Жарма ауылында жаңа мектеп ашылды

Жарма ауылында жаңа мектеп ашылды

16.11.2024 18:07:08 1284

Ырғыз ауданы Құтикөл ауылдық округіне қарасты Жарма ауылында 60 орындық жаңа мектеп ашылды.
Нарқызыл негізгі орта мектебінде 21 мұғалім қызмет атқарып, 69 оқушы білім алады.
Жаңа білім ошағы 60 орынға шақталған, ғимаратта жоғары сыныптарға арналған 9 пән кабинеті және зертханалар бар. Барлығы заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Бір интерактивті тақта, 11 компьютер жұмыс істейді. Оқушылардың дене шынықтыруына, бос уақытын тиімді пайдалануына қолайлы, кең спорт залы да тартымды әрі жайлы және мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң салынған.
Еске сала кетейік, мектептің құрылыс жұмыстарымен ПК «ЕРЗАТ» айналысты.
t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/874229