Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 11-ші отырысы өтті

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 11-ші отырысы өтті

04.03.2025 01:23:23 275

2025 жылғы 28 ақпанда онлайн форматта қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының 11-ші отырысы өтті.
Іс-шараны Қытай тарапынан тең төраға, ҚХР экология және қоршаған орта Министрінің орынбасары Го Фан ханым ашты. Қазақстан тарапынан отырысты ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Т. Ошурбаев басқарды.
Вице-министр М.Ошурбаев өзінің алғы сөзінде Қазақстан мен Қытай арасындағы экологиялық проблемаларды шешудегі стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтті. Ол екі ел де ауаның, судың және топырақтың ластануы, қалдықтарды басқару, су тапшылығы және климаттың өзгеруінің салдары сияқты қиындықтарға тап болғанын атап өтті, бұл мәселелер бірлескен күш пен тәжірибе алмасуды қажет етеді.
Трансшекаралық өзендер суларының сапасына мониторинг жүргізу және төтенше жағдайларға жедел ден қою сынды екі жұмыс тобының қызметіне ерекше назар аударылды.
Отырыс аясында тараптар жұмыс топтарының отырыстарын және комиссияның 12-ші отырысын өткізуді көздейтін комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Іс-шара соңында қол жеткізілген уағдаластықтарды бекіткен комиссияның 11-ші отырысының хаттамасына қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/949770