Ақтөбе облысының әкімі шұғыл жиын өткізді

Ақтөбе облысының әкімі шұғыл жиын өткізді

24.02.2025 03:10:28 253

Облыс әкімі ауа райының нашарлауына байланысты төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдерімен шұғыл жиын өткізді.Отырыста қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыз ауа райы жағдайында жұмысты ұйымдастыру шаралары талқыланды. Барлық құрылымның іс-әрекеттерін үйлестіруге ерекше мән берілді. Өңір басшысы аудан әкімдеріне дизель отынын қоса алғанда, барлық резервтерді бөлу жөнінде нұсқаулар берді. Сондай-ақ, автокөлікті, әсіресе автобустарды полицияның сүйемелдеуімен алып жүруін қамтамасыз етудің маңыздылығына баса назар аударылды.
Қазіргі уақытта облыс орталығынан Болгарка, Шұбарқұдық, Покровка, Темір, Бұлақ және Мәртөк елді мекендеріне апаратын жол учаскелері жабылды. Облыс әкімі талаптарды елемей, аудандарға қатынауын жалғастырып жатқан көліктерге қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
“Аудандардың әкімдері мен барлық қызметтер теледидар мен әлеуметтік желілер арқылы эфирге шығып, жедел желілер мен жылыту пункттерінің нөмірлері туралы ақпарат беруі қажет. Жылыту пункттері жолдарда қалған адамдарды қабылдауға дайын болуы керек. Бағаның, атап айтқанда нанның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті тауарлар жағдайын бақылау қажет. Полиция ықтимал қақтығыстар мен тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін жергілікті жағдайды бақылау арқылы тәртіпті қамтамасыз етеді. Кешке қарай ауа райы нашарлауы мүмкін, сондықтан барлық қызмет дайын болуы шарт. Жедел штабтарда кезекшіліктеркідіріссіз ұйымдастырылуы тиіс. Қазгидрометтің хабарлауынша, ауарайының нашарлауы күтілуде, сондықтан тұрғындарға қатты суық және боран жағдайында алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Аудандық ауруханалар есепте тұрған пациенттердің хал-ахуалы бақылауболуы тиіс, қатты қажеттілік болған жағдайда науқастарды емдеуорындарына жатқызу және облыстық орталыққа жіберу үшін техника жіберіледі. Қазір босаңситын уақыт емес. Ықтимал қатерлерге дайын болуы керек”, - деп ескертті әкім.
Жиын соңында өңір басшысы қауіп-қатерлердің алдын алу және ауарайының нашарлауы кезінде өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күштер мен құралдарды барынша үйлестіруді тағы да міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943823