушыларды поезға отырғызу кезінде заңсыз іс-қимылдар жасауды бақылау және шектеу әдістерін қарастыра отырып, билет сататын "Mobius" жүйесін жетілдіру қажет деп тапты. Алайда, билеттерді заңсыз сату фактілері жалғасуда.Сонымен, 28 шілде күні ҚР ИИДМ Көлік комитеті қоғамдық ұйымдармен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген рейдтер кезінде, Шымкент, Алматы, Нұр-сұлтан, Атырау және Тараз қалаларының вокзалдарында билеттерді жоғары бағамен ұсынатын, сондай-ақ билетсіз қажетті пойызға отырғызуға уәде берген "делдалдардың" болған фактілері анықталды. Алты адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "қоғамдық орындарда ұстау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Анықталған фактілер бойынша, министрлік "ҚТЖ" ҰК "АҚ" Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Магистральдық желі дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ билеттерді заңсыз сатуға қатысқан жеке билет кассаларымен шартты бұзу қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/19892?lang=kk
Хайрушев Жақып Ғалиұлы ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті.Отырыста Қоғамдық кеңес төрағасы лауазымына үміткерлер қаралып, олардың кәсіби тәжірибесі таныстырылды. Талқылаудан кейін дауыс беру жүргізілді.Дауыс беру нәтижесінде ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы болып Хайрушев Жақып Ғалиұлы сайланды.Жақып Ғалиұлын жаңа лауазымымен құттықтаймыз! Оған қоғаммен ашық әрі нәтижелі байланыс орнатып, маңызды бастамаларды табысты іске асыруына және елдің отын-энергетика саласының дамуына сүбелі үлес қосуына тілектеспіз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/969714?lang=kk
Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшылығымен спортты дамыту мәселелерін талқылады 15.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов халықаралық спорт ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының және Қатар Олимпиада комитетінің вице-президенті Шейх Джоан Бин Хамад Бин Халифа Әл-Тани, Азия және World Aquatics Олимпиада Кеңесінің бас директоры Хусейн әл-Мусаллам, Қатар Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Тани Абдулрахман Әл-Каууари қатысты.Халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамыту, олимпиадалық қозғалысты қолдау және кәсіби әрі бұқаралық спортты дамыту үшін жағдай жасау мәселелері талқыланды.Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарымен спортшыларды даярлау және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту, су спорт түрлерін дамытудағы өзара іс-қимылды кеңейту бөлігінде ынтымақтастығының перспективалары қаралды. Спорттық кооперация бұқаралық спортты насихаттауда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/969651?lang=kk
«Global Olive Corporation» Қазақстанда зәйтүн ағаштарын өсіру және зәйтүн майын өндіру жобасын жүзеге асыруда 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Global Olive Corporation» компаниясының президенті Георгий Сванидзе мен Қазақстанда зәйтүн ағаштарын өсіру және зәйтүн майын өндіру жобасын жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін талқылады.Жоба 2023 жылы «QVM Technology» ЖШС, «Ordabasy Group» және «Ервира» қазақстандық компаниялары «Olive Georgia» грузин компаниясымен бірлесіп Түркістан, Маңғыстау және Жетісу облыстарында зәйтүн көшеттерін тәжірибелік отырғызуды бастаған кезде қолға алынған. 6 мыңнан астам көшет отырғызылып, олардың тіршілік ету деңгейі 99,7% құрады. Алғашқы өнім бес жылдан кейін алынады деп күтілуде.2024 жылдың көктемінде жоба кеңейтіліп, Испания мен Түркиядан қосымша зәйтүн көшеттері отырғызылды. 2025 жылдың соңына қарай Қазақстанда зәйтүн алқабының аумағы 100 гектарға жетеді деп жоспарлануда.Министр жобаның маңыздылығын атап өтті, бұл 2025 жылдың ақпан айында Қазақстан мен Грузияның Премьер-Министрлері арасында қол жеткізілген келісімдердің жалғасы болып табылады.«Министрлік алдында өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін арттыру міндеті тұр, және зәйтүн саласын дамыту агроөнеркәсіп кешені үшін стратегиялық маңызға ие. Біз осы жобаны жүзеге асыруда барлық қажетті жағдайларды жасап, жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров.Георгий Сванидзе зәйтүн өсіру жобасы елдің ауыл шаруашылығын дамытуға айтарлықтай әсер ететініне сенім білдірді.«Біздің мақсатымыз — Қазақстандағы зәйтүн саласын дамыту. Жалпы алғанда, біз көшеттердің санын миллионға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, жас агрономдарды технологияларға үйретуге, өз мамандарымызды тартуға дайынбыз. Жоба аясында зәйтүн майын өндіретін зауыт және көшеттер өсіру питомнигін салу жоспарлануда», — деді «Global Olive Corporation» президенті.Грузин компаниясының Қазақстандағы серіктесі — ТОО «QVM Technology» өкілдері Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыруда барынша жәрдемдесетінін атап өтті.Кездесудің қорытындысы бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, жобаны сәтті жүзеге асыру үшін мерзімдер мен шараларды айқындайтын Жол картасы әзірленеді.Жобаның құны 20 миллион долларды құрайтынын атап өтсек. Келешекте бұл жоба жылына 150 мың тонна зәйтүн өнімін алу мүмкіндігін береді, оның ішінен шамамен 30 мың тонна зәйтүн майы өндірілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/969531?lang=kk
ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің Алматы облысына жұмыс сапары 15.04.2025
Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Мемлекет басшысының көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. А. Мамин көру алаңына барды, онда Қорғас өзенінде селден және су тасқыны қаупінен қорғану жобаларының іске асырылу барысын тексерді. Төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлінді. Премьер-Министр Қазақстан–Қытай шекарасында елдер арасында тауар айналымын ұлғайтуға, ҚР транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған Орталық Азиядағы аса ірі «Нұр жолы» өткізу пунктіне және «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портына барды.Бұдан өзге, А. Маминге жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысының негізгі көрсеткіштері және жаңа нысандардың жобалары таныстырылды: терминал складских помещений «KIF Warehouses -» қойма орындарының терминалы, «Феникс Фид Миллс» құрама жем шығаратын зауыт, «Заря Ltd» астық терминалы.Сонымен қатар, «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы мен ХШЫО аумағында орналасқан қазақстандық сауда нысандарына барды. Премьер-Министрге сонымен қатар ХШЫО аумағындағы келушілерді, тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі таныстырлды, жоба кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Талдықорған қаласының Асқар Мамин азаматтардың әл-ауқаты деңгейін арттыруға арналған әлеуметтік нысандарды аралады және өңірде индустрияландырудың дамуымен танысты.Салынып жатқан тұрғын үй алабын аралау кезінде Премьер-Министр өңірде тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және мұқтаж жандардың, оның ішінде көп балалы отбасылардың баспана мәселесін шешу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Осында Премьер-Министрге қаланы абаттандыру жоспары ұсынылып, құрылыс барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, өңірлік және қалалық газдандыру сұлбаларын іске асыру мәселелері қаралды.Өңірде медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын көтеру бойынша қабылданып жатқан шаралармен А. Мамин көпбейінді аурухана жұмысының мысалында танысты. Магнитті-резонансты томография кабинеті мен онкологиялық ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін жаңа ахуал орталығы қаралды.Облыс орталығында А. Мамин сонымен қатар «Талдықорған» индустриялық аймағын аралады, бүгінгі таңда мұнда ауыл шаруашылығы, құрылыс, химия және тамақ өнеркәсібі салаларында ірі жобалар іске асырылып жатыр. Премьер-Министрге сонымен қатар Алматы облысында алты индустриялық аймақтың («Талдықорған», «Береке», «Боролдай», «Қайрат», «Арна» және «Қазбек бек») даму жобалары таныстырылды.Индустрияландырудың дамуымен танысу «Қайнар АКБ» аккумулятор шығару зауытында жалғасты. А. Мамин жұмыс цехтарын аралау кезінде технологиялық процеспен және шығарылатын өнім желісімен танысты.Жұмыс сапарының соңында А. Мамин Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, онда қызмет көрсету бойынша жұмыстармен және ШОБ даму қарқынымен танысты. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ішінде туризмді, АӨК, Алматы қ. маңын дамыту бойынша жобалар таныстырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/19411?lang=kk