Астанада Қонаев көшесіндегі жөндеу жұмысына байланысты бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Астанада Қонаев көшесіндегі жөндеу жұмысына байланысты бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

21.02.2025 03:07:38 1247

Астанада 19 ақпан мен 30 қазан аралығында Дінмұхамед Қонаев көшесімен жүретін №№ 12, 29, 29А, 35, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы кезеңде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Дінмұхамед Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі бөлігі жабылады.

Өзгертілген қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.

Сапарыңызды жоспарлау кезінде бұл өзгерістерді ескерген жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/940049