Қуқық
Мәжіліс OPEC Халықаралық даму қорымен жасалған келісімді ратификациялады 04.12.2025
Мәжіліс Қазақстан Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялады. Аталған құжатты Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин таныстырды.Жұмыс тобының жетекшісі Бауыржан Смағұлов өзінің қосымша баяндамасында атап өткендей, келісім Қордың инвестициялық жобаларды қаржыландыруы үшін Үкімет кепілдіктерін талап етпей, 2,5-5 пайыз мөлшерлемемен несие беруін көздейді.– Бұл ретте Қор активтері мен кірістері тікелей салықтан босатылып, валюта айырбастау және қаражат аудару мүмкіндігі беріледі. Құжатта сондай-ақ Қордың мәртебесі мен режимін айқындау, оған артықшылықтар мен иммунитет беру, Қор мен оның бенефициарларының құқықтарын қорғау және дауларды төрелік сот арқылы шешу қарастырылған, – деді депутат.Келісімді ратификациялау Қорға энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, қаржы, ауыл шаруашылығы, су, телекоммуникация, білім беру және денсаулық сақтау сияқты салалардағы экономикалық даму мақсаттары ретінде Қазақстанға қаржылық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. 2026-2030 жылдар аралығында елдегі түрлі жобаларды жүзеге асыру үшін жеке компанияларға 400 миллион долларға дейін қаражат бөлу жоспарланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1118544?lang=kk
Өңір экономикасы үшін жаңа мүмкіндік: Алматы облысында Еуразиялық индустриалды-логистикалық парк ашылды 04.12.2025
Алматы облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойында және Құлжа тасжолына жақын орналасқан жаңа Еуразиялық индустриалды-логистикалық парк ашылды. Нысан өңірдің «Шығыс қақпасы» инфрақұрылымдық аймағына кіріп, Алматы мен облыстың кеңістіктік дамуындағы маңызды логистикалық хабқа айналмақ.Ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Сауда және интеграция министрлігінің бірінші вице-министрі Айжан Бижанова, сондай-ақ логистика және девелопмент саласының жетекші компаниялары қатысты.Жалпы инвестиция көлемі – 22 млрд теңге. Бірінші кезеңде 50,3 мың шаршы метр болатын «А» санатындағы заманауи екі қойма корпусы іске қосылды.12 метрлік төбе биіктігі, шаршы метріне 8 тонна жүк көтеретін еден және өрт қауіпсіздігінің халықаралық стандарты кешенді жоғары класты қоймаға айналдырады.Парк толық қуатына 2026 жылы шықпақ. Сол кезде 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.Алматы қаласына, БАКАД-қа, халықаралық әуежайға және ірі автожолдарға жақын орналасуы паркті Орталық Азиядағы ірі дистрибуция орталығы ретінде дамытуға мүмкіндік береді.Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев:«Бүгін ашылып отырған логистикалық парк – елдің транзиттік мүмкіндігін арттыруға, халықаралық сауда ағымдарын тиімді басқаруға және өңірлік ықпалдастықты тереңдетуге бағытталған маңызды жоба. “А” санатындағы жаңа нысандардың іске қосылуы – облыс экономикасының тұрақты дамуы мен инвесторлардың сенімінің нақты көрінісі, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің тиімді серіктестігінің нәтижесі»- деп жобаның маңызды тұстарын атап өтті.ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бірінші вице-министрі Айжан Бижанова:«Бұл парк Қазақстанның халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялануын күшейтеді. Мұндай ауқымды инфрақұрылым отандық бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің Еуразиядағы сауда хабы ретіндегі орнын бекіте түседі»-деді.«Еуразиялық логистикалық парктің» атқарушы директоры Роман Жужлев:«14 гектар аумақта 50 мың шаршы метрлік ‘А’ санатындағы қойма салынды. Төбе биіктігі – 12 метр, еденнің жүк көтерімділігі – шаршы метріне 8 тонна. Бұл кез келген стеллажды немесе көпдеңгейлі сақтау жүйесін орнатуға мүмкіндік береді»-деп бастаманың техникалық параметрлерін көпшілік назарына ұсынды.Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков жобаның аудан дамуына оң әсер ететінін айтты.«Алматы – ірі мегаполис, ал біздің аудан – оның маңызды азық-түлік белдеуі. Мұндай ірі жобалардың жүзеге асуы аудан экономикасын күшейтіп, тұрақты донорлық база қалыптастыруға жақындатады».Электрондық сауда қарқыны қойма инфрақұрылымына деген сұранысты еселеп арттырып отыр.2024 жылы e-commerce үлесі бөлшек сауданың 14,5% жеткен — бұл 2021 жылмен салыстырғанда алты есе өсім.Ozon Қазақстан компаниясының басшысы Алексей Сапон онлайн-сауда тиімділігінің заманауи қоймаларға тікелей байланысты екенін айтса, DNS компаниясының логистика жөніндегі федералдық басшысы Владимир Любимов жергілікті хабтар желісі тапсырыстарды жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартатынын мәлімдеді.Инвесторлар парк аумағын Құлжа бағыты арқылы кеңейтуді көздеп отыр. Жоспарда 300 мың шаршы метрге дейін қосымша қоймалық алаң салу және көрші елдердің нарығына шығу қарастырылған. Sudakov Group бас директоры Алексей Судаков айтуынша, функционалды қойма нысандарына сұраныс тұрақты түрде артуда.Салтанатты шара барысында NOYTECH және «Еуразиялық логистикалық парк» арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. NOYTECH-тің Қазақстандағы директоры Валерия Кошелева жаңа нысан жоғары технологиялық сервистерді дамыту мен қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндік ашатынын жеткізді.Еуразиялық индустриалды-логистикалық парк – қойма кешені ғана емес, Қазақстанның Еуразиядағы маңызды логистикалық хаб ретінде қалыптасуына негіз қалайтын халықаралық деңгейдегі инфрақұрылымдық жоба. Ол мемлекет, бизнес және халықаралық серіктестердің мүдделерін тоғыстырып, тұрақты өсімге, инвестиция тартуға және өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағыт береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1118531?lang=kk
Қарабалық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы және одан әрі өсудің келешегі 04.12.2025
Қарабалық ауданы 2025 жылдың алғашқы 11 айын тұрақты экономикалық даму көрсеткіштерімен қорытындылап отыр. Қаржы саласындағы оң динамика, аграрлық сектордағы нәтижелі науқан, инфрақұрылымның жаңаруы және әлеуметтік жобалардың жүзеге асуы ауданның орнықты дамуға бет алғанын айқын көрсетеді.Аудан бюджеті биыл 7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде республикалық трансферттер — 3,4 млрд теңге, облыстық трансферттер — 3 млрд теңге.Ең маңызды көрсеткіш — кіріс бөлігінің жоспартан асыра орындалуы.Қаңтар–қараша айларында аудан бюджетіне 2,9 млрд теңге түсті. Жоспар 2,6 млрд теңге болғанын ескерсек, орындалу деңгейі 111,8%-ға жетті. Бұл экономикалық белсенділіктің артқанын және бюджет басқарудың тиімділігі жоғарылағанын көрсетеді.Шағын және орта бизнес: кәсіпкерлердің белсенділігі жоғарыАуданда 1 418 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, олардың 99%-ы нақты жұмыс істеп тұр. Бұл — өңірдегі іскерлік ахуалдың тұрақты екенінің айғағы.Шағын және орта бизнес аудан экономикасында маңызды орын алып, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді және жергілікті кірістерді қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді.Ауыл шаруашылығы: өнімділік артты, инвестиция көбейдіАграрлық сала — аудан экономикасының негізгі бағыты. Биыл егіс жұмыстары 297,1 мың гектарға жүргізілді. Зерновые және бұршақ дақылдары 194,5 мың гектарға орналастырылды.Егістік құрылымын әртараптандыруға ерекше көңіл бөлінді:майлы дақылдар көлемі 28%-ға артып, 73,3 мың гектарға жетті,мал азықтық дақылдар 5,4 мың гектарға дейін көбейді.Орақ науқаны толық аяқталып, орташа өнімділік 19,5 ц/га болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары (2024 — 17 ц/га). Жалпы жиналған өнім көлемі 379,3 мың тоннаны құрады.Инвестициялық жобалар:Надеждинка ауылында тәулігіне 10–15 тонна өнім шығаратын сүйек-ет ұны цехының құрылысы басталды (680 млн теңге).Қарабалық кентінде жылына 108 мың тонна өнім өндіретін комбикорм зауыты мен силостар кешені салынуда (1,5 млрд теңге, өз қаражаты).Бұл жобалар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.Инфрақұрылым: ауылдарда жаңа желілер пайда болдыИнженерлік инфрақұрылымды нығайту бағытында биыл бірқатар елді мекендерде — Михайловка, Боскөл, Станционное, Ворошиловка, Приуральское және Лесное ауылдарында тарату желілерінің құрылысы аяқталды.Қысқы маусымға дайындық аясында Святославка, Научное және Станционное ауылдарында 600 метрден астам жылу желілері жаңартылды.Тоғызақ ауылында әлеуметтік нысандарға арналған блочно-модульді қазандықтар орнатылып, пайдалануға берілді. Святославка ауылындағы осындай жоба аяқталу сатысында.Жолдар: маңызды учаскелер жөнделдіАудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары 2025 жылы екі бағытта жүргізілді:Песчаное – Славенка (17 км),Новотроицкое – Магнай станциясы (15,6 км).Бұл жолдардағы жөндеу жұмыстары ауылдар арасындағы қатынас сапасын жақсартып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.Құрылыc және тұрғын үй: жаңа үйлер пайдалануға берілдіАудан аумағында жеке құрылысшылар 9 екіпәтерлі үйдің құрылысын аяқтап, тұрғындарға 18 пәтер ұсынды. Жалпы алаңы — 1 500 шаршы метрден асады.Білім саласында 300 млн теңгеге жұмыстар атқарылды. Оның 250 млн теңгесін «Қазақстан халқына» қоры бөлді.Перспектива: шекара әскерлері оқу орталығының көшуіАудан үшін стратегиялық маңызы бар жаңалық — шекара қызметінің оқу орталығын Ақмола облысынан Қарабалық ауданына көшіру жоспары.Бұл — экономикалық әрі әлеуметтік серпін беретін шешім. Орталықтың құрамындағы 60-тан астам отбасы ауданға қоныс аударады, сондай-ақ жыл сайын 1000-нан астам әскери қызметкер оқу үшін келеді.Нәтижесінде тұрғын үйге, инфрақұрылымға, білім беру және қызмет көрсету салаларына деген сұраныс арта түседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1118535?lang=kk
Қазақстанда АӘД ережелері жаңартылды: армия әскерге шақырылушылардың дайындығын күшейтуде 04.12.2025
Қазақстанда тәртіптің мазмұнын айтарлықтай өзгертетін және Қарулы күштердің оқушыларды қызметке даярлауға қатысуын нығайтатын алғашқы әскери дайындықтың жаңартылған қағидалары бекітілді. Қорғаныс министрі бұйрыққа 4 қарашада қол қойды.Құжатты Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті әскери қызмет және әскери-патриоттық тәрбие туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді ескере отырып әзірледі. Ережелер мектептерде, колледждерде және кәсіптік білім беру мекемелерінде алғашқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен оқытудың бірыңғай тәсілдерін белгілейді, педагогтерге қойылатын талаптарды нақтылап, курстың практикалық құрамдас бөлігін кеңейтеді.Негізгі өзгерістердің бірі «алғашқы әскери дайындық» тарихи атауының пәнге қайта оралуы болды. Бағдарлама әскери қызметшілердің құқықтары, міндеттері мен әлеуметтік кепілдіктері туралы практикалық элементтерді, оқу-далалық сабақтарды көбейту және түсіндіру жұмыстарын кеңейту есебінен күшейтіледі.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева жаңартулар болашақ әскерге шақырылушыларды даярлау сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.– Біз пәнді оның нақты мазмұнына сай етеміз. Бұл азаматтарды армияға дайындаудың бірінші кезеңі. Балалар әскери қызметшінің жарғысын, міндеттерін, қызметтен кейінгі құқықтары мен кепілдіктерін түсінуі керек. Бүгінгі әскер – бұл нақты мамандық пен білім алудың мүмкіндігі. Мектеп оқушыларының бұл жайлы алдын ала білгенін қалаймыз, – деді ол.Оқытушыларға қойылатын талаптар айтарлықтай өзгереді. АӘД-ны мамандығы бойынша педагогикалық білімі және әскери қызмет өткеру тәжірибесі бар азаматтар ғана жүргізе алады. Пән бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер өз лауазымдарын сақтайды. Кемінде он жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер үшін Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарының базасында тегін педагогикалық қайта даярлау мүмкіндігі енгізіледі.Бұл шешімнің кадрлық базаны нығайтып, оқушылардың пәнге деген сенімін арттыратынын айтақан Министрдің кеңесшісі: – Оқушылар әскерде қызмет еткен адамды көруі керек. Бұл қорқыныш пен сенімсіздікті болдырмайды, әрі армияның қалай жұмыс істейтінін түсіндіруге мүмкіндік береді, – деді.Жаңартылған ережелер әскери бөлімдердің рөлін кеңейтеді: оқу-далалық жиындардың практикалық құрамдас бөлігі күшейтіледі, бөлімше командирлері жекелеген сабақтарға қатысып, далалық базаны көрсетеді. АӘД оқытушыларының біліктілігін арттыру бұдан былай әскери жоғары оқу орындарының, кафедралардың және Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының базасында ғана жүргізіледі. Бұл өзекті әскери тәжірибеге қол жеткізуге ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1118512?lang=kk
Қазақстан мен АЭХА көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік ниетін растады 04.12.2025
Вена, 2025 жылғы 3 желтоқсан – Венаға сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас директоры Рафаэль Гроссимен кездесу өткізді.Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы еліміздің ұлттық атом саласын дамыту және атом электр станцияларын салу жөніндегі жоспарларымен таныстырып, көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі стратегиялық міндеттің өзектілігін атап өтті. Е.Көшербаев АЭХА-мен серіктестік, соның ішінде шарттық-құқықтық базаны кеңейту Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екенін айтып, Агенттіктің жаһандық қауіпсіздік архитектурасын қолдаудағы және халықаралық таратпау режимін нығайтудағы маңызды рөліне назар аударды.Министр Қазақстанмен өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша көрсетіліп келе жатқан тұрақты қолдауы үшін АЭХА басшысына алғыс білдіріп, кадрлық әлеуетті дамыту және Агенттік құрылымдарында қазақстандық мамандардың өкілдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Қазақ дипломаты АЭХА шеңберінде мүше мемлекеттердің егемендік теңдігін қалпына келтіру мәселелері бойынша күн тәртібін ілгерілетудегі Қазақстанның елеулі үлесін де атап өтті.Р.Гросси атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Қазақстанның маңызды үлесін және АЭС салу жоспарлары мен ядролық медицинаны дамытудан Өскемен қаласындағы АЭХА төмен байытылған уран банкінің табысты қызметіне дейінгі бастамаларын айрықша атап өтті. Ол АЭС салу жобасын іске асырудың барлық кезеңдерінде Қазақстанға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, ынтымақтастықтың басқа да негізгі бағыттарын қамтитын өзара іс-қимыл жөніндегі жол картасын әзірлеуді және қол қоюды ұсынды.Қазақстанда АЭХА техникалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан онкологиялық ауруларды емдеуге арналған инновациялық ядролық технологияларды дамыту, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, сондай-ақ бұрынғы Семей полигоны аумағын қалпына келтіру бойынша жобалар жоғары бағаланды.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен АЭХА көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге өзара мүдделілік пен дайындықты растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1118498?lang=kk
Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келісім бойынша ресми келіссөздерді бастады 03.12.2025
Брюссель, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы Визалық режимді жеңілдету туралы келісім және Реадмиссия туралы келісім бойынша алғашқы ресми келіссөздер раунды өтті.Отырысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Еуропалық комиссияның Миграция және ішкі істер жөніндегі бас директораты бас директорының орынбасары Йоханнес Лухнер тең төрағалық етті.Келіссөздердің басталуы символдық әрі маңызды оқиға болды. Желтоқсан айында Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толады. Жаңа келіссөздер трегінің іске қосылуы он жыл бойы жүйелі түрде дамып келе жатқан қатынастардың жетілгенін, мазмұндылығын және стратегиялық бағыттылығын көрсетеді.Тараптар келіссөздердің ашылуы сенім деңгейінің артуын, азаматтар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды нығайтуға деген ортақ ұмтылысты айқын көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар бұл келіссөздер Еуропалық одақ пен Орталық Азия мемлекеті арасындағы алғашқы процесс екені және осы қадамға тарихи мән беретіндігі ерекше аталып өтті.Талқылау конструктивті және іскерлік жағдайда өтті. Тараптар өз көзқарастарымен алмасып, бастапқы бағдарларды келісіп, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады. Келіссөздер екі тараптың да алға дәйекті түрде ілгерілеуге және сапарларды жеңілдетуге, адамдар арасындағы байланыстарды нығайтуға, ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін заманауи құқықтық база қалыптастыруға дайын екенін көрсетті.Ресми келіссөздердің басталғаны ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен ЕО Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың төрағалығымен 1 желтоқсанда Брюссельде өткен Қазақстан-Еуроодақ ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысы кезінде жарияланды.Қазақстан мен Еуропалық одақ келіссөздерді жалғастыруға және келесі раундты 2026 жылы Астанада өткізуге уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1118465?lang=kk
Астанада сенаторлар Қарулы күштердегі әскери-патриоттық жұмыспен танысты 03.12.2025
В Национальном военно-патриотическом центре Вооруженных сил прошло выездное заседание Комитета по международным отношениям, обороне и безопасности Сената Парламента. Заместитель министра обороны по воспитательной и идеологической работе вице-адмирал Серик Бурамбаев рассказал депутатам о реализуемых проектах и инициативах оборонного ведомства в области военно-патриотического воспитания, в соответствии новыми изменениями в законодательстве. По его словам, формирование у молодежи патриотических качеств является стратегически важной задачей для обеспечения безопасности и стабильности государства.В культурно-просветительском учреждении Минобороны депутаты осмотрели залы Военно-исторического музея, где представлены экспонаты и реликвии, отражающие богатое наследие казахских батыров и героев Великой Отечественной войны.Начальник Национального военно-патриотического центра заслуженный деятель РК Арман Асенов рассказал парламентариям о деятельности учреждения, работе творческих коллективов – Центрального ансамбля и Центрального военного оркестра, а также о развитии детско-юношеского движения «Жас сарбаз».Члены профильного комитета посетили обновленный после капитального ремонта концертный зал, где увидели выступления участников фестиваля военно-патриотической песни «Жас сарбаз».– Мы ознакомились с музейным комплексом, деятельностью творческих коллективов, детско-юношеского движения «Жас сарбаз». С большим удовольствием послушали руководителя поискового отряда «Мемориальная зона», энтузиаста Майдана Кусаинова, который на протяжении всей своей жизни работает над увековечиванием памяти павших воинов. В общем увидели комплексную работу центра, направленную на исполнение поручения Главы государства. Понимаем, что здесь необходимы соответствующие изменения в законодательство по совершенствованию работы с допризывной молодежью, новобранцами, военнослужащими и их семьями, – заявил председатель Комитета по международным отношениям, обороне и безопасности Сената Андрей Лукин.При обсуждении широкого спектра вопросов, касающихся патриотического воспитания, стороны отметили необходимость поиска новых подходов, позволяющих глубже знакомить молодое поколение с национальной историей и укреплять ее гражданскую зрелость.В завершение встречи сенаторы подтвердили готовность продолжать законодательную поддержку программ, направленных на укрепление системы военно-патриотического и идеологического обеспечения Вооруженных сил.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1117819?lang=kk
«Даму» Қоры «Өрлеу» бағдарламасы бойынша цифрлық теңгемен алғашқы несие берді 03.12.2025
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Ұлттық банкінің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңіл несиені жылына 12,6%-бен Halyk Bank арқылы берді.Цифрлық теңгені пайдаланған тұңғыш клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг. Оның жобасы үй жануарларының түбегіне гигиеналық толтырғыш ретінде қолданылатын түйіршік/абсорбент шығаратын кәсіпорнын салу, сондай-ақ құрылыс, ауыл шаруашылығына және экологиялық мақсаттарды (мысалы, жанар-жағармай төгілген апаттың салдарын жою) көздейді.Бизнеске жаңашыл көзқарастағы бұл кәсіпкер заманауи технологияларды қолдана отырып өндірісті дамыту үшін соны өнім – цифрлық теңге несиесін таңдады.Жаңа қаржылық құрал бизнес үшін ыңғайлы. Артықшылықтары:Онлайн рәсімдеу;Өтінім жылдам қаралып, қаражат тез түседі;Мемлекеттік бағдарламалардың шарттары жариялы түрде орындалады;Салық тексерісі болмайды. Бұл – әкімшілік және қаржылық кідірістер туғызбайды;ҚҚС қайтару мерзімі 55-75-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқарады.Тартылған инвестиция сомасы жылына 12,6%-бен 7 жыл мерзімге 250 млн теңгені құрайды. Қаражатқа клиент жер учаскесі мен жабдық сатып алып, өндіріс ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Бірінші жылы 10-ға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндіріс жылына 1200-1400 тонна өнім шығарады деген болжам бар.Несие «Даму» Қоры мен Halyk bank арасында «Өрлеу» бағдарламасы аясында, цифрлық теңгемен берілді. Цифрлық теңге – Қазақстанның ұлттық валютасының тек қана Ұлттық банк шығаратын электрондық нұсқасы. «Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер Қордың серіктесі – екінші деңгейлі банктерге жүгінуі қажет. Қазір Halyk bank, ЦентрКредит Банк, Forte Bank, Bereke bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Nurbank, RBK Bank, KZI bank өтінім қабылдайды. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар Қордың кепілдігін де пайдалана алады.Бағдарламаның шарттары, сондай-ақ өңірлік филиалдардың мекенжай, деректері жайлы ақпаратты 1408 нөмірлі сall-орталықтан немесе www.damu.kz. сайты арқылы алуға да болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1117649?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы Швейцария вице-президентімен келіссөздер өткізді 03.12.2025
Берн, 2025 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Швейцария Вице-президенті, Экономикалық қатынастар, білім және зерттеулер жөніндегі федералдық департаментінің басшысы Ги Пармеланмен кездесу өткізді.Келіссөздер барысында тараптар 2025 жылғы 28 қарашада Астана қаласында Г.Пармеланның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Премьер-министрі Олжас Бектеновпен өткізген кездесулерінің нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың маңыздылығын растады.Саяси және сауда-экономикалық салалардағы, оның ішінде өнеркәсіп, көлік және логистика, цифрландыру, фармацевтика және қаржы бағыттарындағы өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.Сұхбаттастар сондай-ақ Астана мен Берн арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға екіжақты мүдделілікті растады.Е.Көшербаев Г.Пармеланның таяуда Қазақстанға жасаған сапары екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа жаңа серпін бергенін атап өтті.«Біз қарқынды әрі конструктивті диалог орнаттық. Осы оң үдерісті сақтап, өзара алмасуларды жандандыруды және барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастыру маңызды», – деп мәлімдеді Қазақстан СІМ басшысы.Өз кезегінде Швейцария Вице-президенті Қазақстан басшылығымен өткен табысты келіссөздер мен Астанада өткен Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің 5-ші отырысына өкілді бизнес-делегацияның қатысуы өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге деген ортақ мүддені айқындағанын жеткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1117599?lang=kk
Қорғаныс министрлігінің офицерлері еліміздің шығысындағы әскери бөлімдерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді 02.12.2025
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев бастаған ақпараттық-түсіндіру тобы Аягөз және Өскемен гарнизондарында жұмыс сапарымен болды.Вице-адмирал Серік Борамбаев 10810 және 10181 әскери бөлімдерінде өткен жас сарбаздардың әскери ант беру рәсіміне қатысты. Іс-шараның маңыздылығын атап өткен министрдің орынбасары сарбаздарға жауынгерлік дайындықта табыс және әскери мамандықты меңгеруде табандылық тіледі. Ол сондай-ақ ант беру салтанатына арнайы келген сарбаздардың ата-аналарымен сұхбаттасып, пікір алмасты.Ақпараттық десант құрамында Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің, Әскери білім және ғылым департаментінің, Экономика және қаржы департаментінің, заң қызметінің және Әскери инфрақұрылым басқармасының офицерлері бар. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Отбасы банкі» мен «Қарызсыз қоғам» жобасының мамандары да түсіндіру жұмыстарына тартылды. Жобаның мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру.Әскери қызметшілердің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту, қаржылық қамтамасыз ету және моральдық рухтарын көтеру мақсатында қабылданып жатқан шаралармен таныстыру.Гарнизондарда ақпараттық-түсіндіру тобы әскери қызметшілерді жеке қабылдау жүргізді. Онда жаңа заңнамалар бойынша түсініктемелер беріліп, әскери қызметшілердің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі және тұрғын үй төлемдерін алу тәртібі жөнінде ақпараттар ұсынылды.Қорғаныс министрлігінің офицерлері сондай-ақ әскери госпитальді, әскери қызметшілердің балалары оқитын орта мектептерді, Аягөз гарнизонының әскери қалашығын аралап, тұрғындарымен әңгімелесті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1117576?lang=kk
БҚО-да сауда желісі әлеуметтік маңызы бар тауар үшін 10% заңсыз сыйақы талап еткен 02.12.2025
Батыс Қазақстан облысында бірқатар кәсіпкер жеткізу шарттарына жергілікті тауар өндірушіні сауда желісіне жеткізілген өнім құнының 10 пайызы көлемінде сыйақы төлеуге міндеттейтін тармақ енгізген. Алайда шарттың нысаны – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіретін сары май өнімі болғандықтан, мұндай талап заңға қайшы.Аталған дерек бойынша ақпарат түскеннен кейін БҚО Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тексеру жүргізіп, құқық бұзушылық фактісін растады. Тексеру нәтижесінде сауда желісінің заң талаптарын біле тұра, әлеуметтік маңызы бар тауарға қатысты сыйақы төлеу міндетін шартқа енгізгені анықталды.Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес, кейбір жағдайларда азық-түлік тауарларының бағасына сыйақыны енгізуге рұқсат беріледі. Дегенмен мұндай сыйақы мөлшері өнім құнының 5 пайызынан аспауы тиіс және ол тек әлеуметтік маңызы жоқ тауарларға ғана қолданылуы мүмкін. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша кез келген сыйақы төлеуге заң жүзінде толық тыйым салынған.Жалпы, 2025 жылдың өткен кезеңінде Департамент 192 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғады. Бұл көрсеткіш ведомствоның сауда саласында мемлекеттік бақылауды қатаң әрі жүйелі түрде жүргізіп отырғанын, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен баға реттеу мәселелерінде заң талаптарының орындалуына ерекше назар аударатынын көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1117476?lang=kk
Алматыдағы «Метро», Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз өсіргені үшін жауапкершілікке тартылды 02.12.2025
Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-4-бабына сәйкес, Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, супермаркет Carefood, «Food Beverage Trading» ЖШС, «Airba Fresh» ЖШС, «Good Luck Trade» ЖШС, «Mix Market Trade» ЖШС және басқа да кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 420-дан астам кәсіпкерлік субъектісіні әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен ҚР ӘҚБтК 204-4-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Метро» ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Метро Кэш энд Керри» ЖШС Департамент шығарған әкімшілік шешімге барлық сот инстанцияларында, соның ішінде кассациялық тәртіппен шағымданды, бірақ нәтиже болмады, өйткені Департаменттің әрекеттері заңды.Айта кету керек, «Метро» сауда желісі белгіленген сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке бірінші рет тартылып отырған жоқ. Бұған дейін 2024 жылы «Метро Кэш энд Керри» ЖШС сауда үстемесі үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын, сондай-ақ, Департаменттің әкімшілік шешіміне сот тәртібімен шағымданды, нәтижесінде кәсіпкерлік субъектісіне талаптарды қанағаттандырудан, оның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен бас тартылды.Сондай-ақ, Алматы қаласының «Small» және «Toimart» сияқты ірі сауда желілері сауда үстемесінің 15% асқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Одан бөлек Департамент мемлекеттік бақылау функцияларын іске асыру бойынша кешенді іс-шараларды өткізген кезде, SMALL сауда желісін сот ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша, мемлекеттік бақылау функцияларын орындауы кезінде Департаменттің лауазымды тұлғаларына кедергі келтіргені үшін, әкімшілік жауапкершілікке тартты.Қазіргі уақытта үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын жосықсыз кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Жалпы Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар тауарларға сауда үстемесін арттырған кәсіпкерлерге 32 млн теңгеден астам айыппұл салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1117468?lang=kk
Жітіқара ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру барысы туралы 02.12.2025
2025 жылғы 2 желтоқсанда Жітіқара политехникалық колледжінде Жітіқара ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М. А. Джетеновтің студенттермен кездесуі болып өтті.«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қатысушыларға аудан аумағын абаттандыру және санитарлық жағдайды жақсарту бойынша негізгі жұмыстар таныстырылды.Ағымды жылы Жітіқара ауданында қаланы көгалдандыру, ескерткіштерді жөндеу, шағын сәулеттік нысандар орнату және көше инфрақұрылымын дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүзеге асырылды.Қала аумағын көгалдандыру бойынша жұмыс өткізілді, 3,8 мыңнан астам көшет отырғызылды, ағаштарды санитарлық түрде қырқу өткізілді, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жойылды, контейнер алаңдарын орнатылды және ірі габаритті қалдықтарды шығаруға арналған инфрақұрылым құрылды.Қалада «109» колл-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Оның көмегімен тұрғындар абаттандыруға қатысты мәселелер туралы жедел түрде хабарлай алады — 10 ай ішінде 800-ден астам өтініш түсті.Қоғамдық кеңістіктерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді: балалар және спорт алаңдары орнатылды, ауылдық стадионға күрделі жөндеу жүргізілді, әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Көше жарығын модернизациялау және тіректерді бояу жұмыстары орындалды.2025 жылы 51 ескі және апатты үйлерге демонтаж жұмыстары жүргізілді, бұл жоспарланған көрсеткіштен едәуір асады. Абаттандыру жұмыстарына ауданның әлеуметтік серіктестері де айтарлықтай үлес қосуда — кәсіпорындар ескерткіштерді жөндеуге, аллеялар мен қоғамдық орындар құруға қолдау көрсетуде.Экологиялық бағдарламаға мектеп оқушыларының қатысуы да атап өтілді. Забелов, Ырсай, Пригородное және Тургенев ауылдарының оқушылары өз аумақтарын абаттандырып, декоративті элементтер жасап, ойын алаңдарын жаңартып, жеке бастамаларын және экологиялық жауапкершілігін көрсетті.Жітіқара ауданындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысы жүйелі түрде жалғастырып келеді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, қолайлы қалалық орта қалыптастыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған. #TazaQazaqstan #ТазаҚазақстан #Экопросвещение #ЭкологиялықТәрбие #МолодежьЗаЭкологию #QostanaiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1117353?lang=kk
Қонаев және Өскемен гарнизондарында алты жүз сарбаз әскери ант берді 02.12.2025
Қонаев қаласының инженерлік-саперлік бригадасында 200-ге тарта сарбаз, Өскемен қаласының 27943 әскери бөлімінде еліміздің он өңірінен шақырылған 400-ден астам жауынгер ант қабылдады. Салтанатты әскери ант қабылдау рәсіміне бөлімдердің басшылығы, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаздардың туған-туыстары қатысты.Жас жауынгерлер әскери борышын адал орындауға, елдің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға, Конституция мен әскери жарғыларды сақтауға ант берді.Қонаев қаласында сарбаздарды 58012 әскери бөлімінің командирі подполковник Қанат Тәңірбергенов, Өскеменде 27943 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Нұрлан Кисенов құттықтады.– Ант беру – Қазақстан халқына адал болу үшін берілген серт. Бұл сарбаздың Отанның абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін жанқиярлықпен қорғауға моральдық дайындығын білдіреді, – деп атап өтті подполковник Қ.Тәңірбергенов.Ант қабылдау рәсімі кезінде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері жас жауынгер курсын меңгеріп, жалпы әскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйренді, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығынан өтті.– Бүгінгі күн өмір бойы есімде қалады. Ант берген сәтте кеудемді елім үшін мақтаныш пен Отан алдындағы жауапкершілік сезімі кернеді. Отбасым мен отандастарым мені мақтан етуі үшін осы жолдан абыроймен өтуге тырысамын, – деді қатардағы жауынгер Ақылбек Рахымболов.Өскемендегі «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері ант қабылдау рәсіміне шақырылды. №49 орта мектептің төртінші сынып оқушылары үшін бұл күнгі шара патриотизм мен әскери борышты түсіну үшін маңызды сабақ болды. Іс-шаралар барысында әскери қызметшілер мінбеге шығып сөз сөйледі. Сонымен қатар қоян-қолтық ұрыс элементтері, саптық тәсілдер, заманауи қару-жарақ пен техниканы көрсетілімі ұйымдастырылды.Ресми бөлімнен кейін әскери бөлімдердің командирлері ата-аналармен әңгімелесіп, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді. Бұдан өзге қонақтар мерзімді қызмет сарбаздарына жасалған тұрмыстық жағдаймен танысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1117245?lang=kk
Өңірлерде «Даму» қорының базасында «Бәйтерек» холдингінің барлық өнімдері бойынша кеңес беретін бірыңғай фронт-офистер ашылады 02.12.2025
ҰЭМ, Ұлттық банк және ҚНРДА 2026-2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасын түсіндіру бойынша кеңестерді жалғастыруда.2026-2028 жылдарға арналған және макроэкономикалық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА бірлескен іс-қимыл Бағдарламасын іске асыруға арналған онлайн-кеңестер легі жалғасуда. Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен Абай облыстары үшін кезекті бейнеконференц байланыс арқылы кеңестер өткізілді. Қатысушыларға бағдарламаның негізгі бағыттары ұсынылды: шикізаттық емес салаларды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, экономиканы технологиялық жаңарту және цифрландыру. Жыл сайын өңдеу өнеркәсібі мен АӨК-те 100-ден астам инвестициялық жобаны іске қосу, сондай-ақ металлургия, машина жасау, мұнай-газ химиясы және АӨК-те жоғары қайта бөлудің 17 ірі жобасын іске асыруды жалғастыру жоспарлануда. Екінші деңгейдегі банктер мен "Бәйтерек" холдингі нақты секторды кредиттеудің негізгі көздеріне, сондай-ақ экономиканың өсу нүктелері мен сала көшбасшыларын қаржыландырудың негізгі арналарына айналады. Ұлттық инвестициялық холдингке айналған Бәйтерек ең көп мультипликативтік әсері бар 15-20 жүйе құраушы жобаларға шоғырланады. Қаржыландырудың басым бағыттары ТМК, машина жасау, энергетика, инфрақұрылым, туризм, АӨК, тамақ өнеркәсібі, химия, мұнай-газ химиясы, агрохимия және құрылыс материалдарын өндіру болып айқындалды. 2026 жылға арналған жобалар портфелінде 42% химия және мұнай - газ химиясына, 19,6% - көлік және логистикаға, 12,1% - энергетикаға, 7,1% - ТМК, 6,4% - АӨК және тамақ өнеркәсібіне тиесілі. Қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін 2026 жылы 1 трлн теңгеге дейін бюджет қаражатын бөлу көзделген.Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері импортты алмастыру әлеуеті жоғары өсу нүктелерін қалыптастыруға кірісті. Тек аграрлық салада 4 трлн теңге сомасына 200-ден астам жоба іріктелді. Бұл жобаларды әкімдіктермен бірлесіп "Бәйтерек" холдингі компаниялардың қаржылық тұрақтылығы мен басқарушылық сапасын ескере отырып талдамақ. Әкімдік өкілдері "Инвестицияға тапсырыс" бағдарламасына ерекше қызығуда. Оның іске қосылуы келесі жылға жоспарланған. Қатысушылар оның тетіктерін егжей - тегжейлі зерделеуге дайын екендіктерін білдіріп, қосымша түсініктемелер сұрады - оларды кредиттеу шарттары, жобалар пулын қалыптастыру принциптері және іріктеу критерийлері қызықтырды. Сондай-ақ, бағдарламаның жан-жақты талқылау үшін Бәйтерекпен жеке кездесулер ұйымдастыру ұсынылды. Кәсіпкерлердің қолдау шараларына қол жеткізуін жеңілдету және барлық негізгі қызметті алуды қамтамасыз ету үшін бірыңғай терезе режимінде "Даму" қорының филиалдары базасында фронт-офистер ашылады. Олардың тұжырымдамасы бекітілген. Фронт-офис мамандары "Бәйтерек" холдингінің барлық өнім желілері бойынша кеңес береді. Жобаларды бастапқы іріктеуді жүргізіп, құжаттың бастапқы топтамасын дайындауға көмектеседі. Осылайша, кәсіпкерлер бір жерден кешенді қолдау ала алады. Қазір «Даму» қорының өңірлік филиал мамандары арнайы оқытудан өтіп жатыр.Ұлттық банк Бағдарлама шеңберінде өз жұмысының бағытын егжей-тегжейлі түсіндірді. Негізгі назар тұтынушылық кредит тәуекелін азайтуға және бизнесті банктік кредиттеуді ынталандыруға аударылады. Бағдарлама бюджеттік есеп айырысулар мен әлеуметтік төлемдерде цифрлық теңгенің қолданылуын кеңейтуді көздейді. Бұл мемлекеттік қаражаттың бөліну ашықтығын арттырады. Келесі жылы ҚНРДА бизнесті кредиттеуді арттыру үшін пруденциалдық шараларды жүзеге асыруды жалғастырады. Тұтастай алғанда, банктердің ресурсын нақты секторды кредиттеуге барынша тартуға бағытталған шаралар қабылданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1117181?lang=kk
Абай облысындағы сауда департаменті тұтынушыларды алдау фактісі бойынша 9 кәсіпкерге айыппұл салды 02.12.2025
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті биыл тұтынушыларды алдау фактісі бойынша заң бұзушылықтарды анықтап, 9 кәсіпкерді әкімшілік кодекстің 190-1 бабы аясында жауапкершілікке тартты. Бұл сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы боп есептеледі. Нәтижесінде 9 кәсіпкерлік субъектісіне 452 мың теңге айыппұл төледі. Ал сауда объектісінде тұтынушының бұрышы болмағаны үшін 5 кәсіпкерлік субъектісіне 108 мың теңге айыппұл салынған. «Біздің департамент тұтынушылардың құқығын қорғау, әсіресе Әкімшілік кодекстің 190 бабы бойынша биыл жүйелі жұмыс жүргіздік деп айтуға болады. Мысалы тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартқанкәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Тұтынушының наразылығына жазбаша жауап бермеген 14 кәсіпкерге 479 мың теңге айыппұл салдық», - деді Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Серікхан Нұртазин. Департаментке жыл басынан тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 1041 өтініш түскен. Департамент мамандары 11 ай ішінде тұтынушыларға 36,1 млн. теңгесін қайтарып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1117129?lang=kk
Алматы облысы мен NATA Holding жаңа серіктестік бастады 02.12.2025
Алматы облысы мен түркиялық халықаралық компания NATA Holding арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы өңірде ірі стратегиялық инфрақұрылымдық серіктестікті қалыптастырудың алғашқы қадамы болды. Құжат тараптардың аймақты кешенді дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді жобаларды жаңа деңгейде жүзеге асыруға дайын екенін көрсетеді. Келіссөздерге компанияның жоғарғы басшылығының қатысуы жоспарланған әріптестіктің стратегиялық маңызы мен инвестициялық бастамалардың салмағын айқын дәлелдейді.Кездесуге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық басқарма басшылары, Қонаев пен Алатау қалаларының әкімдері, сондай-ақ холдингтің басшылығы мен қазақстандық өкілдері қатысты. Түркия тарапынан келген делегацияны NATA Holding компаниясының бас директоры және қаржылық, техникалық, келісімшарт бағыттарының үйлестірушілері бастап келді.“Алматы облысы бүгінде еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Біз инфрақұрылымды жаңғырту, көлік желісін дамыту, инвестициялық климатты жақсарту және жаңа өндірістік аймақтарды қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарудамыз. NATA Holding өзінің кең портфолиосымен, инженерлік тәжірибесімен және халықаралық беделімен біз үшін маңызды әрі сенімді серіктес. Жолдар, көпірлер, инфрақұрылымдық нысандар салу және ірі девелоперлік жобаларды жүзеге асыру бойынша жинақтаған тәжірибелеріңіз бірлескен жұмыстың кең мүмкіндіктерін ашады. Жер телімдерін таңдаудан бастап рұқсат құжаттарын алуға дейін — барлық кезеңде сіздердің бастамаларыңызды қолдауға әзірміз”, – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.Өз кезегінде NATA Holding өкілдері көрсетілген қолдау мен өңірдегі бизнеске жасалған қолайлы жағдай үшін алғыс білдірді. Холдинг директорлар кеңесінің төрағасы Намык Танык меморандумның болашақта өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізіне айналатынын, екіжақты жұмыстың бағыттарын нақтылап, бірлескен жобаларды жан-жақты талқылауға жол ашатынын айтты.NATA Holding – әлемдегі ірі 100 құрылыс компаниясының қатарына кіретін халықаралық холдинг. Компания ауқымды инфрақұрылымдық жобаларымен танымал. Солардың ішінде Түрікменстанда 500 күнде 180 көпір салу жобасы Гиннестің рекордтар кітабына енген ерекше нәтижелердің бірі. Сонымен қатар компания Түркиядағы ең ірі сауда орталықтары желесін құрған.Сапар барысында делегация Қонаев қаласындағы «Жаңа Іле» кешенді даму аймағында болды. Бұл аумақта ауқымды тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту жоспарланған. Инвесторларға жаңа ауданның газ, су және электр желілері бойынша жобалар таныстырылып, құрылыс-монтаж жұмыстарының құны ондаған миллиард теңгеге бағаланатыны атап өтілді. Бұдан бөлек, Шенгельді массивіндегі суару жүйелерін жаңғырту жобасы көрсетілді. Ол насос станцияларын жаңарту және мыңдаған гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты сумен қамтуға бағытталған. Аталған бағыттар холдингке әлеуетті инвестициялық жобалар ретінде ұсынылды.Сондай-ақ делегация Талғар ауданындағы «Байсерке Агро» компаниясының «Наукоград» жобасымен танысты. Бұл жоба шамамен 1 триллион теңге көлемінде инвестиция тартуды көздейді.Кездесу барысында тараптар өзара әрекеттесудің негізгі тетіктерін талқылап, өңірдің инвестициялық және инфрақұрылымдық әлеуетімен жан-жақты танысты. Қол қойылған меморандум алдағы нақты келіссөздерге негіз болып, жаңа бірлескен жобаларды бастауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ол Алматы облысының инфрақұрылымдық даму міндеттерін шешуге халықаралық холдингтің тәжірибесі мен ресурстарын тартуға жол ашады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1116811?lang=kk
Бейнеуде барлау полкінің жеке құрамына жаңа оқу жылына міндеттер жүктелді 02.12.2025
Ақтау гарнизонының Бейнеу барлау полкінде жаңа оқу кезеңінің басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Рәсім дәстүрлі түрде әскери ұжымның ар-намысын, борышын, бірлігі мен ынтымағын бейнелейтін Мемлекеттік туды көтеруден және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды.Жиынға қатысушыларға арнап «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары подполковник Азамат Жұмағазиев сөз сөйледі. Ол барлау бөлімшесін сапалы даярлау мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі элементі деп атап өтті.Өз сөзінде ол жаңа оқу кезеңінде әскери қызметшілердің алдында тұрған міндеттерді айқындады. Қолбасшылық пен жеке құрамның күш-жігері жауынгерлік даярлықты одан әрі жетілдіруге, кәсіптік дағдыларды дамытуға және тәртіпті нығайтуға бағытталатын болады. Жаңа оқу кезеңінде оқытудың заманауи тәсілдеріне, жаңа әдістемелерді енгізуге, жеке және ұжымдық даярлық деңгейін арттыруға жіті назар аударылатын болады.Подполковник А. Жұмағазиев алдағы оқу кезеңі нәтижелі болып, жауынгерлік, дене шынықтыру және арнайы даярлықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндеріңе сенімдімін деді.Ресми бөлім соңында полктің жеке құрамы саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті. Саптық алаңдағы салтанатты жиын Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде өткенін айта кеткен жөн.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1116818?lang=kk
Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық серіктестіктің перспективалары талқыланды 02.12.2025
Брюссель, 2025 жылғы 1 желтоқсан – Брюссельге сапар аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Еуропалық комиссияның Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссары Йозеф Сикеламен кездесу өткізді.Тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы экономикалық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ ЕО мен Орталық Азия арасындағы өңірлік өзара іс-қимылды талқылады.Ерекше назар ағымдағы жылы сәуір айында Самарқандта және қараша айында Ташкентте өткен жоғары деңгейдегі іс-шаралардың қорытындыларына аударылды. Й.Сикела аталған кездесулер барысында қол жеткізілген негізгі келісімдер, оның ішінде логистика, цифрлық инфрақұрылым және Транскаспий халықаралық көлік бағдары («Орта дәліз») бойындағы порттық қуаттар мен автожолдарды жаңғырту жөніндегі жаңа өңірлік жобалардың іске қосылуы туралы хабардар етті.Форумдарда ұсынылған бастамалар мультимодальды логистиканы дамытуға, көлік ағындарын жеделдетуге және осы бағыт бойындағы рәсімдерді цифрландыруға ықпал ететіні аталып өтті. Атап айтқанда, Ақтау портын жаңғыртуға 45 млн еуро, Қазақстандағы автожолдарды реконструкциялауға 150 млн еуро көлемінде инвестиция салу көзделген. Сұхбаттас Еуропалық одақ Қазақстанды өңірдің орнықты көлік архитектурасын қамтамасыз етудегі негізгі серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді.Е.Көшербаев Өзбекстанда өткен экономикалық және инвестициялық форумдардың нәтижелерін құптап, Қазақстан қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға белсенді қатысуға ниетті екенін айтты.«Қазақстан Еуропалық одақпен аса маңызды шикізат материалдар, көлік пен логистика, цифрлық инновациялар, ауыл шаруашылығы, білім және су ресурстарын басқару салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге ерекше мән береді. Осы ретте 2 желтоқсанда Брюссельде ҚР азаматтары үшін ЕО визалық режимін жеңілдету және реадмиссия туралы келіссөздердің басталуын құптаймыз» – деп мәлімдеді Министр.Сонымен қатар жобалардың орындалуын бақылау және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын анықтау үшін тұрақты диалогты қолдап отыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан СІМ басшысы мен Еурокомиссар саяси диалогты, экономикалық серіктестікті және Орталық Азия мен Еуропаның тұрақтылығы мен өркендеуіне ықпал ететін бастамаларды өзара қолдауды одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1116730?lang=kk
Қазақстан СІМ басшысы «Қазақстан – Еуропалық одақ» ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысына қатысты 02.12.2025
Брюссель, 2025 жылғы 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың төрағалығымен «Қазақстан – Еуропалық одақ» ынтымақтастық кеңесінің 22-ші отырысы өтті.Іс-шараның маңыздылығы Қазақстан мен Еуропалық одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуының 10 жылдығына орай өткізілуімен ерекше айшықталды.Тараптар Астана мен Брюссель арасындағы стратегиялық серіктестіктің он жылдық нәтижелерін қорытындылап, оның болашақтағы дамуы жөніндегі көзқарастарымен бөлісті.Экономикалық байланыстар ынтымақтастықтың негізгі қозғаушы күші болып қала беретіні расталды. Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі мәртебесін сақтап отыр. 2024 жылы өзара тауар айналымы 50 млрд АҚШ долларына жақындады, ал еуропалық инвестициялардың жалпы ағыны 200 млрд АҚШ долларына жетті. Елде еуропалық қатысуы бар 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Қазақ тарапы сауданы одан әрі әртараптандыруға дайын екенін білдіріп, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ЕО нарығына қол жеткізуін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Ерекше назар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын («Орта дәліз») дамыту мәселесіне аударылды. Ғаламдық жеткізу тізбектерінің трансформациясын ескере отырып, тараптар бұл бағыттың Еуропа мен Азия арасындағы сенімді әрі тұрақты көлік дәлізі ретіндегі стратегиялық маңызын растады. Қазақстан бұл коридорды одан әрі дамыту үшін ЕО және өңірлік серіктестермен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді.Жеке бағыт ретінде «жасыл» және цифрлық трансформация саласындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Тараптар бұл бағыттың Қазақстан экономикасының жаңғыртылуына және Еуропаның өнеркәсіптік тұрақтылығына бірдей үлес қосатын перспективалы сала екенін атап өтті.Отырысқа қатысушылар парламенттік ынтымақтастықтың маңызын да атап өтіп, қараша айында Брюссельде өткен «ҚР – ЕО» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 22-ші отырысының табысты өткенін жоғары бағалады.Адамдар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды. Тараптар 2 желтоқсанда Брюссельде ҚР азаматтары үшін ЕО визалық режимін жеңілдету және реадмиссия туралы келіссөздерді бастауды құптады. Бұл қадам гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, студенттер, ғалымдар мен кәсіби мамандар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, сондай-ақ азаматтардың мобильдігін арттыруға елеулі үлес қосады.Өңіраралық ынтымақтастық тұрғысынан 2025 жылғы сәуірде Самарқандта өткен «Орталық Азия – ЕО» алғашқы саммитінде қабылданған тарихи шешім ерекше аталып өтті. Оның нәтижесінде бұл формат ресми түрде стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді.Отырыс барысында делегация басшылары Қазақстан мен Еуропалық одақтың кемелденген, орнықты және болашаққа бағытталған серіктестік құра алғанын атап өтті. 29 негізгі өзара іс-қимыл бағытын қамтитын Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім осы жылдар ішінде өз тиімділігі мен өзектілігін көрсетіп, ынтымақтастық пен өзара сенімді нығайтудың берік негізіне айналды.Кездесу соңында Е.Көшербаев пен К.Каллас саяси диалогты одан әрі нығайтуға, сауда мен инвестицияларды дамытуға, өңірлік өзара байланыстылықты арттыруға және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге бейілді екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1116745?lang=kk