Балалар кітапханасы жаңа жылдық оқуларға шақырады
24.12.2024 20:54:28 765
Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы 20 желтоқсанда биылғы жылдың соңғы оқуын өткізуде. Бастауыш сынып оқушылары үшін өлең шумақтарымен жазылған жаңа жылдық ертегілер дайындалды.
Ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Салтанат Қайырбек өз шығармаларын оқиды. Бастауыш сынып мұғалімі Галия Лоренц голланд жазушысы Тед ван Лисхауттың шығармасын орыс тілінде оқиды. "Фермер Вилли және алғашқы қар" атты шағын әңгіме балалық шақтағы қарапайым қуаныштарды баяндайды.
Мерекелік атмосфера сыйлау үшін кітапханада қарағандылық Валерий Роголев жасаған жаңа жылдық инсталляция рәсімделді.
Басталуы сағат 12:00-де.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/905350