ЮНЕП Атқарушы директорымен кездесу
28.11.2024 18:06:39 616
Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Пусанда (Оңтүстік Корея) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ж. Әлиевтің ЮНЕП Атқарушы директоры И.Андерсенмен кездесуі өтті. Кездесу барысында қазіргі ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ алдағы уақытта бірлескен жұмыс үшін перспективалық бағыттар талқыланды. ЮНЕП басшысы Қазақстанның халықаралық процестердегі белсенді рөлін атап өтті.
P.S. Пусанда Халықаралық келісім бойынша келіссөздердің 5-ші раундының жұмысы жалғасуда, онда пластикпен ластануды болдырмау мақсатында қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық келісім шарттары талқылануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/892455