Enbekshi QazaQ

Қуқық

Туризм министрлігі NEO NOMAD Visa цифрландыру және Tax Free жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс істейді 15.04.2025
Шетелдік туристердің Neo Nomad Visa алу рәсімін жеңілдету мақсатында оны визалық көші-қон порталы арқылы электронды форматта ресімдеу мүмкіндігін енгізу ұсынылады. Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы ғана ресімдеуге болады. Бұл шетелдіктерге Қазақстанда бір жыл тұруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар тағы бір маңызды бағыт – шопинг туризмін дамыту. Tax Free жүйесі туристердің сатып алу белсенділігін ынталандырудың тиімді құралы болып саналады, бұл жүйе көптеген дамыған елдерде жұмыс істейді. Ал елімізде 2019 жылы пилоттық режимде Астана, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында енгізілген. Аталған жүйе аясында шетелдік туристерге 4,9 млрд теңгеге тауарлар сатылды. Орташа сату чегі 837 мың теңгені құрады. Бұл әлемдегі үздік 10 елдің қатарындағы көрсеткіш.Осыған байланысты Туризм министрлігі Tax Free жүйесін пилоттық жүйеден тұрақты жұмыс режиміне ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ осы жүйені еліміздің барлық өңірлерінде енгізуді ұсынады.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972217?lang=kk
Үкімет шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіреді 15.04.2025
Шетелдік туристерді есепке алу және статистика жүйесін жетілдіру үшін Туризм және спорт министрлігі Ұлттық статистика бюросына ұялы байланыс операторларының деректеріне қол жеткізуді ұсынады. Сонымен қатар экономикалық салымды талдау үшін банктік карта операциялары негізінде туристердің шығындары туралы ақпарат қажет.Қазіргі уақытта шетелдік келушілерді есепке алу ҚР ҰҚК Шекара қызметінің статистикасы бойынша, ал ішкі туризм туралы деректер – орналастыру объектілерінің есебі негізінде қалыптастырылады. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/972216?lang=kk
«Birlik» ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» фестивалінде ерекше өнер көрсетті 15.04.2025
Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «Birlik» ән-би ансамблі Ақтауда өткен «Түркі биінің ырғағы» халықаралық фестивалінің сахнасында өнер көрсетті.Әртістер белгілі қазақ биі «Қара жорғаны» орындады. Көрермен де бұл өнерді қолдап, бишілермен бірге биледі.«Birlik» ансамблімен бірге фестивальге тағы сегіз шығармашылық ұжым қатысты. Олар – өз саласының кәсіби мамандары, әр ұлттың рухы мен дәстүрін сахнада бейнелейтін өнерге адал жандар.Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев атап өткендей, бұл фестиваль – тәжірибе алмасу мен шабыттануға, ортақ мәдени құндылықтарды бөлісуге мүмкіндік берген ерекше алаң болды. Іс-шара биыл Ақтауға берліген «Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі аясында өтті.Айта кетейік, «Birlik» ансамблі 2024 жылдың 1 наурызында құрылған болатын. Ұжым құрамына кастинг нәтижесі бойынша іріктелген 20 үздік биші мен музыкант енді. Шығармашылық топтың басты мақсаты – әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі музыка мен биді көпшілікке таныту. Ансамбльге халықаралық байқаулардың лауреаты Анель Марабаева жетекшілік етеді. Сонымен қатар, қойылымдар мен хореографиялық композициялар дайындау барысында тәжірибе алмасу үшін жақын шетелдерден танымал хореографтар шақырылады.Биыл Ақтауда 30-дан астам халықаралық мәдени және шығармашылық бастамалар өткізу жоспарланған. Атап айтсақ, фестивальдер, ғылыми конференциялар, көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылады. Аталмыш іс-шаралар түркі әлемі елдері арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/972170?lang=kk
«Таза Қазақстан»: «Таза су айдындары» акциясы жалғасуда 15.04.2025
Су айдындарын иесіз, тасталған балық аулау торларынан және жағалау аумақтарын тазартуға бағытталған жыл сайынғы  «Таза су айдындары»  акциясы еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде  өтуде.Аталмыш іс-шаралар өңірлердің климаттық ерекшеліктері мен ауа райы жағдайларын ескере отырып, 15 наурыздан 24 сәуірге дейін жалғасады.Естеріңізге сала кетейік, «Таза су айдындары» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуды.Барлық қазақстандықтарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде қатысуға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.Акция қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жарияланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/972017?lang=kk
Елімізде заманауи халықаралық стандарттарға сай қонақүйлерді жіктеу жүйесіне реформа жасау жоспарлануда 15.04.2025
Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында елімізде қонақүйлерді жіктеу жүйесін реформалау жоспарлануда. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, 2008 жылдан бері қолданылып келе жатқан критерийлер қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді, бұл оларды қонақүй бизнесіндегі әлемдік үрдістерге сәйкестендіру үшін өзектендіруді талап етеді.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971783?lang=kk
Әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салу тапсырылады 15.04.2025
уризм және спорт министрлігінің басшылығы ұсынған негізгі бастамалардың бірі – облыс әкімдіктеріне елді мекендерден тыс жерлерде, оның ішінде ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша өкілеттіктер беру. Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті түзетулер Парламентте қаралуда.«Мұндай қадам негізгі туристік дестинациялардың инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз етеді. Туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады. Бұл ретте, өңірлерде туризмді дамытуға басымдық беру үшін жаңа құзыретпен қатар жеке туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру қажет. Қазір тек бес өңірде жеке басқарма бар, тағы екі өңірмен пысықталып жатыр»,— деп атап өтті туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/971777?lang=kk
ТАШКЕНТТЕ ӨЗБЕКСТАН-ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТТІ 15.04.2025
Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы мен Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен бірлесе ұйымдастырды.Өзбек тарапынан Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.Іс-шараның басты мақсаты - тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарды кеңейту, сондай-ақ B2B форматында екіжақты кездесулер өткізу.Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың үш негізгі бағыты сауда-саттықтың өсімі, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту екенін атап өтті.Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі министрлігі экспортты ілгерілету департаментінің басқарма басшысы Өмірбек Баштай өз сөзінде экспортты қолдау бойынша қаржылық және қаржылық емес шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Сондай-ақ 2018 жылғы 6 қазанда Қазақстан халқына Жолдауы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес экспортты қолдау жұмыстарын күшейту мәселесін атап өтті.Бизнес-форумның аясында B2B форматында Қазақстан мен Өзбекстан кәсіпкерлері арасында экономиканың түрлі салаларында: агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік өндірісі, химия өнеркәсібі, машина жасау және т.б. сияқты екіжақты келіссөздер жүргізілді.Бизнес-форум барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен ынтымақтастық пен перспективалар туралы таныстырылмдар жасалды.Анықтама:Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналым 2018 жылы 2,49 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт - 1,64 млрд. АҚШ долл., импорт - 0,63 млрд. АҚШ долл.). Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен  25,33% жоғары (экспорт – 31,55%, импорт – 14,76%).Экспорттың негізгі бөлігі бидай, ұн, мұнай мен газ.Сонымен бірге Өзбекстан Республикасына экспорттың өсуінің басым бөлігі бидай мен меслинге, портландцемент пен легирленбеген өңделмеген алюминийге (экспорттың жалпы көлемінің 26,5%-ы, экспорттың өсуінің 47%) тиесілі.2018 жылы портландцемент 69,10 млн. долларға экспортталса, Өзбекстанға 69,07 млн. доллардың  портландцементі экспортталды.2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша өзбекстандықтардың қатысуымен Қазақстанда 2578 заңды тұлға мен филиалдар тіркелген. Олардың 1331-і жұмыс істеп келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21934?lang=kk
РОМАН СКЛЯР РЕСЕЙДІҢ КӨЛІК МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
Тараптар өзекті мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің көлік және логистикалық инфрақұрылым салаларындағы өзара ынтымақтастық перспективаларын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21911?lang=kk
Мемлекет меншігіндегі пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісі анықталды 15.04.2025
ҚР АШМ ЖРБК Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ЖШС-нің бірі кең таралған пайдалы қазбаларды (карьерлерді) өндіру үшін ауданы 3,7 га жер учаскесін өз бетінше пайдаланғаны анықталды.Осы қызметтің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты жойылды, бұл ҚР Жер заңнамасының бұзылуына әкеп соқтырды.Анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136 және 337-баптарына сәйкес заңды тұлғаға қатысты әкімшілік айыппұл салынды.Бұдан басқа, департамент жол берілген құқық бұзушылықты жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/971593?lang=kk
«Қоймалардағы су деңгейі қалыпты»,- Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы өңірдегі су тасқыны кезеңінің барысы туралы айтып берді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысының қоймаларында су көлемі қауіпсіз деңгейде, тасқын суды қабылдау үшін жеткілікті бос орын бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов айтып берді.Су тасқынына дайындық аясында Ертіс бассейндік инспекциясы, ТЖД және жергілікті жұмылдыру дайындығы басқармасымен бірлесіп су шаруашылығы нысандарын тексерді. Бүгінгі таңда филиал көтергіш механизмдерді тексеру және майлау жұмыстарын жүргізді, магистральдық каналдардың бас құрылыстары жабылып, өзен арналарын реттеу іс-шаралары аяқталды, су тораптарының бас құрылыстары ағаштардан, лай мен қоқыстардан тазартылды.Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 26 шақырым болатын 9 магистральдық канал тазартылды, жалпы ұзындығы 386,9 шақырым болатын 3 су торабы мен 31 магистральдық каналды реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.«Барлық нысандарда инертті материалдар қоры бар, арнайы техника дайындалды. Су тасқыны жағдайы тұрақты. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты, бос орын бар. Филиалдың су қоймаларында және орталық аппаратында жедел ден қою үшін тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды. Су жинау және жіберу туралы барлық ақпарат барлық мүдделі органдарға беріліп отыр»,- деді Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Дәулет Жанысов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/971455?lang=kk
Денсаулық сақтау Министрінің Бұйрығымен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің Бақылау кеңесінің құрамы жаңарды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі. Біртанов Елжан Амантайұлы   Толғырақ>>  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің ректоры..Нұрғожин Талғат Сейтжанұлы   Толғырақ>>   Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті.Шарман Алмаз    Толғырақ>>  "Resmi" компаниялар тобы» ЖШС-ның президенті.Мәжібаев Қайрат Қуанышбайұлы    Толғырақ>>  "Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы" АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасыӘбілқасымов Ерасыл   Толғырақ>>  "Capital partners" ЖШС-ның Бас директоры. Сарыбеков Владимир Евгеньевич  Толғырақ>>ҚР-дағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Локшин Вячеслав Нотанович    Толғырақ>>  Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының Ахметов Уәлихан Исаұлы    Толғырақ>>  Бизнес кеңесші.Джангильдин Алиби Чингисович    Толғырақ>>  Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының директорлар Кеңесі төрағасы Омаров Қадыр Тоқтамысұлы   Толғырақ>>  Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталінің директор орынбасары Тәжиев Есентай Бөдесұлы   Толғырақ>>Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/21618?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН МЕН КОРЕЯ «САМАЛ ЖЕЛ» АТТЫ ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ 15.04.2025
Құжатқа Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мен Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрі Сон Юн Мо қол қойды.«САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасы көлік және логистика, құрылыс, өнеркәсіп, инфрақұрылымды дамыту, тау-кен металлургия және жер қойнауын пайдалану, сауда-экономикалық ынтымақтастық, энергетика, инновация және АКТ, ауыл шаруашылығы, қаржы, денсаулық сақтау мен мәдениет, туризм және білім беру сияқты салаларда нақты 58 жобаны іске асырудың және 10 өрісте кешенді өзара іс-қимылды қамтиды.Бұған қоса, қазіргі уақытта пакеті 7,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Қазақстан-Корей индустриалды-инновациялық 40 жоба бар. Оның ішінде жалпы сомасы1,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 19 жоба іске асырылды, 2,1 млрд АҚШ долларының 6 жобасы іске асырылуда және 3,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 перспективалық жобаны іске асыру «САМАЛ ЖЕЛ» бағдарламасында қарастырылған.Корея белсенді бизнес-ынтымақтастық және бизнестегі екі жақты түрлі байланыстарды орнату арқылы қамтамасыз етілетін бірлескен кәсіпорындардың саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21524?lang=kk
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 15.04.2025
Қ.Өскенбаев «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар мен аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы есеп берді.Бірінші вице-министрдің айтуынша, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс алаңдарын құру үшін инженерлік желілер тарту қаржысын 100 млрд.теңгеге дейін арттыру қарастырылды және халықтың ипотекасын субсидиялау алынып тасталды.Сонымен қатар, өңірлерде алғашқы тұрғын үйге қол жетімділікті арттыру үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына ғана емес, екінші деңгейдегі банк салымшыларына да кредиттік тұрғын үйді сату қарастырылған.Бұдан басқа, «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысушылар үшін тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің займдары бойынша бастапқы жарна 30%-тен 20%-ке дейін төмендетілді.«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін өңірлермен бірлесіп жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы жарналарды тұрғын үй сертификаттары түрінде ішінара субсидиялау механизмі әзірленді. Тұрғын үй сертификаттарын беру әлеуметтік көмек немесе бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде қарастырылады», - деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.Кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды ұлғайту үшін «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілетін өзгерістер аясында қаражатты инвестициялау туралы нормалар көзделген. Соның ішінде «Баспана» бағдарламасын жергілікті атқарушы органдардың облигациялары бойынша іске асыру қарастырылған.Сыйақының нарықтық ставкасын жабу үшін әкімдіктер салынған тұрғын үйді Құрылыс құнынан асатын бағамен сатуға құқылы (шамамен өңірлерде 176 мың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау қалаларында 220 мың).Бұл ретте, әкімдіктер бюджет мүмкіндіктерін, қарыз лимиттерін және жобалардың болуын ескере отырып, сатып алуды айқындайтын болады. Елбасының «Nur Otan» партиясының съезінде берген тапсырмасын іске асыру үшін «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру шаралары әзірленді.Жыл сайын көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға өңірлерге 50 млрд.теңгеден бөлу көзделіп отыр. Бұл жыл сайын 6 мың көп балалы отбасын, ал 2025 жылға дейін 40 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Биылғы жылға 3 130 пәтерлі құрылыс жобаларының тізімі жасалды. Лимит сома бойынша әр өңір үшін әкімдіктер кезегіндегі көп балалы отбасылар санына пропорционалды түрде белгіленген (28 126).Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көп балалы, толық емес отбасыларды және мүгедек балалары бар отбасыларды жылдық ставкасы 2% болатын, бастапқы жарнасы 10%-тен басталатын 20 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікпен несиелендіру енгізілуде.Бастапқы жарнаның бір бөлігі тұрғын үй сертификатымен жабылады.Аталмыш механизмді іске асыру үшін 3 жыл ішінде 150 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл жыл сайын 6 мың займ беруді қамтамасыз етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/21469?lang=kk
Сьерра-Леоне Қазақстанмен аграрлық секторда ынтымақтастық орнатуға мүдделі 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Сьерра-Леоне Республикасының сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Кабба Тимоти Мусамен кездесті. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы экономикалық және аграрлық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан экономикасының ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі екенін атап өтті.«Қазақстан бидай экспорттаушы әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді және ұн экспортында алдыңғы орындарда. 2024 жылы уақтылы қабылданған шаралар мен қолайлы ауа райының арқасында біз рекордтық 26,7 миллион тонна астық жинадық, оның ішінде шамамен 20 миллион тоннасы – бидай. Ауыл шаруашылығы саласында жаңа экспорттық нарықтарды ашу және екіжақты байланыстарды нығайту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі болып қала береді. Біз Сьерра-Леонемен жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз», – деді министр.Кабба Тимоти Муса аграрлық сектордың ел үшін маңыздылығын, әсіресе жаһандық тұрақсыздық, климаттың өзгеруі және азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің күшеюі жағдайында ерекше атап өтті.«Біз Қазақстанмен осы саладағы ынтымақтастық біздің аграрлық секторымыздың тиімділігін арттырып, Сьерра-Леонеде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді деп сенеміз. Біз Қазақстанның үздік тәжірибелері мен технологияларын қабылдауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында белсенді ынтымақтасуға дайынбыз», – деді ол.Кездесу соңында Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі салаларында бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/971069?lang=kk
Батыс Қазақстан облысы көктемгі егіс жұмыстарына дайындалуда 15.04.2025
Өңірде егіс науқанына дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде: ауыл шаруашылығы дақылдарын 612,7 мың гектар алқапқа егу көзделген.Егіс алқаптарының негізгі бөлігін дәнді дақылдар алады — 290,6 мың гектар. Майлы дақылдар 118,9 мың гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 4,2 мың гектарға егіледі. Жем-шөп дақылдары 199 мың гектарды құрайды.2024 жылдың күзіне қарай егіс жұмыстарына дайындық аясында 91,5 мың гектар алқапқа күздік дәнді дақылдар егілген. Оның ішінде 83,9 мың гектарға күздік бидай, 6,7 мың гектарға қара бидай және 0,9 мың гектарға тритикале себілген.Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 29,4 мың тонна тұқым қажет. Облыс қажетті тұқыммен толық қамтамасыз етілген, олар зертханалық тексерістен өтіп, егуге жарамды жағдайға келтірілген.Егіс науқанын сәтті жүргізу үшін 8,4 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына 3 136 трактор, 2 097 тұқым сепкіш, 646 культиватор және басқа да арнайы техника тартылатын болады.Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін 2 есе арттыру тапсырмасын орындау аясында өңірде ғылыми негізделген нормаларға сәйкес минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін арттыру жоспарланған. 2025 жылы облыс аграршылары жоғары өнім алу үшін 8 500 тонна тыңайтқыш сатып алады.Көктемгі егіс жұмыстарына дайындық пен олардың өткізілуі барлық жоспарға сай қатаң түрде жүргізілуде. Бұл аграрлық маусымның сәтті басталуына және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға қажетті жағдайларды жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/970977?lang=kk
ҚР АШМ мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мәселелері талқыланды 15.04.2025
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың төрағалық етуімен ауыл шаруашылығында мемлекеттік қызмет көрсету процесін жақсарту мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитеттері мен оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармаларының басшылары қатысты.ҚР АШМ Мемлекеттік қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру департаментінің директоры Бернат Алпысбеков 2024 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету қорытындысын шығарды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды.Кеңес қорытындысы бойынша Баглан Бекбауов жергілікті атқарушы органдар мен министрлік комитеттеріне ауыл шаруашылығында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, заңнаманың қатаң сақталуы мен мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылаудың жүйелі түрде жүргізілуі қажеттілігі ерекше атап өтілді.«Біз қызмет көрсету саласында ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуіміз керек, әрбір фермер мемлекеттік қолдау шараларын толық пайдалана алуы қажет», — деп атап өтті Бағлан Бекбауов.Кеңес мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жақсарту және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітумен аяқталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/970809?lang=kk
Шығармашылық көрме ашылды 15.04.2025
Қызылорда қаласындағы көркемсурет галереясында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шығармашылық кеш өтті.Аталған кешті М.Мәметова атындағы педагогикалық  жоғары колледжінің 85 жылдық мерекесіне тарту ретінде осы білім ордасының «Бейнелеу өнері және сызу», «Технология» және «Дизайн» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері ұйымдастырды. Кеш «Өрнекпен өрілген өнер» деген тақырыппен ұйымдастырылды.Көрмеге «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының оқытушылары мен студенттерінің қолынан шыққан 80-нен астам кескіндемелік және сәндік – қолданбалы өнер шығармалары қойылды.Оқытушылар мен студенттердің шығармашылығын қолдау, өнерлерін насихаттау және көрме қонақтарына еліміздің мәдениетіне, өнеріне қызығушылықтарын қалыптастыру арқылы эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлау мақсатында өткізілді.Айта кетейік, көрме 30 маусымға дейін жұмыс жасайды.  Жұмыс уақыты: сағат 9.00-дан 19.00  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/20894?lang=kk
Алматы облысындағы балабақша тәрбиешісінде туберкулез ауруының анықталғандығы жағдайын Денсаулық сақтау министрлігі бақылауға алды 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мамандары Алматы облысының Іле ауданындағы Жаңа-Қуат ауылында мектепке дейінгі балалар мекемесінде әйелден туберкулез ауруының анықталуы жағдайының тіркелуіне байланысты тексеруді бастады.Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша және балабақшада ауру ошағына эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Жұмыс орны бойынша 368 азаматтың қарым-қатынаста болғаны анықталды, оның ішінде 38-і балабақша қызметкері және 330-ы балалар. Балабақшаның барлық қызметкерлері флюорографиялық тексеруден өтті, ауру анықталған жоқ.  Бүгінгі күннен бастап мамандар балаларға Манту сынамасын жасау арқылы (зерттеу нәтижелері 72 сағаттан кейін) тексеруге кірісті. Ағымдағы жылғы 28 сәуірдегі сағат 14:00-гі жағдай бойынша Манту сынамасы 103 балаға жасалды. Ауру ошағында қорытынды дезинфекциялау ұйымдастырылды.Тұрғылықты жері бойынша тексеруден өтетін қарым-қатынаста болған 7 адам, оның ішінде 3-і бала.Сондай-ақ, барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволарға тиісті шаралар қабылдау үшін хабар берілді.Ауру ошағында жұмыстар жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/20855?lang=kk
Қазақстан биыл суару кезеңінде Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су алады 15.04.2025
Қазақстан биыл суару кезеңінде Сырдария өзені арқылы шамамен 3,7 млрд текше метр су алады. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен осы жөнінде келісімге келді.Самарқандта Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 89-шы отырысы өтті.Ал, «Достық» мемлекетаралық каналымен суару кезеңінде Қазақстанға 909 млн текше метр су келеді. Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.«Қазір біз тасқын суды өзен-көлдерге бағыттап, оны су қоймаларына жинап жатырмыз. Алайда, оңтүстік аймақтарға келетін болсақ, су дипломатиясы өте маңызды. Жазғы суару кезеңіне дайындық аясында біз былтырдан келіссөз жүргіздік. Сырдария өзені арқылы Қазақстанға келетін су Шардара қоймасынан жиналып, оңтүстік облыстардың шаруаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Былтыр суды тиімді бөлу, су үнемдеу технологияларын енгізу және көрші елдермен уақтылы келіссөз жүргізу арқылы біз шаруа қожалықтарының суармалы суға деген қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алдық. Биыл да осыған қол жеткізуге ниеттіміз», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айынан бері осы жылдың 1 сәуіріне дейін Өзбекстан Қазақстанға 12,6 млрд текше метр су жіберген болатын. Бұл жоспарланған көлемнен 1,7 млрд текше метрге артық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/970607?lang=kk
Бакуде өткен кездесуде “жасыл энергетикалық дәліз” мәселелері талқыланды 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында өткен «Жасыл энергетикалық дәліз – Оңтүстік газ дәлізі» министрлік кездесуіне қатысты.С. Есімханов өз сөзінде Оңтүстік газ дәлізін энергетикалық ресурстарды жеткізудің тұрақты бағыты ретінде дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Қазақстан табиғи газдың қомақты қорына ие бола отырып, жаңа экспорттық нарықтарға шығу үшін инфрақұрылым мен логистиканы белсенді дамытуда. 2024 жылы елімізде газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрді құрады, ал 2030 жылға қарай жылына 68 млрд текше метрге дейін ұлғаю перспективасы бар. Бұл бағыттағы негізгі жобалар Қашаған және Қарашығанақ кен орындары болып қала береді.Вице-министр экологиялық тұрақтылық мәселелеріне ерекше назар аударды. Қазақстан ілеспе газды кәдеге жарату технологияларын және «жасыл» сутекті өндіру жөніндегі перспективалы жобаларды қоса алғанда, төмен көміртекті шешімдерді дамытуды белсенді қолдайды. Жақында қол қойылған үшжақты келісім шеңберінде Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан арасында «жасыл энергетикалық дәліздің» бөлігі ретінде Каспий теңізі арқылы суасты жоғары вольтты кабелін салу бастамасы іске асырылуда.Сондай-ақ, вице-министр еуропалық энергетика жөніндегі комиссары Дэн Йоргенсенмен және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Энергетикалық ресурстар бюросының аға кеңесшісі Эрик Джейкобспен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, онда тараптар трансшекаралық инвестициялар мен тұрақты даму мәселелері бойынша пікір алмасты.Соңында вице-министр Қазақстанның өңірлік және халықаралық энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуге, «жасыл» энергетика компоненттерін қоса алғанда, энергия ресурстарын жеткізудің әртараптандырылған және экологиялық қауіпсіз бағыттарын дамытуға міндеттемесін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/970584?lang=kk