Астанада зейнеткерлер «Жүректен – жүрекке» акциясын өткізді
04.03.2025 01:19:34 484
Астананың Нұра ауданы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бастамасымен Ботаникалық бақта «Жүректен – жүрекке» атты акция өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ұйымдастырылған іс-шарада 80-ге жуық зейнеткер еңбек адамдарына ыстық шай мен бауырсақ таратты
Акция аясында скандинавиялық жүріспен айналысатын зейнеткерлер коммуналдық қызмет мамандарын Алғыс айту күнімен әрі көктемнің келуімен құттықтап, жадыраңқы көңіл-күй сыйлады.
«Жұмысшы мамандықтары жылы» ұйымдастырылған «Жүректен – жүрекке» акциясы жақсы дәстүрге айналып, қаланың басқа да аудандарында жалғасады деп сенемін. Мұндай бастамалар коммуналдық қызметкерлер еңбегінің маңызын айқындап, өзара бірлікті нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті скандинавиялық серуен үйірмесінің жетекшісі Толғанай Үсенбаева.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/948769